Түйін сөздер: Қазақстан, Республика, тəуелсіздік, егемендік, достық, ынтымақтастық, келісім, толерант-
тылық, қоғамдық келісім, Ассамблея.
Қазақстан жеріне əртүрлі кезеңдерде тағдырдың жазуымен қоныс аударып келіп, тұрақтанған өзге
ұлт өкілдері баршылық. Олар бүгінгі күні əлемдік қауымдастыққа Қазақстан Республикасы атауымен
енген елдің азаматтары ретінде өмір сүруде. Көпшілігі кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік құрған
шақта күштеп көшірілген халықтар еді. Олар тағдырдың тəлкегіне ұшырап қуғындалып келгенде,
жергілікті қазақтар өз жағдайлары аса мəз болмаса да, қолдан келген көмектерін жасап, аман-есен
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
218
тұрып кетулеріне жəрдемдесті. Бірқатар ұлттардың өкілдері саяси қуғындау аяқталып, құқықтары
қайта келтірілген уақытта Отандарына қайтты. Кейбіреулері тұрақтап қалды. Қазіргі уақытта олар
Қазақстан азаматтары ретінде барлық салада еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуда.
Еліміздің тəуелсіздік алған уақытынан бері қазақ халқы өзге ұлт өкілдерімен саяси тұрақты жəне
ұлтаралық келісімде өмір сүруде. Бұл ширек ғасырға жуық уақыт аралығында этносаралық қарым-
қатынастың Қазақстандық үлгісінің қалыптасқандығын байқатады. Ал, елдегі азаматтардың ортақ
Отан сүйгіштігі мен ұлтаралық келісімі, ол бейбіт жəне тату өмір сүрудің нəтижесінде қалыптаса-
тындығы сөзсіз.
Ғылыми зерттеу мақаласы мұрағат деректерінен Қазақстан Республикасының Президенті мұраға-
ты (ҚР ПМ) жəне тарихи-демография саласы бойынша жазылған ғылыми зерттеу еңбектеріне негіз-
делген. Зерттеу жұмысына ғылыми əдебиеттер мен мұрағат деректерін пайдалана отырып, еліміздегі
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен қызметін, этносаралық қарым-қатынасты зерттеу
бағытында бірқатар мəселелер қарастырлып, олардың Тəуелсіз Қазақстан кезеңінде этносаралық келі-
сім жəне саяси тұрақтылықта өмір сүріп жатқандығы зерделенген.
Ғылыми зерттеудің теориясы жəне методологиясы бойынша негізінен тарихшылдық, объектив-
тілік, тарихи салыстырмалы талдау жəне тарихи жүйелілік методы пайдаланылды.
Мемлекеттің тарихи дамуының қазіргі кезеңінде азаматтық бейбітшілік жəне этносаралық ынты-
мақ мəселелері даму стратегиясының маңызды бөлшектеріне айналды. Қазақстанда этносаралық
қатынастардың өзіндік ерекше үлгісін құрып, оны құқықтық жəне институционалды мағынада дəйек-
ті жүзеге асыру мүмкін болды. Ұлттық саясат айқындық жəне нақтылық негіздерінде құрылған, оның
ішінде: этносаралық өзара ісəрекеттенудің амалдарын іздеу, ұлттық мəселені əділетті шешудің негізі
ретінде, қоғамның тұрақтылығын, заң басымдылығын, мемлекеттің тəуелсіздігін нығайту.
Этносаралық қатынастар саласында, «біздің болашақ стратегиялық мақсатымыз – қоғам бірлігін
ұлғайту жəне бірегей қазақстандық бəсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру» [1]. Осы міндетті шешу
үшін барлық жағдайлар жасалынған. Біріншіден, бұл біздің халқымызға сай шыдамдылықпен
келісімге деген ұмтылыс; екіншіден қазақстандық ұлтаралық қатынастардың өзіндік үлгісін құрудағы
жəне оны нығайтудағы мемлекеттің белсенді рөлі.
Қазіргі кезде Қазақстандағы этносаяси жағдай тұрақты болып қалуда жəне əртүрлі ұлт өкілдері
арасындағы айқын жəне ашық дау-жанжалдар байқалмайды. Жан-жақты зерттеулер, этносаралық
келісім мəселесі жөнінде билік құрылымдарына деген қоғамдағы сенімділік деңгейі жоғары екендігін
көрсетеді.
Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев еліміздегі ұлтараралық қатынасқа байланысты: «Ұлтаралық
келісім өте нəзік, кəдімгі адам ағзасының қантамырлары жүйесі. Оның бір жерінде кідіріс болған
кезде адам денсаулығын жоғалтады. Мемлекетте де дəл осылай. Біздің жылдағы барлық жетістік-
теріміз елдегі осы тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында болып отыр. Бұл біздің негізгі ұстаны-
мымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз
етудің бүкіл тəжрибесі – əлемдік тұрақтылыққа қосылған үлес болуы тиіс. Еліміздегі тыныштық
мəселесі – бұл менің жеке мəселем емес. Қазақстанның бүкіл халқының мəселесі, мемлекеттің
мəселесі, біздің болашағымыздың мəселесі» [2], - деп атап өткен болатын.
Еліміздің тəуелсіздігінің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілі-
гінің Ішкі саясат бөлімінің мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевқа берген ақпаратында былай делінген:
«Қазақстан өңірлеріндегі əлеуметтік-саяси жағдай тұрақты. Қазақстан территориясы соғыстардан,
этносаралық жанжалдардан, саяси шиеленістерден аулақ, тыныш жағдайда. Бұл бейбіт жағдай əлем-
дік қауымдастық пен Қазақстан халқының көз алдында. Яғни, жас мемлекетіміздің маңызды табыс-
тарының бірі, осы этносаралық татулық мəселесі» [3].
Қазақстан Республикасындағы халықтың ұлттық құрамына назар аударсақ, олар 2009 жылғы
соңғы санақ мəліметтеріне қарағанда ұлттық үлес салмағы төмендегідей көрініс береді: қазақтар –
63,1 %, орыстар – 23,7 %, украиндар – 2,1 %, өзбектер – 2,8 %, татарлар – 1,3 %, ұйғырлар – 1,4 %,
немістер – 1,1 %, кəрістер – 0,6 %, түріктер – 0,6 %, əзірбайжандар – 0,5 %, белорустар – 0,4 %,
дүнгендер – 0,3 %, күрдтер – 0,2 %, тəжіктер – 0,2 %, поляктар – 0,2 %, шешендер – 0,2 %, қырғыздар
– 0,1 %, басқа этностар – 1,1 %-ды құрады [4].
Қазақстандағы қазақ халқының рөлі қандай? Мемлекетті құраушы ұлт па əлде полиэтникалық
Қазақстан халықтарының бірі ғана ма? Қай жағы басымдау?Қазіргі таңда осы сұрақ өте өзекті болып
отыр. Қазақстан полиэтникалық мемлекет болғанымен, ондағы мемлекетті құрушы, яғни титулды ұлт
– қазақ халқы. Бұл біріншіден, Конституцияда анықталса, екіншіден, биліктің қайнар көзі халық
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
219
болса, сол халықтың басым көпшілігі қазақ ұлты. Сондықтан да, қазақты көпұлттардың бірі деп еш
уақытта санауға болмайды. Қазақстандағы қазақ мəселесіне келсек, елімізде өзге ұлт өкілдерін
алалап, дискриминациялаудың керегі жоқ. бірақ, қазақтың рөлін көтеру керек. Кез-келген елдің
мемлекетті құраушы ұлтқа деген көзқарасы ерекше болуы заңды құбылыс. Ал, қазақ халқы өзінің
атамкенінде ел болып ұйып отырған мемлекет құрушы ұлт деп нақты айтуға болады [5].
Қазақстан халқының құрамы көпұлтты болғандықтан, жекелеген этностар арасындағы ширығу,
шиеленісті жағдайлар, тұтастай алғанда, мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен қауіпсізді-
гіне мейлінше қауіп төндіреді.Сондықтан Қазақстан үшін этносаралық келісім мен өзара түсіністікті
дамыту стратегиялық міндеттердің біріне айналды. Осы жолда айтарлықтай жақсы, елеулі нəтиже-
лерге еліміз қол жеткізе алды.
Біріншіден, бүгінгі күні Қазақстандағы этносаралық ахуал, тұтастай алғанда, тұрақты. Түрлі
этникалық топтар өздері тұратын аймақтардағы этносаралық қатынастарды оң жəне жақсы ниетте
қарым-қатынастар ретінде бағалайды. Ішкі саяси тұрақтылықтың негізгі шарттарының бірі – этнос-
аралық келісімді сақтау мен оған қолдау көрсету.
Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар – егемендік пен тəуелсіздікке қол жеткізгеннен
кейін пайда болған жаңа əлеметтік-саяси ақиқат. Олар кешенді сипатқа жəне күрделі құрылымға ие.
Қазақстан халқы барлық əлеуметтік-экономикалық, саяси, мəдени-тұрмыстық құрылымдарға, қарым-
қатынастар мен үдерістерге барынша терең ықпалдасқан. Қазақстандағы этносаралық қатынастар
онда тұрып жатқан барлық халықтардың қоғамдық қызметінің əр түрлі салаларындағы сан түрлі
өзара байланыстары мен қарым-қатынастарының тізбегі, біртұтас органикалық жүйе ретінде қызмет
атқаратын тəжрибе көрсетіп отыр.
Этносаралық келісіммəселесі бойынша Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасындағы бірегей
мемлекет деп айтуға біздің құқығымыз бар, бұлай деп айту – асыра айтқандық емес [6].
Ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеттің құрылымдық элементі патриотизм болып табылады. Елба-
сы Н.Ə. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншыл-
дық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Тəуелсіздік
алған уақыттан бері қазақстандық қоғам тіршілігінің барлық жүйелерінде жүріп жатқан түбегейлі
жаңару процестері едəуір дəрежеде оның мəдени-əлеуметтік саласын да қамтыды. Бүгінде халқы-
мыздың тарихи тəжірибесін қайта бағалау, дəстүрлі-өнегелік негіздерді өзгерту жəне соның
нəтижесінде қазақстандықтардың жаңа саяси санасын қалыптастыру жасалуда [7].
Ресейлік танымал сарапшы Рой Медведев Қазақстан халқы туралы: «Қазақстан – көпұлтты жəне
ұлтаралық келісім тұрақтылығының негізін қалаған ел саналады. Қазақстанда 11 тілде хабар
таратылады. Билік органдарында жəне Президент əкімшілігінде 64 ұлттың өкілі жұмыс істейді. ТМД-
ның ешбір елінде нақ осындай жағдай туғызылмаған. Қазақтар «бетке ұстар ұлтқа» айналды жəне
мұнымен санаспауға болмайды. Қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі ресми тіл ретінде қызмет етуде.
Ресми тіл республиканың сыртқары жерлерде ғана емес, Қазақстанның өз ішінде де ұлтаралық
қатынас тілі болып қалуда.
Қазақстандық модель басқа да бір тиімді экономикалық модельдің көшірмесі болып табылмайтын-
дықтан, бұл модельді ТМД-ның қайсібір басқа елдерінде немесе өзге елдерде көзжұмбайлықпен
көшіріп алуға болмайды.
Қазақстандық модельде тек осы елге ғана тəн географиялық, саяси, тарихи ұлттық жəне эконо-
микалық факторлар мен жағдайлар есепке алынған [8].
Қазақстанды қоныстанған көп ұлтты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық
саяси-экономикалық жағынан тəуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған бітұтас Қазақстан халы-
ның толеранттылығын, конфессияаралық жəне ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен досты-
ғын одан əрі дамытып, нығайтуды көздеген Қазақстан халқы Ассамблеясы өз алдына қойған мақсат-
тарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен
елдегі саяси тұрақтылықтан жəне Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір
кісідей жұмылып, оны əлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыс-
тарынан байқаймыз.
Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел
болып қалыптасқанын айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауап-
кершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек.
Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде əлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы
көшіне қосылды.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
220
Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп этностты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен
тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір
қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан, Қазақстан билігі өз
азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру саясатын ұстанған. Бұл
бағытта негізгі назар əр ұлт өкілдерінің республика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған
жəне ол ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мемлекеттік саясаттың жалпыұлт-
тық құрылысында есепке алынуы қажет.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрылымының бірі ретінде ұлттық
пллюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге
қол жеткізілген. Мысалы, біріншеден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындар-
дың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екінші-
ден, Қазақстанда тұратын этнос өкілдеріне өздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға
қолайлы жағдай жасалған.
Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп этносты жəне түрлі дінді ұстана-
тын қоғамда этностардың өзгешелігі мен бірігуін сақтауға негізделген этносаралық қатынастарды
қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгі қалыптастырған [9].
Еліміздің тарихында қазақ халқының патриотизімі маңызды орынға ие. Өз еліне қызмет етуден
көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды
құрамдас бөлігі болған жəне солай болып қала бермек.
Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-əрекеттерімен оның мүдделеріне
қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білді-
реді [7, 13].
Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп этностты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіз-
дігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға,
тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан, Қазақстан билігі өз азаматтарының
ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру саясатын ұстанған. Бұл бағытта негізгі
назар əр ұлт өкілдерінің республика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған жəне ол
ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құры-
лысында есепке алынуы қажет.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрылымының бірі ретінде ұлттық
пллюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге
қол жеткізілген. Мысалы, біріншеден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындар-
дың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екінші-
ден, Қазақстанда тұратын этнос өкілдеріне өздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға
қолайлы жағдай жасалған.
Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп этносты жəне түрлі дінді ұстана-
тын қоғамда этностардың өзгешелігі мен бірігуін сақтауға негізделген этносаралық қатынастарды
қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгі қалыптастырған [10].
Этносаралық қарым-қатынас республика өмірінің барлық салаларындағы адамдар тіршілік əреке-
тінің мейлінше мəнді бір қыры болып табылады. Өзара байланыс, өзара əрекеттестік, материалдық
жəне рухани өндіріс өнімдерімен, біліммен, ақпаратпен, дағдылармен алмасушылық табиғи түрде
қарым-қатынас нəтижелігіне, қойылған мақсаттардың жүзеге асырылу дəрежесіне ықпал ететін
қарым-қатынас мəдениетімен сипатталады.
Адамзат тарихында əртүрлі халықтар арасындағы өзара қатынастар туралы мəселеден күрделі,
өткір əрі кілтипанды мəселені табу қиын. Тəжірбие көрсеткендей, біздің еліміз сияқты көпэтносты
елдегі халықтардың өзара қатынастарының əлеуметтік нормаларын бекіту аса қиын міндет болып
табылады. Жаңа қоғамның мəніне жауап беретін бірден-бір жол – халықтар достығының, республика
аясындағы əрбір ұлт, ұлыс мəдениеті дамуының, олардың түбірлі мүдделерінің ортақтығының
негізінде сол ұлттар мен ұлыстардың ерікті, тең құқылы ынтымақтастығының жолы [11].
Ұлттық мəселені шешу əрбір елде жəне барлық кезеңде мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдас
бөлігі болған, бола да береді. Қазіргі кезде саясаттанушылар ұлт мəселесін шешуде үш түрлі жолды
ұсынады. Біріншісі – өзге ұлттарды ығыстыру саясатын жүргізуі. Екіншісі – ұлттық мəселелер өзінен
өзі шешіледі деген үмітпен оған ешқандай көңіл бөлмеу; үшіншісі – қазақстандық үлгі. Ұлтаралық
келісімдерге құрылған саясат көп тер төгуді қажет етеді. Ол халықтар арасындағы келісім мен сенім-
нің ауқымын кеңейтуді көздейді. Бұл бағыттағы жұмыс көп этносты еліміз тұрғындарының конститу-
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
221
циялық-құқықтық базасын құрудан басталады. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымызда
бірқатар баптар осы мəселелерге негізделген. Мысалы, 39-баптың 2-тармағында «Ұлтаралық келісім-
ді бұзуы мүмкін кез келген іс-қимыл Конституцияға қайшы деп табылады» деп көрсетілген [12].
Біздің Конституцияда: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерінде мемлекеттілік құра отырып» деген сөздермен басталады. Қазақстанның даму барысында осы
жолдардың маңызы өте зор [13].
Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
Ел Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы
Тəуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұн-
дай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тəуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мəде-
ниет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту
мəселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын əлемдік тəжірибедегі тың бағыт болып
табылады [14]. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді басынан
кешірді. Оның дамуы барысында этносаралық толеранттылық жəне қоғамдық келісімнің қазақстан-
дық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық
құрылымы нығайып, қоғамды ұйымдастырушы əлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңыз-
ды күретамырына айналды. Бүгін Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган
болып табылады. Бұл оның ерекше мəртебесін айқындайды.
Ассамблея ұлтаралық бірлік пен келісімді сақтауға үлкен үлес қосты, осының арқасында тұтас
алғанда жиырма жыл ішінде республикадағы, облыстағы ұлтаралық қатынастар айтарлықтай нығая
түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері сессиялары шақырылып, оларда Қазақстандық
қоғамды одан əрі реформалауға, ұлттық келісімді нығайтуға байланысты маңызды мəселелер талқы-
ланды. Өткен сессиялардың қорытынды құжаттары елімізде этносаралық жəне конфессияаралық
келісімді нығайтуға, ұлттық келісімді нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Қазақстан-
ның барлық халықтарының төлтума мəдениетін сақтауға бағытталған саясат пен бастамаларды толық
қолдайды [15].
Бұл органның пайда болуы халық арасында да, этникалық азшылық арасында да қолдау тапты.
Ассамблея өз жұмысын бастағаннан кейін, этникалық азшылықтың көптеген ұлттық-мəдени орта-
лықтары алғаш рет өздерінің тілін, дəстүрлерін жаңғыртуға жəне оны мемлекеттің қолдауымен
жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тұрады.
Бірнеше жылдан кейін Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» кітабында: «Біз Қазақстан халық-
тары Ассамблеясы мысалында ұлттық қатынастардың бірегей құралын жасадық. Бүгінде дəл осындай
беделді де өкілетті ұлттық саясаттың құралы əлемнің бірде-бір елінде жоқ» [16], - деп атап өткен.
Жалпы алғанда, біздің еліміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқық-
тары мен ұлт құқықтарының парасатты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасын-
дағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау;
қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар-
дың үйлестірілуі; конструктивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық
ұлттар мен ұлыстардың əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-мəдени дамуының теңдігі мен теңес-
тірілуі. Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ
мұраттар мен құндылықтардың қалыптасуына да себепші болады.
Қорытындылай келгенде, этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық үлгісі елімізде саяси
тұрақтылық пен бейбітшілігін сақталу жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді.
Біздің елімізде алуан түрлі этникалық қауымдардың бейбіт қатар өмір сүру нысаны ретіндегі
берік, жүздеген жылдардың сынағынан өткен өркениетті дəстүрлер үнқатысуы қалыптасты.
Тəуелсіз Қазақстан этносаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше жағымды
тəжрибесін жинақтады. Бұл бағыттағы басты табыс қазақстандықтардың этникалық тиістілігіне қара-
мастан, республиканың дамуына қосқан үлесіне, ділі мен өзара түсіністігіне, рухани жақындығына
қарай отандастар деп аталу құқығына ие болғандығында. Қазақстандағы этникалық топтардың
достығы мен ынтымақтастығы феномені біреулердің субъективті рөлі емес, көп елдің тарихи тəжри-
бесімен бірге дүниеге келген.
Біз Қазақстанның оның барлық азаматтарының қай ұлтқа жататындығына қарамастан, мемлекеттік
өзін-өзі анықтауының нысаны екенін мойындауымыз керек. Бұл - ішінен ұлттық топтар өкілдерінің
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
222
барлығына орын табылатын барынша кең, ортақ үй. Мұнда біртұтас мемлекет аясында ұлттық тиісті-
лігіне қарамастан, əрбір адамның қолы жететін ортақ жəне міндетті түрде сақталатын қоғамдық
стандарттар болуға тиіс. Тек бөлісуге болатын құндылықтар, нышандар мен қабылданатын қоғамдық
тəртіп қана мемлекетті өмір сүруге қабілетті етеді.
1 амырова Г. Азаматты< <оғам институтыны этносаралы< <атынастарды Cндестірудегі ма ызы //
оғам жəне дəуір. – 2010. - №2. 81 –б.
2 Назарбаев Н.?. М@нда барлы< халы<тар те // Мирас, №2. 2010. – 23-б.
3 Р ПМ. 5-н-<., 1-т., 2566-іс, 1-п.
4 Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверинитета. – Алматы: Тарих
тағылымы, 2009. – С. 32.
5 Омарғазы Е. «Біз бір @лтты, полиэтносты мемлекетпіз» // А<и<ат, № 10. – 2013. – 25-б.
6 айыпова Б. Бірлігін са<таған елді тірлігі жарасар // Мирас, №2. 2010. – 34 -б.
7 М@<ажанова А. аза<стан хал<ыны патриотизмі – @лтаралы< <арым-<атынас мəдениетіні негізі //
А<и<ат. - №2. 2010. – 12-б.
8 Медведев Р. аза<станны жолы болды деуді əбден жAні бар//Егемен аза<стан, 14 <азан, 2006.-1-3-бб.
9 Сейдін Н.Б. Бəсекеге <абілетті елдерді <атарына <осылуды басты тетіктері мен тірегі // А<и<ат. -
№2. – 2007. – 4-б.
10 Арзы<@лов А. Т@ра<ты дамуды кілті – @лтты< бірлікте // оғам жəне дəуір. №1. 2010. – 5-б.
11 М@<ажанова А. Мəдени <@ндылы<тар жəне @лтаралы< <арым-<атынас // оғам жəне дəуір. №1. 2010. –
127-б.
12 ?лиев Ж. Таза <аза<станды< Cлгі // Егемен аза<стан, 1 наурыз, 2005. – 1-2 бб.
13 Айталы А. Конституционализм жəне @лтты< идея // Жетісу. – 2005. – 17 <араша 2-бет.
14 « аза<стан»: лтты< энциклопедия / Бас редакторы ?. Нысанбаев – Алматы: « аза< энциклопедиясы»
Бас редакциясы, 1998. 115 б.
15 ?бдікешова К. лтаралы< келісімні Cлгісі // Егемен аза<стан. – 2005. – 18 <араша. 2-бет.
16 Аяған Б.Ғ., Ауанасова ?.М., СCлейменов А.М. аза<станны жа а тарихы: т@ра<ты аза<стан. Mш
томды<. Т. 3. / т.ғ.д. профессор Б.Ғ. Аяғанны редакциясымен. – Алматы, 2012. – 320-б.
Достарыңызбен бөлісу: |