4-сұрақ. Таза суды қалай аламыз, қолданылуы?
Жауабы: Су тазартқыш станция арқылы: 1-өзен; 2- су тұндырғыш хауыз; 3- құдық; 4- сүзгі; 5-ең
басты насос; 6-суды хлорлайтын қондырғы; 7- су айдауш мұнара; 8-қалаға баратын су құбыры.
Су барлық шаруашылық саласында, тұрмыста, өнеркəсіпте кең қолданылады. Судың ролі орасан
зор жəне алуан түрлі.
1т бидай өсіруге 1500т су, ал 1т мақта өсіруге 10000т су жұмсалады. «Судың да сұрауы бар!»
5-сұрақ. Ерітінділер дегеніміз не?
Жауабы: Еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын жəне өзара бір-бірімен физикалық-
химиялық əсерлесетін біртекті жүйе.
6-сұрақ. Ерітінді түрлері, заттардың ерігіштігі?
Жауабы: Берілген температурада одан əрі ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан əрі ери алатын
ерітінді қанықпаған деп аталады. Заттардың ерігіштігі əр түрлі, кебіреулері суда жақсы ериді, аз ериді,
ерімейді. Мұны ерігіштік кестесінен көре аласындар. Алдағы уақытта керек болады.
7-сұрақ. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі?
Жауабы: Еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы болып табылады: ω=m
1(еріген зат)
/
m
2(ерітінді)
· 100%
Осымен, оқушылар, үй тапсырмасына арналған сұрақтар бітті, енді жаңа тақырыпты бастайық.
3.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Сендер судың химиялық қасиетін оқығанда негіздермен
танысқан болатынсыңдар. Олар судың белсенді металдармен немесе олардың оксидтерімен əректтесуі
нəтижесінде түзіледі. Мысалы, натрий гидроксиді NaOH, кальций гидроксиді Ca(OH)
2
, литий гидроксиді
LiOH. Негіздердің бəрінің құрамында ортақ гидроксотоп –ОН бар. Сондықтан негіздерге мынадай
анықтама беріледі: Негіздер – құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан металл
атомы кіретін күрделі заттар.
Негіздердің формуласына сай халықаралық жүйе бойынша атаулары металл атынан басталып,
жақша ішіне оның валенттілігі рим сандарымен көрсетіледі, одан соң гидроксид деген сөз қосылады.
Гидроксотоп бір валентті. Сондықтан негіздердің химиялық формулаларын құру үшін негіз
құрамындағы гидроксотоптың саны металдың валенттігіне тең етіп алынады. Мысалы: калий гидроксиді
КОН, магний гидроксидіMg(OH)
2
, алюминий гидроксиді Al(OH)
3
. Бұл атауларды негіздердің
құрамындағы гидроксотоп санына орай былайша атауға болады: магний дигидроксиді, калий
гидроксиді, алюминий тригидроксиді.
Негіздердің жіктелуіне келетін болсақ, негіздер суда ерігіштігіне қарай суда еритін (сілтілер)
жəне суда ерімейтін болып бөлінеді.
Сілтілердің өздері сілтілік жəне сілтілік-жер металдар болады.
I-ші топтағы негізгі топшаның элементтері Li, Na, K, Rb, Cs, Fr. Олардың əрбірі Д.И. Менделеев
жүйесіндегі периодтың бірінші элементі болады жəне атомының сыртқы қабатында бір электроны ns
1
бар. Бұл элементтерді сілтілік деп атайды, өйткені олардың жалпы формуласы Ме
2
О болатын оксидтері
сумен əрекеттескен кезде күшті электролиттерді-сілтілерді МеОН түзеді. Сілтілік металдар өзінің
жоғары химиялық белсенділігі салдарынан табиғатта тек химиялық қосылыстар түрінде ғана кездеседі.
II -ші топтағы негізгі топшаның элементтері Be, Mg жəне сілтілік жер (Ca, Sr, Ba, Ra). Бұл
элементтер сыртқы электрондық қабатында екі электроннан болады ns
2
. Сілтілік жер металдар деп аталу
себебі сол, ол оның оксидтері сумен сілті түзеді, ал осы оксидтері сумен сілті түзеді, ал осы оксидтер өте
қиын болғандықтан ертеректе оны жер деп атаған.
Суда еритін (сілітілерге) – LiOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH – суда өте жақсы ериді, Ba(OH)
2
жақсы ериді, Ca(OH)
2
аз ериді.
Суда ерімейтін негіздерге – Cu(OH)
2
, Fe(OH)
3
, Zn(OН)
2
жəне т.б.
Барлық сілітілер: натрий гидроксді NaOH, барий гидроксиді Ba(OH)
2
, кальций гидроксиді
Ca(OH)
2
– ақ түсті қатты затар, суда ерігенде сабын сияқты болып білінеді. Олар матаны, теріні, қағазды
күйдіреді. Сондықтан да олар күйдіргіш сілтілер деп аталады. Күйдіргіш сілтілермен жұмыс жасағанда
өте сақ болу керек.
Суда еріген сілтілер индикаторлардың түсін өзгертеді. Индикаторлардың көмегімен ортаның
қышқылдығы мен сілтілігін ғана емес, бейтараптығын да анықтауға болады.
Сонымен, негіздер дегеніміз – құрамында металл атомдары гидроксотоппен қосылған күрделі
заттар.
Негіздердің химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы.
Негіздер бір-бірімен қасиеттері жағынан ұқсас. Еритін жəне ерімейтін негіздердің басты қасиеті-
олар қышқылдармен əрекеттесіп тұз жəне су түзеді.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
110
1.
Негіздердің қышқылдармен əрекеттесуі.
Қышқыл мен сілтінің арасында реакция жүретінін əрі оның аяқталғанын индикатор түсінің
өзгеруіне қарап білеміз. Мысалы, натрий гидроксидінің ерітіндісі құйылған стақанға күлгін түсті лакмус
қағазын салсақ, ол көгереді. Бұдан соң өлшеуірден тұз қышқылын тамшылатып құямыз.
Тұз қышқылын лакмус қағазы күлгін түске ауысқанша қосамыз. Нəтижесінде ерітінді
бейтараптанады, яғни онда сілті де, қышқыл да жоқ екенін байқаймыз. Алынған ерітіндіні суалтқанда
қатты зат натрий хлориді NaCl ғана қалады. NaOH + HCl → NaCl + H
2
O
Суда ерімейтін негіздер де қышқылдармен əрекеттеседі, мəселен, мыс (II) гидроксидінің көгілдір
тұнбасы тұз қышқылында еріп кетеді.
Ерітіндіні салқындатқанда, қатты күйдегі мыс (II) хлориді бөлініп шығады. Реакция нəтижесінде
тұз жəне су түзіледі:
Cu(OH)
2
+ 2HCl → CuCl
2
+ H
2
O
Тұз жəне су түзе жүретін қышқыл мен негіз арасындағы реакцияны бейтараптану дейді.
Бейтараптану реакциясы қышқылдарға да , негіздерге де тəн реакция:
Ca(OH)
2
+ 2HCl → CaCl
2
+ 2H
2
O
Fe(OH)
3
+ 3HCl → FeCl
3
+ 3H
2
O
2.
Сілтілердің қышқылдық оксидтермен əрекеттесуі.
Түссіз əк суы Ca(OH)
2
ерітіндісімен көміртек (IV) оксидін СО
2
өткізсе, ол лайланады, себебі
нəтижесінде тұз жəне су түзілетін реакция жүреді:
Ca(OH)
2
+ СО
2
→ CaСО
3
↓ + H
2
O
3.
Сілтілердің тұздармен əрекеттесуі.
Сілтілер тұздармен əрекеттескенде суда ерімейтін негіз түзіледі:
2NaOH + CuSO
4
→ Cu(OH)
2
↓ + Na
2
SO
4
Суда ерімейтін негіздер тұздармен əрекеттеспейді. Оларды қыздырғанда ыдырайды. Мысалы,
көк түсті мыс (II) гидроксидін қыздырғанда қара түсті мыс (II) оксиді жəне су пайда болады:
Cu(OH)
2
→ CuO + H
2
O
Тағы бір суда ерімейтін негіздің ыдырауын қарастырамыз: темір (III) гидроксидін қыздырғанда
темір (III) оксидін түзе ыдырайды:
2 Fe(OH)
3
→ Fe
2
O
3
+ 3H
2
O
Сонымен, негіздердің химиялық қасиеттерін қарастырдық.
Енді негіздердің қолданылуымен танысайық. Негіздердің практикалық маңызы зор. Əсіресе,
сілтілер кеңінен қолданылады. Атап айта кететін болсақ:
Натрий гидроксиді (NaOH) – (каустикалық сода) суда жақсы еритін күшті сілті. Қатты түрдегі
ол түссіз инелі кристалды масса, ылғал тартқыш. Оның кептіргіш ретінде қолданылуы осы қасиетіне
негізделген. CaСО
3
-н сөндірілген ізбес пен соданың Na
2
СО
3
арасындағы əрекеттесу реакциясымен
Na
2
СО
3
+ Ca(OH)
2
→ 2NaOH + CaСО
3
↓
алады. Түзілген суда ерімейтін CaСО
3
-н сүзіп алып бөледі, ал NaOH ерітіндісін металдық
барабанға құяды, онда ол қатты массаға қатаяды. Осылайша өңделген сода күйдіргіш болады, оны
грекше каустика дейді. Сондықтан мұндай жолмен алынған NaOH-н каустикалық сода, қысқаша каустик
немесе күйдіргіш натр деп атайды. Ол сабын өндіруде, жібек, қағаз алуға, бензинді, керосинді жəне басқа
мұнай өнімдерін тазартуға, өнеркəсіптің басқа салаларына көп жұмсалады.
Калий гидроксиді (КОН) – сұйық жасыл сабын алу үшін, көптеген аналитикалық мақсаттар үшін
қолданылады, сілтілік аккумуляторларда пайдаланылады.
Кальций гидроксиді (Са(ОН)
2
) – (сөндірілген əк, ізбес) қаныққан ерітіндідегі Ca(OH)
2
жүзгінін
ізбесттік сүт деп атайды, ал оның мөлдір ерітіндісін ізбесті су делінеді. Мұны құрылыс жұмыстарында
көп қолданады, өйткені құм мен əктің қоспасы ең арзан байланыстыратын қоспа. Сөндірілген əк пен
тотияйнның қоспасы өсімдік зиянкестерімен күресуде көп қолданылады.
Сонымен қорыта келгенде, негіздер дегеніміз – құрамында металл атомдары гидроксотоппен
қосылған күрделі заттар. Негіздегі гидроксотоп саны металл валенттігімен анықталады. Суда еритін
негіздер, яғни, сілтілер белсенді металдар сумен əрекеттескенде түзіледі. Олардың күйдіргіш қасиеті бар.
Сілтілер мен суда ерімейтін негіздердің ортақ қасиеті – олар қышқылдармен бейтараптану
реакциясына түседі. Реакция нəтижесінде су жəне тұз түзіледі. Ерімейтін негіздерді қыздырғанда олар
оксид пен суға айырылады. Ал сілітілер айырылмайды, индикатордың түсін өзгертеді. Сілтілер
қышқылдық оксидтермен жəне тұздармен əрекеттеседі. Өнеркəсіпте, тұрмыста негіздер кеңінен
қолданылады.
Бекіту сұрақтарын қоймас бұрын, сендерге химиялық шумақтар оқып берейін:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж.
111
«Негіздер»
Негіздер де – күрделі заттардың бір өкілдері,
Құрамына бір немесе бірнеше гидроксил топ енеді.
Олармен байланысқан металл атомы да болады.
Сондықтан олар – металдардың гидроксиді
Металл гидроксидтері суда еритін (сілтілер)
Жəне суда ерімейтін негіздерге жіктеледі.
Сілтілер белсенді металдардың
Сумен əрекеттесуімен түзіледі.
Ерімейтін негіздер құрамына көбінде
Кəдімгі жағдайда сумен əрекеттеспейтін металдар енеді.
Негіздер ерітінділері лакмусты көкке,
Метилоранжды сары түске өзгертеді.
Негіздердің негізгі қасиеті –
Қышқылдармен əрекеттесіп тұз жəне су береді.
Реакция нəтижесінде қышқылдың да, негіздің де
Қасиеттері жойылып, олар бейтараптанады.
Сол себептен бұл реакция
Бейтараптану реакциясы деп аталады.
Бекіту сұрақтары
1- сұрақ.Негіз дегеніміз не?
Жауабы: Құрамында металл атомдары гидроксотоппен қосылған күрделі заттар.
2- сұрақ. Негіздер ерігіштігіне қарай қалай бөлінеді?
Жауабы: Суда еритін (сілтілер) жəне суда ерімейтін болып бөлінеді.
3- сұрақ. Сілтілермен жұмыс істегенде неліктен өте сақ болу керек?
Жауабы: Ол өте белсенді, күйдіргіш. Матаны, теріні, қағазды күйдіреді.
4- сұрақ. Индикаторлардың сілтілік ортадағы түстерін ата?
Жауабы: Лакмус – көк, фенолфталейн – таңқурай түсті, метиоранж – сары түсті болады.
5- сұрақ. Еритін жəне ерімейтін негіздердің басты ортақ қасиеті?
Жауабы: Олар қышқылдармен əрекеттесіп тұз жəне су түзеді.
6- сұрақ. Сілтілердің қолданылуы?
Жауабы: Сілтілер кең ауқымда қолданылады. NaOH – өнеркəсіпте каустикалық сода, күйдіргіш
натр деп атайды. Ол сабын өндіруде, жібек, қағаз алуға, бензинді, керосинді жəне басқа мұнай өнімдерін
тазартуға, өнеркəсіптің басқа салаларына көп жұмсалады.
КОН – сұйық сабын алу үшін жəне сілілік аккумуляторларда пайдаланылады.
Ca(OH)
2
- сөндірілген əк, құрылыс жұмыстарында көп қолданылады. Сөндірілген əк пен
тотияйынның қоспасы өсімдік зиянкестерімен күресуде көп қолданылады.
7- сұрақ. Сілтілік жəне сілтілік жер металдарға анықтама беріңіз?
Жауабы: Сілтілік металдар - олардың əрбірі Д.И. Менделеев жүйесіндегі периодтың бірінші
элементі болады жəне атомының сыртқы қабатында бір электроны ns
1
бар. Металдардың бұлай аталуы
олардың жалпы формуласы Ме
2
О болатын оксидтері сумен əрекеттескен кезде күшті электролитті
сілтілерді МеОН түзеді.
Сілтілік жер металдар – осылардың оксидтері сумен сілті түзеді, ал осы оксидтер өте қиын
балқығандықтан ертеректе оны жер деп атаған.
8- сұрақ. Бейтараптану реакциясы, индикаторлық ортадағы түстерін ата?
Жауабы: Тұз жəне су түзе жүретін қышқыл мен негіз арасындағы реакцияны бейтараптану
реакиясы деп атайды. Лакмуста – күлгін түсті, фенолфталеин – түссіз, метилоранжда – қызыл-сары түске
боялады.
Билеттер
№ 1 билет
1. Реакция теңдеуін аяқтаңыз:
Cu(OH)
2
→
2. 45г суда 5г ас тұзы ерітіндісіндегі натрий
хлоридінің массалық үлесі қандай?
№ 2 билет
1. Нəтижесінде кальций гидроксиді түзілетін
реакция теңдеуін анықта:
Ca
+ HCl →
СаО + H
3
РO
4
→
СО
2
+ СаО →
СаО + H
2
O →
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
112
2. Массасы 62 г натрий оксиді сумен
əрекеттескенде сілтінің қандай массасы жəне
қанша мөлшері түзілетінін есептеңіз.
№ 3 билет
1. Қайсы реакция теңдеуі жүреді?
2NaOH + CuSO
4
→
Fe(OH)
3
+ NaCl →
Неліктен? Түсіндір. Жүрмейтінді де.
2. Бір заттың 20% 100 г ерітіндісімен 50г 32%
ерітіндісі араластырылған. Алынған ерітіндідегі
заттың массалық үлесін табыңыз?
№ 4 билет
1. Кальций жəне калий гидроксидтерінің
қышқылдық оксидтермен реакция теңдеуін
жаз.
2. Тұздың 15% 200г ерітіндісін даярлау үшін
қанша тұз, қанша су қажет екенін есептеңдер.
Билеттерге жауаптар:
№ 1 билет
1. Cu(OH)
2
→ CuO + H
2
O
2. Берілгені: m
1
(H
2
O)=45 г; m
2
(тұз)=5 г. Табу керек ω-?
Шешуі:
m
ер.
=45+5=50 г
ω=m
1(еріген зат)
/ m
2(ерітінді )
· 100%
ω=5/50·100%=10%
Жауабы: ω=10%
№ 2 билет
1. СаО + H
2
O → Ca(OH)
2
2. Берілгені: m (Na
2
О)=62 г. Табу керек ω-? m(NаОН)-?
Шешуі:
Na
2
О + H
2
O → 2NаОН
М(Na
2
О)= 22·2+16=60
М(NaОН)= 22·2+16+1=78
62 ——— х
60 ——— 78
х = 62·78/60=80,6 г
ω=m
1(еріген зат)
/ m
2(ерітінді )
· 100%
ω= 62/80,6·100% = 76,9%
Жауабы: ω= 76,9%,
m=80,6 г
№ 3 билет
1. 2NaOH + CuSO
4
→ Cu(OH)
2
↓ + Na
2
SO
4
жүреді,
2Fe(OH)
3
+HCl → жүрмейді. Себебі, ерімейтін негіздер тұздармен əрекеттеспейді.
2. Берілгені: m
1
=100 г; ω
l
=20%; m
2
= 50 г; ω
2
= 32%. Табу керек ω-?
Шешуі:
ω= m
1
· ω
l
+ m
2
· ω
2
/ m
1
+ m
2
· 100%
ω= 100 · 20 + 50 · 32 / 100 + 50 ·100% = 24%
Жауабы: ω= 24%
№ 4 билет
1. Ca(OH)
2
+ СО
2
→ CaСО
3
↓ + H
2
O
2KOH + SO
2
→ K
2
SO
3
+ H
2
O
2.
ω = m
1(еріген зат)
/ m
2(ерітінді )
· 100% осыдан
m
1(еріген зат)
= 15 · 200 / 100 = 30 г
m(H
2
O) = m
2(ерітінді )
- m
1(еріген зат)
= 200 - 30 = 170 г су
Жауабы: 30 г тұз, 170 г су
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж.
113
Қосымша реакциялар мен есептеулер.
1. Мыналардың: а) мыс (II) гидроксидінің; б) темір (III) гидроксидінің + алюминий гидроксидінің
айырылу реакциясының теңдеулерін жаз.
Cu(OH)
2
→ CuO + H
2
O
2 Fe(OH)
3
→ Fe
2
O
3
+ 3H
2
O
Al(OH)
3
→
Al
2
O
3
+ 3H
2
O
2. Кальций гидроксиді төмендегі заттардың:
СО
2
, CuO, HNO
3
, NaOH қайсысымен əрекеттеседі? Тиісті химиялық реакция теңдеулерін жаз.
Ca(OH)
2
+ СО
2
→ CaСО
3
↓ + H
2
O
Ca(OH)
2
+ 2HNO
3
→ Ca(NO
3
)
2
+ H
2
O
3. Берілген химиялық реакция теңдеулерін аяқта?
А) NaОН + HNO
3
→ NaNO
3
+ H
2
O
Б) Cu(OH)
2
+ 2HCl → CuCl
2
+ H
2
O
В) Cu(OH)
2
→ CuO + H
2
O
Г) 2 Fe(OH)
3
→ Fe
2
O
3
+ 3H
2
O
Д) 2NaОН + СО
2
→ Na
2
СО
3
+ H
2
O
Е) ... + ... → КОН + H
2
Ж) 2NaОН + ... → Na
2
SO
4
+ H
2
O
З) ... + 2H
2
O → Ca(OH)
2
+ ...
4. Мына заттардың: а) натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы; б) темірдің (II) гидроксиді мен азот
қышқылы арасындағы бейтараптану реакциясының теңдеулерін жазып, тұздарды атаңдар.
2NaOH + Н
2
SO
4
→ Na
2
SO
4
+ 2H
2
O
Натрий сульфаты
Fe(OH)
2
+ 2HNO
3
→ Fe(NO
3
)
2
+ 2H
2
O
Темір нитраты
Оқушыларға түсіндіру есебі
Мысалы: 60 г суға 20 г қант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесін (%) табыңдар. Алдымен ерітіндінің
массасын табамыз.
m
(ер)
= m(H
2
O) + m
(е.з)
= 60 + 20 = 80 г
ω = m
(еріген зат)
/ m
(ерітінді )
· 100%
ω = 20 / 80 · 100 % = 25%
1. Ерітіндінің 500г массасы берілген. Ондағы күйдіргіш натрдың массалық үлесі ω = 0,2. Осы ерітіндіні
буландырғанда қанша құрғақ тұз алынады?
Жауабы:
ω = m
(еріген зат)
/ m
(ерітінді )
· 100%
Бұдан m
(еріген зат )
= m
(ерітінді )
· ω = 500 · 0,2 = 100 г тұз
2. Еріген заттың массалық үлесі ω = 0,3 болып келетін ерітіндінің 200г массасына 100г су қосылған.
Пайда болған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар?
Жауабы:
Алдымен 200г ерітіндідегі еріген заттың массасын тауып аламыз:
m
(еріген зат )
= m
(ерітінді )
· ω = 200 · 0,3 = 60 г
Енді су қосылғаннан кейінгі жаңа ерітіндінің массасын табамыз:
m
(ерітінді )
= 200 + 100 = 300г
Ондағы еріген заттың массалық үлесі:
ω = m
(еріген зат)
/ m
(ерітінді )
=60/300=0,2 немесе 20%
3. Төменде формулалары берілген қосылыстарды олардың құрамындағы темірдің массалық үлесінің
өсуіне сай қатарға орналастырыңыздар: а) Fe
3
O
4
; б) Fe(ОН)
3
; в) FeSO
4
; г) FeO; д) Fe
2
O
3
.
Жауабы: кестеден атомдық массаларын көріп, есептейміз.
Ar (Fe) = 55,847; Ar (О) = 15,999; Ar (Н) = 1,008; Ar (S) = 32,064.
А) ω(Fe) = 3Ar(Fe)/ M(Fe
3
O
4
) = 167,541/231,537=0,7236 немесе 72,36%
Б) ω(Fe) = Ar(Fe)/ M(Fe(ОН)
3
) = 55,847/106,868=0,5226 немесе 52,26%
В) ω(Fe) = Ar(Fe)/ M(FeSO
4
) = 55,847/151,907=0,3676 немесе 36,76%
Г) ω(Fe) = Ar(Fe)/ M(FeO) = 55,847/71,846=0,7773 немесе 77,73%
Д) ω(Fe) = Ar(Fe)/ M(Fe
2
O
3
) = 116,694/164,691=0,7086 немесе 70,86%
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
114
Резюме
В статье предложено обучение темы: “Основания” из раздела “Важнейшие классы неорганических
соединений”. Реализация темы предусматривает самостоятельное усвоение учащимися новых знаний.
Определены цели обучения, форма контроля, за качеством усвоения учебного материала и освоения
способов учебной деятельности.
Summary
In article theme training is offered: "Bases" from section “Major classes of inorganic connections”. Theme
realization provides independent mastering by pupils of new knowledge. Training definite purposes, the control
form, behind quality of mastering of a teaching material and development of ways of educational activity.
ƏОЖ 37.02
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ХИМИЯ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Б.С. Имангалиева - п.ғ.к., доцент,
Ж.Б. Назарбаева - «химия» мамандығының 4-курс студенті
Техникамен қаруланған жəне энергияның ауқымды мөлшерін пайдаланатын қазіргі замандағы
адамзат баласы Жердің табиғатына əсер етуші өте берік күшті көрсетеді. Егер бұл əсер етулер табиғат
заңдарын ескермесе жəне миллион жылдық байланыстар негізінде құрылған табиғат заңдарын бұзатын
болса, апаттық жағдайлар туындайды. Адамдар өздерінің іс-əрекеттерінен туындаған табиғи апаттардың
толықтай қатарымен бетпе-бет келіп те үлгерді. Бұлар «озон қабатының жұқаруы», «жылу эффектісі»,
барлық құрлықтардағы ормандарды көптеп жою, өсімдіктер мен жануарлардың мыңдаған түрлерінің
жоғалып кетуі, қоқыс тастайтын жерлердегі өнеркəсіптік қалдықтардың жинақталуы жəне тағы да
басқалар(1).
Химиялық білімнің гуманизациясы бастапқы ұғымдар мен заңдарды меңгеру қатарынан
көрінеді, ол гуманистік идеалдарды, рухани, адамгершілік құндылықтарды дамытуы керек. Есептерді
шығарудағы потенциалдық мүмкіншіліктер мектептегі химия курсының мазмұнына енгізілген(2,3).
Заманауи мектептерде химиялық білімнің мазмұнына химиялық жəне экологиялық білімге
дидактикалық интеграцияланған сəйкестік арқылы аумақтық кешенді енгізу мəселесі өзекті болып
табылады.
Жер шарындағы шаруашылықты экологиялық сауатты жүргізу үшін көп нəрсені білу қажет:
жеке ағзалар мекен ету ортасына қалай əсер етуінен бастап, тірі табиғат пен оның адамзат қоғамындағы
орнының жалпы планеталық байланыс түсінігіне дейін барлығын білу қажет.
Экологиялық білімге ие болу мəселесі жалпы білім беру мекемелерінде «экология» пəніне
кіріспе арқылы, сондай-ақ мектеп пəндерін экологияландыру арқылы шешіледі.
Химия сабағында мұғалім көптеген экологиялық мəселелерді көтереді, олардың шешілуі
мүмкін болатын жолдарын оқушылармен бірге талқылайды.
Төменде химия курстарының сəйкес келетін бөлімдерінде, сондай-ақ бейорганикалық жəне
органикалық химия курстарын оқып аяқтаудағы білімді бекіту мен талдау кезіндегі қорытынды
сабақтарда шешуге болатын есептерді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |