Хабаршы жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата07.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#3574
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

Кілт  сөздер:  халық  педагогикасы,  этнопедагогика,  дәстүрлі  педагогикалық 
мәдениет,  халықтық тәрбие. 
 
Мақала егеменді Қазақстан тарихында айрықша  
орын алатын қазақ хандығының 550 жылдық 
 тарихи тойына арналған іс-шаралар аясында жазылды. 
 
Егеменді  Қазақстанның  мемлекеттілік  тұғырының  нығаюы  мен  бүкіл 
әлем  алдында  саяси-экономикалық  беделінің  өсуі  Республикамыздың 
халықаралық  аренадағы  саяси-мәдени  рөлін  арттырып,  бұрынғыдан  да 
айқындап  отыр.  Бүкіл  дүниежүзі  алдында  қазақ  мемлекеті  өзінің 
дербестігімен  және  әртүрлі  халықаралық  саясаттағы  рөлімен  ғана  емес,  бай, 
әрі терең тамырлы тарихи, рухани-мәдени мұрасымен көзге түсуде. 
Үстіміздегі  жылы  елімізде  президентіміз  Н.Ә.  Назарбаевтың 
бастамасымен  мемлекеттік  және  халықаралық  деңгейде  қазақ  хандығы 
құрылуының  550  жылдық  тарихи  тойын  атап  өту  аясында  бірқатар  игі  іс-
шаралар  атқарылып  жатыр.  Осы  орайда  қазақстандық  педагогика 
ғылымының  өкілдері  де  550  жылдық  тарихы  бар  қазақ  жыршы-
жырауларының  терең  тағылымдық-тәрбиелік  мұраларын  қайта  саралап, 
этнопедагогикалық тұрғыдан талдап, тұжырымдауға талпынуда. 
Ел тарихындағы бұл қазақ хандығының құрылуы ұзаққа созылған этно-
мәдени,  рухани  және  саяси  дамулардың  нәтижесінде  жүзеге  асқан  тарихи 
күрделі  процесс.  Сондықтан  да  бұл  кезеңнің  өкілдері  болған  қазақ  жыршы-
жырауларының толғауларының мазмұны зор саяси-қоғамдық, рухани-мәдени 
және әлеуметтік-педагогикалық мәнге ие. 
Адамзат дамуының барлық кезеңдерінде де әрбір ұлттың төл мәдениеті 
ұрпақтар  сабақтастығының  қайнар  бұлағынан  нәр  ала  отырып,  өзінің 
өркениеттік  мәдени  тәжірибелерін  дәстүр  жалғастығы  заңдылықтарына  сай 
дамыта білген. Бұл табиғи өмірдің басты заңдылығы болып табылады, ұлттық 
мәдениеттің  өресі  дәстүрлілік  сарын  мен  жаңашылдықтың  өзара  үйлесім 
тапқанында ғана биік болады [1, 12 б.]. 
Тарихи-мәдени даму барысында қалыптасқан қазақ халқының дәстүрлі 
педагогикалық  мәдениеті  бүгінгі  ғылыми  педагогикамен  үйлесім  тауып 
байланыспайынша,  ұрпақ  тәрбиесінің  нәтижелі,  оның  болашағының  айқын 
болуы күмән туғызады. Осы ретте терең тамырлы өз халқымызға тән дәстүрлі 
педагогикалық  мәдениетің  қалыптасып,  даму  тарихында  ғылымда  ХІV-ХV 
ғасырлардан  бастау  алатын  қазақ  хандығы  тұсындағы  есімдері  дала 
ұстаздары  ретінде  танылған  жыршы-жыраулар  шығармашылығының 
алар орны ерекше. 
Қазақ  халқы  тарихында  алғаш  рет  елдікке  қол  жеткізіп,  XV  ғасырдың 
орта  тұсында,  яки  1456  жылы  Шу  бойында  іргетасы  қаланған  Қазақ 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
64 
хандығының  үш  ғасыр  бойғы  тыныс-тіршілігінің  (ХV-ХVІІІ  ғғ.)  рухани 
өміріне  дем  беруші  қазақ  жыршы-жыраулары  мен  би-шешендерінің  тәлім-
тәрбиелік  мұрасын  зерттеп,  туған  еліміздің  педагогика  тарихын  тану  бүгінгі 
тәуелсіз  Қазақ  елінің  көкейкесті  мәселесінің  бірі.  Бұл  орайда  Қазақстан 
тарихы  мен  рухани  мәдениетінде  өзіндік  із  қалдырған  даламыздың 
ғұламалары  атанған  ақын,  жыршы-жырауларымыз  бен  би-шешендеріміздің 
өмірі мен шығармашылығы жөнінде мол деректер беретін танымал Қазақстан 
философтарының (Ж.А.Алтаев, Ғ.Есімов, А.Қ.Қасабек, М.С.Орынбеков т.б.), 
тарихшыларының  (М.Х.Әбусейтова,  К.М.Байпақов,  С.Ж.Жолдасбайұлы, 
М.Қани,  М.Қ.Қозыбаев,  Ә.Х.Марғұлан,  Х.Маданов  т.б.),  әдебиетшілерінің 
(Б.Адамбаев,  Ә.Қоңыратбаев,  М.Мағауин,  М.Байділдаев,  С.Негимов, 
Ж.Дәдебаев 
т.б.), 
педагогтарының 
(Қ.Б.Жарықбаев, 
С.Қ.Қалиев, 
С.А.Ұзақбаева,    Т.М.Әлсатов,  Г.Р.Бахтиярова    және  т.б.)  ғылыми  еңбектері 
халықтық  рухани  мұраларымызды  танымдық-тәрбиелік  тұрғыдан  талдап, 
зерделеуге зор мүмкіндіктер береді. 
Қазақ  халқының  саяси-тарихи,  мәдени-рухани  дамып,  қалыптасуына 
айрықша  үлес  қосқан  ХV-ХVІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  дала  ұстаздары  – 
ақын,  жыршы-жырауларымыз:  Асан  қайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Жиембет, 
Ақтамберді,  Бұқар,  Шал,  Әнет  және  т.б.  көптеген  бабаларымыз  болды. 
Түрлі  тарихи  кезеңдерде  өмір  сүрген  дана  ойшылдар,  «ел  басқарған  би-
шешендер,  ақындар,  жыршы-жыраулар  ел  ішінде  ой  түйіп,  әділ  төрелік 
айтумен бірге бүкіл халықтың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде теңдесіз қызмет 
атқарумен қадірменді саналған» [2, 37 б.]. 
Қазақ  сөз  өнерінің  иелері  атанған  ақын-шешендер  мен  жыршы-
жыраулардың  қалдырған  әдеби  мұрасы  ата-бабалардан  жеткен  тарихи 
қалыптасқан халықтық педагогикалық мәдениеттің айқын көрінісі, ол бүгінде 
жас ұрпақ үшін өткен тарихтың шынайы бейнесін танытатын рухани қазына, 
әрі таптырмас тәрбие құралы. 
Көрнекті  түрколог-ғалым  В.В.  Радлов  қазақ  тілінің  тазалығы  туралы 
айта  келіп,  «...  қазақтар  басқа  тайпаларынан  суырып  салып  айтуға  ұста, 
шешендігімен  ерекшеленеді»  -  деп,  халқымыздың  сөзге  шешен,  қажетті 
жерінде  сөз  тауып  айта  білетін  ой  жүйріктігімен  ерекшеленетін  өнерін 
жоғары бағалаған болатын [3, 30 б.]. 
Ұрпақ  тәрбиесі  жөнінде  өнегелі  сөз  айтып,  қазақ  халық 
педагогикасының  мазмұнын  байытқан  Асан  қайғы,  Шалкиіз,  Доспанбет, 
Жиембет,  Марғасқа,  Бұқар,  Қазтуған,  Ақтамберді,  Шал,  Әнет  және  т.б. 
поэзия  тіліндегі  толғаулары,  қанатты  сөздері  танымдық  маңызымен  қатар, 
тарихи,  мәдени,  рухани,  адамгершілік,  эстетикалық,  отаншылдық, 
патриоттық  тәрбиелік  мәнімен  де  аса  құнды.  Аузы  дуалы  жыраулар  мен 
шешен,  билер  елге  басшылық  етіп,  ақыл-кеңесші  болумен  бірге,  өз 
шығармаларында сол дәуірдегі халықтың ауыр тұрмыс жағдайын, ел мұңын, 
азаттық  үшін  болған  қанды  майдан  көрінісін,  ерлердің  ерлігі  мен 
қаһармандығын  арқау  етіп,  тарих  шындығын  өз  жырларына  қосты.  Олар  өз 
шығармаларында  халықты  өнегелі  сөздерімен,  жыр  толғауларымен 
ынтымағы  жарасқан  ел  болуға,  береке-бірлікке  шақырып,  елі  мен  жерінің 
тұтастығын сақтауға ықпал етті. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар 
айтып,  ел  ұйытқысына  айналды.  Олар  өз  шығармаларында  халыққа  тән 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
65 
адалдық,  патриотизм,  гуманизм,  еңбек  сүйгіштік,  мейірімділік,  достыққа 
деген беріктілік, өз жауына деген қаталдық, батылдық секілді қасиеттерді 
жан-жақты жырлады. 
Жыршы-жыраулар  шығармашылығы  тарихтағы  түркі  тектес  көшпелі 
тайпалардың  этникалық  топтарға  жіктеліп,  қазақтардың  халық  болып 
қалыптасуымен, ХV ғасырдың орта тұсында қазақ хандығының құрылуымен, 
оның  рухани  кескін-келбеті,  әлем  таныған  дәстүрлі  мәдениетінің  өркендеп, 
дамуы  секілді  қоғамдық  жағдайлармен  тығыз  байланыста  өмір  сүрді.  Осы 
тарихи  кезеңде  халық  ішінде  сөз  өнерінің  қадір-қасиеті  айрықша  артты. 
Қарапайым  халық  сөз  өнеріндегі  тапқырлық  пен  ұтымдылықты,  білгірлікті 
бағалайтын  болды.  Халық  арасынан  небір  жезтаңдай  ақындар  мен  жыршы-
жыраулар  шықты.  Осылайша  қазақ  халқының  дәстүрлі  мәдениеті,  рухани 
тыныс-тіршілігінің  өзіндік  сипаты  айқындалып,  тұлғалана  түсті.  Әсіресе  тіл 
әрбір  халықтың  ерте  кездерден  бергі  өсіп-өркендеуінің,  дамуының,  тұтастай 
дерлік  болмысының  көрінісі  екендігін  ескерсек,  сол  тілдің  арғы  жағында 
халықтың  тыныс-тіршілігі,  салт-санасы,  әдет-ғұрпы,  наным-сенімі,  тарихы 
тұрады.  Тілсіз  мәдениет  те  жоқ.  Тіпті  халықтың  тектілігін 
танытатын  да  осы  қасиетті  ана  тілі  емес  пе?  Әр  халықтың  болмысын, 
арман-мұратын, болашағын бейнелейтін де тіл болып табылады. 
Бұл орайда қазақ ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмір оқиғаларын, 
халық басынан өткерген түрлі тарихи-саяси, мәдени жағдайларды көркемсөз 
арқылы  баяндап  бере  білген.  Қазақ  тарихында  ХV-  ХVІІІ  ғасырларда  халық 
ішінен  шығып,  қазақ  ауыз  әдебиетінің  абыройын  тасытып,  ұлттық 
педагогикалық мәдениетімізді жоғары дәрежеге көтерген ақындар, жыраулар 
аз болмаған. 
Қазақ  жыршы-жырауларының  көш  басшысы  ретінде  есімі  танымал 
Асан қайғы халық ішінен шыққан кемеңгер дала философы, дана ой иесі. Ол 
жұрт қамын жеп өткен дана, батагөй, кемеңгер кісі. Өзінің ұзақ жасында бір 
күлмей,  халықтың  қамын  көп  ойлап,  уайым  жеп  өткендіктен,  «Асан  қайғы» 
атанған екен. Асан қайғының Қорқыт сияқты елге үлгі ретінде айтқан нақыл 
сөздері  өте  көп,  ол  фәлсафалық  ойлар  елге  күш  қуат  берген  -  деп  жазады 
танымал әдебиеттанушы ғалым Ә. Марғұлан [4, 146 б.]. 
Оның  жыр-толғауларынан  танымдық-тәрбиелік  мәні  терең  қанатты 
сөздерді, тағылымдық ой-пікірлерді көптеп кездестіруге болады. Асан қайғы 
өз толғаулары арқылы бірде:  
                Арғымаққа міндім деп,                Ғылымым жұрттан асты деп,  
                Артқы топтан адаспа.                  Кеңессіз сөз бастама. 
                Күнінде өзім болдым деп,           Жеңемін деп біреуді 
                Кең пейілге таласпа.                    Өтірік сөзбен қостама [5, 25 
б.], - 
деп,  жас  ұрпаққа  көптен  қол  үзбеу  керектігін  ескертіп,  қатарымның 
алдымын  деп  асқақтық  жасамау,  асып-таспау,  өз  ортаңда  қадіріңді  арттыру 
үшін  ибалы  мінез  көрсетіп,  асылық  сөз  айтпау,  әрдайым  сабырлы,  ұстамды 
болу жөнінде ақыл-кеңес берсе, енді бірде:  
                 Таза мінсіз асыл тас                  Су түбінде жатқан тас –  
                 Су түбінде жатады,                   Жел толқытса шығады, 
                 Таза мінсіз асыл сөз                  Ой түбінде жатқан сөз –  

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
66 
                 Ой түбінде жатады.                   Шер толқытса шығады...  
-  деп,  адамның  жан-дүниесінің  тазалығы  мен  шынайылығы,  сезім 
сұлулығы  туралы  бейнелі,  табиғат  құбылысымен  астарласып  жатқан  терең 
философиялық ой айтады [5, 133-134 б.]. 
Шығармаларында  жақсылық  пен  жамандықтың  ара  жігін  ашып 
көрсетуге талпынған жырау кейінгі  ұрпағының өзара адал ниетті дос болып, 
тату-тәтті  өмір  сүргенін  қалайды.  Бұл  орайда  жырау  өз  ой-арманын  жырға 
былай деп қосады: 
Еділ бол да Жайық бол, 
Ешкімменен ұрыспа, 
Жолдасыңа жау тисе, 
Жаныңды аяп тұрыспа. 
Ердің құны болса да, 
Алдыңа келіп қалған соң, 
Қол қусырып барған соң, 
Аса кеш те, қоя бер, 
Бұрынғыны қуыспа [5, 16 б.]. 
Асан  қайғының  адамдар  арасындағы  ізгі  қарым-қатынасты,  ынтымақ-
бірлікті,  этика  нормаларын  арқау  еткен  патриоттық  сарындағы  мұндай 
толғаулары елді бітім мен сыйластыққа үндейді. 
Асан 
қайғыдан 
бастау 
алатын 
жыраулық 
дәстүрді 
жалғастырушылардың  бірі  –  Еділ  бойын  мекендеген  түркілердің    ру  көсемі, 
әскербасы,  батыр,  жыраулық  өнерде  үлкен  орны  бар  Қазтуған  жыраудың 
халық  педагогикасымен  үндес  толғауларының  жас  ұрпақ  үшін  бүгінде 
тағылымдық-тәрбиелік маңызы зор. 
Жырау: 
Азамат ердің баласы 
Жабыққанын білдірмес, 
Жамандар мазақ қылар деп!- 
жырлай  отырып,  ол  өз  өлеңінде  қазақ  ерлерінің  азаматтық  тұлғасын 
оларға  тән  қайраттылық  пен  шыдамдылық,  намысқойлық,  қайсарлық 
қасиеттері арқылы көрсетуге талпына отырып, кейінгі жастарға үлгі етеді [6, 
29 б.]. 
Қазтуған  жыраудың  толғауларында  көркем,  бейнелі  теңеулер  арқылы 
суреттелетін  туған  жердің  сұлу  табиғат  көріністері  тыңдаушы  жүрегін 
толқытып, туған елге деген аялы сезімдерін оятады. 
         Алаң да, алаң, алаң жұрт,           Қарғадай мынау Қазтуған батыр 
туған жұрт 
         Ақала ордам қонған жұрт,          Кіндігімді кескен жұрт, 
         Атамыз біздің бұ Сүйініш           Кір-қоңымды жуған жұрт, 
         Күйеу болып барған жұрт,          Қарағайдан сабақ будырып, 
         Анамыз  біздің  Бозтуған                            Қылшанымды  сары  жүн  оққа 
толтырып,  
         Келіншек болып түскен жұрт,    Жанға сақтау болған жұрт,- 
деген  өлеңінде  ақын  атамекен,  туған  жеріне,  ата-анасына  деген 
перзенттік  махаббатын  терең  сезіммен,  ерекше  жүрекжарды  тоғаныспен 
жырлайды [5, 29 б.].   

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
67 
Қазтуғанның  бұл  тоғауы  бүгінде  тыңдаушысына  кіндік  қаны  тамып, 
туып-өскен  ел  мен  жерін  сүйіп,  ардақтаудың  шынайы  үлгісіндей  әсер 
қалдырады. 
Көне  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің  ең  көрнекті  өкілі  –  Шалкиіз  жырау 
шамамен 1465 – 1560 жылдары өмір сүрген. 
Жыраудың  ақындық  өнері  туралы  қазақ  әдебиетінің  өкілі  М. 
Мағауиннің  айтуынша  «Жырау  туындылары  көңіл  пернесін  дөп  басар 
әсерлілігімен,  кезегенін  орып  түсер  өткірлігімен,  аз  сөзге  көп  мағына 
сыйғызған  нақтылығымен,  сұлу  сазды  көркемдігі,  асау  серпімді  қуатымен 
ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын 
көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы – түз тұрғынының дүние 
танымы,  адамдық  табиғаты,  мінез  ерекшеліктері,  моральдық,  этикалық 
қағидалары айқын аңғарылады» [6, 8-9 б.]. 
Жырау  өз  толғауларында  адам  бойында  кездесетін  мақтаншақтық, 
қорқақтық  сияқты  түрлі  жағымсыз  қасиеттерді,  ел  басқарып  отырған 
мықтылардың қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбыр мінез-құлықтарын 
батыл  сынап,  мінейді.  Қазақ  батырларының  ерліктері  мен  отансүйгіштік 
қасиеттерін дәріптеп, жырға қосады. 
 
 
Ақылсыз достыдан 
Ақылды дұшпан артық-ты... 
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, 
Күндердің күні болғанда 
Сол жаман айғақ болар басына... [6, 38-39 б.]. 
               *** 
Жақсының жақсылығы сол болар- 
Жаманменен бас қосып, 
Сөйлемекке ар ертер; 
Жаманның жамандығы сол болар- 
Сөйлесе дәйім бетін қара етер,- 
деп толғайды жырау өз шығармаларында [7, 22 б.].  
Бұл  жыр  жолдарынан  жолдас  пен  достың  жақсы  мен  жаманын  айыра 
білу керек, басыңа іс түскенде жаман достың жолда қалдыруы мүмкін, жақсы 
адам  кез-келген  адамға  сырын  ашпайды,  әр  сөздің  өз  тыңдаушысы  болғаны 
жөн деген ой аңғарылады. Көне заман шындығын, халықтың дүниетанымын, 
адамның  мінез-құлық,  табиғи  ерекшеліктерін,  моральдық  қағидаларын 
бейнелейтін  жырау  туындылары  аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызған  нақты  ой 
тереңдігімен,  әсерлілігімен,  сазды  әуезділігімен  оқырманына  ерекше  әсер 
етіп, ойға қалдырады. «Әлін білмеген әлек» деген халық мақалымен астарлас 
мына бір шумақтарында жырау: 
Бар күшіңді сынамай, 
Балуандармен күреспе, 
Таң боларсың әлемге, 
Сөз боларсың күлемге,- 
деп,  әр  адамның  өз  орнын,  әлін  біліп,  өмірде  соған  орай  әрекет  етуі 
керектігін мегзеп, өзгелердің алдында ұятқа қалмауды ескертеді [5, 38 б.]. 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
68 
... Атаның ұлы ерлерге 
Малыңды бер де басың қос, 
Басыңды қос та бек сыйлас, 
Күндердің күні болғанда 
Басың жауда қалар ма!- 
деген  жырау  толғаулары  кейінгі  жастарға  қай  заманда  болмасын  ел 
ішінде  ауызбіршіліктің  болуын,  туыстық  қарым-қатынастың  сақталуын, 
сыйластықтың  болуын  ескертіп,  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  деген 
ынтымақтастыққа шақыратын халықтық қағидамен үндеседі. 
Жыраулық  дәстүрдің  тағы  бір  ірі  өкілі  –  ерлігімен,  ақылымен  көпке 
танылған  Ақтамберді  жырау  шығармашылығының  қазақ  халқының 
педагогикалық  мәдениетінен  алар  орны  ерекше.  Ақтамберді  Сарыұлы  1675-
1768  жылдары  өмір  сүрген  жырау,  қолбасы,  дипломат.  Небары  17  жасынан 
бастап  қазақтардың  Орта  Азия  хандықтарымен  арадағы  соғыстарына 
қатысып,  нағыз  ерлік  таныта  білген  жырау  өзінің  жалынды  жырларымен  ел 
тәуелсіздігін аңсап, ерлерді ерлікке шақырады. 
Ақтамберді  толғаулары  жастарды  елін-жерін  сүйуге,  ерлікке, 
батылдыққа  үндеп,  ұлттық  рухты  оятатын  жалынды  күшке  ие.  Бұл  орайда 
жырау:  
 
Ел шетіне жау келсе,  
Алдына сірә дау келсе,  
Батырсынған жігіттің  
Күшін сонда сынаса! - 
деп  нағыз  батырлықтың,  ер  жігіттің  сыналар  сәті  елін,  туған  жерін 
жаулардан  қорғаудағы  көрсеткен  ерлігінде  екендігін  сөз  ете  отырып, 
жастарды өз елінің нағыз ұлтжанды патриоты болуға үндейді [6, 60 б.]. 
Сондай-ақ  Ақтамберді  жырау  шығармашылығы  бүгінгі  жас  ұрпақты 
бірлікке,  жолдастыққа,  үлкенді,  ата-ананы  құрметтеуге,  білімді,  тәрбиелі 
болуға  шақыруымен  де  құнды.  «Тірліктің  күші  бірлікте»,  «Байлық  байлық 
емес, бірлік байлық» деген ата-бабалар тағылымымен үндестік тауып жатқан 
жыраудың  өмірдің  мәні  береке-бірлікте  деген  ойлары  оның  жырларынан 
айрықша орын алады. Кейінгі жастарға: 
Бірлігіңнен айрылма,  
Бірлікте бар қасиет.  
Татулық болар береке,  
Қылмасын жұрт келеке,  
Араз болсаң алты ауыз  
Еліңе кірген әреке... -  
деп  бірлігі  жарасқан  туыстық  қатынасты,  ел  ішіндегі  ауызбіршілікті 
сақтау туралы терең философиялық ой толғайды [7, 146-147 б.]. 
Ал, ұрпағының білімді болуын армандаған жырау бірде:  
Білімді туған жақсылар 
Аз да болса көппен тең -  
десе, енді бірде: 
Білімді туған жақсыға  
Залал қылмас мың қарға,  
Жаман туған жігітке 
Рақатты күн бар ма -  
деп,  жақсы  азамат  болудың  шарты  білікте,  білімділікте  екендігін 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
69 
ескертеді  [7,  146-147  б.].  Ақтамберді  шығармашылығының  негізгі  идеясы 
адам өмірдегі өз бағы үшін күресуі тиіс, ал ол үшін адамға рухани қуат, білім, 
талаптылық,  талпыныс,  керектігін  айтқан  ақынның:  «Әркім  өзі  талпынбақ, 
Басына  бітер  бағы  үшін»,  -  деген  тұжырымы  бүгінгі  қоғамдағы  жастарға  да 
мақсатты  еңбек  пен  тынымсыз  тірлік,  жан-жақты,  терең  білім  арқылы  ғана 
бақытқа қол жеткізуге болатындығын ескертіп тұрғандай.  
Тәлім-тәрбиелік,  терең  танымдық  ойларға  ие  жыраулар  поэзиясының 
дамып,  өркендеуіне  үлкен  үлес  қосқан,  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі  – 
Бұқар жырау шығармашылығына да тән. 
Бұқар  жырау  өз  толғауларына  елдің  ынтымақ-бірлігін,  халық  мүддесін 
арқау  етіп,  туған  елге,  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  патриоттық  сезіммен 
асқақтата  жырлайды.  Жырау  шығармаларында  жеткіншек  ұрпақты  ең 
алдымен адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Жастарға 
жақсылық  пен  жамандықтың  ара-жігін  айырып  берумен  бірге,  адамның  әр 
жас  белесіндегі  қабілет-қарымын,  мүмкіндігін  саралайды,  әсіресе,  жастық 
шақта  барынша  қимылдап,  өнерге  ұмтылып,  жақсы,  игі  қасиеттерді  бойға 
сіңіруге талпынып қалу қажеттігін айтады. 
... Ағайынның аразы 
Елдің сәнін кетірер, 
Абысынның аразы 
Ауыл сәнін кетірер. – 
деп келетін толғау шумақтарында елдің тату-тәтті, берекелі өмір сүруі, 
ағайын,  туған-туыс  арасындағы  сыйластық  түсіністікке  байланысты, 
сондықтан  әрқашан  ынтымақшыл,  ұйымшыл  болған  жөн  деген  кеңес  береді 
[8, 36 б.].  
Жырау: 
Ер жігітке жарасар 
Қолына алған найзасы, 
Би жігітке жарасар 
Халқына тиген пайдасы...- 
деп,  елінің  қамын  ойлау,  халқына  бас  болып,  жерін  қорғау,  халық 
игілігі  үшін  еңбек  ету  әр  азаматтың    әр-азаматтың  парызы  екенін  ескерте 
отырып, әрі қарай: 
Қызда қылық болмаса, 
Құр шырайдан не пайда; 
Ерге дәулет бітпесе, 
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда,  - 
деген  өлең  жолдары  арқылы  тәрбиелі,  өнегелі  қыз  бен  ер  жігітің  сыр-
сипаты туралы ерекше көзқарасын білдіреді [5, 88-89 б.]. 
Қыз  бала  сыртқы  сұлулығымен  ғана  емес,  ақылымен,  қылығымен, 
тәрбиелілігімен  көрікті  атанады,  құрғақ  сөзге  әуес,  ештеңе  тындырмаған, 
еліне, өзіне пайда келтірмеген ерден де еш қайыр жоқ деген ой айтады. 
Жыраудың  дүниетанымдық  көзқарастағы  шығармаларының  ішінен 
«Бірінші  тілек  тілеңіз»  атты  толғауын  ерекше  атап  айтуға  болады.  Он  бір 
тілектен  тұратын  бұл  жырда  Бұқар  тыныштық,  адамгершілік,  адалдық, 
тазалық,  мұсылмандық  парызды  орындау  мәселелерін  сөз  ете  отырып,  өз 
дәуіріндегі  адамдардың  ой-тілегі  мен  арман-мұратын  жинақтап  көрсетуге 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
70 
талпынған. 
Аллаға  адал  болуды,  құдай  жолын  ұстануды  жырау  мұсылмандардың 
басты парызы деп түсіндіреді. Бұдан тек аллаға сеніп, сиынған пенденің ғана 
тілегі  қабыл  болады  деген  тұжырымды  аңғаруға  болады.  Бұқар  ұсынған  игі 
тілектердің  алғашқылары  ислам  дінінің  шарттары  мен  қағидаларын 
орындауға: 
Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір аллаға жазбасқа... 
Бесінші тілек тілеңіз, 
Бес уақытта бес намаз 
Біреуі қаза қалмасқа; 
келесісі тыныш, бейбіт өмірді сақтап, елін, жерін қорғауға: 
Жетінші тілек тілеңіз, 
Желкілдеген ту келіп, 
Жер қайысқан қол келіп, 
Сонан сасып тұрмасқа. 
Тоғызыншы тілек тілеңіз, 
Төреңіз тақтан таймасқа; 
енді бірі өмір түйіні – адамгершілік асыл қасиеттерге: 
Екінші тілек тілеңіз, 
Ер шұғыл пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа – 
арналған.  
Қалған жеті тілек отбасы амандығынан бастап, ел тыныштығын, бейбіт 
өмірді  аңсап,  армандау  ниетімен,  ата-ананы  сыйлау,  әсіресе  әйел-ананы 
қастерлеу қағидаларымен астасып жатыр. Сол сияқты, жырау бұл толғауында 
жеке  адам  өз  тағдырын  ел  бірлігімен,  халық  тағдырымен  тығыз 
байланыстырғанда  ғана  ырыс-бақытқа  қол  жеткізеді  деген  ой  қорытады. 
Сонымен,  Бұқар  шығармаларының  басым  көпшілігін  құрайтын  насихат 
түріндегі  толғауларында  адамгершілік  мәселелері  –  адамды  ізгілікке, 
бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу кеңінен уағыздалады. 
«Тегінде  жырау  ақын  емес,  ол  толғау  айтатын  ақылшы,  қиыншылық 
үстінде  халық  ортасына  шығып  қамқор  сөздер  сөйлейтін  данышпан  ойшыл 
адам.  Ол  ерте  кезде  ұлыс  ордасында  отырып  ақыл,  кеңес  беретін  әрі 
тәрбиеші, әрі ұстаз, әрі сәуегей, ұлы ойдың иесі. 
Жыраулар әр заман халықты сарқылмас ойға, адамшылық қасиетке, игі 
істерге, 
жаратылысты 
білуге 
шақырады. 
Осыған 
орай 
олардың 
шығармаларында  халыққа  арнап  айтатын  тәрбиелік  ойлар,  терең  ақылдар 
өзінің келісті сұлу түрінде төгіліп, сай суындай ағылып, тасқындап отырады. 
Олардың түбегейлі ойы халыққа үлгі беретін нақыл сөздер, әдемі ойлар. 
Жыраулардың  келістіре  айтатыны  ел  басқарған  кемеңгер  адамдардың 
ерекше  жаралған  сипаты,  ел  қорғаған  алып  ерлердің  жұрттан  асқан 
ерекшелігі,  олардың  өзіне  хас  жойқын  суреттері;  халықтың  саяси,  мәдени, 
шаруашылық тіршілігі, елді бейбітшілік бірлікке, ерлікке баулу, көрші елмен 
достықты  ардақтау;  ел  басқарған  адамдарға  кеңес  беріп,  татулықты  мұрас 
ету.  Бұл  толғау  әсіресе  Сыпыра  жыраудың  Тоқтамысқа,  Бұхар  жыраудың 
Абылайға  айтқан  өсиет  сөздерінен  осыны  анық  көруге  болады»  -  деп, 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
71 
Ә.Марғұлан  «Ежелгі  жыр  аңыздар»  атты  еңбегінде  қазақтың  жыраулық 
өнеріне, терең мағыналы, мазмұнды жоғары баға береді [4, 146-147 б.]. 
Бүгінде  біз  қазақ    ақын,  жырауларының  тағылымдық  ойларына  талдау 
беру барысында, есімдері педагогикалық зерттеулерде көп айтылмай жүрген 
сөз  зергерлері,  тарихи  тұлғалар  туралы  да  айта  кетуді  жөн  көрдік.  Мәселен, 
бұл  орайда  ұрпақ  тәрбиесі  жөнінде  өнегелі  сөз  айтып,  қазақ  халық 
педагогикасының  мазмұнын  байытушы  жоғарыда  есімдері  аталған  дала 
ұстаздарының  қатарында  Бөлтірік  Әлменұлының  (1771-1853ж.)  поэзия 
тіліндегі  толғаулары,  қанатты  сөздері  танымдық  маңызымен  қатар,  тарихи, 
әдеби, мәдени, эстетикалық, отаншылдық, патриоттық мәнімен де аса құнды 
деп білеміз. 
Қазақ  халқының  ақындық  өнерінің  даму  тарихында  орны  ерекше, 
шығармашылығы  этнопедагогикалық  зерттеулерде  жете  қарастырылмай 
жүрген  Бөлтірік  шешен  сөз  иірімдерінің  өзі  тұнып  тұрған  тәлім-тәрбие  көзі 
деуге болады. 
Әрі ақын, әрі сөзге шешен, әрі батыр бабамыз Бөлтірік  Әлменұлының 
шешендік  толғауларына  зер  салып,  үңілетін  болсақ  ар  мен  ождан,  әдеп  пен 
әдет, дәстүр мен салт, ел мен жер, жақсы мен жаман туралы халықтық таным 
ерекшеліктерін аңғартатын ғибратты ойларды көп кездестіреміз. 
Мәселен Бөлтірік шешен мына бір сөзінде:  
 
Саңылауы жоқпен                               Тілегі жаманмен 
Сабақтас болма.                                    Қапаға түспе.  
Байлауы жоқпен                                   Тегі жаманмен 
Санаттас болма.                                    Ортаға түспе [10, 99 б.]-  
деп баланың қандай ортада, қандай адаммен жолдас болуын, әр басқан 
қадамды ақыл безбенімен таразылау қажеттігін айтса, енді бірде:  
Ақылсыз адым баспайсың, 
Ақылыңа сай талабың болмаса. 
Жалғыз ақылмен алысқа аспайсың. 
Білімсіз бірлік жоқ, 
Малсыз тірлік жоқ. 
Мал мен білімге сай кісілігің болмаса, 
Бірлік пен тірліктен опа  таппайсың ... -  
деп жастарды білім алуға шақырып, адам бойындағы ақыл мен білімнің 
бірін-бірі  толықтыратындығын,  білімсіз  адамзат  тірлігінде  ешқандайда  мән-
мағына жоқтығын қатаң ескертеді [10, 102 б.]. 
Сондай-ақ, шешеннің:  
Үлкен алдында иіліп сөйле, 
Кіші алдында сызылып сөйле.  
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,  
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді [10, 103 б.]  
немесе,   
Екі ойлы болма, 
Екі ұшты сөйлеме 
Ұрының қасында жүрме. 
Өтірікшінің қасында тұрма. 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
72 
Ежелгі жаумен достаспа 
Ескі доспен ұстаспа. 
Жаманмен кеңеспе 
Баламен егеспе -  
деп  келетін  жыр  жолдары  жастарды  әдептілікке,  ұстамдылыққа, 
ізеттілікке, кішіпейілділікке, адалдыққа, береке-бірлікке үндейді [10, 103-104 
б.]. 
Осындай  адамның  мінез-құлық,  табиғи  ерекшеліктерін,  моральдық 
қағидаларын  бейнелейтін  аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызған  рухани-мәдени 
туындыларды туған халқымызға қайта оралтып, этнопедагогикалық тұрғыдан 
зерттеп,  талдай  отырып  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  тәжірибесінде  кең  түрде 
қолдануымыз қажет деп білеміз. 
Міне біз бүгін сөз еткен қазақ хандығы тұсында өмір кешіп, ХV-ХVІІІ 
ғғ.  арлығындағы  қазақ  елінің  әлеуметтік,  саяси-экономикалық,  рухани-
мәдени  дамуында  зор  үлестерін  қосқан  дала  ұстаздары  жыршы-жыраулар 
мен  ақындар  шығармаларының  идеялары  танымдық-тәрбиелік  қызметінің 
ауқымдылығын,  өміршеңдігін  аңғартады.  Осындай  тарихи  тұлғалар  қазақ 
ақын-жырауларының  еңбектерімен  танысу  арқылы  бүгінгі  жас  ұрпақ  туған 
халқының  өткен  өмірін,  тарихын, ұлттық дүниетанымын,  тұрмыс-салтын,  өз 
ата-бабасының  арман-үмітін,  терең  тамырлы  дәстүрлі  тәрбие  мәдениетін 
танып-біледі. 
Қорыта  айтқанда,  қазақтың  тәлім-тәрбие  тарихында  өзіндік  орны  бар, 
халықтық  педагогикалық  мәдениеттен  хабардар  ететін,  бүгінгі  ұрпақ 
тәрбиесінде мәні зор ақын-жыраулар шығармашылығын бүгінгі ұлттық білім 
беру  жүйелерінің  оқу-тәрбие  процесінде  пайдаланудың  тиімділігін  барынша 
арттыру қажет. Оларға танымдық, тәрбиелік тұрғыдан талдау жасау арқылы, 
тәрбиеленушілердің  жасы  мен  ақыл-ойының  даму  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  тәрбие  міндеттеріне,  меңгертілетін  пәндік  білім  мазмұндарына  сай 
ұтымды пайдалану қажет.  
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақ  халқының  дәстүрлі  мәдениеті  //Ғылыми  мақалалар  жинағы.  – 
Алматы: Зият пресс, 2004. – 160 б. 
2.
 
Н. Ақбаев. Ата салтыңды аяла. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 160 б.  
3.
 
Ел қазынасы – ескі сөз. (В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері). 
– Алматы: Ғылым, 1994. – 616 б. 
4.
 
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б. 
5.
 
М. Мағауин, М. Байділдаев.  Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. 1 том.  – 
Алматы: Жазушы, 1989. – 495 б. 
6.
 
М.  Мағауин,  М.  Байділдаев.  Ай,  заман-ай,  заман-ай...  (Бес  ғасыр 
жырлайды). ІІ томдық. − Алматы:  РББ. 1991. – Т. 1. – 384 бет. 
7.
 
Қ.Б. Жарықбаев,  С.Қ. Қалиев. − Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: І 
том. /Құраст. – Алматы: Рауан, 1994. – 320 б. 
8.
 
Мұхаметханұлы Қ. − Бұхар жырау. //Қазақ әдебиеті. 1993. – 8-9 б.  
9.
 
Жармұхамедов  М. − Көненің көзі. Оқу құралы. – Алматы: Санат. – 1996. – 
144 б. 
10.
 
Әлменұлы Б. − Шешендік сөздер. /Құраст. Ж.Дәдебаев. – Алматы: Ғылым, 
1993. – 144 б.  
 
Бахтиярова Г.Р.  

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
73 
Взаимосвязь творчества представителей устной поэзии (жыршы-жырау) 
с народной педагогикой в период казахского ханства 
В данной статье рассматривается взаимосвязь творчества представителей 
устной  поэзии  (жыршы-жырау)  с  народной  педагогикой  в  период  казахского 
ханства,  занимающая  особое  место  в  истории  народного  воспитания  и  дающая 
представление  о  традиционной  педагогической  культуре.  Также  автором 
определена  и  подчеркнута  познавательная  и  воспитательная  роль  творчества 
казахских жыршы и жырау. 
Ключевые  слова:  народная  педагогика,  этнопедагогика,  традиционная 
педагогическая культура, народное воспитание. 
 
Bakhtiyarova G.R. 
Relationship of representatives of oral poetry (zhyrshy-zhyrau) with national 
Pedagogy during the Kazakh Khanate 
This  article  examines  the  relationship  of  creativity  representatives  of  oral  poetry 
(zhyrshy-zhyrau)  with  national  Pedagogy  during  the  Kazakh  Khanate,  which  occupies  a 
special  place  in  the  history  of  public  education,  and  gives  an  idea  of  the  traditional 
pedagogical  culture.  A  cognitive  and  educational  role  of  Kazakh  zhyrshy  and  bard’s 
creativity is also examined by the author. 
Key  words:  national  Pedagogy,  ethnopedagogy,  traditional  pedagogical  culture, 
national education. 
*** 
ӘОЖ: 781 
Ерболатова К.Е. - магистр,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Е-mail: erbolatova.89@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет