Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Түйіндеме 
Д.Е.Жаменкеев – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2-курс магистранты 
Д.Мархабаев – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2-курс магистранты 
 
Оқушылардың өмірге қажетті білік және дағдыларын меңгертуге үлес қосатын спорт түрлері 
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі құралдарды кешенді    түрде қолдану арқылы сипатталады, 
оның ішінде негізгі құралдары дене жаттығулары, көмекші    құралдары шынайы табиғат және гигиеналық факторлар 
болып табылады. Адам денесінің жетілуі үшін қолданылатын қозғалыс әрекеттері дене жаттығулары деп түсіндірі- 
леді. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі міндеттерін шешудің негізгі үлесіне дене жаттығулары кіреді. Бұлар дене 
жаттығуларының ішінде анықталған    жастардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыратын дене жаттығулары, олар 
тек ағзаның морфофункционалды жағдайын ғана емес, тұлғаның жалпы орындаушылығына әсер етеді.    Барлық педа- 
гогикалық іс-әрекет түрлерінің ішінде дене жаттығулары қозғалыс жүйесі ретінде жастардың ойы мен көңіл-күйін, 
олардың қоршаған ортаның әрекеттеріне қарым-қатынасын білдіреді. Тек дене тәрбиесінде ғана оқыту пәні оқушы- 
лардың  өмірге  қажетті  білік  пен  дағдыларын  меңгеруге  үлес  қосатын,  жас  ағзаның  дене  жетілуіне  бағытталған   
іс-әрекет    болып табылады. 
Түйін сөздер: спорт түрлері, қолданбалы, білік, дағды, оқушылар. 
 
Summary 
D.E.Zhamenkeev – 2 undergraduate courses in Physical Education and Sports 
Kazakh Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan 
D.Marhabaev – 2 undergraduate courses in Physical Education and Sports 
Kazakh Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan 
 
Sports promoting development vitally necessary skills and abilities pupils 
The modern system of physical education students characterized by complexity in the application of funds, however, are the 
main  means  of  physical  exercise,  the  subsidiary  -  natural  forces  and  hygiene  factors.  Under  physical  exercise  should  be 
understood motor actions, conscious and are used for  human physical perfection. The largest share of solutions of physical 
education students account for exercise. This is due to several reasons, among which stand out physical exercises that satisfy the 
natural needs of young people in the movement, physical exercises, which affects not only the morpho-functional state of the 
body, but also on the person performing a whole exercise as a system of movements express the thoughts and emotions of the 
young man, his relation to reality, among all kinds of educational activities only in physical education are the subject of training 
actions aimed at improving the physical development of a young body promoting essential skills and abilities of students. 
Keywords: sports, crafts, skills, and students.   

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
99
 
УДК 796/799 
 
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ   
 
Б.Сержанұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.     
Дене мәдениеті    және спорт мамандығының 2-курс магистранты 
 
Бұл  мақалада  жас  футболшыларды  техникалық  ойлауға  үйрету  процесінің  мазмұны  қарастырылады.  Мақала 
футболшылардың  жоғары  деңгейдегі  дене  дайындығын  және  еріктің  жоғары  сапасын,  футболшылардың  негізгі 
дағдыларын үйретудің негізі болып табылады. Сонымен қатар, мақалада спортшыларды дайындаудағы оқу процесін 
ұйымдастыру,  футболшылардың  моторлы  дағдылардын,  ақыл-ой  және  морфологиялық  қабілеттілік  құрылымын, 
техникалық және тактикалық деңгейін анықтау шарттары қарастырылған. 
Кілтті  сөздер:  футбол  командасы,  футболды  үйрету,  футбол  дағдылары,  ерік-жігер  сапасы,  спортшылардың 
техникалық-тактикалық дағдылары, шеберлік, даярлық, тәсіл, топтық спорт түрлері, психологиялық климат. 
 
