Ключевые слова: национальное воспитание в начальном образовании, национальное сознание, национальное
воспитание, образование детей, национальный характер, чистота языка, нации, традиции, обычаи.
Summary
G.A. Kaybuldaeva – associate professor, Kh.A.Yassawi international Kazakh Turkish University,
togjan2010@mail.ru
M.S. Oshtanova – senior teacher, master of education,
Kh. A. Yasawi international Kazakh-Turkish university,
asilnur@mail.ru
The significance of national traditions in the primary education
This article deals with the issues of development of establishing the national consciousness of the school children. Each
nation describes their ways of being in the national character. English anthropologist D. Gorier considered this principle as after
the World War 2 Russian children showed their character particularly reserved, brave, patient and it was explained by their
features established by birth.
Kazakh people are one of the nations who paid deep attention to the upbringing of the children and education on the whole,
and made the successful principles and rules. There are lots of upbringing ways and experiences. Currently it is the most
important to use “zheti ata” family tree principles, and eating culture with the pupils of primary level education, to find out three
branch upbringing indicators and degrees, to have the national traditions as an upbringing tool. They influence the wide
development of the growing children in the national consciousness.
Key words: national upbringing in the primary education, national consciousness, national upbringing, children’s
education, national character, pureness of the language, nation, traditions, customs.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
72
ӘОЖ 372 64 943
ТӘРБИЕ БІРТҰТАСТЫҒЫ БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ БІРЛЕСТІГІ
С.С. Қожагелдиева
–
п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ,
saule_611@mail.ru
Қ.О. Өтеген – п.ғ.к., «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі,
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті,hadisha63@mail.ru
Бұл мақалада бала тәрбиесiнiң өзектi проблемаларын шешуге тәрбиенiң жаңа технологияларын қолданудың
қажеттiгi ұлт болашағы үшiн маңызды екендігі қарастырылады.
Отбасы – өмiрге адам әкелу, оның қажеттiлiгiн өтеу, өмiрге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендiру, сол сияқты
тәрбиенiң барлық түрiне бағыт берумен айналысатын әлеуметтiк институт. Отбасында ата-ана арқылы берiлетiн
тәрбиенiң басты мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелiгiн, психикалық процестерiн ескере отырып, лайықты
ұрпақ тәрбиелеу.
Ер кiсi – жанұяның тәрбиешiсi . Сондықтан – ол отбасы тәрбиесi үшiн жауапкер. Әкенiң бұл өмiрде баласына сый-
лайтын сыйлықтарының iшiнде ең қымбаты және баға жетпес асылы – көркем, әдептi тәрбие. Отбасындағы ата-анаға
өздерi өмiрге әкелген баласы үшiн қаншалықты жауапкершiлiк жүктелетiндiгi елiмiзде заң жүзiнде қарастырылған.
Түйін сөздер: отбасы, ата-ана, жауапкершiлiк, ұрпақ тәрбиелеу.
Отбасы - адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзi, некеге немесе қандас туысқандыққа
негiзделген қоғамдық шағын топ. Қоғаммен, бүкiл қоғамдық қатынастардың жүйесiмен тығыз байланыста
болғанымен, отбасы – қоғамдық өмiрмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ең
жақын, өз алдына дербес те сырлас тобы. Отбасы өмiрi материалдық және рухани үрдiстермен
сипатталады.
Отбасы – өмiрге адам әкелу, оның қажеттiлiгiн өтеу, өмiрге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендiру,
сол сияқты тәрбиенiң барлық түрiне бағыт берумен айналысатын әлеуметтiк институт.
Орыс тiлiндегi “семья” сөзiнiң қазақша баламасы әлiмсақтан отбасы екендiгi аян. Бұқаралық ақпарат
құралдарында ғасырлар бойы тiлiмiзде орныққан “отбасы” сөзiн “отбасы – ошақ қасы” тiркесiндегi төмен-
дету сипатында айтылған мағынасынан алыстай алмай, “жанұя” сөзiмен ауыстырып қолданылса деген
пiкiрлер жиi айтылып жүр. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебi: адам баласы шыр
етiп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейiмделiп, ықпалына көнiп, осында ер
жетедi. Демек, отбасы – негiзгi қамқорлық мектебi.
Отбасын “дербес мектеп, әлеуметтiк институт” деп қарастыратын болсақ, әке-шеше – сол орданың
ұстаздары, ал, ата-әже – профессорлар iспеттес [1].
Елiмiз егемендiк алғаннан бергi уақыт iшiнде қоғамда қаншама өзгерiс болды десеңiзшi?! Сол өзгерiс-
тер туғызған соны жаңалықтар бала өмiрiне тiкелей әсерiн тигiзiп жатқаны белгiлi. Бала тәрбиесiнiң өзектi
проблемаларын шешуге тәрбиенiң уақыты өткен әдiстерiн ауыстыратын тәрбиенiң жаңа технологияларын
қолданудың қажеттiгi, ел ертеңi, ұлт болашағы үшiн этнопедагогика ғылымының жетiстiгiн әр отбасының
тәрбие құралына айналдыру – бүгiнгi күннiң сұранысы. Алайда, соңғы уақытта елiмiздегi нарықтық
экономиканың қарқынына iлесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала тәрбиесi әлсiреп, тiптi
ерiксiз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда болды. Оған қоса, шартты түрде дамыған бiлiм беру
жүйесi мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, “мәдени орын” деген атаудың астарына тығылған
керектi, керексiз сауық үйлерiнiң ашылуы отбасының тәрбие беру және әлеуметтендiру қызметiн
әлсiреткенiн жасыра алмаймыз.
Қалай десек те денсаулығы дұрыс, өмiрде бар ата-ананың өз ұрпағы алдындағы мiндеттерi мен құқық-
тарын ешкiм бөлiп атқармақ емес. Отбасындағы ата-анаға өздерi өмiрге әкелген баласы үшiн қаншалықты
жауапкершiлiк жүктелетiндiгi елiмiзде заң жүзiнде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында “Неке мен отбасы, ана мен әке және
бала мемлекеттiң қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың
табиғи құқығы әрi парызы, кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға мiндеттi”, - деп көрсетiлген [2].
Елiмiздiң қайта толықтырылып 2002 жылдың 1 шiлдесiнде берiлген “Неке және отбасы туралы ”
Заңында “Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге
де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге
байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы”,
- деп анықтама берiледi. Сондай-ақ, 9-тарауда “Бала құқықтары ” 8 бап төңiрегiнде заңдармен қамтамасыз
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
73
етiлген. Ал, 10-тарауда “Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi” де 7 бап бойынша жүйеленiп, өзi
өмiрге әкелген баласының алдындағы мiндеттерi мен құқықтары заңда белгiленген. Онда ата-аналардың өз
балаларына қатысты құқықтары мен мiндеттерiнiң тең екендiгi, балалары 18 жасқа, сондай-ақ кәмелетке
толмаған балалар некеге тұрғанда барып тоқтатылатындығы айтылады [3].
62-бапта ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру жөнiндегi мiндетi көрсетiлген.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң қабiлеттерi мен қаржылық мүмкiндiктерiнiң шегiнде, оның дене,
психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету
үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болатындығы айтылған. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу әдiстерiнде адам-
ның қадiр-қасиетiн кемсiтетiн немқұрайлылық, қатыгездiк, дөрекiлiк, балаларды қорлау немесе қанау
болмауға тиiстiгi жазылған. Ата-аналар ажырасып немесе балаларынан бөлек тұрған жағдайда да бала
мүддесiнiң қорғалуы заңды қарастырылған.
Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында да ата-аналардың өз балаларына, қамқорлыққа
алынған балаларға қамқор заңды өкiлдер-қамқоршылардың алдындағы тәрбиелеу мен бiлiм беру
жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi айтылады [4].
Ата-аналар және өзге де заңды өкiлдер:
1)
балаларға өмiр сүруi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың
интеллектуалдық және дене күшiн дамытуын, адамгершiлiк жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2)
бес (алты) жасында балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал
алты (жетi) жастан бастап жалпы бiлiм беретiн мектепке беруге;
3)
бiлiм беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға; балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз
етуге мiндеттi (38-бап).
Сол сияқты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (ХIҮ)
қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып,
1990 жылдың 2 қыркүйегiнде күшiне енген “Бала құқықтары туралы Конвенцияда” бала өмiрi мен
денсаулығы, бiлiм алуы мен тәрбиесi жан-жақты қаралған [5].
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “... халық Аллаһына, Тәңiрiне сенiп, ертеңгi күнiн, ар жақтағы
ана дүниеге баратын күнiн ойлап, дүниедегi мынау бүгiнгi күннiң күйбеңiмен жүре бермей,
Пайғамбарымыз Мұхамедтiң (с.ғ.с.) хадистерiне сәйкес өмiр сүрсе деймiн” деген сөзiн басшылыққа ала
отырып, мұсылман балаларына қасиеттi хадистерiмiзде де отбасылық өмiр мен өмiрге бала әкелiп дұрыс
тәрбие беру мәселесi жақсы айтылғанын еске алғанымыз жөн. Ислам дiнi кез келген ата-анаға мынадай үш
мiндет жүктейдi: Бiрiншiсi, балаға көркем ат қою; Екiншiсi, дiннiң әдептi тәрбиесiн сiңiру; Үшiншiсi,
тәрбиелi отбасымен құда болып, баланы айттырып үйлендiру. Ер кiсi – жанұяның тәрбиешiсi. Сондықтан
– ол отбасы тәрбиесi үшiн жауапкер. Әкенiң бұл өмiрде баласына сыйлайтын сыйлықтарының iшiнде ең
қымбаты және баға жетпес асылы – көркем әдептi тәрбие (Пайғамбарымыз Мұхамедтiң (с.ғ.с.)
хадистерiнен) [6].
Отбасында ата-ана арқылы берiлетiн тәрбиенiң басты мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелiгiн,
психикалық процестерiн ескере отырып, өз тегiн жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Бұл мәреге
жету үшiн отбасындағы тәрбие мынадай мiндеттердi шешуi керек:
-
Баланың тағдырына, физиологиялық өсiп-жетiлуiне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау;
-
бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап-тілектерді балаға деген махаббат-
ты сезіндіруге лайықтап, реттеу;
-
балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесi болуға даярлау;
-
еңбексүйгiштiкке баулу, баланы күнделiктi үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру;
-
отбасы мүшелерiнiң өзара дұрыс қарым-қатынасын, тiл тауып түсiнiсуiн, бiрiн-бiрi тыңдап, ата-ананы,
жасы үлкендердi сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
-
бiлiм алудың, мәдени мiнез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру;
-
баланың икемдiлiгiн, қабiлетiн байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;
-
әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелiгiне қарай әдеби кiтаптармен,
ойындармен қамтамасыз ету, театр, мұражай, көрме, галареяларға апару) тәрбиелеу;
-
баланың ақылына, күшiне, бiлiмiне сай берiлген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау,
тексеру, бағалау;
-
тәртiпке, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке, ойшылдыққа т.б. баулу;
-
өзiн-өзi тәрбиелеуге, дербестiкке, шығармашылыққа баулу;
-
отбасында баланың әлеуметтiк рөлiн бiлуге мiндеттеу;
-
баланы өз тегiн жалғастыратын сабақтастыққа, болашақ жұбайлық өмiрге тәрбиелеу.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
74
Осы аталған мiндеттердi қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болма-
ғанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді.
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
2.
Неке және отбасы туралы ҚР заңы.
3.
Атемова К.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. – А., 2002. – 58б.
4.
Кабуснама /Өзб.ауд. Т.Айнабеков. – Алматы, 2003. –105 б.
5.
Мудрость воспитания. Книга для родителей /Сост. Б.М.Бим-бад, Э.Д.Днепров. 2 изд.доп. – М.: Педагогика,
1989. – 304 с.
6. Кожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы, 1997.
Резюме
С.С. Қожагелдиева – к.п.н., доцент, МКТУ им. Х.А.Ясави,
saule_611@mail.ru
К.О. Отеген – к.п.н.., заведующий кафедры «Педагогика и психология»,
Международный гуманитарно-технический университет, hadisha63@mail.ru
Монолитная воспитание в семье и детском саду
В статье рассматриваются Семья – рождение человека, исполнение его важности, подготовить к жизни
разносторонне, значит, подготовить к воспитании разносторонне это социальный институт.
Воспитание новыми технологиями используется на проблему воспитания детей.
Цель воспитания детей - через родителей предусматривается возраст ребенка, личную особенность и психический
процесс, воспитывая при этом подходящего ребенка.
Мужчина - воспитатель семьи. Поэтому, он для семейных воспитаний ответственный. В жизни ребенку отец дарит
драгоценный и дорогой подарок - хорошее воспитание. В нашем государстве предусматриваются в законе
ответственность родителей за ребенком.
Ключевые слова: семья, родителей, ответственность, воспитание поколении.
Summary
S.S. Кojageldieva – associate professor, IKTU named after Kh.A.Yassawi,
saule_611@mail.ru
K.O. Otegen – docent, Head of the department "Pedagogy and Psychology",
International Humanitarian and Technical University, hadisha63@mail.ru
Solid education in the family and kindergarten
The family is the import of human life, the necessity of its redemption in life, thorough preparation, i.e. socialization,
education as a social institution responsible for issuing directions to all kinds.
The necessity of application of methods of education and new technologies education, replacing from time to time to the
solution of actual problems of education of children, the future of the country, the future of the nation a tool of transformation of
achievements of science of pedagogic education for every family – the need of today.
In a family of parents transmitted through the main purpose of education – the child, age, individual characteristics, taking
into account mental processes, upbringing a worthy generation who will carry on his name. A male is a caregiver in the family.
That's why he is the defendant to family upbringing. It is noteworthy that in this life the most precious and priceless gifts to give
children, including father art moral education in the Family, leading children in the country legally responsible for the lives
themselves, how isolated.
Keywords: Family, parents, responsibility, upbringing of generation.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
75
ӘОЖ – 740.159.9 316.6
КӘСІБИ СТРЕСТІҢ ИНДИВИДУАЛДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Б.Ауезов – аға оқытушы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ,
auezov76@mail.ru
Ә.Cұлтан – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 4 курс студенті
Біздің өміріміз тұтастай стрестен тұрады деуге болады. Оны өз өмірінде, тұрмыста, жұмыста қандай да бір
жағымды немесе жағымсыз жағдайға ұшыраған адам басынан кешіреді.
Қазіргі кезде стрестік күйді сезбеген, сондай жағдайға тап болмаған адамды кездестіре алмаймыз. Соңғы жылдары
әлемде болып жатқан төтенше жағдайлар, халықаралық және аймақаралық конфликтілер, денелік, психологиялық,
сексуалдық зорлаушылықтың өсуі стреске ұшыраушылар санын ұлғайтып отыр.
Стресс - адам ағзасына түсетін салмақ. Ол зиянды, одан құтылу керек деген пікір қалыптасты. Ал, шындығына
келсек, стресс – физиологиялық құбылыс. Ол адам ағзасында түрлі факторлардың әсеріне жауап ретінде туындайтын
физиологиялық қорғаныш реакциясының жиынтығы.
Түйін сөздер: стресс, кәсіби стресс, кикілжің, физиологиялық құбылыс, психологиялық құбылыс, қорқу, шаршау,
ашу, қуаныш, разылық, жауапкершілік.
Қазіргі кезде стрестік күйді сезбеген, сондай жағдайға тап болмаған адамды кездестіре алмаймыз.
Соңғы жылдары әлемде болып жатқан төтенше жағдайлар, халықаралық және аймақаралық конфликтілер,
денелік, психологиялық, сексуалдық зорлаушылықтың өсуі стреске ұшыраушылар санын ұлғайтып отыр.
Сондықтан, стресс деген ұғымды адам ағзасына түсетін салмақ, ол зиянды, одан құтылу керек деген
пікір қалыптасты. Ал, шындығына келсек, стресс – физиологиялық құбылыс, ол адам ағзасында түрлі
факторлардың әсеріне жауап ретінде туындайтын физиологиялық қорғаныш реакциясының жиынтығы.
Алайда, стрестің анықтамасын әр мамандық иелері әр түрлі береді. Дәрігер мамандар ағза көтере
алатын физиологиялық механизмдердің жүктелуі десе, менеджмент өкілдері - әлеуметтік факторлардың
әсері деп, психологтар әр түрлі жағдайларға байланысты адамның эмоциялық күйінің өзгеруі дейді.
Біздің өміріміз тұтастай стрестен тұрады деуге болады. Оны өз өмірінде, тұрмыста, жұмыста қандай да
бір жағымды немесе жағымсыз жағдайға ұшыраған адам басынан кешіреді. Тіпті, орыс физиологы
К.Судаковтың айтуынша: «Ғылыми-техникалық прогресс кезінде адам психоэмоционалдық стреске көп
ұшырайды, сондықтан оның өзін-өзі басқару механизмі бұзылады, ол биологиялық ырғақтың өзгеруіне
әкеліп соқтырады, сонымен қатар ағзаның гормоналдық-иммундік функциялары өзгереді және стрестің
әсерінен генетикалық ақпараттар, генофонд өзгеруі мүмкін » дейді [1,6].
Ал, американдық ғалымдар Холмс пен Рэй стрест6 ің 100 ұпайлық көрсеткішін ұсынған: жақын
адамдардың (көбінесе жанұя мүшелерінің) өлімі – 100 ұпай, ерлі-зайыптылардың айрылысуы – 73 ұпай,
түрмеде отыру – 63 ұпай, жақын-жуықтарының қайтыс болуы - 63 ұпай, қатты науқастану немесе
жарақаттану – 53 ұпай, үйлену – 50 ұпай, финанстық жағдайдың өзгерісі – 49 ұпай, жұмыстан шығып қалу
– 47 ұпай, зейнетақыға шығу – 45 ұпай, аяғы ауыр болу – 40 ұпай, жұмыс бабымен көтерілу – 39 ұпай,
басқа жұмысқа ауысу – 36 ұпай, жолдастарымен қайшылықта болу – 35 ұпай, қарыздылық – 31 ұпай, жеке
басының жетістікке жетуі – 27 ұпай, мектепке бару немесе бітіру – 26 ұпай, басшымен дау-жанжалда болу
– 23 ұпай, басқа жерге көшу – 20 ұпай, демалу – 13 ұпай, транспортта болатын келеңсіз жағдайлар – 11
ұпай, т.с.с.
Аталған авторлардың айтуынша, жылына 300 ұпай жиналса, адамның депрессияға ұшырау қаупі төніп
тұр немесе соның салдарынан психосоматикалық ауруларға (инфаркт, астма, аллергия, артрит, мигрен,
гипертония, т.б.) әкеліп соғуы мүмкін. Мысалға бір жылда оқуын аяқтап, жұмысқа орналасып, тұрмысқа
шығып, жүкті болып, сол жылда бала туып, пәтер алу сияқты қуанышты жағдайлардың өзінен 200-ден
астам ұпай жиналады, бұл жағдайларға қоса жас жанұяларға тән қарызданып қалу, соған байланысты
бюджеттің ортаюын қоссақ 300 ұпайға да жетіп қалады, ал ол жоғарыда айтылған жағдайларға әкеліп
соқтырады [2, 43.].
Әр түрлі мәліметтерге сүйенсек, стрестен жай жөтелден бастап ракқа дейін пайда болуы мүмкін. Бұл
жөнінде академик К.М. Быков: «Күйзеліс жылау арқылы сыртқа шығарылмаса, ол басқа органдардың
жылауына әкеліп соқтырады» - деп көрсеткен. Зерттеулерден шығарылатын қорытынды – қорқу, шаршау,
ашу, қуаныш, разылық, жауапкершілік сияқты әр түрлі эмоциялық күйлер ағзада бір типті кешенді реакция
туғызады. Мысалы соғыс кезінде баласының қайтқанын естіген ана стреске ұшырайды, ал бірнеше
жылдан кейін бұл хабардың жалғандығын естігенде қуаныштылығына қарамай тағы да стреске ұшырай-
ды. Осыдан көріп отырғанымыздай, стрестің жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жоғарыда көрсетіп
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
76
кеткеніміздей, стресс - әрбір адам өмірінде болатын құрамдас бөлік, оның қажеттілігі адамның тамақ пен
суды қажетсінуімен пара-пар. Г.Сельенің ойынша стресс – ол «өмірге дәм беретін», қандай жағдай
болмасын, нәтижесінде ағзаның бейімделіп, жұмылдандырылуына әкелетін жағымды жағын эустресс деп
атаған, ал психологиялық ауыртпалық, қайғы, бақытсыздық, әлсіздікке әкелетін түрін дистресс деп
көрсеткен. Дистресс нәтижесінде психологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.
Стрестің физиологиялық, психологиялық, жеке тұлғалық, медициналық белгілері бар.
Физиологиялық белгілері: әлсіздік байқалады, сергектігі жоғалады, әрқашан шаршағандық сезімде
болады.
Жеке тұлғалық белгілері: еріксіздік, өзін-өзі ұстауының бұзылуы, әлжуастық, шығармашылық дамуға
қабілетсіздік, қорқыныш, себепсіз үрейленушілік сезімінде жүреді.
Медициналық белгілері: бастың, жүректің ауруы, ұйқысыздық, аффекттер, истерикалық реакция-
лардың, жоғары нервтілікпен көрінеді.
Психологиялық белгілері: психикалық функциялардың динамикалық өзгерісі, соның ішінде ойлау
операцияларыны бәсеңдеуі, зейіннің шашыраңқылығы, ес процесінің нашарлауы, сенсорлы сезімталды-
лықтың төмендеуі, шешім қабылдаушылықтың тежелуі.
Жалпы стресс - өмірдегі шын құбылыс, бірақ стрестік жағдайды әдетте адамдардың өздері тудырады.
Мәселен: дер кезінде істелу керек іс-әрекетті соңына дейін созып жүреді, артынан уақыты жетпей,
қарбалас шаққа тап болады, сол кезде болатын қысымның әсерінен стрестік күй қалыптасады. Адам тек
жағымсыз жұмыспен ғана емес, сонымен қатар жағымды, өзімізге рухани-материалдық тиімді және
қанағаттанарлық сезімін тудыратын жұмыспен айналысуға да асықпаймыз. Тіпті, танымал француз
жазушысы Бальзак та тек қарызданған ақшасы көбейгенде ғана керемет туындыларын жазған екен.
Алайда, әр маман иесі әрқилы жағдайда кәсіби стреске ұшырайды. Мысалы: бизнесмен немесе менеджер
жетістікке, абыройға, беделге жету барысында, спортсмен жарыс, талас кезінде, жанкүйерлерін көргенде
стреске ұшыраса, студенттер стрестік жағдайға оқытушылармен қарым-қатынаста, сабақ айтқанда, әсіресе
сессия кезінде ұшырайды, ал қазіргі қоғамдық өмірдің талаптарына сай педагогикалық сферадағы жаңа
өзгерістердің нәтижесінде педагогтар кәсіби стреске ұшырайды деуге болады.
Сондықтан кәсіби стресті туындататын кейбір фактілерге тоқталып өтейік.
Әдебиет көздерін сараптай отырып, кәсіби стресті туғызатын әртүрлі негізге байланысты стрессор-
ларды бөліп көрейік:
Еңбек әрекетінің мазмұны мен ұйымдастырылуы:
еңбек жағдайы;
шамадан тыс жүктеме, қысымды психикалық әрекет немесе жүктеменің аздығы;
орындалатын жұмыстың біртектілігі;
еңбек жағдайының ұзақтығының өзгеруі;
жұмыс уақытының қолайсыздығы;
физикалық орта факторының жағымсыз әсері (температура, шу, вибрация, дымқылдық, ауа
жетіспеушілігі, қарынның ашуы, шөлдеу, шамадан тыс жүктелудің әсері);
зейіннің жүйелі немесе кенеттен толқуы;
орындайтын әрекеттің қиындығы, ақпараттың жетіспеуі немесе толық болмауы, уақыттың жетіспеуі,
әрекеттің жылдамдығы мен қателіксіз орындалуына талап қою;
ауысымдық жұмыс;
құралдардың сапасы;
өмір және денсаулық үшін қауіптілігі, тәуекелдік;
жаңалық, ұйымдық өзгерістер;
жоғары жауапкершілік;
қателік жасау қорқынышы;
әркеттерді орындау процесінде ағзаның жағымсыз функционалдық жағдайы;
биологиялық ритмнің бұзылысы (ұйқы, тамақтану);
шамадан тыс көп шешім қабылдау қажеттілігі.
Кәсіби мансап:
статус мәселесі;
қызмет бабымен көтерілу перспективасына қанағаттанбауы;
қызметке сай міндеттер мен құқықтардың анықсыздығы;
қызметтік міндеттердің өзгеруі;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
77
мансаптық өсудің тоқталуына байланысты фрустрация;
кәсіби «қақпан»;
қажетті кәсіби білім мен іскерліктің жетіспеуі;
орындалмаған үміттер;
басқа жұмысқа ауысу.
Еңбекке төленетін ақы:
еңбекақының анықсыздығы;
жасалған жұмыс көлеміне кеткен күш пен еңбекақының арасындағы байланысқы келіспеу;
еңбекақының бәріне бірдей төленбеуі.
Жұмыстағы өзарақатынастар:
басшымен дау-жанжал;
тиімсіз басқару;
әріптестермен өзара қатынас;
мінез-құлық бостандығына шектеу;
топтан бөлектену.
Купер мен Маршалл кәсіби стресс көздерін зерттей отырып, оны мынадай топтарға бөліп қарастырған:
1. Еңбек іс-әрекетіне қарай кәсіби стрестің туындауы:
Жұмыс жүктемесінің аздығы немесе шамадан тыс жүктелуі. Жұмыстың шамадан тыс жүктелуі адам
алдында сол жүктемені уақытында орындап үлгерем бе деген мәселелі сұрақты туындатады. Осыдан
абыржу, фрустрация, сенімсіздік сезімі туындайды. Алайда, жұмыс көлемінің аздығы да осындай сезім-
дерді туғызады. Өзінің мүмкіндігіне сай жұмысқа ие болмаған жұмысшы ұйымның әлеуметтік құрылы-
мында алатын орны мен өзіндік құндылығының төмендігін сезініп, фрустрацияға ұшырап, өзіне деген
бағасы төмендейді;
жұмыс жағдайының физикалық қамтылмауы, мәселен: жұмыс орнындағы температуралық және
жарықтылық мәселесі, қатты шудың болуы;
уақыт дефициті (әрқашан жұмысын уақытында жасауға үлгермей қалуы);
өзіндік шешім қабылдаудың қажеттілігі.
2. Жұмысшының ұйымдағы рөліне байланысты стрестік факторы:
Рөлдік белгісіздік, мысалы: кәсіби міндеттері жөнінде ақпараттың аздығы және соған сай әріптестері
мен басшылықтан не күтерін білмеуі. Жұмысшылар басшылықтың артқан үміті туралы ойын нақты білуі
қажет, яғни не істеуге тиісті, қалай істеуі қажет және ол жұмыс қалай бағаланады;
рөлдік конфликт, субъектінің өзінің жасағысы келмейтін немесе жасауға тиісті емес әрекетпен
айналысқанда туындайды. Рөлдер конфликтісі, сонымен қатар, бірлік принципінің бұзылуына байланысты
да болады, ол иерархиядағы екі басшының жұмысшыға қарама-қарсы бұйрық беруінен туындайды;
басқа адамдар үшін немесе қандай да бір зат үшін (өнеркәсіп құралдары, бюджет, т.с.с.) жауапкер-
шілік. Адамдар үшін жауапкершіліктің болуы стрессогенді екенін ескертіп кетуге болады;
өте төмен жауапкершілік, жұмысқа немқұрайлылықпен қарау; ұйымдағы шешім қабылдауға аз
мөлшерде қатыстылығы.
3. Жұмыстағы өзарақатынастармен байланысты стрестік фактор: басшымен, бағынушылармен,
әріптестерімен өзарақатынастан туындайды. Мұнда адамдармен байланысқа бағытталған басшыларға
қарағанда ғылыми және техникалық бағыттағы басшылардың басқа адамдармен қарым-қатынасы
төменірек болатынын ескеру керек; осы факторға өкілеттілікті бөліп беру қиындығы да жатады, мәселен:
бағынушының басшының бұйрығын орындауға қарсы келуі.
4. Іскерлік мансапқа байланысты стрестік факторлар:
2 негізгі стрессогенді факторлармен – кәсіби «сәтсіздік» және соған байланысты ерте жұмыстан
босатылудан қорқу;
«Сәйкессіздік» статусы, өте тез немесе жай қозғалу, өз мансабының шегіне жету себебінен
фрустрациялану;
кепілді жұмысының болмауы (әрқашан қандай да бір өзгерісті күту, тұрақсыздық);
өзіндік ұмтылыс деңгейінің жеткен кәсіби статусымен, дәрежесімен сәйкес келмеуі.
5. Ұйымның құрылымдық және психологиялық жағдайымен байланысты стрестік факторлар:
Тиімсіз кеңес беру (маңызды сұрақтар бойынша өз уақытында мамандандырылған көмекті алу
мүмкінсіздігі);
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
78
мінез-құлықтың еркіндігіне шек қойылу, т.б.
6. Ұйымнан тыс стресс көздері:
Жұмысшының жанұялық өмірде пайда болатын негізгі мәселелері: уақытын тиімді бөлу (жанұясы
мен жұмыстың ортасында жүру, басынан жанұялық дағдарыстарды кешіру);
психометриялық белгілерінің айырмашылығы: интерналдарға қарағанда экстерналдар әртүрлі
жағдайларға бейім келеді; «ригидтілер» жоғарыдан, басшылықтан келген күтпеген жағдайларға көп мән
береді, қозғалғыш адамдар көбінесе жұмыспен шамадан тыс қамтылады; тыныш, бірқалыпты адамдарға
қарағанда жетістікке ұмтылатын адамдар үлкен тәуелсіздік пен жұмысқа ынталылықты көрсетеді [3, 45.].
Ұйымның дамуы үшін қызмет ететін менеджерлердің жұмысшының психологиялық жағдайының,
көңіл-күйінің жұмыс өнімділігіне тікелей әсер ететінін ескере отырып, стресс тудыратын осындай бірқатар
факторлардың жұмыс бабында кездеспеуін не сирек көрінуін қадағаланғаны жөн.
Кәсіби стрестің пайда болу көздері мен туындайтын факторларын ескере отырып, Н.В. Самоукина
кәсіби стрестің негізгі түрлерін бөліп көрсеткен:
1. Ақпараттық стресс уақыттың қатаң қадағалану және жоғары деңгейлі жауапкершілікті тапсырманың
жүктелуімен байланысты. Көбінесе ақпараттық стресс жағдайдың анықсыздығынан (жағдай туралы
ақпараттың аздығынан) және ақпарат параметрлерінің тез ауысуынан туындайды.
2. Эмоционалдық стресс шынайы немесе болжамалы қауіпсіздіктен туындайды (орындалмаған жұмыс
үшін, әріптестерімен қатынасы үшін кінәлілік сезімі, т.б.). Көбінесе мамандығына байланысты жұмысшы-
ның құндылықтары мен ойлары бұзылады.
3. Коммуникативті стресс іскерлік қарым-қатынастың шынайы мәселелерімен байланысты. Ол
конфликтілік дәрежесінің жоғарылығынан, өзін-өзі басқара алмау қабілетсіздігінен, қандай да бір жағдайға
келіспеуін әдепті білдіре алмауынан, манипулятивті әсерлерден қорғана алмауынан туындайды;
Коммуникативті кәсіби стрестің негізгі көріністері: іскерлік қарым-қатынастағы күйгелектік – себептері:
жоғары екпінмен қатынас жасау дағдысы; өзіне деген сенімсіздік («ит қорыққанынан қатты үреді»
дегендей); өзінің жұмысымен қанағаттанбауы, қорқуы; коммуникативті агрессия (негізгі себебі –
бақталасын кеміту мақсатында айқайлау), вербальды (сөздік), жанама (көмектесуден бас тарту, жалған
сөйлеу, қорқыту, ұрыну, сездіру, т.б.); жағдайлық (кенеттен қаһарлану); басқаға бағытталған (басқаға жала
жабу) немесе өзіне бағытталған (өзін кінәлау).
4. Жетістікке жету стресі кәсіби стрестің арасындағы ең қызығушылық танытатын түрі. Оның басты
мәселесі – адамның шынайы мүмкіндіктерінің оның күтетін үмітімен сәйкес келмеуі.
5. Қателік жасаудан қорқудан туындайтын стресс. Ол мынадай екі тенденциямен тығыз байланысты:
1) Іштей тек жетістікке бағытталуы;
2) Қателік жасауға тыйым салыну не жазалау санкциялары.
Қателіктерден қорқу адамның шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік бермейді, содан келіп
ол барлық жаңадан және тәуекелділіктен бас тарта бастайды, сайып келгенде адам тіпті «өмір сүруден»
қорқа бастайды;
6. Кәсіби стрестің ең көп таралған түрі - кәсіби бәсекелестік стресс. Мұнда адам айналасындағылардың
бәрін, әріптестерін «бәсекелес» деп санайды, «бәсекелестік майданда өмір сүретін адамдар» ретінде
танылады; жұмысын престижділігіне қарай таңдайды, ортасын тек «қажетті» адамдармен толтырады,
нағыз достары жоқ, жанында да сүйетін әйелі емес, еуропалық стандарттағы «топ-модель» жүреді, мұндай
адамдардың басты мәселесі – алға тек мансапты қояды, алға жылжу, арпалысу-жеңуді көздейді.
7. Ақша табу мәселесіне байланысты стресс: Қомақты ақшаға үйренген адам ақшаны көп тапқан сайын
сыйлай түседі, көбіне сыйақы, ұтыс деп өмірін сарп етеді және барлығын «сатылады, сатып алынады» деп
есептейді, бірақ бұл – жеке тұлғалық деградациялық негіз [4].
Кәсіби стресті анықтаудың бірінші кезеңдерінде зерттеушілерді оның туындауының объективті
жағдайлары қызықтырса, соңынан мамандардың зейіні еңбек субъектісінің сипатына, оның жеке тұлғалық
ерекшеліктеріне ауыстырылды. Қазіргі кезде көптеген авторлар Р.Лазарустың психологиялық стресс
концепциясының әсерімен кәсіби стрестің дамуына ерекше рөл ойнайтын субъективті фактор маңызды
болып табылады деп қарастыруда [5, 36].
Зерттеушілер алғаш стрестің субъективті факторларын субъекттің индивидуалдық сипаттарынан іздей
бастады. Көптеп тараған көзқарастардың пайымдауынша, ер адамдар экстремалды стрессорларға көбірек
әсерленсе, ал әйел адамдар біртекті стрессорларға әсер етеді деп тұжырымдайды. Көптеген жұмыстар
жүйке жүйесіндегі әлсіздік-күштілік, инерттілік-қозғалғыштық сияқты ерекшеліктерді талдауға арналды.
Осы мәселені анықтаудағы зерттеулер стреске тұрақтылықты қалыптастыру үшін біріншіден байсалды
күш пен жүйке жүйесінің инерттілігі маңызды деп көрсетті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
79
Кейінірек стресті зерттеушілердің зейіні индивидтік сипаттаулардан адамның индивидуалды-психо-
логиялық ерекшеліктеріне ауыса түсті. Бұл жеке тұлға ерекшеліктерінің стрессорларды бағалауы және
қабылдауына, сонымен қатар адамдардың экстремалдық әсерлерге реакциясының тууына себепті болуы-
мен байланысты. Стреске тұрақтылыққа әсер ететін индивидуалдық ерекшеліктердің ішінен эмоционал-
дық сфераға байланысты бірнеше сапаларды бөліп көрсетеді, соның ішінен ерекше көңілді ашуланшақтық
және үрейлену сияқты қасиеттерге бөледі. Бұл екеуі де төмен стреске тұрақтылықты анықтайды. Мұндағы
жеке тұлғалық үрейленушілік стрестік жағдайларды жоғары деңгейлі адекватсыз бағалаумен ұштасса (аса
экстремалды, қауіпті болуы), ал жеке тұлғалық ашуланшақтық – қолайсыз құлықтық реакциялар және
стратегиялық құралдармен байланысты.
Стреске тұрақтылыққа когнитивті сипаттағы индивидуалдық ерекшеліктен біріншіден интеллект
деңгейі және танымдық стильдер, сонымен қатар кәсіби тәжірибесі әсер етеді. Олар стрессорды когнитивті
бағалаумен және стрестік жағдайға бейімделу тәсілін таңдаумен байланысты [5, 11].
Стреске бейімделуге бақылау локусы мен өзіндік бағалаудың да әсері маңызды. Ішкі бақылау локусына
және жоғары өзіндік бағаға ие қызметкерлер өздерінің жағымсыз жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін
тиімді бағалайды. Жұмысшылардың стрестік жағдайға бейімделу қабілетінің маңыздылығын ескере
отырып, зерттеушілер жеке тұлғаның ерекше интегративті сипаттамасы – стреске тұрақтылығын айырып
көрсетті. Стреске тұрақтылық бұл – стресс-факторлардың әсеріне ағза мен психика функциясының
тұрақтылығы, олардың экстремалдық әсерлерге резистенттілігі (қарсы тұра білушілік) және толеранттығы
(төзімділігі), адамның нақты экстремалдық жағдайдағы өмір және еңбекке функционалдық бейімделуі,
стрессорлардың әсер етуімен болған шамадан тыс функционалдық бұзылыстардың орнын баса білу
қабілеттілігі.
Стреске тұрақтылық қысымды, стрессогенді әрекет кезінде қалыптасады және көрінеді. Стреске тұрақ-
тылыққа эмоционалдық тұрақтылықты, функционалдық жағдайды реттеу қабілеттілігін, стрессогендік
жағдайға бейімделу стратегиясының тиімділігін, т.б. қасиеттерді жатқызуға болады. Стрессогендік
жағдайлар мынадай факторлармен анықталады:
а) болып жатырған жағдаймен ассоциацияланатын эмоциялар;
б) жағдайдың түсінікті анықталмауы, ақпараттың жетіспеуімен байланысты бағаланылмаған;
в) қауіпсіздік деңгейін және қорытындыға жету маңыздылығын бейнелетін жағдайдың мәнділігі.
Қазіргі кездегі стресті зерттеушілер мотивациялық сфераны да көрсетеді. Жеке тұлғаның мотивация-
лық құрылымы еңбек жағдайындағы негативті көрінісінің персоналға әсер етуімен негізделеді. Бұл бір
ұйымның біртекті функцияланған қызметкерлерінің кейбір бөлігінің ұйымға наразылығының болуы,
кәсіби ауру, кәсібиліліктің төмендеуі, ал кейбір бөлігінің кәсіби шеберлігінің өсуімен, тиімді функционал-
дық жағдаймен және ұйымға деген қатынасының жұмсақтығымен көрінеді. Сонымен, кәсіби стресті
зерттеушілердің зейіні индивидтік, биологиялық сипаттамалардан жеке тұлғалық, психологиялық жағына
ауысуда. Ең алғашқы орындарға адамның жеке тұлғалық-мотивациялық ерекшеліктерін қоюға болады.
Ересек адамның жеке тұлғалық-мотивациялық ерекшеліктерінің спецификасы өзінің потенциалын
жүзеге асыратын, бар күшін жұмсайтын бастапқы іс-әрекетінің сипатымен анықталады. Сондықтан кәсіби
стресті терең зерттеу нақты еңбек іс-әрекетіне байланысты құндылықтық қалыптасуды зерттеумен мүмкін.
Алайда, стрестік жағдай тікелей дистреске айналмаса, ол - өмірге ұмтылыс беретін, тез
ойланып–қимылдауға көмектесетін процесс деп бағалауға болады және стрестен бас ала қашу да мүмкін
емес, өйткені ол өмірлік құбылысымыз - өміріміздің тұтастай бөлігін құрайды. Тек адамзат стресті басқа-
рып, оның өмірлік құлшыныс пен кәсіптік бағыттылығынан бас тартуына жол бермеуі тиіс. Академик
К.М. Быков: «Күйзеліс жылау арқылы сыртқа шығарылмаса, ол басқа органдардың жылауына әкеліп
соқтырады» - деп көрсеткен, ал кейбір мәліметтерде стрестен жай жөтелден бастап ракқа дейін пайда
болады дейді. Роберт С. Элиот американдық медициналық институтта жұмыс жасай жүріп, стрестік
жағдайлардың әсерінен қан тамырлары қысылып жыл сайын 520 мың американдықтар өмірден озады,
қазіргі заманның кәсіби мамандарға қойып отырған физикалық және психологиялық жүктемелерінің
артуы әрбір 5 адамның қан жүйесінің нормасын бұзылуға әкеледі деген қорытынды жасаған. Сондықтан
еңбек және тұрмыстық жағдайда стресті басқару және алдын-алу жолдарын білгеніміз маңызды.
1.
Селье Г. Стресс без дистресса. – Москва :«Прогресс», 1982.
2.
Самоукина Н. Карьера без стресса. – СПб.: “Питер”, 2003.
3.
Леонова А.Б., Чернышева О.Н. Психология труда и организационная психология: «Современное состояние и
перспективы»: Хрестоматия. – М.: Просвещение, 1995.
4.
Китаев-Смык Л.А. Психология стресса: Издат. «Наука». – М., 1983.
5.
Бодров В.А. Психологический стресс: развитие и преодоление. – М., 2006.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
80
Достарыңызбен бөлісу: |