Іс түгіл, жаманойды арқалаған Жазасын түбінде бір тартады адам. Баяғы мөлдірлігін көктен іздеп,
Билікөл жатыр үнсіз шалқалаған («
Билікөл
»,
347 –
бет) немесе,
Ұмыт қалып сезімнің сағым таңы,
(Адамзаттың кешірген сан ұрпағы)...
Басқаға өзі биязы, сүйгенінің
Жанын осып, жүрегін ауыртады.
Ақиқатқа күн тумас айла қалмай,
Өмірің де қайнаған тай қазандай.
Көк темір де құрышқа айналмайды, От-жалынға өртеніп қайнап алмай. («
Қасиет көп адамда табынардай
»,
346 –
бет)
Жаңа сөз, жаңа сурет дегенiңiз осы ғой. Ал жаңа сөз, жаңа сурет ешуақытта көнермейдi. Құлазып
жатқан, меңiреу мылқау далаға бiрер жолмен-ақ жан кiргiзiп жiберген. Мұндай сөз-суреттi тек дала
стихиясын бар болмыс-бiтiмiмен, бүкiл табиғатымен барынша терең сезiне бiлген адам ғана сала алса
керек. Бұл жерде айта кетер бiр нәрсе, егер ақынның сөзбен салған суретi шикi, бояуы әлсіз болса
оқырман санасында қалмайды.
Тілдің табиғатын, оның ішкі мүмкіндіктерін, толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын автормен
бірлікте, бөліп жармай қарастыруымыз қажет. Қазіргі уақытта «ұлт топырағында тамырланып, нәр
алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере
алады. Тіл – халықтың дүние танымының, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрінің айнасы екені ақиқат» деген
зерттеуші Б.Н. Ағабекова пікірі метафраларға да байланысты дұрыс айтылған [7, 3-б.]. .
Атадан балаға мұра ретінде сабақтаса беріліп отыратын қоғамдық, табиғи құбылыстарды,
өзгерістерді әр ұрпақ өз керегінше бағалап, сұрыптап, кейбір өгерістер жасап келесі ұрпаққа
қалдырады. Мұндай болмаған жағдайда, онда адамзат тарихында даму болмаған болар еді. Қазақ
әдебиетінде сөздерді түрліше құбылту арқылы қазақ көркем сөзін биікке көтерген ақындарымыздың
бірі Фариза Оңғарсынова екендіігн жоғарыдағы мысалдардан байқаймыз.
1 Өмірбекова Ж.Қ. Дүние концептісінің танымдық сипаты (Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы негізінде) 2 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: «Жазушы», 1989. – 320 б. 3 Мазибаева Ж.О.Метафоралардың лингвотанымдық сипаты (Т. Ахметжан шығармалары негізінде) Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы филология ғылымдары, №2 - 2014 4 Сыздыкова Р. «Сөз құдіреті» Алматы, 1997 ж. 224 бет. 5 Сұлтанова Б.М., Ілияс Жансүгіров лирикаларындағы алашшылдық идея, Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы, «Филолгия ғылымдары» сериясы, №2, 2015 ж.
6 Калкабекова Д.Б. Метафорическое моделирование как способ репрезентации казахстанской действительности, Е.Бөкетов ат. Қарағанда мемлекеттік университеті, «Филология» сериясы, №3, 2009 ж 7 Ағабекова Б.Н., Жауыншиева Ж.Б.Этнолингвистиканың жаңа бағыттарын зерттеу, Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы, ««Филология ғылымдары» сериясы», №4, 2014 ж. 8 Сыбанбаева А. «Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар» Алматы 2002 ж. 165 бет 9 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: «Ан Арыс», 2006. – 312 б. 10 Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалылар, Алматы, Жазушы 1987 ж.