Салауатты өмір салты мен спортты дамыту «Қазақстан-2050» стратегиясының ең маңызды басымдық- 
тарының бірі. Қазақстан Республикасы Президенті салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты дамыту, 
елімізде спорт нысандарын салу, сондай-ақ әлемдік тәжірибелерге сүйеніп спортта жоғары нәтижелерге 
қол жеткізу үшін арнайы тапсырма жүктеді [1]. 
Футбол  басқа  көптеген  елдердегідей  Қазақстанда  да  өте  кеңінен  тараған  спорт  түрі.  Халықаралық 
футбол  федерациясының  құрамына  әлемнің  209  мемлекеті  кіреді.  Футболдан  өтетін  Әлем  біріншілігі 
халық арасында маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындарынан кем түспейді. Бұл – футболдың қоғам 
үшін  маңыздылығын  анық  көрсетеді.   Бүгінде  Қазақстанда  700  мыңнан  астам  адам  футболмен 
шұғылданады. 
Футбол әлем бойынша ең танымал спорт түрі болғандықтан салауатты өмір салтын насихаттауда, дені 
сау ұрпақ тәрбиелеуде таптырмас құралға айналды. 
Футболды  дамыту  балалардың  бос  уақытын  тиімді  өткізуге  септігін  тигізіп,  жастар  арасындағы 
денсаулыққа  кері  әсерін  тигізетін  шылым  шегу,  нашақорлық,  алкоголизм  сияқты  зиянды  әрекеттерге 
тосқауыл болады. 
Футболдың  жастар  арасындағы  маңыздылығы  өте  жоғары.  Жастардың  футболға  деген  қызығушы- 
лығын арттыру өзін-өзі қалыптастыруына, қоғамдағы өз орнын табуына жол ашады.     
Кез келген баладан сұрай қалсаң футбол жұлдыздарының есімдерін жатқа айтып береді. Аты аңызға 
айналған  Пелеге  немесе  Марадонна,  Роналдоға  кімнің  ұқсағысы  келмейді  дейсің?  Футбол  –  кез  келген 
баланың мәңгілік махаббаты. Футбол - спорттық ойын түрі, ағылшын тілінің foot - аяқ, ball - доп деген 
сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Футбол ойыны сұрапыл әрі адамның 
жүрек қылын тербететін дене шынықтыру ойыны болғандықтан, ол «дүниедегі маңдай алды дене тәрбие», 
«дене тәрбиенің патшасы» деп, бүкіл дүние халқының қастерлеуіне бөленеді. Жалпы спорттық ойындар- 
дың барлығы дерлік шапшаңдылықты, ептілікті, төзімділікті, жылдамдықты қажет етеді. Спортшылар мен 
жанкүйерлерді  футболдың  қарапайымдылығы  мен  тартымдылығы,  ойыншылардың  шеберлігі  мен 
қиыннан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады. 
Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл 
пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа 
шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі. 
Міне  осыларға  байланысты  ойыншы,  егерде  жарыстарда  жақсы  жетістіктерге  жеткісі  келсе,  өзінің 
дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр 
түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек. 
Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы 
немесе  күш,  ептілік,  икемділік,  жылдамдық  және  шыдамдылық  секілді  физикалық  қасиеттердің 
жиынтығы. 
Техника – дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы. 
Тактика – дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы [2]. 
Ойын  кезінде  алаңда  футбол  шеберлерінің  дәл  пастарды  әдемі  комбинацияларын  көруге  болады. 
Осылардың барлығы бұл шеберлерге көптеген жаттығулар арқасында келеді. Жаттығулар кезінде футбол- 
шылар физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарға көп уақыттарын бөледі. 
Футбол  ойыны  адамдарды  дене  жақтан  жан-жақтылы  шынықтырып,  жылдамдық,  күш,  төзімділік, 
шапшандылық, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
100 
жұмылып  селбесетін  коллективизімдік  рухты  жетілдіру  жағынан  да  зор  маңызға  ие.Футбол  ол  әдістер 
күресі, ойыншылар шығармашылығы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған. 
Футбол  ойыны  өте  динамикалық  және  эмоционалды  ойындардың  қатарына  жатады.  Ойыншыларға  әр 
түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. 
Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі 
сыртқы және ішкі күштердің әсері түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспар- 
ды ойлауға, әр ойластырған комбинацияларды шешуге зор әсер береді. Ондай күштерге ойынның басқаша 
өтуі, төрешілердің іс әрекеті, жанкүйерлер,   қолайсыз ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезін- 
дегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін 
тигізеді [3]. 
Сондықтан жаттықтырушы әр ойында әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдам- 
ды    болуға үйретеді. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары 
жасауға тырысуға үйренген болуы керек. Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай 
беруді және келесі допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін 
қажет. Футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене 
қозғалысының  дұрыс  артуына  және  ұйымшылдық  пен  достық  сияқты  ерекше  қасиеттерін  тәрбиелеуге 
үлкен маңызы зор. Ойын барысында шығармашылық, жылдам және тез кездескен кез келген қиындықты 
шешу  керек.  Футболшылар  әр  түрлі  тактикалық  және  техникалық  қимылдар  жасағанда,  өзінің  көз 
қарсыластарын күтпеген жерде және ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет. 
Жаттығу кезінде шеберлік шыңдалады, ойын әдістері меңгеріледі. Жақсы футболшы болам деген әр 
жас футболшы күн сайын 3-4 сағаттай жаттығуы тиіс. Футболшы өзін жан-жақты дайындауы керек. Ол 
үшін спорттың көптеген түрлерімен әсіресе жүгірумен айналысқан жөн. Жүгіргенде шапшаң жүгіру керек. 
Ойын  үстінде  шапшаң  футболшы  қарсыласына  басымдылық  көрсетеді.  5-10  км.  кросс  жүгірген  кезде 
ара-арасында  30-50  м-ді  шапшаң  жүгіріп  өтіп  дағдыланған  дұрыс.  Шапшаңдылыққа  қоса  футболшыға 
жылдамдылық та қажет. 2 таимды (90 мин) толық ойнаған кезде футболшы 17-20 км жүгіреді. Шыдамды- 
лықты арнайы дамытпай мұндай жүктемені кез келген спортшы көтере алмайды. Футболшы тепе-теңдік 
қалпын  жақсы  ұстап  алаң  үстінде  орнықты  қимылдауы  керек.  Мұндай  қалыпты  жақсы  ұстай  білген 
футболшы алаңда жиі құламайды. Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы 
жақсы ойыншы өзін жаң жақты көрсетіп, өзі бірнеше техникаларды қолданып қарсыластарды алдап өтеді. 
Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай жасайды.Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы 
бірнеше  сатыға  көтерілді.  Жеңіске  ұшырай  беретін  командалар  жиі  кездеседі,  ол  техниканың  және 
тактикалық ой сананың жетіспеуінен болады.   
1. Доп тебу техникасы. 
а) Аяқ желкесінің үстімен доп тебу: 
-  орны  белгіленген  допты  тебу.  Доп  тебетін  аяқ  ұршық  буынын  өс  етіп,  қарасан  жіліншікті  әрекет- 
тендіріп, тез қарқынмен алдыға қарай сілтенеді. Доп тебетін аяқ допқа тиген заман аяқ желкесін керіп, 
бақайшықты түйіп, аяқ желкесінің үстімен доптың орта бөлімінен тебеді.   
-  ыршыған  допты  тебу.  Доп  тебетін  аяқ  жіліншігі  алдыға  қарай  тез  сілтенеді.  Доп  жерден  енді  ғана 
ыршыған кезде, аяқ желкесінің үстімен доптың орта бөлімінен тебу.   
ә) Аяқ желкесінің үстімен доп тебу: 
- аяқ допқа тиген заман, қызылаяқ пен аяқ желкесі ішіне қарай күшпен бұрылады.   
- аяқ желкесінің сыртқы қырымен доптың арты орта бөліміне тебу. 
2. Доп алып жүру техникасы   
а) Аяқ желкесінің сыртқы қырымен доп алып жүру: 
-    өкше көтеріліп, аяқтың желкесі шерте көтеріліп, аяқ үші сәл ішіне қарай    көтеріледі.   
-    аяқ желкесінің сыртқы қырымен доптың орта бөлімінен итере демей айдау.   
ә) Аяқтың ішкі қырымен доп алып жүру: 
-    белден жоғары дене сәл алдыға иіледі.   
- аяқтың ішкі қырымен доптың орта бөлімінен итере тебу.   
3. Пас алу техникасы. 
а)Аяқтың сыртқы қырымен пас алу. 
-    аяқтың сыртымен доптың орта, жоғарғы бөлімінен доп тоқтату.   
-    пас алғаннан кейін, пас алған аяқ пас берілген бағытқа қарай жалғасты сілтенеді.   
ә) Аяқтың сыртқы қырымен ыршыған допты тоқтатып пас алыу. Доп ыршыған заман аяқтың сыртқы 
қырымен доптың орта, жоғарғы бөлімінен пас алуы.   

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
101
 
4. Доп сүзу техникасы.   
а)  Орында  тұрып  доп  сүзу.  Бас  допқа  тиген  заман,  артқа  ұсталған  аяқ  пәрменімен  жер  тірей  серпін 
жасап, дененің салмақ сентірі алдыға ұсталған аяқ түсіп, құрсақ ішке тартылады. Белуардан жоғары дене 
тез қарқынмен алға сермеледі.   
ә) Секіріп барып доп сүзу.   
-  көзді  келе  жатқан  допқа  қадап,  ең  биік  орынға  секіріп  шығып,  доп  сүзіуге  даярланған  кезде,  дене 
алдыға қарай бүгіледі.   
- доп қалықтап дененің тік түзу сызығы алдына келген заман, құрсақ ішке тартылып, кеуде алға қарай 
сермеліп әрі бас сілкініп, маңдайдың тура алдымен доп сүзіп шығарылады.   
5. Допты тосқауылдай таласу техникасы. 
а) Қарсы алдынан тосқауылдай таласу.   
- қарсы жақтың доп алып жүріу аралығы біршама алшақ, аяқ допқа тиіп әлі жерге түспеген кезде, бір 
аяқты дереу жер тірей серпін жасап, допқа таласатын аяқ тізесін бүге алдыға қарай атылып шығып, аяқтың 
ішкі қырымен доптың қарсы алдынан тосу. Енді бір аяқ іле-шала алға қарай атталып, белуардан жоғары 
дене алға қарай иіліп, дененің тепе теңдігін сақтай допты меңгеру. 
ә) Дене жанынан тосқауылдай допқа таласу.   
-  қарсы  жақпен  қатарласып  жүгіріп  келе  жатқан  кезде,  орынды  соғылу  тәсілдерін  қолданып, 
тосқауылдай таласуға болады. Тосқауылдай таласқан кезде, сыртқы жанға ұсталған аяқ пәрменмен жер 
тірей серпін жасап, дененің салмақ сентірі сәл төмендеп, белуардан жоғары дененің ішкі жанына қарай сәл 
қисаяды.   
-  ішкі  жанға  ұсталған  аяқ  жерге  тигеннен  кейін,  шынтақты  дереу  иіп,  білек  қарсы  жақтың  денесіне 
тіреле тиседі, белуардан  жоғары дененің ішке қарай қисаюынан және жүгірудің екпінінен пайдаланып, 
білек  және  иықпен  қарсы  жақтың  сәйкесті  жағына  соғылып,  қарсы  жақтың  тепе-теңдіктен  айырылу 
орайынан пайдаланып, допты тартып аламыз. 
Футбол  –  атлетикалық  ойын,  жылдамдылықты,  ептілікті,  төзімділікті,  шыдамдылықты,  күшті  және 
секіргіштікті  дамытады.  Ойында  футболшы  жұмыстың  ең    жоғары  жүктемесін  орындайды,  адамның 
функциялық  жоғары  деңгейдегі  мүмкіншілік  қабілеттін,  адамгершілік  -  жігерлі  сапаларын  тәрбиелейді. 
Футбол ойынының техникасын меңгеру және дағдылану оны жарыстарда жаттығуларда қолдана білуі өте 
маңызды. Оны меңгеру, дағдылану, игеру әрбір жас футболшының дене қуаты дайындығына, жас ерекше- 
ліктері мен морфо-функциялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болатындығын әр кез естен 
шығармағанымыз дұрыс. 
Ойыншылардың оқыту жүйесі - көп факторлы құбылыс және техникалық оқыту негізін анықтайды: 
1) техникалық және тактикалық іс-шараларды модельдеу негізінде оқыту іс-шараларын оңтайландыру; 
2) оқыту түріне тиімді бағдарламалар мен әдістемелерін әзірлеу; 
4)
 
оқу-жаттығу үрдісінде терең теориялық және әдістемелік дайындығын ұйымдастыру және басқару. 
Бұл, атап айтқанда, спортшылардың техникалық оқыту құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың 
бірі  болып  табылады  деп  саналады.  Спорттың  теориясы  мен  әдістемесі  саласындағы  мамандар,  жалпы 
техникалық және арнайы техникалық оқыту болып бөленеді [4]. 
Баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі – футбол болып есептеледі. Дұрыс дамып келе жатқан бала 
ылғи  да  қозғалысқа  қабілетті  болады.  Қозғалыс  ықпалымен  жүре-буын,  тыныс  алу  және  жүйке  жүйесі 
қызметі жақсарады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп, зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы 
әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі 
дербестігі,  үлгерімі,  ұжымшылдығы  дамиды.  Кез  келген  жаттығудың  алдында  қозғалыс  жасап  бұлшық 
еттерді қоздыру керек. Балалармен жаттығу түрлерін ұйымдастыру – қимыл – қозғалыс түрлерін дамыта- 
ды. Балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. 
Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту. 
Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері 
балалардың  қимыл-дағдыларын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Дене  жаттығуларының  әр  түрлі 
екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, 
жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген 
жағымды  көзқарасын  қалыптастыру.  Көптеген  футбол  жаттығулары  және  ойын  түрлері  арқылы 
табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді. Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген 
қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу. Сонымен қатар жаттығулар жас футболшыларға 
қызықты болды және қарсыластарға    бәсекелестік пен қарсылық элементтерін орындап өздерін көрсете 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
102 
білді. Оқушылармен жаттығу түрлерін ұйымдастыру – қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Балалардың 
дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Жас ерекшелік- 
теріне  қарай  негізгі  қимыл  сапасын  (күш-қуат,  жылдамдық,  ептілік,  шыдамдылық)  дамыту.  Әр  адамға 
қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың 
қимыл-дағдыларын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Дене  жаттығуларының  әр  түрлі  екпінде 
өткізілуі  –  дененің  сапалық  қасиеттерін  дамытады.  Батылдық,  табандылық,  әділеттілік,  адалдық, 
жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген 
жағымды көзқарасын қалыптастыру. 
Қорыта келе, көптеген футбол жаттығулары және ойын түрлері арқылы балалар табандылық пен өзара 
достық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиеленеді.   
 
 
1 Қазақстан Республикасында 2016-2022 жылдары футболды дамыту бағытттары. – Астана, 2015. 
2 Айкенов Ж., Азнаев М., Құрымбаев Е., Ерепбаев Н. Футбол ойыны. – Шымкент, 2009. 
3 Футбол. Учебник для вузов. Под ред. Казакова П.Н. – М.:ФиС, 2007. 
4    Акпаев Т. А. Физическая подготовка футболистов: уч. пособие. – Алматы: АГУ им. Абая. – 2002. 
 
Резюме 
Б.Сержанулы – магистрант 2- курса по специальности Физическая культура и спорт 
КазНПУим.Абая   
 
Формирования технического мастерства юных футболистов   
В статье раскрывается   содержание процесса обучения тактическому мышлению молодых футболистов. Статья 
является основой обучения основных навык футболистов и их здоровья, а также хорошей физической подготовки и 
высокого  качества  воли.  А  так  же  рассмотрены  организации  учебного  процесса  в  подготовке  спортсменов, 
футболистов,  моторных  навыков,  умственных  и  морфологических  особенностей  строения,  также  определены 
условия, уровня отдельных технических и тактических навыков. 
Ключевые  слова:  футбольная  команда,  футбольное  обучение,  футбольные  навыки,  качество  силы  воли, 
технические и тактические навыки спортсменов, командные виды спорта, психологический подход. 
 
Summary 
B.Serzhanuly – 2 undergraduate courses in Physical Education and Sports 
Kazakh Pedagogical University named after Abai 
   
Formation of technical skill of young players 
In the article is covered the maintenance of process of teaching the tactical thinking of the young footballers. This article is 
the basis for learning the basic skills of the football players and their health, as well as good physical fitness and high quality, 
considered  the  organization  of  educational  process  in  the  preparation  of  athletes,  football  players,  motor  skills,  mental  and 
morphological characteristics of the structure, and defined the level of individual technical and tactical skills. 
Keywords: football team, football training, football skills, the quality of will-power, technical and tactical skills of athletes, 
team sports, psychological approach. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
103
 
ОӘЖ 372.8 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА   
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.А. Куралбаева 

 PhD доктор доцент м/а Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университететі, Түркістан қаласы, E-mail: kural-aliya84@mail.ru 
А.Рысбекова 

 Магистрант Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университететі, 
Түркістан қаласы, E-mail: botakan05@mail.ru   
 
Мақалада бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері анықталып, талданады. Жас 
ерекшелігіне  қарай  шетел  тілін  үйренуге  қатысты  ғылыми  әдебиеттер  мен  ұсыныстарға  шолу,  олардың  негізгі 
идеяларын біріктіру сынды әдістер қолданылды. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың оқушының тілді тез 
меңгеру  маңызына  мән  беріліп,  оның  мақсаты  ретінде  коммуникативтік,  білім  беру,  тәрбиелік  және  дамыту 
функцияларын жүзеге асыру екендігі анықталды. Орта мектептің бірінші-екінші сыныбынан бастап ағылшын тілін 
үйрену  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру  ерекшеліктері  қандай  деген  сұраққа  жауап  ізделеді  және  ғылыми 
сарапталады. Ғылыми зерттеу нәтижелері бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту үшін маңызы жоғары. 
Түйін сөздер: бастауыш мектеп, оқушы, ағылшын тілі, оқыту әдістері. 
 
Елбасымыз 2006 жылғы Жолдауында Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді біліп, 
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт екендігін, көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға 
айналуы керектігін айтса, 2007 жылғы Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдалана- 
тын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс», - деген болатын [1]. 
Еліміз егемендігін алып, әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылуға ұмтылыс жасап жатқан 
шақта елімізге шет  тілін  меңгерген жоғары білікті  мамандар қажет.  Мұндай  пікірді Е.И.  Пассов былай 
түсіндіреді: «Әлемдік өндірістегі жинақталған жаңалықтарды жан-жақты қарастырып үлгі алу қажеттігін, 
ол отандық өнеркәсіпке алдыңғы қатарлы шетелдік фирмалармен бәсекеге түсі үшін, әрбір білікті маман- 
ның сол саладағы ғылым мен техникасының дамуындағы атқарылып жатқан істері туралы түпдеректен 
білуі  міндетті  дей  келе,  мемлекетке  тек  аудармашылық  ғана  емес,  шет  тілін  меңгерген  жоғары  білікті 
мамандар қажет екендігін айтады [2, с. 15]. Мамандардың шет тілін білуі қоғамымызды дамытуға септігін 
тигізеді.  Қазіргі  кезде  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  шетелде  көптеген  жастары  білім  алуда,  ал 
шетелде өзіміздің елімізді таныстыру оңай мәселе емес. Негізгі мақсат тілін және сол елдің мәдениетін білу 
мен қатар жастарда отаншылдық сезімді тәрбиелеу, яғни елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеу 
және  қалыптастыру.  Ал  коммуникативтік  негізде  құрылған  шет  тілін  оқыту  үдерісінің  бұл  мақсат  - 
міндетті шешуге толық мүмкіндігі бар деуімізге болады. 
Шет тілі пәнінің тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мақсаты туралы Қазақстан Республикасының 
Білім  және  ғылым  Министрлігінің  шетел  тілі  бағдарламасының  түсініктеме  хатында  да  мынадай 
сипаттама  бар.  Онда  «Шетел  тілін  оқыту  оқушылардың  жан-жақты  дамуына,  дүние  танымының,  сана 
сезімінің, азаматтық және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына мінез-құлқының, өз бетінше білімін 
көтеруге  қажеттілігін  дамытуға  әсерін  тигізуге  тиісті»  -  делінген.  Осыдан  келіп  қазіргі  таңда  мектепте 
ағылшын  тілін  оқытудың  жетекші  мақсаты  анықталған  деп  айтуға  толық  негіз  бар  деуімізге  болады. 
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі кездегі жетекші мақсаты ол: коммуникативтік, білім беру, тәрбиелік және 
дамыту функцияларын жүзеге асыру. 
Шет  тілін  оқытудың  білім  беру  функциясының  мақсаты  сол  елдің  мәдениетін  білуге  тарту,  оқушы- 
лардың тілдік дағдысын кеңейту және білімдарлығымен ой-өрісін қалыптатастыру болып табылады. Осы 
орайда    Ж.Б. Қоянбаев білімді толық игеру үшін бірнеше талаптарды ұсынды. Олар: білімнің толықтығы; 
білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі; білімнің ұзақтығы; білімнің өзектілігі. 
Сонымен  қатар,  Ж.Б.  Қоянбаев  оқытудың  білім  беру  функциясы  қазіргі  кезде  ғылым  негіздерін, 
іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы 
қажет  екендігін  айтады  [3,  224-225  б.].  Оқыту  процесінде  білім  берумен  қатар  оқытудың  тәрбиелік 
компоненті де жүзеге асады. 
Шет  тілін  оқытудың  тәрбиелік  мақсаты  шет  тілі  құралдары  арқылы  оқушылардың  дүниетанымын 
қалыптастыру, қоғамдағы  мінез-құлық нормаларын игеруін қамтамасыз ету болып табылады.  Сонымен 
қатар оқыту процесінде тұлғаның қажеттігі, іс-әрекетінің мотиві және бағыты қалыптасады. 
Балаға мүмкін болғанынша ерте жастан тілдік кедергі жеңіл, ағылшын тіліне деген қызығушылығын 
ояту зерттеуіміздің өзектілігін арттырып отыр. Ағылшын тілін оқуды кеш бастаған баланың тілді үйрену 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
104 
процесі күрделене түсетіндігі белгілі. Бүгінде бұл мәселені оқушының тұлғалық қабілеттері шеңберінде 
қарастыру қажеттілігі туындады [4, 55 б.]. 
Орта  мектептің  бастауыш  сыныптарында  ағылшын  тілін  оқытудың  қандай  артықшылықтары  бар? 
Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларында қоғамның, ұжымның мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас 
дағдысы  қалыптасады.  Қарым-қатынас  жасай  білу  сұхбаттасушыны  тыңдау,  әңгімелесу,  оны  қолдау 
сынды дағдыларды білдіреді [5, 273 б.]. 
Жас балаға ағылшын тілін оқыту мәселесі педагогтарды, филологтар мен ата-аналардың қызығушы- 
лығын  туғызып  отырған  мәселе.  Бүгінгі  Қазақстан  қоғамы  орта  мектепте  тілдік  дайындау  деңгейіне 
қанағаттанбай отыр. Бұл деңгейді көтерудің жолы ретінде бастауыш білім беру үдерісіне ағылшын тілін 
енгізу  тұрғысында  жұмыстар  жасалып,  пән  ретінде  өтілуде.  Себебі,  бала  дамуының  осы  кезеңі  тілді 
меңгеруге тиімді екендігі дәстүрлі түрде айтылып келеді.   
Кеңестік кезеңде ағылшын тілін мектепке дейінгі немесе орта мектептің 1–2 сыныбынан бастап оқыту 
мәселесіне назар аударылмады. Тек санаулы мектептерде ғана ағылшын тілін оқытудың мұндай жүйесі 
қолданылды [6, 144 б.]. 
Екіншіден,  ағылшын  тілін  үйрену  оқушылардың  жалпы  оқу,  дәлірек  айтқанда  кітап,  анықтамалық 
әдебиет және т.б. мен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерінің қалыптасуына өзіндік септігін тигізеді. 
Үшіншіден,  ақпараттық  технологияларды  белсенді  қолдану  оқушының  техникамен  жұмыс  жасауға 
мүмкіндік туғызады. 
Бастауыш мектеп оқушысына ағылшын тілін оқытуда жас баланың тілді меңгеруі теориясына негіздел- 
ген шетел тілін оқытудың психологиялық-педагогикалық тұжырымдамасын есепке алу қажет. Бұл теория- 
ға сәйкес жас бала тілді арнайы бағытталған оқытусыз үлкендерге еліктеу нәтижесінде меңгереді. Басқаша 
айтқанда, жас бала грамаматикалық ережелерді оқытпай-ақ, белгілі-бір тілдік тізбектілікті көрсетпей-ақ 
бес  алты  жаста  күрделі  грамматиканы  меңгереді,  өзіндік  сөз  тіркестерін  құрастырады,  коммуниктивті 
міндеттерді шеше отырып, жеті-сегіз жасында күрделі сөйлемдерді құрастыра алатын болады. [7, 26 б.] 
Аталған теория бойынша бала екінші тілді ережелерді жіктеместен, еліктеу қабілетінің арқасында өз 
ана тілін меңгергеніндей оңай игеріп алуға мүмкінлігі болады. Бұған дәлел ретінде – екі тілді ортада өсіп 
жетілген баланы алуға болады. Дегенмен, еліктеу – балалық шақтағы тілді меңгерудің негізгі тетігі емес. 
Өзіндік  сөйлеу  мүмкіндігіне  бала  бейсаналы  түрде  үлкен  көлемдегі    ұқсас  іс  әрекеттердің  арқасында 
жетеді.  Бала  еліктеген,  естігін  және  көрген  нәрсесінің  бәрін  жіктейді  және  жалпылайды.  Бұл  оның 
индивидуалды ойын білдіреді. Барлық бала ана тілінің нақты ерекшеліктерінен тәуелсіз жоғарғы жалпы- 
лау кезңдерінен өтеді. Белгілі психолог А.Р. Лурия әрбір ұқсасатық ол – жалпылау деп тұжырымдайды. 
Балалық  кезеңдегі  екінші  тілді  меңгеру  туралы  зерттеу  нәтижелері  және  оқыту  тәжірибесін  талдау 
бастауыш сыныпта оқушыларды ағылшын тіліне оқытудың жаңа талаптарын қойып отыр. 1985 жылғы 
ЮНЕСКО  МАФРЯЛ  аталған  мәселе  бойынша  халықаралық  семинарында  мамандар  баланың  тілді 
меңгеруі еліктеу процесінде емес оқытумен меңгерілуі керек; балалар шетел тілін қарым-қатынас құралы 
ретінде үйренуі керек және оқытудың барлық компоненттері коммуникативті мақсаттарға бағындырылуы 
керек деген тұжырымға келді [8, 83 б.]. 
Негневидскийдің оқушыларды бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі әдісіне жүргізген 
психологиялық талдауы бұл тәсілдің бүгінгі заман талаптарын қанағаттандырмайтындығын көрсетті: 
1.
 
Тілдік материалды жаһандық деңгейде беру. 
2.
 
Дағды жүйесін қалыптастырудың мақсатталған бағытының болмауы. 
3.
 
Балалар тілдің коммуникативті қызметін саналы түрде қабылдамауы. 
4.
 
Тілдік ойлау іс-әрекеті үшін жағдайдың жоқтығы [9, 29б.]. 
Орта  мектептің  бірінші-екінші  сыныбынан  бастап  ағылшын  тілін  үйрену  бойынша  оқу  процесін 
ұйымдастыру ерекшеліктері қандай, - деген сұрақ туындайды. 
Біріншіден,  ағылшын  тілін  оқытудың  жалпы  ерекшеліктерін  анықтау  қажет.  Мұғалім  сабақты 
ұжымдық оқыту формасы жағдайында жеке тәсілге негіздеп өтуге талпынуы қажет.   
Екіншіден, мұғалім бұл тәсілді арнайы дамуға бағытталған білімді меңгеру үшін ұсынған болуы керек. 
Бұл үшін ең бастысы бала сабақ барысында ең негізгі нысан есептелуі маңызды. Яғни, өзін еркін және 
ыңғайлы  сезініп,  сабаққа  белсенді  аралысып  қатысуы  негізгі  мәселе  болады.  Дегенмен  мұғалімнің  өте 
белсенді  болып  дайындаған  көрнекі  құралдарын  пайдалануы  сабақты  жүргізу  және  оның  барысын 
түсіндіру  сынды  әрекеттерін  көбірек  қолданатындығының  куәсі  болып  жүрміз.  Бұл  жағдайда  бала 
бақылаушы рөлін атқарып қана қояды. Дәлірек айтқанда, бала алдын-ала дайындалған қойылым бойынша 
әрекет етіп, мұғалімнің айтқанын ғана орындайды. Бұл оқушының сабаққа белсенді қатысуының елесін 
ғана көрсетіп, шығармашылық дамуына ешқандай мүмкіндік жасамайды. Мұның алдын алу үшін мектеп- 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
105
 
тегі іс-әрекет формасы тек тыңдау, сөйлеу, оқу немесе ағылшан тілінде жазу ғана емес мұғалім мен оқушы 
арасындағы жанды және белсенді қарым-қатынас әрекеті орын алуы маңызды болып табылады [9, 5б.]. 
Ағылшын тілінің фонетикасын үйретуде мұғалімнің сөзді немесе сөз тіркесін қандай дауыспен және 
бет  әлпетінің  сөйлеу  кезіндегі  өзгерісі  қандай  болатындығын  көрсету  маңызды.  Бұл  жағдайда,  әрине, 
мұғалім  даусы  мейірмді,  қарым-қатынасқа  шақырушы,  ал  бет  пішіні  айтылған  сөзге  сәйкес  сенімді, 
байсалды  сұхбаттасуға  қуанышты  көрсетіп  тұруы  қажет.  Ал,  орта  мектептің  1-2  сыныбында  ағылшын 
тіліне үйретуде оқушының қоршаған ортамен байланысына кеңірек назар аударуды қажет етеді.   
Бұған мысал ретінде бірнеше жаттығулар келтіруге болады. Мәселен, ағылшын тілінде бала қарым- 
қатынасқа түсу кезінде оның қателігін көрсетіп қорқыныш сезімін ұялату дұрыс болмайды. Мұғалімнің 
бастауыш сынып оқушысымен ағылшын тілін үйрету барысында мүмкін болғанынша істеген ісіне немесе 
сөйлеуіне көбіріек алғыс және мадақтама келтіруі оқушының ынтасын арттыра түседі. 
Қорыта айтқанда, ағылшын тілін оқытуда психологиялық-педагогикалық негіздер мен ерекшеліктерді 
ескеру тілді меңгертудің басты алғышарттары болады. Балаға сөздерді жаттатудан гөрі қарым-қатынасқа 
түсу  негізінде  тілді  меңгеруінің  өмірмен  байланысты  екендігі  келіп  шығады.  Осындай  ерекшеліктерді 
айқындау  тілді  меңгертуге  жеңілдік  келтірумен  бірге,  бүгінгі  Қазақстан  жағдайында  жас  ұрпақты 
болашақта интеллектуалды азамат етуге мүмкіндік береді. Ал, біздің міндетіміз ағылшын тілін бастауыш 
сыныпта оқытудың әдістемелік негіздерін жетілдіре түсу болмақ. 
 
 
1.
 
  Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына    Жолдауы // Ана тілі. – 2007. 
– № 7 (896). – 1, 7-10-Б. 
2.
 
  Пассов Е.И. Программа-концепция коммуникативного иноязычного образования. – М.: Просвещение, 2000. – 
173 с. 
3.
 
  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2004. 
4.
 
  Алхазишв или А.А. Основы овладения устной английской речью, Просвещение, 1988 
5.
 
  Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка: Стенограмма лекции, прочитанной в 1933г. в 
ЛГПИ им. А.И. Герцена// Вопросы психологии. – 1966. – №6. 
6.
 
  Борзова Г.В. Тексты для чтения на втором этапе обучения. // Иностранный язык в школе,1990. - № 4. 
7.
 
  Негневицкая Е.И., Никитенко З.Н., Ленская Е.А. Обучение английскому языку детей 6 лет в 1 классе средней 
школы: Методические рекомендации: В 2 ч. – М., 1933. 
8.
 
  Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. – М., 1991г. 
9.
 
  Гальскова  Н.Д.  Об  итогах  второго  года  экспериментального  обучения  иностранным  языкам  в  начальной 
школе    // Иностранный язык в школе, 1990. – № 1. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет