Хабаршы жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата07.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#3574
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
Әдебиеттер

 
Иманбаева  С.Т.  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік  даму 
жағдайында  мектеп  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  берудің    ғылыми-
педагогикалық негіздері: пед. ғыл. д-ры … дисс.:13.00.01. – Қарағанды, 2007. –  325 б. 

 
Қайырбеков  Ғ.  Көкшетау  сені  сағындым.  Өлеңдер  мен  дастандар.  – 
Алматы: «Атамұра», 2003. – 240 б. 

 
Бораш  Б.Т.  Фольклор  мен  ақын-жырау  поэзиясындағы  хандар  бейнесі. 
Монография. – Алматы: «Білім», 2007. – 512 б. 

 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  –  Жалпы  ред.  бас.  Т.Жанұзақов.  – 
Алматы: «Дайк-Пресс», 2008. – 968 б. 

 
Философиялық  сөздік  /  Ред  Р.Н.  Нұрғалиев,  Ж.М.  Әбділдин.  –  Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы», 1996. – 525 б. 

 
Есім Ғ. Қазақ Ренессансы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 98 б. 

 
Есім    Ғ.  Қазақ  философиясының  тарихы  /  Оқулық.  –  Алматы:  «Қазақ 
университеті», 2006. – 216 б. 

 
Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  «Ә-Г»  /  Бас  ред.  Ә.Нысанбаев.  – 
Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – Т.2. – 720 б. 

 
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары / Оқу құралы. Құрастырушылар 
М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. – Астана: «KUL TEGIN», 2001. – 356 
б. 

 
Мағауин  М.  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет  /  Жоғары  оқу  орны 
студенттеріне арналған. – Алматы: «Ана тілі», 1992. – 176 б. 

 
Мамиева Б. Түркі халықтарының фольклорлық мұраларында Асан бейнесі 
// Ұлт тағылымы. – 2004. №2. – 197-200 бб.  

 
Қирабаев  С.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1.  –  Алматы: 
«Қазығұрт» баспасы, 2007. – 424 б. 

 
Дүйсенбаев  А.Қ.  Түркі  халықтарының  тәлімдік  тәжірибесі  мен 
педагогикалық  мұраларындағы  отансүйгіштік  тәрбие.  Монография.  –  Алматы, 
2010. – 260 б. 
 
Дуйсенбаев А.К., Балтымова М.Р. 
Проблемы патриотического воспитания в назидательных наследиях 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
216 
казахских ханов 
Данная  статья  посвящена  вопросам  воспитания  в  назидательных  наследиях 
казахских  ханов,  роли  и  значения  их  традиций  в  воспитании  личности.  А  также 
дается  описание  роли  казахской  этнопедагогики  в  формировании  личности 
казахских ханов. 
Ключевые  слова:  личность,  назидательные  наследия  ханов,  воспитание 
султанов  в  ханской  династии,  мудрость,  семейное  воспитание,  патриотическое 
воспитание, правление страны, совершенный человек.  
 
Duisenbaev A.K.,  Baltymova M.R. 
The problems of patriotic education in edifying heritage of the Kazakh khans 
This  article  deals  with  the  issues  of  education  in  edifying  heritage  of  the  Kazakh 
khans, the role and importance of their traditions in the upbringing of the individual. And 
describes the role of the Kazakh ethnopedagogics in shaping the personality of the Kazakh 
khans. 
Key  words:  personality,  khans’  edifying  heritage,  sultans’  education  in  the  khan's 
dynasty,  wisdom,  family  upbringing,  patriotic  education,  governance  of  the  country,  the 
perfect man. 
 
*** 
 
 
ӘОЖ: 808.5 (574)  
Ахатова Н.К. − аға оқытушы, магистр 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Е- mail: NAK 77777@list.ru
 
 
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ АТЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ШЕШЕНДІК 
СӨЗДЕР 
 
Аннотация.  Сырым  Датұлы  –  қазақ  тарихындағы  күрделі  тұлға,  шешен  де 
болып сөйлеген, көсем де болып ойлаған, халық тағдырын арқалаған нағыз патриот. 
Бұл мақалада әрі би, әрі шешен, әрі данышпан, ақылдан кенде емес қайраткер Сырым 
Датұлының атымен байланысты шешендік сөздер жөнінде баяндалады. 
Кілт сөздер: Қазақстан, қазақ, халық, көтеріліс, би, шешен 
 
Ұлттық  намыс  жоғалмаса,  ұлт  ретіндегі  халықта  жоғалмайды  екен. 
Ұлттық  рух  бізге  халқымыздың  асқақ  әнімен,  мазмұнды  жырымен,  асау  да 
арынды  күйімен,  ұлттық  салт-дәстүр  қағидаларымен  келіп  жетті.  Ұлттық 
рухты  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғау  жолында  жанкештілікке  бара  білген 
жандарымыздың бірі – Сырым Датұлы. Біздің жерлес бабамыз, халқымыздың 
тарихындағы  дара  тұлға,  ерекше  дарын  иесі,  қазақ  халқының  патша 
үкіметінің  отарлау  саясатына  қарсы  ең  алғаш  халық  көтерілісін 
ұйымдастырған,  шаруалар  мүддесін  көздеген  аса  қадірлі  азамат,  халқының 
бостандығы  жолында  өз  дарындылығын  қару  еткен  кемеңгер,  сөз  қадірін 
ерекше  бағалаған  шешен,  халықты  игі  мақсатқа  бастай  білген  көсем,  өз 
халқының тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен қайраткер. 
Сырым  Датұлын  сөз  қылғанда  оның  үш  түрлі  қасиеті  атап  өтіледі. 
Оның біріншісі- батырлығы болса, екіншісі- шешендігі, үшіншісі – оның әділ 
билік айтқан би ретінде көрінуі [1]. 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
217 
Қазақ  әңгімешіл  халық,  әңгімеге  шебер  халық.  Әңгімешілдігін  де, 
шеберлігін де халық әдебиетін зерттеушілердің еңбектеріне сүйенбей – ақ, өз 
сөзіне сүйенсек те жетіп жатыр. Қазақта шешен деген сөз тектен  – тек шыға 
қоймаған.  Бұл  әлгі  әңгімешіл,  шеберлерден  де  жетік,  олардың  жоғары 
шоғырын құрайтындар болса керек.  Шешендік сөздер – әдебиетіміздің бетке 
шығар  қаймағы,  ауыз  екі  тіліміздің  шырыны.  Бір  сөзбен  бітпес  дауды,  бір 
сөзбен қаптаған жауды тоқтатқан асыл сөзіміз.  
Сырымның  шешендігі  қалай  дамыды?  Ол  әрқашан  билермен  жақын 
жүрген, олардан ақылы кем болмаса да, олардан бата алды, сәлем берді, ақыл 
–  кеңес  тыңдауды  дәстүрге  айналдырған,  өзінше  заңға  айналдырған.  Бұл 
ақылды ақсақалды  сыйлау дәстүрі еді.  Ал дәстүр деген қазақша заң. Сырым 
қаншама  шешен,  қаншама  тапқыр  болса  да,  өз  кезеңінің  адамы,  өз  ортасы 
бар,  тыңдаушысы,  балаушысы  болған  жан.  Сырым  қазақ  деген  халықтың 
перзенті.  Ол  Цицерон  да  емес,  Демосфен  де  емес.  Қазақ  оның  әкесі,  анасы, 
айналасы, тәрбиешісі, баулушысы. Қазақта бір туған, бірегей деген ұғымдар 
бар.  Ол  ұғымдар  Сырымдай  адамның  туа  беруі,  көп  болуы  міндетті  емес 
деген  мағынаны  білдіреді.  Бір  туған  нар,  бір  туған  аруана  деген  ұғым 
Сырымның бірегейлігін танытады. 
Шешендіктің  басты  қасиеті  тапқырлық,  шапшаңдық,  тез  жауап 
берушілік  болса,  тапқырлықтың  алуан  түрін  Сырым  Датұлы  атымен 
байланысты шешендік сөздерден кездестіреміз. 
Жалпы  қазақ  шешендік  өнерінде  әртүрлі  түрде  көрінетін,  ұлттық 
ерекшеліктерді бойына жиған шешендік тәсілдер мыналар: 
1.
 
Шешендік сауал. 
2.
 
Шешендік жауап. 
3.
 
Шешендік жұмбақтау. 
4.
 
Шешендік бейнелеп сөйлеу. 
5.
 
Шешендік тұспалдау. 
6.
 
Шешендік мақалдау. 
7.
 
Шешендік сынау [2]. 
Қазақ  шешен-билері  ойды  ұтымды  жеткізу,  қарсыласын  сол  ой 
жемісіне тез арада мойынұсынту, сөзге тоқтату жолында шешендіктің өзіндік 
ұлттық тәсілдерін өмірге әкелген. 
Сырым 6-7 жасында бір үйір қойды құдықтан суарып жатса, үш – төрт 
би  аттарын  суармақшы  болып  тоқтайды.    Сырым  :  «Иә,  билер,  қайда,  не 
жұмыспен  бара  жатырсыздар?»  депті.  Билер:  «Малымыз  барымталанып, 
соған  бара  жатырмыз»,  –  дейді.  Билер  жүрейін  деп  жатқанда,  Сырым:  «Уа, 
билер, бір қойым өліп қалды, не істеймін?» депті. «Қойың өлсе, тұздап ал» – 
дейді билер. Сонда Сырым: «Тұз сасыса, не істеймін?»  – дейді. Бұған жауап 
таба  алмай,  билер  біраз  дағдарып  тұрып  қалады.  Билер  мына  баланың 
сұрағына  жауап  қайтара  алмағанда,  біз  мал  даулап  ештеңе  бітіре  алмаспыз 
деп кері қайтады [3]. 
Билер өздерінде  ақыл жоқтығын байқап, кері қайтты, бала Сырымның 
ақылдылығы  мен  даналығына  ден  қойды.  Бала  Сырымның  сұрағына  жауап 
бере  алмай,  өздерінің  шамасын  біліп,  сапарларын  жалғастырмай, 
барымталанған  малдарын  қайтарып  алудан  бас  тартты.  Егер  олардың 
шешендігі мен ақылы Сырымдай болса, сапар бағытын өзгертпеген болар еді. 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
218 
Тұспал  меңзеу,  бернелеу,  символдау,  басқаны  айта  отырып,  нені 
нысаналап  отырғанын  жасыра  айту,  жұмбақтап  айту  тапқырлық  пен 
ойлылықтың  тағы  да  басты  шарты.  Шешендік  толғаулардағы  кездесетін 
тұспал  мен  меңзеулер  тыңдаушысын  қалың  ойға  батыру  қажеттігінен  туады 
немесе  шешендік  дауларда  қарсыласын  сөзден  жаңылыстыру  мақсатына  да 
қолданады.  Тұнып  тұрған  тұспал,  ойлантады.  Ал  ойлансақ,  бұл  сөздің  арғы 
мәні  орасан  терең.  Ойлану  туралы  халқымыз:  «Ойланбаса  ой  тұнады», 
«Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле» дейді. Астарлап сөйлеумен бірге тұспалдап 
сөйлеу  де  тапқырлық,  шешендікке  жатады  дедік,  «Сырымның  қалай  би 
атанғаны»  деген  әңгімесінде:  Бірде  жесір  қалған  әйел  аяғы  ауыр  болса  да 
тұрмысқа шығады. Оның баласын біздің ұрпағымыз деп берген ел даулайды. 
Дау ұзаққа созылып, іс насырға шабайын  деп тұрғанда 7-8 жастағы кішкене 
бала ханнан бір – екі ауыз сөзім бар, тыңдаңыз дейді. Бұл бала Сырым екен: 
-
 
Менің інгенім бар еді, соның туатын ботасын көрші ауыл даулайды. 
-
 
Бота інгенге тиесілі ме, әлде бураға тиесілі ме?  
-
 
Бота інгенге тиесілі, - дейді хан.  
-
 
Тақсыр, төреңе құлдық, ендеше бала жесір әйелге тиесілі,  - деп екі 
жақты бітімге келтіріпті [1].  
Сөйтіп,  хан  бала  Сырымның  осынша  тапқырлығына  таң  қалады.  Бұл 
Сырымның  жаста  болса,  сөзге  шебер  екенін  танытады.  Бұл  тұспалдаудың 
анықтау  түрі.    Ал  кез  келген  адам  түсіне  бермейтін  тұспалдың  түрлері  бар. 
Мысалы,  «Сырымның  бата  алуы»  деген  әңгімесінде  Сырым  Есет  батырдан 
бата аламын деп барады. – Батамды кез – келген адамға бермеймін, сұрағыма 
жауап  берсең  беремін,  –  депті  Есет.  –  Досың  көп  пе,  дұшпаның  көп  пе? 
Сырым: Досым көп деп жүрмін.  – Досың кім, дұшпаның кім? – деп  сұраған 
Есетке  Сырым:  –  Досым  –  Алаштың  баласы,  азаматтары.  Дұшпаным  жаман 
туған туысқаным деген екен [1].  
Нұралы Сырым батырға қарындасын алған күйеу екен. Бір күні Нұралы 
ханға Сырым қонаққа келіп отырып Нұралыдан: – Жылқының торысы көп пе, 
төбелі көп пе? – сұрапты. Нұралы жауап бере алмапты [4]. 
Жоғарыда  келтірілген  мысалдардағы    «Досым  –  Алаштың  баласы, 
азаматтары.  Дұшпаным  жаман  туған  туысқаным»  дегені,  «Жылқының 
торысы  көп  пе,  төбелі  көп  пе»  деп,  ханға  сауал  қойғандағы  Сырым 
тұспалының  мағынасы  мен  мәні  терең,  оны  ондай  –  мұндай  адамдар  шеше 
алмайды.  «Торысы»  дегені  –  жылқының  бар  денесіндегі  түгін  қазақ  еліне 
салыстырғаны. Төбелін сол қалың қазақ елінің  ішіндегі үркердей хан  – төре 
руына  салыстырғаны,  «Төбелдей  аз  болып,  көпке  ақылдаспай  жаман  іс 
қылдың, қазақ елін көтеріп, көп болып, аз төрені шабамын» дегені.     
Неге олай сөйлейді, тапқырлыққа ой жасыру неге керек оған аса қажет 
пе?  Сонда  ойды  тұспалмен  жанастыру  кез  –  келген  азамат  қолынан  келе 
бермейді, ол да – өнер екен. Тек терең зейінділікпен ойлылыққа тән құбылыс 
екенін аңғарамыз. 
Шешендік сөздердің шеберлігін тану үшін тұспалдарды жақсы меңгеру 
керек. Тұспалды түсінбей, шешендіктің сырына жете алмайсың. «Малайсары 
би мен Сырым батыр» деген әңгімеде бата алғалы келген Сырым Малайсары 
бидің жұмбақтап  айтқан  сөздеріне былай  деп жауап берген  екен:  «Өткелсіз 
суға  кездессеңіз  –  көзіңді  мұнар  шалған  болар»,  «елсіз  шөлге  кездессеңіз  – 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
219 
қатарыңыз аз қалған болар» [1] деген тіркестердегі бірінші компоненттері  – 
тұспал,  ал  екіншісі  оның  шешуі.  Тұспалды  жұмбақпен  шатас  жоруға 
болмайды. Тұспал – адамның өмір танығыштығын, өмірді әбден білетіндігін, 
көреген    –  болғыштығын  айқындау.  Бұл  арада  өмір  сырларын  тұспалдаушы 
шешен  бе,  әлде  өмір  сырларын  оп  –  оңай  шешкен  шешен  бе,  екеуі  де  осал 
емес, қара сөзге дес бермеген нағыз шешендер дер едік. Елсіз шөлге кездесу – 
қарттарға  қатарынан  қалу,  жалғыздықтың,  панасыздықтың  нышаны. 
Қатарынан  кейінге  қалу  –  әрине,  жасы  жетіп  отырған  ақсақалдарға  тым 
жарасымсыз.  Ондай  жағдайды  елсіз  шөлге  балау  –  тапқырлықтың  белгісі. 
Шешендік  сөздердің  көркемдігі  –  тұспалдаушылықта,  ал  оны  көп  ойланбай 
тарқату тапқырлық дер едік.  
Шешендік  тұспалдаудың  өміршең,  қарапайым  тәсіл  болғандығын 
келелі мемлекеттік істерді шешу кезінде де, сондай-ақ әртүрлі ел арасындағы 
түрлі маңызды кездесулер кезінде де қолданылғандығын аңғаруға болады.  
Мәселен, Сырым келіншектің  жолдасына қарап:  
-
 
Япырай,  аққудың  қасында  жапалақ  жараспайды  екен-ау!  –  дейді. 
Сонда келіншек сөзге түсіне қойып: 
-
 
Батыр,  сіз  бір  кезде  тай  жейтін  Сырым  едіңіз,  енді  қой  жейтін 
Сырым болдыңыз, әр нәрсе өз уағында емес пе? – депті [3].  
Бұл  мысалдан  байқағанымыз,  шешендік  тұспалдау  кей  жағдайда 
біреудің 
жанын 
жабырқатып, 
қабырғасын 
қайыстырып 
алмаудан 
туындайтын,  өте  бір  сындарлы  тәсіл  екендігі.  Егер  мысалда  келіншектің 
күйеуінің  кәрілігін,  келіншектің  оған  тең  емес  екендігін  автологиялық 
жолмен  айтып  қалса,  қарт  адамның  көңіліне  өлшеусіз  қайғы  әкелер  еді.  Бұл 
жағдайда  Сырым  әлгі  ойды  антоним  сөздерге  (аққу-жапалақ)  бейнелілік 
мағына  дарыту  арқылы  сары  майдан  қыл  суырғандай  елеусіз  тұспалдаған. 
Тұспал  кейде  қазақ  өмірінде  қағидалары  қатаң  сақталған  дәуірдегі  күйді, 
сезімді, жайды жеткізудің де тәсілі болған. 
Ал  «Мәністің  де  мәні  бар»  дейтін  үлгіде:  «Сырым  бір  жолдасымен 
жолаушылап  келе  жатып  бір  үйге  түссе,  үйде  сүйегі  сұлу,  түсі  сүйкімді  жас 
келіншек  отыр  екен.  Сырым  ішінен:  «Шіркін-ай,  мына  келіншектің  күйеуі 
қандай  екен»,  -  деп  ойлайды.  Кешке  таман  көзге  қораш  шал  келеді.  Сұлу 
келіншектің  күйеуі  сол  болып  шығады.  Сонда  Сырым  шаңыраққа  қарап 
отырып: 
Мәністің де мәні бар, Жаманның мәніспенен не ісі бар? 
Құладан құс аққу іледі, Оның да не әдісі бар? – дейді. 
Кіріп-шыққанда  жас  жігітке  көзінің  қиығын  салып  жүрген  келіншек 
түсіне қойып: 
Мәністің де мәнісі бар, Жаманның мәніспенен не ісі бар? 
Құладын қу ілсе әдісі бар. Тағы бір аққу құстан дәмесі бар [3]. – деп екі 
әйелдің  бірі  болғалы  тұрған  өзінің  жайын  сездіріпті.  Тұспалдың  астарында 
сол заманның кері кеткен заңдары, әйелді зорлықпен малға сатып алу, қалың 
мал  төлеп  қыз  алып,  қыз  берген  заманның  әмеңгерлік  сияқты  салттары, 
әйелге деген материалдық көзқарас жатыр.  
Шешендік 
толғаулардағы 
кездесетін 
тұспал 
мен 
меңзеулер 
тыңдаушысын  қалың  ойға  батыру  қажеттігінен  туады.  Толғау  айтушы 
қарсыласының  ой  өрісі  қаншалықты  екендігін  байқау  үшін,  әрі  қарай 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
220 
сөйлеуге тұрарлық адам ба екенін аңғару үшін керек. Сондай  – ақ шешендік 
дауларда қарсыласының дау қуып келуінің өзі босқа екенін анықтау үшін де 
қолданады.  
Сырым  сөздерінде  жұмбақ,  тұспал  көп  ұшырайды.  Оның  астары  көп, 
тыңдаушысын ойлантады, толғантады, жылдам жауап беруге, шапшаңдыққа, 
тапқыштыққа  үйретеді.  Астарлы  сөйлеуге  шебер  Сырым  тек  жылдам  жауап 
беріп қоймайды, сөзімен өлтіреді, тыңдаушысының айызын қандырады, оған 
«өзіне де сол керек еді», - дегенді де еріксіз айттырады.   
Көп ұғымның аз түйіні мезгеуге тән қасиет. Сырым Датұлы шешендік 
сөздерінде кездесетін мезгеу образдылыққа құрылады, даналыққа негізделеді. 
Мысалы:  Кенже  баласын  үйлендіріп,  құда  шақыру  жоралғысын  орындап 
жатқан Мөңке би Сырымның «Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын» деген 
батасының  сырын  түсінбегендерге  былай  деп  ашып  берді:  «Екеуміздің 
балаларымыз  қосылып,  ата  жолын  іргелі  жалғастырмақшы.  Сенің  балаң 
маған  келін  болып  түседі.  Ол  үш  шаңыраққа  ие  болады.  Біріншісі  –  қайын 
жұрты, екіншісі – нағашы жұрты, үшіншісі – төркін жұрты. Сол сияқты менің 
балам саған күйеу болады. Ол да үш шаңыраққа ие. Олар  - өз жұрты, қайын 
жұрты,  нағашы  жұрты.  Демек,  екі  бала  қосылғанда  алты  шаңырақ  шығып 
тұр. 
Осы 
алты 
шаңырақтың 
іргесі 
ажыраспаса 
онда 
біздің 
ағайындылығымыздың  мәңгіге  кеткені.  Осы  аталған  алты  шаңырақ 
ажыраспаса – сол алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің татулығы. 
«Құда - мың жылдық» деп осындай тамырлы жарастықты атаса керек» [3]. 
Осындағы  үш  шаңырақ,  алты  шаңырақ,  алты  рулы  ел,  құда  мың 
жылдық деген ұғымдар мезгеуге жатады. 
Сырым Датұлы шешендігінің тағы да бір ерекшелігі – бейнелеу, теңеу 
сөздерінің  айқындылығында.  Сырым  теңеу  етіп  алған  нәрсесін  айшықтап 
көрнектеп береді. Тіпті оның бала кезінде айтқан «отын – олжа, су – нұрлық, 
біреудің  малы  мен  ақысын  жеу  -  ұрлық»  деген  сөзінде  табиғат  байлығы 
ортақ, бірақ біреудің табан ақы, маңдай терімен тапқанына еңбексіз ортақтасу 
қиянат деген терең мағыналы ой жатыр [4]. 
Шешендік  сауал  –  қарсыластың  білімі  мен  біліктілігін,  танымы  мен 
талғамын,  ой  әлемін,  эрудициясын  және  сөз  саптау  мәнерін  аңғарту 
мақсатында қойылатын сауал-тәсіл [2].  
Бұл  тәсіл  көбіне  Сырым  Датұлы  тарапынан  қолданылады.  Шешендік 
сауалдар  «мынау  не?»,  «бұл  кім?»  дейтін  қарапайым  танымдық  сұрақтардан 
гөрі  аса  күрделі,  көпті  көрген  өмірлік  тәжірибелерге  сүйенген,  астарына 
философиялық  байлам  түйген  сауалдар  болып  келеді.  Шешендік  сауалдар 
әдеттегі сөз ретіндегі сұрақтардай жеке дара емес, бірімен-бірі жалғас келетін 
мағына  жағынан  жымдасқан,  сыртқы  пішіні  жағынан  өзара  ұйқасып  келіп 
айтылады, ішінара жалқы келетін сауалдар да бар. 
С.Датұлы атымен байланысты айтылатын шешендік сөздерде шешендік 
сауалдар дәстүрлі түрде мына үлгіде ұшырасады: 
1. – Дау мұраты не? Саудагер мұраты не? Қыз мұраты не? Жол мұраты 
не? 
2. – Таудан биік не бар? Судан терең не бар? Оттан өткір не бар? 
3. - Өтірік пен шындықтың арасы қанша жер, неше шақырым болар? 
4. – Ат не үшін шабады? Ер не үшін шабады? 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
221 
5. – Бұл дүниеде не тәтті? 
6. - Жігіт-мігіт деген не сөз? Ат-мат деген не сөз? 
7. – Сөздің анасы не? Судың анасы не? Жолдың анасы не? [3]. 
Келтірілген  шешендік  сауалдар  негізінен  қазақ  шешендерінің  көбіне 
ортақ. Бұның өзі шешендік сауалдардың дәстүрлі, небір сындардан сүрінбей 
өтіп, шешен-билердің кәдесіне асқан ыңғайлы тәсіл екенін көрсетеді. 
Шешендік  жауап  –  шешендік  сауалға  орай  келетін  ой  ұшқырлығын 
асыл  сөзге  түйген,  өмірден  түйген  азды-көпті  тәжірибеңді,  білім  қорыңды 
көрсететін тәсіл [2].  Мысалы: 
1.
 
Дау мұраты – біту, Саудагер мұраты – ұту, Қыз мұраты – кету, Жол 
мұраты – жету (Сырым). 
2.
 
Таудан  биік  көңіл  бар,  Теңізден  терең  ғылым  бар,  Оттан  өткір 
қайғы-зар (Сырым). 
3.
 
Өтірік  пен  шындықтың  арасы  төрт-ақ  елі:  құлақ  естіген  өтірік,  көз 
көрген рас (Сырым). 
4.
 
Ат шабысына қарай шабады, Ер намысына қарай шабады. (Сырым) 
5.
 
Аста тұз тәтті, Адамда дос тәтті (Сырым). 
6.
 
Жыққан  –  жігіт,  жығылған  –  мігіт,  Озған  –  ат,  қалған  –  мат,  Жал-
жая – ас, шөп-шалам – мас (Сырым). 
7.
 
Сөз  анасы  құлақтан,  Су  анасы  бұлақтан,  Жол  анасы  тұяқтан 
(Сырым) [3]. 
Сонымен  шешендік  сауал  және  жауап  бір-біріне  ыңғайлас,  сонымен 
қатар  шешен-билердің  өзара  жеңіл  сөз  қақтығысуларында  қолданылатын 
тәсілі.  Ал  бұл  тәсілдің  қазақтың  шешендік  өнерінде  барынша  тараған, 
танымал,  дәстүрлі  тәсіл  екенін  жоғарыдағы  әртүрлі  шешендік  сөз  үлгісінен 
байқаймыз. 
Белгілі  бір  сөз  қақтығысуларында  айтар  ойды  қынаптан  қылыш 
суырғандай  жарқ  еткізіп  ашық  айтудан  туған  тәсіл  –  шешендік  жұмбақтау. 
Қазақтың  шешендік  өнерінде  жұмбақтау  тәсілінің  деректі,  дерексіз  күй  мен 
болмысты жасыратын екі түрі бар. Дерексіз жұмбақтау тәсіліне адам өмірінің 
философиялық мәнін, табиғат құбылыстарын, дүниенің кем-кетігін жасырған 
жұмбақтау тәсіліне (заттық) жұмбақтап сөйлеу, ыммен, ишаратпен сөйлесуді 
жатқызамыз [2]. 
Ішінара  болса  да  Сырым  атынан  сақталған  сөздерде  бұл  ерекшелік  те 
бар.  Мысалы,  бірде  Малайсары  би  Сырымға  батасын  беріп,  құрметпен 
аттандырып тұрып: 

 
Ей, Сырым! – деп, қолымен өзінің басын көрсетеді. Сырым: 

 
Ләппай, ата,  – деп жалт қарап, тілін шығара қояды.  
Ауылдан ұзап шыққан соң серіктері Сырымнан: 

 
Әлгі қарттың қолымен шұқып басын көрсеткені несі? Сенің тіліңді 
шығарғаның 
не? – деп сұрайды. Сонда Сырым миығынан күліп:  

 
Қарттың  басын  көрсеткені  –  «Басқа  пәле  неден?»  дегені,  менің 
тілімді 
шығарғаным  –  «Басқа  пәле  –  тілден»  дегенім.  Сонда  ол  басын  изеп, 
қолын бұлғады, онысы – «Бақыт та – тілден, бәле де – тілден. Тіліңе сақ бол» 
дегені еді, – деп түсіндіреді [3].    

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
222 
Бірақ  Сырымда  мұндай  ымдау  мен  ишараттау  онша  емес.  Өйткені  ол 
сыбыр-күбірге үйір жылым би емес, ашық айтыс, батыл күреске бел байлап, 
белсеніп  шыққан  батыр,  халық  басшысы.  Сондықтан  да  ол  әрқашан  халық 
алдында ашық та айқын сөйлейді, күбілжімейді. 
Сырымға  тән  бір  қасиет  –  бейнелеп  сөйлеу  тәсілі.  Мазмұнды,  мәнерлі 
сөз ақылға қонымды, сезімге әсерлі келетіні әркімге мәлім [2].  
Айтысып жүрген кездердің бірінде Нұралы хан Сырыммен жарасқысы 
келіп,  араға  кісі  салады.  Ордаға  шақыртады.  Сонда  Сырым  Нұралының 
елшілеріне екі сұрақ қояды: 
-
 
Құс көлге бара ма, көл құсқа бара ма? 
-
 
Әрине, құс көлге барады, - дейді елшілер. 
-
 
Қонақ үйге келе ме, үй қонаққа келе ме? 
-
 
Әрине, қонақ үйге келеді. 
-
 
Ендеше, халық – көл, хан – құс, ел – үй, хан – жолаушы, хан керек 
болса елге өзі келсін, - деп Сырым батыр елшілерді қайырып жібереді [3]. 
Сырым атынан айтылатын көптеген сөздерде байқалатын бір ерекшелік 
–  осындай  қарсы  жаққа  бірнеше  жұмбақты  сұрақ  беріп,  өзіне  шештіріп, 
мақұлдатып  алып,  соңынан  өзі  қорытынды  айту,  еріксіз  шындықты 
мойындату. Әлгі сөзде тапқырлық ой мен тартымды үндестік сөздер қабысып 
келген. Мысалы: «хан, халық», «ел, көл» деген сөздерде үндестік те, ырғақ та 
бар.  Сырым  атымен  байланысты  шешендік  сөздердің  қайсысын  қарасақ  та 
дауыс ырғағы мен дыбыс үндестігі ұштасып жатады. 
Сырым  батыр  атынан  сақталған  сөздердің  кейбіреулері  шешендік 
нақылға жатады. Шешендік нақыл – көлемі шағын, тілі көркем, тәлім-тәрбие 
берерлік  терең  мағыналы  сөздер.  Шешендік  нақылды  екінші  сөзбен  ғибрат 
сөз деуге де болады. Мысалы, Сырым атынан айтылатын «отын – олжа, су – 
нұрлық»,  «қайғысыз  беттің  жарығы,  қайғылы  беттің  сарығы  бар»,  «әйелді 
қорсынбаңдар,  әйелсіз  ерге  күй  бітпейді,  қойды  қорсынбаңдар,  қойсыз  елге 
үй бітпейді», «ата тұрып ұл сөйлесе, ержеткен болар, ана тұрып, қыз сөйлесе, 
бойжеткен болар» дейтін сөздер нағыз нақыл сөздер үлгісіне жатады [3]. 
Қорыта  айтқанда,  шешендік  тәсілдер  қазақ  шешендік  өнерінде  ұлттық 
ойлау  жүйесінің  шеңберінде,  аясында  туындаған,  өркендеген,  ұтымды  ойға 
қол жеткізудің, сонымен қатар шешендік болмыстың қалыптасу мәселелерін 
күйттеген іс-әрекеттен туындаған. 
С.Датұлы  атымен  байланысты  айтылатын  шешендік  сөздерде 
қолданылатын,  жалпы  қазақ  шешендік  өнеріне  тән  кейбір  тәсілдер 
сараланды. 
Жоғарыдағы  тәсілдер  кесім,  байлам  айту  кезінде,  ақиқатқа  жету 
жолында  тек  С.Датұлы  үшін  ғана  емес,  қазақ  шешен-билері  үшін  көптеген 
мүмкіндіктер  әкелді.  Ғасырлар  сынынан  сүрінбей  өтіп,  қазақ  шешендік 
өнеріне тән, мирас дүниедей бірден-бірге ауысып дәстүрлі дүниеге айналды. 
Сырымды  біз  батыр,  шешен,  би  тұрғысынан  түсініп  қана  қоймай, 
Сырым  қазақ  елінің,  халқының  өзін  –  өзі  билейтін  жеке  –  дара  мемлекет 
болуын қалаған демократ, отаршылдық жүйемен күресуге бар өмірін арнаған 
аса көрнекті тарихи тұлға екендігін ұғынуымыз керек.  
Сол Сырым көксеген тәуелсіздік бүгін орнады. Орнап қана қойған жоқ, 
адам сенбес шапшаңдықпен өркендеп, өрелі биіктерге ұмтылып барады.  

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
223 
Сырым – біздің Платонымыз, Цицеронымыз, Демосфеніміз. Сырымның 
сақталып  қалған  даналық  сөздері  өлмеді,  өз  иелерінің  есімдерін  бізге 
жеткізді.  Осыған  орай  шешендік  сөздердің  көркемдігі  ерекшеленеді  де,  ол 
ерекшелік халық зердесінен берік орын тапқандығымен өлшенеді. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Тілеужанов  М.  М.  Сырым  Датұлы  және  оның  шешендік  сөздер.  –  Орал: 
Полиграфия, 1991. – 46 б. 
2.
 
Қасенов 
С.Т. 
«Шешендік 
сөздердің 
поэтикасы» 
философия 
ғылымдарының  кандидаты  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация.    – 
Алматы: 1999. 
3.
 
Тілеужанов М. М. Дала кемеңгері немесе Сырым туралы сыр.  – Алматы: 
Сөзстан, 1992. – 68 бет. 
4.
 
Ақбай Ж. « Ерен ер- Сырым». Орал: Полиграфсервис, 2002. – 251 б. 
 
Ахатова Н.К. 
Ораторские речи, связанные с именем Сырыма Датова 
Сырым Датов – интересная личность в истории Казахстана. Он говорил  как 
оратор,  думал    как  предводитель,  заботился    о  своем  народе  как  настоящий  
патриот. В данной статье представлен материал об  ораторской речи, связанной с 
оратором, бием,  мудрым  общественным деятелем  Сырымом  Датовым.  
Ключевые слова: Казахстан, казах, народ, восстание, бий, оратор  
 
Akhatova N.K. 
Elocution and speech connected with the name of Syrym Datov 
Syrym  Batur  Datuly  –  a  person  of  great  intellect,  strong  will,  inordinate  bravery, 
one of the first Kazakhmen  who stirred up rebellion, for freedom and independence of his 
fatherland  against  national  oppression.  Syrym  Datuly,  who  has  always  struggled  for  his 
nation to have a brilliant future, and called the attention of not only Kazak nation but also 
al  other  nations,  and  who  laid  a  foundation  of    important  works  about  future,  is  without 
discussion one the important historical persons. 
Keywords: Kazakhstan, Kazakhs, people, rebellion, speker 
 
*** 
 
 
 
МАЗМҰНЫ 
 СОДЕРЖАНИЕ 
CONTENTS 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет