тұрғыдан өңдеу шарасына байланысты. Мұнда мәтінде ұсынылған әрбір образға қатысты тіл
ұстанушыға бұрыннан белгілі мәліметтер оның ұзақ мерзім жадынан шығарылып алынады және дайын
тілдік бірліктермен байланыстырылып, жүйеленеді. Бұндай ақпарат мәліметтердің көлемі тұлғаның
менталдық лексиконның ауқымына байланысты болады. Түптеп келгенде, интерпретация 1-ден, мәтінді
талдау болса, 2-ден, оны шығармашылық тұрғыдан түсіндіру. Жалпы, мәтін «халықтың тарихы, дәстүрлі,
әлеуметтік қатынастар жүйесі сақталған мәдениетінің көрінісін бейнелейтін тілдік-қоғамдық өнім»
ретінде қарастырылуда [2, 7 б.].
Ғылыми әдебиетте көркем мәтінді талдау, өңдеу әдістері түрліше сипатталады [3]. Оларды жалпы
түрде былайша топтастыруға болады.
Ақпараттық-рецептивтік әдіс, репродуктивті, проблемалы баяндау, эвристикалық және зерттеу
әдістері т.б. тұлғаның лингвомәдениеттанымдық біліктілігін қалыптастыру барысында аталған әдістердің
қай-қайсысы да маңызды роль атқарады.
1.
Ақпараттық-рецептивтік әдісті қолдану барысында оқытушы дайын ақпаратты хабарлайды
немесе ұсынады. Ал тіл үйренушілер оны саналы түрде түйсінеді және жадында сақтайды. Мұнда
оқытушы мәтін мазмұнына қатысты ерекшеліктерге арнайы тоқталып, оқушылардың немесе тіл
үйренушілердің мәдениетінде жоқ, олар үшін тың ұғым-түсініктерге арнайы тоқталып, лингвомәдени
бірліктер жөнінде мағлұматтар береді. Әсіресе лакундар теориясына қатысты қысқа да болса түсініктеме
берудің маңызы зор. Қазақ тілінің оқытушысы қазақ қоғамында орныққан ұлттық мәдениеттің ерекше
белгілері мен маңызды тұстарын тереңірек мазмұндап түсіндіргені жөн. Қазіргі уақытта белгілі бір
дәрежеде ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтар жүйесі, ұлттық мінез, ұлттық стереотиптер сияқты
ұғым-түсініктерді жан-жақты ашу керек. Осы арада қоғамда өмір сүріп отырған бірнеше ұлт өкілдерінің
жалпы адамзаттық құндылықтарға деген көзқарастарын салыстырып, студенттерге оларға қатысты баға
беруге үйрету. Мұндағы білімдерді хабарлаудың негізгі формалары ретінде сұхбаттасу, тақырыпқа
қатысты материалды өз бетімен оқуды, сондай-ақ оқытушы ұынған қосымша әдебиетпен жұмыс істеуді
айтуға болады. Бұл әдісті қолдану барысында студенттер негізінен, өз бетімен игеріп, оның ішінен өздері
маңызды деген ақпаратты бөліп алады.
2. Репродуктивтік әдіс бастапқы ақпараттық рецептивтік әдісті қолдану нәтижелеріне сүйене отырып,
өздеріне ұсынылған тапсырмаларды дербес орындауы. Бұл әдіс үйде меңгерілген оқу материалының
белгілі бір бөліктерін репродуктивті сұхбат барысында еске түсіру түрінде қолданылады. Мұнда
71
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
лакундерді бөліп көрсету және олардың орнын толтыру сияқты әрекеттерінен тұрады. Студент әрбір
лакунның лингвомәдениеттанымдық өрісте алатын орнын анықтайды.
Аталмыш әдісті қолдану барысында студенттер орындайтын түрлі жаттығулар, оларда белгілі бір
дағдыларды қалыптастырып, жетілдіруге және біліктерін дамытуға бағытталады.
3. Келесі проблемалық-баяндау әдісі негізінен студенттердің шығармашылық әрекетін ұштастыруға
және сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі – студентке көркем
мәтінде баяндалған бір жағдаятты екінші қырынан сынау, талдау және өзіндік бағасын беру
тапсырылады. Әсіресе тіл үйренушінің төл мәдениеті үшін жат деп саналатын стереотиптерді түрлендіру
тапсырмасы берілсе, тіл үйренушілер тарапынан ұсынылған жауаптар 1-ден, екі мәдениеттің арасындағы
айырмашылықтарды барынша айқын көрсететін болады, 2-ден, тәлімгердің аялық білімін толықтырып,
тереңдете түсуге пайдасын келтіреді. Мұнда оқытушы назар аударатын басты мәселе бірнеше ойтүткі
сұрақты алдын ала дайындап алып, сабақ барысында түрлендіре білуіне байланысты болады.
4.
Эвристикалық әдістің мәні тілді оқыту барысында қойылған жалпы мақсатқа жекелеген
міндеттерді біртіндеп шешу арқылы қол жеткізу болып табылады.
Атап айтқанда, көркем мәтінді сындарлы ұғыну сияқты күрделі міндетті бірнеше қарапайым міндетке
жіктеуге болады. Мұның тиімділігі қарапайым мәліметтерді меңгере отырып, жинақталатын білім қорын
тәлімгердің нақты тілдік біліктерін дамыту үшін пайдалана білу. Бұл әдіс негізінен, студенттердің
теориялық материал мен қосымша әдебиетті өз бетінше оқып меңгеруіне лайықталған. Осы әдебиеттерді
оқымас бұрын студенттерге бірнеше ойтүрткі сұрақты беріп, олардың назарын ақпаратқа аударған жөн.
Сөйтіп, мұндағы қажетті ақпаратты бөліп алу және ұғыну процесі басқарылатын әрекет болып табылады.
5. Зерттеу әдісі лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан айрықша мәнге ие. Мұнда алдын ала көрсетілген
проблемалық тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын бұрыннан бар білімдер қоры оқыту
процесінде жаңа тың мәліметтермен толықтырылады. Көркем мәтінді интерпретациялау, оған қатысты
түсініктер беру, ондағы лакундардың орнын толтыру барысында студент өз ықтиярынан тыс шағын
лингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық зерттеу жүргізуге құлықты болады. Оқыту үрдісінде дәл
осы әдісті жиі, белсенді қолдану студенттердің ойлау жүйесін жетілдіріп, оқуға деген ынтасын едәуір
арттырады. Мұнда оқытушы тіл үйренушілердің білім қорын барынша шебер, шығармашылықпен
пайдалануға түрткі болатын тапсырмалар жүйесін жасап алып, оны тәлімгерлердің орындау барысын
қадағалайды. Ал студенттер қойылған проблеманы ұғынып, оны бірнеше кезеңнен тұратын зерттеу
процесі арқылы өз беттерінше шешуге ұмтылады. Осылайша білім алу және мәдениеттерді өзара
салыстыру арқылы өз төл мәдениеті мен бөгде мәдениеттің арақатынасын түсініп, сындарлы түрде ой
елегінен өткізуге қабілетті тұлға қалыптасуы тиіс.
Стериотиптерге емес, білімдер қорына сүйенетін сындарлы ойлауға деген қабілеттілігі студенттердің
оқылып отырған тілге, әдебиетке, мәдениетке деген зерттеушілік көзқарасын қалыптастырудың басты
шарты болып табылады. Сөйтіп, біз тоқталған әдіс түрлерін өзге тілді аудиторияға қазақ тілін оқыту
барысында жүйелі түрде қолдану жоғарыда айтылып өткен лингвомәдениеттанымдық біліктілікті
қалыптастырудың кілті болып табылады. Негізгі мәселе санамаланған әдістерді белгілі бір тәртіппен
бірінен кейін бірін қолданып отыру қажеттілігінен келіп тіреледі. Демек, ең алдымен, ақпарат хабарлама
түрінде ұсынылады. Ол материалмен жұмыс істеген студент қажетті мәліметті есіне түсіріп, жадында
жаңғыртады; мәтіннің бөлініп алынған үзіктеріне қатысты проблемалық тапсырмалар беріледі; алдын ала
әзірленген ой түрткі сұрақтар арқылы студент материалдың маңызды тұстарын анықтап, қажетті
ақпаратты саралайды; одан кейін өзінде бұрыннан бар мәдени білімдер қорымен салыстыра отырып
бағалайды. Осындай ретпен ұсынылып, меңгерілетін материал біртіндеп тіл үйренушінің
лингвомәдениеттанымдық біліктілігін қалыптастырады. Осы айтылғандардың барлығын шағын
жаттығулар түрінде ұсынған жөн. Ондай жаттығулар жүйесіне қойылатын бірқатар талаптарды атап
өтуге болады:
-
түпкі мақсатқа қол жеткізуге бағдарланғандық;
-
жаттығулардың барынша тиімді, дәйекті түрді орналастырылуы;
-
тапсырмалардың біртіндеп күрделендірілуі;
-
дәрісханада орындалатын және үйге берілетін тапсырмалардың сабақтастығы;
-
осы талаптарға сай дайындалған жаттығулар жүйесі студенттердің болашақ мамандығына
қатысты кәсіби дайындығын ұштай түспек.
Енді өз тәжірибемізде анағұрлым жиі қолданылатын тапсырмалар түрлеріне тоқталайық:
1.
Мәтінді мағыналық түйсінуге бағытталатын жаттығулар.
2.
Шығарманың негізгі идеясын анықтауға арналған жаттығулар.
72
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
Жаттығудың осы екі түрін кешенді нәтижесінде ұлттық нақышта сомдалған образдарды тани білу
білігі қалыптасады. Бұл өз кезегінде студенттердің лингвистикалық біліктілігін қалыптастырады.
3.
Сөздің өзге де мағыналарын табуға арналған жаттығулар.
4.
Сол мағыналардың ішінен ең қажеттісін іріктеп алуға арналған жаттығулар.
5.
Берілген сөзді қолдануға болатын түрлі контекстерді іріктеуге бағытталған жаттығулар.
Жаттығулардың бұл 3 түрі сөздің коннотативті мағынасын анықтау білігін қалыптастырады. Бұл арада
негізінен лексикографиялық материал, атап айтқанда түсіндірме сөздік пайдаланылады. Бұл
социолингвистикалық біліктілігін қалыптастырады.
6.
Мәтінде қолданылған мәдени маркерлі лексиканы табуға арналған жаттығулар.
7.
Ұлттық маркерлі балама бірліктерді табуға бағытталған жаттығулар.
Жаттығулардың бұл екеуі арқылы мәдениеттанымдық лакундерді бөліп алу және олардың орнын
толтыру білігі қалыптасады. Бұл тұста мәдениеттану және энциклопедиялық сөздіктер пайдаланылады
және студенттердің дискурсивтік білігі қалыптасады.
8.
Реалийлерді түрлі тәсілдер арқылы жеткізуге арналған жаттығулар;
Мұндай жаттығулар лингвомәдени бірліктерді өріске енгізу және орналастыру білігін
қалыптастырады. Мұнда ассоциативтік тезаурустар қолданылады. Бұл социомәдени біліктілікті
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
9.
Көркем мәтінді түп нұсқасында оқып қабылдауға арналған жаттығулар.
10.
Мәтін үзіндісін алдын ала дайындап талдауға арналған жаттығулар.
Мұндай жаттығулар арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға қатысты кешенді біліктер
қалыптасады. Мұнда 2 немесе 3 тілді аударма сөздіктер пайдаланылады. Кәсіби біліктілігі
қалыптасады.
Біліктіліктер мазмұнын аша түсейік:
1.
Лингвистикалық біліктілік коммуникативті біліктің ең маңызды компоненті болып табылады.
Себебі барлық өзге біліктілік түрлері осы тілдік біліктілікке негізделеді. Әсіресе тәлімгерлер тіл
қолданысының социомәдени қырын түсінуде осы біліктілікке сүйенеді. Мұнда қоғам мүшелерінің
коммуникативтік мінез-құлқын көрсететін айрықша белгілерге баса мән беріледі. Сондай-ақ тіл
ұстанушылардың тарихы мен мәдениетіне қатысты білім қорының тереңдігі үлкен маңызға ие. Аталмыш
біліктілік мәдени бағытқа негізделеді. Мәдени бағыт жаңсақ пікірлердің қалыптасуына жол бермейді.
2.
Дискурсивтік біліктілік лингвистикалық біліктіліпен тығыз байланысты. Мәтінді ауызша және
жазбаша сөзжұмсамда түзу логикалық байланыстың болуы, қисындылықтың сақталуы. Мұнда
ұсынылатын көркем мәтінмен жұмыс негізінен мынадай тапсырмалардан тұрады: студенттер мәтінді
белгілі бір құрылым бойынша бөлшектейді, әр бөлікте бір мән көрінеді. Тіл үйренуші осы бөліктердің
арасын байланыстыру арқылы ондағы негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Бұл біліктілік
контрастық бағыт принципін негізге алады. Контрастық бағыт төл мәдениеті мен өзі үйреніп отырған
тілдің мәдениетін салыстыра отырып зерделеу принципі. Мысалы «13-ті чертова дюжина» деп ағылшын
тілінде оны жамандықтың белгісі ретінде қабылдаса, қазақтар «13 отау иесі», «13-те бір мүшел бітеді»
деп ол санның жақсы жағын көрсетеді.
3.
Социолингвистикалық біліктілік тілдік формаларды мәтіндегі серіктерстердің арақатынасына
орай және автордың діттеміне сай таңдай білуге жол ашады.
Социолингвистикалық біліктілік мәдениетаралық оқытудағы прагматикалық компонентті қамтиды.
Осы тұста мәдениетаралық коммуникациядағы маңызды мәселелерде қамтитын қоғамда өзін-өзі
ұстау манеріне қатысты ерекшеліктер, белгілі бір қоғамда айрықша құнды болып саналатын қасиеттер
мен соларға сәйкес түзілетін мінез-құлық модельдерін қамтитын эстетикалық және этикалық
компоненттер бой көрсетеді. Аталмыш біліктілік когнитивтік бағытты негізге алады. Когнитивті бағыт
керекті ақпаратты дұрыс тауып сындарлы түрде ой елегінен өткізу принципі.
4.
Социомәдени біліктілік студенттерде өздері тілін үйреніп, оқып жатқан халықтың тарихына,
мәдениетіне және әдебиетіне қатысты білім дер қорының болуын қажет етеді. Демек, социомәдени
біліктілік шеңберінде түрлі елдердегі негізгі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға қатысты ақпарат
мағлұматтарды қамтитын тарихи компонент ерекше маңызға ие болады. (Лингвистикалық әдебиеттерде
бұлар преценденттік феномендер дегеніміз атаумен беріледі). Бұл біліктілік пәнаралық бағытты
басшылыққа алады. Себебі тіл үйренуші қазақ тілі сабағы арқылы лингвистикалық материалдан бөлек
этнографиялық, елтанымдық және этномәдени мазмұндағы ақпаратпен де қаруланады.
73
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
5.
Стратегиялық біліктілікте негізінен аксиологиялық бағыт негізге алынады. Себебі
аксиологиялық тұрғыдан баға берушілік, болмыстағы деректерді сипаттауға емес, түсіндіре білуге, талдай
және өзіндік ой-пікірін қоса беруге бағытталады.
Лингвомәдениеттанымдық біліктілік тіл үйренушілердің сол тілде көрініс тапқан бүкіл мәдени
құндылықтар жүйесіне қатысты білім қорын жинақтайды. Сөйтіп, лингвомәдениеттанымдық біліктілік
тілдік формада болғанымен мазмұн жағынан анағұрлым тереңге кетеді. Мұндағы негізгі бірлік –
лингвокультуремалар табиғаты жағынан нақ тілдік және бейтілдік мазмұндарды қоса қамтиды. Оларға
лингвистикалық талдау жасағанда міндетті түрде когнитивтік талдау қоса жүргізіледі. Сонымен
студенттердің лингвомәдениеттанымдық білігін қалыптастыру тілді оқыту үдерісінің кешенді маңызды
бір бөлігі болып табылады. Себебі онда бірнеше салааралық білімдер қоры пайдаланылады. Осы мақсатта
ұсынылатын кешенді жаттығулар жүйесі және оған қажетті материалдарды пайдалану арқылы 1-ден, тіл
үйренушілерді өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырса, 2-ден, олардың болашақ мамандығына қатысты
кәсіби біліктілігін қалыптастыруға да жол ашады. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту арқылы болашақ болашақ
маманның кәсіби даярлығын күшейтуге үлес қосуға болады деп ойлаймыз.
1
Краткий словарь когнитивных терминов. По общей ред. Е.С.Кубряковой. М.: МГУ, 1997.
2
Зарецкая Е.Н. Риторика: теория и практика речевой коммуникации. – М., 2001.
3
Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М., 1981.
Резюме
Пути формирования лингвокультурологической образованности в процессе обучения
казахскому языку в иноязычной аудитори
Есенова К.О. – КазНПУ им. Абая, д.филол.н., профессор КазНПУ им. Абая,
e-mail:
kalbike_65@mail.ru
В статье рассматривается формирование лингвокультурологического аспекта содержания
обучения языку в вузе в рамках интеркультурного общения. В настоящее время методика обучения
казахского языка находится в постоянном развитии и совершенствовании. Истоками её
формирования служат эффективные методические поиски, новые данные лингвистики,
этнопсихологии, социо и психолингвистики, культурологии, лингвокультурологии и других смежных
наук. На этой основе совершенствуются методические системы обучения, приёмы овладения
казахским языком и казахской культурой с позиции носителей национального (казахского) языка.
Актуальность проблемы обучения казахскому языку в лингвокультурологическом аспекте
обусловлена реальными факторами. Это – развитие межкультурных контактов между странами, учёт
универсальных и специфических характеристик поведения и общения народов этих стран, важность
определения и точного обозначения культурных ценностей, которые лежат в основе
коммуникативной деятельности. Каждая языковая личность как предмет лингвистического изучения
представляет собой обобщённый образ носителя культурно-языковых и коммуникативно
деятельностных ценностей, знаний, установок и стереотипов поведения.
Ключевые слова: лингвокультурология, интерпретация, информационно-рецептивный метод,
репродуктивный метод, эвристический метод, исследовательский метод, лингвистический
компетентность, лингвокультурологическая компетентность, аксиологическое направление.
Summary
Ways of formation cultural linguistics education in learning the kazakh language in foreign
audience
Esenova K.O. - Doctor of philological sciences, professor at Abai Kazakh National Pedagogical
University, Almaty, Kazakhstan, e-mail:
kalbike_65@mail.ru
The article deals with the formation of the linguoculturological aspect of the content of the teaching
language within the scope of intercultural communication at the university. Currently, the method of
teaching Kazakh language is in constant development and improvement. Origins of its formation serve as
effective teaching sources, new data of linguistics, ethno psychology, socio- and psycholinguistics,
linguoculturological and other related sciences.
The relevance of the problem of learning the language in linguoculturological aspect is based on the real
factors. This is the development of cultural contacts between the countries, list of the complete and specific
characteristics of the behavior and communication of the peoples of those countries, the importance of
74
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
identifying and the exact unit of cultural values that belongs to the communication activities. Each linguistic
persona is the subject matter of linguistic study which represents a construct carrier of cultural and linguistic
and the communicative pragmatic values, knowledge, installations and stereotypes of behavior.
Key words: cultural linguistics, interpretation, information-receptive method, the reproductive method,
heuristic method, research method, linguistic competence, cultural linguistics competence, axiological
direction.
УДК 419.992 71:398.9
Қ. ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ
(ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ)
Ж.И. Исаева -
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, ф.ғ.к., Түркістан қ.,
Ұлттық мәдениетіміз бен ғылымымыздың көрнекті өкілі, алаш арыстарының бірі - Қ.Жұбановтың ғылыми
зерттеулеріндегі көрініс тапқан инновациялық ұстанымы, жаңа заман лингвистикасы қарастырылды.
Қ.Жұбанов қоғамдағы болашақта болатын жаңа өзгерістер және оның техникалық ақпараттандырылуы мен
даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін, білім беру саласындағы білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, орта
білімді ақпараттандыру, интернет жүйесін пайдалану, электрондық оқулықтар, қашықтықтан басқару,
инновациялық креативті білім беру т.б. міндеттері қарастырылды.
Кілт сөздер: парадигма, дамыта оқыту, сатылы оқыту, қашықтықтан немесе дистанциялық оқыту әдісі,
білім сапасын арттыру; әлемдік білім беру кеңістігіне ену, орта білімді ақпараттандыру, интернет жүйесін
пайдалану, электрондық оқулықтар, қашықтықтан басқару, инновациялық креативті білім беру т.б.
Қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен теориялық, методикалық тұрғыда қалыптасуы жолында
ұлттық филологиямыздың маңдай алды қайраткерлері нің бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың
ғылыми мұрасы уақыт өткен сайын жаңа қырынан ашылып, өз құндылығын арттыра түсуде.
Ғалымның шығармашылығы бүгінге дейін аз зерттелді деу шындыққа жанаспас, бірақ заман
талабына сай барлық ғылым атаулының түпкілікті мақсаты – ғылым үшін емес, адамзат игілі үшін
қызмет ету екендігі түбегейлі анықталған шақта Қ.Жұбановтың ғылыми-теориялық, методикалық
мұраларын зерделеу бүгінгі таңда мүлде жаңаша сипатқа, өзгеше сапаға ие болып отыр.
Ғылымның тарихы мен философиясын арнайы зерттеген Томас Кунт өзінің «Ғылыми
революциялардың құрылымы» деген әлемге әйгілі еңбегінде әр тарихи дәуірге тиесілі ғылым
атаулының негізінде ірге теуіп, әбден қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдердің, базалық ұғымдардың
өзгерісі, яғни “парадигмалардың” ауысуы – заңды құбылыс деген шешімге келген [1].
«Парадигма» латын тілінен аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Ал қазіргі педагогикада
білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының
көптеген түрлері бар. Кейбір ғалымдар білім беру парадигмаларының көптүрлілігін педагогикалық
өркениетке байланыстырады, адамзат қоғамы көптеген сатылардан: табиғи және репродуктивті-
педагогикалық өркениеттен өтіп, креативті-педагогикалық өркениетке енуде деген пікірлер айтылуда.
Бұл педагогикалық өркениет мұғалім іс-әрекетінің жаңа қырларын аша отырып, кәсіби
педагогикалық сапалары мен қызметтерін түбегейлі түрде жаңартуды талап етеді. Бұл ізденістердің
жарық жұлдызы ретінде педагогикалық парадигма, яғни адамзат қоғамының әлемдік әсер тәсілдерін
меңгеруі мен педагогикалық ой-өріс пен қарым-қатынастың онтологиялық және жеке аспектілерін
қамтитын жүйесі ретінде алға шығады
“Парадигма” ұғымының енуі Бергманның және оны терең талдау, философ Т. Кунт есімдерімен
байланысты. Т. Кунт парадигма идеясын ғылым дамуының кезеңдерін анықтауда пайдаланды.
Парадигма – ғылым дамуының негізгі өлшем бірлігі ретінде түсіндіріледі [1].
Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық
және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу
мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.
А.Е.Әбілқасымова пікірінше, қазіргі кезеңдегі «білімді адам» (білім, білік, дағдыны меңгерген)
парадигмасының «өмірлік іс-әрекеттерге дайындалған адам» парадигмасына ауысуда, яғни белсенді,
75
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
шығармашылық ой-санасы қалыптасқан,өзін-өзі дамытатын, интеллектуалдық тұрғыда өзін
жетілдіретін адамның қалыптасуы.
Қазақ топырағында дүниеге келіп, білімнің әлемдік деңгейіне қол жеткізген ғұлама ғалым
Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларынан зерттеудің негізгі әдісі ретінде көрініс тапқан парадигмалық
ұстанымның жаңа заман ғы жетекші бағытта
қолда бар лингвистикалық еңбектеріне шолу жасап,
оны бүгінгі тілтанымдағы парадигма шеңберінде оқытудың жаңа технологиялық мәселелерімен
байланыстыра арнайы зерттеуді көздедік.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан -
2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде
жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру
мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби
құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін
және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың
теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға
шығарады. Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның
шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын қалыптастыру мәселесіне
қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің бағдары ретінде қарастырылып отыр.
Қ. Жұбанов өз заманындағы педагогикалық ой – пікірден 40-50 жылдай алға кетіп, мұғалімнің
оқушыға білім беріп қана қоймай, оны тұлғалық жағына қалыптатырушы екенін де атап көрсетті. Ал
оқушыны тұлғалық жағына қалыптастыру мен дамыту қазіргі оқыту технологияларының басты
мақсаты екендігі белгілі.
Қ.Жұбанов 1936 жылы «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының алғашқы беттерінен-ақ
оқушыға ізденіс жолын нұсқайды. Материалды сатылай бере отырып, ғалым балаларды жүйелі
ойлауға төселдіреді [2.,3].
Еңбектен қазіргі жаңашыл әдіскерлеріміз кең қолданып жүрген деңгейлік тапсырмалар арқылы
дамыта оқыту әдісінің элементтерін байқауға болады. Оқулық құрылымы әр оқушының белгілі бір
деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажеттілігіне көңіл бөлген. Егер оқушы аз уақыттың ішінде көп
тапсырма орындап үлгеретін болса, ол оқушының қабілетін, белсенділігін, іскерлігін, ал ұстаздың
шеберлігін көрсетеді. Тілдік заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының
талаптарын да соғұрлым жақсы орындатады. Сөйтіп,деңгейлік тапсырмалард орындау барысында
жақсы оқитын бала зерікпейді, орташа оқушы бос отырмайды, ал нашар оқитын оқушы бос көшіре
бермейді. Бұл әдіс қазақ тілі сабақтарында өз дәрежесінде жүргізілсе, жақсы нәтиже беретінін кезінде
Қ.Жұбановтың өзі жақсы аңғарған. Оқулық беттерінен тілді оқытуда ұлттық менталитет пен
дүниетанымды ескеру қажеттілігі көрінеді. Мысалы қарыны ашып, қазанның қақпағын аша берген
баласына анасы: «Ақылды бала қазанның астын қарайды, ақылсыз бала үстіне қарайды» деген мақал
айтып, баланың алдына проблема қояды. Бұл – түйін. Түйінді түсінген бала астына от жағады,
түсінбеген бала- қақпағын аша береді. Ал анасының балаға ақылын тура айтпай, жанамалап айту
себебі – проблеманы баланың өзіне шешкізу. Олай болса қазақ тілі сабақтарында халқымыздың көп
жылдық тәжірибесі мен дүниетанымынан туған мақал-мәтелдер негізінде оқушыларды тауып
сөйлеуге баулу, бала алдына проблема қоя білу – Қ.Жұбанов оқулығының ерекшелігі.
Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның
шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр
адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.
Ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, шығыстың көрнекті
ойшылдары Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн-Сина, Қ.А.Иассауи), жаңару
кезеңінің ағартушылары (Я.А.Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег т.б.),
орыс педагогтары (К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б.), қазақтың ағартушылары
(Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) еңбектерінде адамның дара мүмкіндіктерін ашу, ішкі рухани күштерін
дамыту мәселелеріне ерекше мән берілгені анықталды. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр
әл-Фараби “Бақытқа жол сілтеу” атты трактатында адамның бақытқа жетудегі бірден бір жолы –
адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы, логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесіндегі
шығармашылық ізденістері деген тұжырымдары зерттеліп отырған мәселенің әрқашанда, әр заман
талабына сай туындап отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз процесс екендігінің дәлелі. Демек,
76
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
шығармашылық – үздіксіз және адамзат баласын прогрессивті түрде ілгері қарай жетелейтін үрдіс.
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі инновациялық-дидактикалық әрекеттің құндылық
бағдары, өзегі ретінде танылуы – оқушылардың шығармашылық іс-әрекет мәнін терең ұғынып,
танымдық қызығушылықтарына сай, рухани, интеллектуалдық жетілуі іске асып, жан-жақты дамыған
шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туындайды.
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көз
қарас пайда болуымен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келді. Дамыта оқу жүйесі
енгізілді. Оның негізгі шарты оқушының ақыл ойын тәрбиелеу, баланы өмірге үңілдіру, оны өз
бетімен білімін толықтыра алатын дәрежеге жеткізу. Бұл термин ғалымның еңбектерінде де
кездеседі, бұл сөзге үлкен мән берілген.
Л.В.Занков өзінің жүйесінне негіз болатын дидактикалық ұстаным көрсетеді:
1.
жоғары қиындықта оқыту;
2.
теориялық білімнің жетекші рөлі;
3.
оқу материалын жылдам қарқынмен игеру;
4.
оқушылардың оқу үрдісін саналы түрде меңгеруі.
Бұл жүйенің негізгі мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін
қалыптастыру, өздігінен ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру.
Дамыта оқыту жүйесінің ұстанымы бойынша оқушыларға қазақ тілінде меңгерткен білімді,
фразалық тіркестерді, мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді және т.б. жаттанды түрде меңгертпей,
күнделікті өмірде өз орнында қолдана білуге, айтар ойларын анық жеткізе білуге дағдыландыру.
Жалпы оқыту технологиялары оқу процесінде жеке дара қолданылмайды. Олар бір сабақта бір-
бірімен тоғыса келе, жымдасып қолданылуы мүмкін.
Сатылы оқыту – бұрында бар, Қ.Жұбанов оны қазақ тілінің заңдылықтарына қарай «Сөз
бөлшектері жаңа термин, сөз құрамы» бірден ауыр материалдарға салмай, жеңілден бастауға, қиын
деген түсінікті бөліп, бүтіндеп, сатылап түсіндіруге мүмкіндік береді. «Сөз ауызекіде сөйленеді,
қағазға да жазылады. Жазылған түгел бір кітап болуы, тіпті бір ғана әріп болуы да мүмкін. Осы
сияқты ауызекі сөйлегенде сөзде ұзақ бір әңгіме, тұтас бір баяндама болуы да немесе бір-ақ ауыз сөз
болып не бір нәрсенің ғана аты, тіпті бір ғана дыбыс болуы да мүмкін. Осылардың бәрі де сөз
бөлшектері болады.» дейді ғалым.
Қ.Жұбанов мектеп мұғалімдеріне көмек көрсетуді екі түрлі жолмен жүзеге асыру қажет деген, бірі
–
тікелей мектепке келіп көмектесу, екіншісі – хат- хабар арқылы көмектесу немесе аулақтан оқыту.
Аулақтан оқыту/ қашықтықтан немесе дистанциялық оқыту әдісі қазіргі заман талабы. Ғұлама ғалым
ертеңгі күнді алдын-ала болжаған.
Елімізде білім беру жүйесінде жаңа серпін еніп, әлемдік білім кеңістігіне бағдар алып жатқан
кезеңде, оқушының шығармашылық қызығушылығын дамытуда дистанциялық оқыту мәселесінің
маңыздылығы жоғары екендігі сөзсіз.
Дистанциялық оқытудың маңыздылығы – жеке тұлғаның дамуын ілгерілетіп, оның
қызығушылықтары арқылы шығармашылық ізденіске жетелеу, сондай-ақ оқыту курсының оңтайлы
нұсқасын таңдап, оны меңгеру деңгейін арттыру. Мұғалім дистанциялық оқытуда оқу ақпаратын
тиімді пайдалана отырып, үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс істеуге және озат
оқушылармен қызықты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Оқушы үйреншікті өмір
жағдайын өзгертпей-ақ, өзіне оңтайлы уақытта және ыңғайлы жерде білімді игереді, пәнді
қалағанынша меңгеруге мүмкіндігі болады, әрі көп шығынды талап етпейді.
Дистанциялық оқытудың мынандай түрлері бар:
–
Педагогикалық кадрлардың білім дәрежесін көтеру және сырттай оқыту жүйесін ұйымдастыру;
–
әртүрлі мектептердегі, аймақтардағы әр алуан елдердегі ғылыми және оқу орталықтарының
оқушыларын,мұғалімдерін,студенттерін жан – жақты біріккен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
–
Білімді өз бетінше меңгеруге көмектеседі.
Қашықтықтан (дистанциялық) оқытудың негізгі жалпылау технологиялық құрамы үш бөліктен: 1-
кейс технологиясы (оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады);
2 -
интернет технологиясы (презентациялар түрінде лекциялар мен сабақтар өткізіледі);
3-
телекоммуникациялық технологиялардан (телевизиялық технология тікелей эфирде лекция
оқумен өткізіледі және мультимедия технологиясы бағдарламаны оқытатын электронды оқулықтар
жасайды) тұрады.
77
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Кейс технология (ағылшынша case - жинақ) өз бетінше дербес ізденуге оқу - әдістемелік
кешендердің арнайы жинағы түріндегі ақпараттық білім беру көздерін қамтамасыз ету. Бұл
технология дистанциялық оқытуда алғашқы болып қолданылды.
Телекоммуникациялық технология – ғарыштық спутник құралдары арқылы мәліметтер мен
телехабар, сондай-ақ ақпараттық білім ресурстарын сандық кітапхана, видеолекция т.б. оқыту
құралдары негізіндегі дистанциялық оқыту технологиясы болып табылады. Бүгінгі күні CD–
ROM дискісіндегі ақпараттарды түрлі телекоммуникациялық құралдар арқылы кез-келген
тұтынушыға жеткізуге болады.
Интернет – технология. Дистанциялық оқытуда интернет технология Интернет ақпараттық
жүйесіне қосылу нәтижесінде мүмкін болады. Интернет жүйесі арқылы оқушы дистанттық
мұғаліммен (тьютор) өзара байланысқа түседі. Бұл қарым-қатынас синхронды түрде жүзеге асуы
мүмкін сол мезеттегі уақыт режимінде (онлайн), немесе асинхронды, басқа уақытқа қалдыру
(офлайн) арқылы ақпараттың үлкен көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.
Сонымен, зерттеу жұмысында аталған өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, нәтижелері
тәжірибе жүзінде тексеруді талап етті.
Жалпы орта білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың
басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды: жоғары сынып оқушыларының
шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда пән сабақтарының дидактикалық мүмкіндіктерін;
оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығының қалыптасуына әсер етіші
факторлар мен дидактикалық шарттарын; оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық
деңгейлерін; жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың
мазмұнын, әдістемелік бағыттарын; шығармашылық оқыту технологияларының мәні мен маңызын
анықтау[4,5,6].
Қашықтан оқыту – тыңдаушылар негізінен кеңістікте оқытушыдан немесе уақыт бойына
алыстатылуын жиі және біржола сипаттайтын «оқу» түсініктемесі мен оның әдістеріне стандартты
емес тәсіл жағынан келуі, қазіргі таңдағы білім беруді дамытудың жаңа кезеңі.
Дәстүрлі оқытудың түрлері қазіргі заманға жаңа ақпараттық технологиялар мен коммуникация
құралдарын қолдануға аз бағытталған десек те, компьютер мен техникалардың аса жоғары
жылдамдықпен дамуы және оның оның артықшылығы оқу үрдісінде жан – жақты пайдалануға
мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қашықтан оқыту Қазақстан Респиубликасының кәсіптік лицейлерінде, ЖОО-да,
мектептерінде мамандар даярлауда интернет сетінің базасын пайдалану немесе әр түрлі
технологияларды қолдану – бірден-бір перспективалы оқытудың түрі болып табылады. Мектепте
қашықтан оқыту телекоммуникациялық жүйе және қазіргі компьютерлік құралдарға негізделген жаңа
педагогикалық әдістер мен технологияларды жасау,оқыту процесін жетілдіру және дамыту, білім
беру қызметін көрсету көлемін ұлғайту мен өрісін кеңейту үшін қажет.
Қ.Жұбанов өз заманындағы педагогикалық ой пікірден шамамен 40-50 жылдай озық етіп, әрбір
пәннің тек білім ғана беріп қоймайтынын, сонымен қатар тәрбие де бере алатынын, оның үшін,ең
алдымен оқушының ақыл-ойын тәрбиелеу керектігіне баса назар аударған [4,5,6].
Сонымен қатар Қ.Жұбанов қоғамдағы болашақта болатын жаңа өзгерістер және оның техникалық
ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі
өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, білім беру саласына төмендегідей міндеттерді
қойытындығын алдын ала болжаған деген тұжырымға келеміз:
–
Білім сапасын арттыру; Әлемдік білім беру кеңістігіне ену; Орта білімді ақпараттандыру;
Интернет жүйесін пайдалану; Электрондық оқулықтар; Қашықтықтан басқару.
Бүгінгі күні өткеннің қателіктері неден тұратындығын біліп қою жеткіліксіз. Маңыздырағы -
қандай бағыттарда ілгерілетуді ұғыну мен түсіну. Осындай бағыттардың бірі психологиялық-
педагогикалық білімдердің берік ағынын тірек еткен, ХХІ ғасыр білімі деп батыл санауға болатын
инновациялық креативті білім беру болып табылады.
Т.С.Дәрібаева «Жоғары оқу орындарында фразеологизмдерді оқыту» атты мақаласында жоғары
білім беру жүйесіне енген оқытудың кредиттік технологиялры бойынша әр студентті жеке тұлға
ретінде қалыптастыруда, коммуникативтік біліктілікті дамытуда қазақ тіліндегі фразеологизмдерді
оқыту әдісінің мақсаты – студенттердің коммуникативтік біліктерін шыңдау, жетілдіру екендігіне
тоқталған. Фразеологизмдерді оқыту кезінде әр түрлі жаттығулар жүйесін ұсынған: ізденімдікғ, тіл
78
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
дамыту тапсырмалары, сөйлем құрастыруға арналған жаттығулар, керекті фразеологизмдерді табуды
талап ететін жаттығулар, фразеологизмдерді қатыстырып эссе дайындауғ фразеологизмдерді
сипаттама жасауға т.б. назар аударған [7 б.].
Инновациялық креативті білім беру – қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық қызметі
сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс.
Ұлттық мәдениетіміз бен ғылымымыздың көрнекті өкілі, алаш арыстарының бірі – Қ.Жұбановтың
ғылыми зерттеулеріндегі көрініс тапқан инновациялық ұстаным – жаңа заман лингвистикасы үшін
жетекші бағытқа айналған антропологиялық парадигмамен өзектес.
Достарыңызбен бөлісу: |