Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет12/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43

Кілт сөздер: тіркесімділік, синтагма, синтагмалық қатынас, синтаксистік синтагма, сөйлеу әрекеті, сөйлесім 
бірлігі 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  «Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге 
қабілетті  білімді  меңгерген,  ой-өрісі  дамыған  ғана  емес,  жоғары  азаматтық  және  адамгершілік 
ұстанымы,  отансүйгіштік  сезімі  мен  әлеуметтік  жауапкершілігі  қалыптасқан  зияткер  ұлтты 
қалыптастыру болып табылады», - делінген [1]. Бұл міндетті басты ұстанымға алған отандық жоғары  
білім  беру  жүйесінен  әлем  дамуындағы  саяси-экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  өзгермелі 
қоғамға бейімделіп,  білім кеңістігінде жаһандық озық білім беру үлгілерін оқу үдерісіне тиімді енгізе 
66 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
білу талап етіледі. Болонья процесінің идеяларын толығымен қабылдаған жоғары мектеп жүйесі білім 
игеру  процесінің  нәтижеге  бағытталуын,  нәтижені  білім  беру  жүйесінің  негізгі  қызметіне 
айналдыруды  мақсат  етіп  отыр.  Осы  орайда  тіл  білімінің  түрлі  салалары  мен  оқыту  әдістемесі 
бойынша  ізденіс  жұмыстары  жүргізіліп,  жан-жақты  зерттелуде.  Солардың  бірі  -  біздің  зерттеу 
нысанымыз  болып  отырған  синтаксистік  синтагма    және  оны  оқыту  мәселесі.  Жалпы  синтаксистік 
синтагманы  оқытудың  маңыздылығы  неде  деген  мәселеге  келмес  бұрын,  синтаксистік  синтагма 
ілімінің пайда болып, дамып, қалыптасу тарихына көз жүгірткен жөн. 
 
«Синтагма» термині орыс тіл білімінде  XVI ғасырда пайда болған. М.Смотрицкийдің 1612-1619 
жылдары жазылған «Грамматика словенска, правильнее синтагма» атты еңбегінде  бұл термин алғаш 
рет қолданылды[2]. Кейін бұл термин сөз тіркесі, сөйлем деген атаулармен алмастырылады. Тек  үш 
ғасырдан  кейін  атақты  ғалым    И.А.Бодуэн  де  Куртенэ  аталмыш  терминді  ғылымға  қайта  енгізген.
 
Ғалым белгілі бір мағынасы бар, жеке тұрған сөзді – «лексема» деп атап, ал  сөйлемнің құрамында 
тіркесіп  келген  сөздерді  –  «синтагма»,  яғни  сөйлеу  әрекетінің  бірлігі  деп  түсіндірген.  Алайда 
«синтагма» термині ғылыми айналымға толықтай ене қоймаған. 
Аталған  синтаксистік  категорияның  сипатын  анықтауда  әлемдік  деңгейдегі    лингвистердің 
көзқарастары  бірізді емес екені аңғарылады.  
ХХ  ғасыр  басында  тілдің  құрылымдық  (структурализм)  бағытының  пайда  болып,  дамуы 
барысында  синтагматика  түсінігі  қоса қалыптасып,  біраз  зерттеулердің нысанасына айналған.  Ал 
өткен  ғасырдың  ортасына  қарай  синтагманың  практикалық  мәнінің  жоғары  екені  анықталып, 
лингвистикада  синтагматикалық  құрылым  мәселесін  жеке  дара  зерттеу  қажеттілігі  туындаған. 
Сондықтан синтагмалық қатынас мәселесі көптен  бері ғалымдардың назарын аударып (А.А.Потебня,  
Ф.Ф. Фортунатов,  И.А. Бодуэна де Куртенэ,  Н.В. Крушевский,  А.А. Шахматов,  С.О. Карцевский,  
Л.В. Щерба,  В. В. Виноградов), бұл теория шетелдік және ресейлік тіл білімінде қатар қалыптасып, 
дамығаны байқалады. Бірақ  «синтагма» терминінің мәнін ашуда  ғалымдар пікірі сан түрлі. Мәселен, 
тіл бірліктерінің парадигмалық және синтагматикалық қатынастары туралы  идеяның негізін қалаған  
Ф. де Соссюр:  «...слова  в  речи,  образуя  цепь,  вступает  между  собою  в  отношения,  основанные  на 
линейном  характере  языка,  исключающем  возможность  произнесения  двух  элементов  сразу.  Эти 
элементы  выстраиваются  один  за  другим  в  речевой  цепи.  Такие  сочетания,  опирающиеся  на 
протяженность,  могут  быть  названы  синтагмами»,  -  деп  тұжырымдайды  [3,121].  Ал  Ф.  де  Соссюр 
зерттеулерін жалғастырушы швейцариялық  лингвист С. И. Карцевскийдің 1928 жылы жарық көрген  
«Повторительный  курс  русского  языка»  еңбегінде  синтагманың  анықтауыштық,  толықтауыштық, 
пысықтауыштық және предикаттық сияқты төрт типі бар деп көрсетіледі [4]. 
Синтагма теориясы кейіннен  батысеуропалық және америкалық лингвистер Ш. Балли,  Л. Теньер, 
Р.Якобсон,    А.  Мартине,  М.  Мамудяна,  Э.Бенвенист  еңбектерінде  қарастырылған[5].  Әдетте, 
шетелдік  лингвистикада  синтагма  кез  келген  екі  сөздің  байланысы  деп  түсіндіріледі.  ХХ  ғасыр 
басындағы  батысеуропалық  синтагма  теориясының  басты  ерекшелігі  ретінде  сөйлем  синтагма 
болмайды,  себебі  синтагма  -  тілдің  дайын  элементі,  ал  сөйлем  сөйлеу  барысында  жасалады  деген 
пікірді айтуға болады.  
Француз  тілінде  синтагматика  немесе  функционалды  синтаксис  (А.Мартине),  құрылымдық 
синтаксис  (Л.Теньер),  неміс  тіліндегі  валенттілік  теориясы  (И. Эрбен,  Г. Бринкман,  Л. Вайсгербер, 
Г. Хельбиг, К.Е. Зоммерфельдт, Х. Шрайбер) қалыптасқан.
 
Бұл синтагматиканың дамуы барысында 
синтагманың  тіркесімділік,  бинарлылық,  бірліктердің  өзара  интеграцияға  қабілеттілігі  сияқты 
ерекшеліктері  анықталып,  тіркесімділік  мәселесі  батыс  лингвистикалық  мектептерінің  барлығында 
дерлік қарастырылған деуге негіз болады.  
Ресей  тіл  білімінде  тіркесімділік  теориясы  1930  жылдары  синтагматика  бойынша  жарық  көрген  
Л.В. Щербаның  ғылыми  еңбектерінен    бастау  алады.  Академик  Л.В.  Щерба  1928  жылы  жарыққа 
шыққан  «О  частях  речи  в  русском  языке»  атты  мақаласында  қолданысқа  толық  енбеген  аталмыш 
терминге  қайта  оралып,  біраз  түсініктер  берген.  Ол  сөйлеу  әрекеті  жекелеген  сөздерден  емес, 
қарапайым  сөйлеу  әрекетінің  бірліктерінен  –  синтагмадан    тұрады  деп  тұжырымдайды[6].  
Л.В.Щербаның  пікірінше,  сөз  -  синтагманың  компоненті  ғана,  сөйлеу  әрекеті  кезінде  сөз 
тіркесімділік қасиетке ие болып, синтагманың құрамында ғана келеді. Сөйлеу әрекетінің бөлшектеуге 
келетін ең қысқа бөлігі синтагма болса, сөз -  белгілі бір мағынасы бар тілдік бірлік. Сөйтіп, ғалым 
сөз бен синтагманың аражігін осылай ажыратып көрсеткен. Бірақ ғалымның әртүрлі еңбектеріндегі 
жекелеген  пікірлерін  қоспағанда,  1943  жылы  Мәскеу  шет  тілдер  институтында  семинарда  оқыған 
«Синтагма туралы» атты баяндамасынан басқа синтагма туралы ешқандай арнайы зерттеулері жоқ. 
67
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Сондай-ақ,    Л.В.Щерба  синтагма  мен  сөз  тіркесін  де  екі  түрлі  тілдік  элемент  деп  санайды. 
Синтагманы  сөйлеу  әрекетінің  категориясы  десе,  ал  сөз  тіркесі  атауыштық  мағынаға  ие  болатын 
сөздердің  тіркесі  ғана  деп  көрсетеді.  Ауызша  да,  жазбаша  да  мәтінде  берілген  ойды  дұрыс  түсіну 
үшін оның құрамындағы сөз тіркестерін емес, синтагманы ажырата білу маңызды екенін айтады.   
Синтагма  теориясын  тереңдеткен  ғалымдар  ретінде  В.В. Виноградов,  А.А. Реформатский, 
А.А. Холодович,  Г.Р. Тукумцев,  Е.В. Кротевич    және  т.б.  атауға  болады.  В.В.Виноградов 
Л.В.Щербаның  сөз  тіркесі  мен  синтагманың  аражігін  толық  ашып  көрсетпегенін  айтады  [7,  500]. 
Ғалым  өзінің  1950  жылы  жарық  көрген    «Понятие  синтагмы  в  синтаксисе  русского  языка»  атты 
мақаласында  синтагматика  мәселесінің  шешімін  табу  қажеттілігін  арнайы  мәселе  етіп  көтерген. 
Алайда бұл екі терминнің айырмасы бүгінгі лингвистикада да әлі күнге нақтыланбай отыр. Көптеген 
ғалымдардың  сөз  тіркесі  мен  синтагманы  синоним  ретінде  қарастыруы  мәселенің  өзекті  екенін, 
жалпы лингвистикада арнайы зерттелмеген тың мәселе екенінінің тағы бір дәлелі болады. 
Қазіргі  таңда  синтагматика  мәселесі  түрлі  қырынан  зерттелуде:  жалпы  синтагматика  теориясы 
(О.С. Ахманова,  С.Г. Тер-Минасова),  синтаксистік  синтагма  (В.В. Виноградов,  В.В. Бурлакова, 
Н.Ю. Шведова,  Г.А. Золотова,  Н.А. Слюсарева,  Д.Н. Шмелёв),  семантикалық  синтагма 
(Ю.Д. Апресян,  В.Г.  Гак,  Н.Н. Леонтьева),  лексикалық  синтагма  (И.А. Мельчук,  Л.Н. Иорданская, 
А.К. Жолковский, А. А. Уфимцева). 
Бүгінгі Ресей тіл білімінде аталмыш мәселені жеке қарастырып, зерттеп жүрген ғалымдар ретінде 
М.В.  Влавацкая  мен    Е.В.  Филатованы  атауға  болады.  М.В.Влавацкаяның  «Комбинаторная 
лингвистика:  функции  сочетаемости  слов»,  «Языковые  категории  и  единицы:  синтагматический 
аспект»,  Е.  В.  Филатованың  «Межсинтагматическая  связи  в  структуре  предложения»  т.б.  көптеген 
ғылыми  мақалалары  жарық  көріп,  нәтижесінде  синтаксистік  синтагма  сөйлеу  әрекетін  жүзеге 
асырудағы  тілдік  бірліктердің  лингвистикалық    ерекшеліктерін  қарастыратын  ілім  ретінде  ғылыми 
айналымға  ене  бастады.  Бірнеше  ғасыр  бойы  синтагматика  бойынша  жинақталған  осындай 
теориялық  және  практикалық  материалдар  бүгінгі  лингвистикада  тіркесімділік  теориясының 
қалыптасуына негіз болды.  
ХХ  ғасыр  бойына  біраз  зерттелген  тіркесімділік  теориясы  тілдік  бірліктердің  қатынасын 
қарастыратын  сала  ретінде  бөліне  бастағанымен,  лингвистикадағы  ғылыми  парадигманың  ауысып, 
тіл  білімінде  когнитивтік,  лингвомәдениеттанымдық,  психолингвистикалық,  антропоөзектілік 
бағыттардың  дамуына    байланысты  синтагматика  мәселесіне  қызығушылық  күрт  төмендегені  де 
жасырын  емес.  Алайда  бүгінгі  таңда  сөйлеу  мәдениетін,  тілдік  нормаларды  меңгеру  қажеттілігі 
артқан  сайын  лингвистикадағы  синтагматика  мәселесінің  де  өзектілігі  артып  келеді.  Тілдік 
бірліктердің  синтагматикалық  қатынасын  зерттейтін  тіл  білімінің  жаңа  теориялық  бағыты 
комбинаторлық  лингвистика  қалыптаса  бастады.  Бұл  бағыт  тілдік  бірліктердің  тіркесімділігін  ғана 
емес,  тіркесімнің  не  екендігін,  семантика  мен  тіркесімділіктің  арақатынасын,  синтагматикалық 
ерекшеліктерін  де  зерттейді.  Алайда  тілдік  бірліктердің  синтагматикалық қасиетін  лингвистикалық 
тұрғыдан зерттеу әлі де ғылыми бағытқа түспегенінің бір көрінісі – аталған мәселе бойынша пікір 
қайшылықтарының  көптеп  кездесуі.  Мәселен,  тіркесімділікті  сөздің  басқа  сөздермен  байланысу 
қабілеті  (К.Е. Зоммерфельдт,  Х. Шрайбер),  сөздердің  абсолютті  және  шартты,  тұрақты  және  еркін  
тіркесімділігі(Н.З.Котелова), морфемалар мен сөздердің үйлесімі (О.С. Ахманова, С.Г.Тер-Минасова) 
деп  әртүрлі  түсіндіріп  жүр.  Оған  қоса,  терминді  қолдануда  да  пікір  қайшылықтары  жоқ  емес: 
«синтагматика», «тіркесімділік», «валенттілік» т.б.  
Қазақ тілінің әмбебап сөздігінде «Синтагма – сөйлеу кезінде бірінен кейін бірі тізбектеліп келетін 
ең  аз  дегенде  екі  тілдік  элементтің  кірігу  құбылысы.  Ғалымдардың  бір  тобы  сөйлеу  әрекеті 
ритмикалық-интонациялық бірлікті, сөйлеу тактісін синтагма деп санайды» - деп түсініндіріледі[8]. 
Қазақ  тіл  білімінде  синтагма  мәселесін  арнайы  зерттеген  ғылыми  еңбек  болмаса  да,  ғалымдардың 
зерттеулерінде  бұл  мәселеге  қатысты  құнды  пікірлер  баршылық.    Бұл  орайда  А.Байтұрсынұлының 
«Тіл-құрал»  еңбегінде  сөз  болатын  сөйлем  жүйесі  мен  түрлерін  оқи  отырып,  айтылған  пікірлер 
сөйлесім  әрекетіне  қатысты  деуге  болады.  Сөйлей  білудің,  сөйленген  сөздің  түсінікті  болуының 
шарты  –  сөздерді  дұрыс  құрастыру,  дұрыс  тіркестіру  екенін  ғалым  былай  тұжырымдайды: 
«...айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сондықтан 
сөйлемнің жаны – сөздердің басы мағыналы боп құралуы»[9, 264]. Бұдан түйгеніміз – сөйлеу әрекеті 
кезінде  сөйлемді  дұрыс  айта  білу  керек,  ал  сөйлемді  дұрыс  айту  деген  сөз  –  сөздерді  дұрыс 
қиюластырып құрастыра білу керек,  ол үшін оның заңдылығын білмек керек.  Бұл турасында тілші: 
68 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
«...сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру, сөйлемдерді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан 
шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар, қысқасын айтқанда өз алдына білерлік толып жатқан білімдер 
бар», - дейді [10,265]. Тілші-ғалым айтып кеткен «толып жатқан білімдерді» зерттеу бүгінгі күннің 
еншісінде  екені  ақиқат.  Сөйлегенде  сөздің  қисынын  келтіру  қажеттілігі    туралы:«...қай  сөз  қандай 
орында  қалай  өзгеріп,  қалайша  біріне-бірі  қиындасып,  жалғасатын  дағдысын  білу  керек»,  -  дей 
отырып,  сөйлеу  әрекетінің  күрделі  екендігін  айтады[11,141].  Ал  «Әдебиет  танытқышта»  осымен 
сабақтас мынадай ой түйеді: «Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол 
өз  ойын  өзгелер  қиналмай  түсінетін  қылып  айтуы  керек»[12,  36].  Демек,  тілді  дұрыс  қолданудың 
шарты  –  айтайын  деген  ойға  сәйкес  сөздерді  таңдай  білу,  оны  сөйлем  ішінде  орын-орнына  дұрыс 
қойып, сөйлеу кезінде дұрыс тіркестіріп дыбыстау. Осы қиюласа тіркескен сөздердің айтар ойға еш 
көлеңке түсірмей жарыққа шығуы – сөйлесімнің бірлігі болып саналатын  синтагма десек болады.  
Валенттілік  және  тіркесімділік  ұғымдары  жайында  ғалым  Қ.Қасабектің:  «Сөздер  нақтылы  бір 
сөйлеу үстінде немесе сөйлем ішінде басқа сөздермен тіркесе қолданылатынын, яғни, қазіргі таңда 
тіл  бірліктерінің  басқа  бір  тіл  бірліктерімен  тіркесу  заңдылықтарын  валенттілік  теориясы 
қарастырады.  Валенттіліктің  негізгі  қызметі  лексикологияны,  синтаксисті  және  лексика  мен 
семантиканы бір нүктеде қиыстыру болып табылады. Жалпы қазақ тіл білімінде де валенттілік ұғымы 
кең  мағынада  қолданылып,  сөздердің  басқа  сөздермен  тіркесі  немесе  үйлесімділігі  ретінде 
танылады»[13,3] - деген тұжырымымен де келісеміз. 
Алайда  сөйлеу  әрекетінің  теориясы  мен  практикасына  арналған  аса  маңызды  ілім  ретінде 
танылғанына  қарамастан,    синтаксистік  синтагмада  қарастырылатын  іргелі  мәселелер  күні  бүгінге 
дейін шешімін таппай келеді. Атап айтқанда, ауызша сөйлеу әрекеті болсын,  жазбаша сөйлеу әрекеті 
болсын, оның синтагмалық негізін анықтау -  өзекті мәселе. Тіл білімінде, әсіресе, қазақ тіл білімінде 
синтагматикалық аспект әлі күнге өзінің терминологиялық аппараты, сөздігі мен анықтамалығы бар 
жеке лингвистикалық бағыт ретінде қалыптасқан жоқ.  
Аталған  мәселелердің  қордалануы  қазақ  тіл  білімінде  синтагматика  теориясының  арнайы 
зерттеуді қажет ететіндігіне дәлел бола алады деп ойлаймыз. 
Синтагма,  синтаксистік  синтагма  мәселесін  қазақ  тіл  білімі  аясында  зерделеу  және  білім 
саласында оны оқытудың маңызы мен тиімді жолдарын көрсету тіл білімінің күн тәртібіндегі кезек 
күттірмейтін  тың  мәселесі  екені  анық.  Өйткені  өзгермелі  қоғамдағы  кез-келген  жағдаятта  қарым-
қатынасқа  бейім,  оңтайлы  шешім  қабылдай  білетін,  бәсекеге  қабілетті,  сөйлеу  мәдениетінің 
негіздерін  жетік  меңгерген  тұлға  қалыптастыру  барысында  ғылымдағы  жаңалықтарды  озық 
технологиялар  арқылы    меңгерте  отырып,    оны  тәжірибе  жүзінде  қолдана  білуге  дағдыландыру  - 
бүгінгі білім берудегі  басты ұстанымдардың бірі. 
 
1   
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен 
бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік     бағдарламасы.                                                                      

Кузнецов П.С. У истоков русской грамматической мысли // М., 1958. 

Ф.де Соссюр. Курс общей лингвистики // М., 2004. 
4 Карцевский С.И. Повторительный курс русского языка // М., 1928. 
5 Лингвистика ХХ века: система и структура языка // М., 2004. 

Виноградов  В.В.  Общелингвистические  и  грамматические  взгляды  акад.  Л.В.  Щербы  //  
Ленинград, 1951 
7  
Виноградов В. В. Синтаксические взгляды и наблюдения академика Л.В. Щербы //  М., 1975 
8 Қазақ тілінің әмбебап сөздігі -  http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1108549&simple=true# 
9 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы //  Алматы, 1992. 
10 Сонда 
11  Сонда  
12 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш  - http://kitap.kz/index.php/catalog/book/146adebiet  
13  Қасабек  Қ.  Валенттілік  жҽне  тіркесімділік  ұғымдары  жайында  //  Абай  атындағы  ҚазҰПУ 
хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы №4(38), 2011. 
 
 
69
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Резюме 
Г.А.Еркегалиева – докторант 1 курса по специальности 6D011700 – Казахский язык и литература 
КазНПУ им.Абая, 
gulnafis_yerkegaliyeva@mail.ru
 
Синтаксическая синтагма и ее изучение в мировой лингвистике 
В статье освещается о синтаксической синтагме и ее изучении, а также об истории возникновения, 
развития  и  формировании  учения  о  синтаксической  синтагме.  Возникновение  в  начале  ХХ  века 
структурного  направления  в  языкознании  и  формирование  понятий  синтагматики  послужили 
толчком  для  многих  исследований.  В  середине  прошедшего  века  было  определено,  что  синтагма 
имеет  важное  практическое  значение,  и  в  связи  с  этим  в  лингвистике  возникла  необходимость 
исследования  проблем  синтагматической  структуры.  Поэтому  многие  зарубежные  и  российские 
ученые-языковеды(А.А.Потебня,  Ф.Ф.Фортунатов,  И.А. Бодуэна де Куртенэ,  Н.В. Крушевский, 
А.А. Шахматов,  С.О. Карцевский,  Л.В.Щерба,    В.  В. Виноградов)  в  своих  трудах  затрагивали 
проблемы синтагматических отношений, однако автор отмечает, что мнения ученых по определению 
термина «синтагма» неоднозначны. В статье подробно рассмотрены исследования и взгляды ученых 
мирового масштаба на указанную синтаксическую категорию. 
Ключевые  слова:  сочетаемость,  синтагматические  отношения,  синтаксическая  синтагма,  речь, 
речевая единица 
 
Summary 
Yerkegaliyeva G.A.– 1
th
 course doktorant specialty of Kazakh language and literature Abai KazNPU, 
gulnafis_yerkegaliyeva@mail.ru
 
Sintactic syntagm and its study of linguistics in the world 
The article covers the syntactic syntagm and its study, as well as the history of establishing, development 
and consolidation of the syntactic syntagma theory. Uprise of this structural area of learning in linguistics at 
the beginning of XX century and shaping of syntagmatic notions served an impetus for a lot of research. In 
the mid of last century it was established that the syntagma  is of great practical value and such finding 
necessitated that linguistics would  investigate the syntagmatic structure issues. Therefore issues of 
syntagmatic relations were addressed in papers of many foreign and Russian linguists-scholars 
(А.А.Potebnya,  F.F. Fortunatov, I.A.Baudouin de Courtenay ,  N.V.Krushevskiy,  А.А. Shakhmatov, 
S.О. Kartsevskiy, L.V.Scherba, V.V.Vinogradov), however the author notes that scholars have different 
views in respect to the definition of «syntagma» term. The article focuses in detail on the world top scholars’ 
research and views around the said syntactic category. 
Keywords: co-occurrence, syntagmatic relations, syntactic syntagma, speech, unit of speech 
 
 
 
ӘОЖ  378.016:811.512.122 
ӨЗГЕ ТІЛДІ АУДИТОРИЯДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА 
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Есенова Қ.Ө. - Абай атындағы ҚазҰПУ, филол.ғыл.докторы, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, 
Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, e-mail: 
kalbike_65@mail.ru
 
 
Мақалада  ЖОО-да  тілді  меңгертудің  лингвомәдениеттанымдық  әдіснамасын  қалыптастыру  мәселесі 
қарастырылады.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  оқыту  үздіксіз  даму  әрі  жетілу  үстінде.Ұлттық  тілді  оқытудың  ең 
тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау лингвистика, этнопсихология, мәдениеттану, лингвомәдениеттану және басқа да 
пәнаралық  ғылымдар  аясында  терең  зерттелуде.    Осының  негізінде  қазақ  тілін  үйрету  әдістемесін  жетілдіру 
тілді жетік меңгертудің қарқынды тәсілдерін ойлап табу, сондай-ақ қазақ тілін қазақ мәдениетімен тоғыстыра 
оқыту, яғни тіл тұтынушы деңгейінде білім беру мәселелері өзекті тақырыпқа айналды. 
Сондықтан  қазақ  тілі  лингвомәдениеттанымдық  аспектіде  оқытудың  ең  өзекті  мәселесі  шынайы  ақиқат 
факторларға байланысты қалыптасты. Бұл екі ел арасындағы мәдениаралық қарым-қатынасты нығайтуға, өзге 
ел  халықтарымен  еркін  тіл  табысуға,  өзге  ұлттың  мәдени  құндылықтарын  біліп  құрметтей  білуге,  жалпы 
алғанда мәдениетаралық коммуникативтік біліктілікті жетілдіруге игі ықпалын тигізеді. Кез келген тілдік тұлға 
лингвистикалық  білім  беру  ісінің  нысаны  ретінде  өз  елінің  тілдік-мәдени  тұтынушысы  ретінде  ұлттық 
құндылықтарын  сақтаушы  коммуникативтік  тұлға  ретінде  стереотиптік  танымды  жетілдіруші  ретінде 
зерттеледі. 
Түйін  сөздер:  лингвомәдениеттаным,  интерпретация,  ақпараттық-рецептивтік  әдіс,  репродуктивтік  әдіс, 
проблемалық-баяндау  әдісі,  эвристикалық  әдістің,  зерттеу  әдісі,  лингвистикалық  біліктілік, 
лингвомәдениеттанымдық біліктілік, аксиологиялық бағыт. 
70 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Адамзат  қоғамында  дербес  орны  бар  және  аса  маңызды  саналатын  аталмыш  екі  саланы  тоғыстыра 
отырып  зерттейтін  ғылымның  дүниеге  келуі  әлеуметтік-тарихи  қажеттілік  болды.  Ол 
лингвомәдениеттаным  саласы  деп  аталды.  Лингвомәдениеттаным  тілдік  бірліктердің  ұлттық-мәдени 
семантикасын  олардың  бүкіл  мазмұны  мен  реңктерін  түсіну  мақсатында  зерттейді.  Басқаша  айтқанда, 
лингвомәдениеттаным  –  тіл  білімінің  ұлттық  мәдениетінің  тілде  бейнеленуін  қарастыратын  бөлігі. 
Екінші  жағынан,  ұлттық  маркерлі  тілдік  бірліктерді  анықтап,  сипаттайтын  болғандықтан 
семасиологияның бір арнасы ретінде де қарауға болады. Тағы бір назар аударуды қажет ететін қыры – 
сөзжұмсамның  немесе  сөздің  мәдениетаралық  коммуникация  жағдайында  түсінілуі  проблемасын 
қарастыруы. Сонымен лингвомәдениеттанудың мақсаты – белгілі бір халықтың мәдени кеңістігін оның 
тілі,  дискурсы  және  қатысым  аясындағы  мәдени  фоны  арқылы  зерттеу  және  сипаттау.  Осымен 
байланысты  лингвомәдниеттану  тіл  деректері  арқылы  және  солардың  негізінде  мәдениеттің  базалық 
оппозицияларын айқындайды. Ол оппозициялар тілде орнығады және дискурста көрініс береді. Сондай-
ақ  мұнда  тілде  айшықталатын  мәдени    архетиптерге  қатысты  ежелгі  түсініктер  де  назарға  алынады. 
Осыдан келіп тілдік тұлғаның шын мәнінде коммуникативтік тұлға дәрежесіне жетуіне мүмкіндік беретін 
немесе жол ашатын жеке ұғым – мәдениеттанымдық мәселе бой көтереді.  
Өзге  тілді  аудиторияға  қазақ  тілін  үйрету  барысында  студенттерге  лингвомәдениетанымдық 
біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Себебі тәлімгер өзіне ұсынылған кез келген тілдік материалды 
қазақы  мәдени  кеңістіктің  көрінісі  ретінде  қабылдай  білуі  тиіс.  Бұл  әсіресе  көркем  мәтінді  оқыту 
барысында  өткірлене  түсетін  мәселе.  Яғни  ұлт  мәдениетін  бар  бояу  нақышымен  көрсететін  көркем 
мәтінді оқып, түсіну аз. Студент оны зерделей білетін (интерпретациялай) деңгейге жетуі тиіс. Ғылыми 
әдебиетте  интерпретация  термині  сөйлеу  әрекетінің  немесе  басқа  әрекеттерінің  мәнін  анықтауға 
бағытталған когнитивті процесті және де оның нәтижесін де қоса білдіреді [1, 31 б.]. Интерпретацияны 
сөздің ашық берілген мағынасының астарындағы мәнді түсінуге бағытталған ойлау жүйесінің жұмысы 
ретінде  анықтауға  болады.  Бұл  тұста  реципиенттің  төл  мәдениеті  мен  мәтін  алынған  мәдениет 
арасындағы алшақтықты жоюға күш салынады. Бұл алшақтықты жою реципиенттің өзге тілдегі мәтінді 
немесе  сөзжұмсамды  қабылдауы,  түсінуі  барысында  жүзеге  асырылатын  ақпаратты  когнитивті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет