Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата30.12.2016
өлшемі1,73 Mb.
#788
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дрозофиланың даму циклі. 
 
→      
 →      
    →   
        
(жұмыртқа→дернәсіл→қуыршақ→ересек шыбын) 
2 сурет. Дрозофиланың даму циклі. 
 
Үшінші тәуліктің соңына қарай көздің қиығы байқала бастайды. Бірте-
бірте  қанаттары  анықтала  түсіп,  ашық  қызыл  түске  ие  болған  көздері 
қуыршақтың  жартылай  мөлдір  хитинді  жабындысынан  жақсы  көрінеді. 
Қуыршақтан  пайда  болған  жас  ұрпақтың    едәуір  ұзын  пигментсіз  денесі, 
қысқа  және  әлі  толық  жазылмаған  қанаттары,  нәзік  қылшықтары  болады. 
Осындай белгілеріне қарап, оларды ересектерінен оңай ажыратуға болады. 
Будандастыру  әдісін  қолдану.  Қуыршақтан  шыққан  аталықпен 
аналықтар  6-8  сағатқа  дейін  ұрықтану  қабілеті  болмайтындықтан,  осы 
кезеңде  алынған  барлық  шыбындар  жас  (ұрықтану  қабілеті  жоқ)  деп 
есептеледі.  Аналық  аталыққа  қарағанда  ірірек  және  оның  құйрығы  сүйір 
болады.  Аталықтың  аналыққа  қарағанда  денесінің  соңғы  сегменттері 
біріккен, құйрығы доғал. Ұшып шыққан соң, алғашқы 2-3 сағат аралығында 
шыбындардың  қанаттары  жайылмаған  және  денелері  ұзарған,  реңі  ашық 
болып келеді. Бұл белгілері де шыбындардың жас екендігін дәлелдейдіі. Бір 
линияның 4-5 аналықтарын және екінші линияның соншама аталықтарын бір 
пробиркаға  салады.  Ата-аналықтар  тым  көбейіп  кетсе,  шыбындардың 
өнімділігінің  төмендеу  қауіпті  туады.  Бір  аналық  200-ге  дейін  жұмыртқа 
салады.  Бірақта  шыққаннан  кейінгі  1,5-2  тәулік  мерзімінде  аналықтар 
жұмыртқа  салмайды  немесе  өте  аз  салады.  3-4  тәуліктік  аналықтар 
жұмыртқаны көбірек салады. Жұмыртқа салу жақсы өнген ашытқылары бар 
қоректік  ортада  өседі,  яғни  дайындалғанына  1-2  тәулік  болған.  Ал 
дайындалғаннан  кейін  3-4  тәулік  өткен  қоректік  ортаны  пайдалануға 
болмайды. 
Жұмыртқа  салу  үшін,  шыбындар  пробиркада  3-5  тәулік  болулары 
керек,  содан  кейін,  оларды  сыртқа  шығарып  жібереді,  ал  салынған 
жұмыртқалардан  шыбындардың  келесі  ұрпағы  дамиды.  Қуырщақтан  ұшып 
шыққан  шыбындарды  2-3  тәуліктен  кейін  есептеу  тиімді  болады.  Алғашқы 
уақыттарды  көбінесе  аналықтар  шығады,  ал  уақыт  асып  кеткен  жағдайда 
шыбындардың жойылуы байқалады. [4] 

 
110 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Мұхамбетжанов  К.К.,  Далабаев  Б.А.,  Өтешева  Г.А.  Генетикадан 
практикалық сабақтар. Алматы. Ғылым, 2004 
2.
 
Берсімбаев  Р.І.,  Мұхамбетжанов  К.К.,  Генетика,  Алматы,  Қазақ 
университеті, 2002 
3.
 
Мұхамбетжанов К.К. Генетика. Алматы, 1994 
4.
 
Ватти К.В., Тихомирова М.М. Руководства к практическим занятиям по 
генетике М., 1979 
Резюме 
     В  данной  статье  рассматривается    роль  использование  дрозофилы  как 
обьекта,  для  проведение  лабораторных  занятий  по  предмету  генетики.
 
Drosophila  melanogaster  является  наиболее  универсальном  видом  для 
научных исследований. 
Summary 
 
In this article a role is examined  the use of as drosophila ,for realization of 
laboratory employments on the article of genetics. Drosophila melanogaster is 
most universal a kind for scientific researches. 
 
 
КӨРКЕМ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БIЛIМ ЖҮЙЕСІНДЕ 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА 
ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Ажитаев Н.Е. – 
Абай атындағы ҚазҰПУ, 
 «Графика және дизайн» кафедрасының оқытушысы  
 
Қазақстанда  білім  беру  жүйесінің  алдына  студенттердің  ақпараттық 
технологияларды  қолдану  арқылы  даярлығын  жетілдіру  қазіргі  таңдағы 
ғылыми-техникалық  прогресті  жылдамдатып,  өндірісті  автоматтандыруды  
жетілдіру  аса  маңызды  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Ал  ақпараттық 
технологияларды  кәсіби  тұрғыда  қолдану  –  кез-келген  өндірістің  қарқынды 
дамуына  тез  бейімделуге,  кездескен  қиыншылықтардың  шешімін  өздігінен 
дербес  жүзеге  асыра  алатын  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  дайындауда 
қажеттілігін тудырады. 
Көркем-педагогикалық  білім  жүйесінің  сапасы  кәсіби  мамандардың 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  студенттерге  сапалы  білім 
беруіне  байланысты.  Ал  студенттердің  ақпараттық  технологияларды 
практикалық  әрекеттерде  тиімді  қолдануы  олардың  кәсіби  даярлығының 
қалыптасуында.  
Студенттердің кәсіби даярлығын практикалық іс-әрекетке байланыстыра 
отырып,  деңгейлі  түрде  С.Я.Батышев,  В.Д.Симоненко,  П.Р.Атутовтар  өз 
зерттеулерінде  олардың  білімі  мен  іскерлігін  қалыптастыру  мазмұнын, 
формаларын және әдістерін қарастырды. 

 
111 
Ал  ақпараттық  технологияларды  жасау,  пайдалану  және  дамыту 
мәселелерін  Б.С.Гершунский,  В.С.Кузнецова,  А.В.Соловьева,  А.Д.Урсуева 
және т.б. зерттеді. 
Кәсіби  білім  беру  жүйесінде  компьютерлік  оқыту  технологиясын 
пайдалану  мәселелерінің  әртүрлі  бағыттары  бойынша  бірқатар  зерттеулер 
жарық 
көрді, 
олар: 
Б.Бөрібаев, 
Қ.С.Әбдиев, 
А.А.Абдукадыров, 
М.А.Құдайқұлов, 
Э.И.Кузнецов, 
К.Ж.Аганина, 
А.Ж.Арыстанова, 
Е.Балапанов, С.Р.Доманова, Ж.А.Қараев, Ш.Х.Құрманалина, Г.К.Нұрғалиева, 
М.А.Винницкая, В.П.Тихомиров, Е.Г.Гаевская, Д.М.Джусубалиева және т.б. 
Болашақ  мамандардың  кәсіби  даярлығын  ақпараттық-технология 
арқылы  қалыптастыру  мәселесі  бойынша    Г.С.Базарбаева,  Б.Т.Барсай, 
Ж.Ж.Жанабаев, 
В.В.Егоров, 
М.С.Мәлібекова, 
А.К.Мыңбаева, 
О.Ү.Мұсабеков,  Қ.А.Сарбасова,  Г.О.Тәжіғұлова,  А.З.Тұрсынбаев  және  т.б. 
еңбектерінде ғылыми зерттеулер орындалған.  
Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын компьютерді қолдану арқылы 
студенттердің  шығармашылығын  арттыруды  В.М.Блинов,  Н.Н.Диканская 
және т.б. қарастырды. 
Сонымен,  ғылыми  еңбектерге  жасаған  талдау  жоғары  өнер  оқу 
орындары  студенттеріне  көркем-педагогикалық  білім  жүйесінде  ақпараттық 
технологияларды кәсіби тұрғыда қолдану арқылы студенттерге сапалы білім 
беру,  оны  кәсіби  іс-әрекеттерде  практикалық  түрде  пайдалану  мәселесінің 
күні бүгінге дейін шешімін таппай отыр.  
Қазіргі таңда қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін  
ақпараттандыру.  Әсіресе  білімді  ақпараттандыруды  көркем-педагогикалық 
білім 
жүйесінде 
практикалық 
тұрғыда 
қолдану 
– 
қоғамды 
ақпараттандырудың негізгі шарттарының бірі деуге болады.  
«Ақпарат»  -  латынның  Informatio  -  «түсіндіру»  «мазмұндама»  деген 
сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. 
Барлық  ақпарат  өңделеді,  ауыстырылады,  сақталады,  және  түрлі 
тапсырмаларды шешу үшін қолданылады. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: 
«ақпарат»  (информация,  лат.  Informatio  –  түсіндіру,  баяндау,  хабардар  ету); 
істің  жағдайы,  қандай  да  болмасын  оқиға  немесе  біреудің  қызметі  туралы 
хабарлау,  мәлімет  беру  және  т.б.  түсінік  беріледі.  Ақпарат  –  мәтін,  сурет, 
кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, әр түрде басқаша беріледі.  
Көркем-педагогикалық  білім  жүйесінде  оқытудың  озық  ақпараттық 
технологияларды  меңгермейінше,  сауатты  және  кәсіби  маман  болу  мүмкін 
емес.  Компьютерлік  ақпараттық  жаңа  технологияны  меңгеру  кәсіби 
маманның интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, рухани  азаматтық және 
басқа да көптеген қабілетінің қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.   
Болашақ  өнер  мамандарын  дайындауда  ақпараттық  технология  арқылы 
педагогикалық  технология  және  оқыту  технологиясы  практикалық  іс-
әрекетте қолдану – студенттердің оқу әрекетінде шығармашылық әдістерінің 
үйлесімділігін 
қамтамасыздандыру; 
оқытушылар 
біліктілігінің 
мүмкіндіктерін  арттыру,  сондай-ақ  оқу  процесін  дидактикалық  тұрғыда 

 
112 
жетілдіру  арқылы  ақпараттық  технологияны  бірізділікте  ендіру  болып 
табылады.  
 «Ақпараттық  технология»  -  Ресейде  жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы 
он  жылдықтарында  ақпараттың  қалыптасу  процесінде  пайда  болды.  Оның  
басты  мақсаты  –  адамның  ақпараттық  технологияға  талдау  беруі  үшін 
ақпаратты  жасауы  және  соның  негізінде  белгілі  бір  әрекетті  жасауда  әдіс 
таңдауы. Ақпараттық технология екі түрге бөлінеді, олар:  
дәстүрлі  (қағаздағы  -  адамның  жұмысындағы  құжаттарды  пайдалануға 
негізделеді); 
 жаңа (компьютерлік) – есептегіш техниканың құралдарын кең көлемде 
пайдалануға негізделген. 
Көркем-педагогикалық  білім жүйесінде  жаңа ақпараттық технологияны 
қолдану  –  оқу  -тәрбие  үдерінде  болашақ  мамандарды  көпсалада  дамытуды 
қамтамасыздандырады. 
«Жаңа  ақпараттық  технология»  -  компьютердің  көмегімен  білім  беру 
және түрлі техникаларды меңгеру болып табылады.  
«Компьютерлік технология» В.М.Глушковтың айтуынша, компьютерлік 
технология  кешенді  ғылым  мен  инженерлік  немесе  арнайы  пәндерден 
тұрады.  Яғни,  шығармашылықты,  жобалауды,  ойлап  табуды,  баға  берудің, 
жасап  шығаруды,  компьютерленген  жүйені  функционалдау  (іске  қосу),  
олардың  әлеуметтік  тәжірибедегі  әсері  мен  қолдану  аясының  негізі  болып 
табылады.  «Компьютерлік  технология»  -  ақпарат  жинау,  талдау  мен  өңдеу, 
оған  қоса  ақпаратты  өңдеу  құралдары,  микропроцессорларды  электрондық 
жүйелермен  үйлестіру.  И.Е.Нұрдәулеттің  зерттеуі  бойынша  «Компьютерлік 
технология»:  Компьютерлік  технологияның  дамып,  жетілуін  оның  қай 
жерде,  қалай  қолданылуы  мен  бағытталуына  қарай  айқындауға  болады 
көркем  компьютерлік  технология;  инженерлік-компьютерлік  технология; 
иллюстративті-компьютерлік 
технология, 
іс-құжаттық 
компьютерлік 
технология,  когнитивті-компьютерлік  технология  және  т.б.  Ол  ақпараттық 
технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. 
Мысалы,  графикалық  редакторлауға  жаңа  түс,  материал  немесе  жаңаша 
бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі. 
«Компьютерлік  технология»  ақпараттық  технологияны  кәсіби  тұрғыда 
қолданудың  негізі  болып  табылады.  Демек  көркем-педагогикалық  білім 
жүйесінің  барлық  салалары  бойынша  «Компьютерлік  технология» 
қолданылады,  мысалы:  кескіндеме,  сурет,  станокты  графика,  сәндік-
қолданбалы  өнер,  көркем  және  кітап  графикасы,  мүсін  және  қыш  өнері, 
т.б.теориялық және практикалық пәндер. 
Компьютерлік  технология  түрлерінің  атқаратын  ақпараттық  міндеттері 
де  әртүрлі.  Сонымен  қатар  «Adobe  Photo  Shop»,  «Adobe  illustrator»,  «Corel 
Draw». «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т.б. әр бағдарламаның 
мүмкіндіктеріне  қарай  бағытталап  жасалған  арнайы  бағдарламалармен 
шектеледі. 
Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, 
аудио  жазбалар  және  т.б.)  көруге  бағытталады  немесе  оқуға  көмекші  құрал 

 
113 
ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім 
алушы  бағдарламаны  үйренеді  және  мультимедиа  технологиясының 
көмегімен  кез-келген  пәндегі  ақпараттарды  алып  қарауға  мүмкіндік  алады. 
Иллюстративті  компьютерлік  технология,  сондай-ақ  ғылыми  ізденістердің 
нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады. 
Іс-құжаттық  компьютерлік  технология  офистік  тапсырмаларды 
шешуде:  графиктер  мен  диаграммалар  құрастыру,  кесте  таблицаларды 
көркемдеу және т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, 
фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады. 
Жаңа  компьютерлік  технология  (киноиндустрия,  компьютерлік 
моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика 
және  анимация,  сәулет,  видео  өндіріс,  мультимедиа  және  т.б.)  кең  көлемде 
қолданылады. 
Студент  ақпараттық  компьютерлік  технологияны  толық  меңгермей, 
компьютерлік бағдарламаларға қатысты тапсырмаларды шешуі мүмкін емес.  
Көркем-педагогикалық  оқу  жүйесінде  мамандардың  кәсіби  даярлығын 
ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдану олардың компьютерлік 
технологияны  пайдаланудан  практикалық  білім  негіздерінен  тәжірибе 
жинақтауын  қажет  етеді.    Компьютерлік  технологияны  меңгеру:  олардың 
атқаратын  міндеттерін;  жұмыстың  негізгі  қағидаларын,  қолдану  саласын 
білуді;  технологиялардың  ұсынған  негізгі  функционалдық  мүмкіндіктерін 
білуді;  бағдарламалық  құралдармен  жұмыс  жасау  тәсілдерін  жетік  білуді, 
оларды шығармашылықпен практикада пайдалануды талап етеді. 
Осыған  орай  ғылыми  зерттеулерде  айтылған  ақпараттандырылған 
қоғамда  өнер  саласы  мамандарының  үздіксіз  компьютерлік  даярлығының 
басты мақсаты болып: 
студенттерді  ақпараттық  орта  жағдайында  компьютерлік  технологияны 
кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау; 
ақпараттық қоғам тұлғасының менталитетін қалыптастыру; 
ақпараттық  қоғамда  компьютерлік  технологияның  теориясы  мен 
практикасын 
меңгерген 
тұлғаның 
өзін-өзі 
дамытудағы 
қабілетін 
қалыптастыру; 
әлеуметтің ақпараттануының тез өзгермелі жағдайында өз-өзінің үздіксіз 
білімін  жетілдіруге  қажеттілігі  мен  қабілетін  қалыптастыру  табылатын 
анықтаманы басшылққа аламыз. (И.Е.Нұрдәулет) 
Көркем-педагогикалық 
білім 
беру 
жүйесінде 
студенттердің 
компьютерлік технологияны кәсіби тұрғыда қолдануы олардың практикалық 
іс-әректінде  психологиялық-педагогикалық  міндеттің  бірі  болып  табылады. 
Сондықтан  «кәсіби  іс-әрекет»  ұғымына  тоқталатын  болсақ,  бірқатар 
ғалымдардың  (А.П.Ершов,  А.А.Зенкин,  Г.Г.Воробьев  және  т.б.)  болашақ 
өнер  мамандарының  кәсіби  даярлығының  мәні  мен  құрылымын  дербес 
компьютерді  пайдалану  тұрғысын  зерттесе,  (М.И.Капранова,  А.Краснов, 
В.М.Оксман  және  т.б.)  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде 
пайдалануды қарастырған.   
Ғалымдардың кәсіби іс-әрекет саласындағы көзқарастарын, оған берген 

 
114 
анықтамаларын  қолдай  отырып,  біз  «ақпараттық  технологияны  кәсіби 
тұрғыда  қолдану  –  тұлғаның  ақпараттық  технологияны  кәсіби  іс-әрекетте 
практикалық  түрде  пайдаланудағы  тәжірибесін  меңгеру  деңгейін  көрсететін 
және  мотивациялық,  мазмұндық,  көркем-практикалық,  шығармашылық,  
эксперттік-аналитикалық  компоненттерін  біріктіретін  тұлғаны  анықтаймыз. 
Мотивациялық  компонент  кәсіби  іс-әрекетте  компьютерлік  технологияны 
пайдалануға  мотивтік,  қызығушылықтың,  қажеттіліктің,  құндылықтардың 
болуын болжайды.  Мазмұндық  компонент  ақпараттық  технологияны  кәсіби 
іс-әрекеттерде  пайдалану  ерекшеліктері  мен  пайдалану  іскерліктерін 
меңгеруі  туралы  білімінің  болуын  білдіреді.  Көркем-практикалық 
компонент  ақпараттық  технологияны  іс-әрекеттерде  пайдалану  қажеттігін 
олардың  біліктілігін  арттырудың  шарты  ретінде  түсінуді  болжайды. 
Шығармашылық компонент ақпараттық технологияны кәсіби іс-әрекеттерде 
шығармашылықты үйлесімділікте пайдалану іскерлігі мен дағдының болуын 
қарастырады. 
Эксперттік-аналитикалық 
компонент 
ақпараттық 
технологияны  пайдаланудағы  өзінің  іс-әрекетіне  баға  бере  білу  қабілетінің 
болуына көмектеседі
 
[1]. 
Қазіргі  ақпараттық  қоғамның  талабы  заманауи  компьютерлік 
технологияларды  жетік  меңгерген  біліктілігі  және  кәсіби  икемділігі  жоғары 
мамандар  даярлау.  Компьютерлік  технологиялар  дамыған  елдердегі  дизайн 
салаларында кең қолданылады. Осыған орай заманауи талабына сай елімізде 
алдыңғы  қатарлы  елдер  қатарына  ену  үшін  де  осы  компьютерлік  дизайн 
саласына  маман  даярлау  жұмысы  өз  деңгейінде  болуы  шарт.  Жаңа 
ақпараттық  технологияларды  адам  қызметінің  барлық  салаларында  жаппай 
енгізу  білім  беру  саласын  қайта  қарастыру  және  оны  дамытудың  жаңаша 
түрлері мен жолдарын іздеуді міндет етеді. 
Көркем-педагогикалық  білім  беру  жүйесіндегі  мамандардың  кәсіби 
қызметінің  сапалы  және  табысты  болуы  озық  ғылыми-техникалық 
жетістіктерді  нақты  өндіріске  енгізумен  қатар,  ақпараттық  компьютерлік 
технологияларды  жетік  меңгеруі  талап  етілуде.  Осы  білім  саласында 
шығармашылықпен  байланысты  мамандықтар  бойынша  кәсіби  даярлықты 
қалыптастыру 
мәселелері 
қазақстандық 
ғалымдар 
Т.К.Мусалимов, 
Е.С.Асылханов, 
Ә.К.Бәйдібеков, 
Н.Е.Исабек, 
К.М.Бегімбай 
және 
басқалардың жұмыстарында қарастырылған.  
Көркем-педагогикалық 
білім 
беру 
жүйесінде 
ақпараттық 
технологияларды  қолдану  арқылы  мамандарды  кәсіби  даярлау  мәселесі  
ойдағыдай қалыптасуы үшін төмендегі шарттар орындалуы қажет: 
-  дизайн  саласының  мамандарының  кәсіби  даярлығын  қалыптастыратын 
практикалық  сабақтарды  қамтитын  оқу  құрал  ретінде  арнайы  курстардың 
құрылымы мен мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамассыз ету; 
-  ақпараттық  компьютерлік  технологиялардың  бір  бөлігі  ретінде  кәсіби 
графикалық  бағдарламалар  мен  графикалық  дизайн  саласына  қажетті 
қосалқы  компьютерлік  құралғылармен  жұмыс  істеуді  студенттер  толық 
игеруі; 

 
115 
-  Көркем-педагогикалық  білім беру  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби 
қызметінде,  яғни  дизайн  жобаларын  жасау  барысында  ақпараттық 
компьютерлік технологияларды қолданудың қажеттігін саналы түрде және өз 
бетінше қолдануға деген ұмтылыс туындауы. 
Қойылған мақсаттарға жету төмендегі міндеттер орындалған жағдайда 
іске асуы мүмкін: 
-  ақпараттық  компьютерлік  технологияларды  қолданып  болашақ 
дизайнерлердің кәсіби деңгейін қалыптастырудың негізін анықталуы; 
-  жоғары  оқу  орынында  ақпараттық  компьютерлік  технологияларды 
қолдану  жолдары  қарастырылып,  олардың  болашақ  кәсіби  маманның 
даярлығын қалыптастыру мүмкіншіліктерінің анықталуы; 
-  болашақ    мамандардың  кәсіби  даярлығын  ақпараттық  компьютерлік 
технологияларды практикалық түрде қолдану арқылы қалыптастыруға қажет 
педагогикалық шарттары айқындалуы; 
-  ақпараттық  компьютерлік  технологияны  болашақ    мамандарды 
даярлауда қалыптасқан кәсіби даярлықтың моделі жасалуы; 
-  ақпараттық  компьютерлік  технологияларды  қолдану  арқылы  болашақ 
дизайн  саласының  маманын  даярлаудың  сапасы  экспериментік  жолмен 
тексерілуі. 
Қазақстан  эконмикасының  қарқынды  дамуы  кезеңінде  ел  басының 
болашақ кәсіби маман даярлау ісінің алдына қойған «бәсекелестікке дәрменді 
мамандар  даярлау  қажеттілігі»  осы  күнгі  талаптардың  ең  бастысы  болып 
табылады.  Көркем-педагогикалық  білім  беру  жүйесінде  оқытудың  мазмұны 
мен құрылымын заманауи озық ақпараттық технологияларды белсенді түрде 
қолдану  арқылы  шешу  біздің  басты  мақсатымыз.  Сондықтан  ақпараттық 
технологияларды  практикалық  сабақтар  арқылы  қолдану  кәсіби  пәндерді 
оқыту  сапасын  оқу  бағдарламасына  сәйкес  құрылымын  жасау  мен 
әдістемелік базасын жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Ал оқыту үдерісі 
қазіргі  таңдағы  ақпараттық  жаңа  бағдарламалық  технологияларды  кеңінен 
қолдана  алатындай    тәжірибеден  өткізіп,  жеткен  жетістіктерді  көркем-
педагогикалық    білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  түрлі  деңгейге  ие  бола 
алады.  
Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде 
көркемсурет-графика  факультетінде  компьютерлік  графика  класында 
«Компьютерлік  графика»  пәні  суретшілер  мен  дизайнерлерді  ақпараттық 
компьютерлік жаңа технологиялармен таныстыру  кәсіби мамандардың жаңа 
бағдарламалардан жиі-жиі кәсіби біліктілігін арттырып отыруды талап етеді.  
Ақпараттық  компьютерлік  бағдарламаларды  жетілдіру  мен  жаңаша 
меңгеру  дизайн  салаларының  өзіндік  ерекшеліктеріне  сай  кәсіби  деңгейі 
қалыптасқан мамандар даярлауға мүмкіншілік беретіндігі сөзсіз. 
Сондықтан  көркем-педагогикалық    білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі 
оқыту  технологияларын  заманауи  озық  ақпараттық  компьютерлік 
технологиялармен  байланыстыра  отырып,  дизайн  салалары  арқылы  кәсіби 
маман даярлау жұмысын қайта құру қажеттілігі туындап отыр. 

 
116 
 Ақпараттық  компьютерлік  технологияларды  қолдану  бағдарламалары 
жылдан  жылға  тез  дамып  отырғандықтан  компьютерлік  технология 
өнімдерінің  сапасы  нарықтық  қоғамға  байланысты  өз  деңгейіне  сай 
салыстырмалы сапаны талап етеді.  
 Көркем-педагогикалық    білім  беру  жүйесінде  болашақ  кәсіби 
мамандардың  кәсіби  даярлығын  арттырудың  құралы  болып  практикада 
қолданылатын  компьютерлік  технологияларға  интелектуальдық  оқыту 
жүйелерінің  компьютерлі-құрылымдық  түрлері,  кәсіби  компьютерлік 
графикалық  пакеттерді  қолдану  технологиясы,  қосалқы  техникалық 
құрылымдарды  қолдану  әдістері  және  мультимедиа  құралдары  табылады. 
Демек, кәсіби мамандарды даярлаудың басты мақсаты – күрделі дизайнерлік 
көркем  шығармашылық  шешімдегі  компьютерлік  дизайн-жобаларды 
орындау әдістері мен тәсілдерін кәсіби деңгейде меңгеру.  
Сондықтан  оқыту  үдерісінде  озық  педагогикалық  әдістемелерді 
қолданып,  заманауи  талапқа  сай  кәсіби  маман  даярлауды  жүйелі  түрде 
ұйымдастыру  керек.  Демек,  көркем-педагогикалық    білім  беру  жүйесінде 
болашақ  кәсіби  мамандардың  кәсіби  деңгейінің  қалыптасуы  оның  заман 
талабына сай болуына байланысты. 
Осыған  орай  көркем-педагогикалық    білім  беру  жүйесінде  болашақ 
кәсіби мамандардың кәсіби даярлау үрдісін үш кезеңге бөлуге болады: 
Бірінші  кезең  –  мектеп  қабырғасында  және  жоғары  оқу  орынындағы 
«Информатика» пәнінен алған ақпараттық технология туралы білімдері. Бұл 
кезеңде  алатын  білім  деңгейі  -  информатика  ұғымы  мен  бағдарлау  тілдері 
(HTML және Visual Basic), компьютерлік техниканың құрылымы (процессор, 
аналық плата, монитор), қосалқы құрылымдар (манипулятор, клавиатура), 
операциондық  жүйелер  мен  орталар  (Windows),  кеңсе  бағдарламалары 
(Microsoft Word) және т.б. 
Екінші  кезең  –  студенттер  кәсіби  компьютерлік  графикалық 
бағдарламалармен  (CorelDRAW,  Photoshop)  алғашқы  танысу,  олардың 
түрлері мен графикалық мүмкіншіліктері, графикалық құралдары мен басты 
командалық қызметін қолдану. 
Үшінші  кезең  –  күрделі  компьютерлік  графикалық  редакторларды 
оқып-үйрену,  күрделі  дизайнерлік  шешімді  табуды  қажет  ететін  дизайн-
жобаларды  кәсіби  деңгейде  орындай  білу  және  қосалқы  техникалық 
құрылымдармен (принтер, сканер, плоттер, лазерлік басылым қондарғылары, 
сандық фотоаппарат, флешкалар және т.б.) жұмыс істеу.
 [2]
 
Көркем-педагогикалық    білім  беру  жүйесінде  болашақ  кәсіби 
мамандардың  кәсіби  даярлығын  арттыруда  кәсіби  өндірістік  практикаларға 
қатысу  өте  үлкен  рөл  атқарады.  Өндірістік  практикаларды  өту  үдерісінде  
студенттер еркіндікті  сезіне отырып, өздерінің барлық мүмкіншілігін кәсіби 
маман  ретінде  кеңінен  қолдана  алады.  Себебі  кез  келген  өндірістік  орында 
арнайы тапсырмалар беріліп, жұмыс нәтижесі қаржымен бағаланатындықтан 
онда студент шығармашылық ойлау қабілетіне сүйене алады. Сонымен қатар 
өз  мүмкіншілігінің  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  туындайды.  Сондай-ақ 
өндірістік  орын  да  жұмыс  жасау  техникаларының  мол  мүмкіндігіне 

 
117 
байланысты  жұмыс  күрделілігін  сезіну  мен  уақыт  мөлшерін  үнемдеуге 
дағдыланады. 
Студенттер кәсіби өндіріс орнында оқу орнында жоқ, озық дизайнерлік 
компьютерлік бағдарламалар, кәсіби принтерлер мен плоттерлер, кітап және 
ақпарат баспа құрылымдары, жарнаманың арнайы түрлерінде қолданылатын 
баспа қондырғылары, дизайн саласында қолданылатын жаңа материалдар, ірі 
компьютерлік  техникалардың  түрлері  сияқты  көптеген    техникалар  мен 
технолгиялармен танысуға және олармен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеруге 
мүмкіншілік  алады.  Ал  студенттердің  негізгі  ақпараттық  компьютерлік 
технологияларды  меңгеруі  мен  оны  қалыптастыру    көркем-педагогикалық  
білім беру жүйесінде болашақ кәсіби мамандардың кәсіби даярлауды оқыту 
үдерісінде арнайы оқыту бағдарламалары бойынша кәсіби пәндерді оқытуға 
байланысты. Сондықтан, арнайы оқу пәндерін оқытуда студенттердің дизайн 
саласына  қатысты  теориялық  және  практикалық  білімдерін  кәсіби  даярлау 
арқылы шығармашылық шеберлікке қалыптастыруымыз керек.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет