Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет31/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50

 
Түйіндеме 
И.В.Сталиннің жеделхаты ХХ ғасырың 30-жылдарының екінші жартысындағы  
КСРО саяси тарихының аз танымал дереккөзі ретінде 
Бақторазов С.У. – тарих ғылымдарыны  кандидаты,  
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Электронная почта: nucha13-94@mail.ru) 
Мақалада  жаппай  репрессияларды  доғару  ісі  ІІХК  басшылығын  ауыстырып,  оның  барлық  бөлімшілерін 
партия аппараты бақылауына беруден басталғандығын, осыған байланысты, И.Сталин қол қойған жеделхаттың 
бірінші пунктінде БК(б)П ОК қабылдаған қаулы туралы айтыла келіп, ол бойынша тез арада барлық деңгейдегі 
ішкі  істер  органдары  қызметкерлерінің  жеке  істері  жүргізіліп,  бекітіліп  оны  тексеру  тиісті  деңгейдегі  партия 
органдарына – ұлттық компартиялар ОК-не, өлкекомдар мен обкомдарға тапсырылғандығы баяндалады. 
Автор  мұндай  тексерудің  нəтижесінде  «ІІХК  органдарын,  саяси  сенімге  лайықсыз,  алдау  арқылы  кірген, 
барлық  дұшпан  адамдардан  тазарту  керектігі»  атап  көрсетілгендігін,  беріліп  отырған  кешенді  іс  –шаралар, 
ендігі  жерде  ІІХК  қызметкерлерінің  тиісті  деңгейдегі  партия  органдары  номенклатурасында  болып,  олардың 
алдында  саяси  тұрғыда  тікелей  жауапты  екендігін  білдіретіндігін,  хаттағы  барлық  пунктер  1.01.1939  жылға 
дейін орындалу тиіс болғандығын нақты фактілік материалдар арқылы дəйектейді.  
Түйін  сөздер:  репрессия,  жеделхат,  ІІХК,  И.Сталин,  БК(б)П  ОК,  ұлттық  компартиялар  ОК,  өлкекомдар, 
обкомдар. 
Резюме 
Телеграмма И.В.Сталина как малоизвестный источник политической истории СССР второй 
половины 30-х годов ХХ в. 
Бахторазов С.У. – кандидат исторических наук, Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати 
В  статье  раскрыта,  что  завершением  свертывания  массовых  репрессий    была    смена  руководства  НКВД  и 
возвращение  всех  его  подразделений  на  контроль  партийного  аппарата.  В  связи  с  этим  в  телеграмме 
подписанной  И.Сталиным,  первым  пунктом  сообщается  о  принятом  ЦК  ВКП/б/  постановлении,  которое 
требовало  немедленно  провести  проверку,  утверждение  и  заведение  личных  дел  на  сотрудников  органов 
внутренних  дел  всех  рангов  и  уровней  соответствующими  партийными  органами  –  ЦК    нацкомпартий, 
крайкомов и обкомов, с хранением этих дел в партийных органах.  
Автор  на  источниковой  базе  показывает,  что  в  результате  такой  проверки  «органы  НКВД  должны  быть 
очищены  от  всех  враждебных  людей,  проникших  обманным  путем,  не  заслуживающих  политического 
доверия».  Весь  предлагаемый  комплекс  мер  означал,  что  теперь  работники  НКВД  входили  в  номенклатуру 
партийного  органа  соответствующего  уровня,  несли  перед  ним  непосредственную  ответственность  в 
политическом отношении. Все пункты письма предлагалось выполнить к 1.01.1939г.         
Ключевые  слова:  репрессия,  телеграмма,  НКВД,  И.Сталин,  ЦК  ВКП(б),  ЦК    нацкомпартий,  крайкомы,  
обкомы.
  
 
 
ƏОЖ: 94(574.4) «18» 
 
 
РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ ОТАРЛАУ ТАРИХЫНАН 
 
Төлебаев Т.Ə. – əл-Фараби атындағы  аз У-ні  профессоры., т.ғ.д.,
 
tur-07@mail.ru.
 
Абикенова Г.Е. – əл-Фараби атындағы  аз У  аза<стан тарихы кафедрасыны  доценті., т.ғ.к, 
agulzhazira@mail.ru

 
Аталған  мақалада  Патшалық  Ресейдің  Шығыс  Қазақстанды  жаулап  алу  мəселесі  қарастырылған.  Шығыс 
Қазақстан  аймағына  тек  Ресей  империясы  ғана  емес  көршілес  жатқан  Жоңғар  мемлекеті  тарапынан  қауіп 
төнгедігі, соған орай аймақты тез арада отарлау жұмыстарының басталғандығы нақтыланған. Аймаққа алғашқы 
кезде Патша өкіметінің барлау экпедицияларын жіберуі, олардың өлке жайындағы мəліметтерінен кейін  казак 
атты  əскери  топтарын  пайдалана  отырып,  шептер  мен  бекіністер  салуы  баяндалады.  Сонымен  қатар  Шығыс 
Қазақстан  аймағына  қоныстанушылардың  əкелініп  орналасуы,  орыстандыру  саясатының  жүргізілуі    мен 
жергілікті  халықты  патшалықтың  қанау  процесі  талданған.  Жауланған  аймақта  ақша-сауда  қатынасының 
дамып,  жəрмеңкелер  жұмысының жандануы да аталып өтіледі. 
Түйін сөздер: Патша өкіметі, экспедиция, бекіністер, гарнизон, отряд, əскери кеңес.  

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
209 
Қазақстанның Шығысы еліміздің саяси-экономикалык манызы зор стратегиялык өлкелерінің бірі 
екендігі  ежелден  белгілі.  Өлкеде  əсем  табиғатпен  бірге  табиғи  байлықтар,  оның  ішінде  тау-кен 
өндірісіне қажет металдық байлықтар көптеп кездеседі. Сол себепті де өз кезегінде Шығыс Қазақстан 
жеріне көршілес жатқан өзге елдердің де қызығушылығы жоғары болды жəне оны иемденуге тырыс-
ты. 1635 жылы құрылған Жоңғар хандығыда өз территориясын кеңейту мақсатын да аймаққа біртін-
деп  басып  кipe  бастаса,  ал,  Ciбip  жағынан  Ресей  патшалары  тез  арада  өзіне  отар  етуге  жанталаса 
ұмтылды.  Тез  тобын  өлкеге  қарай  бағыттап,  шептер  мен  бекіністер  орнатуға  күш  салды.  Нəтиже-
сінде көз тігушілер санаты өсіп, Epтіс өңірінің тəуелсіздігіне, еркіндігіне қауіп төнді.  
Патша  өкіметінің  отаршылдық  саясаты  туралы  академик  М.Қ.  Қозыбаев:  “Егер  біз  ертеңімізді 
ойласақ...  орыс  империясы  елімізді  қалай  жаулап  алды;  орыстандырды,  шоқындырды,  əскери  отар-
лады... деген сияқты өзекті проблемаларды зерттеуіміз абзал” [1],-  деп жазған болатын. 
Патша үкіметі қазақ жерлерін жаулап алуда түпкілікті ойластырылған бірнеше мақсатты алдына 
қойды. Ең алдымен, орыс мемлекеті қазақ жерлерін  əскери-стратегиялық база етіп орнығып алғаннан 
кейін, оны шығысты билеу үшін Англиямен текетіресте пайдалану мақсатын көздеді. Петр заманы-
нан бастап, орыс мемлекеті Қазақстан, Орта Азия арқылы Үндістанға шығуды көздеген еді. Екінші-
ден, қазақ даласы дамып келе жатқан капитализм үшін арзан шикізат қоры жəне тауар өткізудің ішкі 
нарығы деп саналды. Үшіншіден, отарлау арқылы жерді тартып алып, Ресейдің ішкі аудандарындағы 
шаруаларды қоныс аудару болды. 
Соған  орай  ХYIII  ғасырдың  басында  біршама  күшейіп  алған  Ресей  империясы  айналасындағы 
елдерге  кеңінен  шабуыл  жасауға  кіріскен-тін.  Оның  ішінде  патшалыққа  қазақтардың  кең-байтақ 
даласы,  оның  iшінде  Ертіс  бойы  өте  қатты  қызығушылық  туғызды.  Ресей  үшін  көршілес  жатқан 
Қазақстан алыстағы Азия елдеріне шығу жолындағы басты кілт пен қақпа болды. Қазақ даласы арқы-
лы Ресей мемлекеті  Қытай империясымен, Үндістанмен оған қоса Орта Азияның көптеген елдерімен 
байланыстыратын тиімді сауда жолдарын ашуды көздеді[2]. 
Ресейдің басқа елдермен сауда қарым-қатынастарын, саяси-экономикалық байланыстарын күшей-
ту үшін əcipece осы кезде (1700-1721 жж.) жүріп жатқан орыс-швед соғысына қажет қазына-байлық-
ты молайту негізіндіе I Петр патша Шығысқа, əcipece көршілес орналасқан Қазақстанға деген ынта-
ықыласын күшейте түскен еді [3]. 
Əсіресе  Патшалық  Ресейдің  назарына  жер  қойнауы  кендіқазынаға  толы  ШығысҚазақстан  ілікті. 
Өйткені аймаққа қатысты мəліметтерді қазыналық кəсіпкерлер Татищев, əкелі балалы Никита жəне 
Акинфии Димидовтар жеткілікті түрде патшаны кұлағдар еткен болатын. Жоңғардың “Ер-кеті” (Жар-
кент)  қаласының  маңыңда  алтынның  мол  қоры  бар  деген  мəлімет  Ресей  империясының  шекарасын 
Ертісөзенінің  бойымен  оңтүстіккe  қарай  кеңейтуге  түрткі  болды.  Аталған  мəліметтермен  қатар 
Сібірдің генерал-губернаторы М.П.Гагарин Жаркент алтынының үлгісінде əкеліп үлгерген болатын. 
М.П. Гагариннің хабарламасы мен алтынның үгілері сол кездегі Хиуа ханының Петербордағы елші-
сіне жеткізіліп, ал елші өз кезеңінде Бұхар мен Хиуа жерініңөзендерінде алтын бар eкeндiriн растап 
береді [4]. 
Жаркент  алтыны  тұралы  мұндай  құнды  мəліметтерді  патшалық  бейжай  қалдыра  алмады.  Айта 
кететін бip жайт алтын мен күміс кеніштерін барлау жұмыстары XYII-ші ғасырдың өзінде-ақ жүріп 
жатқан еді, Петр I тұсында бұл жұмыс кеңінен атқарылып жатты. Орыс өкіметінің Жаркентті басып 
алуы жақтан: Каспий теңізінің Шығыс жағалауынан жəне Оңтүстік Ciбірден басталмақшы болды.  
Көптеген  Шығыс  елдерімен  байланыстыратын  сауда  жолдарын  ашуды  кездеген  патша  Ертіс 
өзеннің жоғарғы арысы бойындағы жерлерді зерттеудіжөн деп санады. Осыған орай ол Сібірдің гене-
рал-губернаторы М.П. Гагаринге Ертіс бойына 6ipнешe барлау экспедицияларын аттандырған бола-
тын. Оның біріншісі Каспий теңізінен Хиуаға қарай жасақталған экспедиция,оны Приображен полкі-
нің  поручигі  князь  Александр  Бекович-Черкасский  басқарды.  Ал  екіншісі  Оңтүстік  Сібірден  Кіші 
Бұхараға  жіберілетін  экспедиция  болды.  М.П.Гагариннің  тікелей  атсалысуымен  екі  экспедиция 
жасақталып, екіншісін подполковник И.Бухгольц басақаратын болды. Петр патша щведтермен соғыс
 
жүргізіп жатқанына қарамастан 1714 жылы 22 мамырда подполковник И.Д.Бухгольц бастаған ерекше 
экспедицияны жасақтауға арналған жарлыққа қол қояды [5]. 
Экспедиция  басшыларына  нақты  міндеттер  жүктеліп,  арнайы  нұсқаулар  беріледі.  Ci6ip  генерал-
губернаторы  М.П.Гагариннің  И.Д.Бухгольцке  берген  қосымша  нұсқауында  былай  делінеді  “Егерде 
жергілікті тұрғындар жеріне бекіністер тұрғызуға қарсылық білдірсе, жаратқанның қолдауына сүйе-
ніп, қарамағындағы барлық адамдарыңмен қарсылық қыл” [6]. 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
210 
Петр  патша  И.Д.Бухгольц  экспедициясына  үлкен  сенім  артты.  Мұнысенатқа  берген  нұсқаулары 
мен Сібірдің генерал-губернаторы М.П.Гагаринге И.Д. Бухгольц экспедициясына жан-жакты қолдау 
көрсету қажеттілігі туралы арнайы тапсырмасынан нақты байқауға болады. 
Подполковник Бухгольц 1715 жылың шілдесінде Тобылдан Ертісөзенінің жоғарғы ағысына қарай 
3000 адамдық қосынмен (отряд) жолғашығады. Олардын ішінде тұтқынға түскен швед офицерлері де 
болды. Осы жылдың қазан айында Ямыш (Жəміш) көліне жеткен подполковник И.Д.Бухгольц тұтқын
 
швед  поручигі  Каландердің    көмегімен  Ертісөзенінің  бойына  Ямышевск  бекінісінің  негізін  қалады 
(Павлодар станциясындағы Ямышевск поселкісі) [7]. 
Бекіністі тұрғызып жатқан орыс қосынының іс-əрекеттерін жоңғарлар мұхият бағалаумен болды. 
Толыққанды  мұздай  қаруланған  орыс  əскерлерінің  бұл  өлкеге  келуі  олар  үшін  аса  үлкен  жаңалық 
бола қойған жоқ, себебі жыл сайын Ямыш көліне Сібір воеводалары казак отрядтарын тұз өндіруге 
жіберіп тұратын еді. Бірақ бекініс салу күтпегени жаңа құбылыс болғандықтан, жоңғар қоңтайшысы 
Цеван Рабтанның алаңдаушылығын туғызады.  
1716  жылы  И.Д.Бухгольц  патшаға  Ямышевск  бекінісінің  салынып  бітуі  туралы  хабар  жібереді. 
Алайда  осы  1716  жылы  жоңғарлардың  əскер  басы  Черен  Дондук  бастаған  10000  жоңғар  жасағы 
кенеттен қамалға шабуыл жасайды. И.Д. Бухгольц отряды артиллериямен қаруланғандықтан жоңғар-
дарға  төтеп  беріп,  шабуылдың  бетін  қайтарады.  Жоңғарлар  енді  жаңадан  салынған  бекіністі  жан-
жағынан  қоршап  алады.  И.Д.  Бухгольцтың  болған  жайтты  баяндап,  оған  қоса  əскери  көмек  сұрау 
үшін Тобылға жіберілген адамдарын жоңғарлар дегендеріне жеткізбей тұтқынға алып отырды. Қор-
шалған бекініске азық-түлік жеткізілмеді, аштық басталып, адамдарды ауру жайлады. Кейінірек 1717 
жылдың ақпан айында И.Д.Бухгольц А.Д.Меншиковке жазған хатында былай деген екен: «Бекіністегі 
адамдарды ауру жайлап, күніне 20 немесе одан да көп адам өлетін болды. Жағдай өте ауыр. Сібірде 
əскер саны аз, адам тапшы, ешкімнен көмек жоқ»[8]. 
Осындай тығырыққа тірелген жағдайда əскери кеңестің шешімі бойынша И.Д. Бухгольц қосыны 
Ертіс өзенінің бойымен төмен жылжымақшы болды. Ямышевск бекінісінің гарнизоны 3000-нан 700 
адамға азайды. Қамалды қиратып, қосын кейін шегіне бастады. Қашқан қосынды жоңғарлар өкшелеп 
қуа қойған жоқ. Ом өзенінің бойына жеткенИ.Д. Бухгольц М.П. Гагаринге болған жайтты баяндап, 
жаңа  бекініс  тұрғызуға  рұқсат  сурайды.  М.П.  Гагарин  И.Д.  Бухгольцтің  бұл  ұсынысымен  келісіп, 
оған Тобылдан əскери көмек жібереді. Осылайша 1716 жылы Ом өзенінің Ертіске құяр жеріне Омбы 
бекінісі салынады [9]. 
Сібір  генерал  губернаторы  М.П.Гагарин  мен  И.Д.Бухгольц  арасындағы  келіспеушіліктер  мен 
қарама  қайшылықтар  И.Д.    Бухгольцті  Омбы  бекінісінен  Тобылға  кетуге  мəжбүр  етті.  Кейін  келе 
И.Д.Бухгольц  Петербургке  шақырылады.  Петр  1жарлығымен  бұл  істі  жалғастыру  М.П.  Гагаринге 
жүкте-леді. Өз кезеңінде М.П. Гагарин И.Д. Бухгольцті подполковник П.Ступинмен алмастырады.  
1717  жылдың  басында  П.Ступин  Ямыш  көліне  келеді,  бірақ  ол  жерден  жоңғарларды  көрмейді. 
Ешқандай кедергісіз Ямышевск бекінісін қайтадан тұрғызып, күшейтеді.  
Ертіс бойына бірінен соң бірі салынып жатқан қамалдар Патша үкіметіне өз иеліктерін шығысқа 
қарай кеңейте  түсуге  мүмкіндік  береді.  Петр  патшаның жарлығына сай М.П.  Гагарин  1717 ж.  Бояр 
баласы  Иван  Калмыковқа  Ертіс  өзенінің  жоғарғы  ағысын  бойлай  Нор  Зайсан  көліне  дейін  жетіп, 
қажетті  мəліметтерді  əкелуді  жүктейді.  И.  Калмыков  екі  апта  ішінде  жүктеу  жұмыстарын  аяқтап, 
бөгелмей кері аман-есен оралады. 1718 ж. Ямышевск бекінісінен Урусов пен Сомов бастаған барлау 
экспедицияларды  Зайсан  көлін  мұхият  зерттеуге  аттандырылады.  Бұл  экспедиция  да  тапсырманы 
орындап, кері оралады[6, -18 б]. 
Ертіс бойына бекіністер бірінен соң бірі салынып жатты. 1717 ж Омбы жəне Ямышевск бекініс-
терінің арасына бояр баласы Павел Свирский железинск бекінісінің негізін қалады. 1718 ж  Василий 
Чередовқа  Ямышевск  бекінісінен  жоғары  жаңа  қамал  салуға  бұйрық  берілді.  Чередов  Ертістің  оң 
жағалауынан  қолайлы  жер  тауып,  бекіністің  іргетасын  қалап,  оны  Семипалатинск  деп  атады.  Бұл 
бекіністің құрылыс жұмыстарын аяқтаған подполковник П.Ступин болды [3, - 6-б]. 
Cібір  əкімшілігінің  Ертіс  өзенінң  бойына  бекіністер  салу  шаралары  Ертістің  жоғарғы  ағысы 
бойына  жасақталып  жатқан  жаңа  экспедицияга  əзірлік  іспеттес  болды.  Семей  бекінісі  салынғаннан  
кейін  патша  өкіметі  оңтүстікке  қарай  жылжуға  мүмкіндік  алды.  Мұндай  əрекеттің  бастамасын 
жасаған I Петр жаңадан жасақталған барлау экспедициясының басшысы етіп тағайындалған гвардия 
майор И.М.Лихаревқа бағынатын болды.  
1720 жылдың мамыр айында И.М. Лихарев қосыны Тобылдан шығып, Зайсан көліне жетеді. Қара 
Ертіс бойын жағалап жатқан орыс отрядына жоңғарлар шабуыл жасайды. Дегенменде, жоңғарлардың 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
211 
саны  жағынан  басым  болғанына  қарамастан  орыстар  төтеп  береді.  Бірақ  Лихарев  экспекдициясына 
кедергі  келтірген  жайт  Ертіс  суының  тартылуы  болды.  Қайықпен  одан  əрі  жүзу  мүмкін  болмаған-
дықтан,  И.М.  Лихарев  жоңғарлармен  келісімге  келуге  мəжбүр  болды.  Жоңғарлар  орыс  отрядының 
кері қайтуына кедергі келтірмеуге келіседі. Кері қайтар жолында 1720 ж Ульба өзенінің Ертіске құяр 
жерінеИ.М. Лихарев экспедициясы жаңа бекініс салып, оған Өскемен деген ат береді [5, 71-б]. 
Ертіс  бойында  ірі-ірі  бекіністер  мен  қатар  оларды  байланыстырып  тұратын  форпостор  салынып 
жатты. 1745 жылдың ішінде Ертіс жағасы станцияларға, байланыс нүктелеріне, разъездер мен маляк-
тарға  толып  кетті.  Осы  мерзімге  дейін  салынып  үлгерген  24  бекініске  5  драгун  полкі  мен  Тара, 
Тобыл,  Түмен  казактары  орналастырылды.  Осы  жылы  Ульба  форпосынан  Алтайдағы  Кузнецк 
қаласына дейін 9 қорған, қорған, 53 бекіністен тұратын жаңа əскери желі жүргізілді[10]. 
1760-жылы Ертіс бойындағы ең жоғарғы бекініс Бұқтырма салынды. Ульба форпосын Алтайдағы 
Кузнецк  қаласына  дейін  9  қорған,  қорған,  бекіністен  тұратын  жаңа  əскери  желі  жүргізілді.  Сөйтіп, 
бірнеше онжылдықтарда Ертіс бойында орыстардың жаңа бекіністері қаптап кетті. Оларға 5 драгун 
полкі,  оған  қоса  орыс-казак  əскери  жүздіктері  орналасты.  Бұдан  кейінгі  жылдарда  Қазақстанның 
шығысында  бекіністерді  қосқан  желілер  одан  əрі  күшейе  түсті.  Өз  кезегінде  бұл  желілерді  Патша 
өкңметі Қазақстанды түбегейлі отарлауда тірегіне айналдырды. Ертіс бойында  бекініс-қамалдарды, 
əскерді  қаптатумен  қатар,  Ресейдің  шаруаларды,  жұмысшыларды,  тіпті  қылмыскерлерді  əкеліп 
қоныстандыру кең өріс алды. Осының нəтижесінде Ертіс бойында келімсек орналасушылардың саны 
жылдан-жылға  өсе  түсті.  Егерде  1745-жылы  Ертіс  өңірінде  олардың  саны  547  болса,  1908-жылы  
119254 ке жетті[11]. 
Зерттеуші  А.В.  Алексеенконың  “Кенді  Алтайды  ауыл  шаруашылық  отарлау”  деген  жұмысында 
Шығыс  Қазақстан  өңірінің  XVIII  ғасырдан  бастап  отарлана  басталғаны  айтылады.  Аталмыш  өңірді 
орыстардың отарлауы Ертістің жоғарғы жағында Омбыдан бастап бекіністер мен форпостар салудан 
басталды  делінеді.  Бірақ  автор  Ертіс  линиясы  Бараба  даласындағы  орыс  иеліктері  мен  Алтайдағы 
Колывано-Воскресенск заводтарын қорғау үшін салынды[8, 128-б], - деп, орыс экспансиясын “көшпе-
лілердің шабуылынан қорғаныс” ретінде суреттейтін концепция ықпалында көрсетеді. Алайда автор-
дың “иемдену” деген сөзін, əрине, жаулап алушылық деп ұғыну керек болатын. Себебі ендігі тұста 
патша  өкіметі  бұл  өңірге  жер  аударылғандар  мен  шаруаларды  мəжбүрлі  түрде  қоныстандыра 
бастады.
 
Сонымен, Ертісті жаулап алып, оған өз адамдарын орналастырып, отарлауды жөн көрген патша-
лық Ресей жергілікті қазақ халқын аяусыз қанап, қырғынға ұшыратты. Осы жағдайды Прииртышская 
газеті өзінің бір санында: "Патшалық  Ресей өз  саясатында қырғыздарды нысанға  алды. Қырғыздар 
тарапынан  еш  қарсылық  болмады  жəне  олар  қарсыласуға  тым  əлсіз  еді"[12],-  деп  атап  көрсетеді. 
Осылайша  Патшалық  Ресей  өзінің  отарлау  саясатында  басты  назарды  Қазақстанның  Шығысына 
аударды жəне оған тез арада бекіністер салып та үлгерді. Сондықтан да болар шығыс аймақта орыс-
тану үрдісі басқа аймақтарға қарағанда ертерек орын алды.  
Ендігі  тұста  табиғи  байлықтарға  бай  Шығыс  Қазақстанды  отарлап  алған  патша  үкіметі  ХІХ 
ғасырдың ортасына қарай көптеген кен орындарын ашып, кен балқытатын, өңдейтін аймаққа айнал-
дырды жəне қазақтарды арзан жұмыс күші ретінде пайдалануды қолға алды. 
Жауалап  алынған  аймақта  біртіндеп  тауар-ақша  қатынасы  дамып,  жəрмеңкелік  сауда  жасала 
бастады. Қызылжар, Семей жерлері көрші Ресей аймағындағы Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Ірбіт, 
Төменгі Новгород қалаларымен сауда жасап, жазғы жəне күзгі жəрмеңкелер жұмыс жасай бастады. 
Аймақ  орыс  кəсіпшілігі  үшін  мал,  шикізат,  жеткізуші,  əрі  өндіріс  өнімдерін  тұтынушы  болды. 
Қазақтар жəрмеңкелер мен айырбас пунктттеріне қой, жылқы, ұсақ жəне ірі қара малдары мен май, 
былғары, тері, елтірі, ешкі түбітін жеткізді. Сауда-саттықты сылтау еткен татар-ноғай саудагерлері де 
аймаққа біртіндеп қоныс тебе бастады.  
Осылайша, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара 
қарым-қатынас  жасау  үшін  мүмкіндіктер  туғызды,  сауаттылықты,  сауданы  жандандыруды  тарату, 
қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркəсіптік қатынас-
тың  орбитасына  енгізу  үшін  мүмкіндіктер  орнатты.  Бұл  процесс  Шығыс  Қазақстан  аймағында  да 
орын  алып,  жергілікті  қазақ  ұлтының  азайып,  сырттан  келушілер  саны  жыл  санап  арта  түсті  жəне 
орыстандыру саясаты одан əрі нығайды.   
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
212 
1
 
Казахстан в начале века: методология, историография, источниковедение  // Под редакцией  
2
 
М.К. Козыбаева.  – Алматы, 1994. - Вып.2. – 120 с. 
3
 
Катанаев Г.Е. Историческая справка о том, как и когда основан город Омск. - Омск 1916. 3-5. 
4
 
Путинцев Н.Г. Хронологический перечень событии из истории Сибирского казачьего войска со времени 
водворения западно-сибирских казаков на занимаемой территории. -Омск 1891. 2-6стр. 
5
 
Касымбаев Ж.К. Петр I жарлыгымен //  аза<стан мектебi.1981, №9. 72 б. 
6
 
Алексеенко Н.В. Очерки истории Рудного Алтая. -Усть-Каменогорск 1970. С. 17 
7
 
Экспедиция Бухгольца (1714-1716 гг.). 4-томдык  аза< Совет энциклопедиясыны  I томы.66 б. 
8
 
Алексеенко Н.В. “Русская колонизация Рудного Алтая в XYIII-XIXвв.” Ленинград., 1961. 170б. 
9
 
Путинцев Н.В. Хронологический перечень событии из истории Сибирского казачьего войска.  
10
 
-Омск 1891. В книге Катанаев Г.Е. Краткий исторический обзор службы Сибирского казачьего войска с 
1582 по 1908 г. -Спб. 1908 19-6. 
11
 
Милъденбергер А. Семей <аласы <ашан салынган? // Семей та ы. 1988. 12 <араша.-4 б. 
12
 
Абдиров М.Ж.  аза<тар мен казактар. Ci6ip <аза< əскері. // А<и<ат. 1994. №12. 61 б. 
13
 
Обзор Семипалатинской области за 1908 г. Семипалатинск, 1909. 18-6. 
 
Резюме 
История завоевания Царской Россий Восточного Казахстана 
Тулебаев Т.А. – д.и.н., профессорКазНу им. аль-Фараби, tur-07@mail.ru.
 
Абикенова Г.Е. – к.и.н., доцент кафедры История КазахстанаКазНу им. аль-Фараби, agulzhazira@mail.ru. 
Данная  статья  посвящена  проблеме  завоевания  Царской  Россией  Восточного  Казахстана.  Дается  более 
развернутое  описание  колониальной  политики  Российской  империи  как  следствие  Джунгарской  угрозы  по 
отношению  ВосточногоКазахстана.  Автор  излагает  поэтапность  этого  процесса,  в  начале  были  отправлены 
разведывательные экспедиции, после собранных материалов о крае начались работы по строительству казачьих 
крепостей.  Следующим  этапом  стало  переселение  русскоязычного  население  на  территорию  Восточного 
Казахстана, процесс русификации. Говорится о развитии товарно-денежных отношения на завоеванных землях, 
рассвете ярморочной деятельности.   
Ключевые слова: Царская власть, экспедиция, крепости, гарнизон, отряд, военный совет 
 
Summary 
History of Tsarist Russia’s conquest of the East Kazakhstan 
Tulebaev T.A. – professor, Al-Farabi Kazakh National University, tur-07@mail.ru. 
Abykenova G.E. – k.h.s.associate professor of the department of History ofKazakhstan, Al-Farabi Kazakh National 
University,agulzhazira@mail.ru. 
This article is devoted to the problem of colonization of Eastern Kazakhstan by Tsarist Russia.  It provides a detailed 
description of the colonial policy of the Russian Empire as a result of Junggar threats against the Eastern Kazakhstan. 
The author describesphasesof this process at the beginning of reconnaissance expeditions were sent after the collected 
materials  about  the  region,  work  began  on  construction  the  Cossack  fortresses.  The  next  step  was  the  resettlement  of 
Russian-speaking  population  in  the  territory  of  the  Eastern  Kazakhstan,  the  process  of  Russification.  Described  the 
development of commodity-money relations in the conquered lands, flourishing of fair activities. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет