Хабаршы жылына 4 рет шығады


МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата07.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#3574
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Аннотация:  Шығарманы  тыңдай  отырып,  балалар  –  шығарманың  ырғағын, 
дыбыс биіктігін, дыбыс күшін немесе екпінін (қатты, ақырын, жәй т.б.), көңіл-күйін 
(нәзік,  көңілді,  мұңлы  т.б.)  ажыратуға  үйренетіндігі  жөнінде,  осы  белгілер  арқылы 
музыка баланың санасына жететіндігі, осылар арқылы шығарманың сипатын, көңіл-
күйін сезінетіндігі жөнінде қарастырылған. 
Кілт  сөздер:  музыка,  аспап,  орындаушылық,  шығармашылық,  өнер,  тәрбие, 
адамгершілік, қабылдау, қабілет, тыңдаушы. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  мектеп 
оқушылары  бойында  адамгершілік  және  тұрмыс  негіздерін  қалыптастыру, 
азаматтыққа  тәрбиелеу  және  олардың  ақыл-ой  танымдық  шығармашылық 
қабілетін айқындау басты міндет екендігі  баса  айтылған. Бүгінгі ұрпақ жаңа 
ғасырдың  белесінде  жаңа  тұрмыс  салты  бойынша  өмір  сүруі  қажет.  Оқушы 
бойына  адамгершілік,  ізгілік,  мейірімділік,  ақыл-ой,  танымдылық,  сана-
сезімді қалыптастыру салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды керек 
етеді. 
Дүниенің терең де нәзік сырын сезіне алатын жас ұрпақты тәрбиелеу  – 
әр  адамның  ғана  емес,  бүкіл  қоғамның  қасиетті  борышы.  Ж.Баласағұнның 
балаға  ұстаздық  ету  жөніндегі  көзқарасы  тәрбие  мен  білімнің  сабақтастығы 
жайлы салмақты ойға жетелейді. Бала жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
74 
араласуы тиіс. Тән мен жан тазалығы сабақтас. Тәрбие мен білім берудің бұл 
жүйесі  парасатты  ұрпақ  өсірудің  мәнін  ашады.  Сол  талаптардың  бірі  – 
оқушылардың қабілетін қалыптастырып, дамыту [1, 3 б.].  
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердегі  оқу-тәрбие  жұмысының 
нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі - бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған 
маңызды істердің бірі. 
Еліміз  егемендік  алып,  қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларында,  соның 
ішінде білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, 
оқыту  мүмкіндіктері  туды.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы, 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы - осының айғағы. 
Бастауыш  сатыда  білім  берудің  түбегейлі  мақсат  -  міндеттерін  жүзеге 
асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Оқушылардың эстетикалық 
талғамын,  рухани  байлығын,  әсемдігін,  терең  сезімін,  музыкалық  сауатын 
қалыптастыруды  шығармаларды  тыңдау,  музыканы  айту,  тыңдау  арқылы 
жүзеге  асыру  үшін  музыка  пәні  мұғалімдерінің  алдына  көптеген  міндеттер 
жүктейді. 
Мектептегі музыка пәнінің негізгі міндеті – музыкалық өнердің ықпалы 
арқылы  оқушыларды  жан-жақты  да  үйлесімді  дамыту.  Музыка  пәні 
мұғалімінің  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың  музыканы  қабылдау,  есту  іс-
әрекетін  тәрбиелеу  және  дамыту.  Кез-келген  іс-әрекетті  ойдағыдай  табысты 
жүзеге  асыру  үшін  дарындылық,  бірнеше  мақсатты  бір  уақытта  шешу 
қабілеті  талап  етіледі,  ал  бұл  үшін  белгілі  дағдылар  мен  іскерлікті  меңгеру 
қажет. 
Балалар  музыка  сабағынан  өзін  қоршаған  дүниенің  әдемілігі  мен 
сұлулығын  өнермен  үйлесімді  сезінуге  тиіс  болса,  ұстаз  осыларға  сәйкес 
музыкалық  шығармалардың  терең  педагогикалық  дәстүрін  таныта  білетін 
тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет. 
Мектептегі  музыка  сабақтары  оқушыларды  әсемдік  әлемінің 
таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан 
рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға 
жетелеп өнегелі істерге баулиды. 
Музыка  сабағы  мектептегі  басқа  пәндерге  қарағанда  оқушыларға 
ерекше  әсер  етіп,  олардың  ой-өрісінің  дамып,  шығармашылығының 
қанаттануына зор ықпал етеді. Музыка сабағы арқылы оқушылар тек қана ән 
айтып,  музыка  тыңдап  қана  қоймайды,  ғылым-білімнің  әр  саласынан 
мағлұмат  алып,  бойларындағы  қалаған  өнердің  немесе  мамандықтың  негізін 
қалыптастырады.  Музыка  сабағында  оқушылар  еркін  ойлап,  қиялдап,  өз 
қиялдарының нәтижесін баяндауға немесе суреттеуге дағдыланады. 
Оқушылардың  өнерге  деген  сүйіспеншілігі,  өмірге  деген  құштарлығы, 
еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыруы үшін мұғалімнің әр сабақты 
сапалы  да,  жүйелі  ұйымдастыруы  қажет.  Дұрыс  ұйымдастырылған  музыка 
сабағы  арқылы  оқушылардың  бойында  адамгершіліктің,  жоғарғы 
мәденеиеттіліктің  негізі  қаланып,  саналы,  тәртіпті,  ақылды  болып  өсуі 
қалыптасады. 
Музыкалық  есту  қабілеттері  мынандай  іс-әрекет  түрлерінде 
қалыптасады: ән айтуда, музыкалық аспаптарда ойнауда, қосылған музыканы 
қабылдау процесінде. Дәл осы сәтте орындалған музыканы қабылдау процесі 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
75 
музыкалық  есту  қабілетін  белсендіруде  ерекше  орын  алады.  «Әр  өнер 
туындысы  адамға:  «Мені  қабылда,  мені  өміріңнің  мәніне  айналдыр;  келші 
мен сенің жаныңды жадыратайын, иеленейін, сәулелендірейін, тереңдетейін», 
деп тұрғандай болады», - деп түйіндейді И.А. Ильин [1, 14 б.]. 
Музыка бағдарламасы талаптарының бірі қабілетпен, музыкалық естуді 
дамыту  болып  табылады.  Музыкалық  қабілет  және  музыканттың  есту 
мәселелері көптеген психологтар мен педагог – музыканттардың  
(Б.В.  Асафьев,  Б.М.  Теплов,  Н.Н.  Ланге,  А.Е,  Мальцева,  Д.Б. 
Кабалевский,  И.А  Ильин  және  т.б.)  зерттеу  еңбектерінде  қарастырылған. 
Олардың  тұжырымдамалары  бойынша  қабілеттер  іс-әрекеттер  барысында 
қалыптасатыны айқындалған. 
Музыкалық қабілеттің жоғарғы буыны болып табылатын музыканттың 
есту  мәселелерін  зерттеген  ғалымның  бірі  Б.В.  Асафьевтің  пайымдауынша, 
«Музыкалық  есту  түсінігі  –  музыканттың  ішкі  естуімен  қабылданатын, 
орындаушылық қимылдарды іріктеуде, оларды талдауда, қорытындылау мен 
жетілдіруде  бағыттаушы  рөлі  бар  шынайы  өмірдің  көрінісі  ретіндегі 
дыбыстық бейне» [2, 41 б.]. 
Музыканы  қабылдау  күрделі  үрдіс.  Сонау  XI  ғасырдағы  Шығыс 
педагогикасы  тарихында  тәлім-тәрбиелік  мәні  жағынан  аса  құнды  еңбек 
болып  табылатын  «Кабуснама»  шығармасында  музыканы  тыңдау  және 
қабылдауға  байланысты  біраз  пікірлер  айтқан.  Автор  (Кайкаус)  осы  еңбегін 
63  жасында  ұлы  Гиланшахқа  арнап  жазған.  «Жыршы  және  музыканттық 
туралы»  деп  аталатын  16-тарауында  «Балам,  біліп  қой,  егер  музыка  жолына 
түсер  болсаң  жеңіл  де  жайдарлы  бол.  Музыка  өнеріне  арналған  сарайға 
кіргенде  бет-әлпетіңді  тыжырайтпа,  қабағыңды  түйме.  Бір  ғана  баяу  не 
жылдам орындалатын шығармаларды тыңдай берме. Өйткені, адамның мінезі 
де бірдей емес...» деген екен. Музыканы қабылдауды Яворский: «Музыканы 
қабылдау ісіне негіз болатын нәрсе – ойлау, бәрімізге анық естілетін сөйлеген 
сөз  сияқты  түсіне  білу»  деп  есептейді.  Асафьев  «белгілі  бір  шығарманы 
жанды  орындау  арқылы  тыныстыру,  сол  арқылы  музыкалық  терминдерді 
жеткізу,  оларды  пайдаланудың  анық  та,  айқын  түсінікті  түрін  қарау.  Ең 
негізгісі – оларды қызықтыра білу [3, 27 б.]. 
Музыканы  тыңдау  төмендегідей  кезеңдерден  тұрады.  Шығарманы 
тыңдау    (орындап  көрсету).  Сабақ  тақырыбына  сай  жаңа  ән  немесе  күйді 
таныстырғанда  әуелі  шығарманы  тыңдатамыз.  Бұны  күйтабақ  т.б. 
техникалық құралдардан немесе мұғалім өзі орындап көрсете алады. Музыка 
тыңдай  білмейтін  құлақ  үшін,  ең  әсем  музыканың  да  ешқандай  мәні 
болмайды» деп К.Маркс айтқандай, музыканы саналы түсініп, оны қабылдау 
өте маңызды. 
Шығарманы  тыңдай  отырып,  балалар  –  шығарманың  ырғағын,  дыбыс 
биіктігін, дыбыс күшін немесе  екпінін (қатты, ақырын, жәй т.б.) көңіл-күйін 
(нәзік, көңілді, мұңлы т.б.) ажыратуға үйренеді. Осы белгілер арқылы музыка 
баланың санасына жетеді, осылар арқылы шығарманың сипатын, көңіл-күйін 
сезінеді.  Д.Б.  Кабалевскийдің  «...  Музыканы  белсенді  қабылдау  –  жалпы 
олардың  барлық  бөлшектерін  музыкалық  қабылдаудың  негізі»  және  «... 
балалар  музыканы  қабылдауға  үзіліссіз  сабақ  барысында:  ән  айтуда, 
аспаптарда ойнауда, өзі тыңдаушы рөлінде аса жоғары назарды, рухани күшті 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
76 
қажет  ететін  сәттерде  үйрену  қажет.  Музыкамен  кездесулер  формасы,  әрбір 
музыкалық  сабақтар  тыңдау,  ойлану  іскерлігін  жетілдіре  отырып,  музыканы 
естуге үйретеді» - деп жазған сөздерін естен шығармаған жөн [4, 22 б.]. 
Музыкаға  деген  эмоционалдық  жауап  әртүрлі  музыкалық  іс-
әрекеттерден көрінеді. Олар: қабылдау, орындау, шығармашылық. Жоғарыда 
көрсетілгендей,  музыкаға  деген  эмоционалды  жауап  келесі  бағыттағы  екі 
қабілеттен:  дыбысты  ести  білу  (эмоционалды  дыбыстық  құрылым)  және 
ырғақты сезіне білу (эмоционалды қабілет) байқалады. Олай болса музыкаға 
деген  эмоционалдық  жауап  реакциясы  музыканы  қабылдаудан  және 
музыкалы  ырғақтық  қозғалыстардан  көрінеді.  Демек,  музыкаға  жағымды 
жауап  реакциясы  балалардың  орындаушылық  және  шығармашылық  іс-
әрекеттерінен де сезіледі. 
Музыканы  қабылдау  дыбысты  белсенді  есту  процесі  болғандықтан, 
музыкаға деген эмоционалды жауапты қимыл қозғалыс әрекеттерін тудырады 
(қолдың  ұсақ  қозғалыстары,  би  қимылдары).  Ендеше  музыканы  қабылдауда 
музыка  ырғақты  қозғалыстар  да  негізгі  рөл  атқарады.  Балаларда  музыкаға 
деген жауап реакциясы өте ерте кезінен көріне бастайды. Яғни, бала көңілді 
музыкаға сергектікпен, қимыл қозғалыспен, дыбыс  шығарумен жауап берсе, 
баяу  музыкаға  тыныштықпен,  көңіл  аударумен  жауап  қайтарады.  Уақыт  өте 
келе қимыл қозғалыс реакциялары музыкамен үйлесімділік табады.  
Музыка  туралы  әңгіме.  Бұл  кезеңнің  де  балалардың  музыкалық 
деңгейлерін  дамытуда  маңызы  зор.  Оқушылар  музыкалық  шығармаларды 
тыңдап  қана  қоймай,  ән  немесе  күйден  алған  әсерлерімен  бөліседі, 
шығарманың  авторларын,  шығу  тарихын,  мазмұнын  әңгімелейді,  сұрақтарға 
жауаптар  қайтара  алады,  ой  қозғайды,  сурет  салады,  талдайды.  Сонымен 
қатар,  жеткізуші  –  орындаушы  –  тыңдаушы  –  көрермен  т.б.  ұғымдармен 
танысады.  
Музыка тыңдау ережелері 
1.
 
Музыканы түсіну үшін оны басынан аяғына дейін зейін қойып тыңда. 
2.
 
Музыканы тыңдап отырғанда басқаға көңіл аударма. 
3.
 
Әннің немесе күйдің атына, мазмұнына назар аудар. 
4.
 
Музыканы есіңде ұзақ сақтау үшін оны бірнеше рет қайталап тыңда. 
5.
 
Музыканың негізгі әуенін еске сақтап қалуға тырыс.  
6.
 
Әуенін ішіңнен айтып орында. 
7.
 
Тыңдалған музыканың композиторын ұмытпа. 
Музыканың  мәнін  түсініп,  қабылдау  үшін  бұл  өнер  саласының  өзіндік 
ерекшелігін  айқын  аңғарып,  табиғат  құбылыстарын,  өмір  шындығын 
музыкалық  дыбыстар  қандай  жолмен  бейнелейтініне  ой  жүгірткен  жөн. 
Музыка  тілі  –  басқа  өнердің  салаларымен  салыстырғанда  күрделі  тіл. 
Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. 
Музыка  өнерінің  ерекшелігі  –  сөз  бен  тіл  жеткізіп  айта  алмайтын, 
адамның  жан  дүниесіндегі  құбылыстарды,  сезімде  дыбыс  арқылы  беруге 
мүмкіндік  тудыруында.  Музыка  таза  эмоцияға  әсер  ете  отырып,  адамның 
қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.  
Музыкадағы  барлық  оқиға  желісі  дыбыс  үнінің  құдіретті  тілі  арқылы 
беріледі.  Күрделі  мазмұнға  құрылған  композициялық  желісі,  байланысы  бар 
кесек туындыларды тыңдай білгенмен, толық түсіну қиын.  

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
77 
Сабақтағы  әуен  ерекшелігін  талдау  біртіндеп,  музыка  құрылымына 
қарай  ойысып,  күрделене  береді,  фраза,  период  шығарманың  құрылысына 
тоқталады. 
Сонымен  мұғалім  –  өзінің  барлық  болмысымен,  мамандығына  деген 
ыстық  ықыласымен,  ұстаздық  еңбегіне  жанкештілігімен  балаға  деген 
шынайы махаббатымен көрінетін ең үлгілі, өнегелі адам. 
Мұғалім  –  қоғамның  тұтас  ауқымына  айналған  қайта  құру,  жаңару 
процесінде  оң  өзгерістер,  жаңаша  ойлау,  шығармашылық  іс  қимыл  арқылы 
танылатын басты тұлға. 
Жасөспірімдерді  музыка  әлеміне  терең  бойлап,  түсініп  қабылдауға, 
талғамын  арттыруға,  эмоциялық  сезімдерін  қалыптастыруға,  жан-жақты 
білімді,  мәдениетті  болып  өсуіне  зор  ықпал  ететін  музыка  сабағының  орны 
ерекше.  Ал  осы  музыка  сабағын  баланың  мектепке  келген  алғашқы  күнінен 
бастап  дұрыс  ұйымдастырып,  музыкалық  тәрбие  беру  музыка  пәні 
мұғалімінің алдында көптеген міндеттер жүктейді. 
Музыка  пәнінің  мұғалімі  шығармашылық  қиялы  мол,  арнайы  бір 
аспапты  еркін  меңгере  алатын,  музыкалық  сауатты,  жан-жақты  ғылым-
білімнен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жасөспірімдерге жүйелі 
музыкалық білім бере алады. 
Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізіп,  өлгеніміз  тіріліп,  өшкеніміз  қайта 
жанған,  өз  өнеріміз  бен  рухани  байлығымызды,  әдет-ғұрпымыз  бен 
салтымызды  толық  меңгеруге  мүмкіндік  алған  жағдайға  келген  кезде,  өз 
халқымыздың  ғасырлар  бойы  жиналған  бай  мұрасын  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғастыру музыка пәні мұғалімінің басты мақсаты болуы керек. Сондықтан 
музыка  пәні  мұғалімі  үнемі  ізденіспен  әр  сабағында  оқушылардың  бойына 
ізгілік  пен  адамгершіліктің,  әсемдік  пен  сұлулықтың,  инабаттылық  пен 
қайырымдылықтың  нәрін  беретіндей  әдістерді  қолданып  отыруы  керек. 
Қазіргі  жалпы  мектептерде  ұсынылған  музыка  пәнінің  бағдарламасына  сай 
сабақтарды  өткізуге  мол  мүмкіндік  бар.  Сол  мүмкіндікті  тиімді  пайдалана 
отырып  сабақтың  түрін,  формасын  ауыстыра  отыра,  әр  түрлі  әдістерді 
қолданып, музыка сабағын мағыналы етіп өткізу мұғалімнің міндеті. 
Музыка  сабақтарында  көбінесе  оқушылардың  ой-өрістерін  кеңінен 
дамытатын,  олардың  сөйлеу  мәденеитін,  ойларын  толық  жеткізе  білетін 
мүмкіндіктерін  арттыратын  тиянақты  сұрақтарды  дәл  қоя  білуі,  қойған 
сұрақтарға  жауап  ала  білуі,  мұғалімнің  өзінің  тіл  байлығы,  дүниетанымы 
жан-жақты, білімі, ой-өрісі, сезімі терең болуы керек. 
Музыка  адам  баласына  тартқан  тәңірдің  сыйы.  Ол  халықтың  жан 
күйінің,  жарқын  ойы  әуен  сазы  мен  білдіретін  өнердің  құдіретті  бір  саласы. 
Адам  сезімінің  асқақ  үні,  өткен  күннің  тарихи  бейнесі,  дәуіріміздің 
шындығы, эстетикалық ләззат беретін, арман ойды жеткізетін нәзік үндердің 
көркемдік  кестесі.  Сондықтан  да  музыканың  өрісі  кең.  Әрбір  нотасында 
заман  ырғағы  да,  бүгінгі  күннің  тынысы  да,  мақсаты  мен  ойы  да  көрініс 
тапқан,  музыка  уақыт  тақырыбын  тез  қамтитын  ұшқыр  жанр.  Сондықтан  да 
ол  тыңдаушысына  жылдам  әсер  етіп  оның  жан  дүниесіне  әсемдіктің  нәзік 
сәулесін  тез  түсіреді.  Міне,  осындай  өнерді  игеру  екінің  –  бірінің  қолынан 
келмейтін  сирек  кездесетін,  әрі  талантты  таңдап  табатын  табиғаттың 
сиқырлы тартуы. 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
78 
Өнер  –  ой  мен  сезім  бірлігі  арқылы  әлемнің  тұтастай  көрінісін 
жасайтын  адам  әрекетінің  бір  түрі,  өнер  және  оның  түрлері  өзінің  жақсы 
үлгілері  арқылы  адамның  рухани  мәдениетін  байытып,  дүниетанымын 
кеңейтеді.  Өнердің  қай  түрі  болмасын  ең  алдымен  түйсік,  қабылдауға  баса 
көңіл аудару қажет. 
Өнер  пәндері  арқылы  жеке  тұлғаның  рухани  әлеміне  мақсатты  түрде 
әсер  ету  үшін,  алдымен  оқушылардың  өнер  шығармасына  деген 
қызығушылығын  оятып,  оны  көре,  әсерлі  тыңдай,  қабылдай  білуге, 
көркемдікті әдемілікті сезіне білуге баулу қажет. 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  өз  ұлтымыздың  өнерін,  халқымыздың 
асыл  қазынасын  бойларына  сіңірту  мақсатында  музыка  тыңдаудың  рөлі  өте 
зор. Халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен 
өткен  тарихты  насихаттау  үшін,  жақсы  мен  жаманды  айыру,  табиғат 
сұлулығын,  ерекшелігін  сезіну,  қайырымды,  мейірімді,  адал  болу  үшін  – 
жалпы  айтқанда  оқушылардың  өмірге  деген  көзқарастарын  дұрыс 
қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.  
 
Әдебиеттер:  
1.
 
М.М.  Нағымова.  Оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудағы  өнер 
сабақтастығы: теория және практика. − Алматы. − 2006. 
2.
 
Асафьев Б.Г. Избранные статьи о музыкальным просвещении и образовании. 
– М., 1973.  
3.
 
М.М.  Нағымова.  Музыка  сабағындағы  жаңа  инновациялық  технологиялар: 
Оқу құралы. − Алматы. − 2007. 
4.
 
Д.Б. Кабалевский. Музыка туралы әңгіме. – Алматы. − 1989. 
 
Ерболатова К.Е. 
Пути развития детских способностей, с помощью музыкального 
образования 
В  статье  рассматривается  вопрос  о  развитии  детских  способностей  с 
помощью слушания музыки. Статья актуальна по подходу автора и проблеме. 
Ключевые  слова:  музыка,  инструмент,  исполнительство,  творчество, 
искусство, воспитание, доброжелательност, прием, способность, слушатель. 
 
Erbolatova K. E. 
Ways of development of children`s abilities with the music education. 
The article discusses the development of children`s abilities with the help of listening 
to music. Article is relevant to the approach of the author and the problem. 
Key words: music, tool, performance, creativity, art, education, goodwill, receipt of 
audio, the ability, the listener. 
 
 
*** 
 
 
УДК: 371.7 
 
Марискина С.В. − учитель истории и обществознания 
Муниципального общеобразовательного учреждения  
 «Средняя общеобразовательная школа №60»  
Ленинского района г.Саратова 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
79 
E-mail: svetlanamariskina@rambler.ru 
Наумова А.П. − учитель информатики Муниципального 
общеобразовательного учреждения   
«Средняя общеобразовательная школа №60»  
Ленинского района г.Саратова 
E-mail: naumovaap@mail.ru 
 
РЕАЛИЗАЦИЯ СОЦИАЛЬНОГО ПРОЕКТА «ШКОЛЬНАЯ 
КАРТА» НА ПРИМЕРЕ МОУ «СОШ №60» ГОРОДА САРАТОВ 
 
Аннотация.  Реализация  социального  проекта  Школьная  карта на  примере 
МОУ  «СОШ  №60»  г.  Саратова.  Школьная  карта  -  всероссийский  проект  по 
внедрению в школах Российской Федерации систем контроля доступа, безналичной 
оплаты школьного питания и электронного дневника. 
Ключевые слова: социальный проект, школьная карта, электронная столовая, 
электронная проходная, электронный дневник. 
 
«Модернизация и инновационное развитие – единственный путь, который 
позволит России стать конкурентным обществом в мире в XXI веке» 
Д.А. Медведев 
 
Изменения,  непрерывно  происходящие  в  современном  обществе, 
несомненно, предъявляют иные требования к образованию. 
Основным  направлением  проекта  модернизации  в  школе  является 
модернизация  содержания  образования  и  условий  образовательной 
деятельности.  В  ходе  модернизации  меняется  не  только  учебно-
воспитательный  процесс  и  техническая  оснащенность  школ,  большое 
внимание в современной школе уделяется школьному питанию. Полноценное 
и  сбалансированное  питание  способствует  профилактике  заболеваний, 
повышению работоспособности и успеваемости, физическому и умственному 
развитию детей и подростков, создаёт условия к их адаптации к современной 
жизни.  Сохранение  физического  здоровья  одно  из  приоритетных 
направлений модернизации школы.  
Полноценное  питание  учеников  в  школьных  столовых  является 
необходимым  условием  качественного  усвоения  ими  получаемых  знаний. 
При  существующей  системе  питания  учеников  в  школьных  столовых 
достижение  этой  цели  связано  с  некоторыми  сложностями  по  следующим 
причинам: 

 
За  отведенный  переменой,  достаточно  короткий  период  времени, 
нужно  накормить  большое  количество  учеников.  В  школьных  столовых 
образуются очереди, и не все ученики успевают покушать. 

 
Некоторые  ученики  предпочитают вместо  полноценного  питания  в 
школьной столовой, тратить «обеденные деньги», в соседнем магазине. 

 
Всем  известны  случаи,  когда  старшие  ученики  отбирают  деньги  у 
младших и те остаются голодными. 

 
Дети  часто  экономят  обеденные  деньги,  чтобы  потратить  их  по 
своему усмотрению, например, на развлечения. 

 
Использование  наличных  ведет  к распространению  бактерий 
и микробов.  Экспертами 
из 
НИИ  эпидемиологии  и  микробиологии 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
80 
им.  А.Ф.Гамалеи  установлено,  что  на  ветхих  банкнотах  "обитает"  до  500 
видов  бактерий  и  3-4  вида  плесневых  грибов.  А  ребенок,  рассчитавшись 
наличными деньгами, сразу садится за стол. [1] 
Современная школа должна не только дать знания, сохранить здоровье 
детей,  но  и  стать  доступной  и  удобной  для  родителей,  как  участников 
образовательного  процесса.    Учитывая  постоянную  занятость  современных 
родителей  для  них  важным  является  своевременная  информированность  о 
школьной  жизни  ребенка.    Получить  информацию  быстро  и  своевременно 
сегодня  можно  с  помощью  информационных  технологий.  Именно  эту 
доступность и призван обеспечить социальный проект Школьная карта. 
Социальный  проект  Школьная  карта —  всероссийский  проект  по 
внедрению  в  школах  Российской  Федерации  систем  контроля  доступа, 
безналичной оплаты школьного питания и электронного дневника [2].  
Целью создания проекта, является консолидация направлений в области 
безопасности,  питания,  учета  успеваемости  школьников,  информатизация  и 
автоматизация образовательного процесса на платформе системы «Школьная 
карта». Проект развивается, ориентируясь на Федеральные Государственные 
Образовательные  Стандарты,  создавая  в  каждой  подключаемой  к  системе 
школе условия для их реализации [2].  
Аппаратно-программный  комплекс  проекта  "Инновационная  школа"  – 
это  комплекс  модулей  способных  объединять  все  аспекты  школьной  жизни, 
начиная  с  оповещений  родителей  о  входе  ученика  в  учебное  заведение  и  о 
выставленных ему оценках, заканчивая переводом школьной документации в 
электронный вид, созданием отчетов и ведомостей

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет