1.Национальный План Действий по Охране окружающей среды для устойчивого развития -
МПРООС, НЭЦУР, 1999.
2. Информационные материалы РГП «Казгидромет» по состоянию окружающей среды
Республики Казахстан на 2001-2005 г.
3. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане:серия публикаций ПРООН
Казахстан № UNDPKAZ 06.- Алматы, 2004. - 211 с.
Түйін
Бапта орнықты экономикалық өсуінде жəне тұрғындарының денсаулығына терiс ықпал ететiн
өнеркəсiптiк өндiрiстiң əр түрлi салаларының, су Қазақстан қорларының ластауының мəселелері қаралып
шыққан. Сақтау жəне суаттардың тазалығының қалпына келтiрілуі үшiн шаралары тура келедi жəне суды
пайдаланудағы экономикалық тетiктiң əбден жетiлдiруi бойынша.
Summary
The paper considers the problem of pollution of water resources of Kazakhstan by various sectors of
industrial production, which negatively affects the sustained economic growth and health. Activities are to
preserve and restore the waters and to improve the economic mechanism of water.
improvement of economic mechanisms for water use.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж.
77
ƏОЖ. 591.631
АВТОКӨЛІКТЕРДЕН БӨЛІНЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ƏСЕРІ
А.М. Бабашев – ҚазҰПУ-дың профессоры,
С.М. Бабаева – ҚазҰПУ-дың студенті
Анотация: Жұмыстың құндылығы автокөліктерден бөлінетін заттардың организмге əсерін
көрсетіп, автокөліктердің қоршаған ортаны ластауын азайту мақсатында қолданылатын
шараларды ұсынады.
Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға беттеп келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына
түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып əлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да, жылдан-
жылға артып барады.
Бүгін біз басқа елдермен көкейтесті проблемалардың кең ауқымын шешуде ынтымақтасып
отырмыз. Осы проблемалар ішінде негізгі бірі ол экологиялық мəселелер.
Энергетика, автотранспорт жəне автокөліктердің даму сатысында, көмір, мұнай жəне газды
қажет етеді. Бірақ қазіргі уақытта жыл сайын жандыратын химиялық жанармай саны көбейіп кетті,
сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы артып бара жатыр. Қоршаған ортаға кері əсер ететін
жылу машиналары бірнеше факторлармен байланысты.
Біріншіден, жанармай жанғанда атмосферадан алынатын оттегі қолданылады. Сондықтан
атмосферадағы оттегі құрамы кемейіп бара жатыр.
Екіншіден, жанармай жанғаннан кейін атмосфераға көмірқышқыл газы шығарылады. Жердің
атмосферасының құрамына қазіргі уақытта 2600 млд. тонна көмірқышқыл газы кіреді.(0,033%).
Энергетика мен транспорт дамуына дейін атмосферада фотосинтез өсімдіктері мен мұхитта еритін
көмірқышқыл газ құрамы, демалған кездегі бөлінетін көмірқышқыл газымен тең болған. Бірақ содан
кейін осы баланс бұзылған. Қазіргі уақытта көмір, мұнай жəне газды жандыру арқылы жердің атмосфера
қабатына жыл сайын 20 млд.тоннаға жуық көмірқышқыл газ бөлініп шығады. Осы жағдай
атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясын арттырады. СО
2
молекулалары инфрақызыл
сəулелерін жұтуға бейімделген. Көмірқышқыл газдың концентрациясының жоғарлауы температураның
көтерілеуіне себепші болады
Жердің Атмосферсы - бұл жерді қоршап тұрған жəне жермен бірге айналатын ауа қабаты. Ауа
қабаттары жоғарылаған сайын, тығыздық пен массасы тез төмендейді, жер бетінен 20 км биіктікте 1
метр куб ауа массасы 90г, ал 40 км биіктікте - 4г.
Атмосфераның газдық құрамы жердің үстінгі ауа қабаттарында 78,1%, азот 21%, көмір қышқыл
газы 0,03%, аргон, сутек пен инертті газдар аздап кездеседі.
Атмосфераның астындағы ауа қабатыда 20 км биіктікте су буы, газдар (Жердің үстінгі тропик
ауа қабаттарында-3%, Антарктидада 2*10
-5
%
дейін ) кездеседі. Су буының саны биіктеген сайын тез
азаяды.
Газдық құрамы 100-110 км-ге дейін өзгермейді. Биіктей бергенмен ауа құрамы сақталады, бірақ
ультракүлгін сəулелердің əсерінен молекулалық оттегі атомдарға бөлшектенеді, ал 200 км биіктікте азот
атомдарға бөлшектенеді.
N
2
O
2
O
3
N
2
O
2
N
2
O
2
O
N
O
N
O
N
O
0
50
100
150
200
250
Азот-газ, ауа құрамының негізі, жанбайды жəне тыныс алуға болмайды, бірақ өсімдіктердің
өсуіне қажет, ал олар адамдар мен жануарлар өмірі үшін қажет. Азотты жер қыртысындағы
микроорганизмдер шығарады.
Оттегі - өмір үшін қажетті ең негізгі компонент. Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі бөлігі
болып табылады,
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
78
Оттегі өсімдіктердегі фотосинтез процесі арқылы бөлінеді, жылына 100 млрд. тонна. Оттектің
көбін фитопланктон бөледі, бұл атмосфераның 70% құрайды. Жер бетіндегі өсімдіктер арқылы оттегінің
толық жаңалануына 5200-5800 жыл қажет [9].
Табиғатта милиондаған жылдар бойы жиналған оттегі атмосфераның 21% құрайды, бұл өте көп,
бірақ қазір оның қоры азаюда оның басты себебі шаруашылық.Оттегінің табиғи қорының азаюның басты
себептерінің бірі бұл жердің өсімдіктер мен ағаштарының жойылуына байланысты
Атмосфераны ластастайтын негізгі көзіне автокөліктер жатады. Мысалы: барлық шығарылған
қалдықтар 11563 мың тонна болса, оның 10 955 мың тоннасын ( 94,7% ) автокөліктер шығарады, [12].
Энергетика, автотранспорт жəне автокөліктердің даму сатысында, көмір, мұнай жəне газды
қажет етеді. Бірақ қазіргі уақытта жыл сайын жандыратын химиялық жанармай саны көбейіп кетті,
сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы артып бара жатыр. Қоршаған ортаға кері əсер ететін
жылу машиналары бірнеше факторлармен байланысты.
Біріншіден, жанармай жанғанда атмосферадан алынатын оттегі қолданылады. Сондықтан
атмосферадағы оттегі құрамы кемейіп бара жатыр.
Екіншіден, жанармай жанғаннан кейін атмосфераға көмірқышқыл газы шығарылады. Жердің
атмосферасына қазіргі уақытта 2600 млрд тонна көмірқышқыл газы кіреді. Энергетика мен транспорт
дамуына дейін атмосферадан фотосинтез өсімдіктері мен мұхитта еритін көмірқышқыл газ құрамы,
демалған кездегі бөлінетін көмірқышқыл газымен тең болған. Бірақ содан кейін осы баланс бұзылған.
Атмосфера қабатының биіктігіне байланысты зиянды заттардың көлемі
Осы жағдай атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясын жоғарлатады. СО
2
молекулалары инфрақызыл сəулелерін жұтуға бейімделген. Сондықтан көмірқышқыл газы атмосфера
тазалығын,
мөлдірлігін
өзгертеді.
Көмірқышқыл
газының
концентрациясының
жоғарлауы
температураның көтерілуіне себепші болмақ. Температураның жоғарлауы əр түрлі жағдайларға əкелуі
мүмкін.
Атмосфераның ластануына негізінен транспорт кінəлі. Көмір оксиді мен азот қосылыстарынан
басқа, автокөліктер жыл сайын атмосфераға 2-3 млн.тонна қорғасын шығарады. Қоршаған ортаның
ластануын азайту үшін, жанармай ішіндегі қорғасын қосылыстары болмайтын отындарды қолдану
немесе бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың орнына электрқозғалтқыштар жəне бензиннің
орнына жанармай ретінде сутегін қолдану тиімді [3].
Бір автокөліктен 1кг отын жанғанда бөлінетін улы заттардың көрсеткіші
Карбюраторлы
қозғалтқыш
Дизельді қозғалтқыш
Бөлініп шыққан
газдардың негізгі
компоненттері
г
%
г
%
Көмірқышқыл оксиді 225
73,8
25
25,5
Азот оксиді
55
18,1
38
38,8
Сутекті көміртегі 20
6.6
8
8,2
Күкірт оксиді
2
0,7
21
21,4
Альдегидтер 1
0,3
1
1,0
Күйе
1,5
0,5
5
5,1
Барлығы
304,5
100
98
100
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж.
79
Зиянды заттардың атмосфераға шығатыннан басқа, энергетикалық жағынан да табиғатқа
əсері
Қозғалтқыштардан жылудың бөлінуі, қоршаған ортадағы температураға əсер етеді.
Қозғалтқыштардан бөлінген жылу қоршаған ортаның температурасын 5
о
С көтереді. Осындай жағдай
гидросфера қабатына əсер тигізеді жəне көл мен өзендердің режимін өзгертеді, яғни бұзады. Сондықтан
жылу электростанциялар жанында салқындатқыш су қоймалары салынады [10 ].
Қозғалтқыштардың дұрыс реттелмеген корбюраторы мен қыздырғандағы шыққан газдар 2-3 есе
көп мөлшерде көмірқышқыл газын шығарады [6].
Іштен жану кезіндегі қозғалтқышта жанған отыннан шығатын газдар 200 компонентен тұрады
[11].
Іштен жануға қолданатын жанар – жағар майды мұнайдан алады. Карбюраторлы қозғалтқыш,
мұнай өнімінің жеңіл фракциясы - бензинмен жұмыс істейді. Оның құрамы (C
5
– C
12
) көмірсутектерінен
тұрады. Бензин құрамындағы көмірсутектердің ауамен қоспасы поршеньге ұрылып, қопарылыс береді.
Бұл құбылысты детонация деп атайды. Ол қозғалтқыштың уақытынан бұрын қызып, тозып кетуіне
əкеледі. Бензиннің детонацияға төзімділігін октан санымен анықтайды, ал ол сан неғұрлым үлкен болса
детонацияға төзімділігі жоғары болады. Бензин маркалары: Аи – 80, Аи – 93, Аи – 96 т.б. Бензин
жанғанда қорғасын жəне қорғасын (II) оксиді бөлшектері түзіледі. Бұл бензин өте улы, нерв жүйелеріне
əсер етіп, созылмалы ауыр науқасқа ұшыртады. Дизельді отын – бензинге қарағанда ауыр мұнай өнімі,
техникада соляр майы, тұрмыста солярка деп аталады. Соляр майын анықтайтын цетан саны,
қозғалтқыштар дұрыс қалыпты жұмыс істеуі үшін цетан саны 45 – 55 болатын солярка қолданылады, [3].
Автокөліктерден шығатын газдардың əсері. Бұл газдар өздерінің құрамымен, қасиетімен жəне
адамның организміне тигізетін əсерімен топтарға бөлінеді .
І-ші топ: Бұл топқа улы емес заттар енеді : азот, сутегі, оттегі,су буы жəне көмірқышқыл газы.
Бұлардың соңғысы, көмірқышқыл газы, ерекше жылыжай эффектісіне əсер етеді .
ІІ-ші топ: Бұл топқа бір зат жатады, ол көміртегінің диоксиді немесе улы газ (CO). Оның
гемоглобинмен реакцияға түсе алатын мүмкіндігі бар жəне оттегінің байланысуына кері əсер тигізетін
карбоксигемоглобиннің түзілуін туғызады. Көміртегінің диоксиді (CO
2
) əсерінен организмнің барлық
функциясы бұзылады да, оттегі жетіспейтін гиопксия туындайды.
ІІІ -ші топ: Бұл топқа азот оксиді (NO) мен диоксиді (NO
2
) жатады. Бұл газ іштен жанатын
қозғалтқыштың ішінде 2800
0
С қызу жəне 1кГк/см
2
қысым пайда болады. Адамға ол өте зиянды, азот
диоксиді ылғалды бетпен əсерлескенде азот қышқылы пайда болады, ал ол болса шырышты қабыққа,
мұрынға, өкпенің қауыршығына əсер етеді. Азот оксидінің жоғарғы концентрациясында (0,004-0,008 %)
өкпеде ісік пайда болады, адамдарды жүрек ауруларына, ішек қарын жолының ауруына əкеледі.
Азот оксидінің екінші реакциясында адам организімінде нитриттер пайда болады, оларға қанға
сіңіп, улануға себепші болады. Бұл гемоглобинді метагемоглобинге айналдырып, жүрек қызметінің
бұзылуына əкеліп соғады. Азот оксиді өсімдіктерге де кері əсерін тигізеді, жапырақтардың бетінде
азот ертіндісін жəне азот қышқылын түзейді .
ІV -ші топ: Бұл топқа əр түрлі көмірсутегі (C H) енеді . Қорытылған газдарда бұлардың 160
компоненті болады, олар қозғалтқышта отынның толық жанбауынан пайда болады. Бұл
қозғалтқыштың жану камерасында жұмысы кезіндегі қоспаның кеш от алуынан жəне төмен
температурадан пайда болады.
Көмірсутегі улы жəне ол адамның жүрек қызметінің бұзылуына əкеліп соғады. Бұл газдың
канцерогендік қасиеті бар, ол қатерлі ісіктің пайда болуына жəне дамуына себепші болады[12,17].
V -ші топты альдегидтар – органикалық қосылыстары құрайды. Қорытылған газдарда
формальдегид, акролеин жəне сіркесу альдегиді сияқты түрлері, қозғалтқыштың бос жүрісінен, аз
қуатынан жəне отынның төменгі температурада жануынан бөлінеді.
Формальдегид – түссіз, жағымсыз иісті, ауадан ауыр, суда тез еритін газ. Ол адамдардың тыныс
жолына жəне орталық нерв жүйесіне əсер етеді
VІ -ші топ: Бұл топтың құрамына күйе жəне басқа шашыранды бөлшектер (қозғалтқыштардың
тозық бөлшектері, аэрозольдар, жанармайдың күйіктері) жатады. Күйе қара түсті көміртегі қатты
бөлшегі, əдетте отындағы көміртегінің толық жанбауынан жəне ыдырамауынан пайда болады. Ол
адамның денсаулығына тікелей əсер етпейді, бірақ тыныс жолдарын тітіркендіреді. Күйенің үлкен зияны,
оның бетінде бензапиреннің пайда болуы .
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
80
VІІ -ші топ: Бұл топқа күкірт қоспалары - неорганикалық газдар, күкірт ангидриді,
қозғалтқыштан шыққан пайданылған газ құрамындағы болатын көміртекті күкірт кіреді.
Көбіне күкірт басқа отындарға қарағанда дизельді отындардың құрамында көбірек болады. 1996
жыл қабылданған Европалық стандарт бойынша дизельдік отындардың құрамындағы күкірт 0,005 г/л, ал
россия стандарты бойынша 1,7 г/л -дан артпауы керек. Күкірт қоспалары - иісі өткір, ауадан ауыр, суда
еритін болады. Тамақтың, көздің, мұрынның шырышты қабықтарына əсер етеді. Жоғарғы
концентрацияда (0,01%) ағзаның улануына əкеп соғады. Сонымен қатар күкірт ангидриді өсімдіктерді
жояды .
VІІІ -ші топ: Бұл топтың компонентіне - қорғасын жəне оның қоспалары енеді. Октандық саны
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бензин детонацияға қарсы күшті тұра алады. Қорғасын қан
ауруларын тудырады, бүйрек функцияларын нашарлатады, нерв жүйесін күйзелтеді, белоктар түзілуіне,
тұқым қуалаушылыққа əсер етеді. Сондықтан дамыған елдерде этил бензинін қолдануға тиым салынған.
Оксидтері бу түрінде сыртқа шығып жол жағаларын да ластайды[12,18].
Автокөліктердің қоршаған ортаны ластауын азайту мақсатында қолданылатын шаралар
1.Конструкторлы - техникалық шара.
Ол келесі бағыттарға бөлінеді. Қозғалтқыштардың үнемділігін арттыру, конструкцияның
массасын азайту, қозғалыстың кедергісін азайту, шыққан газдардың улылығын кеміту, экологиялық таза
отындарды қолдану, энергияның аралас көздерін қолдану[11].
Қазіргі кездегі карбюраторлар автоматты қосу жəне қыздыру бөлшектермен жабдықталған. Бұл
қозғалтқыштарды қосу жəне қыздыру кезінде температуралық ережені дұрыс сақтау отынды азайтуға
жағдай жасайды[14].
Автокөліктердің соңғы модельдерінің қозғалтқыштарында форакамерлі - шырақтан оталуы
қолданылады. Бұл тəсілде жану қоспасы қозғалтқыштардың жану камерасында толық жанып болмаған
қалдықтардың шырағынан от алады. Бұл отынның жұмсалуын 8-10 % азайтады, шыққан газдардың
құрамындағы азот оксидін, көміртегін жəне сутекті көміртегін кемітеді. Қазіргі кездегі тағы бір дұрыс
шешім, қозғалтқыштың жұмысының барлық режимінде жеке цилиндрде нақты мөлшерде отынды
бүркудің электрондық жүйесін қолдану. Нəтижесінде аз отын жұмсалады жəне бөлініп шыққан
газдардың улылығы азаяды. Бұл тəсілді қолдану қозғалтқыштардың қуатын 10-12 % арттырады жəне
отын жұмсалуын 8-9 %-ке кемітеді. Карбюраторлы қозғалтқыштарда, алдын ала оталудың автоматты
реттеуішін қолдану арқылы, отынды үнемдеуге болады. Сонымен қатар, кең диапазонды көтеріңкі қуат
үшін оталудың микропроцессорлы жүйесі қолданылады. Отынды үнемдеу үшін де дизельді
қозғалтқыштар тиімді. Дизельді қозғалтқыштар жүк автокөліктерінде жəне автобустарда, тепловоздарда
қолданылады. Дизельді қозғалтқыш карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда 20-30% қортылып
шыққан газдардың улылығын кемітеді. Ғылыми зерттеу институтының зерттеулері бойынша, дизельдік
қозғалтқыштарға деген көзқарас өсті, өйткені ол арзан, əрі сыртқы ортаның ластануын азайтады.
Мысалы: улы заттардың мөлшері екі есе азаяды, оның үстіне ішіндегі көміртегі оксиді, күкіртті
сутектер 50-90% дейін төмендейді. Ғылыми зерттеу институтының орталығының мамандары, қазіргі
кезде дизельдік отынмен табиғи газдың қоспасын пайдаланатын машиналарды ойлап табуда[13].
Қорытынды
Автокөліктерден бөлінетін зиянды қалдықтар атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера
қабаттарына зиян келтіреді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын сақтауға
əрекеттерді жасау қажет, соның бірі, барлық көліктердегі жылу двигательдерді жетілдіру мен өзгерту
керек.
Атмосфераға шығаратын отынның қалдықтарын азайту үшін жəне іштен жанатын
қозғалтқыштардың жұмыс істеу мерзімдерін, мүмкіндіктерін ұзарту үшін, мамандар мен ғалымдар
автомобиль катализаторларын ойлап, жасап шығаруды көздеп отыр.
Бүгінгі күні, жаңа «синтезатор- катализатор» жасалып шығарылды, олар:
1) Жылу қозғалтқыштарда жанған отыннан бөлінетін СО, NO
x
, СН улы газдарын азайтады.
2) Жанармай мен басқа отынды да үнемдейді.
3) Жылу қозғалтқыштардың жұмысын жақсартады.
4) Үйкелістің əсерінен автобөлшектердің тозуын азайтады
Сонымен қатар автокөліктердің көшеде бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз ету керек, себебі
олар 60 км/сағ жылдамдықты сақтағанда ғана қоршаған ортаға зиянды газдар аз бөлінеді, ал одан артса
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж.
81
зиянды газ мөлшері 2 есе артады, автокөліктердің қозғалтқыштары дұрыс жұмыс істеген кезде зиянды
газдар мөлшері де 3-5 есе кемиді. Тіпті дұрыс немесе толық үрленбеген доңғалақ баяу жүріп қана
қоймайды, қозғалыс кедергісін де көбейтеді, нəтижесінде көп отын жағуға тура келеді. Қоршаған ортаға
автокөліктердің шығарған қалдықтарын азайту мақсатында үнемі профилактикалық шараларды іске
асыру қажет.
Зиянды газдармен күресу, басқа цивилизациялық елдердегі секілді, аймақтық, мемлекеттік
деңгейде, жалпы массалық қолға алынуы керек. Əрқайсымыз жеріміздің экологиялық тазалығына жауап
беруіміз керек. Сондықтан қоршаған ортаны ластаудан қорғауға əр қала тұрғыны өз үлесін қосулары
қажет.
Жинақталған материалдың нəтижесін, жоғарғы сыныптарда оқытылатын Адам мен қоғам, Тəн
мен жан тану, Денсаулық пен қоршаған орта тақырыптары бойынша өтетін факультатив сабақтарында
қолдануға ұсынуға болады .
1. Бергер Н.М. Тепловые явления- Москва: Просвещение, 1962 - 167с.
2. Бучаченко АЛ., Салихов К.М., Молин Ю.Н., Сагдеев Р.З. Магнитные и спиновые эффекты в
химических реакциях. - Новосибирск: Наука, 1978 - 265 с
3. Герасимов А.Т., Снижение выбросов вредных веществ с отработанными газами автомобилей
с дизельными двигателями. – Москва: Просвещение, 1993- 190 с.
4. Гордиенко В.А., Зуев Ю.Ю., Ковалев А.С. и др., Использование каталитических процессов в
двигателях внутреннего сгорания для повышения качества их работы Инф.сб. N7 Центр. Бюро НТИ
Минтранс. - Москва: Просвещение, 1999-252 с
5. Гурвича С.М. Справочник химика-энергетика. - Москва: Энергия, 1972- 274 с.
6. Кабардин Ф.О., Орлов В.А. Устройство и действия тепловой машины. - М: Просвещение,
1997-308 с.
7. Климонтович Ю.Л. Турбулентное движение и структура хаоса: Новый подход к
статистической теории открытых систем. – М.: Наука, 1990- 320 с.
8. Кужекин И.П. Испытательные установки и электрофизические установки, техника
эксперимента-Москва: Из-во «МЭИ»,1982-184с.9. Михеев А.В. Табиғатты қорғау. – Алматы: Рауан,
2004-102б.
10. Намазбаев Қ. Жылу двигательдердің жұмыс істеу принциптері. – Алматы: Рауан, 1991-
254б.
11.Орлин А.С. Теория рабочих процессов поршневых и комбинированных двигателей. – М.:
«Наука»,1971-242 с.
12. Павлова Е.И., Буравлев Ю.В. Экология транспорта. – М.: Просвещение, 1998-135с
13.Ражанский И.М. Физические процессы при разряде в воздушных промежутках. Новосибирск:
Из-во «НЭТИ», 1985-71 с.
14.Салахеддин М.А. Қалдық газдарды, аралас тəсілмен тазарту. - Алматы: Рауан, 1995-127.б.
15.Слажнева Т.И. Программа профилактика по оздоровлению окружающей среды. - Алмата:
Рауан, 2000-359 с.
16. Спасский Б.И. Физиканың хрестоматиясы. - Алматы: Мектеп, 1995-104 б.
17. Тур. Е.Я. Автомобильдің құрылысы. – М.: Наука, 1998-251б.
18. Теплотехнический справочник Т.1. - М.: Энергия, 1975-743 с.
19. Цвейтова Н.Н. Изучение законов термодинамики. – М.: Наука, 1965-142 с.
Резюме
Работа показывает влияние выхлопных газов на организм человека. Рекомендуются методы
борьбы с загрязнением окружающей среды.
Summary
Purpose of research: to show a degree pollution by exhaust gases of automobiles in the richly occupied
district.
The reason of a choice of such purpose follows from this that with each year the increase of emissions in
an environment of harmful substances is observed (CO, CO
2
, NO).
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
82
ƏОЖ : 378.016.02:338
АТЫРАУ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ
МЕДИКО – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
А.К. Құспанова - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы
Адам денсаулығы экзогенді (адам өміріне табиғи жəне антропогендік жағдайлардың əсері) жəне
эндогенді (физиологиялық ерекшеліктері, тұқым қуалаушылық, физикалық дамумен байланысты)
факторлардың өзара қатынасы нəтижесінде қалыптасады. Денсаулық сипаттамасында түрлі
аумақтардағы тұрғындардың ауру жағдайы – нозогеографияның маңызы зор.
Қазіргі уақытта адамдар денсаулығының жеке жəне популяциялық қалыптасуындағы мекен ету
ортасы сапасының ролі туралы пікірлер таралған. Ресейліктер денсаулығын зерттеген В.В. Худолей мен
И.В. Мизгирев, 20 – 40℅ - ы мекен ортасының сапасына байланысты, ал қоршаған ортаны ластанудан
сақтау тенденциялары салыстырмалы артатындығын көрсеткен. Сондықтан адамзат қоғамының өмір
сүруін қамтамасыз ету үшін шешуші фактор қоршаған ортаның сау жағдайы болып табылады.
Мəселенің маңызды бөлігі табиғи ортаға антропогендік əсерлердің нəтижесінде туындайды.
Ауаның, судың, топырақтың өндірістік тастандылармен ластануы, өндірістік жəне ауылшаруашылық іс –
əрекеттерден табиғи ортаның деградациясы, əлеуметтік – экономикалық өзгерістер адамдардың өмір
сүру сапасы мен денсаулығының төмендеуіне жиі əкеледі.
Ластанған қоршаған ортаның тұрғындар денсаулығына əсері түрліше көрінеді: биологиялық
ұлпалардағы ластаушы заттардың жинақталуынан бастап, өткір жəне созылмалы аурулардың дамуы,
өлім – жітімнің өсуіне дейін.
Тұрғындардың тыныс алу жəне ас қорыту органдарының ауруы адам денсаулығына мекен
ортасының тікелей əсерін жиі көрсетеді. Тыныс алу жəне ас қорыту органдары қоршаған орта
факторларының əсерінен (ауыз су, тамақ жəне ауа арқылы) болатындығы анық.
Орта жағдайының қолайсыздығы, жекелеген факторлардың кері əсерлері аталған аурулардың
пайда болуына əкеп соғады жəне тұрғындар ауруларының картасы сол аурулардың актуалдылығы мен
экологиялық қолайсыз зоналарды анықтауда негізгі болатындығын көрсетті.
Атырау облысының тұрғындарының көп бөлігі мұнай жəне мұнай өнімдерімен, сонымен қатар
басқа да улы жəне канцерогенді химиялық заттармен байланысады. Демографиялық мəселелер
шеңберінде адам ағзасына мұнай жəне мұнай өнімдерінің зиянды əсерлері бірнеше есеге өсуі мүмкін.
Сондықтан аумақ тұрғындарының денсаулық жағдайын тереңдетілген кешенді ғылыми зерттеу жəне
аталған зоналардың қолайсыз экологиялық факторлары үшін бағытталған профилактикалық іс
шараларды өңдеу қажет [1].
Инфекциялардың антропоноздық топтарының эндемиялық үрдісі (іш сүзегі, бактериялдық
дизентерия, А гепатиті) суды пайдалану, тамақтану, адамдардың тұрмыстық қарым – қатынастарынан
туындайды. Сондықтан мұндай ауруларды азайтуға жəне емдеуде ауыз су жəне тұрмыстық су пайдалану,
тұрғындардың санитарлық сауаттылығы мен оны орындау деңгейлеріне байланысты.
Өткір ішектік инфекциялар, басқа да қоздырғыштардың туындауына себепші болатын топқа
жататын өткір ішектік инфекциялардың ішіндегі аса маңыздысы, жануарлар мен адамдар зардап шегетін
– зооантропоноздар жəне қоздырғыштары суда, топырақта, өсімдік жəне мал шаруашылығы шикізаты
құрамында кездесетін сапроноздар. Бұл инфекциялармен ауыру көрсеткішін төмендету мен оларды
емдеу тамақ өнімдерін, қоршаған орта объектілерін ластаушылардан кепілдік сапасын қамтамасыз етуге,
тамақ өнімдеріне, ауыз су сапасына үнемі мониторинг жасауға негізделу қажет.
Вирусты гепатит күрделі инфекциялар тобынан, олардың ішінде А гепатиті ішектік болып
табылады, ал В жəне С гепатиті қан құйған кезде, қан ауыстырғанда, тері жəне шырышты қабық
бұзылғанда, медициналық жəне тұрмыстық амалдар арқылы жəне зəр жолдармен беріледі.
Атырау облысының көптеген аудандарда А вирустық гепатиті таралған. Осымен байланысты
ауруды төмендету мен емдеуде ішек инфекцияларының таралуын шектеу бойынша іс шаралар өткізу
керек. Ауруларды тексеру, емдеу, инфекцияларды таратудағы олардың мүмкіндігін шектеу,
тұрғындардың санитарлық сауаттылығын арттыру жұмыстары маңызды болып табылады.
Медико – демографиялық зерттеулер 1990 – 1998 жылдар аралығында туу көрсеткіші, өлім –
жітім жəне тұрғындардың табиғи өсімі ұдайы нашарлау тенденциясын көрсеткен; Атырау облысының
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж.
83
туу көрсеткіші 29,9℅ - ға азайса, өлім – жітім 37,9℅ - ға артқан. 1990 жылдары тұрғындардың табиғи
өсімі 20 адамнан, 2000 жылы 9 – 10 адамға дейін төмендеді, ересек тұрғындардың өлім – жітімі сол
жылдары мың адамға шаққанда 4 – 7 адамнан 8 – 10 адамға дейін артты, ал балалар өлімі төмендеді [2].
Ұқсас мəліметтер [3] жұмыста да келтіріледі. Соңғы жылдары жекелеген аумақтар бойынша тұрақтану
белгіленіп, демографиялық жағдайдың жақсарғандығы байқалуда.
Қазіргі таңда ересек тұрғындардың тыныс алу органдарының ауруы 6276,0 адамды құрап отыр.
Темір тапшылығы анемиясы жəне қолайсыз экологиялық факторлардың кері əсерлерімен байланысты
қан аурулары жəне қан құрамына əсер етуші органдардың ауруларының өсуі жалғасып отыр, бұл
көрсеткіш мұнай өндіру мен мұнай – газ өңдеу артқан аумақтарға тікелей қатысты.
Атырау облысындағы мұнай өндірудің өсуімен, зиянды қалдықтардың көптеп ауаға тасталуынан
адам ауруларының саны артып отыр. Атырау қаласы мен Атырау облысының тұрғындарының ауру
динамикасын зерттеу барысында басым кездесетін аурулар түрін белгіледі, олар: тыныс алу жолдары
аурулары, қан айналымы органдары, ас қорыту органдары, зəр шығару жүйесі аурулары, сонымен қатар
инфекциялық аурулар [2].
Соңғы оң жылдықта салыстырмалы түрде жалпы аурушаңдылық, қан айналым жүйесінің
аурулары, тыныс алу органдары, зəр шығару жүйелерінің аурулары ұлғайды. Инфекциялық аурулардың
ішінде А вирустық гепатиті, өткір ішектік инфекциялар, туберкулез жиі кездеседі. Туберкулезбен ауыру
жоғарғы деңгейде [3]. Туберкулез – ауа тамшылары арқылы жеңіл жұғатын инфекция. Тұрғындардың
əлеуметтік – тұрмыстық жағдаймен жəне ағзаның иммунитетіне байланысты туындайды. Сондықтан
ауруды төмендету мен емдеу ауруларды анықтау, оларды оқшаулау мен емдеу, тұрғындардың
санитарлық сауаттылығын көтеру, санитарлық талаптар мен ережелерді сақтау үшін мүмкіндіктер,
адамдардың еңбек əрекеттері, тұрғындардың иммунитеті негізге алыну қажет.
Сонымен қатар мұнай өндірумен жəне мұнай өңдеу өндірістік салаларының қарқынды дамуымен
байланысты облыс тұрғындарының арасында жүйке жəне иммунды жүйелердің, ауыз қуысы мен
тістердің, сүйек – бұлшық ет жүйелерінің, тері аурулары кеңінен таралған.
Атырау облысы Махамбет ауданында тұрғындардың медициналық көмекке жүгінуі бойынша
кеңінен таралған аурулар: дем алу органдарының аурулары – 30,9, ас қорыту органдары – 12,9,
инфекциялық жəне паразиттік аурулар – 12,6, қан айналу жүйесі – 9,9, тері жəне тері жасушалары – 7,1,
жүйке жүйесі мен сезгіш органдар аурулары – 6,1℅. Тұрғындардың кеңінен таралған жалпы ауру
көрсеткіштері келесідей топтарда тіркелген: 40 – 49 жəне 70 жастан аса, ал аз кездесетіні 5 – 6 жаста;
бронхит, пневмония 1 жəне 1-4 жас аралығындағы балаларда, ал тонзиллит 10-14 жасқа дейінгі
балаларда кездеседі. Инфекциялық жəне паразиттік аурулардың ішінде туберкулез – 44,9℅ құрайды.
Атырау қаласы бойынша алғашқы ауру белгілері көрсеткіштері облыс деңгейімен шамалас. Бірақ
инфекциялық жəне паразитті аурулар балаларда 1,6 есе жəне ересектерде 2,5 есе облыстар арасында
жəне республика көлемінде көрсеткіштерден асып түседі. Инфекциялық аурулардың жоғарғы деңгейі
нашар əлеуметтік өмір сүру жағдайларымен ауыз су құрылғыларының қанағаттандырмайтын жағдайы,
қала территориясын санитарлық тазалау жəне т.б. тұрғындардың туберкулезбен ауру көрсеткіші
республика көлемінде 2,3 есе жоғары [1]. Қызылқоға, Құрманғазы аудандарында Атырау облысындағы
басқа да аудандармен салыстырғанда ауру көрсеткіштері жоғары.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ – ның Балалар қоры біріккен
бағдарлама жасады, ол отбасы мен балалар денсаулығын қорғауға белсенді жəне тиімді түрде ат салысу,
отбасының жауапкершілігін арттыру, білім деңгейі мен көзқарастарын нығайтуға бағытталған болатын.
Бұл бағдарламаға тартылған Қазақстанның үш ауданының бірі – Атырау облысы болды. Бағдарлама іс
шарасы аналық жəне басқа да күтімдер, санитарлық – гигиеналық сауаттандыру, таза сумен қамтамасыз
ету, экология жəне санитарияға бағытталды.
Облыстағы негізгі гигиеналық мəселелердің бірі тұрғындардың таза ауыз су құрылғыларымен
қамтамасыз ету жағдайы болып саналады. Облыстың 82 елді мекені су тасымалдайтын құбырлармен
қамтамасыз етілмеген [4].
Инфекциялардың негізгі таралу жолдарының бірі су факторы. Аралық сулар желісі, су құбырлары
колонкасы, су құбырларының бастауларының техникалық жағдайының нашарлығы, жəне т.б.
Тұрғындар мен қазіргі ұрпақтардың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жəне мұндай
мүмкіндіктерді болашақ ұрпақтар үшін де сақтап қалу қалалардың, өндірістің, энергетиканың, ауыл
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г.
84
шаруашылығының, көліктің, қоршаған ортаға мониторинг ұйымдастырудың, оны ретті өткізу үшін
жоғары тиімді əдістер жасау мен өңдеуде тұрақты дамуға көшу қажеттілігін айқындайды.
Соңғы 10 жыл ішінде Атырау облысындағы жұмыссыздар 13,5 ℅ құрайды. Тұрғындар миграциясы
– кері, бірақ 0 ге жақын. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 19,9 (ҚР бойынша орташа көрсеткіш
– 13,4), тұрғындардың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 10,1 (ҚР бойынша – 2,2). 1 жасқа дейінгі
балалар өлімі 1000 адамға шаққанда 21,7 (ҚР бойынша – 19,6). Тұрғындардың ауруы 1000 адамға
шаққанда 313 жағдайлар тіркелген (ҚР бұл көрсеткіш 521- ге тең).
Жоғарыда аталғандарды саралай келе Атырау өңірінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін
экономика, экология, тұрғындар денсаулығы жəне қоғамның əлеуметтік қолайлылық жағдайын жақсарту
бойынша систематикалық жұмыстар жүргізу қажет.
1. Грановский Э.И. Проблемы устойчивого развития города Атырау и Атырауского региона. -
Алматы, 2003
2. Диаров М.Д. и др. Состояние и динамика заболеваемости. - Атырау, 2001
3. Калжигитов Х.С. и др. Анализ заболеваемости населения Атырауской области. - Атырау, 2001
4. Жандосов Ш.У. Чистая вода – залог здоровья. - Атырау, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |