Хабаршы вестник bulletin «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы»



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата12.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#9205
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

 
1.
 
Velde Ch. 1997. Crossing borders: an alternative conception of competence. 27 Annual SCUTREA Conference, pp. 
27-35. 
2.
 
Арсалиев  Ш.  М.-Х.,  Писаренко  В.  И.  Эволюционный  и  генетический  подходы  в  теории  этнопедогогики  // 
Известия южного федерального университета. Технические науки. Тематический выпуск. Педагогика и психология. 
– 2013. – № 10 (147). 
3.
 
Ребзуев Б. Г. Влияние стратегий поведения на мотивацию достижения в процессе учебной деятельности на 
материале иностранного языка: дис. … канд. пед. наук. – СПб., 2001. 
4.
 
Matushansky  G.U.,  Kudakov  O.R.,  Plotnikova  N.F.  The  Competency-based  Models:  European  Traditionsand 
RegionalView // Вестник Казанского государственного энергетического университета. – 2011. – № 4. – С. 105–111. 
 
Тҥйіндеме 
Куратова О.А. 
– 
п.ғ.к.,Шетел тілдер кафедрасының доценті, 
 Истляева Г.Б. 

 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты 
 
Студенттердің оқу-танымдық қҧзыреттіліктерін дамыту кезеңдері 
 
Бұл мақалада білім алушыладың оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамыту мәселесі қарастырылады. Автор «оқу-
танымдық құзыреттілік» ұғымына анықтама берген, осы ұғымның құрылымы туралы қорытынды шығарылған. Шет 
тілі  бойынша  оқу-танымдық  құзыреттіліктерін  дамыту  мен  қалыптастырудағы  ең  маңызды  педагогикалық 
жағдайлар бойынша осы процестің үш кезеңі сипатталады. 
Тҥйін сӛздер: оқу- танымдық құзереттілік, ұғым, педагогикалық шебер 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
105 
 
Summary 
Kuratova O.A. 
– 
candidate of pedagogical sciences, docent at the chair of  foreign languages,  
University of foreign languages and Business career 
Istliyeva G.B. 
– 
2
nd
 course master of Foreign Language: two foreign languages 
 
Stages of students’ educational-cognitive competence development. 
 
This article deals with the problems of learning and cognitive competence of students. The author defines the concept of 
«learning  and  cognitive  competence  'conclusions  about  the  structure  of  the  concept.  Formulated  the  most  important 
pedagogical  conditions  of  formation  and  development  of  learning  and  cognitive  competence  in  a  foreign  language  that 
described in detail three stages of the process. 
Key words: competence, competency, learning and cognitive competence 
УДК 182 
 
АҢШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ  
 
Абдықадырова А.З.  Абай атындағы ҚазҰПУ  
6М01117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты, aikusan@mail.ru 
Ғылыми жетекші: Қоқанова Ж.А. – ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, 
zharka75@mail.ru
 
 
Бұл  мақалада  аңшылыққа  қатысты  атаулардың  этномәдени  сипаты  қарастырылады.  Сондай-ақ  оның  негізгі 
ерекшеліктері анықталады. 
Халқымыздың  материалдық  және  рухани  мәдениетіне,  дүниетанымына  қатысты  зерттеулерге  аса  қажетті 
дереккӛздердің бірі – аңшылыққа қатысты атаулар. Олай болса, зерттеу жұмысының бағыт-бағдары заман талабына 
сай  келетін,  тіл  білімінің  жаңа  бағыттарының  бірі  –  ―тіл  мен  ұлт  біртұтас‖  деген  қағиданы  басшылыққа  алатын, 
этностың  болмыс-бітімін  ―оның  тіл  арқылы  танып  білу  мақсатынан  туындаған  зерттеудің  этнолингвистикалық 
бағытына‖ сай келетін, қазіргі ғылыми сұраныспен ӛзектес болып отыр. 
Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи бейнесі, философиялық жүйелері мен рәміз-
таңбалық ӛсиеттері, ӛмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – барлығы мәдениетпен біте қайнасқан.  
Тҥйін  сӛздер:  этномәдениет,  мәдениет,  тіл,  этнос,  лексика,  лингвомәденитеттану,  аңшылық,  когнитивтік 
лингвистика, адамзат рухы. 
 
Адамзат баласының ең басты құралы, яғни қарым-қатынас құралы болып табылады. Тіл болмысына 
зер салып, сӛз  мағынасын халықтық таным  тұрғысынан ӛрбіту, тіл тарихын  адамның қабылдау,  ойлау, 
пайымдау  тарихымен  ұштастыру,  дәстүр  мен  жаңашылдық  үдерістерін  танымның  динамикалық 
болмысымен  үйлестіру  және  сол  арқылы  қазақ  тілінің  ӛрісін  кеңейтуге,  ӛркениетті  мемлекеттің  қоғам-
дық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. 
Қазақ  тіл  білімінің  сан  салалы  теориялық  ұстанымдары  бүгінгі  күні  тілдік  зерттеулердің  бағыт-
бағдарын анықтауға, маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және жеке 
тіл  білімі  шеңберіндегі  ӛзіндік  белгілерін  сұрыптау,  ӛзге  ізденістер  қатарында  алар  орнын  нақтылау 
қажеттігі зерттеушілердің алдына тың әрі кӛкейтесті мәселелер қойып отыр. 
Кейінгі  онжылдықтар  белесіндегі  зерттеулер  этносты,  ұлт  мәдениетін  тіл  арқылы  анықтауды  негізгі 
қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). 
Нақты  айтқанда,  тілді  тұтынушы  ұлтты  алғашқы  орынға  қоятын  лингвистикадағы  антропоцентристік 
парадигма ӛз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, 
М.Күштаева,  Қ.Қайырбаева,  Н.Аитова,  А.Әмірбекова,  Ж.Саткенова  сынды  жас  ғалымдардың  жұмыс-
тарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәде-
ниеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланысты кӛптеген жұмыстар жүргізді. 
 Түркі  халықтарының  сан  ғасырлар  бойы  жасаған  ―кӛшпелілер  мәдениеті‖  адамзат  ӛркениетінің,  ал 
қазақ халқының мәдениеті кӛне түркілер мәдениетінің құрамдас бӛлігі болып табылады. Қазақ халқының 
материалдық  мәдениеті  тарихи-этнографиялық,  әлеуметтік-философиялық,  лингвистикалық,  ӛнертану, 
мәдениеттану тұрғысынан кӛп жылдар бойы үздіксіз зерттеліп келе жатыр. 
Бүгінгі  күнде  Қазақстан  ғылымында  ұлтымыздың  тілін,  дүниетанымын,  материалдық  және  рухани 
байлығын,  ділін,  экономикалық-әлеуметтік  жағдайын  т.б.  зерттеу  жұмысы  жандана  түсуде.  Ӛйткені 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
106 
 
қазіргі  уақытта  ғаламның  батыстық  үлгісі  негізіндегі  жаһандану  процесіне  қарсы  тұрып,  тілімізді, 
ділімізді,  ұлттық  тӛлтума  болмысымызды  сақтап  қалуға  айрықша  мән  беріліп,  тәуелсіздікке  қол 
жеткеннен бергі жерде ұлтымыздың тарихы қайта қаралып, қайтадан зерде ―сүзгішінен‖ ӛткізіліп, ұлттық 
мәдени құндылықтар жаңғыртылып, ұлттық мәдениеттің қайнар кӛздері зерттелуде. Олай болса, зерттеу 
жұмысының бағыт-бағдары заман талабына сай келетін, тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі – ―тіл мен 
ұлт  біртұтас‖  деген  қағиданы  басшылыққа  алатын,  этностың  болмыс-бітімін  ―оның  тіл  арқылы  танып 
білу  мақсатынан  туындаған  зерттеудің  этнолингвистикалық  бағытына‖  [1,  8  б.]  сай  келетін,  қазіргі 
ғылыми сұраныспен ӛзектес болып отыр. 
Халқымыздың  материалдық  және  рухани  мәдениетіне,  дүниетанымына  қатысты  зерттеулерге  аса 
қажетті дереккӛздердің бірі – аңшылыққа қатысты атаулар. 
Адамзаттың  рухы  мен  келбеті,  оның  ерік  бостандығы  мен  тарихи  бейнесі,  философиялық  жүйелері 
мен рәміз-таңбалық ӛсиеттері, ӛмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – барлығы мәдениетпен 
біте  қайнасқан.  Мәдениеттің  ішкі  мәні  қоғамда  ӛмір  сүріп  жатқан  адамдардың  ізденістерінде 
айқындалады. Мәдениетті тек материалдық және рухани түрлерге бӛлгенде, мәдениет ӛзінің ішкі мағы-
насында менталды екендігін аңғартады. Ӛйткені адамды қоршаған заттар, дүние – бұл мәдениеттің сырт-
қы кӛрінісі ғана, оның мәні адам әрекетінің нәтижесінде руханилықты заттандыруда жатыр [2, 416 б.]. 
Жалпы  мәдениет  адамзаттың  үнемі  рухани  жетілуі  мен  жан-жақты  қалыптасуы  негізінде  сипаттала 
келе,  оның  қоршаған  орта  мен  ішкі  жан  дүниесінен  дамытып  жетілдірген  ӛнер  арқылы  бейнелейтін 
қоғамдық сана мен адамзат танымының негізінде дүниеге келіп, олардың іс-әрекетінің ӛзіне тән ерекше-
ліктерімен дараланатын форма және ереше сипатта қалыптасатын туынды. Ӛнердің сан ғасырлық тарихы 
бар қолӛнер, сӛз ӛнері, бейнелеу ӛнері, аңшылық пен саятшылық ӛнері, ән-күй ӛнері және ӛткен ғасыр-
ларда ӛмірге келген театр, балет, кино мен цирк және эстрада ӛнері сияқты т.б. түрлері қазақтың мәдени 
қоғамында қалыптасып, әрқайсысы ӛз деңгейінде дамып ары қарай жетілуде. Жоғарыда келтірілген онер 
түрлерінің қатарына аңшылық ӛнерін айтылп ӛттік. Ӛйткені аңшылық – дәстүрлі қазақ ӛнері. Аңшылық – 
адамзаттың ең кӛне және алғашқы күнкӛріс қаракетінің бірі болғанмен, уақыт ӛте келе кәсіпке ұласып, 
ортағасырдың  соңына  дейін  шаруашылықтың  негізігі  бір  түріне  айналды.  Кӛшпелі  ӛмір  кезеңінде  аң 
аулап, саят құру дәстүрін ұстанған қазақ халқы үшін уақыт ӛте келе аңшылық үлкен тарихы бар дәстүрлі 
ӛнерге ұласқаны тарихи шындық. 
Ит  жүгіртіп,  құс  салған  Алаш  баласы  бүгінде  ата-бабадан  еншілеп  алған  аңшылық  дәстүрі  адамзат 
баласы пайда болған сонау ғасырлар қойнауында-ақ пайда болғаны рас. Қазақ халқы сақтар мен ғұндар 
кезеңінен-ақ аң аулаудың қыр-сырын жетік меңгерген. Қазақтың аңшылық ӛнері – ұлттық мәдениетіміз-
дің айнасы. Ӛйткені этностың күнкӛрісіне, ӛмір сүруіне қажетті азық-түлігі, киімі мен баспанасы, күш-
кӛлігі мен тұрмыстық бұйымдары т.б. бәрі де қол еңбегінің арқасында қарапайым түрде  яки шығарма-
шылықпен  жасалған  материалдық  мәдениеттің  үлгілері.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  тіл  бірліктерінң  аса 
молдығымен сипатталатын аңщылық ӛнерінің лексикасының ―ғаламның тілдік бейнесін‖ жасаудағы орны 
ерекше. 
Тұрмыстық  лексика  жайлы  құнды  деректерді  Ж.А.  Манкеева  еңбектерінен  таба  аламыз.  Ғалым 
тұрмыстық лексикаға былайша баға береді: «Сонымен, кӛне тамырлы этнолексика халықтың этномәдени 
тарихы  және  тілдік  шығармашылығы  туралы  баға  жетпес  ақпарат  кӛзі  болып  табылады.  Оның  негізін 
құрайтын тұрмыстық лексиканың дені –ұлттық материалдық мәдениеттің реликті, әрі рухани байлығы-
мыздың  түбірі.  Қазақ  тіліндегі  заттық  мәдениетке  қатысты  атаулар  немесе  тұрмыстық  лексика  қазақ 
халқының  материалдық  ӛндірісінің  деңгейін,  сипатын,  түрлерін  және  шаруашылық  пен  тұрғын  үй 
мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекелеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған 
қазақтың халықтық қолӛнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар - қазақ халқының материалдық қана емес, 
рухани да байлығының кӛрсеткіші" [3, 5-13 бб.]. 
Аңшы – аң аулауды кәсіп еткен адам. Оны 
құсбегі
, бапкер деп те атайды. 
Қазақ
 аңшылыққа: ―Бүркіт-
ші  үстіңді  бүтіндейді,  қыбыңды  қандырады,  қақпаншы  қарныңды  тойғызады,  тұзақшы  аш  қалдырмай-
ды...‖ деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға кӛңіл кӛтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, 
құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі аңшылар қолданған құралы, істеген амалына қарай 
былайша жіктеледі: 
1. 
Саятшы
 – аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау 
тіс қамшы, сойыл да ұстайды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
107 
 
2. 
Мерген
 –  садақпен, 
мылтықпен
 аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық 
т.б. аң алады. 
3. 
Қақпаншы
 –  аңды 
қақпанмен
 аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына 
қақпан құрады. 
4. 
Моршы
 – 
түлкі

күзен
 секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды. 
Аңшылық  дәстүрі  адамзат  баласы  пайда  болған  сонау  ғасырлар  қойнауында-ақ  пайда  болғаны  рас. 
Мыңдаған жылдар бойы тұтас бір ұрпақтың кәсібі мен нәсібіне айналған ұлы бабалар мұрасы.  
Ерте кездерде қазақ даласына саяхаттап немесе елшілік қызметін атқарып келген адамдарға әрқашан 
қонақжайлылық кӛрсетіп, иығына шапан жауып, қолына қыран құс қондырып, астына жүйрік ат мінгізіп 
еліне сый-сыяпатпен қайтарып отырған. XVI ғасырдың соңында қазақ мемлекетінің саяси құрылымында, 
басқару  жүйесінде  болған  үлкен  реформалар  барысында  дүниеге  келген,  ұлттық  мүддеге  үйлесетін 
жаңаша  заңдар  ережесі  -  әйгілі  «
Жеті  Жарғыда»
 қазақтың  аңшылығына  ерекше  ден  қойып,  оны 
бұзғандарды  жазаға  тарту  туралы  арнайы  бап  енгізген.  «Жеті  Жарғының»  19-бабында  «Аңға  салатын 
итті, құсты (бүркітті) ӛлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады»,  - 
делінген.  Халқымыз  ұзақ  уақыт  бойы  «тӛренің  иті  бір  күңдік»  деп  тӛренің  итін  де  құрметтеген.  Кӛкте 
самғаған түз тағысын қолға үиретіп, ӛз кәдесше жарату - аң аулауға бағыттау, адамзатқа ортақ құбылыс 
болғанымен,  оның  тамаша  үлгісі  далалық  кӛшпенділердің  арасында  –  қазақ,  кырғыздарда  жақсы 
сақталған. Тек сақталып қана қоймай оның нақты үлгісі аз да болса табиғи түрде ӛмір сүреді, ең бастысы 
құсбегілікке қатысты таным - ырым, тыйым, бейнелі сӛз, поэтикалық метафора, теңеу қазақтардың сана-
сында берік орын алғандығы сонша, құсбегіліктегі кең тараған түрі - қыранмен аң аулау, бүркіт баптауды 
бүгінгі  әлем  қазақтардың    тӛл  мұрасы  деп  түсінетіндігі  ұлт  үшін  мақтаныш.  Бүгінгі  егемен  еліміздің 
мемлекеттік  рәміздерінде  қыран  құс  соның  айқын  дәлелі.  Сонымен  қатар  елдің  бейресми  рәміздерінде 
барыс, бабыр, бӛрі, қабылан сияқты жыртқыштармен әспеттелу сол тамыры терең тарихи сабақтастықтан 
бастау алған үрдістің жалғасы деуге тұрады [4].  
Ол тек күнкӛріс қамы ғана емес, демалыстың бір түрі. Ұлы 
Мұхтар Әуезов
 айтқандай: «Аңшылықтың 
үміт,  қуанышы  кӛп.  Ыстық  оттай  қызулы  минуты  кӛп,  мағыналы  ӛмір.  Аңшылықта  кісіні  ақын  күйіне 
жеткізетін сезім күйі кӛп. Бұл – салқындап кеткен кәрі ақылдың ӛмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып 
келіп, күліп-ойнап ӛткізген күндіз-түніндей ыстық сезім ӛмір. Ӛйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, 
жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы 
жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен 
сӛздер  бар.  Аңшылық  ӛмірінен  ілгері-соңғыдан  қалған  талай  қызықты,  жанды,  сұлу  әңгімелер  кӛп». 
Шынымен-ақ  құсбегіліктің  адамды  ақындық  деңгейге  жеткізетін  «ӛнер»,  әрі  халықтың  кӛне  дәстүрінің 
мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы «еркелері» – 
салдар
 мен серілердің жан жолдасы, жұрттың 
ермегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды. Халық тіршілігімен біте қайнасқан бұл ӛнер қазақ 
халқының  бүкіл  болмыс-бітімін,  даму  деңгейін,  таным-түсінігін  кӛрсетеді.  Академик  Ә.Т.  Қайдар: 
«Халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ, тіл – халық ӛмірінің материалдық және рухани байлық-
тарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін кӛрсететін, ұрпақтан ұрпаққа беріп отыратын 
баға жетпес байлық» - дейді  [5, 304 б.]. Саятшылық ӛнер кӛне замандардан бастау алғандықтан, бүгінгі 
қазақ  тілінің  ауызекі,  жазба  әдебиетінде  кездесетін  жүздеген  тұрақты  тіркестері  мен  атауларды  қазақ 
тілінің  қазақ  тілінің  сӛздік  қорының  ең  байырғы  әрі  құнарлы  құрамы  болып  табылады.  Профессор         
Г.Н.  Смағұлова:  «Тіл  ӛзінің  даму  сатысында  белгілі  бір  тарихи  әлеуметтік  жағдайға  байланысты, 
қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау ӛмір сүрмейді» [6, 34 б.]. Ұлттық сӛздік 
қордың  кең  қабатын  құрайтын  фразалық  тіркестер,  түрлі  қолданыстағы  сӛздер  құсбегілік,  аңшылық 
кәсіпке байланысты тілімізде молынан кездеседі. Аталмыш сӛздердің, ұғымдардың немесе фразеология-
лық  тіркестердің  немесе  мақал-мәтелдердің  кӛп  ұшырасуы  халықтың  тіл  байлығынан,  салт-дәстүрінен, 
әдет-ғұрпынан мағлұмат береді. Мысалы: Қаршыға салғанның, қанжығасы тоқ,  ителгі салғанның етегі 
боқ. Құсбегісі келіссе, күйкентай құс қаз алар. Ат бегі – аттың тұяғына қарар, құс бегі – құстың қияғына 
қарар. Қыран жүйрік пе, Қиял жүйрік пе? Құстың бәрі сұңқар болмас, аттың бәрі тұлпар болмас. Қаршыға 
қазан қайнатар,  ителгі  иығыңды талдырар. Екі сұңқар таласса, бірқарғаға жемтүсер. Қаршыға қаз алса, 
ителгі етек қабады. Саятшының сұңқары, салған жерден іледі. Тауындағы түлкіні, бабындағы бүркіт ғана 
алады. Құс бағу да бір қызық, құс салу да бір қызық.  Сұңқар орманға тартар,тұлпар қорғанға тартар. Ит 
иесі үшін алады, бүркіт жемі үшін алады. Қолмен бергенге құс тоймас. Ителгінің баласы ілмей қалмас.  
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
108 
 
 
1.
 
Оразалиева  Э.  Когнитивтік  лингвистика:  қалыптасуы  мен  дамуы  /  Ғылыми  монография.    –  А.:  Ан-Арыс, 
2007. – 312 б. 
2.
 
Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. 
– 
А.: Ғылым, 1997. – 272 б.   
3.
 
Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. Филол.ғыл.док. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 
1997. –53 б. 
4.
 
 
http://kk.wikipedia
  
5.
 
Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. 
– 
Алматы, 1998. – 304 б. 
6.
 
Смағұлова Г.Н. Фразеологизмдердің варианттылығы. 
– 
Алматы, 1998. – 126 б. 
 
 
 
Резюме 
Абдыкадырова А.З. – магистрантка 2 курса 
 по специальности 6М01117-Казахский язык и литература, aikusan@mail.ru 
Научный руководитель: Коканова Ж.А. – к.ф.н., старший преподователь КазНПУ им. Абая, zharka75@mail.ru 
 
Этнокультурная характеристика названий связанных с охотничеством 
В данной статье рассматривается этнокультурная характеристика названий, связанных с охотничеством. А также  
определяются его основные особенности. 
Очень важным источником аргументов для нашей материальной и духовной культуры и мировоззрения является 
понятия,  связанные  с  охотничеством.  Таким  образом,  это  направление  исследований  является  одним  из  новых 
направлений современной лингвистики  - "язык и нация едины" этнические группы руководствуются принципом , 
что "целью исследования является выявление этно-лингвистических направлений посредством изучения языка", это 
направление в данный момент весьма популярно. 
Исторический  образ  человеческого  духа  и  символ  свободы  и  воли,  философские  ситемы  и  ритуальные  и 
символические  наследия,  жизненные  уроки,  религии  и  языка,  менталитета  и  культуры  –  крепко  переплетены  с 
культурой. 
Ключевые  слова:  этнокультура,  характеристика,  культура,  язык,  этнос,  лексика,  лингвокультурология, 
охотничество, когнитивная лингвистика, духовность человека. 
 
Summary 
Ainur Abdykadyrova – 
2nd
course master of the  speсialty  Kazakh language and literature, aikusan@mail.ru 
Scientific supervisor: Kokanova G. – senior teacher KazNPU Abai, zharka75@mail.ru 
 
Ethno-cultural characteristics of the names associated with the huntings 
In this article the ethnocultural characteristic of  the  names connected  with the  hunting is considered.  And also its  main 
features are defined. 
Very important source of arguments for our material and spiritual culture and outlook is the concepts connected with an 
okhotnichestvo. Thus, this direction of researches is one of the new directions of modern linguistics - "language and the nation 
are  uniform"  ethnic  groups  are  guided  by  the  principle  that  "a  research  objective  is  identification  of  the  ethno-linguistic 
directions by means of studying of language", this direction is very popular at present. 
The  historical  image  of  human  spirit  and  symbol  of  freedom  and  will,  philosophical  sitema  and  ritual  and  symbolical 
heritages, vital lessons, religions and language, mentality and culture – are strong bound with culture. 
Keywords: ethnoculture, characteristic, culture, language, ethnos, lexicon, lingvokulturologiya, okhotnichestvo, cognitive 
linguistics, spirituality of the person. 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
109 
 
ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ 
ЛИНГВИСТИКА И ЛИНГВИСТИКА ТЕКСТА 
LINGUISTICS AND TEXT LINGUISTICS 
 
 
УКД 378.016:81 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ МӘТІН  ҚҦРАСТЫРУҒА БАУЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Сабырбаева Н.Қ. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  аға оқытушысы,nazik_sab@mail.ru 
Баймҧратова И.А. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  аға оқытушысы,irash_bay@mail.ru 
Ғҧмарова Ш.Б. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  аға оқытушысы,sholpan5619@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  шетел  тілін  оқыту  мақсатында  ағылшын  тіліндегі  мәтін  құрастыру  жайлы  айтылады.  Шетел  тілін 
оқытудың бір мақсаты шетел тілінде әңгіме, мәтін құрастыру немесе ӛз ана тілінен шетел тіліне ғылыми, кӛркем тілдегі 
мәтіндерді аудара білуге үйрету болып табылады. Осы тұрғыда ӛз ойын жүйелі жеткізу үшін  сӛйлемдердің бір бірімен 
мағыналық, логикалық байланыстыра білу тілдік біліктілікті кӛрсетеді. Осындай айтылмақ ойды бір бірімен байланыс-
ты, жүйелі етіп беруде күрделі сӛйлем ішіндегі жай сӛйлемдерді байланыстырудың негізгі тәсілдерін жазба тілде дұрыс 
қолдана білуге дағдысын меңгеруге тура келеді. Егер мәтіндегі ойдың бір бірімен байланысы  логикалық жағынан да 
тілдік байланысы да бірізді, жүйелі болса, бұл ӛз кезегінде мәтінді оқушының негізгі айтылмақ ойды дұрыс түсініп, 
мәтіннің мазмұнын  тез, әрі дәл түсінуге кӛмектеседі. Осы мақсатта  бұл мақалада мәтіннің ішкі байланысы мен күрделі 
сӛйлемдерқұрастыруға қатысты мәселелер қарастырылады.  
Тҥйін сӛздер: шетел тілін оқыту, мәтін, әңгіме құрастыру, жалғаулықтар, сӛйлемнің байланысы, жүйелілік, бірізді-
лік, реттілік,  мағынасы, күрделі сӛйлемдер. 
 
Шетел тілін үйренушілер үшін шетел тілінде жазбаша түрде  ойды жүйелі жеткізу және мәтін, әңгіме 
құрастыру қиындық туғызатын мәселелердің бірі болып табылады. Шетел тілінде бір бірімен логикалық 
тұрғыда  байланысқан,  бір  ізді  және  біртұтас  мәтін  құрастыруда  назар  аударылатын  мәселелер  де 
баршылық.  Сондай  мәселелердің  бірі  олардың  арасындағы  мағыналық  байланыс  тәсілдері  болып 
табылады.  Сондықтан    да  студенттерді  жазбаша  түрде  ӛз  ойынан  мәтін  құрастыру,  ӛз  пікірін  жүйелі 
жеткізу  немесе  күрделі  сӛйлем  құрастыра  білуге  баулу    қажет.  Мәтін,  әңгіме  құрастырғанда  немесе 
күрделі  сӛйлем  ішіндегі  жай  сӛйлемдердің  байланыс  тәсілдерінің  бірі  жалғаулықтар  болып  табылады. 
Қазақ тілді тіл үйренушілер үшін ағылшын тіліндегі жалғаулықтарға қатысты қиындық туғызатын мәселе 
олардың  қазақ  тіліндегі  жалғаулықтардан  айырмашылығы  мен  ерекшеліктеріне  қатысты  туындайды. 
Мысалы,  ағылшын  тіліндегі  жалғаулықтар    сӛйлем  мен  сӛйлемді,  мәтіннің  ішіндегі  сӛйлемдерді  жеке, 
дербес мағынасы бар сӛз ретінде келіп, екі сӛйлемді байланыстырып тұрса, ал қазақ тілінде жалғаулықтар 
жеке  жалғаулық  түрінде  де,  ал  кейде  (мезгілдік,  себеп  салдар,  қарсылықты)  бағыныңқылы  сӛйлемнің 
баяндауышына жалғанған жұрнақ түрінде келеді, яғни, ӛз алдына жеке мағынасы бар сӛз емес, жұрнақ 
(+мен/пен; + +ымен/імен; + пастан/местен;  + інше/ынша; + дықтан/діктен) болып тек етістікке тіркесіп 
қана оған қосымша мағына береді. Сондықтан жазбаша түрде мәтіннің,  әңгіменің  немесе оймен ойды 
жүйелі  байланыстырудың  негізгі  тәсілі,  кӛзі    болып  табылатын  ағылшын  тіліндегі  жалғаулықтардың 
табиғатын,  мағыналарын,  жұмсалымын,  орын  тәртібін  меңгерудің  маңызы  зор.  Мәтіннің,  әңгіменің 
немесе күрделі сӛйлемдердің  арасындағы байланыстың бірізділігі, жүйелілігі олардың мағынасын дұрыс 
және терең түсінуге кӛмектеседі. Сонымен қатар ағылшын тілінде ауқымды, күрделі әңгіме, мәтін және 
күрделі  сӛйлемдер  құрастырғанда  да  жалғаулықтарды  дұрыс  қолдана  білу  ӛте  мӛте  қажет.  Жалпы 
ағылшын  тілінде  ой  мен  ойдың  бір  бірімен  жүйелі  байланыста  болуы  үшін  жалғаулықтардың  рӛлі 
жӛнінде Фиилд, Картер, Гоэй, Винтер, Халидей, Хазан сияқты бірқатар тіл мамандарының еңбектерінде   
атап  ӛтіледі.    Жоғарыда  атап  ӛткендей,  шетел  тілін  оқыту  мақсатында    студенттерді  жазба  жұмысына 
үйретуде ойдың, мәтіннің немесе құрастырған әңгіменің біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін 
жалғаулықтардың табиғатына, түрлеріне, жұмсалымына мән беріп, назар аудару қажет. Ал қазақ тілді тіл 
үйренушілер  үшін  ағылшын  тіліндегі  жалғаулықтарды  түсіндірмес  бұрын,  алдымен  осы  екі  тілдің 
жалғаулық  категориясының  арасындағы  айырмашылықтар  мен  ерекшеліктерге  баса  назар  аударуды 
қажет етеді. Шетел тілін оқыту мақсатында ағылшын тіліндегі жалғаулықтардың түрлері мен жұмсалы-
мына  тоқталайық.    Жалпы  ағылшын  тіліндегі  мәтіннің  немесе  құрмалас  сӛйлемнің  мағынасын  дұрыс 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
110 
 
түсіну  үшін,  ағылшын  тілінде  ішінара  дұрыс  логикалық  жағынан  байланысқан  дұрыс  мәтін,  әңгіме, 
күрделі  сӛйлем    құрыстыру  үшінде  оларды  арасындағы  байланысты  және  байланыстың  түрін  толық 
кӛрсететін, білдіретін дәл, нақты белгілері болуы керек. Осындай байланыстырушы қызметін атқаратын 
жалғаулықтарды кӛпшілік Халидей, Хазан сияқты тіл мамандары тӛрт топқа бӛліп қарастырады үстеме 
(қосымша),  мезгілдік,  себеп  салдар,  қарсылықты  мағынаны  білдіретін  жалғаулықтар.  Жалғаулықтың 
белгілі бір түрінің  таңдалуы бір ойдың екінші ойға қандай мағынада қатысын, яғни олардың арасындағы 
байланыстың  түрін  білдіреді.  Әрине,  сӛйлемдердің  арасындағы  байланысты  лексикалық  тәсілмен  де, 
яғни, зат есім, етістік, сын есім, үстеу, қайталау, синоним, антоним арқылы да беруге болады. Дегенмен 
шетел  тілін  оқытқанда  лексикалық  тәсілдермен  қатар  бір  бірімен  байланысты  мәтін,  әңгіме  немесе 
күрделі  сӛйлем  құрастырудың  негізгі  тәсілі  ретінде  жалғаулықтар  оқытылады.  Ӛзіміз  күнделікті  оқу 
үдерісінде  шетел  тілін  оқытуда  практикалық  жұмыс  барысында  мәтін,  әңгіме  құрастырғанда  немесе 
аударма жұмысын жасағанда ағылшын тілі біршама жетік меңгерген студенттердің ӛзі жалғаулықтардың 
жұмсалымын  немесе  орын  тәртібін  жете  меңгермегенін  байқаймыз.  Жалғаулықтарды  дұрыс    қолданыс 
машығын меңгергендігін тексеру мақсатында магистрлік топтағы студенттер арасында сынақ жұмысын 
жүргізілді. Магистрлерге ―Менің ғылыми жұмысым‖ атты тақырыпты кең ауқымды етіп, егжей-тегжей 
баяндайтын жазбаша ғылыми мәтін (әңгіме) құрастыру тапсырылды. Осы тапсырылған жазба жұмысы-
ның  нәтижесін  тексеру  барысында  ағылшын  тіліндегі  жалғаулықтарға  қатысты  жіберілген  қателерді 
тӛмендегідей  топтастарға  бӛліп  қарастыруға  болады:  Керекті  жерінде  екі  сӛйлемнің  арасын  байланыс-
тыратын жалғаулықты тастап кету жағдайлары шамамен он пайыз жазба жұмысында кездесті. Мысалы, 
Applying  Biotechnology  in  agriculture  allows  farmers  yield  annual  crops  over  30%.  The  cost  of  grains  is 
downturn‖  деген  екі  сӛйлемнің  арасын  in  consequence,  thus,  there  fore  деген  жалғаулықтардың  бірімен 
байланыстырса,  осы  екі  сӛйлемнің  арасындағы  мағыналық  байланыс  ашыла  түсер  еді.  Ӛйткені  екінші 
сӛйлемдегі  айтылатын  ой,  сол    бірінші  сӛйлемде  айтылған  ойдың  логикалық  жалғасы  немесе  бірінші 
сӛйлемдегі  әрекеттің  салдары  болып  тұр.  Екінші  бір  жалғаулықтарға  қатысты  жазба  жұмысында  жиі 
кездескен  қателік  жалғаулықтардың    қажетсіз  жерінде  қолданылуы  немесе  дұрыс  жұмсалмау  жағдайы. 
Мысалы,  ―For our experiment   two types of wheat are taken. Both types of wheat are grown in a laboratory 
condition.  Besides  rapid  growth  of  leaves  we  observe  rich  flowering  of  plants.‖  деген  сӛйлемдерде 
қолданылған besides жалғаулығы бұл жерде артық, себебі бұл жалғау арқылы байланысқан екі сӛйлемнің 
арасында үстеме немесе қосымша логикалық байланыс жоқ, яғни besides жалғауы мағыналық жағынан да 
дұрыс  қолданылып  тұрған  жоқ.  Бұл  сӛйлемдерді  жай  ғана  жалғаулықсыз    we  observe  rapid  growth  of 
leaves,  rich  flowering  of  plants.Сонымен  қатар  магистранттардың  жазба  ғылыми  жұмысында  жалғау-
лықтарды мағынасына қарай дұрыс қолдануда да бір қатар қателіктер кездесті: Both  types of wheat were  
fertilized in growing season. However each type produced low crops.‖ деген сӛйлемде де however жалғаулығы 
мағынасы  жағынан  дұрыс  жұмсалып  тұрған  жоқ,  ӛйткені  however  жалғаулығы  қарсылықты  мағынаны 
білдіреді,  ал  бұл  екі  сӛйлемдегі  айтылатын  ойдың  бір  бірімен  қарама  қайшылығы  жоқ.  Ондықтан  бұл 
жерде  however  жалғаулын  қолданудың  қажеті  жоқ.  Жалғаулықтарға  қатысты  тағы  бір  ескере  кететін 
жәйт,  мәтіндегі  байланыс  ең  алдымен  онда  айтылатын  ойда  және  мазмұнында  жатады.  Сондықтан 
мәтінде айтпақ ойдың реттілігі мен сол ойлардың реттілігі мен бір бірімен қандай мағыналық байланыста  
және  оларды  қалай  білдіру  негізгі  мәселе  болып  табылады.  Ағылшын  тілін  біршама  жетік  білетін 
магистрлік  топтарда  жазба  жұмысын  жүргізгенде    олардың  мәтінде  айтылатын  ойлардың  мағынасына 
қарай  оларды  бір  бірімен  қалай  байланыстыруға  болады  және  олардың  реттілігі,  олардың  ара  қатысын 
дұрыс  қалай беруге болады  деген мәселеге келгенде біршама қиындыққа тап болатындығы байқалды. 
Жалпы тіл үйренушілердің тап болатын қиындықтарын ескере отырып жазбаша мәтін, әңгіме құрасты-
руға баулығанда қандай нәрселерге баса назар аудару керектігін үйрету қажет. Мысалы мәтін құрастыру 
барысында оның құрастырылуы, ойдың байланыстылығы, байланысу түрлерінің дұрыс қолданысы, тілдік 
стильді есте ұстауға тура келед. Ал жазбаша мәтінді аяқтағаннан кейін оның мазмұны, негізгі айтпақ ойы 
оқушыға  түсінікті  ме,  дұрыс  жеткізілді  ме  деген  талаптарға  жауап  бере  алама  деген  мәселелерге  назар 
аудару  қажет.  Қорыта  айтқанда,  жазбаша  құрастырылған  мәтінді  аяқтағаннан  кейін  тӛмендегідей 
талаптарға  жауап  бере  алатынын  тағы  да  бір  салыстырып  кӛруге  тура  келеді:  Мәтіннің  мағынасына 
қатысты: мәтіндегі ойдың мазмұны толық ашылу деңгейі; мәтіннің тақырыбына сай ақпарат, мәліметтің 
нақты  берілуі.  Мәтіннің  құрылымы,  байланысына  қатысты:  мәтіннің  әрбір  бӛлігі  яғни,  кіріспе,  негізгі 
бӛлігі,  қорытынды  анық  берілгендігі;  мәтіннің  логикалық  бӛліктерінің  реттілігі,  бірізділігі;  мәтіннің 
негізгі ойдың жүйелі берілуі; мәтіннің үшкі байланысу тәсілдерінің дұрыс қолданылуы; мәтіндегі айтыла-
тын  ойдың  нақты  мысалдар  арқылы  дәлелденуі  есте  ұсталуы  қажет.  Мәтіннің  стилі  мен  сӛз  қорына 
қатысты: мәтінде айтылатын ойдың кең. Бай сӛз қорымен жеткізілуі; стилистикалық тәсілдердің дұрыс 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
111 
 
және ретімен, орнымен жұмсалуына мін беруді талап етеді. Ал мәтіннің тілдік жағынан талапқа сай келуі 
үшін  тӛмендегідей  грамматикалық  заңдылықтардың  дұрыс  қолданысы  яғни,  шақтарды  дұрыс  қолдану; 
артикль мен шылаулардың жұмсалымы; сӛйлем мүшелерінің орын тәртібі; бастауыш пен баяндауыштың 
қиылысуы;  күрделі  сӛйлем  ішіндегі  жай  сӛйлемдердің  байланысу  тәсілдерінің  дұрыс  жұмсалымы, 
сӛйлемдегі  тыныс  белгілердің  сӛйлемдегі  ойды  білдіруде  және  сӛйлемнің  коммуникативті  түрлерін 
ажыратуда  дұрыс  кӛрсетілуі;  сӛйлемнің  ұзақтылығы  тілдік  нормаға  сай  келуі,  сілтеме  жасау  сияқты 
жақтарына  назар  аударып,  сын  кӛзбен  қайта  қарап  шығып,  мәтін  құрастыру  талаптарына  сай  болуын 
қажет етеді. 
 
1.
 
Crewe W., Wright and m.W.K.Leung.1985. Connectives. On the other hand, who needs them, though. Writing papers 
in Applied and Linguistics and language teaching, 8. 
2.
 
Field Y.1994. Cohesive conjunctions in the English writing of Cantonese speaking students from Hong Kong. ARAL, 
17.1. 
3.
 
Field  Y.  and  L.M.O.  Yip.  1992.  A  Comparison  of  internal  connective.  Cohesion  in  the  English  essay  writing  of 
Cantonese speakers and native speakers  of English RELC journal, 23.1. 
4.
 
Halliday, MAK. And R Hasan, 1976. Cohesion in English Language. Longman. 
5.
 
Winter R. 1977. A clause-relational approach to English texts. Instructional Science.6.1. 
6.
 
Winter R. 1977. Clause relations as information structure. Two basic text structures in English. In Advances in written 
text analysis. Ed. M.Coulthard. London. Routladge. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет