Keywords: history, culture, religion, the Kazakh Muslim tradition, heroic epic, sacred characters, spirituality, saint,
Pir, Gayyp-Eren, Qut
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
227
ƏОЖ 947.7/9
«ҚАЛЫҢ МАЛ» ТӨЛЕУ НЕГЕ МIНДЕТТЕГЕН
Қуандық Е.С. – тарих ғылымдарыны докторы, профессор
аза<стан Республикасы, Алматы <. Е-mail: Esenqazy999@mail.ru. ялы тел: 8 7010347 07 17
Бұл мақалада «Қалың мал» қазақ қоғамында ежелден салт ретiнде қолданылып келе жатқан ұғым екені жан-
жақты түсіндіріліп, заң есебiнде жүрген дəстүрлердiң бiрi-құда болған адамдар арасында болатын туысқандық
одақты бекiтетiн, яғни заңдастыратын ұғым екені сипатталған. Қазақ даласын-дағы тұрмыс-салт дəстүрлерiне
жататын осы қалың мал төлеу рəсiмi осылай заң есебiнде жүрдi. Заң болып арнайы қағаз бетiне түспесе де,
қазақ қоғамында қалың мал берiп қыз алу, бұзылмас дəстүрге айналғандығын басқа да тарихи деректер
дəлелдеп отырғаны көрсетілген.
Автор Билер ережесінің баптарына сүйеніп, құдаласу барысындағы дау-жанжалдарға билер ара-ласқанын,
оны шешу жолдарына талдау жасаған. Екі жас қосылғаннан кейін екi от басының туыста-суы деп қабылданып,
бауыр басып кету, сүйек жаңғырту деп қабылданғанын автор дəйекті түрде көрсеткен. Сондықтан күйеу мен
қалыңдықтың бiреуi өлген жағдайда да құдалық қазақ қоғамында бұзылмаған, «құда мың жылдық» болып
қалған.
Мақалада мұрағат құжаттары, зерттеу еңбектері негізінде қалың мал екі жақты да қазақтың əдет-ғұрып
заңдарына сай жауапкершілікке жүктегенін, ар-ұят, намысқа тырысып екі жастың үлгілі отбасы болуына үлес
қосқанын сипатталған.
Түйін сөздер: «Қалың мал», «Құйрық бауыр», құдалар, бойжеткен, күйеу жігіт, қалыңдық, неке, салт-
дəстүр.
Кейiнгi кезде қоғамда қазақтың салт-дəстүрi деп бағаланып жүрген, ал шындығында бұрынғы
қазақи дəстүрлерге үш-қайнаса сорпасы қосылмайтын ол дəстүрлердiң тəрбиелiк мəнiне кереғар əсер
ететiн, əр бiр аймақтың, облыстың, аудан халқының өздерi ойдан шығарып алған «жаңа салттары»
қаптап кеттi. Бұрынғы қазақ қоғамында басшылыққа алынған соның негiзiнде өмiр сүрген ата-анала-
рымыз қалдырған салт-дəстүр, бүгiнде оны бiлмеушiлiктен жұлмаланып жұтаңдап барады. Əйтеуiр
құданы сыйлаудың жолы осы екен деп, бүгiн де қыз алысып, қыз берiскен қазақтар яғни құда болған
тараптар неше түрлi келеңсiз, бiздiң қазақи болмысымызға жат қылықтарға бой ұруда. Мысалы, құда-
ларды есiктен кiрмей жатып, арақпен суару, iшпесе зорлап, кейде күш қолдану (аузына құю). Үйден
шығарда да кетер аяқ немесе «кебiс киер» деген ұғымдарды бұрмалап қолқалап арақ-шарап iшкiзу.
Сондай-ақ, құда болғандар бiр-бiрiне «өзiңе ұнамағанды өзгеге ұсынба» деген қағиданы бұзып қытай-
дың арзан қолды киiм-кешектерiн бiр-бiрiне сыйлап, «жомарттық» жасаудың қаншалықты қажетi бар
екенiн бiлетiн уақыт жеткен шығар. Бұл жоғарыда келтiрiлген күнделiктi өмiрден алынған оқиғалар
бiлiмсiздiктен, мəдениеттiң төмендiгiнен туындаған жəйттер. Жастар арасында етек алып бара жатқан
қоғамға жат құбылыс ол, өзiнiң болашақ өмiрлiк серiгiн ұрлап алу. Мұндай əдiске үйiр болушылық
жəне оның мақсаты көбiнесе қалыңдықты көп қаражат жұмсамай қолға түсiруден туындаған əрекет
болып табылады. Мiне бұлай келiн түсiру мен қыз ұзатудың екi жас үшiн зиянды жақтары көп. Бұл
жерде қазақтың бұрынғы салты «қалың мал» беру дəстүрiнiң тəрбиелiк мəнiн айтпасқа болмайды.
«Қалың мал» беру ол қалыңдықты сату, немесе сатып алу деген бiржақты пiкiрмен шектелмеуi тиiс.
«Қалың мал» қазақ қоғамында ежелден салт ретiнде қолданылып келе жатқан ұғым. Бұл заң
есебiнде жүрген дəстүрлердiң бiрi-құда болған адамдар арасында болатын туысқандық одақты бекiте-
тiн, яғни заңдастыратын ұғым. Қазақ даласындағы тұрмыс-салт дəстүрлерiне жататын осы қалың мал
төлеу рəсiмi осылай заң есебiнде жүрдi деп, XVIII-XIX ғасырлардағы тарихын зерттеген ғалымдар
А.И.Левшин, Д.Андре, И.А.Козловтар өз еңбектерiнде бiраз тұжырымдарын жазып қалдырған/1/.
Заң болып арнайы қағаз бетiне түспесе де, қазақ қоғамында қалың мал берiп қыз алу, бұзылмас
дəстүрге айналғандығын басқа да тарихи деректер дəлелдеп отыр.
Осы аталған деректерде салт бойынша отау тiгер жiгiттiң əке-шешесi, жақын-жекжаттары сырттай
алатын қалыңдықты таңдап алған соң құдаласу мақсатымен қыз үйiне кiсi салып өз ниеттерiн бiлдi-
руден бастайтындығы жазылған. Қызына құда түсiп келгендердiң тiлегiн құп көрген жағдайда, қыз-
дың ата-анасы қалың мал жайын көтерiп өзара келiсiмге келедi. Бұл жағдайда жiгiт əкесi келiсiмнiң
белгiсi ретiнде қызға үкi қадайды. Құдалықтың алғашқы шарты-қалың малдың көлемi мен төленер
мерзiмiн белгiлеу болған. Заңдастырылған бұл тəртiп бойынша қалың малдың жартысы құдаласа
салысымен төленуi тиiс. Қалың малы төленген қызды сондықтан қалыңдық деп атаған.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
228
Əл-ауқаты төмен кедейлер арасында қалың мал алыспайтын «қарсы құдалық» салты өмiр сүрген,
бұл бойынша (ата-ана өз қызын қарсы жақтың ұлына ұзатып, оның қызын өз ұлына əперетiн болған).
Қазақтардың құдаласу рəсiмi өте күрделi, ол кейде 10 жыл немесе одан да көп уақытқа дейiн созылып
отырған.
Құдалары келгенде қыз əкесi ақ қой сойып, бата оқытып, кiшi-гiрiм «құда түсер» тойын жасауы
тиiс. Осы той үстiнде құдаларға құрт қатқан сорпаға салынған құйрық-бауыр тартады. Ақ қойды
бауыздаған сəтте ңақ бата оқыладың. Құйрық бауырды қосып таратудың мəнi мынада, бауыр
туыс-жекжаттың белгiсi, бiр бауырды бөлiп жеп, екi жақ бауырласқандай болады. Сондай-ақ
бұл құйрық-бауыр асату құдалықтың заңды екендiгiн дəлелдейтiн фактор болып та табылады. Егер
алда-жалда құдалықтың барысында дау-жанжал туса онда билердiң төрелiгiне жүгiнетiн болған.
Ондай заңдастырылған құжаттың бiрi шығыс өңiрiнiң билерiнiң кезектен тыс сúезiнде 1885 жылғы
Əскери губернатор генерал-лейтенант Цеклинскийдiң жəне Қарқаралы, Павлодар, Семей, Өскемен,
Зайсан уезд басшыларының төралық етуiмен Шар өзенiнiң жағасындағы Қарамола деген жерде
қабылданған Билер ережесiнiң 48-шi, 49-шы, 50-шi баптарында осы мəселелердi реттейтiн нормалар
жазылған/2/. Ондағы 48-шi бапта, құдалық бұзылса, қыз əкесi күйеуден алған қалың малды қайтарып
бередi. Дауға айналған мал үшiн əдет-ғұрыпқа сəйкес айып төлейдi. Қалың мал мөлшерi 47 бие, не
одан артық болса, бес тоғыздан үш тоғызға дейiн, 37 малға-екi тоғыз, 27 малға-бiр тоғыз, 17 малға бiр
ат-шапан айып төленедi делiнген. Күйеудiң əкесi, яки оның өзi құдалықты бұзса, берген қалың
малынан үш тоғызды қалдырып, қалғанын алады. Қалың мал 37 болса екi тоғыз, 27 болса бiр тоғыз
төлейдi, 17 болса ат-шапан айып тартады/3/.
49-шы бапта, Қарсы құда дауларын билер реттейтiндiгi, олардың келесi жолы да қарсы болмауы
жайлы шешiм айтылғаннан кейiн де ескерiлмесе онда молда неке қимайтын болған.
50-шi бапта. Құда түсiп, құйрық-бауыр жесiскеннен кейiн құдалық уағда бекидi/4/.
Ал осы Ереженiң 57-шi бабында тоғыз аталған айыпты малға шаққанда мынандай болған: Түйе
бастатқан бас тоғыз:
1-шi-бiр түйе, 2-құлын, 2-бие, 2-құнан, 2-ат.
2-шi-Орташа тоғызымыз-ат бастатқан тоғыз: 1-семiз ат, 2-тай, 2-тайынша, 4-бойдақ қой.
3-шi-аяққы тоғыз: 1-дөнен өгiз, 2-тайынша, 3-бойдақ қой, 3-тоқты болған/5/.
Сөйтiп құйрық-бауыр жегендерi расталса құдалық бекiген заңды деп саналған. Алайда екi жақтың
бiрi кейiн құдалықтан бас тартар болса, билер сотында құдалардың құйрық-бауыр жеген-жемегенi
анықталады да, егер құйрық-бауыр желiнсе, құдалық бұлжымас яғни заңды болып есептеледi.
Қазақтар құдалықты қыз бен жiгiттiң қосылуы ғана емес, екi от басының туыстасуы деп санаған.
Демек күйеу мен қалыңдықтың бiреуi өлген жағдайда да құдалық бұзылмайтын болған. Куйеу өлсе,
қалыңдық оның бойдақ бауырына тиедi, ал егер бiрге туған бауыры жоқ болса, жақын аталасына
тұрмысқа шығуы тиiс. Егер күйеу көзi тiрiсiнде қалыңдығына келiп-кетiп жүрген болса, онда қалың-
дықты қара жамылдырып жiгiт ауылына əкеледi, ол бiр жыл жiгiттiң орнында аза тұтып отырады,
сосын жiгiттiң iнiсiне немесе жекжатына тұрмысқа шығатын болған. Қалыңдықтың əке-шешесi өлген
күйеудiң ата-анасының көңiлiн аулап ңазаң мал əкелетiн болған/6/.
Егер қалыңдық өлсе, күйеуге оның сiңiлiсiн ұзататын болған. Өлген қалыңдықтың орнына берер
қыз болмаса ғана қалың мал күйеуге қайтарылған.
Күйеудiң əкесi қалың малын төлеуге қандай мiндеттi болса, қалыңдықтың əкесi қызына жасау
беруге сондай борышты. Жасаудың көлемi жайында ешқандай келiсiм-шарт жасалмайды. Қалыңдық-
тың əкесi қалың малдың көлемiне қарай жасау əзiрлетедi.
Мал мен ақшадан тұратын қалың малдан жасаудың айырмашылығы-оның негiзiн киiм-кешек,
көрпе-жастық, кiлем-төсенiш, үй жабдықтары, киiз үй құрайды. Маладан тек қыз мiнетiн ат пен
жасау артатын түйе болады. Қазақтың ежелгi салты бойынша, сəукеле мен қымбат əшекейден басқа
қыз киiмi түгел тоғыздан берiлген. Қазiр ол дəстүр көп сақталмайды, əркiм қал-қадiрiнше тiрлiк
қылады, ал бұрында мəселен байлар əр киiмдi 40-тан берсе, кедейлер бiр-бiрден бергендi мiсе тұтады.
Қызды ұзатар алдында жастардың некелерi қиылады. Ең əуелi қыз бен жiгiт отау үйге кiрiп,
əрқайсысы өз шымылдығына кiредi. Жiгiттiң шымылдығы түрiлiп, қыздың шымылдығы түсiрiледi.
Үйде қыз-жiгiттiң əке-шешесi, əр жақтан екi куəгер, неке қиюшы молла қалады. Молла батасын оқып,
некеленушiлерден ризашылығын сұрайды. Қалыңдық пен күйеу жауап бермеуге ерiктi, олардың
үндемеуi-келiскендiктiң белгiсi деп саналады. Ал жауап бере қалған жағдайда: «Некелесуге разымы-
сың?» деген сұраққа: «разы болғанмын» деп өткен шақта сөйлеуге тиiс. Бұрынғы кезде неке қиярға
iшiне күмiс, iнжу-маржан салынған неке суын iшкiзу шарт болған. Неке суынан тек қалыңдық пен
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
229
күйеу жiгiт қана емес, некелесуге қатысушылар түгел ұрттайтын. Неке қияр бiткен соң қалыңдықтың
əкесi қызына: «балам, жаман болма, атаңа нəлет келтiрерсiң» деп, күйеу баласына: «балам, қызымды
қорлама, атағымды өлтiресiң» деп тiлек айтатын болған/7/.
Қазақ қоғамында қалыңдықтың бас киiмiне де айрықша мəн берген. Сəукеле деп аталатын бас
киiмдi тек келiн болып түскен бойжеткен ғана киетiн салт болған. Оны қалыңдық күйеу жiгiттiң ауы-
лына келiн болып түскенде ғана киген. Сəукеле-қалыңдықтың тек өзiне ғана тиесiлi меншiгi болып
саналады, сондықтан ол өлгеннен кейiн сəукелесi төркiнiне қайтарылады немесе оның сəукелесiн тек
балалары ғана иемдене алады.
Ал, құдалық бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар мынадай болған:/8/.
* Егер бiреу ұлына қыз айттырып, үкi тағып қойғаннан кейiн əлдебiр себептермен қызды алудан
бас тартса, онда қыздың əке-шешесiнiң үкiнi қайтармауға, оған қоса ат-тон талап етуге құқы бар; ал
егер құдалық жай сөз жүзiнде болып, жiгiт əлi үкiсiн бермесе, онда ол ат-тон айып төлемейдi.
•
Егер уағданы бұзу қыз жағынан болса, онда қыздың əке шешесi алған үкiнi қайтарып қана
қоймай, ат-тон айып төлеуге мiндеттеледi, егер қыз жағы үкiсiн алып үлгермесе, өздерiнiң жiгiтке
ешқандай уəде бермегенiн айғақпен дəлелдеп, ант-су iшуi керек.
•
Егер қызға айғақтап құда түсiп, құйрық-бауыр жесiп,
киiт киiскеннен кейiн жiгiт уағдасынан тайып, үйленуден бас тартса, онда айыпкер ат-тон айыбы-
ның үстiне алатын киiтiн, үкiсiн қайтарады, оған қоса қыз жағының құда күткендегi шығарған шығы-
нын өтейдi.
•
Егер екi жақтың бiреуi құдаласқанын да, уағдаласқанын
да мойындамай, бəрiнен бас тартқандай жағдай болса, онда құдалыққа барғандардың ең беделдiсi,
қадiрмендiсi құран ұстап, куəгер ретiнде iстiң ақ-қарасын ажыратып беруге мiндеттеледi.
•
Егер уағда бұзу қыздың əке-шешесi жағынан, қалың мал алғанға дейiн болса, онда олар құдала-
рына кигiзген киiтiнен айырылады жəне құда күтуге шыққан шығынын қайтарып ала алмайды.
•
Егер айттырылған қыздың əке-шешесi қалың мал алуға барып отырып, əлдебiр себеппен қалың
малдан бас тартса, күйеу жiгiтке ат-шапан айып төлеуге тиiс.
•
Құдаласу, құдалық-қазақ үшiн өте қастерлi ұғым, ардың
iсi. Күйеу жiгiт пен қалыңдықтың бiреуi ауыр науқас, кемтар, немесе кембағал болған жағдайда
ғана (онда да құдаласушылар ол жайында құдаласқанға дейiн бiлмесе) құдалықтың бұзылуы айыптал-
майды, ешкiм де жазаға тартылмайды.
•
Бiр қызға құда түсiп, қалыңдығын үйге кiргiзбей тұрып,
басқа қызға құда түсуге иə үйленуге қатаң тиым салынады. Бұл тəртiптi бұзған адам түйе бастат-
қан бiр тоғыз айыбын төлейдi жəне кейiн түскенiне қарамастан бiрiншi қалыңдығын бəйбiше деп
жариялауға мiндеттенедi.
•
Сондай-ақ күйеу жiгiт қалың мал төленген қалыңдығынан бас тарта алмайды, ал егер ұрын келiп
қойған болса, қайтсе де үйленуге мiндеттi. Ал бас тартқан жағдайда күйеу жiгiттiң жазасы төмен-
дегiдей болады: ұрын келмей тұрып бас тартса, берген қалың малынан айырылады; ұрын келген соң
бас тартса, берген қалың малдың үстiне 3 тоғыз айыпқа шығынданады.
•
Егер айттырулы қызын басқа бiреуге ұзатса, қыз əкесi алған қалың малын қайтарғанның үстiне
күйеу жiгiтке бiр қалың мал көлемiнде айып төлейдi немесе басқа қызын бередi.
* Егер күйеу жiгiт алғаш ұрын келгенде қалыңдығының қыз екендiгiне күмəн келтiрсе, қыздың
əке-шешесi қыздарының ақ екенiн қайтсе де дəлелдеуге тиiс. Ол үшiн күйеу жiгiттiң қалауымен қыз
жағынан екi куəгер белгiленедi, екi куəгер құран ұстап, қыздың адалдығын айқақтауы керек. Егер
күйеу жiгiттiң күдiгi расқа шықса, ол берген қалыңын қайтып алуға немесе басқа қыз берудi талап
етуге құқылы, əгерəки, көңiлi қалса, қарабет болған қалыңдығын тегiн əкете алады. Бұл жердi қалың
малсыз келген қыздың қадiрi төмендейдi.
* Егер қыздың ақтығы айғақталса, онда күйеу жiгiт бұрынғы төлеген қалыңының үстiне жəне
сондай бiр толық қалың мал берiп, өз айыбын жууға тиiстi болған.
Қалыңдық иə күйеу жiгiттiң бiреуi өлген жағдайда мəселе төмендегiдей шешiледi:
•
Егер атастырылып, қалың малы алынған қалыңдық өлген
болса, онда қыз əкесi күйеу баласына ешкiм айттырмаған басқа қызын беруi тиiс, ал берер қызы
болмаса, алған қалың малын толық қайтаруға мiндеттi. Егер күйеу жiгiт өлген қалыңдығына ұрын
келiп қойған болса, екiншi қалыңдық үшiн «балдыз қалың» аталатын бiр түйе бастатқан тоғыз
төлейдi, ал ұрын келмеген болса, ештеңе төлемейдi.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
230
•
Егер күйеу балдызына үйленуден бас тартса, онда марқұм қалыңдығы үшiн төлеген қалың
малынан айырылады.
•
Егер өлген қалыңдықтың əке-шешесi күйеуге кiшi қызын
бергiсi келмесе, онда алған қалың малын толық қайтарумен қоса тоғыз айып төлейтiн болған.
•
Күйеу өлген жағдайда əмеңгерлiк тəртiп жүрген, яғни қалыңдықты өлген жiгiттiң iнiсi иə ағасы-
на қосқан. Егер əмеңгер жiгiт бойдақ болса, бұрынғы төленген қалыңның үстiне бiр жылқы қосады,
ал егер əмеңгер үйлi-баранды болса, бұрынғы қалыңға түйе бастатқан тоғыз қосып беретiн болған.
Алайда, əйелi бар адамға қызын беру-бермеу ата-ананың еркiнде болған.
•
Егер күйеу қалың малын түгел төлеп, той малына дейiн апарып, нақ қыз ұзату тойының қарса-
ңында өлген болса, онда қалыңдық оның жесiрi ретiнде күллi жасау-жабдық, еншiсiмен марқұмның
əке-шешесiнiң үйiне түседi де, əменгерлердiң бiреуiне қосылады.
Бұл салт-дəстүрлер кеңестер дəуiрiнде ескiлiктiң сарқыншағы ретiнде айыпталып, əйелдердiң
құқығын шектейдi деген пiкiр таратылып, ол зорлықпен тыйылған. Осы шараларды iс жүзiне асыру
үшiн 1922 жылы 2 қаңтарда, Қазақстан үкiметiнiң қалың мал мен көп əйел алушылыққа тиым салған
декретi де шыққан/9/. Ал, кейiнiрек БК(б)П Қазөлкекомның хатшылығы 1928 жылы 3 шiлдедегi
бұйрығымен «Қалың мал мен көп əйел алушылық жойылсын» деген Қазақ Өлкелiк қоғамының
Жарғысын бекiтедi/10/. Бұлай бiр халықтың рухани өмiрiне зорлықпен өзгерiс енгiзу, оның өзiндiк
ұлттық дамуына бүгiнде үлкен зиян келтiрiп отыр.
Осы бағытта жүргiзiлген саяси жұмыстар барысында халықтың ғасырлар бойғы жиған-тергенi,
салт-дəстүрi, əдет-ғұрыпы тоналып ұлттың рухани дамуына кедергi келтiрiлдi. Сондай бiр орыны
толмас олқылық, əйелдi үй мен түзге бiрдей жегiп, бiржола титықтатар жұмыс күшiне айналдырған
лениндiк саясаттың зардаптары бүгiн көрiнуде/11/. Осы жауыр болған, көбiнесе пайдасынан зияны
асып түскен, ңəйел мен еркектiң құқығы теңң деген мақтаныштан гөрi əр жыныстың өз орнына лайық
тəрбиесi ғана əйелдiң табиғи өрiсiн ашатындығына мəн берiлмей келедi. Əйел-əйел болып, еркек-
еркек болып дүниеге келгеннен кейiн-ақ, оларды жасанды түрде теңестiру мүмкiн емес екендiгi
ескерiлмеуде.
Қазақ қоғамында осы заң есебiнде жүрген қалың мал беру дəстүрiнiң құда болған екi жақтың да
əлеуметтiк, тұрмыстық, мүдделерiне сай қызмет ететiндей жағымды ықпалы, тəрбиелiк маңызы зор
болған. Осылай салт-дəстүр тəртiбiмен шаңырақ көтерген қазақтарда кеңестер дəуiрiне дейiнгi кезең-
де неке бұзушылық өте сирек кездескен. Неке бұзу қазақ қоғамында жұрт тарапынан үнемi қатаң
сынға ұшырап отырған. Қазiрде қазақ жастары от басын құру, некеге отыру мəселесiне өте жеңiлтек-
тiкпен қарайтын жағдайға жеттi. Батысқа, орысқа елiктеудiң салдарынан ұлттық бет-бейнемiз өзгерiп,
дəстүрмен жалғасып келген құнды қасиеттерiмiзден бiртiндеп айрылып бара жатқанымызға барша
халық болып мəн беруден қалып барамыз.
1
А.И.Левшин. Неке <ияр, <ыз @затар; Д.Андре. аза<тарды ордасында за есебiнде жCретiн дəстCрлер;
И.А.Козлов аза<тарды дəстCрлiк за дары;//Азия транзит. 15-21 шiлде, 1999. 4-6 беттер.
2
Алаш мирас. Алматы-1993. 51-66 беттер; Р ОМА, 64-<ор,1-тiзбе, 2093-iс, 7-25 беттер.
3
Сонда.
4
Сонда.
5
Билер Ережесi//Азия транзит 30 <ыркCйек-6 <азан,1999. 7- б.
6
П.Маковецкий. аза<тарды за орнына жCретiн дəстCрлерi жAнiндегi жазбалар.//Азия транзит 8-14
шiлде, 1999. 2-б.
7
7. Сонда.
8
Лев Баллюзек аза< некесiнi ерекшелiктерi. //Азия транзит 8-14 шiлде,1999. 7-б.
9
аза<стан Республикасы Президентiнi М@рағаты, (б@дан əрi РПМ) 141-<ор.1-тiзбе. 2409 iс. 40пара<.
10
Р ПМ. 141 <.,1 т. 2369 iс. 265 п.
11
Литературная газета, 1993. 13 октябрь.
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
231
Резюме
Обязательства сторон после уплаты калыма
Куандык Е.С. – Д.и.н., профессор. Республика Казахстан, г. Алматы.
Е-mail: Esenqazy999@mail.ru.
В этой статье рассматривается понятие «калыма» в казахском обществе обычаи и традиции, которые
издревле используется как закон, всесторонне разъяснены, что
сват является союзом родства среди людей, т.е. родственников невесты и жениха.
В казахской степи по традиции и обычаям казахов процедура выплаты калыма воспринималось как закон.
Хотя это не писаный закон, автор на основе исторических источников доказывает, что в казахском обществе
уплата калыма за невесту является обычаем и никто не мог его нарушить.
Автор, опираясь на статьи Положения биев проанализирует как в процессе сватовства на решения споров
вмешивались бии. Брак двух молодых людей принимался как родство, как родные двух сторон. Поэтому, если
ктото из них, или невеста, или жених умрет, в казахском обществе все равно родственники двух сторон
оставались родственниками, общались долго, поэтому у казахи говорили «сват останется на тысячу лет».
В статье на основе архивных документов, научных исследований характеризуется, что уплата калыма
обязывает двух сторон быть ответственным, чтобы молодые люди стали примерными семьями в обществе.
Ключевые слова: «Калым», «Курдюк печень», сваты, девушка, жених, невеста, брак, обычаи.
Summary
Obligations of the parties after payment of kalym
Kuandyk Esengazy – Dr of Historical sciences, professor. Republic of Kazakhstan, Almaty town
Е-mail : Esenqazy999@mail.ru
This article discusses the concept of "dowry" in the Kazakh society, customs and traditions, which are used since
ancient times as a law comprehensively explained that Matchmaker is an alliance of kinship among the people, i.e.,
relatives of the bride and groom. In the Kazakh steppe on the traditions and customs of the Kazakh payment procedure
is perceived as a dowry law. Although it is not the written law, the author based on the historical sources prove that the
payment of dowry for the bride in the Kazakh society is the custom, and no one could break it.
The author, based on the provisions of Article biys analyze how during courtship to resolve disputes intervened
Bies. Marriage of two young people to make a relationship as relatives of the two sides. Therefore, if someone of them,
or the bride or groom will die anyway relatives of the two sides were relatives in the Kazakh society, talked for a long
time, so the Kazakhs say "Matchmaker will remain for a thousand years."
On the basis of archival documents, scientific research is characterized by that the payment of dowry obliges the
two sides to be responsible for young people to become exemplary families in the community.
Keywords: "Dowry", "Kurdyuk liver", matchmakers, girl, groom, bride, marriage customs.
УДК 94(5)
Жалғасы
, басы алдынғы санында
Достарыңызбен бөлісу: |