Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет31/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43

 
Түйіндеме 
Төңкеріске  дейінгі Әзірбайжан әдебиетіндегі әйелдер бейнесі 
Мамедова Шабнам Вилаят диссертант, Гянджа мемлекеттік университеті, 
shebnemmammadova@yahoo.com
 
Бұл  мақалада  Әзірбайжан  әйелдер  шығармашылығын  босату  үшін  күрескен  ақындар  мен 
жазушылардың  жұмысы  талданады.  Ең  маңызды  дәуіріне  лайықты  әйелдер  портреттері  жасалған 
Әзірбайжан  ақындар  мен  жазушылардың  арасында  Низами,  М.Физули,  М.Ф.Ахундов, 
Дж.Мамадкулузаде и Гусейн Джавид және тәрізді қаламгерлер бар. Өздерінің  жұмыстарында жанып 
әлеуметтік  мәселелерді  көтеріп,  тамаша  ойшылдар  оларды    прогрессивті  лауазымға  ие  ретінде 
суреттейді.  Феодалдық,    ортағасырлық  фанатизм  адам  арманын  қаншалықты  бұзғанын    көрген 
олардың  жаны,  адам  құқықтары  қаналған  тұста  әйелдің  құқығының  сақталмауын,  адам  санасының 
тоқырауы,  өтірікке  қарсы  ақын  наразылыққа  толы  болды.  Сондықтан  осы  ақындардың 
шығармашылық  негізі  әлеуметтік  сарынға  толы  болып  келеді.  Мақалада  әлеуметтік  мәселелерді, 
психологиялық  еркіндігін,  қоғам  әйелдердің  арақатынасы,  махаббат,  отбасы  қарым-қатынастарын 
талданады. Мақалада құлдықтағы әйел бостандығын жырлаған қаламгерлердің негізгі шығармалары 
қарастырылады.  
Түйін сөздер: әдебиет, әйелдер, Әзірбайжан, жазушы, әлеуметтік 
 
Summary 
Shabnam Mammadova – Ganja State University, shebnemmammadova@yahoo.com 
Women images in pre-revolution Azerbaijani literature 
The poets and writers who supported the complete liberation of Azeri women and their main works are 
mentioned in this article. Among those who gave the portraits of perfect women of their century are Nizami 
Ganjavi, Mohammad Fuzuli, M.F. Akhundov,  Jalil Mammadguluzade and Huseyn Javid. Bringing up 
burning public questions in the creativity, ingenious thinkers resolved them from progressive positions. They 
saw how a feudal arbitrariness and medieval fanaticism pull down dreams of the person of happiness as the 
woman is deprived of civil rights in this world as the consciousness of the person is oppressed, and in soul of 
the poet the protest against lie, despotism, hypocrisy began to boil. That is why social motives have so 
strongly formed the basis of works of these poets. Social problems, psychological freedom, relation of 
women with society, love, family relations are analyzed here. The writers who resolutely opposed any 
humiliation against the dignity of women are introduced. 
Key words: Literature, woman, Azerbaijan, writer, social   
 
174 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
ӘӨЖ: 821.512.122.0 
 
Д. ДОСЖАННЫҢ ХИКАЯТТАРЫНДАҒЫ ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫ МЕН КӨРКЕМДІК 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Г. Орда - ф.ғ.д. М.О.Әуезов атындағы әдебиет 
және өнер институтының аға ғылыми қызметкері,  orda_68@mail.ru, 
Ә.Қоспағарова - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер 
институтының «Әдебиеттану» мамандығының 2-курс магистранты 
kospagarova.1979@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  көрнекті  жазушы  Д.Досжан  хикаяттарындағы  қазіргі  замана  тақырыптары  мен  көркем 
шындық, көркем қабылдау ерекшелігі қарастырылып, автордың жазу шеберлігі талданады.  
Кейіпкерлер  өмірінің  түрлі  қиындығы  мен  өмір  күресі  арқылы  жазушы  өзіндік  ұстаным  мен  өзіндік 
қорытынды  жасайды.  Д.Досжан  прозасындағы  тілдік,  стильдік  ерекшеліктер  жазушының  қалыптасқан 
қаламгерлік  шеберлігін  байқатады.  Мақал-мәтел  мәйегі,  салт-дәстүріміздің  көркемделуі,  қанатты  сөздер  мен 
диолог,  монологтардың  көпқырлылығы  автордың  бай  тәжірибесі  мен  ізденімпаздық  жемісі.  Мақалада  адам 
экологиясының өршігені, ата-ана құрметтеуден қалған жас ұрпақтың санасының уланғаны, ғасыр індеті болған 
иммун жетіспеушілік ауруына шалдықтырады. Яғни жазушы Дүкенбай Досжан хикаяттарында бүгінгі күннің 
басты тақырыптарына қалам сілтеп, келешекті ізгілікке үндеумен құнды. 
Кілт сөздер: автор, кейіпкер, метафоралық бейне,  диолог, хикаят т.б.  
 
Әдебиет адам жанын емдейтін, адамды қараңғылықтан жарыққа сүйрейтін тәрбиеші құрал екені 
анық. Десек те, әдебиетті жасайтын қаламгер қаламы әділдікті жаза ма әлде ақиқаттан аттап өтіріктен 
ертегі құрайды ма? жазушы еншісінде. Ұлтқа аяусыз еңбек еткен қазақ қаламгерлері арасында кең 
тынысты,  қаламы  талмайтын  жазушы  атанған  Дүкенбай  Досжан  прозасы  тәуесіздік  тұсында  не 
жазды?, нені тақырып етті? деген сауалдың төңірегінде ой толғамақпыз. 
«Заманға көңілі толмау – шынайы суреткердің әр кездегі дерті екені айқын» деп ғалым [1, 336-б] 
Айгүл  Ісімақова  айтқандай  жазушы  хикаяттарының  тәуелсіздік  тұсында  жазылғандары  көңіл 
толмауға толы. Автор кейіпкерлері бүгінгі күнгі ең лауазымды, ең беделді адам бола тұра оның осал 
тұсы, заманға сай еместігі, ашкөздік пен менмендік дейтін пенделігі байқалып жатады. 
Сөзіміз  дәлелді  болуы  үшін  жазушы  Д.Досжанның  2009  жылы  жарық  көрген  таңдамалы 
шығармалар  жинағынның  2  томындағы  «Ине  ұшындағы  өмір»,  «Пайғамбардың  өлімі»  және  «Жан 
тәтті» атты үш хикаяттары төңірегінде болмақ. 
«Ине  ұшындағы  өмір»  хикаятының  тақырыбының  өзі  айтып  тұрғандай  бар  өмірін  қыл  үстіне 
апарған Айбар атты жас та, талантты «Болашақ» бағдарламасы арқылы «Кембридж» университетін 
үздік бітірген жас талап өмірі суреттеледі. Автор хикаятты қазіргі жастардың өмір сүру тәртібі қалай 
солай  беруге  талпынған.  Авторлық  ой  Абай  атамыздың  ғақилияларын  еске  түсіру  арқылы  беріліп, 
оқырманға ой түрткі болады. Айбардың құштарлыққа көңілі мас кезін ақынның  
«Әрбір  жақсы  нәрсенің  өлшеуіші  бар,  өлшеуішінен  асса  жарамайды.  Өлшеуішін  білмек  –  бір 
үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та 
кеткені болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап 
іздемек,  айлалы  болмақ, алданбастық  –  бұл  нәрселердің  бәрінің  де  өлшеуі  бар.  Өлшеуінен  асырса, 
боғы шығады.» [2, 40-б] 
Біреудің  жалғызы,  ақылы  мен  білімі  бір  бойынан  табылатын  Айбар  жеңіл  жүріске  ұрынып 
айықпас  дертке  шалдықты.  Құштарлық  пен  сезімнің  мөлшерін  жоғалтты.  Ол  ғасыр  індеті  аталған 
СПИД құрбаны болды. Айбар өзінің осындай қалге қалай түскенін ойлай-ойлай шаршайды. Бақытты 
өмірді  аңсау,  қалыңдығы  Жансаяны  жар  ету  көз  алдында  көлеңке  тартады.  Авторлық  баяндау  мен 
авторлық ойға кең өріс берген бұл шығармада бірде дін кітаптарын сөз етсе, бірде адам тағдырының 
өзгерісіне  былай  ой  түйеді.  «Ең  жаманы  –  адам  санасына  күдік  пен  өшпенділік  дендеп  енді.  Не 
істесек те еркімізде, есеп алып, таразыға салып істеген күнәні өлшеп-пішетін құдіретжоқ деген сенім 
иектеді. 
Ең  сұмдығы  –  адам  азды,  күндіз  сұлу  киініп  жүрседағы,  түнде  шешініп,  жеке  дара,  жалаңаш 
қалғанда  нағыз  сайтанға  айналады»  дейді.  Автордың  дәл  қазіргі  өмір  туралы  ойы.  Бәлкім  сіз 
келіспессіз бірақ, дәл осылай өмір сүріп жүргендер көп пе деген ойға да қаласыз» [2, 41-б]. 
175
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Д.Досжанның1970-1980  жылдарғы  жазған  шығармалары  мен  тәуәлсіздік  кезеңіндегі 
туындыларының  ара-жігі  алыс  екенін  осындай  ой  түю  мен  кейіпкерлердің  өзгешелігінде  екендігі 
байқалады. «Әдебиет әлемі уақыт бел-белесінде іргерілеген ұлы көшке ұқсайды. Кешегі ұлы Мұхтар 
Әуезов,  бәдізші  Ғабит  Мүсірепов  жаңа  әдебиетіміздің  керуенбасы  секілді  еді.  Бұдан  кейін 
әдебиетімізге қазақтың киелі сөзін  ұстағанТәкен Әлімқұлов,  Мұқағали Мақатаев,  Қадыр  Мырзаәлі, 
Тұманбай  Молдағалиевтар  келді.  Өткен  ғасырдың  60-70  жылдары  олардың  соңын  ала  тайпалған 
жорғадай  әдемі  лек  шықты:  Әкім  Тарази,  Қалихан  Ысқақ,  Сайын  Мұратбеков,  Әбіш  Кекілбаев, 
Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеұлы, Ақселеу Сейдімбек, Әнес Сарай, Төлен 
Әбдік, Смағұл Елубай. Бұлардың уыздай тіл үйірер романдарын, хикаят-әңгімелерін тамсана оқыдық. 
Осынау  топтың  бел  ортасында  Дүкенбай  Досжанды  көретінмін»  деп  жазушы  туралы  естелігінің 
басын филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жолдасбеков қайырады. [3, 48-б] 
Автор өз кейіпкерлеріне қазақы мінезді, қазақы қонақжайлылықты есіне салып тұрады. Айбардың 
анасы  Әсемай  баласына  бар  асты  үйіп-төргіп  әкеледі.  Астың  пайдасын  шетінен  балаға  айтып 
түсіндіреді.  Бұл  жерде  жазушы  оқырманға  да  тәппіштеп  түсіндіргісі  келгенін  сезінеміз.  «Бала 
кезіңнен  құмартып  жейтін  тарыдан  жасалған  жент  мынау.  Сары  май,  жаңғақ  қосылған,  қантын  аз 
салғам. Қысқы соғымнан сақтап алып қалған қазы, жал, жаяны мол ғып әкеле алмадым, мына мінезі 
жаман  әкең  «көшіп  барасың  ба  біржола»  деп  артық  салғызбады.  Мынау  бордақылап  сойған  құнан 
қойдың сүрленген төстігі, отқа қақтап тіске бассаң – тісіңнің қышуы қанады. Түйе өркеші, сүрленген, 
ертеңгісін шаруаңа асыққан кезде бір турамын қара нанмен жеп алсаң – түске дейін бүлк етпейсің. 
Шұжықтың майы аз, жүрегіңе тимейді, әдейі соғымның телшесінен алдырдым. Қарынға тығып буға 
пісірген уыз қуырдықты жақсы көруші едің ғой, мынау сол, мұздай жерге қойып сақтасаң – үш-төрт 
айға дейін дәмін бермейді, үлпершегі тілді үйіріп түсіңе енеді. Астананың ауа райы қатал, суық тигіш 
дегенді естіген соң, дария жағасында өскен мойыл мен қарақатты көп жинап қайнатқан едім...» [2, 45-
б] Көл көсір ас, қазақы қонақжайлық Айбардың анасынан байқалып жатыр. Жазушы қазақтың асын 
суреттеуде  тағы  бір  ерекше  атап  өтетін  ас  түрі  –  жаужүрек.  Оны  автор  былай  суретейді.  «Балам 
ұмытып    барады  екем,  мынау  әдейі  сексеуіл  шоғына  ұстап  пісірген  жаужүрек,  исі  керемет  қой 
шіркін!»  [2,  46-б]  деп  тамсандырса  «Пайғамбардың  өлімі»  хикаятында  «Кешкілік  Мырқы  мырза 
Қарқаралыға ат басын бұрды. Арада біраз жер. Бір үйден қымыз ішіп, бір үйдің қызына қырындап, 
келесі ауылдан бағлан етінен пісірілген жаужүрек жеп екі тау арасында, керуен жолының бойында 
жатқан  Қарқаралыға  жетем  дегенше  апта  өтті.»  [2,  69-б].  Айтары  жоқ  жазушы  Дүкенбай  Досжан 
шығармаларын оқып отырып өзіне тиесілі ой ұшқындарынан ажырамайтын, бір шығармадан екінші 
туындысында  жазушының  айтпақ  ойлы  дүниесі  жалғасын  тауып  жатады.  Бір  қызығы  автор 
кейіпкерлері бірде 19 ғасырда бірде 20, кейде 21 ғасырдан бірақ шығады. «Шағын жанрда көлемді 
бірнеше  ғасырлық  ойларды  сыйдырып  беретін  көркем  туындылар»  [1,  330-б]  аз  екенін  тілге  тиек 
еткен А.Ісмақова М.Мағауинның «Қыпшақ аруы» хикаяты мен Америкада ең өнімді оқылып жүрген 
жапондық жазушы Харуки Мураками туындыларын мысал етеді.  
«Қазіргі кезеңде ұлттық характердің негізінде этномәдени құндылықтарға көңіл аудару жағы жиі 
байқалып  жүр»  [4.  78-б.]  Дүкенбай  Досжан  шығармалары  халықтың  этнотанымының  өзекті  мәні 
іспеттес. Д.Досжанның «Пайғамбардың өлімі» шығармасындағы кейіпкері Мырқы өмір сүрген уақыт 
2 ғасырды қамтуымен әр ғасырда әр ортада өмір сүріп, ғасырлар бойғы күнәсі мен қателігіне Алладан 
кешірім  сұраған  пенденің  бетбұруын  көрсетеді.  «Шынын  айтса,  мына  тұрған  Мырқы  мырза  екі 
ғасырдың  адамы  еді.  Әкесі,  әкесінен  ауысқан  мінезі,  жүріс-тұрысы,  кейде  ылдиға  құлдырап,  кейде 
қырға  тырмысқан  өмір  арбасы  19  ғасыр  пешенесіне  жазған  оқиға еді.  Ақан  серінің  құмай  тазысын 
қалап  алуы,  Шөже  ақынмен  тілдесуі,  Алшынбаймен  араздасуы,  Құнанбай  қажы,  Науан  хазіреттің 
үстінен шербашнайға үстемелеп донос жазуы, Қарқаралы мешітіндегі дін иесімен тәжікелесуі, бәрі-
бәрі  19  ғасыр  оқиғасы.  Ал,  оқырманның  есінде  болар  Мырқы  мырзаның  үйленуі,  әкесінің 
қылтамақтан өлуі, 24 жылғы кіші кәмпеске, 29 жылғы ұлы тәркілеу, ортаққа семіріп, ел үстіне неге 
сонша  шолжандадым  деп  іштей  мүжілді.  «Жәрмеңке,  той-жиын  десе  түлен  түртіпті.  Беті  жылтыр, 
көзі өткір, ұйысу, кейіпкеріміздің арығын аттай жүдеп-жадауы, қатынынан  айырылып, қарашаның 
жұртында  жалғыз  қалуы  –  20  ғасырдың  оқиғасы».  Автор  осылай  өз  кейіпкері  Мырқы  туралы 
таныстыра келіп «Сонда қалай? Мырқы мырза қартаймайтын, самайына қылау түспейтін, жігітшілігі 
жыл санап үдеген, жүз жасаған адам ба, әлде екі ғасыр бойына қақшаңдаған сайтан ба деп таңқаласыз 
әрине.  Кейіпкеріміз  екі  ғасырдың  күнәсы  мен  кінәратын  бойына  жинаған,  алла  тағаласын  кеш 
таныған, екі ғасыр мінезін бойына қоса сіңірген метафоралық бейне». 
176 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Метафоралық  бейне  -  яғни  ауыспалы  бейне  жасау  арқылы  екі  ғасырдағы  адам  мінезінің  өзеше 
түлеуі, адам тағдырының сан-түрлі өзгеруін барынша көрсетеді. Бір кездегі тоқпейіл, алда-ұш мырза 
бүгін ешкімге керексіз күн кешеді. Ол екі ғасырлық күнәсін кеш түйсініп, қасиетті Мекке қаласына 
барып көз жасын көл етеді. Шығарма соңында пайғамбарымыз Мұхаммад ғалейкіссаламның соңғы 
өмірінен әңгіме келтіріледі. Осы хикаяттың негізгі түйіні де осы диалогтарда:  
«Алланың нұрына арбалып қалған пайғамбар алғашында әзер деп тілге келіпті. 
Уай, жаратқан ие, жер бетінде көз жасы көлкіп ағып көл болуға айналды. Пенделердің бір-біріне 
мейірімі, шапағаты, шындығы азайды. Мұң, зардан құлақ тұнады, жаббар ием, күнәкар пенделердің 
көз жасын қалай тиямыз?!» Пайғамбарымыз артындағы үмбеттерінің қамын ойлап Алладан шапағат 
тілеуі, мейірім мен қайырымға зәру болған адамдардың күнәкар пенделердің көз жасын қалай тыюды 
сұрайды. Жаратқан ие «Құран дегеннің сөзіне илануды» [2, 111-112-б] бұйырады. 
Бұл  туындыны  оқып  отырып  көп  нәрсе  түсініксіз  көрінгенімен  кәдімгі  қазіргі  замандағы 
кейіпкерлер  бірде  арғы  бірде  бергі  заманға  ауысып  күн  кеше  беретін  мистикалық,  фантастикалық 
фильмге  ұқсаса,  бірде  көп  ақыл  мен  пәлсафаға  құрылғандай  адамға  сан-түрлі  ой  кешуді,  түрліше 
бағамдай алуға мүмкіндік береді.«Өмірде бәрі өлшеулі. Өлшеулімен, өлшеусізді қамту мүмкін емес. 
Көп  себепті  өзіміз  қолдан  жасаймыз,  Себептен  салдар  туындай  қалса  –  «неге  бұлай»  деп  алла 
тағаланы жазғырамыз» [2, 83-б] дейді. 
Иә  автор  бұндай  ойларды  өзі  айтпақшы  көн  кітаптардан,  құраннан  алғанын  да  жоққа  шығара 
алмаймыз. 
Дүкенбай  Досжан  шығармаларында  кейіпкерлерінің  көбі  бұл  өмірден  опық  жеген,  кінәсін  кеш 
түсінген алладан үмітті кәдімгі пендеуи ғұмыр кешкен жандар. Бірақ автордың ең қиналатыны адам 
баласының  тойымсыздығы,  қанағатсыздығы,  ашкөздігі  біріне-бірі  жау  болуы,  қатыгездік  пен 
арсыздық. Одан құтылу жолы - жаратқанын тану, тура жолда адал өмір сүру екенін түсіндіреді. 
Осы  жолда  бірде  құранға,  бірде  Абайға,  бірде  адам  жүрегімен  сырласуы,  мұңдасуы  заңдылық. 
«Дүниеде  бәрі  бір-бірімен  байланысты,  әр  адам  әлемдік  гармонияның  бөлшегі.  Бөлшектен  бірлік 
құралады» [2, 127-б] «Жан тәтті» шығармасындағы астрофизик Айтуар Мағзұмұлының әлем тұралы 
ойлары  өзгеше  оны  уақыт,  әлемдік  гармония  қатты  алаңдатумен  қатар  туған  тілінің  болашағы 
ойландырмай  қоймайды.  «Адамзаттың  бәрі  түптің-түбінде  уақыттан  жеңіліс  табады.  Осының 
жұмбағы неде – тексеріп, таразылап, түбегейлі жауабын жазып кетсем сезінемін. Уақытпен салыса, 
есептесе,  беттесе  жүрсек  қана  ұтамыз!  Өйтпесек  оп-оңай  жоқтыққа  жұтыламыз.»  [2,  178-б]  дейді. 
Енді бірде лүп-лүп, дүрс-дүрс соққан асау жүрегімен тілдеседі. 
Жүрек:  шаршамайтын  шайтан  емеспін.  Көктегі  жаратқан  ие  мен  жердегі  тіршілік  иесінің 
жалғастырар антеннасы, сезім сымы, ұят қызылы боламын. 
Айтуар: тіршілік көзі өзің ендеше! 
Жүрек:  жанды  туғызған  жаратқан  ие  жұдырықтай  пәрменіме  сеніп:  «Жанның  қабы  бол!»  деп 
тапсырып кеткен. Әйтсе де жердегі пенделер – сендер – өзімді дүниенің күнәсі, ласы, итырғылжың, 
ұрыс-керісі,  ызасы,  наласы,  жаласы  ластайды  ғой  деп  таза  ұстаудың  орнына  –  құлша  жұмсап 
қадірімді кетірдіңдер! 
Айтуар:  көктегі  құдіреттің  көзі  екеніңді  білмедік қой!  Адамшылықты  мына  пенделер  айдаладан 
іздеп алақтай, жұлақтай бергенше –айналып кеп өзіңе жүгінсекші, жарықтық! Дүм-дүние әлеміндегі 
үзіліссіз  ұлы  ырғақ  пен  өз  қимылының  арасында  жанға  сезілмейтін  ұйқас,  ұнасам,  жарасым  бар 
дегені рас шығар. 
Жүрек:шындығы сол! 
Айтуар:  ұлылық  пен  пендешелік  қатар  өзіңде.  Дүниені  бүлінуден,  азғындаудан  сақтайтын 
шындықты өзіңнен іздесек адаспайтын шығармыз. 
Жүрек:  ұстаз  сөзі  есіңде  ме?  «Ауру  жүрек  ақырын  соғады  жай,  өз  дертін  тығып  ішке,  білдіре 
алмай; Кейде ыстық тағы да қан басады, кейде бір сәт тұншығар үн шығармай» Жүректі тыңдап тәлім 
алып, үйренетін уақыт жетті емес пе, пенделер-ау! [2, 116-117 -б]  
Жазушының «Ине ұшындағы өмір» хикаятындағы бас кейіпкер Айбар былай қараған адамға үлгі 
аларлық  жан.  Кембриджді  бітірген,  ағылшынсасы  судай,  беделді  қызметі  бар.  Бірақ  еліктеу  мен 
осалдық,  ардан  аттау,  желігу  сынды  адам  бойына  жат  қылықтар  ең  аяғы  оны  иммунжетіспеушілік 
ауруына  шалдықтырады.    Автор  табиғат  экологиясын  тәппіштеп  талдағандай,  адам  экологиясын 
көзімізге шұқшита көрсетіп, байыптайды. 70-жылғы сананың улануы, ар-ұяттан безу мен ата-ананы 
тыңдамау  сындыөзім  білемдік  пен  арсыздық,  қанағатсыздық,  қатігездікке  бой  алдырған  қоғамдағы 
адамдарды мысалға алып, жақсылыққа жол сілтейді. Ал «Билік дәлізі» 2011 жылғы («Мақұл» 2012) 
177
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
әңгімесіндегі  бас  кейіпкер  Тайтұяқ  автордың  айтуынша  «өзін  осы  өркениет  сатысының  жуан 
ортасында  жүрмін  деп  ойлайтын»  адамдардың  бірі.  «Бәрі-бәрі  қайтсек  үлкен  кісінің  қызметіне 
жараймыз,  қайтсек  тәуелсіз  мемлекет  аталатын  алып  мәшиненің  ең  қажетті,  еш  мүлтіксіз  жұмыс 
істейтін бір-бір тігіргіні боламыз деп жығылып-сүрініп жүргендер кілең». Бастығының бұйрығын екі 
етпейтін Тайтұяқ, лауазымды адамдардың алдын кесіп өтпейтін Тайтұяқ бірде бастығынан мынандай 
сөз естиді. «Шырағым, өзім білемін деп төске өрлеп бара жатырсың!»  - дейді зілдей етіп. Тайтұяқ 
айран-асыр.  Жатып  ойланады:  қате  басқан,  қисық  сөйлеген  жерім  жоқ  еді  ғой,  жазығым  – 
тапсырманы айтқызбай істегенім бе деп өз-өзінен қуыстанып, пұшайман халге түседі. Айдың аяғында 
бастығы  тағы  шақырып  алады:  «Шырағым,  жарық  жалғанда  мына  біздің  бар  екенімізді  ұмытып 
үлгердің  бе?  Көзге  түскің  келіп  жүр  ме?»,  -  дейді  төбесінен  тас  тастағандай.  Бастығы  Тайтұяқты 
айлық сыйақыдан қысқартып тастайды, келесіде қабылдамай қояды. Білдей мемлекеттік қызметкер 
есеңгіреп қалады... ойлап-ойлап... ұйқысы азайып, уәйімі көбейген соң қала сыртындағы зейнеттегі 
ақылшы ақсақалға келеді. Осылай да осылай... бастығым қырына алды... тықыр таянды.. не істеуім 
керек  дейді  Тайтұяқ.  Көп  жыл  Үкімет  мүшесі  болған,  ақсақал  ақылшы  түсіндіріп  төмендегіше 
сөйлейді. 
«Жадыңда  тұтып  жүретін  ең  басты  қағида:  өзің  біліп  тұрсаңдағы  «осының  мәнісі  қалай?»  деп 
бастығыңның алдынан өтіп барып – іс қыл дейді. Бұл – бір. Бастығыңның алдында өзіңді әрдайым бір 
басқыш төмен ұста, бір мысқал кем білетін болып көрін дейді. Бұл – екі. Санаңа жақсы ой, жарқын 
идея келсе – жіберген елшісі екенін жалғыз-ақ кішкене молда сезеді. Сезе салып: «Ой, Алла-ай!» - 
деп есік алдындағы ақ топырақ үстіне бұрқ еткізіп отыра кетті»[5, 13-б]. 
Әдебиеттің көркемдік қырларын, бейнелілік мазмұнын тануда А.Байтұрсыновтың пікірінің орны 
ерекше демекпіз: «Сөз өнері – адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға; 2. Қиялға; 3. Көңілге. 
Ақыл  ісі  –  оңдау  яғни  нәрселердің  жайын  ұғу,  тану,  ақылға  салып  ойлау,  қиял  ісі  –  меңзеу,  яғни 
ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеп суреттеп ойлану, көңіл 
ісі  –  түю,  талдау.  Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенше, 
көңілдің  түюін  түйгенше  айтуға  жарау»  [6,  26-б.].  Жазушы  Дүкенбай  Досжан  шығармалары  кейде 
ақылға, қиялға, көңілге сүйеніп сөз құдіреті арқылы сұлу сурет салады, кестелі ой айтады. 
Иә автор бұндай ойларды өзі айтпақшы көн кітаптардан, құраннан алғанын әр шығармасында еске 
салып, адамзатты ізгілікке, имандылыққа үндейді. Мысалы: «Адам жердің, табиғаттың заңына тәнті, 
жер  аспанның  заңына  тәнті,  тәңір  өзіне  ғана  тәнті.  Бұл  көне  кітаптың  сөзі»  (106  б  «Жазмыш 
формуласы»)  деп  ескертсе,  енді  бірде  «Құранда:  «Әй,  адам  баласы!  Шүбәсіз  сендерді  бір  ер,  бір 
әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық...» деп 49-
сүренің  13-аятында  мәлімдесе;  «расында  сендерден  сенбі  күні  шектен  шыққандарыңды  білесіңдер, 
сонда оларға: «Маймыл болып, қор болыңдар» деген едік. Сонда ол жазаны, ілгері, кейінгілерге үлгі 
әрі сақтанушыларға насихат қылдық», - деп 2-сүренің 65-66-аятында анықтап келтірген. Он екі ғасыр 
бұрынғы құранның аятында, аянында – маймыл – азғындаған адам ұрпағынан бөлініп шыққан қор 
болушылар, алланың қарғысына ұшыраушылар деп қасиетті хатқа түскені – таң қалдырады!»  
«Жазушының  қай  тақырыпқа  қалам  тартсадағы  нақты  суретпен,  қатесіз  тірі  сөзбен,  қолмен 
қойғандай  етіп  жазатыны  оқырманды  риясыз  иландыруға  сеп.  Логикалық  силлогизм  шеңберінен 
шығармайды. Фәни дүниенің мың қатпарлы, жүз сырлы құпиясының әдібін сөгіп, астарын ашқандай 
философиялық  оймен  әредік-әредік  әдіптеп  отыруы  –  әр  әңгіменің  мазмұнын  байытып,  салмағын 
арттырған. Тірі сөздің өміршеңдігін өнеге етіп алдымызға тартады». 
Қазіргі заман техниканың уақыты, адамзат ақылы мен білімінің арқасында әлемді бағындырады 
деп  асығамыз-аптығамыз  да  жазушы  қозғаған  жүрек  сыры  неде  екенін  ұмытамыз.  Иә  әлемді 
бағындырғымыз  келеді  немесе  әлді  болғымыз  келеді  де  ұят  пен  бет  қызылын  ұмытып  арсыздыққа 
жол береміз. Адамзат тап-таза жүрегін осылай ластап, кірлетеді де адами қасиеттерінен айырылады 
екен. Д.Досжан прозасы бүгінгі шындық пен әділдікті өз түсінігі мен ақиқаттан аттамай таразылауға 
тырысқанын көрдік. Ал, оның өз шешімі өз тағдыры әр оқырманның қолында, асыл санасы мен асқақ 
ойында. Ең бастысы кіршіксіз жүрек таразысында. 
 
1    
А.Ісмақова «Асыл сөздің теориясы» Алматы: Таңбалы баспасы. 2009. 
2.  
Д.Досжан. Таңдамалы шығармалары 2-том. 2009 ж 
3. 
Мәденимұра. №1-2 (52-53) қаңтар –сәуір 2014. 
4. 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы «Филология ғылымдары» 
сериясы №2 (28) 2009ж. – 78-бет. 
178 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
5. Д.Досжан. «Жүз әңгіме», ІІ том, «Мереке» баспасы, А., 2012. 
6. 
Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: - Жазушы, 1989ж. -438 бет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет