ТАЛАЙ ҰРПАҚТЫ АЛДАҒАН ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ
ТАРИХИ ХАТЫ
Аннотация. Бұл мақалада 1730 жылы Әбілхайыр ханның тарихи хатында
бодандық туралы бір сөз болмағаны айтылады. Хат мазмұны туысқан қазақ- башқұрт
халықтарының Ресей бұзған достығын қайта орнатуға арналған.
Кілт сөздер: тарих, хат, дерек, мұрағат
Осы уақытқа дейін Ресей империясы Әбілхайыр ханның хатымен
талай ұрпақты алдап келді. Сол тарихи хаттың түпнұсқасы 1999 жылы
оқылғанда талай ғалымдардың көктен іздегені жерден табылғандай қуанды
және тарихымыздың шындығын 180 градусқа бұрып жіберді. Сол тарихи
хаттың бұлтартпас нақты аудармасы да осы уақытқа дейін талай жерде
жарыққа шықты [1].
Әбілхайырдын қолынан қалай болмасын бір хат алу керек деген
мәселені де қойған І Петр болатын. Ол осы тапсырманы 1722 жылы
Тевкеловке қатаң тапсырды. [2, 19 б.]. Тевкелов сол үшін көп еңбек етті. Оған
қолы жетті тек І Петр өлген соң 5 жылдан кейін, яғни 1730 жылы. Бұл тарихи
хатта бодандық туралы бір сөз жоқ, болуы да мүмкін емес еді. Оның мазмұны
Қазақ пен Башқұрт халқы арасындағы бұрынғы достықты орнату ғана еді.
Осы уақытқа дейін оның орысша жалған аудармасын пайдаланып келдік.
Бұрынғысы мен жаңа аудармасын төменде көрсетіп отырмыз.
Мынау осы уақытқа дейін қаншама ұрпақты алдап келген Әбілхайыр
хатының бұрынғы аудармасы:
Послание в Петербург ее величеству
Величайшей, благородной, богатой и умной обладательнице многих
земель, ее величеству государыне императорице ежедневно, ежемесячно и
ежегодно желаем божией милостью благополучного государствования.
Наше заявление Вашему величеству состоит в том, что с подданным Вам
башкирским народом, который находится за Уралом, у нас близких
отношений не было. Желая быть совершенно подвластным Вашему
величеству, я посылаю своего посланника вместе с Вашим подданным
Алдарбаем. Этот Алдарбай требовал посланника от нас к Вашему
величеству, и поэтому мы, Абулхаир-хан с подвластным мне
многочисленным казахским народом
Среднего и Малого жузов, все
Хабаршы №3-2015ж.
193
преклоняемся перед Вами, являемся Вашими слугами и все вместе в простым
народом желаем Вашего покровительства и ожидаем Вашей помощи,
чтобы с подданным Вам башкирским народом, находящимся за уралом,
жить в согласии.
Желаем Вам всякого благополучия и будем Вашими подданными.
(Передали): Сеиткул, Главный посланник Куттумбет с товарищами.
Асты сызылып қара әріппен берілген сөздер мен сөйлемдер хат
түпнұсқасында жоқ. Сол тарихи документтің дұрыс аудармасы төменде
берілген. Әбілхайыр хаты Ресей арнайы жіберген Алдарбай деген кісінің
өтінішімен жазылған. Осыдан түсінуге болатын мәселе Әбілхайыр
башкұрттармен достық қатынасты қалпына келтіруге аса ынталы болғаны.
Төменде А.Исин аударып жариялаған сол хаттың дұрыс нұсқасы берілген:
Величия и милости высокой, государства превыше, правящей
землями ее величеству белой великой императрице обращаемся с
обыденным намерением. Изо дня в день, из месяца в месяц, из года в год
государство да пребывает в здравии и приумножается.
Наше заявление Вашему величеству следующее. С народом Вашего
величества уральским ештек-башкортами меж нами нет согласия.
Теперь желая получить под покровом Вашего императорского
величества защиту и спокойствие, посылаю, присоединив к лесной
дороги уральскому ештеку подданному Вашему Алдарбаю, своего посла.
Поскольку этот Алдарбай просил посла к Вашему императорскому
величию, мы, Абулхаир-хан, сорок санов казахов, Средней и Младший
жузы со всеми подвластными мне караша склоняем голову.
Ярлык: с Вашими слугами уральскими ештеками хотим достичь
согласия. С Вашим ярлыком да будем в согласии.
Посланный посол Сеиткул во главе с Кутлуметом с товарищи.
(«Абай»журнал, №, 2-2001)
Осынау тарихи хаттың қысқаша мазмұны мен міндеті төменде Ярлык
бойынша қарасақ башқұрт халқымен арадағы бұзылған достық қатынасты
қалпына келтіру болатын... Бодандық туралы ештеңе айтылмаған.
Бодан болуға ант беру оқиғасы да (1738 жылы) солай. Шындыққа он
қайнаса сорпасы қосылмайтын жалған ақпарат. Жалпы Әбілхайырды қазақ
елі керемет құрметтейтінін көрген Патша өкіметі, келешекте қазақ еліне оны
ұмыттыру мақсатымен бір ғасырдан соң Левшинге кітап жаздырды. Сонда
Левшин 1830 жылғы кітабында Әбілхайырды бірнеше рет ант берді деп
жазған. Оның Орынбор басшыларымен барлық кездескендерін ант берді деп
жазуының өзі осы мәселенің шикі екенін аңғартады. Сөйтіп Патша өкіметі
Әбілхайырды қазақ елінің бүгінгі ұрпағына жексұрын етіп көрсетуге қолы
жетті.
Әбілхайыр өмір бойы Ресейге қарсы күрескен себепті ата жауы болды.
Оны талай рет өлтірмекші болды, ақыры оның өлімін Неплюев жақсылап
ұйымдастырды. 1748 жылы Ресей патшасына жалданған Барақ сұлтан
арқылы Әбілхайыр өлтірілген соң оның балаларына: Әкең өзі бізге бодан
болуға уәде берген деп сол тарихи хаттың оригиналын емес орысша жалған
аудармасын көрсетіп қазақ жеріне претензия жасаған. Әбілхайыр тұсында
бодандық туралы айту мүмкін емес еді. Себебі ол бодан болса орыстармен
Хабаршы №3-2015ж.
194
өлгенінше соғыспас еді.
Енді тарихи хат жаздыруды туралы идея І Петрдікі болғанын қарайық.
1722 жылы І Петр Астарханға келгенінде Тевкеловке мынандай указание
берген сол документте: «стараться, ...несмотря на великие издержки,
хотя бы до миллиона держать, но токмо, чтоб только одним листом
под протекцию Российской империи быть обязались»...[3, 79 б.; 4, 15 б.]-
деп жазылған.
І Петрдің бұл арманы өзі өлген соң 6 жылдан соң орындалғанын білеміз
(1731). Бірақ бұл хаттың мазмұны осы уақытқа дейін айтылып келгендей
бодан болуға берілген хат емес еді. Башқұрт елімен бұрынғы достықты
орнату үшін жазылған хат еді. Алайда осы уақытқа дейін біз оның орысша
жалған аудармасын пайдаланып келіп нақақтан Әбілхайыр сынды тарихи
тұлғаны айыптап келіппіз [2]. Әрине бұл басқа мақаланың үлесінде. Біздің
бұл жерде айтпағымыз осы бір қазақ халқына жасалған кезекті қиянаттың
өзі де І Петрден шыққанын еске сала кету біздің міндетіміз.
Әрине қазақ еліне қиянат пен қастандықты үйіп төккен Ресей патшасы
жалғыз І Петр емес, басқаларының жасаған жамандықтары да жетерлік.
Алайда, солардың бәрінен Ақтабан шұбырынды оқиғасы асып түседі.
Қысқаша және қорыта айтарымыз тарихымыздың соңғы жылдардағы
жаңалықтары ешқандай оқулықтарға енгізілген жоқ. Ал, «Қазақстан тарихы»
оқулықтарын әрбір Қазақстандағы жоғары оқу орындарында бір бірімен
жарыса шығарып жатыр. Солардың ешқайсысында соңғы жылдардағы тарих
зерттеулерінің жаңалықтары кірген жоқ. Бұрынғы айқай бір айқай болып
қалып жатыр. Тарих оқытушылары соңғы жаңалықтарды баяндамаларына
кіргізгенмен сиясы кеппеген жаңа оқулықтарда олардың болмағаны
таңқаларлық жағдай.
Жоғарыда айтылған тарихи хаттың мазмұны қазақ – башқұрт
халықтары арасындағы Ресей арқылы бұзылған достықты қайта орнату
болғаны белгілі. Енді Қазақ – башқұрт қатынастары тарихының кейбір
деректеріне жалпы шолу жасайық: 1707-09 жылдардағы әйгілі Башқұрт
халқының Ресей патшасына қарсы ұлт азаттық көтерілісі кезінде Әбілхайыр
сұлтан Арал мен Каспий өңірі қазақтарынан құралған 3 мың әскермен келіп
көмектескен еді. Бұл оқиға деген біздің түркі халықтары тарихының аса
жарқын беттері... Сонда башқұрттар қазақ сарбаздарының жәрдемімен көп
жетістіктерге жеткені соншалық башқұрт халқы Әбілхайыр сұлтанға енді
біздің ханымыз бол - деп жалынып үлкен өтініш жасаған еді. Осы жағдайды
есіткен Қазақ билері мен Тәуке хан Әбілхайырды шұғыл шақыртып алып
Кіші жүз ханы етіп сайлап бекітеді (1709 жылдың күзі). Бұрын Кіші жүзде
хан билігі болмаған еді, Орталық Ханға яғни сол кездегі Тәуке ханға
бағынатын еді...
1736-39 жылдардағы Башқұрт көтерілісіне де қазақтар Әбілхайыр
басшылығымен қыруар көмек көрсетті. Сол Ресейге қарсы қырғын соғыстар
кезінде башқұрт елінің басшылары Әбілхайыр қол астына кіруге қаншама
әрекет жасады... Әрине Ресей оған көп кедергі жасағаны белгілі... Сол кезде
Әбілхайыр мен Кіші жүз қазақтары Ресей қол астына кіргені шындық болса
осындай әрекетті башқұрт басшылары жасайтындай ақымақ емес еді...
Белгілі ғалым Шоқан Уәлиханов 1730 жылғы Әбілхайырдың, және
Хабаршы №3-2015ж.
195
басқалардың Ресейге бодан болу үшін өтініп жазған хаттарын көрген жоқ,
сондай-ақ қазақтардың Ресейге бодан болғанына сенген де жоқ болатын.
Олардың жалған хат екеніне күдіктенсе де, мойындауға мәжбүр болған еді.
Шоқан түгілі осы мәселені арнайы зерттеген /1871 жылдан кейін/И. Крафт
секілді ғалымдардың өзі шындыққа көз жеткізе алмай кеткен еді. Дегенмен
Крафт Қазақ жүздерінің Ресейге өз еркімен қосылды дегеннің жалған екенін
делелдесе де, 1730 жылғы Әбілхайырдың хатының шындығын біле алмай
кеткен еді. Себебі ол да, басқалар сияқты Әбілхайыр жазған хаттың
түпнұсқасын көрмей, тек орысша аудармасын ғана көрген болатын.
Сондықтан көптеген зерттеушілер, және алаштың ардагер азаматтарының өзі
шындыққа көздері жетпегендіктен соңғы жылдарға дейін Әбілхайырды
нақақтан айыптап келді.
Осынау хаттың түпнұсқасын көріп шындыққа көз жеткізудің сәті түсті,
тек Совет Одағы ыдыраған соң, 9 жылдан кейін…
Сол тарихи хатта бодандық туралы әлде Ресейге қосылу туралы ештеңе
де жоқ, ондай әңгіменің болуы да мүмкін емес еді. Себебі 1709 жылға дейін,
және сол жылы (1709) Әбілхайыр хан болып сайланған Кіші жүз елі өз
шегарасын қорғап Ресеймен 150 жыл бойы соғысқан еді. Сол соғыстың соңғы
30 жылын/1730 жылға дейін/ Әбілхайыр өзі басқарды. Сондай адам Ресейге
бас иіп бодан болуы әрине мүмкін емес. Себебі Ресей бодандығындағы
туысқан башқұрт халқының жағдайын Әбілхайыр өте жақсы білетін еді. Сол
хаттың мазмұны Ресей қоластындағы туысқан халық башқұрттармен
бұрынғы достық жағдайды орнату үшін ғана жазылған еді. Сол хатты алып
кету үшін башқұрт өкілі Алдарбай келмегенде ондай хатты Әбілхайыр
ешқашан жазбаған болар еді. Алдарбайды жіберіп отырған патша әкімдері
болатын…
Алдарбайдың Әбілхайыр ордасына келуі өздігінен емес, оны осы
мәселе үшін әдейі жіберген Ресей өкіметінің басшылары. Біз осы жерде
кішкене шегініс жасап Қазақ – башқұрт қатынасына шолу жасайық…
Татар мен башқұрт халықтарын ХҮІ ғасырдың ортасында Иван
Грозный жаулап алып Ресей құрамына кіргізген еді. Осы екі халық Қыпшақ
мәдениетінің жалғастырушылары және ежелден көрші аралас құралас болса
да екі түрлі халық, және екі түрлі тағдыры бар. Мысалы башқұрт халқы ХҮІІІ
ғасырдың ақырына дейін Ресей бұғауынан босану үшін қаншама рет ұлт-
азаттық көтеріліске шықты. Олардың арасынан елін, жерін қорғау үшін
көптеген халық батырлары шықты. Солардың ішінде біздің халықтың көп
білетіні – Салават Юлаев, 1770 жылдардағы Пугачев көтерілісіне белсене
қатысқандардың бірі…
Бірақ, татар елі ешқашан Ресей отарлығына қарсы күреспеген халық.
Сондықтан олар патша өкіметіне өте сыйлы болды және басқа халықтарды
отарлауға Ресейдің оң қолы бола білді. Тевкелов секілді татарлар Ресейдің
дипломаттық қызметін жақсы жүргізу үшін қазақ еліне барғанда өзін
башқұртпын деп таныстыратын болған. Себебі қазақтар башқұрттармен дос,
сыйлас, тағдырлас халық…
Башқұрттардың Ресейге қарсы кезекті көтерілістерінің бірі 1707-09
жылдары болды. Соған көмектесуге Әбілхайыр батыр үш мың әскермен
келді. Сонда башқұрт халқының күресі көп жеңіске жеткен себепті, аса ырза
Хабаршы №3-2015ж.
196
болған башқұрт елінің игі жақсылары Әбілхайырға – Біздің ханымыз бол-деп
шын жүректен жалынған еді…Әрине Әбілхайырды мұндай құрмет жай
қалдырмаған болуы мүмкін. Алайда ол 1709 жылдың күзінде Қазақ билерінің
шақыртуымен Түркстан жаққа кетіп қалды да, Башқұрт көтерілісі жеңіліске
ұшырады…
Қазақ билері Әбілхайырды текке шақыртпаған екен. Қазақ елі
басшыларының сол жиналысында екі үлкен мәселе қаралды. Бірі Жоңғар
шабуылына қарсы күш біріктіру болса, екіншісі Әбілхайырды Кіші жүз ханы
етіп сайлады. Бұрын Кіші жүзде хан болған жоқ еді, орталық хан билейтін
еді. Алайда, соңғы он жылда Ресей тарапынан Жайық казактарының
шабуылы қатты күшейді. І Петр Еділ қалмақтарына Аюкені хан қойып және
оларды тісіне дейін қаруландырып Кіші жүз жеріне шабуылды үдеткелі 15
жылдан асып барады…Осынау қырғын соғыста қазақ жерін қызғыштай
қорғап, батырлығымен, жанкештілігімен және ұйымдастыру қабілетімен
көзге түскен Әбілхайыр болатын… Сөйтіп Әз-Жәнібектің Сүйік деген
баласынан тараған ұрпағы Әбілхайыр алғаш рет Кіші жүздің ханы болды. Ол
енді Кіші жүз жерін хан болып басқаратын және қорғайтын болды…
Осылай башқұрттар мен қазақтар арасындағы тағдырлас достық
қатынастар жалғасып жатты. Себебі екеуінің де қарсыласы, яғни ата жауы
Ресей болатын. Сондықтан Ресей басшылары қалай болмасын екі халықтың
достығын бұзу үшін неше түрлі айла –шарғыны көп жылдар бойы жасады.
Мысалы түнде барып казачьи отрядтар башқұрт ауылын шабады, кісілерін
өлтіреді және малын айдап кетеді де жаланы қазақтарға жабады…Сонсоң
башқұрттарға көмектесіп қазақ ауылын шабады. Қысқасын айтқанда 1730
жылға дейін қазақ пен башқұрттың арасындағы достық бұзылған еді.
Әбілхайырдың жанына батқаны да сол еді. Ал, енді осы достықты қалпына
келтіру үшін патша ағзамға хат жазу керек – –деп башқұрт Алдарбай айтып
келгенде Әбілхайыр алданып қалған еді. Бұл 1730 жылдың маусым (июнь)
айы еді…Ресейге керегі де сол еді. Хат жазды деген факті бар, оның
түпнұсқасын ешкімге көрсетпей, аудармасымен келешекте Әбілхайыр өлген
соң оның балаларын және талай қазақ төресін алдауға болады…
Башқұрттармен достық қатынасты Әбілхайыр жалғастыра берді. 1736
жылы башқұрт көтерілісі бұрқ еткен кезде, патша өкіметіне қазақтар мен
башқұрттарды және бір рет жауластырмақшы болып көп ақша бөлді. 1738
жылдың ақпан айында Татищев сонда “Әрбір башқұрттың басын әкелген
қазаққа 60 рубльден ақша беріледі. Кек алатын және байып қалатын
жағдайыңыз бар” -деп қазақ еліне жар салды [5]. Кейбір қылмысты істерді
башқұрттан көріп жүрген қазақтар осыны пайдаланып кек алмақшы және
ақша таппақшы болған еді, бірақ олардың бірде бірін Әбілхайыр жібермеді,
керісінше ол бұрынғыдай башқұрт халқына көмек берді.
Сонымен, осы уақытқа дейін орысша аудармасы арқылы 1731 жылдан
бері Қазақ елінің Кіші жүзі мен Орта жүздің бір бөлегі Ресейдің боданы
болды-деген жалған ұғым да келмеске кетті. Әбілхайыр хатының
түпнұсқасын көрмесе де, кезінде бұған талай ғалымдар күдікпен қарағаны
рас. Мысалы белгілі зерттеуші В.Я. Басин: “…широко употребляемый
термин о подданстве казахов…правомерен лишь на завершающем этапе
присоединения Казахстана к России” - деп қазақ елінің түгелдей Ресей отары
Хабаршы №3-2015ж.
197
болғаны 1865 жылы Шымкент пен Ташкентті алған кездерді көрсетеді [6, 250
б.]. Шын мәнінде өмір бойы Ресеймен соғысқан Кіші жүздің және оның әйгілі
батыр ханы Әбілхайыр сынды тарихи тұлғаның ата жауы етегіне
жармасуының ешқандай қисыны жоқ еді. Тарихи шындық оның 1748 жылы
қаза тапқанынша Ресеймен соғысып өткенін көрсетеді. Өзі жалынып, бодан
болған адам осындай әрекет жасауы мүмкін емес. Біз де, бұрын осылай
күдіктеніп келдік, ал оны түгелдей дәлелдеуге Әбілхайырдың “тарихи
хатының” түпнұсқасын көргенде ғана қол жеткіздік…
Мысалы Шоқан Уәлиханов Әбілхайырға қатысты Сібір губерниялық
канцеляриясының бір документінің көшірмесін алыпты.
“Номер 3. Указ Сибирской губернской канцелярии от 10 декабря 1739
г. /за номером 10659/ в Верхне-Иртышскую крепость командующему,
господину секунд-майору Нелюбову, дабы иметь предосторожность от
киргиз-кайсаков, потому что оренбургский казак Измаил Обрязаков, бывший
в Орде у Абульхаир-хана, сообщал, что Джанибек-батыр собирает войско,
но куда идут, того не знал он, Обрязаков… Это сообщено в Сибирскую
губернскую канцелярию полковником и воеводой Татищевым из Исецкой
провинциальной канцелярии с произведением копии с указа канцелярии
Оренбургской комиссии, порученной господину генерал-лейтенанту князю
Урусову”[7, с.267 б.]. Міне осындай документтер Әбілхайырдың Ресеймен
өлгенінше, яғни 1748 жылға дейін соғысқанын көрсетеді. Ресейге қолтығыңа
ал –деп жалынған адамда сондай жағдай болуы мүмкін емес. Қорыта
айтқанда барлық тарихи оқиғалар оның Ресейге бодан болғанын теріске
шығарады. Әлгі Измаил Обрязаков деген казак емес татар. Ал, Урусов
Василий- Адмиралтейство коллегиясының советнигі. Сол 1739 жылы В.Н.
Татищевтің орнына /Начальник Оренбургской комиссии/ тағайындалған еді.
Жәнібек батыр – Кіші жүздегі белгілі батыр, Әбілхайырға жасынан көп
қамқорлық жасаған тарихи тұлға. Және екі Жәнібек бар екенін ұмытпауымыз
керек. Бірі Кіші жүздегі сұлтан Жәнібек, екіншісі Орта жүздегі арғын
Шақшақұлы Жәнібек.
Шоқан жинаған және бір документте қазақтар мен башқұрттардың
қайтадан мәмлеге келіп достасып кетуінен қауіптенген Ресей үкіметі Верхне-
Иртыш крепостының секунд-майоры Нелюбовқа “…чтобы киргиз кайсаки, с
башкирами не помирились…” деп қатаң ескертпесі сақталған [7, 267-268 б.].
Міне, сонша нақты материал жинаса да, осындай тарихи шындықтың
түбіне жете алмай кеткендердің бірі Ш.Ш. Уәлиханов болатын. Дегенмен ол
Орта жүздің Ресей отары болуы 1820 жылдардағы өз атасы Уәли хан
өлгеннен соңғы кезең екенін жазып қалдырған. Дәл осындай пікірді сол
заманда өмір сүрген К. Маркс пен Ф. Энгельс те айтқан болатын. Олар: “…до
30-х годов ХІХ в. …власть России над тремя ордами или племенами киргизов
оставалась чисто номинальной…” – деген болатын [8, 615 б.].
Ш.Ш.Уәлиханов 1863 жылы жазған зерттеуінде отарлық жағдайдағы
қазақ елінің аса қиын проблемасының бірі билер институтінің тағдыры
туралы: “Если 40-летнее русское владычество, внесшее много совершенно
новых элементов в общественную жизнь казахского народа, не имело
никакого влияния на древней казахский суд биев, если суд этот мог устоять
против неблагоприятных условий русского законодательства/например,
Хабаршы №3-2015ж.
198
закона 1854 года/, ясно, что он вполне удовлетворяет настоящему развитию
казахского народа. ”- деп суреттеп Орта жүздің отар болғанына 40 жыл
болғанын көрсетеді [9, 506 б.]. Сондай –ақ ол мұсылманшылықпен
айналысып қазақ елін алдап, патша саясатын жүргізуші татардың дүмше
моллаларына шек қою керектігін айтып көптеген өтініштер жазады [9, 528
б.].
Ш. Ш. Уәлиханов қазақ хандарының жерленген жерлері мен басына
тұрғызылған мавзолейлер туралы жазған еңбегінде Әбілхайыр моласына көп
көңіл бөлгендігі көрінеді [7, с.64]. Қалай болғанда да Ш.Ш. Уәлиханов басқа
зерттеушілерге қарағанда Әбілхайырдың және басқа хандардың Ресейге отар
болғаны туралы нақтылай ештеңе айтпаған. Соған қарағанда оның күдігі
біздікіне қарағанда әлдеқайда көп болғанын көрсетеді.
Әдебиеттер:
1.Исин А. Әбілхайырдың хатын қалай оқыған дұрыс // «Абай» журналы. 2001,
– № 2.
2.Утениязов С.К. Мы не знали такого Абулхаир – хана // Газета «Свобода
Слова» – 2007 г 18 январь.
3.Ерофеева И.В. Хан Абулхаир поководец, правитель и политик. Алматы,
1999.
4.Разные бумаги генерал-майора Тевкелова об Оренбургском крае и киргиз-
кайсацких ордах // Временник МОИДР. 1852, кн.13,
5.Олкот М.Б. Әбілхайыр хан. // газета «Аруана» – 1994
6.Басин В.Я. Россия и казахские ханства в ХҮІ-ХҮІІІ вв. Алматы – 1978.
7.Валиханов Ч. Ч. том 3. Алматы – 1964.
8.Маркс К. и Энгельс Ф. – т. 12.
9.Валиханов Ч. Ч. –Алматы – т. 1. – 1961.
Утениязов С.К.
Историческое письмо Абилхайырхана обманувший всю поколению
В статье подробно рассказывается - в исторической письме Абулхаир хана
1730 года не было ни одного слово о подданства. Цель прошение Абулхаира –
восстановить прежние дружбы между казахскими и башкирскими народами.
Ключевые слова: история, письмо, факт, архив
Uteniyazov S.K.
Historic letter Abilhayyrhan deceived the whole generation
The Article deals with the detailed description of the letter created by the Khan
Abulkhair in 1730 with no mention on the application for the citizenship. The actual reason
of the application was the attempt to restore the friendship between the Kazakh and Bashkir
peoples.
Keywords: story, writing, fact archive
***
ӘӨЖ: 82.0; 82.09
Дүйсенбаева Р.И. − аға оқытушы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
E-mail: raihan-kz@mail.ru
Хабаршы №3-2015ж.
199
Достарыңызбен бөлісу: |