Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік


Key words: Imperial power, shipping, fort, garrison, detachment, military council



Pdf көрінісі
бет32/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50

Key words: Imperial power, shipping, fort, garrison, detachment, military council 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
213 
АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ 
АРХЕОЛОГИЯ ЖƏНЕ ЭТНОЛОГИЯ 
ARCHAEOLOGY AND ETHNOLOGY 
 
УДК 
254 (74.9)
 
 
 
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАРДЫҢ САУДА БАЙЛАНЫСТАРЫ 
 
Байсариева Г.О. –  
Отырар мемлекеттік археологиялы< <оры<-музейіШəуілдір,  аза<стан 
 
Мақалада  барлық  қолжетімді  дереккөздерді  талдау  мен  синтездеу  негізінде  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы 
Қазақстанның көне жəне ортағасырлық қаласы Отырардың сауда байланыстары тарихы қарастырылады.   
Археологиялық зерттеулер  Отырар қаласының сауда байланыстары жөніндегі түсініктерді едəуір кеңейтті. 
Қаланың  Қиыр  жəне  Таяу  Шығыспен  халықаралық  байланыстары,  өңірлік  жəне  дала  тұрғындарымен 
байланыстар  нақты  археологиялық  жəне  нумизматиқалық  табылымдар  негізінде  қаралады.  Шетелден  келген 
бұйымдар  мен  тиындар  Еуразиялық  құрылықаралық  сауда  жолымен  Отырармен  байланыста  болған  елдердің 
айғақты  нышандары  іспетті.    Бұлар  Отырардың  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  маңызды  тораб  болғанын 
көрсетеді. 
Түйін  сөздер:  Қазақстан,  археология,  Ұлы  Жібек  жолы,  ортағасырлық  Отырар,  сауда,  халықаралық 
байланыстар. 
 
Отырардың  манызды  географиялық  нүктеде  орналасуы  онда  сауда–саттықтың  дамуына  қолайлы 
болды. Ертеде сауда жолдары ең алдымен өзен бойымен жүргені белгілі. Ал Отырар қаласы Сырда-
рия  өзенінің  оң  жағалауында,  Арыс  өзенімен  қосылар  жерде  орналасуы  жəне  420  км-ге  созылған 
Қаратау  атты  таулы  жотадан  өтетін  қолайлы  асуға  қарама  қарсы  жəне  жақын  тұруы  оны  «тоғыз 
жолдың торабы» етті.  
Отырар  өңірінен  қазба  барысында  табылған  қазіргі  ең  əуелгі  теңге  –  Мардан  мазаратын  қазған 
кезде табылған қытайдың «ушу» теңгесі [1, с. 28-35] болып табылады. «Ушу» теңгесі император У-ди 
(б.з.б. 140-86 жж.) кезінде 118 ж. шығарыла бастап, б.з. 621 ж. дейін айналымда болыпты [2, с. 7-9]. 
ІІІ-V  ғғ.  жататын  Көкмардан  мазаратындағы  қазбаларымыздан  янтарь  моншақтар  табылды.  Янтарь 
негізінен  Балт  жағалауынан  немесе  Карпат-Днепрлік  өңірде  өндірілген.  Ол  Еділ-Каспий  бойымен 
Хорезм  арқылы  Орта  Азияға  тараған  деген  пікір  бар.  Археологиялық  зерттеулер  янтарьдың  сауда 
жолдары Əмудария мен Сырдария өзендері бойымен жүргенін көрсетеді. Орта Азияда янтарь сауда-
сы  біздің  заманымыздан  бұрын  бірінші  мыңжылдықтың  ортасынан  бастап  б.з.  V  ғ.  дейін  кең  өріс 
алған, ал Қытай еліне янтарь бұдан едəуір кейін, тек б.з. ІІІ ғ. бастап қана белгілі болған [3, с. 124-
133].  Сырдария  бойындағы  қалашықтардан  кейбір  үш  тұғырлы  ыдыстардың  түрлері  Қытайдағы 
ыдыстарға жақын екенін байқау қиын емес. Бұл да байланыстардың бағытын көрсетсе керек.  
Отырар  өңірінде  табылған  оймышты  геммалар  ирандық  бағыттағы  байланыстарды  көрсетіп  тұр. 
Мұндай тастар Жетіасар ескерткіштерінде кездескен. Олар ІІІ-V ғғ. жатады. М.Қожа Отырар ауданы-
ның  Маяқұм  ауылында  тұратын  Күляш  Орынбаева  сақтап  келген  гемманы  Отырар  қорық-музейіне 
өткізді. Əже бұл тасты ақық деп атайды, минерологияда мұндай тастар халцедон деп аталады. Оны 
Қызылқұм  ішінен  тауып  алған  екен.  Тас  бетіне  үлкен  тарам-тарам  мүйізді  бұғы  бейнеленген.  Ал 
Қоңыртөбе мазаратын қазған кезде Е.А. Смағұлов бір топ сасанилік геммалар тапты[4, с. 163-172]. 
Сыртқы сауда байланыстарының бағыттарын Отырар қазбаларынан табылған VІІ ғ. Соғды ихшид-
терінің, Ферғананың түркі билеушілерінің, Қытайдың Тан əулеті мен бұқараның «гитрифи» үлгісін-
дегі теңгелері, Шаштың VІІ ғ. аяғы - VІІІ ғ. басындағы көне түркі теңгелері айғақтап тұр [5, с. 60 - 
68]. Бұлар қалалар мен аймақтар арасындағы сауда байланыстарының көрінісі. 
Жергілікті сауда-саттықтың дамуының айқын көрінісі деп жергілікті түркі билеушілері соқтырған 
бір бетінде арыстан бейнелі, екінші жағында таңбалары бар теңгелерді айтуға болады. Олар Құйрық-
төбе, Отырартөбе, Күйікмардан, Алтынтөбе ескерткіштерін қазу барысында табылған. Отырар алқа-
бынан табылған теңгелерді Р.З. Бурнашева зерттеп, үш топқа бөлген. Олар VІІ-VІІІ ғғ. жатады жəне 
жергілікті сауданы қамтамасыз етті [2, с. 11-12]. Осы теңгелер Отырартөбе, Құйрықтөбе, Қоңыртөбе 
қалашықтарын  қазу  барысында  табылған.  Отырардың  төл  теңгелері  иеліктің  қала  мен  ауыл-аймақ, 
отырықшы мен көшпелілер арасындағы сауданы қамтамасыз еткен.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
214 
Отрырарда  Х  ғ.  басында  ғана  мыс  теңгелер  шығарылды.  Олар  922-923  жылдары  саманилік  əмір 
Насыр  ІІ  ибн  Ахмад  атынан  соғылған  мыс  теңгелер.  Осы  теңгелерде  саманилік  əулеттің  өкімімен 
қатар Барабта сол кезде əкім болған кісі есімі Əлі (Али?) көрсетілген [6, с. 124-126]. Отырар-Барабта 
теңге соғу ісін қаланың экономикалық тұрғыдан өсіп-көркеюінің бір айғағы деп түсінуіміз қажет. 
«Худуд  ал-Алем»  атты  Х  ғ.  дерегінде  «Фараб  –  бай  уалаят,  оның  бас  қаласы  Кедер  ...  бұл 
саудагерлер  жиналатын  орын»  делінеді  [7,  с.216].  Сырт  елдермен  сауда-саттық  қатынас  жасайтын 
саудагерлер хақында ХІ ғ. əйгілі ақыны Жүсіп Баласағұн: 
Кезбесе олар жаһанды, ұлы-кішікті, 
Киер ме едің қара сусар ішікті?! 
Қытай керуені жүрмегенде жосылған  
Қайдан келер еді мың-мың асылдар. 
Кезбесе олар күллі жаһан іздерін, 
Көрер ме едің інжу-маржан тізбегін? 
Санай берсе, таусылмасы білінді, 
Сөзді созбай, шиырайын тілімді  [8, 414-б.]. 
Сырдария  өзені  де  сауда  мақсатында  пайдаланылған.  Ал-Истахридің  парсыша  аудармасында 
мынадай  хабар  бар:  «Ол  (Шаш  өзені)  Ахсикетке  бағытталады,  Ходжентке  жетеді  жəне  Бенакетке, 
Сюткентке жəне Парабқа ағады. Ал Сауран шекарасына жеткенде екі жағалауда оғыздардың үйлері 
[көрінеді]. Бұл өзен Джейхуннан екі есе үлкен. Онымен оғыздар бейбіт тіршілік еткенде оларға бидай 
жеткізеді» [9, с. 30].  
Отырардың  сыртқы  сауда  байланыстарын  Шыңғысхан  керуеніне  байланысты  жазылған  дерек-
терден аңғаруға болады. Шыңғысханға келген жəне оның атынан Хорезмшахқа жіберілген саудагер-
лер  арасында  Жүсіп  (Юсуф)  Канка  Отрари  есімді  саудагер  кездеседі.  Монғолдарға  барып  қайтқан 
керуен саудагерлері қатарында Шихаб ад-Дин Мухаммад ан-Насавидің «Сират ас-султан Джалал ад-
Дин  Манкубирти»  атты  еңбегінде  Йусуф  Канка  ал-Отрариді  Махмуд  ал-Хорезми,  Али  Ходжа  ал-
Бухари  есімді  саудагерлердің қатарында  атайды. Олармен  бірге  «түркі  керуенімен»  əкелінген қазба 
байлықтарымен  («с  рудными  ископаемыми»)  қатар  балық  тісі,  мускус  салынған  қапшықтар,  яшма 
тастары, тарку деп аталатын ақ түйе жүнінен тоқылған киім аталады. Соңғы киімнің бағасы 50 динар-
дан жоғары екен. Отырарға 1218 жылғы Шыңғысханнан келген керуенде отырарлық Омар Қожа ал-
Отрари  аталады.  Осы  мəліметтерге  қарағанда  отырарлық  саудагерлер  Монғолия,  Шығыс  Түркістан 
бағытында ірі сауда-саттықпен айналысқан.  
Ең атақты араб географы Мухаммед ибн Ахмед əл-Макдисидің (немесе Мукаддаси) шамамен 985 ж. 
жазылған «Ахсан ат-такасим фи-марифат ал-акалим» атты шығармасында Фараб ірі қала, ол қажетті 
жағдайда 70 мыңдай əскер қоя алады, шахристанда жұма мешіті, негізгі базарлары рабадта, қалалық 
қорған  ішінде  кейбір  дүкендер  бар  болып  сипатталады.  В.В.  Бартольдтың  алғашқы  аудармасында 
қалалық  қорған  ішіндегі  дүкендердің  кейбірі  шарап  дүкендері  деп  аударылған  екен.  Құйрықтөбеде 
жүргізілген қазбалар барысында сауда орындары – дүкендер аршылған [10, с. 177]. Сонымен Отырар 
уалаятының тек бас қаласында ғана емес, кіші-гірім бекіністерінде де сауда орталықтары – базарлар 
болған. Висидж – «күшті əмір» тұратын, базар ауласында жұма мешіті бар шағын бекіністі қала деп 
көрсетеді Мухаммед ибн Ахмед əл-Макдиси [11, с. 233-234]. 
Отырар алқабындағы көшпелілер мен Отырар қаласы арасында сауда манызды болды. Ол айыр-
бастау мен ақшаға сату үлгісінде жүрді. Көшпелілер жүн, киіз қой саудалады, не болмаса айырбас-
тады. Қалаға ет пен мал шаруашылығы өнімдері көшпелі оғыздар мен қарлықтардан жеткізілді. Мал 
терісі қалаға жеткізіліп өңделді, олардан түрлі бұйымдар жасалды. Оғыз тайпаларының сауда байла-
ныстары «қонақтық» үлгісінде жүрген екен. Оғыздардың тұрағына келген кез келген мұсылмандық 
саудагер  қадірлі  қонақ  болып  саналатын.  Əрбір  саудагер  «тамырына»  баратын.  Саудагерге  арнайы 
қара үй тұрғызылды, азық-түлік дайындалды. Саудагер үй иесіне жəне оның əйеліне түрлі сыйлықтар 
берді [12, с. 99-102].  
Санжар  сұлтанның  жарлығында  «табыс  беретін  көшпелілер  заттары  мен  өнімдері  отырықшы 
адамдарға  пайдалы,  олардың  əл  ауқытын  өсіріп, жағдайын жақсартады.  Осы  пайдадан  билік  иелері 
мен қарапайым халық та өз үлестерін алып отыр» [12, с. 100].  
ХІ  ғ.  əйгілі  ақыны  Жүсіп  Баласағұн  көшпелі  тайпалармен  жасалынатын  сауданың  пайдасын 
айтады:  
Малшылар бар берекелі іс тындырған, 
Күллі жылқы алдарында мыңғырған. 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
215 
Жемек, кимек, мінбек – айғыр, байталдар, 
Жүк таситын жануарлар, шайқалған,  
Қымыз, сүт-май, ірімшік, айран, сүзбе, құрт, 
Киіз, перде-қолдарында күллі құт. 
Бұл адамдар құтты жандар, пайдалы, 
Ей, өркенді ер, араласқын жайдары [8, 415-416-бб.]. 
Қала тұрғындарымен қатар көшпелілер де Отырардың егістік алқаптарында өсірілген дақылдарды 
пайдаланды. Көшпелілер мал өнімдерін бидай мен басқа да қажетті егіншілік өнімдерге айырбастап 
отырды.  
Отырардың жергілікті сауда-саттығын қамтамасыз ету үшін теңге соғылды. Нумизматтар Отырар-
да саманилік жəне қарахандық билеушілердің теңге соққанын көрсетті. Мысалы, Һижра бойынша 310 
ж. / 922-23 ж. Барабта соғылған саманилік əмір Насыр ІІ мыс теңгесі табылды [6, с. 124-129]. Отырар 
билеушісі  қарахандық  Кутлуг  Білге  ханның  1199-1201,  1206-1207  жж.  жатататын  күмістелген  мыс 
теңгелері белгілі. Күмістелген мыс теңгелер 1173-74 жж. соғыла бастап 1210-11 жылдарға дейін бол-
ған. Осы аралықта теңгелер төрт үлгіде шыққан. Дирхемдердің екі үлгіде болуы Параб иелігі ішінде 
сауда саттықтың жақсы дамығанын көрсетеді [13, с. 109-120]. Сонымен қатар Отырарда 1210 ж. жəне 
1217-1918  жж.  Мухаммед  ибн  Текеш  соқтырған  теңгелер  де  бар.  Отырар  саудасында  Самарканда, 
Бұқарада, Шашта, Испиджабта соғылған фельстер жүрді.  
Отырардың ХІІІ-ХV ғғ. қабаттарынан қытайлық, таяу шығыстық, ортаазиялық, шығыс түркістан-
дық қола айналар, күміс бұйымдар табылды [14, с. 20-60]. ХІІІ ғ. аяғы -ХІV ғ. қабатынан табылған ал 
өзі Сирияда құйылып алтынмен апталған, түрлі түсті эмальдармен өрнектелген шыны флакон, Хора-
сандық  қола  сиясауыт  -  Таяу  Шығыстың  қолөнер  орталықтарымен  болған  сауда  байланыстарды 
көрсетеді [15, с. 47-50].  
ХV  ғ.  кейін  Таяу  Шығыс  пен  Қытайдың  арасында  сауда  байланыстары  əлсірей  бастайды.  Əмір 
Темірдің  Алтын  Орда  қалаларын  талқандауы  Отырар  арқылы  өтетін  сауда  жолының  оңтүстікке 
ауысуына, Отырардың халықаралық дəрежеде сауда орталығы ретінде əлсіреуіне əкеліп соқтырады. 
Венеция дипломаты Иософат Барбароның көрсетуінше «...əмір Темір қиратқанша (Астрахан) қаласы-
на барлық жібектер мен арнайы заттар Астраханға келетін еді, ал Астраханнан Танаға баратын (енді 
ол  заттар  Сирияға  кетіп  жатыр)  Жібек  пен  арнайы  заттарды  алу  үшін  тек  бір  Венециядан  Танаға 
алты-жеті үлкен галей жіберілетін еді. Олкездевенециялықтар да, басқа да теңіздік халықтар Сирияда 
сауда  жүргізбегенеді»  [16,  с.  206].  Теңіздер  мен  мұхиттар  арқылы  Үндістан  мен  Қытайға  баратын 
жолдың ашылуы да Отырар мен Жетісуарқылы өтетін сауда жолына кері əсеретті.  
Отырар астаналық дəрежесінен айырылса да аймақтың ірі сауда орталығы болып қала берді. К.А. 
Ақышев, К.М. Байпақов, Л.Б. Ерзаковичтің қазба материалдарын талдай отырып, қала халқының 15 
пайызы  сауда-саттықпен  айналысқан  деген  қорытындыға  келді[17,  с.  6-12].  Сауда  дүкендері  бар 
үйлер де анықталып отыр. Қазба барысында Отырарда 2 мыңнан астам мыс теңге табылған. Отырар-
дан  5  мыс  көмбе  табылды.  Отырардың  нумизматикалық  материалдарын  талдаған  Р.З.  Бурнашева 
Отырардың  ХVІ-ХVІІ  ғғ.  ақша  айналымын  төрт  кезеңге  бөледі.  Бірінші  кезең:  ХVІ  ғ.  бірінші  жар-
тысы, екінші кезең: ХVІ ғ. екінші жартысы, үшінші кезең: ХVІІ ғ. бірінші жартысы, төртінші кезең: 
ХVІІ ғ. екінші жартысы - ХVІІІ ғ. бірінші жартысы [18, с. 43]. 
ХVІ  ғ.  Орта  Азия  қалаларының  теңгелері  Отырарда  аз  болса  да  кездеседі.  Олар  ХVІ  ғ.  бірінші 
жартысында Бұқарада, Андиганда, Мервте, Самарқанда, Қарши, Хутталянда соғылған теңгелер жəне 
Ташкентте, Хисарда, Термезде қайта соғылған теңгелер. Сырдарияның орта бойындағы қалалар ХVІ 
ғ. ортасында негізінен қайта шайбанилардың қолына өтеді. Рузбиханның мағлұматтарына қарағанда, 
өзбек  хандары  арнайы  жарлық  шығарып,  Түркістан  халқының  қазақ  саудагерлерімен  ешқандай 
байланыс жасамауын талап еткен [19, с. 42-43]. Бұл, əрине, Дешті Қыпшақ пен ежелден сауда-саттық 
жүргізіп, өз өнімдерін көшпелілерге шығаратын қалалардың экономикасына үлкен соққы болып тиді.  
ХVІ  ғ.  екінші  жартысына  жататын  ортаазиялық  теңгелер  жоқтың  қасы.  Олардың  ішінде  Самар-
қанда,  Сауранда  Абдоллах  хан  ІІ  билеген  кезде  соғылған  теңгелер  бар.  Бұл  кезде  ақша  айналымы 
негізінен Ташкент  пен  Йасы  теңгелерімен  қамтамасыз  етілді.  Олардың  салмағы 4-6  г.  Олардың  бет 
жағында  «зарб  Йасы»  немесе  «зарб  Ташкенд»  деген  қысқа  жазу  тəн.  Кейбір  жағдайларда  ғана 
соғылған жылы көрсетілген. Екінші бетте жыртқыш, өсімдік немесе геометриялық өрнек жəне балық 
нобайы  белгіленген.  Ешбір  қала  көрсетілмеген,  жазуы  жоқ  теңгелер  пайда  болады.  Олардың  бір 
бетінде жыртқыш, екінші бетінде құс бейнесі немесе жыртқыш пен балық, құс бейнесі мен өсімдік 
өрнегі бар теңгелер пайда болды.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
216 
ХVІІ  ғ.  бірінші  жартысында  Отырарда  жылы  көрсетілмеген,  Түркістанда  соғылған  деген  жазуы 
бар  теңгелер  пайда  болды.  Екінші  бетте  жыртқыш  бейнесі  бар.  Бұл  кезде  жазуы  жоқ  бір  бетінде 
жыртқыш  бейнеленген,  екінші  бетінде  балық,  құс  бейнесі  бар,  ешбір  өрнексіз  бетті  теңгелер  де 
тарады. Теңге тыйынға ұқсас ұсақ мыс қиындылар [18, с. 44-45, 49]. Отырар көмбелері ішінде Үндіс-
тандағы  Ұлы  Моғолдар  əулеті  өкілі  Шах  Джеханның  (1629-1658  жж.)  төрт  теңгесі  бар  [20,  с.  101, 
прим. 14]. Отырардың базарында негізінен Ташкент пен Йасының мыс теңгелері жүрді. Ортазиялық 
теңгелермен  қатар  орыс  патшасы  Алексей  Михайловичтің  мыс  теңгелері  қолданылды.  Кейін  Л.Б. 
Ерзакович орыс теңгелерін көмбемен қоса Отырардың ХVІІ ғ. мəдени қабаттарынан кезіктірді [20, c. 
104, прим. 27]. Ресей мен Сібір бағытындағы сауда жолдар күшейе түседі.Федор Скибин елшілігінің 
1696-1697 жж. есебінде: «Тобольскіден Түркістанға баратын Сауран жолының оң жағында алғашқы 
қала  Сауран  ...Түркістаннан  оңтүстікке  қарай  Отров  (Отырар)  қаласы  бар,  оған  бір  күндік  жол» 
делінеді [21, с. 262-263]. Коллеж кеңесшісі Демидовтың жазбасында ол керуен жол өтетін бір нүкте 
ретінде  аталды  [22,  с.  220].  ХVІІ  ғ.  Отырардың  ақша  нарығында  джанилік  күмістеңгелер  пайда 
болды. 4 күміс көмбе белгілі, оларды негізінен 1611-1642 жж. билік еткен Имам Кули хан теңгелері 
құрайды. Жалпы айтқанда Отырардығы мыс теңгелердің нашарлай түскені байқалады. Олар дөңгелек 
пошымын, салмағын жоғалтады, кейбір мыс кесінділер мен дайындамалар бетінде теңгелік таңбалар 
да  жоқ  [18,  с.  50-54].  Отырарда  ақша  айналымы  құлдырап,  ХVІІІ  ғ.  басында  елді  мекенде  тіршілік 
мүлдем тоқтайды.  
 
1  Нурмуханбетов  Б.Н.,  Бурнашева  Р.З.  Погребение  с  монетами  из  могильника  Мардан  (Отрарский  оазис)  
//Известия Академии наук Казахской ССР. Серия общественных наук. 1979, №5.  – С. 28-35. 
2  Бурнашева  Р.З.  Отрар,  Отрарский  оазис  и  Южный    Казахстан.  Нумизматические  исследования  по 
денежному делу южноказахстанских городов VІІ – ХVІІ  вв. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 77 с. 
3  Бубнов  М.А.,  Половникова  И.А.  Янтарь  в  Средней  Азии  //  Древние  цивилизации  Евразии.  История  и 
культура. –Москва: Восточная литература, 2001. – С. 124-133. 
4  Смагулов  Е.А.  Находки  гемм  в  Отрарском  оазисе  //  Археологические  памятники  на  Великом  Шелковом 
пути. – Алматы, 1993. – С. 163–171. 
5 Бурнашева Р.З. Монеты с городища Отрар-тобе и Отрарского оазиса  // Археологические исследования в 
Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1973. –С.81 – 90. 
6 Давидович Е.А. Бараб – новый среднеазиатский монетный двор Саманидов и Ануштегинов  // Письменные 
памятники Востока. 1972.  – Москва: Наука, 1977. – С. 124-129. 
7 Материалы по истории туркмен и Туркмении.  Т. 1. VІІ - ХV вв. Арабские и персидские источники / Под 
редакцией С.Л. Волина, А.А. Ромаскевича, А.Ю. Якубовского. – Москва - Ленинград: Издательство АН СССР, 
1939. – 607 с. 
8 ЖCсіпБаласағ@н.  @ттыбілік. Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б. 
9 Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып. 1.  – Москва: Наука, 1973. – 280 с. 
10  Байпаков    К.М.  Средневековая  городская  культура  Южного  Казахстана  и  Семиречья.  –  Алма-Ата: 
Наука, 1986. – 256 с. 
11 Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия.   Соч.: в 9-ти томах. – Москва: Наука, 1963. 
– Т.1. – С. 45-597. 
12 Агаджанов С.Г.   Очерки истории огузов и туркмен Средней     Азии  ІХ–ХІІІ вв. – Ашхабад: Ылым, 1969. 
– 294 с. 
13 Кочнев Б.Д. Караханидский чекан Параба (Отрара) // Средневековая городская культура Казахстана и 
Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С. 109-120. 
14  Байпаков  К.М.,  Настич  В.Н.  Клад  серебрянных  вещей  и  монет  ХІІІ  в.  из  Отрара    //  Казахстан  в  эпоху 
феодализма. – Алма–Ата: Наука, 1981. – С. 20-62. 
15 Смагулов.Е.А. Синие лотосы на  туркестанском блюде // Памятники истории культуры Казахстана. – 
Алма-Ата: Казахстан, 1986. – С. 47-50. 
16  Федоров-Давыдов  Г.А.  Золотоордынские  города  Повольжья.  –  Москва:  Издательство  Московского 
университета, 2001. – 256 с. 
17 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Раскопки Отрара в 1971–1975  гг. // Успехи среднеазиатской 
археологии. – Ленинград: Наука, 1979. Вып. 4. – С. 90 – 91. 
18  Бурнашева  Р.З.  Денежное  обращение  в  городах  Южного  Казахстана  в  ХV  –  ХVІІІ      вв.  –  Туркестан: 
Туран, 2006. – 255 с. 
19 Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. – Алма-Ата: Наука, 1985. – 104 с. 
20 Ерзакович Л.Б. Раскопки в восточной части  Отрара (К вопросу о стратиграфии и  хронологии поздних 
слоев) // Археологические  исследования  древнего и средневекового  Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1980.– С. 
96-106. 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
217 
21 Материалы по истории Узбекской, Таджикской и Туркменской ССР. Ч.1. –Ленинград, 1933. 
22 Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках. – Алма-Ата: Издательство Академий наук Казахской 
ССР, 1964. – 742 с. 
Резюме 
Средневековые торговые отношения Отырар 
Байсариева Г.О. –  
Старший научный сотрудник Отрарского государственного  археологического заповедника-музея, 
Республика Казахстан, с. Шаульдер. е-mail:mukhtar_kozha@ mail.ru  
В статье на основе анализа и синтеза всех доступных источников реконструируется история торговых связей 
древнего  и  средневекового  города  Казахстана  -  Отрара,  лежащего  на  северном  участке  Великого  Шелкового 
пути. Археологические исследования значительно расширили представления о торговых связях средневекового 
Отрара.  На  конкретном  археологическом  и  нумизматическом  материале    рассмотрены    различные  аспекты 
торговли  с  округой  и  степью,    международные  связи  со  странами  Дальнего  и  Ближнего  Востока.  Импортные 
изделия и монеты представляю своего рода визитные карточки  областей и стран, с которыми был связан Отрар 
через трансконтинентальный путь, соединивший страны Евразии. Отрар представлял важный торговый  пункт 
Великого Шелкового пути.  
Ключевые  слова:  Казахстан,  археология,  Великий  шелковый  путь,    средневековый  Отрар,  торговля, 
международные связи. 
 
Summary 
Medieval trade relations Otyrar 
Baisarieva G.O. –  
s.r.f., Otrar state archaeological preservation museum.  
Republic Kazakhstan.Shaulder. е-mail:mukhtar_kozha@ mail.ru 
The article reconstructed the history of the trade relations of the ancient and medieval city of Kazakhstan Otrar lying 
on  the  northern  portion  of  the  Great  Silk  Road  on  the  basis  of  the  analysis  and  synthesis  of  all  available  sources. 
Archaeological  research  significantly  expanded  the  notion  of  trade  relations  of  medieval  Otrar.In  particular 
archaeological  and  numismatic  material considered various  aspects  of  trade  relations  with  the  regions  and  the  steppe, 
international relations with Near and Far East countries. Imported goods and coins represented a kind of business card 
ofthe regions  and  countries,  which  has  been  linked  Otrar  through  transcontinental  route,  linking  the  countries  of 
Eurasia. Otrar represented an important trading center of the Great Silk Road.  
 
Key words: Kazakhstan, archaeology, the Great Silk Road, Medieval Otrar, trade, international relations. 
 
 
УДК 342.724(=1.574) 
 
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ 
 
Еңсенов Қ.А. –  Р БҒМ ҒК Мемлекет тарихыинститутыны  аға ғылыми <ызметкері, 
тарих ғылымдарыны  кандидаты 
 
Бұл  ғылыми  мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  этносаралық  келісімнің  үлгісі  тарихи  зерттеу 
тұрғысынан  қарастырылып,  түрлі  ұлт  өкілдерінің  саяси  тұрақтылық  пен  бейбіт  тату  жағдайда  өмір  сүріп 
жатқандығы  зерделенген.  Сондай-ақ,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  құрылуы,  қалыптасуы  жəне  қызметі 
туралы баяндалған. 
Автор ғылыми зерттеу объектісі етіп Қазақстандағы ұлтаралық татулықты қарастырған. Яғни, этносаралық 
қатынастың  Қазақстан  үлгісін  саралай  келіп,  «Қазақстан  жолы»  деп  аталатын  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаевтың 
бастамасымен жүзеге асырылған этносаралық татулықтың үлгісін зерттеген. 
Зерттеуші  өз  еңбегін  жазуға  шетелдік  жəне  Отандық  ғылыми  əдебиеттерді  пайдаланған.  Сондай-ақ, 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  мұрағатының  (ҚР  ПМ)  деректерін  ғылыми  айналымға  келтірген.  Зерттеу 
жұмысында еліміздегі бейбітшілік пен келісім мəселесі талданған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет