Key words: intercultural communication, intercultural education, communicative competence, globalization,
communicative competence.
377.016:811.111
ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ РӚЛІ
Халманова К.К.
–
Абай атындағы ҚазҰПУ 6М011900 Шетел тілі:
екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты,
karlygash_75@bk.ru
Жобалау әдісі – ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістердің бірі болып саналады. Жоба – оқушылардың ӛз бетінше
жоспарланған және ӛздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба ӛзегінде белгілі бір шешімді
қажет ететін мәселе болады. Мұнда оқушылардан практикалық мақсатқа сай тапсырманы, ӛздеріне ыңғайлы
тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап етіледі.
Жоба әдісінің негізгі мақсаты: жан-жақты ӛз бетімен жұмыс жасай алатын оқушының терең шығармашылық
білім деңгейін дамыту және де жоғары білімді алдындағы мәселені шеше алатын компетентті жеке тұлғалар
қалыптастыру. Мұнда оқушылар жеке немесе топпен бірлесіп белгілі бір бағытта әрекет етеді, ізденіс жүргізеді, ол
еңбектенуді үйренеді, ӛз пікірін дәлелдей алады, білімін, күшін сынайды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
85
Тҥйін сӛздер: табиғи, және әлеуметтік жобалар, коммуникативті, компетентті, жобалаудың деңгейлері, жобалау
іс-әрекетінің ұстанымдары.
Басқа пәндерге қарағанда шет тілі жеке тұлғаға бағыттап оқытуды кӛбірек қажет етеді. Шынымен де,
оқушы сӛзі - оның ӛз кӛзқарасын, эмоциясын, жеке ойын білдіру құралы. Қарым-қатынас кезінде,
мүмкіндігінше, оқытушының қызығушылығын арттыратын, жеке тәжірибесімен байланысты ситуация-
ларды қолдану керек, яғни жеке шет тілін үйренуде қызығушылығын арттыру жолдарын іздестірілуде
бірден бір жолы жобалау әдістемесі болып табылады. [350 с.]
Оқушыны оқу процесіне тікелей араластыру қажеттілігі, оны оқу ісінде белсенді субъект жасау, оның
басқа оқушылармен бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастыру, оқу процесіне шынайы практикалық бағыт
беру- оқыту технологиясының бұл әдісін, яғни «жобалау әдісін» мұғалімдер соңғы кездері шет тілдері
сабақтарында жиі қолданады.
Жобалау әдісі – ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістердің бірі болып саналады. Жоба – оқушылардың
ӛз бетінше жоспарланған және ӛздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба ӛзегінде
белгілі бір шешімді қажет ететін мәселе болады. Мұнда оқушылардан практикалық мақсатқа сай
тапсырманы, ӛздеріне ыңғайлы тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап
етіледі. [404 с.]
Жобалау әдісі практикаға бағытталған, оқушының ӛз бетімен жасаған жұмысын топтың және
коллективтің жұмысымен ұштастыру мүмкіндігін береді,оқушылардың қажетті ақпаратты ӛз бетінше
іздеуіне түрткі болады, табылған ақпаратты дұрыс ұйымдастырып, оны басқаларға таныстыру үшін
шығармашылық фантазияның дамуын талап етеді. [380 с.]
Жобалау әдісі оқушыны жан-жақты белсенді етеді; оның интеллектуалды сферасын, типологиялық
ерекшеліктерін және мінез-құлқын; қызығушылығын, еңбекқорлығын, табандылық, коммуникативті
іскерлігін, сезімін, эмоциясын. Сабақтан және мектептен тыс жұмыс істегендіктен оқушы мен мұғалім
арасында, оқушылардың ӛздерінің арасында қарым-қатынас қалыптасады.
Әр жоба түрлі фазалардан қадамдардан тұрады. Жоба фазалары қадамдары дұрыс логикалық ретпен
бірінен соң бірі ӛтеді.
Жоба дегеніміз не? Ол оқытудың бір формасы, яғни белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір тапсырма
орындалады. Шешу жолы, яғни қадамдары ӛз бетінше жоспарланып, ӛткізіледі. Кӛптеген жобаларда
жұмыс түрлі топтарға бӛлінеді.
Жобалау жұмысы құжаттандырылады да, соңында жұмыс презентазияланады. Презентацияда адам ӛз
жіберген қателерін кӛріп, үйренеді және келесі жолы қалай жақсырақ жұмыс жасау жолын қарастырады.
Неге оқушы жоба әдісін үйрену керек? Жоба әдісі бойынша оқушы ӛз бетімен жұмыс жасай алады.
Оқушы жұмыс жоспарын ӛз бетінше құрып, егер де қате жіберсе, қатесін ӛзі кӛріп, жіберген қатесінен
үйрене алады. Қазіргі уақытта кӛп тапсырмалар қиын, оны жалғыз адам шеше алмайды, сондықтан
белгілі бір тапсырмалар үшін жоба командалары құрылады. Бұл командалар белгілі бір уақыт ішінде
белгілі бір тапсырманы шешу керек. Әрқайсысы ӛзінің пәні бойынша білімін және бейімділігін жұмыста
кӛрсетеді. Жоба жұмысы жүру үшін кім, не, кіммен, қай уақытта, қалай жасайтыны келісілуі керек. Тек
қане, егер де әркім жоба жоспарын ұстанса, сол уақытта ғана проблема шешіледі. [217 с.]
Мектеп жобаларындағы жұмыс оқушыны шыңдайды, болашақ мамандықтарының талаптарын
орындай алатындай етеді.Сонымен қатар, оқушы жұмыс тапсырмаларын бӛліп, ұйымдастыра алуға
үйренеді, сӛйтіп кез келген жұмысты орындай алатындай шеберлік қалыптасады.
Жоба қалай ӛтеді? Жоғарыда айтқанымыздай, жоба бірнеше фазалардан қадамдардан тұрады.
Жоба фазалары
1 Проблема Тақырып таңдау
· Қандай тақырыпты зерттеуім керек?
· Бұл тақырыпта қандай бӛлімдер бар?
· Менің жоспарым не?
· Бұл жоспарға не жатады?
· Пролеманы суреттеу.
· Қай оқушылар бірге топ құрай алады?
2
Жұмысты жоспарлау; жұмыс. . .
жоспарын шешу жолдарын дамыту
· Жекеленген қандай тақырып бӛлімдерімен жұмыс
жасауым керек?
· Осы тақырып бӛлімдерін зертеу үшін қандай қадамдар
жасауым керек?
· Қандай қадамдар жасауым керек?
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
86
· Уақыт және жұмыс жоспарын жасау.
· Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін түсіндіру.
3
Жобаны ӛткізу: жобамен. жұмыс белгілі
тапсырмаларды орындау
· Жекеленген тапсырма бӛлімдерін шешу
· Тақырыпшалармен жұмыс.
· Жұмысты уақыт және жұмыс жоспарымен салыстыру.
· Жоба құжаттарын документтерін толықтырып отыру.
4 Презентация
· Жоба кӛрсетіледі: барлық қадамдар/фазалар қысқа,
және жобаның нәтижесі кӛрсетіледі.
5 Бағалау
· Не жақсы орындалды?
· Нәтижесінде нені дұрыстауға болады?
· Келесі жолы шешу жолында нені дұрыстауға болады?
· Топ жұмысы қалай ӛтті?
6 Жоба құжаттарын аяқтау
· Жоба материалдарында әр фаза/қадам
құжаттандырылады.
· әр фазада/қадамда не жоспарланғаны, не
орындалғаны жазылады.
· не жақсы, не нашар ӛткені жайындағы ойлар да
құжатқа кіреді.
Жеке жоба фазаларында/қадамдарында не ескерілуі керек?
· Таңдалған тақырып оқушыны қызықтыру керек. Оқушы белгілі бір топқа бӛлінгенде, ол топта оның
достары болғандықтан емес, тақырып оны қызықтырғандықтан сол топта жұмыс істеуі керек.
· Жоспарланған тақырып белгіленген уақытта игеріле алуын естен шығармау керек. – [185 с.]
· Проблеманы шешуде/тақырыпты игеруде қандай материал және ақпарат қажет?
· Презентация мақсаты тыңдармандарға жоба нәтижесін кӛрсету.
· Презентация ауызша және еркін ӛтеді.
· Презентацияға түрлі кӛрнекі құралдарын қолдана аласыз: сурет, газет қиындылары, презентация
плакаты, powerpoint-презентациясы.
Жобаны қорытындылағанда мыналар ескеріледі:
· Біз тақырыпты дұрыс таңдадық па?
· Уақыт және жұмыс жоспарын дұрыс жасадық па?
· Жұмыс жоспарлағандай ӛтті ме? (егер жоқ-онда неге?)
· Біз презентациямызды жақсы дайындадық па?
· Презентацияда қолданған материалдар, құралдар кӛрнекі болды ма?
· Келесі жолы қалай жақсырақ жасаймыз?
· Біз топта қалай жұмыс жасадық?
· Егерде топта жұмыс ойдағыдай ӛтпесе онын себебі неде?
Жоба құжаты:
· Жоба жазбаша мәлімдемемен кӛрсетіледі.
· Жоба мәлімдемесі жоба папкасында жинақталады.
· Жоба мәлімдемесіне мыналар кіреді:
- оқушы аты-жӛні, телефон нӛмірі, сыныбы, оқу жылы, жобаның тақырыбы
- әр жоба фазасына/қадамына мәтін
- әр мәтінде сен қалай жұмыс істегеніңді және жоба нәтижиесін суреттейсің
Жобаны бағалау: мұғалім жоба құжаттарын мынадай жағдайларды ескере отырып қарайды:
1. Жоба идеясы:
· Мақсаты/тақырыбы кӛрсетілген бе?
· Тақырыпшалар дәл кӛрсетілген бе?
2. Жобаны жоспарлау:
· Уақытты дұрыс бӛлдің бе?
3. Жобамен жұмыс:
· Әр жұмыс қадамдарын мұқият жасадың ба?
· Сенің басқа оқушылармен жұмысың қалай ӛтті?
· Сен жұмыс және уақыт жоспарыңды басшылыққа алдың ба?
· Сенің жоба нәтижең қандай?
4. Жобаны презентациялау:
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
87
· Сен еркін презентацияладың ба?
· Презенация құралдары жақсы, түсінікті болды ма?
5. Жоба құжаты:
· Сен жобаның барлық фазаларын суреттедің бе?
· Сенің жоба мәлімдемеңнен сенің қандай тәжірибе алғаныңды кӛруге болады ма?
· Жоба папкасы дұрыс жасалған ба?
- Кӛрнекі
- Түсінікті
6. Қорытынды:
Жобаның ӛтуі жайлы ойладың ба және жіберілген қателерден болашақтағы жобалар үшін қорытынды
жасадың ба?
Қорытындылай келе айтарым, проектілер әдісі шынайы практикалық нәтижеге бағытталған проблема-
лық, зерттеу, іздестіру әдістерін қарастырады. [ 522 с.]
Дүние жүзінің барлық елдерінде жобалар әдісі кең қолданылады, себебі, ол бір проблеманы шешу
барысында оқушылардың алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндіктерін береді.
Жобалау технологиясы дегеніміз не?
Европа тілдерінде «жоба» сӛзі латын тілінен алынып, projectus «алдыға лақтырылған» деген мағынаны
білдіреді, «сӛйлеуші», «кӛзге түсуші», яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы сияқты, осы іс-
әрекет жоба жасауға әкеледі. Сонымен жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол бір нәрсені алудың жолын
кӛрсетеді. Жоба сӛзінің түсінігі терминологияда «проблема» сӛзімен тығыз байланыста болады. Жоба
проблема ретінде шығармашылықтың шынайы жағдайын жасауы мүмкін, онда адам идеялардың жаршы-
сы, жүзеге асырушысы. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы
шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден
алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.
Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, ӛз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі,
ӛзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы.
Оқу барысында оқушыны ӛз бетімен іздендіре отырып, ӛзіне деген сенімділік күшін тудырып, ӛз
ойын арық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу
қажет. [240 с].
Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. XXI ғасырда
әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту.
Ол оқушылардың неғұрлым ӛз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге
бағытталған.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі
түрде бағыттау керек екені - бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі
күннен-күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative
learning» - бірге үйрену деген мағананы білдіреді.
Түсіндірме сӛздікте оған тӛмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы - оқушылардың
жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. [312 с.]
Жобалау технологиясы XXI ғасыр сұранысына ие болған ең ұтымды, ең тиімді инновациялық
технологиялардың бірі.
Жобалау технологиясы – білімнің тиімділігі мен сапасын оқыту үрдісінде тиімді ұйымдастырумен
бірге ақпараттық, зерттеулік, шығармашылық, тәжірибе - жобаларды сапалы түрде жасап, ақпараттық
кӛздерді кеңінен қолдана білуден тұрады. Жалпы әлемдік педагогикада осы технология ешкімге жаңалық
емес, барлық елде, әртүрлі салаларда жобалау технологиясын қолдану кең тараған. Жобалау технология-
сы IXX ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін
салған-Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. [ 331 с.] Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын
ұсынды. Бұл жерде ӛмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны
шешу үшін ӛз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат кӛздерін қайдан алуға болаты-
нын ғана айтады немесе оқушы ойына ӛзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір
проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім
жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Дж. Дьюидің
ілімін жалғастырушы - Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің прфессоры
Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды ӛз жұмысының жемісін кӛруге ынталандыру арқылы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
88
үлкен ӛмірге дайындау - бұл технологияның негізі. «Ӛзіне кӛйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға
алайық. Егер Ло кейін ӛзі киетін кӛйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен кӛйлек
үлгісін ӛзі ойлап тауып, ӛз бетімен ӛлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының
нағыз типтік үлгісі» - деген екен Хилпатрик.
1. Сабақ беру тиімділігін арыттыру жолдары: Респ. Пед. Оқулардың материалдары. – Алматы. –Тамыз,
2002 ж. – Алматы:Мектеп. –[ 522 с.]
2. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Международный гуманитарный фонд «Знание», 1996. –
[312 с.]
3.Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. Пер.с.нем. – Москва, 2000. – [400 с.]
4. Сепир. Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – Москва, 1999. – [404 с.]
5. Поршнев В.Ф. О начале человеческой истории. – Москва, 1974. – [350 с.]
6. Ларин Б.А. О народной фразеологии // Ларин Б.А. История русского языка и общее языкознании. – Москва:
Просвещение, 1997.-[380 с.]
7. Телия В.Н. Русская фразеология. – Москва, 1996. – [217 с.]
8. Мелетенский Е.М. Поэтик мира. – Москва: Наука, 1979. – [185 с.]
9. Вежбицкая А. Язык, Культура. Познание. – Москва: Международные отношения, 1996. – [240 с].
10. Воробьев В.В. Лингвакультуралогия. Теория и методы. – Москва.: Изд. РУДН, 1997. – [ 331 с.]
Резюме
Халманова.К.К. – магистранка 2 курса
по специальности 6М011900 Иностранный язык: два иностранных языка Каз НПУимени Абая,
karlygash_75@bk.ru
Роль проектной работы в межкультурной коммуникации
Метод Дизайн считается одним из самых эффективных методов преподавания английского языка. Проект,
студенты будут самостоятельно и независимо друг от друга работают проведения этого плана. Каждое проекта будет
вопрос, который требует решения. Здесь студенты практикуют с целью творческого задания в удобное время и в
порядке, удобное для них не требуется.
Основная цель метода проектов: комплексная уровень знаний студента может работать на их собственный
творческий решить проблему с развитием высшего образования и формирования компетентного лица. Здесь в
одиночку или вместе с группой студентов в определенном направлении, научно-исследовательской работы, и узнать,
по мнению испытаний можно доказать силу знания.
Ключевые слова: природные, компетентные, коммуникативные и социальные проекты, принципы дизайна
уровней проектной деятельности.
Resume
Khalmanova K.K. – 2
nd
course master of Foreign Language: two foreign languages,
karlygash_75@bk.ru
The role of project technology in intercultural communication
Design method is considered to be one of the most effective methods of teaching English. Project, the students will be on
their own and work independently carrying out this plan. Each core of the project will be a question that requires a decision.
Here, students practice with the goal of creative job at a convenient time and in a manner convenient to them is required.
The main objective of the project method: comprehensive level of knowledge of the student is able to work on their own
creative to solve the problem to the development of higher education and the formation of a competent person. Here, alone or
together with a group of students in a certain direction, research, work, and learn, in the opinion of the tests can prove the
power of knowledge.
Key words: natural, competent, communicative and social projects, design principles of design activity levels.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
89
КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА
КОГНИТИВНАЯ ЛИНГВИСТИКА
COGNITIVE LINGUISTICS
УДК 811.512.122’36
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНИ СӚЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ
ЖОЛДАРЫН ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
Дҥйсенбі С.А.
–
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы
Бұл мақалада қазақ тіліндегі арабша діни сӛздердің грамматикасын оқытудың лексика-семантикалық және
морфологиялық жақтары айтылады. Қазақ әдеби тілінде қолданылып жүрген діни сӛздердің арабша сӛзжасамдық
үлгілерін және сол сӛздердің қос тілдегі мағыналық ерекшеліктерін салыстырмалы оқыту мәселесі қарастырылады.
Тіл игеруде ауызша және жазбаша түрлерде қолданылатын сӛздердің лексика-семантикалық және грамматика-
лық жақтарын қарастыру керек болады. Тіл оқытуда қажетті оқу материалы ретінде алынатын мысалдарға арабша
сӛздерді алғанда, оның мамандыққа қатыстылығына да кӛңіл аудару ӛте маңызды екені айтпаса да түсінікті. Бұл араб
тілін шет тілі ретінде оқытудағы оқу-әдістемелік шарттарға жатады. Ӛздері оқитын негізгі мамандыққа қатысты
теориялық пәндермен қатар араб тілі пәнінің де ӛзіндік тіл оқыту функциясының ішінде тағы да бір миссиясы жатыр
деуге болады. Ауызекі лексикадан басқа кәсіби бағыттағы лексиканы оқыту білімгерлердің пәнге деген қызығушы-
лығын арттырады, сонымен қатар мамандыққа қажетті кәсіби сӛздерді жан-жақты игеруіне ӛз ықпалын тигізеді.
Қазақ тілінің сӛздік қорында қолданылып жүрген арабша діни мағынадағы кірме сӛздерді діни тұрғыдан да, тілдік
тұрғыдан да талдап түсіндіріп бере алатыны сӛзсіз.
Араб тілі әлемдегі тілдердің ішінде лексикалық сӛздік қорының байлығымен таң қалдырады, ал тілдің
грамматикалық заңдылықтарының нақты математикалық жүйе арқылы қалыптасқанын лингвист мамандар да, араб
тілімен шұғылданушылар да айта алады.
Тҥйін сӛздер: ислам діні, діни кірме сӛздер, сӛзжасам үлгілері, етістіктің бабтары, масдар, негіз және ырықсыз
етіс есімшелері, қосарланған, бос, хамзалы, ұқсас, толымсыз етістіктер, идафа, «әл» артиклі, аппроксимация және ана
тілін есепке алу принциптері,грамматикалық-аударма және саналы-салғастырмалы әдістер;
Ислам дінінің қазақ елінің территориясына келуінен бастап, қазақ халқы бұрынғы ата дәстүр салт-
жоралғыларына қоса исламның бес парызына қатысты діни рәсімдерді де біртіндеп қабылдай бастады.
Дүние жүзінде халықаралық тілдер санатында келе жатқан классикалық араб тілі де басқа ұлт пен
ұлыстардың тілдеріне кіріп, қолданыла бастады. Күні бүгінге дейін араб тілі ӛз маңызын жойған жоқ.
Арабша сӛздер қазақ халқы ӛміріне саяси, мәдени, экономикалық және тағы басқа салалар бойынша елдің
қоғамдық ӛміріне әуелі жаңа сӛздер ретінде енгізіліп, кейінірек қазақ халқының сӛздік қорында беки
түсті. Бұл кірме сӛздердің тілімізге басқа кӛршілес жатқан халықтардың тілі арқылы сатылап енгенін
олардың дыбыстық және мағыналық ӛзгерістеріне қарап пайымдауға болады. Қазақша тӛл сӛздер мен
арабша кірме сӛздерді тек арабтанушы мамандар ғана талдап кӛрсете алатыны сӛзсіз. «Лингвистикалық
тұрғыдан қарағанда, араб, парсы сӛздерінің қазақ тілі ғана емес, жалпы түркі тілдері лексикасын молайту-
дағы рӛлін, эволюциясын, әсерін, сӛздердің семантикалық жақтан дамуын, орфографиялық, орфоэпия-
лық, грамматикалық жақтан ӛзгерісін ғылыми тұрғыдан білу – қажетті нәрсе». [9,105] Ислам діні діни
наным-сенімге байланысты ұғымды білдіретін сӛздерді сол араб тіліндегі ӛз мағынасы мен дыбысталуын
ӛзгертпей-ақ қолдануды қуаттады. Әр нәрсенің екі жағы болатыны сияқты, кірме сӛздердің кез-келген ұлт
тілі үшін дұрыс және бұрыс тұстары бар екенін сезінуге болады. Басқа тілден енген кірме сӛздер ана
тілінде кӛп болса, онда ана тіліндегі сӛздік қорымызға қауіп кӛбейеді, тіліміз аралас тіл сияқты шұбар-
ланады. Дегенмен де қалыптасқан кӛптеген терминдер сияқты арабша діни терминдер де еш аудармасыз,
ана тіліндегі баламасыз қолданылады. Ислам дініне қатысты терминдерді қазақ халқының дәстүрлі ислам
дінін ұстауына қатысты ӛзгеріссіз қабылдауы мұсылман әлеміндегі халықтармен қарым-қатынас жасауда
ортақ түсіністікке әкелетіні де белгілі.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
90
«Язык является хранителем национальной культуры народа, который на нем говорит. Поэтому
обучать иностранному языку важно не только как способу выражения мыслей, но и как источнику
сведений о национальной культуре народа – носителя языка». [2,55]
Теология және дінтану мамандығы бойынша оқитын білімгерлерге араб тілі пәнін оқытуда оқытушы
шет тілін үйретуші ретінде осы екі мақсатты негізге алады.
Оқыту мазмұнының лингвистикалық компоненті нақты таңдап алынған актив және пассив сипаттағы
фонетикалық, грамматикалық, лексикалық минимумы бар тілдік және сӛйлеу материалын қамтиды. Ол
оқыту принциптерімен, оқыту мақсаттарымен, үйреніп жатқан тілдің ішкі тілдік заңдылықтарымен
сәйкестікте, оқушылардың оны игерудегі мүмкін болатын қиындықтарын ескере отырып таңдалынған
және әдістемелік тұрғыдан ұйымдастырылған болуы қажет. [1]
Тіл игеруде ауызша және жазбаша түрлерде қолданылатын сӛздердің лексика-семантикалық және
грамматикалық жақтарын қарастыру керек болады. Тіл оқытуда қажетті оқу материалы ретінде алынатын
мысалдарға арабша сӛздерді алғанда, оның мамандыққа қатыстылығына да кӛңіл аудару ӛте маңызды
екені айтпаса да түсінікті. Бұл араб тілін шет тілі ретінде оқытудағы оқу-әдістемелік шарттарға жатады.
Ӛздері оқитын негізгі мамандыққа қатысты теориялық пәндермен қатар араб тілі пәнінің де ӛзіндік тіл
оқыту функциясының ішінде тағы да бір миссиясы жатыр деуге болады. Ауызекі лексикадан басқа кәсіби
бағыттағы лексиканы оқыту білімгерлердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар
мамандыққа қажетті кәсіби сӛздерді жан-жақты игеруіне ӛз ықпалын тигізеді. Қазақ тілінің сӛздік
қорында қолданылып жүрген арабша діни мағынадағы кірме сӛздерді діни тұрғыдан да, тілдік тұрғыдан
да талдап түсіндіріп бере алатыны сӛзсіз.
Араб тілі әлемдегі тілдердің ішінде лексикалық сӛздік қорының байлығымен таң қалдырады, ал тілдің
грамматикалық заңдылықтарының нақты математикалық жүйе арқылы қалыптасқанын лингвист маман-
дар да, араб тілімен шұғылданушылар да айта алады.
Қазіргі уақытта қазақ тілінің сӛздік қорында грек, латын, орыс, ағылшын, т.б. европалық тілдерден
енген сӛздер кӛбейіп келеді. Алайда бұл тілдерден бұрын ана тілімізге орта ғасырлардан бастап әр түрлі
тарихи жағдайларға байланысты енген араб және парсы тілі сӛздерінің орны ерекше, олар тӛл сӛздеріміз-
дей қолданылып кеткен. Лингвистикалық тұрғыдан ғылыми талдау жасау арқылы ғана ана тіліміздегі
сӛздердің шығу тарихын анықтай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |