Резюме
Г.Орда - д.ф.н., старший научный сотрудник
Института литературы и искусства им.М.О.Ауэзова.
orda_68@mail.ru
,
А. Коспагарова - магистрант 2- курса по специальности «Литератураведение». Института
литературы и искусства им. М.О.Ауэзова, КазНУ им. аль-Фараби.
kospagarova.1979@mail.ru
Современная истина и художественная особенность в повесте Д.Досжана
В данной статье рассматриваются современность выбранных тем выдающегося писателя
Д.Досжана, художественная правда и особенности художественного восприятия в его творчестве, а
так же анализируется мастерство автора.
Трудность жизни героев и их борьбу за нее, писатель передает через выводы и позиции
собственного «Я». Разнообразия крылатых выражений, пословиц и поговорок, диалогов и
монологов, оформление национальных традиции в творчестве автора, служат доказательством
богатейшего опыта и трудолюбия. В статье также рассмотрены проблемы человеческой экологии,
говорится об эпидемий века, об отсутсвий уважения к родителям, что приводит к иммунодифициту у
подрастающего поколения.
То есть повести Д.Досжана ценны тем, что дают правильное направление и моральное воспитание
будущему поколению.
Ключевые слова: автор, персонаж, метафорическое изображение, диолог, повесть.
Summary
G.Orda - Senior Researcher M.O.Auezov Institute of Literature and Art orda_68@mail.ru
Kospagarova
А. Master of degree of M.O.Auezov Institute of Literature and Art, KazNU named after al-
Farabi, kospagarova.1979@mail.ru
Modern artistic originality of truth and fiction feature story D.Doszhana
The complexity of the lives of the characters struggle through life and the writer's own position and their
own conclusion.
In this article, will be considered by contemporary themes and artistic solutions and analyzed the writing
skills of the writer D.Doszhana.
Linguistic, stylistic features in D.Doszhan’s proses are shown his creative writing. Author uses a lot of
proverb, winged word, monologues and dialogues which indicates author's rich experience and
creative.D.Doszhan affects themes about a human ecology, poisoning the minds that young people do not
respect their parents etc. Author worries about future of nationality and he writes an actual themes.
Keywords: author, character, metaphorical image, dialog, story.
ӘОЖ 398.9
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЖЫРЫНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ
Б.С.Сарбасов – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Мақалада жырдың барлық нұсқаларына ортақ нәрсе: эпос қаһармандарының іс-әрекеттері және әрбір
эпизодтарындағы оқиғаның баяндалу жағынан бір – біріне ұқсас нұсқалар салыстырылып айқындалады.
Жырдағы жер-су атаулары Қазақстан территориясындағы ата-бабаларымыздың ерте кездері мекендеген
тарихынан мәлімет береді. Мысалы, Ертіс, Нұра, Алатау, Қаратау, Семей т.т. елді-мекен аталатын Ташкент
сияқты атаулар біздің қазақ халқының о баста тұрақты мекені болғандығын білдіреді.
Мақалада жер-су атауларын тілдік тұрғыдан зерттеу кең ұғымды қамтиды. Қазақ халқының Ұлы
кемеңгер жазушысы М. Әуезовтың «Кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән – мағына,
шешілмеген құпия сыр жатады» - дегендей кез келген топонимдік атаулар көне заманның ізі,
көненің көзі болатынын көпшілік біледі, бірақ оны терең мәнде, тілдік, тарихи тұрғыдан түсінудің
жөні бөлек.
Түйін сөздер: Ертіс, Нұра, Алатау, Қаратау, Семей, Ташкент.
179
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры эпос дәстүрімен жазылған аса ірі тілдік ерекшеліктер
қатарына жатады. Әуел бастағы ортақ қазынаның иегері болған әлденеше түркі жұрттары:
алтайлықтар, ұйғырлар, башқұрттар, татарлар, қазақтар бұл сюжетті өздерінше жырлап, өзінің
ауызекі тіл өнерінің шама -шарқына сәйкес көпшілік игілігіне жаратты. Бұл сюжеттен
халықтардың тым ертедегі мифологиялық мазмұндаудың стильдік көріністері, алтайлықтардың
ауыз әдебиетінде батырлық эпос болып қалыптасса, башқұрттар оны ертегі деп таниды, ал
қазақ халқы үшін бұл лиро-эпос жыры.
Эпостың тіліне қарап, пәлендей бір ру - тайпаның өзіндік оқшау тіл жүйесін
айқындауға болмайды. Ал жырдың ішінде келетін белгілі бір географиялық ұғымдардың
атаулары мен этнонимиялық немесе тіпті этногениялық терминдер ешуақыт жырдың нақты
қай жерде қалыптасқанын білдіре алмайды. Өйткені, өнердің эпос тәрізді классикалық
туындысын нақты бір аймақта белгілі бір айтушының сөз саптауымен эстетикалық
тұтастықтағы дүние болып туа салмайды. Талай замандар мен тарихи аңыздардың сүзіндісі
болатын эпос ең жалпыланған образдар жүйесін тіл қорының ең сүбелі қазыналарына
негізделетін, синтезделген туынды ретінде халықтардың мәдениет тарихынан орын алды.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырындағы жер -су атауларын тілдік тұрғыдан зерттеу кең
ұғымды қамтиды. Қазақ халқының Ұлы кемеңгер жазушысы М. Әуезовтың «Кішкене бұлақ
атының өзінде қаншама мән – мағына, шешілмеген құпия сыр жатады» - дегендей кез келген
топонимдік атаулар көне заманның ізі, көненің көзі болатынын көпшілік біледі, бірақ
оны терең мәнде, тарихи тұрғыдан түсінудің жөні бөлек.
Г.Н.Потанин қазақтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын өте жоғары бағалап,
мейлінше әділ пікір білдірген. «Орынбор мен Зайсанға дейінгі кеңістікті алып жатқан ұлан
байтақ дала - түгелдей білетін сүйікті хикая, қазақ эпикасының ұшар биігі» - деген [1,12].
Адам, ру, тайпа, халық, жалпы қоғам бар жерде атау бар. Орхон – жазуларында Ертіс
өзенінің ғана аты бар. Жер – су атаулары тіл ғылымының – топонимика саласына жатады.
Топонимика ғылымы – тіл білімінің лексикалық саласына тиісті, өте күрделі, әрі тартысты
саласының бірі. Тартысты болатыны ол – тарих, география, этнография, лингвистика
салаларына теңдей қатысы бар.
Лексикалогияның біршама кеш дамыған саласы болып саналатын топонимика толық
зерттеле түскен сайын, сол лексика жаңа деректермен, теориялармен толыға түседі .
Топонимдерге тілдік талдау жасау, сонымен бірге, атаулардың бір тілден екінші тілге
ауысуын анықтау, көнерген сөздердің этимологиясын айқындау сияқты тәжрибелік мәнге
де ие.
Сонымен, топоним семантикасында сөйлемдік (адрестік) - экстралингвистикалық (тарихи,
географиялық деректер) және идеологиялық бағыты сияқты аспектілер тұтасқан күйде
жатады. Топонимдерді лексика-семантикалық тұрғыдан топтастырғанда, осы ерекшеліктерді
де қамтуға әрекет жасадық.
Жырдағы жер – су атаулары Қазақстан терриоториясындағы ата – бабаларымыздың ерте
кездері мекендеген тарихынан мәлімет береді. Мысалы, Ертіс, Нұра, Алатау, Қаратау, Семей т.т.
елді – мекен аталатын Ташкент сияқты атаулар біздің қазақ халқының о баста тұрақты мекені
болғандығын білдіреді. Топонимст ғалымдардың дәуірлерлеуіне байланысты қарастырғанда көне
дәуірге Ертіс, Нұра жаңа дәуір атауларына Алатау, Қаратау т.б. атаулар жатса, кірме атауларға
Семей сияқты атаулар жатады. Сондықтан біз әрбір атауларға тілдік тұрғыдан талдау жасап,
сөздердің этимилогиясына да көңіл бөлдік. Себебі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық
жыры мектеп бағдарламасында оқытылатын болғандықтан әдеби саланы тілдік саламен
байланыстыру өте маңызды деп ойлаймыз.
Ы.Дүйсенбаевтың айрықша тоқталып, жан-жақты талдаған көркем де көлемді нұсқасы
М.Әуезовтың 1936 жылы жариялаған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. Бұл нұсқа 1939 жылы
жарық көрген «Батырлар жыры» жинағының 1-томында енгізілген. Сол кезде баспа бетін көріп,
жұртшылыққа кеңінен белгілі, Бейсембай жыршының аузынан ұғып алып, Жанақ ақын айтты дейтін
осы нұсқаның «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына байланысты басқа нұсқалардан өзгешеліктері,
жыршы тарапынан жаңадан қосылған толықтырулар туралы М.Әуезов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
атты зерттеуінде: «Жырдың басында Сыбанбай, Жанақ, Бекбау сияқты айтушылардың аты
көрсетіледі. Бұлар Қарабай мен Сарыбайдың көшіп келген елі Балталы деп жырлайды. Балталының
биі Тайлақты дәріптейді.
180
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
Қозының жұрты да Балталы болып шығады. Жер-су, адам, ел аттарын жырау мүлдем жаңартып
алады. Мәселен : Семей, Лепсі, Ұржар дейтін сөздер беріде шыққан ұғымдар. Қозы Көрпешті
мұратына жеткізіп қою айтушының тілегінен туған өзгеріс сияқты. Бірақ, біз Жанақ нұсқасының бұл
жерінің бәрі де болған өзгеріс дейміз. Жырдың ең қызығы, әсерлі жері оның алғашқы бағытының
са
қт
а
л
у
ында
бо
л
у
ға
т
иіс
»
2,237
-238
,
-
деп түпнұсқаға енген біршама өзгерістерді атап
көрсетіп,бұлардың жыр сюжетіне ешқандай зиян тигізбегендігін айтады.
Балталы. Жырда кездесетін жердің аты. «Балталы, балты» көне монғол сөзі демек, көне түркі
элементін білдіреді.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарабайдың асырап алған Ай, Таңсық атты қыздарының ел
көшердегі туған жерді қимай қоштасқан толғауы жырдағы ең бір көркем, әрі әсерлі жолдарындағы
тіл білімінің топонимикасына қатысты деректерді береді.
Балталы, Бағаналы ел, аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол.
Тайлақтың енді аман бол қалған елі,
Аман бол қалың ағаш аққан селі.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Екпе жиде, алма ағаш көлеңкелі.
Сегізсай тау біткен-ді сала, аман бол,
Халайық, қалған елдің шалы, аман бол!
Қарабай қайын атаң сенен қашты, –
Жөргекте Қозы Көрпеш, бала, аман бол!
Ұз
ын
өл
к
е
, жота ме
н т
3,54
.
Ы.Дүйсенбаев аталған жырдың туған мерзімі мен шығу тегін, жанрлық белгілерін сипаттағанда,
бұлардың туу мерзімін анықтаудың қиындығын айтады. Ол сөз болып отырған жырдың мейлінше
көне замандарда туғанын айтса да, оның дәуір талабына орай көп өңделе өзгеріп, жетіліп отырғанын
атап көрсетеді. Зерттеуші осы орайда: «Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп
айту өте қиын. Өйткені, олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған,
тек ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Мүмкін, бұл нұсқалардың көпшілігі көне
заманда туып тарала бастады десек те, халық арасына жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың
бірқатарын ХVІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені,
өңдеп жөндегені мәлім. Қалайда олардың туып, дамып, сан түрлі өзгерістен өтіп, бізге келіп
жеткеніне дейін талай замандар бастан кешірген болу керек»,- дейді
3,9.
Бұл жерде зерттеуші «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын бірнеше аспектіде алып қарастырған: 1.
Шығуы мен таралуы. 2. Өзгеруі және бізге жеткен күйі. 3. Жыршылардың рөлі. 4. Жырдың тууын
сөз ете отырып, жалпы лиро-эпос жанрының пайда болуы мен қалыптасу жолдарын да айтады. Осы
орайда ол жыр ең алғаш ертегі, аңыз түрінде болған дейді. Оның бұл пікірі кейінгі жылдардағы
зерттеулерде қолдау тапқанын көреміз. Жырдың әуел бастағы сюжеті аңызға, одан ертегіге, кейін
эпосқа айналғанын Ә.Марғұлан, М.Жолдасбеков пен С.Қасқабасовтар да айтады [4,75].
Бұл ғалымдар алғашқы түпкі сюжеттің қай мезгілде пайда болғанын анықтауға да күш салған.
Мәселен, Ә.Марғұлан Аягөздегі күмбез бен жыр мазмұнын негізге ала отырып, түпкі сюжет өте
ертеде, біздің заманымыздан бұрын, шамамен ІІ-ІІІ ғасырларда пайда болған сияқты дейді. Ал енді,
М.Жолдасбеков пен С.Қасқабасов алғашқы сюжет Түркі қағанаты заманында туды деген болжам
айтады. Біздің ойымызша, кейінгі ғылыми зерттеулерге қарағанда екінші пікір шындыққа жақын
тәрізді [5,32].
Алатау, Қаратау. Қазақ орографиялық терминологиясында таудың түр – түсін көрсететін
арнайы атау – терминдер бар: Алатау, қаратау, қотыртау, мейізек тау, қалба тау, шыңғыстай
тау, шырыш тау, жылы тау, құзтау. Бұндай көрініс қазақ орография терминологиясы жүйесінің
бай және күрделі екенін дәлелдей түседі.
Қазақтар «Алатау» деп басында мәңгі мұзы басында мұз бен қар жататын, алыстан, ала
болып көрінетін «құрғақ» таулар. Алатау және Қаратау терминдерінің типологиялық мәні
бары байқалады, бұл терминдер бір ғана жеке тауды атамай, таулардың типологиялық бір
түрін атау үшін қолданылады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Алатауды жағалап ар жағымен,
Іле басы Құлжаға тағы барды.
181
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Алатау. (Алатау) - тау. Ала (сын есім)+тау (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау.
Алатау аты биік заңғар тау Алматы облысында болса, кіші -гірім таулар Мұғалжар-Орал
тауларының сілемі, Ақтөбе облысында Ақтолағай тауы сілемдерінің аты ретінде де кездеседі.
Қазақ орографиялық терминалогиясында таудың түр-түсін көрсететін таудың баршылықты
екендігін көрсетеді. Соның ішінде қазақтар «Алатау» деп басында мәңгі мұз бен қар жататын,
алыстан ала болып көрінетін биік тауды атайды. Қаратау болса, ол Алатаудан аласа келеді,
қары жоқ, тасты, алыстан қара түсті көрінетін «құрақ» таулар.
Қаратау. ( Қаратау) - тау. Қара ( сын есім) + тау ( зат есім ) сөздерінің бірігуінен жасалған
атау. Қаратау туралы Е. Қойшыбаев: «бұл атаудағы қара сөзі түспен байланысты, өйткені қара
тауларда өзге ұлы таулардағыдай жаз бойы қар жатпайды» - дейді.
Орталық Қазақстан оронимиясында «Қаратау» атты оронимдер көп болғанымен, «Алатау»
атты оронимдер кездеспейді. Қаратау Алатаудан аласа келетін қара түсті құрғақ тау. Түркі
географиялық терминалогиясында ақ пен қара сөздері өзінің негізгі мағынасына басқа қосымша
мағыналарға да ие бола алады. Құрамында қара сын есімі анықтауыш қызметін атқарады
және зат есімнің алдында тұрады. Қара + тау қара сөзі түрлі топонимдерде әртүрлі мағынаға
ие болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Қаратау, Тарбағатай жерге келді,
Жайтөбе, Қатынды көлге келді.
Тарбағатай - сөзбе-сөз алғанда Тарбаған + тай. « Тарбаған» - көне Түркіше суыр деген сөз, « тай»
деген тау деген сөз. (Мысалы, Алтай деген сөзде сақталған). Яғни, «Суырлы тау» деген мағынаны
береді [6,45].
Ол сөз ( Тарбаған) «Көне түркі сөздігінде» бар. Көне монғол тілдерінде де бар екені рас. Алайда,
оны Көне монғол сөзі емес, Көне түркі сөзі деп түсіндірген дұрыс. Себебі, ол сөз тарихи сөздіктерде
ғылыми тұрғыдан «Көне түркі сөзі» ретінде қабылданған.
Тілдік тұлға сөйлеу барысында бірнеше қызмет ақарады. Прагматикалық деңгейге тілдік тұлғаны
қозғаушы, дамытушы уәждер мен мақсат-міндеттердің табиғатын ашу, ерекшеліктерін талдау
мәселелері енеді. Мұнда тілдік тұлға әдейі қолданған көнерген, кірме сөздер т.б. лексика қабаттары,
диалектикалық сөздерді қолдану ерекешеліктерін және қоғамдық ой-сананың тілдік тұлға тіліне
деген әсерін қарастыруға болады [7,27].
Қалай айтсақ та лиро-эпостық жырдағы топонимия - адамдардың ұзақ уақытқа
созылған, мақсатты түрде жүргізілген мәдени және тілдік әрекетінің нәтижесі. Ең соңғы
жаңа атаудың өзі эвомоциялық түрде дамыған жалқы есімдер жемісі болып табылады.
Олар өзінен-өзі пайда болмайды. Кез-келген оронимдік атау, мейлі ескі болсын, жаңа
болсын, тілдің мәнді бір бөлшегі.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жырында кездесетін жер – су атауларының көбі –
яғни, аталған жер – су аттарының басым көпшілігі ана тіліміздің байырғы сөздерінен
қойылғандығы анықталды.
Қорыта келгенде, жер-су атауларын терең мәнде тілдік тұрғыдан меңгергеннің орны ерекше.
Бүгінгі қазақ жастарының махаббат символына айналған Қозы Көрпеш - Баян сұлулардың басып
өткен ізін тек осы топонимдер арқылы біз көз алдымызға парызымыз.
1
Марғұлан Ә. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» кешені. – Алматы, 1994.-12б.
2 Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: ҚМКӘБ 1962. – 237-238б.
3 Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы. – Алматы, 1973 – 54б.
4 Ертедегі әдебиет нұсқалары / Құраст.: Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков,
М.Мағауин, Қ.Сыдиқов. –Алматы: Мектеп, 1967. – 75б.
5 Қасқабасов.С. Жаназық. Әр жылғы зертеулер. – Астана: Аударма, 2002. –32 б.
6 Әбіласан Ә. Көне сөздер құпиясы. – Алматы: Ғылым, 1995. – 45 б.
7 Әділбекова Л.М., Елшібаева Ғ.К. Антропоөзектік зерттеулердегі «тілдік тұлға» мәселесінің
зерттелуі. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (53), 2015. – 23-28б.
Адилбекова Л.М., Елшибаева Г.К. Исследование проблемы «языковой личности» в
антропоактуальных исследованиях
Adilbekova L.M., Yelshibaeva G.K. Study of the «language person» problem in antropoactual resarch
182
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
Резюме
Б.С. Сарбасов «Топонимические названия в эпосе «Козы Корпеш – Баян Сулу»
В статье были определены различия между вариантами эпоса «Козы Корпеш – Баян сулу» на
основе сопоставительного анализа этих произведении. Вместе с тем было выявлено общие
особенности для всех вариантов: действия персонажей одинаковые эпоса и единый стиль
повествование каждого эпизода дастана.
Топонимические название в этом эпосе свидетельствуют об истории наших предков, которые
являются аборигенати территории Казахстана. Например, такие топонимы какими являются Иртыш,
Нура, Алатау, Каратау, Семей, Ташкент и.т.д., свидетельствуют, о том, что эти местности были
постоянными пунктами казахского народа.
В статье исследование топонимов в данном эпическом дастане охватывает обширные понятия.
Великий писатель М.Ауэзов сказал: «Даже в название маленкого родника скрывает в себе множество
смыслов и не разгаданную тайну». Поэтому общество знает, что топонимы являются памятниками
древности, ценными источниками сведении об истории, но понимание их с позиции
лингвистического, исторического изучения имеет особенно важное значение.
Ключевые слова: Иртыш, Нура, Алатау, Каратау, Семей, Ташкент.
Summary
B.S. Sarbasov «The place names in the epic «Kozy Korpesh – Bayan Sulu»
This article versions of epic “Kozy Korpesh – Bayan Sulu” were defined on basis of comparison they
analyzed that work with it was displayed general peculiarities for all versions the action of character similar
epic and single style narration of everyone’s epic dastan.
Toponomic names in this epos literature are evidence of the history of our ancestors, who are aboriginals
of the territory of Kazakhstan. For example, the toponimies suek as Irtysh, Nura, Alatau, Karatau, femey,
Tashkent and etc. are evidence of that these localityes were constant regions of Kazakh nation.
This article research toponims in this epic literal poem covers extensive concepts. The great writer
M.Auezov told: “ Even in the name of a small spring hides in itself a set of senses and not solved secret”.
Keywords: Irtysh, Nura, Alatau, Karatau, femey, Tashkent.
ӘОЖ 821. 512. 122. 09
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИФТІК ОБРАЗДАР МЕН ЕРТЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРІ
Солтанбаева Т.С. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
2-
курс магистранты,
talshyn_91.kz@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: Таңжарықова А.В. – ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы
Бұл мақалада Қойшыбек Мүбарактың «Пері көші», Бейбіт Сарыбайдың «Перінің қызы – Бекторы», «Ертегі»
әңгімелері сөз болады. Бұл әңгімелердің кейіпкерлері жын-перілер, мифтік образдар, ертегі кейіпкерлері мен
ғашықтық жырдың бас қаһармандары. Автор өз шығармасының идеясын жеткізу үшін қазіргі таңда болып
жатқан оқиғаларды өткен күнмен салыстыра отырып, осы кейіпкерлерді адам баласы сене бермейтін тылсым
дүниеге, қиял әлеміне әкетеді. Мақалада қазіргі көркем шығармалар мазмұнындағы фольклорлық жанрлардың
қызметі, ұлттық танымның сипаттары, көркемдік мәні көрсетіледі. Әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызы бар
шығармаларды жазу барысындағы автордың мифтік образдар мен ертегі кейіпкерлерін қолдану шеберлігі жан-
жақты қарастырылады. Мифтік образдар мен ертегі кейіпкерлері шығарманың идеясын ашуда қаншалықты
қызмет атқарғандығына талдау жасалынады.
Түйін сөздер: миф, мифтік образ, ертегі, кейіпкер, жын-пері
Көркем шығарма өмірде болып жатқан шындықты жеткізуші. Оқырман шығарма арқылы
автордың қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге деген көзқарасын біле алады. Ал сол идеяны автор
қандай жолмен, нендей тәсілмен жеткізсе де өз еркінде. Қазіргі еліміз тәуелсіздік алған тұста
постмодернистік бағытта көптеген шығармалар жазылуда. Соған қарамастан қазақтың ұлттық
танымы мен салт-дәстүрі назардан тыс қалып жатқан жоқ. Қойшыбек Мүбарак, Бейбіт Сарыбай
сынды жазушыларымыздың шығармалары соның дәлелі.
183
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Бұл өмірде адамдар ғана емес, жын-шайтандар әлемі де бар. Олар да адамдар сияқты өмір сүреді,
ешқандай зияны жоқ, тек көзге көрінбейді дейді құран аяттарында. Осындай жын-перілердің өмірін,
олардың көзге көріне бермейтін іс-әрекеттерін сипаттайтын, шығарма желісі перілер мен адамдардың
арасындағы оқиға негізінде өрбитін Қойшыбек Мүбарактың «Пері көші» атты әңгімесі. Бұл әңгімеде
жастайынан жетім қалған ағайынды Кәрім мен Сәлімнің, ұлдары Бақбөр және Кенжеқұлдың,
сонымен қатар пері қыздарының басынан өткен оқиғалары баяндалады.
« -
Көке, «Торлысайға» белгісіз біреулер келіп қонып жатыр екен. ...Шамасы, біздің
жағдайымызды білмейтін біреу шығар...». Міне, әңгіме осылай тосыннан бастау алады. Торлысай
қандай жер? Ол жерге кімдер келіп қоныстанған? Бұл адамдардың басынан қандай жағдай өткен еді?
Оқырманды қызықтыратын сауалдар. Оқиға беймәлім.
«Жиырма жыл бұрын, а, жоқ, заулап жатқан уақыт-ай десеңші, отыз жыл, тура отыз жыл
болыпты-ау, содан бері. Иә, содан бері санасында тыныштық жоқ... Осы кесапаттың барлығына өзін
кінәлі сезінетін...». Әрі қарай оқиға Кәрімнің отыз жыл бұрынғы оқиғаны еске алуымен жалғасады.
Әбден ағасына сеніп өскен Кәрім сал-серілік құрып, ауыл-ауылды аралап, той-тойлап жүргенде ағасы
көк бұқаны іздеймін деп аттан жығылып, нашарлап қалады. Осы кезде ғана бар оқиғаның мән-жайын
ағасы Сәлімнің аузынан естиміз. Осы әңгімеде автор қыз ұзату тойы, танысу тойы, келін түсіру тойы
сынды қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетіп өтеді. Ал жеңгесінің Кәрімді өз атымен атамай
«Тентекқара» деуі халқымыздың «ат тергеу» дәстүрін еске салады. Ат тергеу дегеніміз қайын жұртын
тікелей атымен атамай, арнайы ишаралап ат қою дәстүрі. Бұл жас келінннің тапқырлығы мен
шеберлігін көрсетеді. Бұл да жазушының қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуінің бір көрінісі. Осыдан
соң ағасы өзінің аттан құлаудан бұрын қандай оқиғаларға тап болғанын баяндайды. Сонда
байқағанымыз халықтың танымындағы, халық сенетін, ырымдап, болжам жасайтын жайттарды
көрсетіп өтеді. «Қасқыр жегір көк бұқаны іздемейін-ақ деп ойладым... Мал көзі ыстық қой...
жоқтамай қойсам, киесі атар деп... ала аяқ ат та бір нәрсе сезгендей ұстатпай көп қашты», - бұл ағасы
Сәлімнің сөзі. Төрт түлік малдың өз пірі бар деп сенген қазақ халқының малдың киесі атады деген
түсінікпен, айдаудағы малына ерекше күтіммен қараған. Сәлімді көк бұқаны іздеуге итермелеген де
өзі айтпақшы «киесі атар» деген уайымы еді. Ал ала аяқ аттың алға баспай қоюы бір жамандықтың
болатынынан хабар беріп тұр. Ақыры солай болды да. Айыртөбедегі қорымға жеткенде ала аяқ ат
оқыс осқырынып қалып Сәлім аттан жығылып, есінен танып қалады. «... денемді бір ауыр нәрсе
қорғасын болып басып алыпты... Көзімді ашсам, кеудемде бір кішкене бала қонжиып отыр... Кет ары
деп орнымнан атып тұрмақ болып жанталасып ем... әлгі бәле сары ешкі болып құбылып кетті» , -
дейді Сәлім. Ешкіге айналып кеткен баланы Сәлімді іздеп келген Есбергендер көрмегенін айтады.
«Енді көзім ілінсе болды, былтыр бір тауешкі атып едім, сол келіп сүзгілейді...Бір лағы тірі туылып
анадайда маңырап тұр екен де, енді біреуі іште өліп қалыпты... Сол күні қатты шошынып қалып ем...
содан-ақ болды». Автор кішкене баланы бекер ешкіге айналдырған жоқ. Бұл жердегі ешкі деталь.
Түске ешкі кірсе шайтан, ол жамандықтың белгісі деген жорамал бар халық арасында. Автор осы бір
деталь арқылы алдағы оқиғаның тылсым дүниеге толы екенін айтқысы келеді. Ағасы Сәлім Кәрімге
құпия бір сырды ашады. «Менің жын-перілермен алым-берім жасап қатынап тұратынымды ана көк
бақсыдан басқа ешкім білмейді... Жәми жеңгең перінің қызы... Мен дуамен ұстап қалған ем. Сосын
мені елден оңаша анау етектегі Баспақ төбенің басына апарып жерле... маған жалғыз жату бұйырған»,
-
деп әйелін інісіне табыстап жатып Сәлім ағасы көз жұмады. Осылайша бар ауыртпашылық Кәрімге
түскен еді.
Жесір қалған жеңгесі содан бері күрт өзгереді. Есі кіресілі-шығасылы болып жүреді. Ағасының
жылы өткен соң ғана есін жиған жеңгесі Айыртөбеге бармақ болып Кәрімге ала аяқ атты ерттеп
әкеліп беруін өтінеді. Алайда бұл жолы жылқы малы ұстатпай, қашаған болып шыға келеді. Кәрім
осылайша жылқының әлегімен жүргенде жеңгесі Айыртөбе жаққа жаяу кетіп қалады. Мұны естіген
Кәрім артынан іздеп барады. Сөйтсе жеңгесі ағасы жығылған қорымға келіп алған екен. Сол маңнан
жеңгесін көреді, алайда аты тағы да тік шапшып, алдыға баспай қояды. Кәрім жалғыз өзі де
жеңгесінің жанына бара алмайды, себебі оның қасында қараңдап біреулер жүреді. Қайта ауылға
қайтып бірнеше адамды ертіп келеді. Сонда сырт киімсіз жүрген жеңгесі үлкен боп жанып тұрған
отты айналып жүреді. Мұндағы от тағы да деталь болып тұр. Себебі жын шайтанның жаратылысы –
от. Отты айналған жеңгесі тек таң атқанда барып тоқтайды. Осыдан соң ауыл-ауылды аралып жүрген
бақсыны шақыртады. Себебі болашақты болжап, тылсым дүниенің сырын аша алатын тек қана бақсы
еді. «... жеңгең енді адамзат пен перілердің арасында болады... тағдырдың жазмышы... марқұм
ағаңның тілегі екен... балалы болады... атын Бақбөр қой.. енді бұл жерге сыймайсың... басқа жаққа
184
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
ешкімге айтпай бір-ақ түнде көшіп кетіңдер... басыңа келген қауіп-қатердің барлығын Бақбөр біліп
отырады... былай қарағанда ақыл-есі кеміс болады... екі жастан бастап байлап ұстайсың... мына ала
жіппен байла... басқа ешнәрсе тоқтата алмайды... тек шешесі қайтқаннан соң ғана есі кіреді...». Міне
бақсы осылайша бар сырды ашып береді. Кәрім бақсының айтқанын бұлжытпай орындайды. Басқа
жерге барғанда жеңгесі мен Бақбөр бөлек тұрды. Олар елден ерекше еді. Қақаған қыста да от жақпай
отыра береді, дұрыстап тамақтанбайды да, бар ішетіндері ешкінің сүті ғана. Әрі әрдайым қандай
оқиға болатынын айтып Кәрімді сақтандырып отырады. Ал Бақбөр адуынды күшке айналады. Тек ала
арқанның көмегімен ғана тыныш жататын еді. Бақбөрдің айбарынан қорыққан жұрт бұл үйден
алыстау барып қоныстанатын, тек сырын білмеген бөтен үй ғана жаңадан келіп іргесін тігеді.
Бұл - үйін қабаған төбеттер торитын, малдары бірыңғай түсті аппақ, қойына атпен қуып жете
алмайтын жүйрік перілердің үйі еді. Бұл – пері көші деп аталады. Бұны Кәрім жеңгесінің аузынан
естиді. Жеңгесі Кәрімге мынадай өтініш айтады: «Перінің ауылы тегін қонбайды... мені алып кетуге
келген ғой бұлар... тек Бақбөрден сескеніп алып кете алмай отыр... Сен өз малыңның ішінен абайлап,
байқап отырсаң нысаналы малдарды көресің енді... көбіне бір жеріне қызыл шүберек байланып
қалады... сол малды әр сейсенбі түн ауа қасыңа Бақбөрді ертіп алып, мына бас жақтағы үңгірдің
аузына апарып бауыздап, алдында жатқан қу томардың үстіне қойып кетіп отыр... ». Сонымен
Бақбөрді ұйықтатудың амалы «домаланып киіз болып қалған арқанды» таратқызу болады. Ал Кәрім
болса әр сейсенбі сайын белгі түскен малын сойып, үңгірдің аузына тастап кетіп жүрді. Бұл жүрістен
күдіктенген Кәрімнің кенже ұлы әкесін аңди бастайды. Әкелген етті «аппақ сәуле шашқан ай
дидарлы арулардың» алып бара жатқанын көреді. Ол перінің қыздары еді. Өздерінің сұлулығымен,
сымбаттылығымен Кәрімнің кенже ұлын ынтықтыра түсті. Осыдан кейін бірнеше мәрте аңдумен
жүреді, алайда бұл оқиғаны Жәми жеңгесі біліп қояды да Кәрімге ескертіп, кенже ұлының аңдуына
тыйым салынады. Кенжеқұл Бақбөрдің қасында күні-түні оралған арқанды шешумен болды. Ақыры
арқан таратылады, сол сәтте екі бала да ұйқыға кетеді. Бақбөрдің ұйқыға кеткенін күткен перілер
Жәми жеңгесін қайтадан әдемі қалпына түсіріп, күш-қуат беріп алып кетеді. Осы сәтте жазушы
табиғатқа ерекше сипат береді. «Әп-сәтте айналаны қалың тұман басып қалды... ит үріп, қой
маңырап, сиыр мөңіреп, жылқы шұрқырап кең алқапты сай іші азан-қазан болды да кетті... енді
сіркіреп жауын жауа бастады...
Кенет шарт етіп жер-әлемді зіл-зала қылып найзағай түсіп, күн күркіреді... жайдың оты жарқ ете
қалысымен аспанда ұзаққа шұбатылған күннің күркірі аяқталмай-ақ манағы қалың тұман лезде
ашылып, сіберлеп құйып тұрған жаңбыр пышақ кескендей тоқтады». Міне бұл жерден
психологиялық параллелизмді байқаймыз. Автор жеңгесін перілердің алып кеткенін жай ғана жаза
салған жоқ, әсерлі де көркем болу үшін бұл оқиғаны табиғатпен байланыстыра суреттейді.
Ал Бақбөр мен Кенжеқұл үш күн ұйықтап, естерін жинап, пері қыздардың ауылына анасын алып
кету үшін барады. Олар көшуге қамданып жатыр екен. Бақбөр мен Кенжеқұл қыздарды көшірмеудің
амалын қарастыра бастайды. Пері қыздардың кішісінің мамық қауырсыны Кенжеқұлда болатын.
Олар бұл қауырсын болмаса ешқайда кете алмайтын еді. Кенжеқұл қауырсынды ұлтарағының астына
салып алады.
Туылғаннан бері болашақта не болатынын көре алатын Бақбөр Кенжеқұлға қыздар ұсынған
қымызды ішпей, ақбас атанның басына шашып жіберу керектігін айтады. Шашып жіберген сәтте
ақбас атан қол-аяғы матаулы адамға айналып кетеді. Мұндай оқиғаны көрген қыздар Бақбөрден
кешірім сұрай бастайды. Кенжеқұл «апамды қайтарыңдар» деп талап қояды. Ал апасы пері
қыздарының айтуы бойынша төркіндетіп пері ауылына кетіп қалған екен. Пері қыздары өте қу
болатын. Олар екі жігітті асты-үстіне түсіп күтеді. Қалай да мамық қауырсынды алып кетудің жолын
іздейді. Бақбөр пері затынан болғандықтан ол қыздардың қандай қулық жасайтынын алдын-ала сезіп
отыратын. «Қазір кіргеннен соң екеумізді екі үйге әкетеді... сен сұрайды... бермеймін де... тек
сандығының түбіндегі сақинаңа ауысамын деп айт... ол сақинаны береді... сақинаны берген соң сен
мамық қанатты жоғалтып алдым, таба алмай қойдым деп сылтауратып отырып алсаң кіші пері қызы
сендік болады...». Міне, осылайша Кенжеқұлды сақтандырып отырды. Кенжеқұл Бақбөрдің айтқанын
бұлжытпай орындып, сақинаны да алып алады. Өзінің жеңісіне мастанған Кенжеқұл таң атырып ән
салатын күміс көмей әншіге айналады. Ал Бақбөр болса апасының оралуын күтумен болды.
Барлық жерді ақтарып қауырсынды таба алмаған пері қыздары енді табанының астын қарауды
ойластырады. Қыздың үлкені сіңілісіне Кенжеқұлды көлге апарып, киімшең суға түсіріп, киімін
кептірмек болып жайған кезде қауырсынды қолға түсіретінін айтады. Суға түсіп шыққан
Кенжеқұлды «кіші перінің ыстық құшағы» маужыратып ұйқыға әкетеді. Бұл оқиғаның бәрінен
185
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Бақбөр ғана хабарсыз еді. Пері қыздарына адам баласын алдау ең оңай жұмыс еді. Бірақ кіші пері
Кенжеқұлды ұнатып қалған болатын. Ол Кенжеқұлды да өзімен бірге әкетпек болғанда әпкесі былай
дейді: «адамдардың арасында перілерге орын болғанымен, перілердің арасында адамдарға орын
жоқ».
Автор перінің тілімен адамдарға сипаттама береді. «Адамдарда тек бір ғана сезім бар... ол табыну,
құлшылық ету... Жаратушы ие ең әуелі адамазатты жаратқанда... осы жерге емес... тек өзіне
құлшылық ету үшін ғана жаратқан... Жаратушы алғашқы Адамды тек өзіне құлшылық ету үшін, ал
Хауа ананы Адам атаға тек серік қылу үшін жаратқан... олар әлемнің ең жоғарғы бағында жүргенде
сол жаратушыға деген құлшылық ету, табынудан өзге сезім болмаған. Оларда ер, әйелдік махаббат
деген де болмаған... неке де болмаған... тек сайтанның азғыруымен нәпсінің жемісін жеп қойып
барып жерге түскеннен кейін... соның өзінде де қаншама уақыттан соң бір-бірінен қашып құтыла
алмаған соң бір-біріне жақындасқан...». Сонда адам баласының әлсіздігін көруге болады. Байқап
қарасақ біз адасушы екенбіз. «... сосын жер бетіне тән барлық нәпсінің дүниесін бізден үйренген...
олардың сезімдері тек осы дүниеде ғана... ал о дүниеге кеткенде оларда басқаша ешқандай сезім
болмайды... әуелгі жаратылысына қайтады... тек құлшылықпен ғана қалады... махаббат, қуану,
мұңаю, сүю, сүйдіру сезімдерін біз үйреткенбіз... жер бетінде ең әлсіз тірлік иелері осылар... бұлар
алғаш өмірге келгеннен бастап бір-бірімен ғана селбесіп өмір сүреді... ешқайсысы да жеке-жеке күн
көре алмайды... бұл дүниеде олар бізден кем... тек олар о дүниеге кетіп, әуелгі жаратылысына
қайтқанда ғана бізден жоғары тұрады... ол кезде біз оларға қажетсізбіз... сол үшін де... адамдармен
қатар өмір сүру қиын...». Құдіреті күшті Алла тағала адамзатты тек құлшылық жасау үшін, өзіне
табыну үшін ғана жаратты. Бұл жалған өмір екенін түсінуіміз керек. Өмір – сынақ деп бекер
айтылмайды. Біз Алланың алдына парзымызды өтеп, таза, иманды күйімізде қайту үшін сынақтан
өтушілерміз. Біз-қайта қайтушылармыз.
Осылайша қауырсынды қолға түсірген перінің қыздары адамдар мекенінен көшіп кеткен болатын.
Ошақта лаулаған от пен ыстық құшаққа мастанып, «төбе болып жиналып қалған жылқының қу
құмалағының үстінде» ұйықтап жатқан Кенжеқұлды Бақбөр келіп оятады. Сол кезде ғана Кенжеқұл
мамық қауырсыннан да, қыздардан да айырылғанын түсінеді. Тек сақина ғана Кенжеқұлда қалған
болатын. «Онда қорықпа, ол сені іздеп келеді», -дейді Бақбөр. Осыншама оқиға адамзаттың
уақытымен санағанда бір-ақ күнде болған еді. Ал перілердің мекенінде бір күндері бір аймен тең
болып шығады. Үйлеріне оралған екі жігіттің қайда болғанынан ешкім хабарсыз еді. Бүкіл оқиға тек
өздеріне ғана мәлім болды. «Періден қалған сақинаны ерніне тигізіп емірене сүйген Кенжеқұлдың
құлағына сақинаның ішінен: - Мырзам, күт мені, күт! Мен қайта ораламын, - деген қыздың даусы
естілді». Әңгіме осылай аяқталады. Автор адамдармен қатар емін-еркін өмір сүре алатын перілер әлі
де қайта оралатынын, ешқашан да бізден бөлек кетпейтінін айтқысы келгендей. Жын-шайтан, перілер
біздің өміріміздің бір бөлшегі. Тек олардың жетегіне ермей, дұрыс жолмен жүру әр адамның
иманының беріктігіне байланысты.
Профессор Ж. Дәдебаев мифтік және аңыздық формадағы қазіргі көркем проза үлгілері жайлы:
«Халық әдебиетінің түрлі туындылары, әсіресе, аңыз, миф сипатындағы үлгілер бір шығармаларда
өмір шындығын суреттеудегі амал-тәсілдердің бірі ретінде сипатталса, басқа бір шығармаларда
авторлық идея мен объективтік идеяның жарыса дамып, тоғысып түйісер өзегіне айналады» [2, 42], -
деп әдебиетке тигізген ықпалын жоғары бағалайды.
«Аң мен адамның туыстығы туралы көне миф кейін ертегіге айналып, аң мен адамның
арақатынасы басқа мәнде баяндалады. Оның мысалын қазақ ертегілерінен көруге болады».
Осы орайда жас жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Перінің қызы - Бекторы» әңгімесін мысалға
алуымызға болады. «Сұлу өзінің сұлу екенін білген күні сайтанға айналды. Ал ақын өзінің ақын
екенін білген күні періге айналады» деуші еді менің бір досым», - деп басталады әңгіме. Мұндағы
сайтан – «қазақ аруы», ал пері – ақын жігіт. Бұл екеуі де бір-бірімен мағыналас сөздер.
«Жын, сайтан, пері –мифологиялық бейне. Мұсылман дінінің түсінігі ретінде араб тілінен енген.
Қазақ ұғымында «зұлым рухтар атауы» дегенді білдіреді, жын-пері деген тіркестерде қолданылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан күл-қоқыс баспау, иесіз жұртқа түнемеу тәрізді, т.б. ырымдар
ол орындарды «жындар жайлаған» деген сенімге байланысты туындаған» [3]. Яғни, жағымсыз
кейіпкерлер.
«Мейірімсіз әкенің ықылассыз әрекеті мен құнарсыз ұрығынан жаралып, сезімсіз шешенің
махаббатсыз дүниеге әкелген қызы бесікке бөленбесе, бесік жырын тыңдамаса, әріп танығалы бері
бірде-бір өлең оқымаған», «қазақ аруы» деген атты малданып жүрген» сайтан қыз қазіргі қоғамның
186
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
бойжеткенін көрсетеді. Тән сұлулығы алдыңғы орынға шығып, жан сұлулығы шетке ысырылған
заманның шынайы бейнесін жазушы осы сайтан бейнесіне сыйдырған. Бекторы бәрімізге таныс
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің кейіпкері екені белгілі. Сонда пері атанған ақын жігіт те, сайтан
атанған «қазақ аруы» да бір-бірімен ұқсас болып тұр. Олардың әрекетін ақтап алуға келмейді. Екеуі
де ар, намыс, ұят, адалдық деген қасиеттерден аттап отыр. Жоғарыда атап өткеніміздей қазақ халқы
жын, сайтан, перілерден қорыққан, «жын соқты» деген түсінік те содан қалыптасқан. Автор әңгіменің
атауын да сол қазақтың түсінігімен сай қойған сияқты. Яғни «пері, сайтан» атаулыдан аулақ болсын
деген ой жатқандай.
Жазушы нағыз қазақ аруын ақын жігіттің үйіндегі жарына балайды. Оның жары қазақтың ұрпағын
бесікке бөлеп, тәрбиелеп отырған аяулы ана. «Өйткені оның әйелі ертегілер мен жыр-дастандардың
барлығын тауысқан адам. Ол – нағыз қазақ аруы». Міне, автор тырнақшаның ішіндегі қазақ аруы мен
нағыз қазақ аруының бет-бейнесін осындай ертегі кейіпкерлері, мифтік образдар арқылы сипаттайды.
Мұндай сипаттау тәсілі барлығына түсінікті. Себебі ертегі кейіпкерлері бәрімізге бала кезден таныс
бейнелер. Шағын ғана әңгіменің өзінде қазақ қызының ар-намысы, бүгінгі келбеті, болашақ ұрпақ
тәрбиесі, адам баласының ой таяздығы сынды әлеуметтік мәселелер көтерілген.
Ғашықтық жырдың бас кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды басты мысал ретінде ала
отырып бүгінгі күнмен байланыстыратын Бейбіт Сарыбайдың «Ертегі» атты шағын әңгімесі ертегі
жанрының композициясын түгелдей көрсетпесе де, автордың образ сомдау, сюжеттерді
пайдаланудағы өзіндік шеберлігін көрсете білген.
«Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөрте еді.
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен, - деп халық ертегісіне тән үрдіспен әңгіме басталады. Ары кетсе отыз
жылдың ар жағындағы оқиға баяндалады. Мұнда да ерлі-зайыпты кісілердің жалғыз ғана ұлы болады.
«Өмірді ертегідегідей етіп елестететін, тағдырдың барлық қиындықтары жеңіспен аяқталады деп
түсінетін, адамдардың барлығын да адал деп қабылдайтын, ал өзінің тазалығына имандай сенетін, ала
жіптен аттамай өсіп келе жатқан» Адалбек бала тұңғыш рет өтірік айтады. Оның өтірік айтуына
себеп болған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» фильмі еді. Адалбек те Қозы сынды батырлық танытып,
ақбоз атқа мініп өзінің Баянының ауылына барғысы келді. Осылайша ол нағашы атасының бүкіл
ауыл қызыға қарайтын ақбоз атын «сиыр екі күн болды үйге келген жоқ. Папам соны іздеу үшін сізге
атыңызды бере тұрсын деп жіберді» деп өтірік айтып сұрап алады. Ақбоз ат мінген «Қозының» барар
жері белгілі,мақсаты айқын, ол – көшенің аяққы жағында тұратын Шекердің үйі. Адалбек қыз
алдында ерекше, сүйсіне қарайтын ерлік көрсеткісі келді де ақбоз атпен қыз жанынан шауып өтпекші
болды. Алайда ат шошып, үркіп қалып, Көрпеш ұл жерге құлап түсті. Осылайша аудандық емханадан
бір-ақ шығады. Бар туыстарының, әсіресе, нағашы атасының алдында ұятты болған Адалбек өтірік
есінен адасып жатып алады. Бұл аңғал баланың намыс отынан туған ақылсыз қылығы еді. Оның бұл
жағдайынан шошынған әке-шеше, туыс-туған,дәрігерлер қалалық ауруханаға жібереді. Адалбек
осылайша күтпеген жерден Аламатыдан бір-ақ шығады. Алматыға келгенде ғана әке-шешесімен
сөйлесе бастайды, дәрігерлер де жағдайының жақсы екенін айтады. Содан хайуанаттар бағына,
театрға барып, Адалбек аман-есен ауылға оралады. Осы бір оқиға Адалбекке сабақ болды. «Өмірді
ертегідей елестетіп жүрген Адалбек сол өмірден алғаш рет таяқ жеп, соққы алды». Бала арманы оны
өтірік айтуға мәжбүрлеген болатын. Адалбек өзінің аттан құлауын өтірік айтқаны үшін Алланың
жазалағаны деп түсінді. Бұл оқиғадан соң Адалбек ешқашан өтірік айтпай, адал болуға бел буды.
Ауыл баласының кіршіксіз арманынан,аңғал тілегінен туындаған оқиға шыншыл ертегі іспеттес.
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, жасымыз да, кәріміз де өтірік айтудан аулақ болғанымыз
жөн дейді автор.
Ауыл баласы мен қала баласының арманында жер мен көктей айырмашылық бар. Қазіргі таңда
қаланың баласы түрлі шет елдік мультфильмдердің ойдан шығарылған кейіпкерлеріне еліктейтіні
белгілі. Неге солардың орнына қазақтың баласы өзіміздің Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек пен
Төлеген сынды өмірде болған шынайы тұлғаларымыздай болуды арман етпеске.Оның барлығы
балаға бесікте жатқанда-ақ берілетін қасиеттер. Атадан қалған мұрамен сусындап өскен бала
қазақылықтан жырақ кетпейтіні анық.
1
Мүбарак Қ. Жат құшақ: әңгімелер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. 272 бет.
187
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
2
Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: «Ғылым», 1991. – 208 б.
3
Қасқабасов С.А. Жаназық. – Астана: «Аударма», 2002 – 584 бет.
4
Сарыбай Б. Рауғаш ерте гүлдейді. – Алматы. «Жалын», 2009. – 498 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |