1-кесте. Құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдардың ӛзара байланысқан дамуы
Ҧғымдар
Ҧғымдарға тҥсініктеме
Зерттеуші
Іскерлік
Білімді практикада қолдану, саналы түрде белгілі
бір іс-әрекетті орындау қабілеті.
К.Д.Ушинский (1824-1870)
Білімділік
Әр түрлі тіршілік әрекетіндегі мәселелерді шешуде
ӛзінің қабылдаған әлеуметтік тәжірибесін пайдалана
білу қабілеттілігі. Еріктілікті, қылықтар мен
әрекеттерді белгілейді, тұтас тұлғаның моральдық
бейнесін айқындайтын мінез-құлық принципіне
айналады.
Б.Г.Ананьев (1907-1972)
О.Е.Лебедев (1938-2004)
Бәсекелестік
Ӛзара жарыс; біреуден озу мақсаты кӛзделген
талас, тайталасу, ерегісу, бәсекелесу.
Ю.Бабанский (1927-1987)
Құзырлық
Білімнің интелектуалды және дағдылық құрамын
біріктіреді; табиғи интегративке ие нәтижеден
А.А.Пинский (1956-2006)
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
124
құрастырылған;
білімнің
мазмұнды
түсіндіру
идеологиясы орныққан когнитивті, операциялы-
технологиялы, мотивациялы, этикалық, әлеуметтік
және тәртіптік құрамасы.
Қазақстандық ғалымдар құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдарға ӛздерінің түсінігін береді.
С.М. Құдайқұлов: «Қабілеттілік – белгілі бір қарекетті нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара
ерекшелігі. Ол қарекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады. [3] Оның
жоғары деңгейі – творчестволық, таланттық, дарындылық, данышпандықпен және бәсекелестікпен
ерекшеленеді» десе, М.Ж. Жадрина: «Біліктілік – білім жүйесінің соңғы нәтижесі, оқушының жеке
пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамитын
ӛмірлік дағдылар, құзырлықтар» деп, ал Л.Т. Қожамқұлова: «Әлеуметтік икемділік – әлеуметтік
мәртебелер жүйесінде адамның ӛзгеруіне байланысты әлеуметтік сертификациялар механизмі» деп
икемділікті құзырлық ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде қарастырады.
А.В. Хуторскойдың пікіріне сүйенсек, «Құзыр – тұлғаның ӛзара байланысты сапаларының жиынтығы
(білімдер, біліктер, дағдылар, әрекет қабілеттері). Ал құзырлық – адамның іс-әрекет пәні мен ӛзіне
қатысты құзыреттіліктерді меңгеруі, игеруі», - дейді. Ол сонымен қатар білімділік құзыретін оқушының
шынайы ӛмірдегі нысандарға қатысты жеке тұлғалық және әлеуметтік маңызды да ӛнімді қызметтерін
жүзеге асыру үшін қажетті мәндік бағдарлардың, білімдердің, біліктердің, дағдылар мен іс-әрекет
тәжірибелерінің жиынтығы деп қорытындылайды. [4]
Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде,
жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуда қолданатын тәсілдері» деген анықтама береді. [5]
Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары - бұл студенттің
мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге
асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы» деп,-
анықтама береді.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен
айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде кӛрініс
табуда. Бүгінгі күні шетел ғалымдарының еңбектеріндегі кәсіби құзыреттілік анықтамалары «тереңдетіл-
ген білім», «міндетті шешудегі теңдік жағдайы», «қызметті орындаудағы қабілеттілік» ұғымымен
мағыналас болып келеді.
Осыдан «кәсіби құзыреттілік» ұғымы туралы бірыңғай пікірдің жоқ екендігі байқалады. Кӛбіне бұл ұғым
кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде қолданылады. Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзырет-
тілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» және «педагогикалық кәсібилік» ұғымымен теңестіріледі.
Қазіргі педагогика сӛздігінде «кәсіби құзыреттілік» адамның ӛзіндік кәсіби білім деңгейімен,
тәжірибесімен және жеке қабілеттерімен, ӛз білімін үздіксіз кӛтеруге ұмтылысымен, ӛзін-ӛзі жетілдіру-
мен, іске деген шығармашылық және жауапты қатынасымен анықталады.
Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру туралы мәселе ғалымдар арасында пікір
қайшылықтар мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның кәсіби процесін кӛп жағдайда оның біліктілігімен,
кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады.
Орыс ғалымдары В.А. Адольф, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Э.Ф. Зеер, В.А. Сластенин,
Т.Ф. Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі туралы
мәселеге кӛп қызығушылық пайда болғанын айтады.
Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби құзыреттілікті
адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның
белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, кӛзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа
жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л.Томпсон, Д.Пристли кәсіби
құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары адамгершілік нормалар мен педагогтік кодексінің
нәтижесі ретінде анықтайды.
Демек, құзырлық ұғымы білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес, оқу нәтижелерімен қатар,
оқушылардың шығармашылық іс-ірекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де кӛрсетеді.
Құзырлық оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті ӛмірде қандай да бір
практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл, ең
әуелі, мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Оқушылардың құзырлығы оқу үрдісінің негізгі сапа
кӛрсеткіші, оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Жоғарыдағы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
125
айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымына ӛз анықтамамызды береміз: құзырлық
– алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен
шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету
факторларына тӛтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.
1 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егеменді
Қазақстан, 13 сәуір, 2003.
2 Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы // Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. –
6 т. – 720 б.
3 Құдайқұлов С.М., Құдайқұлов М.Ә. Творчестволық және бәсекелестік қабілеттілік. – Алматы: Школа ХХІ
века, 2006. – 82 б.
4 Хуторской А.В. Ключевые компетенции. Технология к онструирования // Народное образование. № 3. – 2003. –
55-64 б.
5 Митина Л.М. Психология труда и профессионального развития учителя: Учеб. пособие для студ. высш. пед.
учеб. заведений. – М., 2004.
Резюме
Мухитова Г.М. – магистрантка 2 курса по специональности
6М011900 – Иностранный язык: два иностранных языка
7_89_7@bk.ru
Научный руководитель: Баданбекқызы З.Б. – к.ф.н., доцент КазНПУ им. Абая,
zaure.badanbekkyzy.51@mail.ru
Понятие «компетенции» в роли системы образования
В этой статье, в мировое образовательное пространство и конкурентоспособной для того, чтобы улучшить
систему образования на международном уровне, профессиональной, всеобъемлющей, саморазвития и своей
способности принять правильное решение для формирования личности и цели высшего образования в современной
системе образования в основной стратегической ориентации где знание содержания компетенции, то есть
необходимость замены содержимого образования, ориентированного на результат.
Ключевые слова: конкуренция, социальная компетентность, профессиональные навыки, компетентность,
компетенция, научно-методическое, традиционные методы обучения, интегративные качества, парадигма,
практической основоположник, когнитивный, ценностно-ориентированной.
Summary
Mukhitova G. – 2
nd
course master of Foreign Language: two foreign languages,
7_89_7@bk.ru
Scientific supervisor: Badanbekkyzy Z.B. - candidate of Philological Sciences,
Associate Professor
zaure.badanbekkyzy.51@mail.ru
The concept of «competence» in the role of the education system
In this article, the global education space and competitive in order to improve the education system at the international
level, professional, comprehensive, self - development and their own ability to make the right decision for the formation of the
identity and purpose of higher education in the modern education system in the main strategic orientation where knowledge of
the content of competence, that is the need to replace the contents of a results - oriented education .
Key words: сompetition, social competence, professional skills, competence, competence, scientific and methodological,
traditional teaching methods, integrative qualities, paradigm, the founder of practical, cognitive, value-oriented.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
126
УДК 81
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРОНИМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Баймҧратова Ә.Ж.
–
Абай атындағы ҚазҰПУ
6М01117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты, asel-aska83@mail.ru
Ғылыми жетекші: Атабаева М.С. – ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры,
mereke.atabaeva@gmail.kom
Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика,
антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бӛлінеді.
Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жӛнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін
қарастырады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кейбір қазақ есімдері, жер-су атаулары мен этнонимиясы жӛніндегі аса
құнды деректерді Ш.Уәлихановтың, сондай-ақ орыс ғалымдары еңбектерінен кездестіруге болады. Қазіргі таңда дәл
осы салада аянбай еңбек етіп келе жатқан отандық ғалымдар: Т.Жанұзақ, Қ.Рысберген, Б.Бияров, қазақ ономастика-
сын лингвоконцептологиялық тұрғыдан зерттеген Б.Тілеубердиев және т.б. атап ӛтуіміз керек.
Тҥйін сӛздер: тіл, ономастика, оронимдер, топонимика, топонимжасам, сӛзжасам, сӛзжасамдық үлгі,
лингвистика, антропоника.
Ономастика қазақ тіл білімінің, салыстырмалы түрде айтқанда, кенже саласы болып есептеледі. Қазақ
ономастикасының кейбір проблемалары, оны зерттеудің алғашқы адымдары ғылыми кезеңге бӛліп
қараудан бұрын кӛптеген орыс және қазақ ғалымдарының еңбектерінде әр кезде де сӛз болған. Мәселен,
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кейбір қазақ есімдері, жер-су атаулары мен этнонимиясы
жӛніндегі аса құнды деректерді Ш.Уәлихановтың, сондай-ақ орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тянь-
Шаньский, В.В. Радлов, А.В. Левшин, Н.А. Аристов, П.С. Паллас, Г.Н. Потанин, А.Н. Харузиннің
еңбектерінен кездестіруге болады. Кеңес дәуірінің 30-40 жылдары ономастикалық материалдарға қазақ
ғалымдары да қызығушылық танытып, оның мазмұны мен тәсілдемесін жасауға Қ.Қ. Жұбанов,
С.А. Аманжолов, С.Алиев, Н.Баяндиндер зор үлес қосты. Қазіргі таңда дәл осы салада аянбай еңбек етіп
келе жатқан отандық ғалымдар: Т.Жанұзақ, Қ.Рысберген, Б.Бияров, қазақ ономастикасын
лингвоконцептологиялық тұрғыдан зерттеген Б.Тілеубердиев және т.б. атап ӛтуіміз керек.
Қазақ ономастикалық кеңістігі бірнеше секторлар мен сегменттерге бӛлінеді. Жалқы есімдер атауға ие
болатын нысана денотаты сипатына сай түрлі топтар мен кластарға бӛлінеді. Қазақ ономаст-мамандары
онимдік бірліктерді топтарға бӛлгенде Батыс Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулеріне сүйенетіндігін
айту керек [1, 6 б.].
Осы орайда сӛз болғалы отырған мәселе – оронимдер, соның ішінде Алматы облысының оронимдері.
Ороним – гр. Оros «тау» + onoma «есім» - топоним түрлерінің бірі. «Жер бедерінің тӛмен және кӛтеріңкі
келетін оң және теріс пішіндерін айқындайтын термин. М.: Каспий маңы жазығы, Ертіс ӛзені жайылмасы,
Бараба даласы, Хантәңірі шыңы, Іле жоталары» [2, 233 б.]. Ороним термині құрғақ жердің барлығын
қамтығанымен, негізінен, жер бетінен кӛтеріңкі орналасқан нысандардлы атауға болады.
Қазақ тіл білімінде тау атауларына қатысты зерттеулер кӛптеген ғалымдар еңбектерінде кездеседі.
Мысалы, Есенгелді Керімбаев «Лексико-семантическая типология оронимии Казахстана» атты
кандидаттық дицертациялық жұмысында «Қазақстан оронимдерінің қалыптасуы мен дамуы»,
«Қазақстанның халықтық орографиялық терминологиясы» және «Қазақстан оронимдерінің лексика-
семантикалық топтары» жан-жақты талдап, ғылыми негіздерін қарастырды. Шығыс Қазақстан ороним-
дерін кандидаттық диссертация кӛлемінде зерттеген Бердібек Бияров ӛлке оронимдерінің тарихи-
лингвистикалық сипатын, семантикалық және этнолингвистикалық жақтары мен құрылымдық жүйесін
толық зерттеді. Ғалым ӛз жұмысында Оңтүстік Алтай Ӛңірінен 2002 оронимді – тау аттарын жинап,
ғылыми жүйеге түсіріп, олардың тізімін диссертациялық жұмысының қосымша ретінде берген.
Алматы облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бӛлік. Жерінің
аумағы 224,0 мың км
2
. Батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш кӛлі арқылы Қарағанды, солтүстік-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
127
шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде
Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакӛлге ұласатын солтүстігі кӛлбеулен-
ген құмды жазық алқап. Бұл ӛңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шӛгінділерінен
түзілген. Оның басым бӛлігін Тауқұмның, Лӛкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және
тӛбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары ӛтетін атыраулық бӛлігі
кӛне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының
аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері
толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бӛлінген. Осы тұста
Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам
мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері
(Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) ӛзен маңындағы жазық ӛңірлерге
сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен
(Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы
мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы
облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған
(Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).
Ғалым Т.Жанұзақов ӛзінің «Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы» атты еңбегінде:
« ... ұлан-ғайыр жерімізде тау аттарының ӛте мол екенін кӛреміз. Таулы аймақ саналатын Алматы облысы
жеріндегі тау аттары қазірг толық жиналып, ғылыми жүйеге түсірілді деп айта алмаймыз» - дей келіп, ӛз
пікірін одан әрі: «Бұл еңбекте ӛлкедегі белгілі, ірі тау аттарын ғана беріп отырмыз. Аты әлемге әйгілі,
күллі қазақ жеріндегі ең биік Хантәңірі тауы, Сартау, Елшенбүйрек, Лабасы, Кӛмірші, Қошқар, Сүмбе,
Қарқара, Шӛладыр тауы, Басқарқара, Құлық, Таушелек, Қыземшек, Торайғыр, Бұғыты, Сӛгеті, Асы,
Бақай, Қараш, Қақпақ, Айғыржал, Құланбасы, Үшқақпақ, Қарақия, Қурайлы, Шәкірамбал, Құсмұрын,
Ӛкір, Сарыбастау, Жабыр, Үшқараш, Талғар шыңы, Алатау, Іле Алатауы, Кетпен, Доңызтау, Қастек,
Үшқоңыр, Суықтӛбе, Амангелді шыңы, Қалман биігі, Баркӛрнеу, Бүркітті, ешкіӛлмес, Жабық, Бежінтау,
Жаманкӛл (тау), Жаманты, Жауырынбайлаған, Жетім, Жетісу тауы (Жоңғар қақпасы), қайшы, Қалмақасу,
Қанарақ, Қаражырық, Қараүңгір, Қату, Қосқолаң, Қояндытау, Қу, Майтӛбе, Малайсары, Матай, Наршаң,
Ойқарағай, Ӛлеңді, сайқан, Сайымбӛлек, Сарқан тауы, Сары жота, Сарытау, Таз, Талдыбұлақ, Тасжүрек,
Текелі, Теріскей Алатау, Тянь-Шань, Шыбынды.
Жетісу ӛлкесіндегі ірі таулар мен жота, қырат, шың, дӛң, дӛңес, тӛбе, шоқы, оба, сай, ӛзек, жыра, шат,
шатқал, аңғар, текше, жал атауларының мыңдап кездесетіні кӛпке мәлім. Олай болса, Алматы облысының
оронимдерін жинап, ӛз алдына зерттедің мәні зор болмақ», - деп түйіндейді [3, 21 б.]
Б.Бияров орографиялық терминдерден жасалған түбір оронимдерді қарастыра келіп, түрлі мысалдар
келтіреді. Соның ішінде Алматы облысындағы Қараш орониміне қатысты: «Қараш – тау. Алматы обл.,
Еңбікшіқазақ ауд. Қараш – қырғыз тілінде үлкен лауазым аты. Қырғыздар алдымен биік таудың басын
қараш деп атап, одан соң лауазымға кӛшірген сияқты. Бұл орографиялық термин алт. Қарайыш
<қара+иыш «орманды тау» оронимінің ықшамдалған түрі болуы да мүмкін», - дейді [4, 66 б]
Дәл осы атауға байланысты Т.Жанұзақ еңбегінде мынадай дерек келтірілген: «Қараш – тау, биіктігі
3214 м, Еңбекшікқазақ ауданы Жоңғар қалмақтарымен болған соғыстарда қазақ қолын бастаған Ұлы
жүздің шапырашты тайпасынан шыққан атақты Қараш батыр құрметіне қойылған атау. Бұл маңда кейде
Үлкен Қараш, Кіші Қараш немесе Үшқараш деп та атап кеткен» [5, 115 б.].
Белгілі ғалым Н.А.Баскаков түркі тілдерінің құрылыс жайлы айтқан ой-пікірлерініңде атрибутты
тіркеске назар аударған еді. Әсіресе изафет деп аталмай келген дәстүрлі атаудың құрылымдық табиғаты-
на терең тоқталады да оған жаңа атау:табиғатына терең тоқталады да оған ждаңа атау: детерминативті
(дәстүрлі изафет) тәуелді жалғаулы сӛз тіркестері деген ат берген. Түркі тілдеріндегі бұл конструкциялар
жалқы есімдердің барығында, оның ішінде, топонимдерде кеңінен қолданыс табады. Зерттеушілердің
пайымдауынша, таудың басы деген тіркес тау басы деген тіркестен кӛне. Соған қарағанда, тәуелдік
жалғауларының екеуі бірдей кездесетін географиялық атауларды ең кӛне, бір ғана тәуелдік жалғаумен
келген немесе жалғаусыз конструкциялы топонимдерді соңғы дәуірлерге тән деп қарауға болады. Бұған
дәлел ретіде Жетісу ӛлкесіндегі топонимдерден мына тӛмендегілер тән екендігі шүбәсыз. Мыс.: Манас-
тың бозтӛбесі, Қараштың сазы, Бозайдың үстірті (бұлар ең кӛне тәсіл), ал Амангелді шыңы, Жамбыл
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
128
мұздығы, Жабық жотасы, темірлік асуы, Тұйық шыңы, Кӛшпелі тауы, Сарқан тауы, іле Алатауы, Қастек
асуы, Бозой үстірті тектес атаулар соңғы дәуірлерде жасалған топонимдер болып саналады [3, 37 б.]
Қазақстандағы ең биік шың – Хантәңірі шыңы Алматы облысына тиесілі. Бұл оронимдік атауға
қатысты тӛмендегідей деректерді келтіруге болады.
Хантәңірі (Хан-Тенгри) – Тянь-Шаньның орталық бӛлігіндегі оқтай шаншылған, биіктігі 6995 м биік
шың. Хантәңірі тауын ақын І.Жансүгіров:
«Асқардың арғы атасы Хантәңірі,
Албанның ӛрісінің тӛрінде екен.
Па, шіркін! Болады екен тау да сұлу,
Мұз кӛйлек кӛк мұнармен белін буу», -
жырлаған. Тауды кӛрмеген адамның осы ӛлең жолын оқыған соң толық мағлұмат алары сӛзсіз. Бұл ұлы
тау Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы шекарасында орналасқан. Атаудың бірінші
сыңарындағы Хан сӛзінің байырғы заманда «тау» мағынасында айтылғанын ескерсек, екінші құрамын-
дағы сӛз кӛне түркі тілінде тангр//тәңрі – «кӛк, аспан», «құдай», монғол тілінде тэнэр – «кӛк», «аспан»
мағыналарын білдірген. Ерте замандарда Тенгір кӛне түркілердің «ең басты құдайы» саналғаны тарихтан
мәлім. Олардың әулие, құдайларын Тенгри (Тәңірі), Умай (Ұмай) Иер-Су (Жер-су) атағаны жайлы V-VIII
ғасырларға тән Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде де жазылған. Белгілі ғалым Клоссон тенгір сӛзін
Хун, Үйсін дәуіріне (біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ ғ., одан да ары) жатқызады да, «аспан»,
«әулие», «кӛк» деп түсіндіреді [3, 190 б.]
Е.Қойшыбаев: «Кӛне түркі тайпаларының бірі тува түркілері де қазіргі Саян тауын Хантәңірі «Аспан
тау» деп атаған. Бұл жағдайлардан біз Хантәңірін, кӛне түркілердің «Аспантау» мағынасындағы атауы
деп те айта аламыз», - деп жазды [6, 233 б.]
Осы тектес атаулар түркі халықтары ішінде хакас жерінде Хан-тигр, Кузнецк Алатауының оңтүсті-
гінде, Мирнусин мен Кузнецк ойпатының аралығында Тигір Тізі атты таулар, Алтайда Тенери – «аспан»,
Тенери-Айры – «аспан айрығы» атты кӛлдер бар. Бұл тәрізді тау, кӛл атауларының «аспан», «кӛк»,
«құдаймен» байланысты аталуы ертедегі анимистикалық сенімге, сол кездегі адамдардың отқа, аспанға,
табиғатқа табынуымен байланысты болған.
Демек, жоғарыдағы деректерге сүйенгенімізде, хантәңірі атауы – «аспанмен ьаласқан, кӛкке тірелген
биік тау», «аспан тәңірісі, құдайы», «аспан кӛкпен тіркескен хан» деген мағынада қойылған сияқты.
Танымал таулардың тағы бірі – Алатау. Алатау - тау, басы Хантәңірі шыңынан басталып, аяғы
Шымкентке дейін созылып жатқан асқар биік, заңғар тау. Түркілер ежелгі заманнан-ақ биік шыңды,
басында мәңгілік мұздар мен аппақ қар жататын тауларды Алатау деп атағаны - Кузбас алатауы, Жоңғар
Алатауы, Іле Алатауы, қырғыз Алатауы, тяньшань атауларынан белгілі. Осы Атаулардағы ала сӛзінің
тӛркін, қазіргі қазақ тіліндегі «ақ пен кӛктің» аралас келген түсіне /орысша пестрый/қатысты емес, ұлу
немесе одан да кӛнелеу оло тұлғасында артатындай» [6, 233 б.]. Бұған қарағанда, Алатау – «ұлы, аса зор,
биік тау» деген мағынаға ие екені байқалады.
Мұзарт (Музарт) – Райымбек ауданындағы мұз таудағы биік асу. Атаудың екінші сыңарындағы арт
сӛзі кӛне түркі тілінде «асу, бел» мағынасында қолданылған. Аталмыш ауданның Шәлкӛде жайлауында
Есекартқан деген тау асуы да бар. Ол «есек асқан асу, бел» деген мағынаны білдіреді. Мұзарттан асып ӛту
қиын болған. Адамның не малдың аяғы таймау үшін киіз үйдің құрым киіздерін мұз үстіне жайып
жіберіп, соның үстімен ӛткен замандар да болған. Атақты ақын І.Жансүгіров Мұзарт туралы:
Меруерт жалтылдайды күнгей Мұзарт,
Кӛз түгіл үңілесін кӛңілменен.
Құзары Құдырғының Құлдыр шұнақ,
Ӛрікті – ол боз биедей желіндеген,
- деп тамаша суреттеген [5, 151 б.].
Қорыта айтқанда ұлан ғайыр қазақ даласының оронимдік атаулары әлі де талай зерттеушілердің
ғылыми жұмыстарына арқау болатыны сӛзсіз.
1.
Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы: «Азия» баспасы,
2004. – 128 бет.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
129
2.
Сапаров Қ.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі (қазақтардың кеңістікті игеру тәжірибесінің
жер-су атауларындағы кӛрінісі. Павлодар: «ЭКО» ҒӚФ, 2007. – 308 б.
3.
Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 265 бет.
4.
Бияров Б.Н. Жер-су аттарының сӛзжасамдық үлгілері. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты,
2012. – 460 бет.
5.
Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры 3. – Алматы: Дайк-пресс, 2007. – 524 бет.
6.
Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сӛздігі. – Алма-Ата, 1985. – 256 б.
Достарыңызбен бөлісу: |