Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет11/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43

 
 
61
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Түйіндеме 
«ДИВАНЕ» МЮХИББИ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ КОМБИНАЦИЯЛАРЫ 
Мехди Джафарзаде Вахид қызы - филология ғылымдарының кандидаты, Әзірбайжан ғылымдар 
институты Тіл білімі im.Nasimi Ұлттық академиясы, 
vahidajafarzade@gmail.com
 
Мақалада  XVI  ғасырда  өмір  сүрген    Мюхиббидің  «Диван»  шығармасында  қолданған  етістікті 
фразеологизмдердің лексика-семантикалық компоненттерінің ерекшеліктері туралы айтылады. Нақты 
фактілер  мен  істің  негізінде  негізгі  метафоралық  мағынасы  бар  етістіктер    мен  басқа  сөздермен 
байланысу  арқылы  фразеологиялық  тіркесімдер  құрайтыны  атап  өтілді.  Сөз  тіркестері,  «диванда» 
пайдаланылған негізгі сөздің экспрессивті мүмкіндіктері тұрғысынан қазіргі заманғы Әзірбайжан тілі 
ерекшеленбейді.Сондықтан,  кейбір  фразеологизимдер  негізгі  немесе  тәуелді  бөлігі  қазіргі  заманғы 
әзірбайжан  тілінде  қолданылмайды,  қазіргі  заманғы  тілде  тиісті  фразеологизмдері  кездеспейді. 
«Диуан» Мюхиббиi пайдаланылған фразеологиясының басым көпшілігі, осындай көптегене тістіктер 
арқылы  қалыптасады;  мысалы:  әлдекімді  жая  қыдырту,  ойнау,ішу,  жылау,аттың  үстінде  тұру, 
көру,тамақ ішу, қалу, кесу, әкелу, келу, өту, ашу, шығу, ілу, т.б. 
Түйінді сөздер: фразеологиялық тіркесімдері, етістік, компонент мәні, метафора, грамматикалық 
сипаты. 
 
Summary 
Vahida Mehdi gizi Jafarzadeh – candidate of philological sciences, Institute of Linguistics National 
Academy of Sciences of Azerbaijan 
The verbal idioms in Muhibbi’s “Divan” 
The article deals with the lexical – semantic peculiarities of the verbal idioms used in “Divan” of Muhibbi 
who lived and created in the XVI century. On the basis of the concrete facts and examples it is emphasized 
that some verbs that have wide metaphorical meanings are connected with the other words and form idioms. 
The phraseological units which are used in "Divan" from the point of view of expressive opportunities of the 
main word in general don't differ from those in modern Azerbaijani. So, at some phraseological units either 
the main, or dependent part isn't used in modern Azerbaijani therefore corresponding phraseological units in 
the modern language don't meet. The vast majority of the phraseological units which are used in "Divan" of 
Muhibbi is created by means of a set of verbs, such as, to drive to walk someone; to shirk, play, drink, cry, to 
sit down astride a horse, to see, eat, eat, remain, to remain, to cut, bring, pass, pass, to open, leave, hang up, 
to hang up, etc. 
Key words: idioms, verb, component, meaning, metaphor, grammatical character. 
 
 
 
 
ӘОЖ 
81(091); 81(092) 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУ СИПАТЫ 
 
Егеубаева К. - 
Жамбыл облысы  Қордай ауданы №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі директорының оқу-
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, гуманитарлық ғылымдары магистрі 
kamshat.egeubaeva@mail.ru
 
 
Мақала тіл тарихында қолданыс тапқан сөз тіркестерінің дамуына лингвистикалық тұрғыдан бағытталған. 
Көнеден  тілдік  қолданыста  орын  алған  сөз  тіркестерінің  тіркесу  жолдары,  олардың  даму  сипатындағы 
өзгерістер мен заманына сай қолданыстар да сараланған. Сондай-ақ олардың әр кезеңдердегі ерекшеліктері, сол 
тіркестерді  қалыптастыруда  үлес  қосқан  қалам  иелері,  жыраулар,  жазушылар,  ақындар,  т.б.  шығармалары 
негізінде сипатталған.  
Мақалада тілдің даму тарихындағы сөз бен сөздің грамматикалық жағынан ұйымдасу мен тіркесімділігіне 
тарихи  даму  сипатын  ескере  отырып    талдау  жаксалынған.  Тілдің  даму  тарихын  сөздердің  синтаксистік 
қатынастағы байланысы арқылы саралауда көне дәуірдегі жазба нұсқалар тілі зерттеу нысаны ретінде алынған. 
Тілдік қатынасты жүзеге асырудың басты жүйелі элементтерінің бірі ретінде сөз тіркесі маңызды рөл атқарады.  
Кілт сөздерсөз тіркесі, образ жасау, сөздердің байланысуы, сөздердің сабақтастығы, сөз өрнектері. 
 
Тіл  тарихында  сөздердің  байланысу  тәсілдері  мен  грамматикалық  құрылымының 
қалыптасуын,  дамуын  қарастыру  өзекті  мәселелердің  бірі.  Оларды  ең  алдымен  сонау  көне 
дәуірдегі  жазба  нұсқалардағы  қолданысын  жан-жақты  зерттеу  арқылы  ғана  анықтауға  қол 
62 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
жеткізуге  болады.  Бұл  ретте  тілдің  дамуы,  оның  тарихымен  әр  кездегі  жазба  нұсқалармен 
салыстыра  қарастыру  мәселелерін  алға  тартады.  Мұндағы  негізгі  басымдық  көне  жазба 
мұралардың тілдік қолданысын қарастыру.  
Бүгінгі  тілдің  жетістіктері  мен  жаңа  бағыттарын  айқындауда  халықтың  өзінің  тарихи 
тәжірибесіне қарай құрылған маңызды әрі міндетті қызметтер атқаратын жазба нұсқалар тілін 
зерттеу  басшылыққа  алынатыны  белгілі.  Өйткені  халқымыздың  ұлттық  мәдениеті,  дәстүрі 
бойынша  өзіне  тиесілі  үлестерін  негізге  алып,  жетілдіріп,  қазіргі  қазақ  тілімен  салыстырып 
зерттеу және оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі. 
«Әрбір  сөзді  жан-жақты  тануда  оның  лексикалық,  морфологиялық  және  синтаксистік 
қасиеттері  негізгі  белгі  болумен  қатар,  оның  синтаксистік  қызметі,  оның  ішінде  тіркесу 
қабілеті,  оны  басқа  сөздерден  немесе  сөз  табынан  ерекшеленетін  белгілердің  бірі  болып 
қаралуы тиіс», - деген ғалым пікірін бұл арада толық қолдайтынымызды да ескертеміз. [1,5]. 
Адамзат  баласы  бар  жерде  сөйлеу  бар  болса,  онда  олар  бір-бірімен  түсінісіп,  ой  бөлісу,  пікір 
алмасу үшін тілдік қарым-қатынас жасайды. Мұндай қатынастар бірнеше сөздерден және сөздердің 
тіркесуімен  жүзеге  асырылады.  Себебі  адам  ойын  жеткізу  үшін  сөзді  пайдаланады.  Ал  ол  сөз 
жиынтығы сөйлемге айналады. Осы сөйлемнің белгілі бір ойды жеткізуі бірнеше сөз тіркестерінен 
құралады.  Ал  кез  келген  тілде  сөздердің  тіркесу  жолдары  тарихи  тұрғыдан  алғанда  көне  заманға 
жетелейді. Айталық, көне түркі тілдерінде кездесетін сөздер белгілі бір жүйемен өзара мағыналық әрі 
тұлғалық жағынан байланысып сөз тіркестерін жасайды. Бұл жөнінде көне түркі тілдерінде де сөздер 
қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу жолдарымен тіркеседі деген пікірлер бар [2,112]. Мысалы, 
көне  жазба  нұсқаларда  кездесетін  өзүм  қылынтым  (өзім  тәрбиелендім),  қарығ  сөктім  (қарды 
тазаладым), бенің будыным (менің халқым), турук будун (түрк халқы), т.б. осының айғағы.  
Әрине, сөз тіркестерінің құрамында кездесетін сөздер барлық уақытта тең  дәрежеде, бірдей үлгіде 
байланысады  дегенге  келмес.  Бірақ  негізгі  қағидаларын  сақтауы  қалыпты  жағдай.  Себебі  сөз  бір 
кезеңнен  екінші  кезеңге  өткенде  тілдің  дамуы  нәтижесінде  жетіліп,  толығып  отырады.  Ал  бұл 
жетістік заманына орай сөздердің де өзгеруіне, яғни жетіліп, толығуына себеп болады. Мысалы, орта 
ғасырдағы  йерлер  өпкей  (жер  сүйер),  ғақлың  кучідін  (ақылың  күшімен),  жұмла  шахлар  (барлық 
шахтар) немесе образды ойды көркемдеп беру үлгісі болған йүз чэуірман (жүзімді жасырман), назың 
фидасы (наздың құрбаны), этмэн мал үчүн мэдху сәні мэн (мал үшін сені мақтау етпеймін), болдум 
ашна мен (ғашық болдым мен), т.б.  
Бұл  жолдардың  үндестігі  кейінгі  кезеңдегі  ақындар  жырымен  жалғасып  келетінін  айқын  көруге 
болады.  Жыр  жолдарындағы  ұйқастар,  сөз  өрнегі,  образды  жасау  үлгілері  осыны  аңғартады. Тіпті, 
мұндай  сөз  өрнектерін  ақын  Абай  өлеңдерімен  ұштасқанын  да  байқаймыз.  Мысалы,  Абай 
өлеңдерінен  «Көңіл  құсы  құйқылжыр  шар  тарапқа»,  «Ескі  бише  отырмын  бос  мақалдап,  Ескі 
ақынша мал үшін тұрман зарлап» сияқты көркем де образды ой беретін сөз тізбектері мен орамдары 
үндес  келетін  жолдарды  кездестіруіміз  тіпті  кездейсоқтық  емес.  Көңіл  құсы  деген  сөз  тіркесінің 
бірдей  немесе  мал  үшін  сені  мен  мадақ  етпен  және  мал  үшін  тұрман  зарлап  болып  сөйлемнің 
құрылымдық  жағынан  өте  ұқсас  келуін  желідей  тартылған  жалғастықтың  көрінісі  деп  білу  керек 
болар дейді С.Исаев [3,83]. 
 
Кез келген тілдің көркем шығармасында айтайын деген негізгі ой образ жасау арқылы беріледі. 
Сол образдар тіл арқылы түзіледі. Мұндай тілдік қолданыс, оның ішінде сөз тіркестері, жеке сөздер, 
тіпті  сөйлемдер  өз  дәуіріндегі  тарихи,  мәдени,  әлеуметтік  әрі  экономикалық,  тіпті  материалдық 
жағдайлар  жайлы  мәліметтерді  ұсынады.  Бұл  орайда  заманының  заңғар  қалам  иелері,  жазушылар, 
ақындар, т.б. алдыңғы қатардан көрінеді. Өйткені олар өз заманына сай әлеуметтік, қоғамдық-саяси 
құбылыстарды өмірге жаңаша қатынастарды әрі жаңаша көзқарастар мен шаруашылықтың да жаңа 
түрлерін, тіпті техниканың дамуы мен қалыптасқан жетістіктерінде айтып жеткізуде шеберліктерін 
танытуға тырысады.  
Сол себепті тіл тарихында орын алған өзгерістер мен сол дәуірдегі өмірлік соңғы жаңалықтарды 
заман  талабына  лайықтап,  заман  көрінісінен  соны  тіркестерді  қалыптастыру  жоғарыда  айтылған 
қалам  иелері, жазушылар,  ақындар,  т.б.  үлесінде.  Ал  олардың  қиыннан-қиыстырып  сөз  тіркестерін 
дүниеге  келтіруі  білімділігі  мен  асқан  шеберліктерінің  көрініс  болмақ.  Айталық,  әр  заманда  заман 
талабынан  туындаған,  қажеттіліктен  пайда  болған  тіркестер  бар.  Олар  сол  сөз  еткен  кезеңдегі 
әлеуметтік,  қоғамдық-саяси  өмір  мен  әділдік,  шындық  символдарын  басты  қағида  етіп  ұстанған. 
Мұның  бірі  ретінде  өткен  ХІХ  ғасырдағы  жағдайға  орай  сол  кезеңнің  ақындары  заманның  қилы 
тағдырын  дұрыс  аңғара  білгендігін  аңғаруға  болады.  Мысалы,  Дулат  ақынның  асыл  сөз,  әділетке 
63
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
шөлдеу, көңілдің құтысы, Шортанбайдың өлеңдеріндегі зар заман, заман ақыр тіркестерін қолдануы 
осының бір куәсі.  
Сөз  етіп  отырған  ақындар  ХІХ  ғасырдың  абыз  ақындары.  Олар  әдебиет  майданында  алдыңғы 
қатардан көрінеді. Сондықтан бұл ақындар жаңа тіркестерді қалыптастырды. Ол да ХІХ ғасырдағы 
қазақ топырағында орын алған әлеуметтік, қоғамдық-саяси құбылыспен байланысты. Сондықтан сол 
ғасырдағы  өмірлік  соңғы  жаңалықтарды  ақындар  да  заман  талабына  лайықтап,  заман  көрінісінен 
алып, жоғарыда келтірген тіркестерді қалыптастырды.  
Әрине,  ХІХ  ғасыр  қилы  заман,  зарлы  заман  сондай-ақ  дүрбелеңге  толы  кезең  болғаны  олардың 
осылай  қалам  тартуына,  соны  тіркестер  арқылы  бейнелеп,  образды  жеткізуіне  де  түрткі  болғаны 
ақиқат.  Алайда  бұл  тіркестер  бір  қарағанда  сәтті  қолданылған  тіркестер  болғанымен  олардың 
арасында мағыналық байланыстың жоқтығын да көруге болады. Өйткені әділет сөзі шөлдеу сөзімен 
немесе  көңіл  сөзі  құты  сөзімен  тіркестіруі  ақын  шеберлігінің  көрінісі  деп  қабылдау  керек  шығар. 
Өйткені  кейбір  жеке  сөздердің  өзге  сөздермен  тіркесіп,  мағыналық  жағынан  өзгеше  бір  рең  беріп 
қолданыс  тапқаны,  ал  ол  тіркестердің  мағыналық  сипаты  түсінікті  де  орынды  қолданыс  сияқты 
қабылданады.  Ал  тіл  білімінде  кез  келген  сөздің  қайсы  бір  сөзбен  тіркесуі  оның  мағыналық 
сипатына  және  сол  сөздің  мағыналық  үйлесіміне  де  байланысты  екендігі  жиі  айтылады.  Ол 
жөнінде Р.Әмірдің сөз тіркесі болу үшін сөздер міндетті түрде синтаксистік қатынасты білдіріп 
тұруы  қажет  дегендігін  келтіруге  болады.  Оның  айтуы  бойынша:  Сөз  тіркесі  синтаксистік 
қызметі  жағынан  да,  лексикалық  мағынасы  жағынан  да  даралығын  жоғалтпаған  сөздерден 
құралады [4,11].
 
 
Түркі халықтары сан ғасырға жалғасқан тілінің қай дәуірде қалай қалыптасты, қандай жолдармен 
дамыды, не сақтап қала білді, нені сақтай алмады деген мәселелерді анықтау үшін ең алдымен өзінің 
тілінің бүгінгі дәрежесін, жетістігін өткен тарихымен салыстыру арқылы ғана көз жеткізе алады. Ол 
үшін  көне  жазбалар  тіліндегі  тілдік  қолданыстарға,  оның  ішінде  сөз  тіркестерінің  құрамы  мен 
құрылысына, мағыналық тіркеске түскен сөздермен байланысу тәсілдеріне ерекеше мән бергені жөн. 
Сонда  ғана  сөз  етіп  отырған  сөз  тіркестерінің  бүгінге  дейін  жетіп,  қолданыста  сол  бастапқы 
мағынасынан алшақтамағындығын көруге әбден болады.  Оның даму  сипаты  мынадай  байланыстар 
мен  жалғастылықтардан  көрінеді.  Мысалы:  Түрк  будун  үчүн  түн  үдымадым,  күнтүз  олүрмадым  – 
Түркі халқы үшін түн ұйықтамады, күндіз отырмадым (Орхон-Енисей жазбалары). Мұндағы әсерлі 
сөз  кестелері  суреттем  жасаудағы  сөз  тізбектері,  мен  сөз  тіркестері  ұтымды  әрі  ақылға  саятын  сөз 
байламдар.  Мұндай  өрнектегі  байланыстар  ескерткіштер  тілінде  жетерлік.  Алайда  мұндай 
салыстырмаларды  күні  бүгінде  кездестіруге  болады.  Ал  Қорқыт  мұраларындағы  Эски  памбыг  без 
олмас, Гары дүшмән дост олмаз – Ескі мамық бөз болмас, Кәрі (ескі) дұшпан дос болмас (Қорқыт). 
Сөз  еткен  жолдар  өсиет  пен  өнегеге  толы.  Себебі  түркі  халықтары  мақал-мәтелдерді  де  осы  ескі 
жазба ескерткіштерден алады.  
Осы орайда мынаны да айтуға тура келеді. Орта ғасырлардағы жазба нұсқалардағы сөздік құрам, 
сөйлем құрылыс, олардың мазмұны жалпы түркілік қасиеттерді сақтағандығын көрсетеді. Мысалы, 
Билиг  қадрини  хам  билиглиг  билир,  Гухар  қадрини  хам  гухар-уқ  билир  -  Білім қадірін  білімді  білер, 
Гауһар қадірін гауһаргер білер (Құтадғу біліг). Бұл кезеңдегі жазба нұсқаларды зерттеген көптеген 
ғалымдар ақыл-білімге, асыл сөзге, эстетикалық әрі дидактикалық мазмұндағы мақал-мәтелдер мен 
қанатты сөздерге толы екендігін келтіреді. Соның барысында расында, бүгінгі таңда қолданыстағы 
сөз тіркестерінің дерлік барлығын осы кезеңде кездестіруге болатындығын айтады.   
Солардың бірі ретінде соңғы зерттеулердің бірі Г.Өтегенованың есімді тіркестер жайындағы 
ғылыми  ізденісін  келтіруге  болады.  Ол  өзінің  зерттеу  жұмысында  «Қазіргі  күнде  түркі 
тілдерінде  кездесетін  сөз  тіркестерінің  барлық  түрлері  орта  ғасырлық  жазба  ескерткіштер 
тілінде  ұшырасады,  айырмашылықтары  олардың  қолданылу  жиілігінде  ғана.  Мысалы,  қазіргі 
қазақ  тілінде  изафеттің  барлық  түрі  де  қолданылады.  Нақ  осы  түрлер  «Мұқаддимат  әл-Әдаб» 
жазба  жадыхаты  тілінде  де  кездеседі.  Мысалы:  келенин  учаси  (767)  –  жануардың  белі, 
шатранжниң бисати (1048) – шахматтың тақтасы деп мысалдар келтіреді [5,8]. 
 
Расында,  бұл  кезеңдегі  кейбір  ұйқастар  мен  тіркестерді,  сөз  өрнектерін  сақтағандығын  көреміз. 
Айталық, орта ғасырдағы мынадай ұқсастықтар кейінгі дәуірдегі Асан қайғы да көрініс табады.  
 
Киши көңли түбсіз тэниз-тэг турур,  
Билиг йүнжу саны түбиндә йатур.  Құтадғу біліг.    
 
64 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,  
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.  Асан қайғы 
Бұл жайлы А.Нұрмаханов «Түркі фразеологиясы» атты еңбегінде салыстыра келтіреді [6,29].    
Мұндай  сабақтастық  кейінге  дәуірдегі  қилы  заманмен  жалғасын  тапқан  деуге  болады.  Себебі 
сөздердің  байланысуындағы  мұндай  сәйкестікті  ХІХ  ғасыр  ақындары  мен  жырауларынан 
кездестіреміз. Сөз саптауы мен сөздердің құрамы біршама өзгеріске ұшыраса да, түпкі байламынан 
алшақтамаған.  Мысалы,  Сөзіңнен  кетіп  пәтуа,  Құт-берекең  арылды  (Дулат.  Қазаққа).  Бір 
қарағанда  өзгеше  құрылымдағы  сөздердің  байланысы  болғанымен  тарихи  сипаты,  болмысы 
жалпыхалықтық  ұғымда  берілген.  Сөздердің  тіркесуі  де,  байлансуы  да  көнеден  келетінінің 
дәлелі. Ал мұндай жалғастық дәстүр Абаймен жалғасын табады. Мысалы,   
Буынсыз тілің, 
Буулы сөзің, 
Әсерлі адам ұғлына. (Абай) 
Мұнда  Абай  тілін  өз  заманы  тұрғысынан  қарастыру  әрине,  жеткіліксіз.  Себебі  оның 
қолданысында  көнеден  желі  тартқан  ескі  сөздер,  яғни  көне  түркі  сөздері  жиі  кездеседі.  Бұл 
оның  өткен  дәуірлердегі  жазба  нұсқалар  тілімен  сабақтасып  жатқандығын  көрсетеді.  Ал 
Абайдың  қазақ  әдеби  тілінің  негізін  салушы  дегенді  басшылыққа  алсақ,  онда  бүгіндегі 
қолданыстағы сөздердің сабақтастығы айқын көрінеді.   
Көріп  тұрғанымыздай  сонау  көне  дәуірден  орта  ғасырға,  ал  орта  ғасырдан  кейінгі 
ғасырларға,  олардың  жалғасы  Асан  қайғы  заманы  мен  өткен  қилы  заманмен  одан  Абай 
заманымен  жалғасып,  күні  бүгінге  дейінгі  келіп  жетті.  Барлығы  сол  қалпында  сақталды, 
мағыналық сипаты да өзгеріске ұшырамаған деуден аулақпыз. Мейлі сөз болсын, мейлі тіркес, 
тіпті сөйлемдер құрылысында да, қолданылу жиілігінде де өзгерістердің болғандығы жасырын 
емес.  Бірақ  басты  сипаты  болған  негізгі  ұстанымдар  мен  байланысу  тәсілдері  жалғастылық 
дәстүр негізінде өз болмысын сақтап келді. Ол жайында зерттеулер де, ғылыми тұжырымдар да 
жетерлік.   
Міне  осы  келтірілген  мысалдар  арқылы  түркі  тілдерінің  тарихында  алғашқы  кезден-ақ  тарихи 
және  генетикалық  бірлігі  қалыптасқанын,  оның  кейінгі  дербестену  үдерісіне  қарамастан,  жойылып 
кетпегенін,  мұның  күні  бүгінге  дейін  түркі  тілдерінде  ортақ  айтылып  келе  жатқан  сөз  тіркестері 
екенін  байқаймыз.  Бұл  құбылыс  тіл  тарихында,  түркология  саласында  фонетикалық,  лексикалық, 
фразеологиялық,  семасиологиялық,  этимологиялық,  сөзжасамдық  тұрғысынан  кеңрек  қаралады.  Ал 
біздің айтқандарымыз соның бір парасы ғана.   
Қорыта  келгенде,  түркі  тілдеріндегі  сөз  тіркестерінің  дамуы  осы  жоғарыда  айтылған  тарихи 
деректер мен келтірілген мысалдар негізінде жоғалып кетпестен күні бүгінге дейін жалғасын тауып 
келеді. Өзгеріске ұшырап, жетілген не толыққан үлгілері болуы да әбден мүмкін. Бірақ сөз тіркесін 
жасаудағы  өлшемдері  сақталған  деуге  негіз  бар.  Сондықтан  түркі  тілдеріндегі  сөз  тіркестерінің 
жасалу  жолдары  күні  бүгінге  дейін  жалғасып  келді.  Дәлірек  айтқанда,  жазба  нұсқалардағы  сөз 
тіркестерінің құрылымдық модельдері айқын, олардың жалғастық дәстүрі үзілмеген, ал бүгінгі 
қолданыстағы  қазақ  тіліндегі  сөз  тіркестерімен  сабақтастығы  айқан  көрініс  табады  деуге 
болады. 
 
1
 
1.Қасабек Қ.Қ. Етістіктің валенттілігі. Абай атындағы ҚазПУ-дың хабаршысы, «Филология 
сериясы». №3(49), 2014ж.3-9 бб. 
2
 
Айдаров Ғ., Құрышжанов А., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: 
«Мектеп», 1971. – 272 бет.  
3
 
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: «Мектеп», 1989. – 192 бет.  
4
 
Әмір Р.С.Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі.-Алматы:«Санат»,1998. -192 бет.  
5
 
Өтегенова  Г.  Орта  ғасыр  жазба  ескерткіштеріндегі  есімді  тіркестердің  жасалуы 
(«Мұқаддимат әл-Әдаб», ХІV ғасыр). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 
алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2007. – 29 бет.  
6
 
Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы.-Алматы: «Ғылым», 1998.-272 бет.  
65
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Резюме 
Егеубаева Камшат - Жамбылская обл, Кордайский р/н С/Ш №42 им Е.Кашаганова 
заместитель директора по учебно-методической работы Магистр гуманитарных наук  
kamshat.egeubaeva@mail.ru
 
Характер развития словосочитании в казахском языке 
В  статье  сосредоточено  на  развитии  истории  языка,  используемого  в  фразах.  На  древнем  языке 
используемых  фраз  и  изменений  на  пути  их  развития  сочетания  современных  приложений 
проанализированы.  А  также  их  вклад  в  развитие особенностей каждого  из  периодов  владельцы  же 
фразы пера, жырау, писатели, поэты и т.д. характеризуется на основе работ. В статье проведен анализ  
с учетом характера исторического развития языка и слова в грамматической связи. Словосочетания 
играют важную рол в реализаций языковой коммуникаций. 
В  статье  анализируется  структурные  модели  словосочетаний  и  выявляется  связь  с  природой 
словосочетаний, современной этапе развития языка.   
Ключевые слова: фразеология, создать образ, непрерывность слов, выражения 
 
Summary 
Egeubayeva Kamshat - Master of humanities Zhambyl region, Korday district 
Deputy Director of High school named after E.Kashaganov  # 42  
kamshat.egeubaeva@mail.ru
 
The character of development collocation in Kazakh language 
The article focused on the development of the language history used in sentences. Phrases and changes 
used in the ancient language are analyzedin the way of their development of modern applications 
combination. As well as their contribution to the characteristics development of each periods of the same 
phrase owners [pen, zhyrau, writers, poets, etc.] are characterized on the basis of work. 
 The article analyzes the structural model of phrases and  reveals the connection with nature phrases
modern stage of language development. 
Keywords: phraseology, creation of image, words linking, the continuity of the words, phrases 
 
 
ӘОЖ  81367 
 
СИНТАКСИСТІК СИНТАГМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДІК  
ЛИНГВИСТИКАДА ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 
 
Еркегалиева Г.А. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандығының 1-курс докторанты, 
gulnafis_yerkegaliyeva@mail.ru
 
 
Мақалада  синтаксистік  синтагма    және  оны  оқыту  мәселесі,  синтаксистік  синтагма  ілімінің  пайда  болып, 
дамып, қалыптасу тарихы сөз болады. ХХ ғасыр басында тілдің құрылымдық бағытының пайда болып, дамуы 
барысында  синтагматика  түсінігі  қоса  қалыптасып,  біраз  зерттеулердің  нысанасына  айналғандығы,  өткен  
ғасырдың  ортасына  қарай  синтагманың  практикалық  мәнінің  жоғары  екені  анықталып,  лингвистикада 
синтагматикалық  құрылым  мәселесін  жеке  дара  зерттеу  қажеттілігі  туындағаны,  сондықтан  синтагмалық 
қатынас мәселесі көптен  бері ғалымдардың назарын аударып (А.А.Потебня,  Ф.Ф.Фортунатов, И.А. Бодуэна де 
Куртенэ,  Н.В.Крушевский,  А.А.Шахматов,  С.О.Карцевский,    Л.В.Щерба,    В.  В.Виноградов),  шетелдік  және 
ресейлік  тіл  білімінде  қатар  қалыптасып,  дамығаны,  алайда  «синтагма»  терминінің  мәнін  ашуда    ғалымдар 
пікірі  сан  түрлі  екені  айтылады.  Аталған  синтаксистік  категорияның  сипатын  анықтауда  әлемдік  деңгейдегі  
лингвистердің көзқарастары  мен зерттеулері жете қарастырылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет