Хабаршы жаратылыстану-география


Keywords: thyroid, hypothyroidism, pregnancy, membranes, biologically active substances



жүктеу 5.92 Mb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата31.03.2017
өлшемі5.92 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

Keywords: thyroid, hypothyroidism, pregnancy, membranes, biologically active substances. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
70
 
ЭКОЛОГИЯ 
 
 
УДК: 911(282.255.51):338.48 
 
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ОРТА ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДА ЭКОТУРИЗМНІҢ ТАРИХЫ, 
ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 
 
А.Т. Баймулданова, Ж.Б. Шілдебаев – 
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет, Қазақстан, Алматы, 
туризм мамандығының магистрі,  аnelim.b@mаil.ru, 
Абай атындағы Қазақ  ұлттық  педагогикалық университет, Қазақстан 
 Алматы, п.ғ.д., профессор,  Zhumаdil_47@mаil.ru, 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада Іле өзенінің орта және төменгі ағысында экотуризмнің тарихы, қалыптасуы, дамуы және 
болашағы туралы баяндалады. Іле өзені су алабындағы объектілердің  экотуристік мүмкіндіктеріне баға беріліп, оны 
болашақта дамыту жолдары ұсынылады.   Іле  өзені  Тянь-Шаннан  бастау  алып,  Балқаш  көлінің  батыс  бөлігіне 
құятындықтан,  басында  тау  өзені  болып  ағып,  төменірек  бөлігінде  жазық  даламен  ағады.  Сондай-ақ,   Іле  ірі  өзен 
болғандықтан, оның алып жатқан аумағы да кең. Оның жағалауынан шөлді-шөлейтті жерлерді де, құмды төбелерді 
де,  батпақты  жайылымдарды  да,  қалың  тоғайларды  да,  қамыс  басқан  аймақтарды  да  көруге  болады.Іле  өзені  су 
алабында орналасқан табиғи және мәдени-тарихи объектілер белсенді туризмді дамытуға өз үлесін қосып жатыр. Ең 
алдымен  оған    альпинизм  мен  треккинг,  ат  туризмі,  велотуризм,  авто-  және  мототуризм,  рафт,  қажылық  туризм, 
сонымен бірге экстремалды және аралас туризм кіреді. 
Іле өзені су алабында экологиялық туризмді дамытудың 
барлық  мүмкіндіктері  бар.    Іле  өзенінде  экотуризмді  дамытудың  басты  мақсаты    қоршаған  ортаға  тиетін  зиянды 
әсерді  азайту  болып  табылады.  Сондықтан  Іле  өзені  бойындағы  объектілерге  апаратын  тур  мен  маршруттар 
экологиялық  болуы  қажет.  Экотуризмді  дұрыс  қалыптастырып,  дамыту  үшін    ол  жерге  туристерді    экологиялық 
көлікпен апарып, таза және пайдалы экологиялық тағаммен тамақтандырып, білікті гидтер  қызық әрі экологиялық 
табиғи  және  мәдени  ландшафтыларға  апару  керек.  Осындай  экологиялық  жерлерде,  тіпті,  қоқыстың  өзі  ортақ 
жәшіктерге  лақтырылмай,  арнайы  экотехнологиялық  өңделуі  керек.  От  жаққан  кезде  де  арнайы  орындарда  ғана 
жағылу  керек.  Саңырауқұлақ,  жеміс-жидектер,  гүлдер,  дәрілік  өсімдіктер  және  басқа  да  табиғи    жәдігерлерді  тек 
рұқсат  етілген  жерлерден  ғана  алу  керек.  Іле  өзені  бойында  экотуризмнің  дамуы  ел  үшін  маңызды.  Себебі  ол 
көптеген  мәселелердің  шешілуіне  жол  ашады.  Экотуризм  Қазақстанда  ұдайы  дамыса,  болашақта  адам  табиғатқа 
зиянын  тигізбей,  екеуі  селбесіп  бір-біріне  пайда  әкелетін  болады.  Мақалада  осы  мәліметтер  жан-жақты 
қарастырылады. 
Тірек  сөздер:  Экотуризм,  Экологиялық  мәдениет,  Экологиялық  маршрут,  Экологиялық  туризм  болашағы, 
Бердинг, Туризмнің дамуы. 
 
Үлкен  мегаполис  қалалардаадамдар  өмір  сүру  ерекшеліктеріне  байланысты  уақыт  өткен  сайын  табиғаттан 
алыстап  барады.  Осындай  қалаларда  тұрып  жатқан  адамдар  қоғамнан  алыстап,  жалғыздыққа  көніп,  сары  уайымға 
салынып соның нәтижесінде жүйкесіне түскен артық жүк психологиялық ауруларға немесе стреске әкеліп жатады. 
Сондықтан қала тұрғындарының табиғат аясына шығып, артық уайымнан арылып, қаладағы бірсарынды өмір сүру 
дағдысынан  алыстап табиғатпен оңаша қалып демалғылары келетіні айтпаса да түсінікті. Ауыр жұмыстан, қаланың  
шуынан, күнделікті күйбең тірліктен қажыған қала тұрғындары апта соңындаауасы таза, тыныш және антропогендік 
іс-әрекеттің  әсері  байқалмайтын  жерлерге,  қала  сыртына  шығуғаасығады:  біреулері  тау  жоталарына  көтерілсе, 
біреулері орман ішінде серуендеуге, ал біреулері өзен мен көл жағасына барып демалады [1]. 
Әр  адамның  демалуға  құқығы  бар  және  ол  өзінің  демалысын  өзіне  ұнайтындай  етіп  өткізеді.  Кейбіреулері 
жағажайда  жатып  демалғанды  ұнатады,    біреулерді  экзотикалық  аралдар  немесе  биік  таулар  қызықтырады,  ал 
біреулері теледидар алдында жатып демалуды қалайды. Ал белсенді  демалысты жақсы көретіндер үшін туризмнің 
қазіргі индустриясы әр түрлі бағыттағы демалыс түрлерін ұсынаалады. Оның бірі- туризмнің ең танымал саласының 
бірі болып табылатын экологиялық туризм. Экотуризм  елімізде енді ғана дамып келе жатқан  сала, алайда жылдан 
жылға оған деген сұраныс артып келеді.  
Экологиялық туризм табиғи туризмнің құрамдас бөлігі және Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша ол 
қазіргі  таңда   экономиканың  дамуына  ықпал  ететін  келешегі  бар  сала  болып  табылады.  Экологиялық  туризм 
терминінің пайда болуы қоршаған орта жағдайын сақтау, қорғау нәтижесінде ғана емес, таулы шипажайда демалу, 
табиғи  ортаны  тамашалау,  экологиялық  білім  мен  сананы  көтеру  барысынан  туындаған.  Осы  жағдайда  экотуризм 
тұрақты  дамудың  негізгі  құралы,  ол  қазіргі  және  келешек  ұрпаққа  қызмет  ете  отырып,  әлеуметтік  әділеттілік 
талаптарына жауап береді, сонымен бірге экономикалық жоспарлауда да тиімді [2]. 
Туристер  демалатын  елді  таңдаған  кезде,  ең  алдымен  сол  елдің  табиғи  байлығына,  географиялық 
ерекшеліктеріне,  инфраструктураның  даму  деңгейіне  және  қауіпсіздікке  қарайды.  Қазақстанның  Еуразияның 
центрінде  орналасуы-  біздің  еліміздің  артықшылығы,  оған  қоса  Жер шарындағы жер  бедерінің барлық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
71
 
пішінін Қазақстан жерінен кездестіруге болады. Республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық 
жер  бедерінің  биіктік  сатылары  бар.  Осыған  орай  Германия,  Ұлыбритания,  Франция,  Оңтүстік  Корея  мен  Жапон  
елдерінде  жүргізген   зерттеу  мен   сауалнамалар  (10000  үлгі  шамасында)  бойынша,  шетелдік  азаматтар  арасында  
Қазақстандық экологиялық турларға жоғары қызығушылық білдіргені анықталды. Ал 14,2 миллион Европа мен Азия 
тұрғындары   Қазақстанға  туристік  нысан  ретінде   үлкен  қызығушылық  танытты.  2008  жылдың   қорытындысы  
бойынша туризм мақсатымен Қазақстанға келген туристер саны : 618 732 адам, ішкі туризм -183 973 адам, ал  2009 
жылдың  жартысындағы   қорытынды   –  127 414 және  355 488 адам.  Айтып  кететін  жайт-  елге  келген  қонақтар 
міндетті түрде  ел экономикасына септігін тигізеді [3]. 
Ең қызығы, әр түрлі ландшафтылар  Іле өзені су алабынан да табылып отыр. Іле өзенінің атауы «Илансу» деген 
моңғол сөзінен пайда болды деген жорамал бар. Қазақшааударғанда «жарқыраған, жылтылдап сәуле ойнаған» деген 
мағына береді [4]. Іле өзені Тянь-Шаннан бастау алып, Балқаш көлінің батыс бөлігіне құяды. Басталар жағында тау 
өзені болып табылатын Іле, орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады.  
Іле  бойымен  жүзіп  отырса,  ежелгі  өзеннің  ғажайып  көрінісі  көзге  шалынады:  құмды  төбелер,  қалың  жынысты 
тоғайлар, 
жағалауын 
қомақты 
қамыс 
басқан 
аймақтар, 
шөлейтті
шөлді, шалғынды және 
сулы 
батпақты жайылымдар. Іле өзені су алабы - Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Әнші 
құм  секілді  табиғат  туындылары,  Қапшағай  су  қоймасы,  Тамғалы  тас  петроглифтері,  Шарын  тау  өзені  мен  оның 
бойындағы  Шарын  тауларындағы  тас  мүсіндер,  Алтынемел  ұлттық  саябағы,  Кербұлақ  сияқты  қорыққорлар 
орналасқан.  Байқағанымыздай,  бұл  өңірде  барлық  климаттық    ерекшеліктеріне  байланасты  әр  түрлі      табиғи 
кереметтер кездеседі.  
Қазіргі  кезде  Іле  өзенін  жағалай  1-2  күндік  маршруттар  өткізіліп  отырады.  Жартасқа  жазылған  Тамғалы  –  Тас 
жазуларын көруге автобуспен саяхаттар ұйымдастырылып отырады. Бұл қалалықтардың арасында өзеннің танымал 
болуына  ықпал  етті.  Туристер  Іле  өзені  мен  Қапшағай  су  қоймасына  сом,  сазан,  көксерке,  ақтабан  секілді 
балықтарды  аулауғаарнайы  келіп  тұрады.  Өзеннің  сағасы-    табиғаттағы  жабайы  құстарды,  жан-жануарларды 
бақылауға  және  экзотиканы  жақсы  көретіндерге  арналған  нағыз  жұмақтың  өзі.  Табиғаттың  аясында  демалғанды 
жаны  сүйетін  шетелдік  туристердің  арасында  ең  танымал,  әрі  сүйікті  істері  «бердинг»  (ағылшын  сөзінен  алғанда 
«берд»  -  құс  деген  мағынаны  білдіреді)  болып  саналады.  Құстарды  бақылау  барысында  оларды  суретке  түсіруден 
алдына жан салмау басты  нәрсе болғандықтан, туризмнің бұл түрі  өз алдына  спорт ретінде танылады. Туризмнің 
бұл түрі бүкіл әлемде белгілі болғандықтан шетелдік  туристерді Іле өзені су алабына тартудың мүмкіншілігі туып 
отыр. 
Туристік көзқарас тұрғысынан қарастырғандаазырақ игерілген Балхаш көлі болып табылады. Бұл көл Іле өзеніне 
жасалған  саяхаттың  шешуші  тұсы  ретінде  өзінің  көлемімен  және  қайталанбас  сұлулығымен  ерекшеленеді.  Онда 
жайланып демалуға болатын орманды аралдар өте көп [5]. 
Сонымен  қатар  Іле  өзені  су  алабында  орналасқан  табиғи  және  мәдени-тарихи  объектілер  белсенді  туризмді 
дамытуға  өз  үлесін  қосып  жатыр.  Ең  алдымен  оған    альпинизм  мен  треккинг,  ат  туризмі,  велотуризм,  авто-  және 
мототуризм, рафт, қажылық туризм, сонымен бірге экстремалды және аралас туризм кіреді.  
Тау суларын игеру  су  туризмін дамытуға мүмкіндік  береді.  Су туризмі – туризм түрлерінің ішіндегі барынша 
экологиялық  түрі  болып  табылады.  Тәжірибелі  су-спортсмендері  үшін  шетелдік  туристерге  әлі  таныла  қоймаған 
Шарын,  Шелек,  Коксу,  Лепсі,  Қаратал  өзендері  аса  ыңғайлы.  Бұл  өзендердің  жоғарғы  сағасы  табиғи 
ландшафтыларғааса бай, әрі адам аяғы баспаған зоналарда орналасқан [6]. Аталған Іле өзенінің су алабы рафтингтің 
барлық түрін  қолдануға мүмкіндік береді. Ішіндегі  ең  қызық маршрут Қапшағай ГЭС-нан Бақанас қаласына дейін 
созылған маршрут (ұзақтығы: 7 күн (6 түн), тұрақталатын жер: қонақ үйлер, палаткалар, тасымал түрі: миниавтобус), 
Қапшағай ГЭС-нан Тасмұрын каналына дейін. 
Іле  өзені  су  алабында  орналасқан  Алтынемел  ұлттық  саябағының  өсімдік  және  жануарлар  әлемі  әр  алуан,  бұл 
жерде өсімдік түрінің 6 мыңға жуық және омыртқалы жануарлардың 300-дей түрі бар екені анықталды. Алтынемел 
ұлттық  саябағы  аңшылық  туризмді  қалыптастырып,  дүние  жүзіндегі  аңшы-туристерді  тартуға  кіріскен  ҚР-дағы 
алғашқы саябақтардың бірі. Ол үшін саябақ аңшыларды әр түрлі аң аулайтын жерлермен және түрлі жануарлармен 
қамтамасыз  етеді.  Оның  ішінде  қабан,  қасқыр,  қырғауыл,  тұяқты  жануарлардан  Сібір  тау  ешкісі,  Сібір  елігі  бар. 
Саябақтааңшылық  шаруашылығының  дұрыс  жүргізілуіне,  тәулік  бойы  күзетшілердің  қарауылдауына  байланысты 
саябақтағы  жабайы  жануарлар  мен  құстардың  саны  айтарлықтай  жоғары  дәрежеде  және  бұл  көрсеткіш  аңшылық 
туризмді дамытуға мүмкіндік беріп отыр. 
Жоғарыдаайтып кеткеніміздей,  Іле өзені су алабында экологиялық туризмді дамытудың  барлық мүмкіндіктері 
бар.    Іле  өзенінде  экотуризмді  дамытудың  басты  мақсаты    қоршаған  ортаға  тиетін  зиянды  әсерді  азайту  болып 
табылады. Кей  кездерде зиянды әсерлер, яғни ластанулар дұрыс ұйымдаспаған туристердің әрекетінен байқалады. 
Олардың  алдын  ала  ұйымдастырылмаған  маршруттары  жануарлардың  мазасыздануына  әкеледі,  оның  үстіне 
демалыс орындарында қоқыстың үйіліп, жиналмай қалатыны да кездеседі.   
Экотуризм  адамдардың  табиғатты  аялай  отырып  демалатын  туризмнің  бір  бағыты  болғандықтан,  Іле  өзені 
бойындағы  объектілерге  апаратын  тур  мен  маршруттар  да  экологиялық  болуы  қажет.  Экотуризмді  дұрыс 
қалыптастырып, дамыту үшін  ол жерге туристерді  экологиялық көлікпен апарып, таза және пайдалы экологиялық 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
72
 
тағаммен  тамақтандырып  (жергілікті  азық-түлікпен),  білікті  гидтер  қызық  әрі  экологиялық  табиғи  және  мәдени 
ландшафтыларғаапару керек. Осындай экологиялық жерлерде, тіпті, қоқыстың өзі ортақ жәшіктерге лақтырылмай, 
арнайы экотехнологиялық өңделуі керек. От жаққан кезде де арнайы орындарда ғана жағылу керек. Саңырауқұлақ, 
жеміс-жидектер, гүлдер, дәрілік өсімдіктер және басқа да табиғи  жәдігерлерді тек рұқсат етілген жерлерден ғанаалу 
керек. Туристер тұрақтайтын отель, кемпинг, шатырлар айналасындағы ландшафтыға зиянын тигізбейтіндей салыну 
керек.  Отель  мен  кемпингтер  зарарсыз  материалдардан  салынып,  оның  тұрғындарына  энергия  мен  суды  артық 
пайдаланып, ысыраптауына жол берілмеу керек. Осындай керемет табиғат болашақ ұрпаққа осы күйінде сақталып, 
мұра  ғып  қалу  үшін,  табиғатты  антропогендік  факторлардың  әсерінен  алыстатып,  оларды  азайтып,    жоғарыдағы 
негізгі шарттарды қатаң сақтау керек [7]. 
Іле  өзені  бойында  экотуризмнің  дамуы  ел  үшін  маңызды.  Себебі  ол  көптеген  мәселелердің  шешілуіне  жол 
ашады. Экотуризм Қазақстанда ұдайы дамыса, болашақтаадам табиғатқа зиянын тигізбей, екеуі селбесіп бір-біріне 
пайда әкелетін болады: жергілікті адамдар қызмет көрсету секілді жұмыспен қамтамасыз етіледі, жұмысшылардың 
тұрақты кіріс табуына септігін тигізеді, ол өз кезегінде жергілікті халықтың өмір сүру жағдайын жақсартады,  кейбір 
дәстүрлі кәсіппен айналысатын жергілікті тұрғындардың ісінің ұлғаюына мүмкіндік береді, ал туристер сол жердегі 
қазақ халқының мәдениетімен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысып, жергілікті халықтың дәстүріне 
сый  құрметпен  қарауды  үйренеді.  Табиғатқа  да  ешқандай  зиян  келтірілмейді,  керісінше  сұлулығы  сақталып, 
антропогендік іс-әрекеттерден қорғалып, көркейе түседі [8]. 
Кейбір елдерде экотуризм- туризмнің ірі секторы ғана емес, экономиканың саласы болып табылса, келесі елдерде 
табиғатты қорғаудың арнайы бағыты болып табылады. Біздің елде экотуризм енді ғана таныла бастады. 
Экологиялық  туризм  табиғатты  сақтаудан  табыс  түсірудің  маңызды  көзі  болып  табылады.  Атап  айтсақ  - 
табиғатты  пайдаланғаны  үшін  ақы  төлеу,  көлікті  пайдаланғаны,  аңшылық  трофейлер  үшін  ақы  төлеу;  тамақтану, 
уақытша  тоқтау,  көлік,  гид  қызметтері  үшін  арендалық  ақы  алу;  берілген  аумаққа  келетін  туристерге  жергілікті 
тауарларды өткізуден түсетін табыс пайыздары; тауарларға, қызметтерге салық салу [9]. 
Ішкі  туризмнің  дамуы  –  ҚР  үкіметінің   ең  басымды    жобаларының  бірі,  себебі  туризм  мен  саяхат    экспортты 
алға жүргізуші секторлардың бірі.   
Қазақстандағы  экотуризм  –  енді  дамып  келе  жатқан  сала,  алайда  қазірдің  өзінде  оң  септігін  сезуге  болады. 
Қазақстанды  туристік  гауһартаспен    салыстыруға  болады,  себебі  оның  әлемдік  бәсекелестікке  сәйкес  келетіндей 
тамаша туристік мүмкіндіктері өз сәтін асыға күтуде. 
 
1Honey, Mаrthа (2008). Ecotourism аnd Sustаinаble Development: Who Owns Pаrаdise? (Second ed.) 
2. "2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы Аумағына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орналастыру 
және дамыту Концепциясы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. -  10.11.2000.- №1692 
3. group-globаl.org 
4. http://oldkаzаkh-tv.softdeco.net 
5. Курорты. Энциклопедический словарь / гл. ред. Е. И. Чазов. - М.: Советская энциклопедия, 1983 - 420 с 
6. Иванов. И.С. Река Или - главная артерия туризма // Тезисы докладов Международного экологического форума 
по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш - 2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.21 
7. Soifer, Jаck (2008). Entrepreneuring Sustаinаble Tourism. 
8. Александрова А.Ю. Международный туризм. М., 2006 
9. Колбовский Е.Ю. Экологический туризм и экология туризма-М: Академия, 2011. - 256 с. 
 
Резюме 
История экотуризма в среднем и нижнем течении реки Или,  
его становление, развитие и будущее 
  
В  данной  статье  описываются  история  экотуризма  в  среднем  и  нижнем  течении  реки  Или,  его  становление, 
развитие  и  будущее.  Дается  оценка  экотуристическим  возможностям  объектов  бассейна  реки  Или,  предлагаются 
пути  его  развития  в  будущем.Река  Или,  которое  берёт  свое  начало  с  гор  Тянь-Шаня,  из-за  того,  что  впадает  в 
западную часть озера Балхаш, у истока протекает горным озером, а к устью степью. Таким образом, река Или будучи 
крупной рекой, охватывает достаточно большую территорию. В её округе можно наблюдать и пустынные земли, и 
песчаные горы, и глиняные пастбища, и густые заросли, и территории, покрытые камышом.   Природные 
и 
культурно-исторические оъекты, расположенные в бассейне реки Или вкладывают свой вклад в активное развитие 
туризма. Туда входят в первую очередь альпинизм и треккинг, конный туризм, велотуризм, авто и мототуризм, рафт, 
поломничество,  а  также  экстремальный  и  смешанный  туризм.  Есть  все  возможности  развития  экологического 
туризма в бассейне реки Или. Главная цель развития экотуризма на реке Или является  уменьшение влияния вреда 
окружающей среде. Тур или маршрут экологичны, если экологичен транспорт, которым пользуются туристы, пища 
экологически чиста и полезна, в рационе присутствуют местные продукты, квалифицированные гиды ведут туристов 
в интересные и экологически благоприятные природные  и культурные ландшафты.  В  программу  тура включается 
посещение  учебных  экологических  троп,  природоведческих,  краеведческих  музеев,  экотехнологичных  хозяйств  и, 
непременно,  ознакомление  с местными экологическими проблемами. Мусор не выбрасывается на общую помойку 
или свалку, но собирается специальным образом и поступает затем на экотехнологическую переработку. Привалы, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
73
 
бивуаки  и  особенно  костры  устраиваются  только  в  специально  оборудованных  местах.  Грибы,  ягоды,  цветы, 
лекарственные  растения,  любые  природные  сувениры  собираются  только  там,  где  это  разрешено.Развитие 
экотуризма  на  реке  Или  важно  для  народа.  Потому  что  это  может  решить  многие  проблемы.  Если  экотуризм  в 
Казахстане  будет  в  непрерывном  развитии,  человек  не  причинив  вреда  природе,  принесет  взаимную  пользу  в 
будущем. Встатьеданнаяинформациярассматриваетсявсесторонне.  
Ключевые  слова:  Экотуризм,  Экологическая  культура,  Экологический  маршрут,  Будущее  экологического 
туризма, Бердинг, Развитие туризма. 
 
Summary 
The history, formation, development and  future of  ecotourism in  
the middle and lower reaches of the river  Ili 
 
This article narrates  the history, formation, development and  future of  ecotourism in   the middle and lower reaches of 
the river  Ili. Ecotouristic possibilities of objects in the Iliriver basin have been evaluated, the ways of developing them in the 
future were offered. Since Ili river takes its source from Tien Shanand pours into the west side of Balkhash lake initially runs 
as a mountain lake, then in lower sides along the plain. As the Ili is the big river, the area the lake occupies is large as well. It 
is possible to see the desserts, sandy hills, boggy pasture, thick forests and rushy fields on its coast.Environmental and cultural 
-historical  objects  situated  on  the  basin  of  the  river  play  an  important  role  in  developing  tourism.  Above  all,  it  includes 
mountain  climbing  and  trekking, horse  tourism,  cyclo  tourism,  auto  and mototourism, raft,  pilgrimage  tourism, as  well  as 
extreme  and  mixed  tourism.Ili  river  basin  has  all  the  possibilities  of  developing  ecological  tourism.  The  main  purpose  of 
developing ecotourism on Ili river is to deсrease the pollution of environment. According to the tour  and route which lead to 
Ili river  must  be  ecological.  In  order  to  form  ecotourism  properly  and  develop,  the  tourists  should  be  transported  there  by 
ecological  vehicles  offered    clean  and  healthy  ecological  food,  and  the  qualified  guides  should  take  them  to  interesting, 
cultural, ecological, historical landscapes. In such kind of ecological places, even the rubbish shouldn't be thrown to common 
bins,  but  processed  ecotechnologically.  Also  bonfire  must  be  set  only  in  special  areas.  Mushrooms,  fruits  and  vegetables, 
flowers, herbs and other environmental things must be taken  only from allowed places.The development of ecotourism on the 
coast  of   Ili river is important for our people. Since it makes  possible to  find solution  of many problems if the  ecological 
tourism develops in Kazakhstan constantly, in the future people will not pollute the environment and they mutually benefit 
each other. This article deals with these problems thoroughly.    
Key words: Ecotourism, Ecological culture, Ecological route, The future of ecological tourism,  Birding, Development of 
tourism. 
 
 
УДК  574.23(21):631.453 
 
ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШТАРДЫҢ БӨЛІКТЕРІ ҚҰЛАҒАН АУМАҚТАҒЫ  
ТОПЫРАҚ-МИКРОБИОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ  
   
Мынбаева Б.Н. – профессоры, б.ғ.к., 
bmynbayeva@gmail.com
 
МакееваА.Ж. – Экология мамандығының 1 курс магистранты, 
jibek6@mail.ru
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
  
Аңдатпа.  Бұл  мақалада  зымыран  тасығыштардың  құлаған  аумағының  топырағы  мен  микрофлорасының 
өзгеріске ұшырауын зерттейді.Қазақстан Республикасында орналасқан «Байқоңыр» касмодромы  әлемдік деңгейде 
жоғары бағаға ие. Космодром кейбір мақсаттарды  яғни ғарышты игерушілігі кезең-кезеңімен Ресеймен  шешіледі, 
өйткені Протонды ұшыру үшін жалға алып отыр. Ракетаның ұшу кезінде зымыран тасығыштардың кейбір бөліктері 
Қазақстан  территориясына  құлайды.  Ракетаның  ұшуына  пайдаланылатын  ракеталық  отын  гептил  немесе 
бейсимметриялық екі метил гидразин (БЕМГ). Бұл токсикант адамға деген қауіптіліктің бірінші сыныбына жатады, 
өте  күшті  канцорегенді  және  мутагенді  әсер  етеді.  Жұмыстың  мақсатына  келсек,  зымыран-тасығыштың  құлаған 
ауданының жерінің күйін және токсинді бейсимметриялық екі метилгидразин төгілген топырақтың микрофлорасын 
зерттеу. Зымыран  тасығыштың құлаған аумағының топырағының зерттеу үшін  белгілі бір территория алынған,  ол  
«ҚА 15, 25» деген атауы бар (құлаған ауданы) және 50-52 км оңтүстікпен  оңтүстік-батысқа  қарай яғни, Қазақстан 
Республикасының  Қарағанды  облысы  Ұлытау  ауданы  Қарсақпай  ауылында  орналасқан.  Аумақта  Қалмаққырған 
бассейнінің  оң  жағалауы  мен  Дүйсембай  бассейнінің  ортаңғы  бөлігі  орналсқан.  Зерттеуде  топырақ-
микробиологиялық  әдістер  қолданылған.«ҚА  15,25»  жерлерінің  ландшафты  техногенді    ластануларға  түрлі 
тәсілдермен  барынша  қарсыласып,  өзін-өзі  тазартумен  келеді.  Топырақтың  үстіңгі  қабаты  термиялық  әсерді,  ал 
техногенезден  болатын  керек  емес  заттар  топыраққа  техногендік  элементтерді  жинақтайды,  ол  топырақтың 
құнарлылығын жойып, рН  ортасын өзгертеді. Топырақтың құрылымын өзгертеді. Топырақтың құрылымы өзгерсе, 
ол ылғалды ұстау қабілетінен айырылады, яғни топырақтың шұғыл ауа мен су режимі өзгереді. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет