Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Түйін сөздер: педагогикалық технология, ойын әдісі, білім беру, ұлттық тәрбие, ұрпақты тәрбиелеу, ғалымдардың 
пікірлері, ойынның түрлері. 
 
Мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ 
тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақ- 
ты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас – 
ертеңгі халық тағдырын  шешетін, елі үшін қызмет ететін азамат.  Қазақ санасының шамшырағы  Ахмет 
Байтұрсынұлы: «Әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақта 
билік те, халық та оқумен түзеледі» – деген болатын. Осы орайда Елбасымыз: «Еңсемізді енді көтеріп келе 
жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде ерекше» – деп көрсеткен болатын [1]. 
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, 
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам 
білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі 
іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда 
іске жарайды, соны адам десе болады...». Сондықтан жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам 
болады және балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары ойын арқылы халық ойларының кәусар 
бұлақтарымен сусындату қажет. 
«Ойын  –  ұшқын,  білімге  құштарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанған  оты.  Ойынсыз,  музыкасыз, 
творчествосыз,  фантазиясыз  толық  мәніндегі  ақыл-ой  тәрбиесі  болмайды»  –  деп  ұлы  педагог                                                       
В.М.  Сухомлинский  айтып  өткендей,  ойын  –  күрделі  философиялық,  педагогикалық  ұғым.  Философия 
адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы 
тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын  теориясы қазірге 
дейін даму үстінде. 
Н.К.  Крупская  өзінің  көптеген  еңбектерінде  ойынның  бала  өміріндегі  маңызына  үлкен  мен  берген. 
Қандай  ойын  болмасын,  әйтеуір  бірнәрсеге  үйретеді,  ең  бастысы  баланы  –  мұқияттылыққа,  еңбекке, 
жолдасымен ынтымақтастықта болуға үйретеді. Ойын – балалар үшір оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы 
дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана 
қоймайды,  ұйымдастырушылық  қабілетінен  қалыптастырады  дегенді  айтады.  Тиімді  қолданылған 
ойынның түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, терең 
меңгеруіне көмектеседі. 
Қазіргі кезде «ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. 
Бұрын  балалар  ойыны  мен  актер  ойыны  педагогика  мен  өнертанудың  ғана  зерттеу  нысандары  болып 
келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, әдістеме, т.б. 
салалардың көкейкесті мәселесіне айналып отыр. 
Адамзаттың  көптеген  жылдар  бойғы  ойнау  тәжірибесі  ойынның  білімдік  құндылығын  дәлелдеді. 
Ойынның  шығу  сырын  ғалымдар  жүздеген  жылдар  бойы  зерттеп  келеді.  Оның  шығу  тарихы  жайлы 
көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық 
және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
45
 
қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси  маңыз  берілген.  Ойын өмірде пайдасыз, бос  уақыт 
өткізушілік болып көрінгенмен аса қажетті құбылыс. Ол баланың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, 
анатомиялық-физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметтер  атқарады.  Ойын  баланың  даму 
құралы,  таным  көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай 
деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай 
маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан 
сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады [2]. 
Ойын баланы қимылға, әрекетке, дене шынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке 
баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз 
өмірмен  ұштасып,  өзін  қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады.  Дидактикалық  ойындар  арқылы  оқушы- 
лардың интеллектуалдық қабілеттері, логикалық ойлауы, түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, 
ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын – екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын 
топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. 
Балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып 
есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпар- 
лар  алмасады,  ақылдасады,  бір-біріне  дәлелдейді,  белсенділік  көрсетеді.  Бұлай  болу  барлық  ойынға 
байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. 
Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшеліктері мыналар: 
1. Ойын баланың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, 
тілін) активтендіреді. 
2. Ойын ерікті түрде құрылады. 
3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды. 
4. Ойын барысында балалар терең қанағаттанарлық, қуаныш алады. 
5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі 
Көрнекті нидерланд ойшылы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған 
еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категория- 
сы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз – 
әуелі ойнайтын адам» деген екен [2]. 
Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның 
өзіндік пайдасы бар. Ойын төмендегідей маңызды қызметтерді атқарады: 
1.  Ойынның  әлеуметтік-мәдени  белгілері,  ойынның  әлеуметтік-мәдени  белгілі  мәдени  байлықты, 
тәрбие  потенциалын  игерген  ұжымның  толыққанды  мүшесі  бола  алатын  баланың  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуының көрсеткіші. 
2.  Ұлтаралық  қарым-қатынас  функциясы.  Ойындар  арқылы  кез  келген  ұлт  өкілдері  өз  ұрпақтарын 
өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды 
дұрыс қабылдай білуге үйретеді. 
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. 
4. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. 
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс 
жүзінде көрсетеді. 
6.  Ойынның  емдеу  функциясы.  Ойын  адамның  тәртібіндегі  өзін  қоршаған  басқа  адамдармен 
қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады. 
7.  Ойынның  түзету  функциясы.  Түзету  ойындарының  тәртібі  нашар,  психологиялық  көмекті  қажет 
ететін оқушылар үшін көмегі зор. 
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді [3]. 
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі 
жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін тек қана бала- 
лардың  ғана  емес  ескерсектердің,  яғни  жоғары  мектеп  студенттерінің  де  білімді,  білікті  болуында 
ойынның алатын орны ерекше. 
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. 
Ойын  студенттердің  генетикалық  және  табиғатына  қарай  танымдық  қызығушылығы  мен  танымдық 
белсенділігін қалыптастырады. Ойын арқылы оқыту – оқытудың жетілдірілген түрі, мұнда студенттер оқу 
бағдарламасына сай білім алып, оқытушы барлық білім алушыларды назарынан шығармауға, білімдерін- 
дегі олқылықтарын нақты айқындауға, оқытушымен тең түрде еркін сөйлеуге, жолдастарымен бірлесіп 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
46 
жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Оқу үрдісінде ойынды пайдалану студенттердің белсенділігін жоғары- 
латып, білімділік мәні күрделі объектіні саналы игеруіне мол әсер етеді. Ойын арқылы оқыту дәстүрлі оқу 
әдісінен  ерекшелігі  білім  студенттерге  дайын  күйінде  берілмей,  олардың  алдына  мәселе  қою  бойынша 
шешіледі.  Студенттер  іздену,  зерттеу  үрдісіне  қажетті  білімді  өздері  айқындап  оны  меңгереді,  ойдың 
күш-жігерімен табылған мұндай білім саналы игеріліп, есте жақсы сақталады. 
Әрбір  ойында  жарыс  элементтері  бар.  Жарыста  студенттің  жеңіске  деген  құштарлығы,  белсенділігі 
туындайды.  Жарыс  элементтері  эмоциялық  қызығуды  арттырады,  студенттің  өзін-өзі  бағалау  әрекетін 
жандандырады.  Студент  жарыста  өз  еңбегінің  нәтижесін  достарының  нәтижесімен  салыстырып  өзінің 
көрсеткіштерін  жақсартуға  тырысады.  Жоғары  мектептің  оқу  процесінде  қолдануға  тиімді  ойындарды 
төмендегідей түрлерге бөледі: 
1. Рөлдік ойындар 
2. Іскерлік ойындар 
а) Іскерлік оқу ойындары 
- саяхат ойындар 
- блиц-ойындар 
ә) Өндірістік ойындар 
3. Имитациялық ойындар [4]. 
Рөлдік  ойындар  –  тиімді  әдістердің  бірі.  Рөлдік  ойындар  студенттердің  өздерін  басқа  адамдардың 
орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» 
жасауды  меңзейді.  Бұл  ойындарда  студент  өзінің  теориялық  білімдерін  өмірде  (практикада)  кездесетін 
ситуациялар  мен  жағдаяттарда  қолданады.  Ол  мұндай  ойындарда  проблемалардың  мазмұны  мен 
мән-жайын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жолдарын қарастыру арқылы өзінің креативтік 
деңгейін дамытады. 
Рөлдік ойындар үйренушілерде келесідей біліктерді қалыптастыруға септігін тигізеді: 
 
Қарым-қатынастық (коммуникативтік дағдылар); 
 
Шағын топтарда жұмыс жасау дағдылары; 
 
Тореланттылық  (басқаның  пікірі  мен  көзқарасын  қабылдау,  оларды  сыйлау,  олармен  санасу, 
төзімділік пен шыдамдылық); 
 
Өзіндік тұрғыдан ойлау, пікір және көзқарас қалыптастыру, позиция (сенім, құндылықтар) таңдау, т.б. 
 
Үйренгенді (білім, білік, дағды, түсініктер, т.б.) практикалық тұрғыдан қолдану; 
 
Өздерінің үйрену деңгейін анықтап, оны әрі қарай дамыту. 
Іскерлік  оқу  ойындарында  студенттер  қандай  да  бір  сценарий  ауқымында  рөлдерді  өзара  бөлісіп, 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  және  деректерді  талдау  арқылы  нақты  практикалық  мәселелерді  бірлесе 
отырып шешеді. Оқу ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі мәселелерді ойын 
тұрғысынан, «ойнап» шешуге бағытталады. 
Оқу ойындарының екі түрін ажыратуға болады: 
1. Сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлер бойынша (оқытушылар мен студенттердің өздері 
жазған) қысқа ситуацияларды ойнау. 
2. Компьютерді қолданатын ойындар 
 
Мультимедиялық ойындар. 
 
Интернетте ақпарат табу әрекеттеріне негізделген іздеу ойындары. 
Имитациялық  ойын  дегеніміз  адамдардың  қалыптас  тыс  (экстремалды)  жағдайлардағы  әрекеттерін 
анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. 
Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (имитациялап), 
шарушылық,  басқару,  әлеуметтік,  психологиялық  шешімдерді  қабылдауды  үйренеді.  Бұл  ойындар 
қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентация- 
лау, бірлесе әрекеттесу. 
Имитациялық  ойындар  жаңа  ортаға  бейімделу  дағдыларын  қалыптастыруға  өз  септігін  тигізеді. 
Мұндай  ойындарда  студенттер  үйреншікті  қалыптан  өзгеше  жағдайларда  (ситуацияларда)  өздерінің 
күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады. 
Қазақ халқы жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі – ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, 
халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған 
орынды. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас еткен солардың бірі– ұлт 
ойындары. Ойынға баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттыра- 
ды. Ойнай білген бала сол халықтың мінез-құлқынан, ой санасынан, тұрмыс салтынан хабар алады. Ұлт 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
47
 
ойындар-халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың 
өмір  тәжірибелерін  кеңейтуде,  дүниені  танып  білу  қабілеттерін  жетілдіруде  аса  қажетті  тәрбие  құрал- 
дарының бірі. Ұлттық ойындарды тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдіснамалық талаптардың 
қатаң сақталуын талап етіледі. 
Педагог  ғалымдардың  басым  көпшілігі  оқытудың  ойын  әдістерін  кәсіби  дамуды  қамтамасыздан- 
дырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрету – танымның 
ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірнеше мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен 
әсерлері қалады. 
 
 
1. Ұлықман А. Даналық энциклопедиясы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 335-бет. 
2. Ахметов Н.К. Игра как процесс обучения. – Алматы, 1985. 
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша сөздік. – Алматы, 2009. 
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. – Алматы, 2009. 
 
Резюме   
Г.А. Кайбульдаева – кандидат педагогических наук, доцент   
международного казахско-турецкого университета им. Х.А. Ясави, togjan2010@mail.ru 
А.А. Сатбекова – магистр, старший преподаватель, ҚазГосЖенПУ, aygul_ahmetkyzy@mail.ru 
 
Игровые технологии в обучении 
В данной статье рассматриваются вопросы обучения посредством игр. Очень важно использовать разные игры в 
качестве дидактических инструментов урока. Интерес к образованию, искусству и человеческие черты могут быть 
установлены с помощью игр. Даже слабые дети могут быть привлечены в игры и повысить их интерес к знаниям. 
Игры  это  соревеования.  Для  того  чтобы  не  быть  последним  в  школе  дети  стараются  быть  активными  на  уроках, 
думают и находят ответы на поставленные вопросы. Игры на уроке влияют на развивите детской точки зрения. Для 
индивидуального развития детей игры имеют важное значение в науке педагогики. Игры показывают деятельность 
детей.  В  общие  игры  имеют  и  социальное  значение.  Во  время  игр  дети  получают  первую  модель  участия  в 
общественной  жизни,  понимает  структуру  отношений  между  взрослыми.  Через  игры  дети  обучаются  нормам  и 
порядкам общества, в котором они живут. Игры отражают также сцены установленного общественного порядка. 
Ключевые слова: педагогические технологии, метод игры, образование, национальное воспитание, просвещение 
поколения, мысли ученых, типы игр. 
 
Summary 
G.A. Kaybuldaeva - associate professor, Kh.A.Yassawi international Kazakh Turkish University, 
togjan2010@mail.ru
 
А.А. Satbekova    – master if education, senior teacher, Kazakh State Women’s University, 
aygul_ahmetkyzy@mail.ru
 
 
Game technology in teaching process   
This article deals with the issues of teaching through games. It is very important to use the game types as didactic tools of 
the lesson. The interest to the education, art and human features can be established with the help of the games. Even weak 
children can be attracted by the games and increase their interest to the knowledge. Playing games include race. In order not to 
be in the back schoolchildren try to be active at the lessons, think and guess the answers to the given questions.    Games at the 
lesson  influence  to  develop  the  children’s  point  of  view.  For  the  individual  development  of  the  children  games  have  a 
significant point in the science of pedagogy. Game is the children’s own activity. In general games have the social meaning, too. 
During  the  games  doing  the  particular  activity  children  have  the  first  model  of  participating  in  the  social  life,  realizes  the 
structure of relations between the adults. Through the games children accept the norms and procedures of the society where he 
lives. Games are the scenes of established public order.    
Key words: pedagogical technology, game method, education, national upbringing, educating the generation, thoughts of 
the scientists, types of the games. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
48 
ӘОЖ 17.022.1Ж.83 
 
ОТБАСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ   
БАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
А.А. Жумадуллаева – п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, juma033@mail.ru 
Г.А. Кайбульдаева – п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, togjan2010@mail.ru 
 
Бұл мақалада отбасында мектеп жасына дейінгі баланың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуын дамыту мәселелері 
қарастырылады. Кез-келген ұлттың мінез-құлық тәртібінде сол ұлттың тіршілік ережелері бейнеленеді. Бұл қағида 
жайында ағылшын антропологы Д.Горер екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдарда ерекше байқалған орыс 
балаларының ұлттық мінезіндегі ұстамдылық, күштілік, шыдамдылық сияқты сапалар, оларда нәрестелік шақтағы 
«жөргекке ораудағы» ерекшелікке байланысты деп түйіндейді.   
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың 
бірі - қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасын 
түгелдей қарап шығу үлкен іс. Оның бәрін қамти алмасақ та, бала тәрбиесіне қатысты дәстүр, әдет-ғұрып үлгілерін 
атап өтуге болады. Сәбилік кезден - ес біліп ер жеткенге дейінгі салт-дәстүр өнегелеріне: құрсақ той, қазанжарыс, 
сүйінші, шілдехана, бесікке салу т.с.с. жатады. Олар өсіп келе жатқан балалардың ұлттық санада жан-жақты дамуына 
ықпал етеді. 
Түйін сөздер: отбасы, ұлттық сана-сезім, ұлттық тәрбие, бала тәрбиесі, мектеп жасына дейінгі бала, ұлттық мінез, 
тілдің тазалығы, ұлт, салт-дәстүр, әдет-ғұрып. 
 
Адамзаттың пайда болғаннан бергі тарихында көптеген әдет-ғұрыптар мен ережелер бар. Адамдар бұл 
әдет-ғұрыптарға  сүйеніп  тіршілік  еткен,  бала  тәрбиелеген.  Сан  мың  жылдар  нәтижесінде  бой  ұрып 
әдеттенген, бір есеппен жазылмаған заңдар халықтың сан-салалы әдет-ғұрыптар, дәстүрлер жиынтығы - 
жас  ұрпақты  тәрбиелеуші,  өмірге  дайындаушы  ұстаз  болып  келеді.  Мәселен:  отырып  тұру,  кіріп-шығу 
қарым-қатынастың  белгілі  бір  реті  бар,  өте  дәлдікпен  орындауды  талап  ететін  ережелер  болып 
қалыптасады. Қазақ халқының атақты би-шешендерінің: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік 
өнерлері мен тіл мәдениеті бізге, бүгінгі күнге дейін А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов сияқты 
ағартушылардың  жас  ұрпаққа  қалдырған  асыл  мұралары  арқылы  сақталып  келді.  Сондай-ақ  тіл 
мәдениетіне  көп  көңіл  бөлген  ғалым,  әдебиетші  А.Байтұрсынов.  Ол  өзінің  «Әдебиет  танытқыш»  деген 
еңбегінде  шешендік  өнердің  негізін,  көсем  сөздің  бастауын  нақышына  келтіре  көрсетті.  Автор  өзінің 
шығармасында  сөз  өнері  туралы  ойларын  ортаға  салады.  Қарым-қатынастағы  шығарма  сөздің  ұнамды 
болуы, сөз дұрыстығына, тіл тазалығына, тіл анықтығына, дәлдігіне және көрнекілігіне байланысты деп 
көрсетеді. А.Байтұрсынов бұл жердегі сөз дұрыстығын әр сөздің, сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы, тіл 
тазалығы  -  ана  тілдің  басқа  тілдің  сөзімен  шұбарланбауы,  тіл  анықтылығы  -  айтылған  лебіз  ашық 
мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін, тіл дәлдігі  - ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес 
келуі,  ал  тіл  көрнекілігі  -  талғау  сөздің  көрнекі  болуы  деп  түсіндіреді.  [1,83]  Ғалымның  әсіресе,  тілдің 
шұбарланбауы деген пікірі казіргі кезде аса өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. 
Ұлы  ғұлама  Жүсіп  Баласағұн  сөйлеу  өнерін  көзі  мәңгі  бөгелмейтін  мөлдір  бұлаққа  теңейді. 
Дидактикалық  сарында  жазылған  «Құтты  білік»  шығармасында  (ІХ-Х  ғ.)  этика,  әдептілік,  қоғамдағы 
адамдардың қарым-қатынасы, сөйлесуі, тіл әдептілігі жан-жақты сөз болады. Қай этнос болмасын, өзінің 
белгілі өмір жолын басынан кешіргендіктен, оның өз халқына, ұлтына, еліне, жеріне тән іс-әрекет жүйелері 
де болады. Соңғы жылдары этнос психологиясы мен педагогикасы мәселелері жиі ауызға алынып, кейбір 
жақтары ғалымдарды ойландырып жүр (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.М.Жақыпов, Д.Д.Дүйсенбеков, т.б.). 
[2, 78-80] 
1922 жылы тұңғыш «Педагогика» атты ғылыми еңбек жазған әрі ақын, әрі ғалым М.Жұмабаев, адам 
өміріндегі тіл мен сөздің мәнін жан-жақты бейнелей келе: «...тіл адам жанының тілмашы. Адам тілі арқа- 
сында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Адамның толық мағынамен 
адам аталуы тіл арқасында. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай 
ұлт құрымақ. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың кұри бастағанын көрсетеді», - деп тұжырымдайды [3]. 
Қазақ әдебиетінің классигі, философ, ұлы ақын    Абайдың шығармаларының түйіні - бірлік, татулық, 
сыйластық. Абай адамдардың мінез-құлқындағы осындай кереғарлықты отбасы өміріндегі ата-ана өнегесі, 
бала  тәрбиесінен  бастап,  қоғамдағы  адамзаттық  борыш,  адамгершілік  деңгейіне  саралайды.  Ақын  адам 
мінезінің  түрлерін  адамгершілік,  имандылық  тұрғыдан  қарастырып,  оларды  жақсы  және  жаман  деп 
жіктеген. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
49
 
«Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, не болмаса айына 
бір, өмірді калай өткізгенің жайында өзіңнен есеп ал» - дейді .[4, 50] 
Қазақтан  шыққан  алғашқы  ұстаз  Ы.Алтынсарин  халықты  дүниеге  «дұрыс  көзқараспен»  қарап 
тәрбиелеу мәселесін өзінің басты мақсаты етіп қойды. Ол өз шығармаларында жас ұрпақты өнер-білімге, 
адамгершілікке  баулып,  педагогикалық  әдеп,  үлкендердің  жастарға  үлгісі  сияқты  мәселелерді  көтерді. 
Бала  тәрбиесіне  арналған  Ы.Алтынсариннің  адамгершілік  әңгімелері  осы  күнге  дейін  құндылығын 
жоғалтқан емес. [5, 81] 
Адамның жан дүниесінің, мінез-құлқы, тәртібінің даму заңдылықтарын тілден бөліп қарау қисынсыз. 
Өйткені, сөйлеу немесе сөз адамдардың тіршілік әрекетінің аса маңызды түрі. Адам танымын, ішкі ойын 
сыртқа бейнелеу құралы болып табылатын сөйлеу тілі сана сезім белгілерін қалыптастыру, күрделендіру 
жолында  үлкен  өмірлік  міндет  атқарады.  Адамзат  қоғамы  қаншалықты  сан  алуан  болса,  тәртіп  пен 
мәдениет  ережелері  де  соншалықты  мол.  Мәдениеттің  қандай  түрі  болмасын  тәртіптен  басталады.  Ал, 
тәртіп бар жерде сын, өзара сын болады. Мәдениетті қарым-қатынас жасай білген адам өзін кез-келген 
ортада  еркін  ұстай  алады,  өз  тәртібін  киындықсыз  реттеп  отырады.  Кейінгі  зерттеулер  көрсеткеніндей, 
қоршаған ортаның «тәрбиелік» әсері адам ағзасының пайда болу (пренатальды кез) сәтінен басталады: бұл 
орайда адам үшін алғашқы орта - ананың құрсақ аясы екендігі баршаға мәлім. 
Ана құрсағындағы «экологиялық жағдайлар» адамның постнотальды кезеңіндегі дене және психика- 
лық  дамуына  ерекше  әсер  етеді.  Ана  құрсағында  жатқанда  балаға  сыртқы  әсерлер  ананың  көңіл-күйі, 
сезімі: сүйініш, реніші, риза болуы, рахаттанып-шаттануы арқылы жетіп отырады және осыған орай бала 
әр түрлі қалыптарға ауысып, әр түрлі күй кешеді. Мысалы: ана кенеттен қозғалғанда, болмаса ренжігенде, 
ашуланғанда қимылсыз, қозғалыссыз қалады, ал тыныштық жағдайда аяқ-қолын сермеп, тынымсыз күйге 
түседі. 
Орыс  педагогі  А.С.  Макаренко:  «...  баланы  дүниеге  келген  сәтінен  бастап  тәрбиелеу  керек  ...»  десе, 
біздің ойымызша кейінгі зерттеулерге сүйене отырып, тәрбие бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында 
пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болатын жастардан басталуы керек деп тұжырымдаймыз. 
Балаға өзі өскен ортасы, ата-анасы, жалпы, ересек адамдардың әсері ерекше. Олар отбасындағы тәрбие 
жұмыстарын баламен мақсатты түрде жүргізсе, елін, халқын, дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды азаматтарды 
тәрбиелеу  ісін  үлкен  нәтижелерге  жеткізген  болар  еді.  Жалпы,  адам  денсаулығы  үшін  белсенділік  пен 
жақсы  тамақтануға  қоса  айналасындағылармен  жағымды  қарым-қатынас  жасаудың  маңызы  аса  зор. 
Мұндай  мәлімдемені  Гарвард  университеті  жанындағы  бостандық  денсаулық  мектебінде  жүргізілген 
зерттеулерден кейін американдық ғалымдар жасады. 
Жалпы,  отбасындағы  ата-ана  мен  баланың  қарым-қатынасы  жағдайларындағы  мәселелер  сан  алуан. 
Атап айтсақ, отбасындағы тәрбие мәселелерін шешуде түрлі отбасылық бірлестіктер, ұйымдар ұйымдас- 
тырылады.  Көршілес  Ресейде  осындай  ортақ  бірлестіктер  бар.  Олардың  біреуіне  кеңестер  заманында 
И.Б.Чарковский,  М.Дадашев  сияқты  ерлі-зайыптылар  ұйымдастырған  «И.Б.Чарковский  отбасылары» 
жатады.  Алғашында  «Отбасының  денсаулығы»  деген  атаумен  пайда  болған  бұл  бірлестікке  көпбалалы 
отбасылары, отбасында науқас баласы бар отбасылары, баласы жоқ ата-аналар бірікті. Олар бірлесе күш 
жұмсау  арқылы  тағдыр  тәлкегі  бойынша  туған  мәселелерді  шешу  жолдарын  іздестірді.  Жеке  тұлға 
қалыптасуы өте ертеректе, пренатальды және постнотальды кезеңдерде жүзеге асады деп санаған бірлестік 
мүшелері, баланың осы аталған кезеңдеріндегі дене және психикалық дамуларына ерекше қарады. [6, 84] 
Бірлестік, сонымен қатар жас нәресте келуін күткен ата-аналарды босану сәтіне дайындайды. Дайын- 
дық үрдісіне өмір сүру бейнесінің басты белгісі «табиғатпен қауышу», ашық суаттарда (өзен, көл) жылдың 
кез келген мерзімінде шомылу, жалаң аяқ жүру сияқты әрекеттер кірді. 
Ретсіз өмір сүру - бұл ерлі-зайыптылардың өмірінің еркін түрі. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тілегі - 
қалғандары  үшін  қасиетті.  Олар  сол  адамның  талап-тілегіне  бағынуға  тиісті,  басқаша  болған  жағдайда 
отбасында өзара қақтығысушылық басталып, отбасының бұзылуына әкеледі. 
Халықтық педагогика мен психологияда аттары әйгілі бұл бірлестіктердің негізгі мақсаты да - дені сау 
бала тәрбиелейтін отбасындағы ерекше жағдайды орнату. 
Қазақстанда  алғаш  рет  осындай  отбасы  бірлестіктері  жоқ  болғанымен  де  еліміздің  бірінші  ханымы   
С.А. Назарбаеваның жетекшілігімен құрылған «отбасылық типтегі балалар үйлерін» атауға болады. Бұл 
аталған бірлестіктердің қай-қайсысы болмасын, барлығында да қандай бағытта болмасын, ең негізгісі  - 
баламен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. 
Бүгінгі таңдағы қазақ отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда үлкендер- 
дің үстемдігі, вербальды емес коммуникациясы барысында орындалады. Мұндай жағдайда бала ата-ана- 
сына  толы  эмоционалды  тәуелділікті  сезіп  өседі,  соның  салдарынан  қазақ  балаларының  бойында 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
50 
өз-өздеріне деген сенімсіздік, ішкі сезімдердің шиеленісуі сияқты құбылыстар басым болып қалыптасады. 
Қазақ  отбасында,  әсіресе  ауылдық  жерлердегі  бала  тәрбиесінде  үлкендер  әкімшілік-немқұрайлы  әдісті 
қолданады. Бұл жерде үнемі «... жасы үлкеннің айтқанының бәрі дерлік дұрыс» деген заңдылыққа сәйкес, 
балаға  үнемі  үстемді  қысым  көрсетіледі.  Бұл  ретте  баланың  орындаған  әрбір  әрекеті,  әр  сөйлеген  сөзі 
ата-ана беделінің көрсеткіші емес, баланың оларға деген рухани-материалды тәуелділік нәтижесі екенін 
айта  кеткен  орынды.  Қазақ  халқының  мінез-құлқында  кей  сезімді,  іс-әрекетті  сөзбен  айтпай-ақ  ыммен, 
ишарамен, қимылмен, еппен де сездіре білу бұрыннан жақсы қалыптасқан. 
Бізде, көпшілікке таныс қарым-қатынас жасаудың «сен» және сөзге сыпайылық рең беретін «сіз» деген 
екі формасы бар, оларды қолданудың өзіне тән белгілері, орындары бар. Қазақ мәдениетінің бұл ережелері 
балаға ерте, сәби шағынан таныс болуы керек. 
Оларды атап айтсақ: 

 
ізеттілік  -  кез-келген  жағдайда  тәртіп  ережелеріне  ғана  сай  емес,  этика,  эстетика  талаптарын 
қанағат  ететіндей  әрекет  ету.  Мұндай  сезімі  бар  бала  қолайсыздық  тудыратын  жәйттардың  алдын  ала 
біледі; 

 
қарапайымдылық - ізеттілікпен тығыз байланысты құбылыс. Қарапайым болу - адамның өз әрекеті 
мен қабілетіне сын көзбен қарауы. Қарапайымдылықты ұялшақтықпен сәйкестендіруге болмайды, өйткені 
ұялшақ адам қарапайым адамның қасында өзін дұрыс бағалай алмайды; 

 
табиғилық  -  кез-келген адамның өзіндік бет-бейнесі. Айнасындағылармен табиғи  түрде қатынас 
жасай білген адам әр уақытта мінсіз болады; 

 
абырой, ар-намыс  - адамның қоғамда өз орнын дұрыс біліп, өзіне-өзі сенуі. Бұл қасиет әр кезде 
қарапайымдылық пен табиғилық бар жерде болады. Абырой мен ар-намысты бала айналасындағыларды 
қорлап, сөгіп, тіл тигізбейді. 
Ата-ана баланы көпшіліктен алыстататын  - эгоизм, қызғаншақтық сияқты құбылыстардан сақтанды- 
рып, жоғарыда аталған белгілердің бала бойында ерте кезден байқалуын қадағалап отырулары тиіс. Қазақ 
отбасындағы баланың сөйлеу мәдениеті материалды, рухани себептерге байланысты, қазіргі уақытта дер 
кезінде жүргізілмей отыр. Осы тұста біз, қазақ отбасындағы баланың қарым-қатынас мәдениетін жоғар- 
лату үшін мына ережелерді есте ұстау керек деп ойлаймыз: 
■ Еш  уақытта  баламен  нашар  көңіл-күйде  қарым-қатынас  жасауға  болмайды.  Бала  тәрбиесі  -  адам 
баласының айналысатын ең тамаша кәсібі десе де болады. Ол жерде міндетті түрде көтеріңкі көңіл-күй мен 
тұрақтылық орын алуы керек. Отбасындағы көңілсіздік, енжарлық өсіп келе жатқан бала көңіліне, қатынас 
жасау қабілетіне кері әсірін тигізеді; 

 
Ата-ана қатынаста баланың талап-тілегі жайлы толығымен хабардар болуы керек, көптеген ата-ана 
бала өмірге «дайын» адам ретінде келеді деп қате ойлайды. Олар баланың ақылды, қайратты, мейірімді, 
мәдениетті болып өсуінің алғы шарттарын, әдістерін жете түсіне бермейді. Ол үшін тәрбиені бала әлеміне 
еніп, бала тілімен ұйымдастыру керек; 

 
Балаға  үнемі  өзіндік  іс-әрекет  орындауға  жағдай  тудыру  керек,  бала  тәрбиесін  -  бағып-қағумен 
шатастыруға  болмайды.  Ата-ана  баланың  сөзін,  әрекетін  қатал  бақылау  жасап  емес,  саналы  тәрбиелеуі 
тиіс. Себебі, әр адамға оның жасаған шаруасын біреу үстіртін бақылағаны ұнамайды, сол сияқты бала да 
кез-келген іс-әрекетті орындап, нәтижеге өзі жеткенді қалайды. 
Жеке тұлғаның бойындағы барлық жақсы, жаман құбылыстардың бастапқы кірпіштері балалық шақта 
қаланып, адамның бүкіл өмірі бойындағы іс-әрекеттерінің қайнар көзі болып табылады. Мектепке дейінгі 
шақ - адамның тұлғалану үрдісіндегі негізгі кезең. Ұлттық педагогика бұл туралы - бала жеті жасқа толған- 
да жеке тұлға ретінде қалыптасады, жеті жасқа дейін балада ақыл болмайды, жеті жастан соң ғана балаға 
ақыл кіреді деп көрсетеді. Ол және де баланы жеті жастан он екі жас аралығында тәрбиелеу керек дейді. 
Осы  кезде  іс-әрекет  түрлерін  меңгере  отырып,  әлеуметтену  үрдісін  басынан  кешіреді.  Бұл  жайында 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы Заңының» 23 бабында: «Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және 
мектепке дейінгі мекемеде жүзеге асырылады» делінген. 
Осы тұрғыда отбасы жағдайының бала тәртібіне қаншалықты әсер ететінін А.И. Шүжебаева (2001) өз 
зерттеуінде  нақты  көрсетеді.  Автор  отбасындағы  ата-ана  мен  мектеп  жасына  дейінгі  бала  арасындағы 
келіспеушіліктің  себеп-салдарын  қарастыра  келе,  оларды  жоюда  ата-аналар  тарапынан  балаға  психо- 
логиялық  қолдау  көрсету  қажет  деп  тұжырымдайды.  Себебі,  бала  ата-ананың  қолдауын  тек  қиналған 
сәттерде ғана емес, қуанған сәттерде де аса қажет етеді. 
Қазіргі  кезде  ата-ана  мен  бала  арасындағы  келіспеушілік  жағдай  жиі  кездеседі.  Оның  өзі  кейде, 
шиеленісіп,  шегіне  жете,  қарым-қатынастың  дөрекі  түріне  айналады,  кейде  жасырын  өтіп,  ұзаққа 
созылады немесе бірден өшеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
51
 
А.Рузская  баланың  жан-жақты  дамуындағы  құрбыларымен  жасаған  қарым-қатынасын  қарастырып, 
осы кездегі балалардағы жиі байқалатын келіспеушілік жағдайды, олардың пайда болу себептерін (ішкі, 
сыртқы) көрсетеді. Бала келіспеушілік жағдайда бірнеше ұстанымда болады екен. Бір бала келіспеушілік 
жағдайда  "менікі  әрқашан  дұрыс"  деген  ұстанымды  сақтаса,  екінші  бала  "мен  бәріненде  күштімін, 
жақсымын", ал үшінші бала "мен өзім үшін тұра аламын" деген ұстанымда болады [7, 88]. 
Отбасындағы бала ата-ана мен бала арасындағы келіспеушілік жағдайлары туралы Ү.И. Ауталипова- 
ның диссертациялық зерттеуінде ғылыми деректер көрсетілген. Автор «Мектеп жасына дейінгі балалар- 
дың отбасындағы өзара қарым-қатынастарының психологиялық, педагогикалық негіздері» деп аталатын 
зерттеуінде,  бала  отбасындағы  ересектермен  қарым-қатынас  барысында  аса  зор  әлеуметтік  тәжірибе 
жинақтайды деген [8, 25]. 
Жалпы,  қарым-қатынастағы  келіспеушілікті  өрістетпеу  ең  алдымен  ата-анаға  байланысты.  Сырттай 
қарағанда мұндай кикілжің шамамен былай көрінеді: бала ата-анадан бірдеңені (балмұздақ, серуенге шығу 
т.б.) талап етеді, ал ата-ана түрлі себептермен оның өтінішін орындамайды, рұқсат етпей, тыйым салады 
немесе олар балаға өздері талап қояды, ал ол болса, қарсылық көрсетіп, көнбейді, реніш білдіреді. Келіс- 
пеушілік жағдайында ашуланып, өзін дөрекі ұстауы, ал ата-ана байсалдылық танытпауы мүмкін. Қарсы- 
ласқан  осындай  сезімдер  салдарынан  отбасы  тәрбиесі  басқаруға  келмей,  өзінің  межелі  мақсатына  жете 
алмайды.  Отбасындағы тәрбиенің  нәтижесі ата-ананың баламен жекелей әңгімелесуіне, аталған  үрдісте 
қандай қатынас орнатуына байланысты. 
Бала  тұтастай  адам,  ал  отбасы  тәрбиесі  баланы  толығымен  бүкіл  өмірлік  ынтасы  мен  талаптарын 
қалыптастыратын орта. Егер отбасындағы ата-ана әрекеті баланы дамуға, дербестікке, адамгершілік жағы- 
нан қалыптасуына әсер етсе ғана отбасы бала өмірінің мәніне айналады. 
Бала – бұл үнемі белсенді әрекеттестік пен қарым-қатынасты қажет ететін қоғамдық мән. Психологияда 
әрекеттестік  бірлігін  -  трансакция  деп  айтады.  Адамдардың  өзара  әрекеттестік  пен  қарым-қатынастағы 
бағытын Э.Берн өзінін трансакциялы талдау тұжырымдамасында қарастыра келе, қарым-қатынас үрдісін- 
дегі адамның «Ата-ана», «Ересек адам», «Бала» деген үш бағытын көрсетеді. 
Бұл тұжырымдамадағы ата-ана бағытындағы әрекеттестік - өзгелерді сынау, бәсекелесу немесе үстем 
болу, билік көрсету бағытын ұйғарса, келесі, Ересек адам бағытындағы әрекеттестік пен ынтымақтастық, 
жауапкершілік,  бейімділікті  көрсетеді.  Бала  бағытындағы  әрекеттестік  -  бағыну,  қорғаныш  пен  қолдау 
іздеу немесе эмоционалды импульсивті қарсылық, бүлік, қыңырлыққа деген бейімділікті ұйғарады. Автор 
сонымен қатар, осы аталған өзара әрекеттестік бағыттарының біреуі адам тәртібінде тәулік бойы ерекше 
байқалады немесе үшеуі бір-бірімен өзара алмасып отырады деп көрсетті. 
Осы аталған әрекеттестік негізінда индивид белгілі қоғамға енеді. Индивидтің ұлттық мәдениетке ену 
үдерісі  шет  елдік  ғалымдардың  назарын  өзіне  аудартты.  Инкультурация  -  индивидтің  өз  ұлтының 
мәдениетіне  ену  ұғымын  алғаш  енгізген  американдық  мәдениантрополог  М.Херсковиц  те  этникалық 
әлеуметтену  механизмдерін  қарастырған  Я.Берри  де  бала  туғаннан  түрлі  ықпалдар  әсеріне  бірнеше 
жолмен ұлттық мәдениетке енеді деп көрсетеді: 
біріншіден, бала белгілі білім-іскерліктер мен мәдени құндылықтарды ата-анасының үйретуі арқылы, 
екіншіден,  әлеуметтік  тәжірибелер  мен  мәдениет  дәстүрлерін  бала  құрбыларымен  жүргізген  қарым- 
қатынас барысында, 
үшіншіден,  этникалық  әлеуметтену  балада  арнайы  ұйымдастырылған  (балабақша,  мектеп)  оқыту 
үдерісі барысында жүзеге асады . 
Баланың  ұлттық  сана-сезімінің  қалыптасуын,  оған  салт-дәстүрлердің  әсерін  атақты  педагог 
Қ.Ж.Қожахметова "этникалану" деп түсіндіріп, инкультурация ұғымымен пара-парлайды. Баланың білім- 
ді, мәдениетті азамат болып шығуына бір ғана отбасы тәрбиесінің ықпалы жеткіліксіз. Уақыт талабына сай 
қазіргі  кездегі  ата-аналардың  біршама  уақыттарын  отбасынан  тыс  жерлерде  (жұмыс,  қызмет  бабында, 
сауда т.б.) өткізулерінің салдарынан бала ата-анасының жылы қатынасына өте зәру болуда. Осы тұста айта 
кететін  жәйт,  Американың  Вашингтон  штатында  отбасында  баламен  қарым-қатынас  жүргізе  білмейтін 
ата-аналарға арналған, арнайы қызмет көрсету қалыптасқан. Ол жерде әр ата-ана арнайы мамандардың 
ақыл-кеңесі, бақылауы арқылы баламен жүргізетін қарым-қатынас мәселесі жайлы білім алып қаруланады. 
Бала тәрбиесінің басты белгісі болып табылатын - отбасындағы микроклимат, ата-ана мен бала арасын- 
дағы  өзара  жарасымды  қарым-қатынастар  негізінде  туады.  Отбасындағы  ата-ананың  балаға  деген 
махаббаты,  әрине  тәрбиедегі  қуатты  құрал.  Бала  психикасының  дұрыс  қалыптасуының  негізі  болып 
табылатын  бұл  құбылыс  -  балаға  таза  ауадай  қажет.  Көп  жағдайда  экономикалық  жағдайы  жақсы 
отбасының босағасы берік болады. Қазіргі қоғамда болып жатқан өзерістер ең алдымен отбасына үлкен 
әсерін тигізеді, осындай өзгерістерді басынан кешіріп отырған отбасы белгілерін біз былай жіктеуді жөн 
көрдік: 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
52 
1.
 
Отбасының экономикалық әл-ауқатының төменділігі; 
2.
 
Демографиялық  жағдайдың  нашарлауы,  яғни  отбасындағы  бала  санын  шектеу  қиыншылықтан 
шығудың бірден-бір жолы деп саналуы; 
3.
 
Рухани-адамгершілік  байлықтарға  қарағанда  материалды  байлықты  дұрыс  көріп,  ата-аналардың 
материалдық жағдайға көп көңіл бөлуі; 
4.
 
Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты сауаттылығының төмендігі. 
Көптеген деректер, бізге 1960 жылдарға дейін тәрбиені қазақ баласы негізінен ата-анасынан отбасында 
алып келсе, одан бергі кезеңде отбасының өзіндік тәрбие беру күші әлсірегенін көрсетеді. 
Бала үшін дер кезінде көрсетілмеген ықылас пен ілтипатты кейін толықтыру өте қиын болғандықтан, 
баланың  жан-жақты  өсуі  үшін  жылы  қатынас  пен  ізгі  ниеттің  қаншалықты  қажет  екендігін  әр  ата-ана 
дұрыс түсіне білулері тиіс. Ізгі ниет пен жылы қатынаста тәрбие алған бала есейгенде бойындағы барлық 
жақсы қасиеттерді ешбір қиындықсыз сыртқа шығара алады. Ал, керісінше, ата-ана махаббатын жеткілікті 
сезінбей немесе мүлде көрмеген бала есейгенде өте тұйық, ашушаң, ызалы болып өседі. Әр бала өмірінің 
алғашқы сәттерінен бастап өзін жақсы көретін, уайымдап, қамын ойлайтын жанның барын толық сезінуі 
керек. Егер бала ана махаббаттын сезінбей, анасының мейірімді жылы дауысын естімесе, ондайда бала 
өзіне  төнген  қатерді  сезінеді.  Осы  кезде  бала  отбасындағы  психологиялық  дискомфорт  пен  қорқыныш 
сезімін басынан кешіреді. Сондықтан болар, өмірге келген сәбиге ата-анасын өзге ешбір жан толықтыра 
алмайды. Сәби үшін отбасының, ата-анасының орны өте ерекше. 
Кез  келген  ұлттың  мінез-құлық  тәртібінде  сол  ұлттың  тіршілік  ережелері  бейнеленді.  Бұл  қағида 
жайында ағылшын антропологы Д.Горер екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдарда ерекше байқал- 
ған орыс балаларының ұлттық мінезіндегі ұстамдылық, күштілік, шыдамдылық сияқты сапалар, оларда 
нәрестелік  шақтағы  «жөргекке  ораудағы»  ерекшелікке  байланысты  деп  түйіндейді.  Бала  тәрбиесіне, 
жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ 
халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасын 
түгелдей қарап шығу үлкен іс. Оның бәрін қамти алмасақ та, бала тәрбиесіне қатысты дәстүр, әдет-ғұрып 
үлгілерін атап өтуге болады. Сәбилік кезден - ес біліп ер жеткенге дейінгі салт-дәстүр өнегелеріне: құрсақ 
той,  қазанжарыс,  сүйінші,  шілдехана,  бесікке  салу  т.с.с.  жатады.  Олар  өсіп  келе  жатқан  сәбиге 
педагогикалық та, психологиялық та ықпал етеді. 
 
1
 
Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы».  Алматы: Рауан, 1991. 142, 330 б. 
2
 
Қалиев С, Жарықбаев Қ. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен демократ-ағартушылары».  Алматы: РБК, 
1993. – 48 б. 
3
 
Жұмабаев М. «Педагогика».  Алматы: Рауан, 1993. – 154 б. 
4
 
Дайырова Ә., Құрманбаева Г. «Абайдың тәлімгерлік тағылымы». – Алматы: Рауан, 1996. 136 б. 
5
 
Алтынсарин Ы. «Үш томдық шығармалар жинағы» 1 том.  Алматы, 1975. 234 б. 
6
 
Дружинин В.Н. «Психология» (Учебник для гуманитарных вузов). – Санкт- Петербург, 2001.     656 с. 
7
 
Рузская А.,    Павленко Т.  «Почему  они   конфликтуют» Учебно-дошкольное воспитание.   №1.  2003.  72 с.   
8
 
Ауталипова  У.И.  «Психолого-педагогические  основы  взаимоотношений  детей  дошкольного  возраста  в 
семье» Диссертация кандидата психологических наук.  Алматы, 1999 .  129 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет