1. Назаров Ф. Записки о некоторых народах и землях средней части Азии. – М., 1968
2. Первые русские научные исследования Устюрта. – М.: Изд-во АН СССР, 1963. – 323 с
3. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – М., 1975 – 181 с.
4. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Часть 1: Известия географические.
– СПб., 1832. – 264 с.
5. Вальская Б.А. Путешествия Е.П. Ковалевского. – М.: Географгиз, 1956. – 200 с.
6. Макшеев А. Путешествие по киргизской степи и Туркестанскому краю. – СПб., 1896
7. Макшеев А.И. Карта Джунгарии, составленная шведом Ренатом во время его плена у калмыков, с 1716 по
1733 год //Записки ИРГО, том 11. – СПб., Типография Императорской АН, 1888. - С. 105-145.
8. Путешествия по Туркестанскому краю и исследование горной страны Тянь-Шаня, совершенные по
поручению Императорского русского географического общества доктором зоологии, членом ИРГО Н.Северцовым.
– СПб., 1873. – 459 с.
9. Путешествие на озеро Балхаш и в Семиреченскую область А.М. Никольского //Записки Западно-Сибирского
отд. РГО, кн. 7, вып. 1-2. – СПб., 1885. – С. 1-93.
10. Тойнби А.Дж. Постижение истории. – М.: Прогресс, 1991. – 736 с.
Резюме
В статье рассмотрены этимология и семантика географических названий регионов Казахстана, исследования,
характеризующие особенности их содержания и географического видения, важность топонимических сведений
трудов путешественников и ученых, исследовавших данную область. В общем, в большинстве данных трудах
определено точное ландшафтное описание исследуемых районов, уделено особое внимание содержанию географи-
ческих терминов и народных названий, лежащих в их основе, наблюдалось стремление найти их связь с географи-
ческой средой. Соответственно нашей исследуемой теме в рассмотренных источниках данных определено,
особенно, в трудах путешественников и ученых, исследовавших регионы Казахстана в 19 веке, наличие перво-
начального материала для современных топонимических и терминологических исследований.
Также, в статье дан анализ трудам исследователей казахской земли Ф.Назарова, А.Эверсманн, Е.К. Мейендорф,
А.И. Левшина, А.Макшеева, Н.Северцова. Данные труды имеют очень важное значение для исследования природы
Казахстана. Здесь даны характеристики микротопонимам, оронимам, гидронимам, фитонимам регионов Казахстана,
определение их содержанию. Даны транскрипции названиям географических объектов. Путешественники, исследо-
вавшие природу Казахстана, в сравнении с местными природными условиями объяснили происхождение и содержа-
ние название географических объектов на казахском языке.
В данной статье можно рассмотреть соответствие заинтересованности путешественников в изучении разновид-
ности ландшафтов регионов казахской земли и характеристики систематизированной местной географической
терминологии.
Ключевые слова: этимология, семантика, географические названия, микротопонимы, оронимы, гидронимы,
фитонимы, транскрипция, географические объекты, ландшафт.
Summary
The article discussesthe etymologyand semantics ofgeographical namesregions of Kazakhstan, research characterizing
thefeatures of theircontentand geographicalvision, the importance of toponymicdatatravelers and scientistswho have
studiedthis area. In general, most of the datadifficult to determinethe exactdescription of thelandscapeof the study area, paying
particular attention to the contentof geographical termsandvernacular names, the underlying, there was a desire to findtheir
relationship withthe geographical environment. Accordingly, ourstudyexaminedthe topicindata sourcesdefined, especially in
the writings oftravelers and scientistswho have studied theregions of Kazakhstanin the 19th century, the presence of the
original materialfor moderntoponymicandterminological research.
Also, the article analyzes thework of a researcher of Kazakhland F.Nazarova, A.Eversmann, E.K. Meyendorff,
A.I.Levshina, A.Maksheev, Severtsov. These works are of great importance for the study ofthe nature of Kazakhstan. Here
arethe characteristicsmicrotoponymy, oronyms, hydronymsfitonimovregions of Kazakhstan, the determination of
theircontent.Giventranscriptionnamesof geographic features.Travelersexplore the natureof Kazakhstan,in comparisonwith the
localnatural conditionsexplain the originand content ofgeographical namesin the Kazakh language.
In this article, we can considermatchingtravelersinterestedin exploringthe varietyof landscapesandregions of theKazakh
landcharacteristicssystematiclocalgeographical terminology.
Keywords: etymology, semantics, geographical names, microtoponyms, oronyms, hydronymsfitonim, transcription,
geographic features, landscape.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
7
ӘОЖ 378.02.01:39
ШӨЛЕЙТТЕНУ – ЭКОЖҮЙЕНІҢ ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕСІ
С.К. Алшымбеков – п.ғ.к., Елтану және туризм кафедрасы. Абай атындағы ҚазҰПУ,
Ғ.Т. Байгукин – 6М011600 география мамандығының 2 курс магистранты. Абай атындағы ҚазҰПУ
Мақалада әлемдік экологиялық мәселелердің бірі «шөлейттену» үдерісі қарастарылады.Шөлейттену "климаттың
өзгеруі мен адам қызметiн қоса алғанда, әр түрлi факторлардың iс-әрекетi нәтижесiнде құрғақ, жартылай құрғақ және
қуаңшылық субгумидтік аудандардағы жерлердiң жұтауы". Табиғи және антропогендiк факторлар Қазақстандағы
шөлейттенудің себептерi болып табылады.
Қазақстандағы шөлейттену процесiнiң дамуына ықпал ететiн негізгi табиғи фактор құмдардың (30 млн.га-ға
дейiн) және сортаңданған жерлердiң (127 млн. га) кең таралуына алып келетiн климаттың құрлықтылығын және
құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң бiркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық жағ-
дайы болып табылады. Жерлердің жұтау процестерiн дамыту үшiн жағдай, құрғақшылықтың әсерi кезiнде топырақ
құраудың маусымдық ерекшелiктерiн бұзу кезiнде жасалады. Сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының әлсiз
жинақылығы және оның серпiндiлiгi шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қазақстанның бұл табиғи ерекше-
лiктерi антропогендiк әсер етулерге табиғи ортаның әлсiз тұрақтылығымен белгілi (қолда бар деректер бойынша
елдiң шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатерiне ұшыраған).
Қазақстандағы шөлейттену процестерiнiң туындауына және дамуына алып келетiн антропогендiк факторлар, ең
алдымен шаруашылық қызметiнiң мынадай түрлерiмен байланысты: малды жаю; егін шаруашылығы; жер қойнауын
әзiрлеу; өнеркәсiптiк, әскери және азаматтық объектiлердi, суландыру және желiлiк құрылғыларды салу және пайда-
лануға беру. Шөлейттену сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудiң, мал азығы мен отынға бұталар мен жарты-
лай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерiнiң, жүйесiз рекреацияның, елдi мекендер аумағында қоқыстарды
ұйымдастырудың, топырақтардың және улы заттармен жер асты суларының ластануының, көлiктiң әсер етуiнiң
нәтижесi болып табылады.
Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияда қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған Қазақстанда
шөлейттенудiң басты тұрпаты мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы; топырақтың сулы және желдi
эррозиясы; топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi; топырақтың, грунт және жерасты суларының химия-
лық ластануы; жердiң және гидрологиялық режимнiң техногендiк бұзылуы. Шөлейттенуге алып келетiн антропоген-
дiк факторлардың әсерiнен республиканың жануарлар әлемi бiраз өзгерiстерге ұшырады. Жер үстi және топырақ
насекомдарының, өрмекшi тәрiздiлердiң, құстардың, сүт қоректiлердiң және басқа да жануарлардың фаунасы өте
қатты зиян шектi. Республиканың солтүстiк облыстарындағы аймақтық дала фаунасының шамамен 80% аумағы
жойылған. Осындай ұқсас жағдай Тянь-Шаньның далалық белдеуiнде және оның тау етегiнде де қалыптасқан, онда
фитофаг-жәндiктердiң көптеген түрлерi, өсiмдiктердi тозаңдандыратын жабайы аралардың, жыртқыш және паразит-
тік буын аяқтылардың, ұсақ құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен сүт қоректілердiң көптеген түрлерi жоғал-
ды, үмiткерге айналды.
Түйінді сөздер: Аридты зона, антропогендік фактор, шөлейттену, шөл, табиғат, эрозия, ландшафт.
Шөлдену тек жекелеген елдердің ғана емес, әлемдік деңгейдегі шешуі қиын ғаламдық мәселе.
Шөлейттенуэкожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық
тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік
процестердің жиынтығы.Сондай-ақ табиғи экожүйеніңадамның қатысуынсыз орнына қайта келмейтіндей
өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы . Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне
антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану,
суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену
әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде [1].
Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі – табиғи ресурстарды шаруашы-
лықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының
өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі.
БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн
км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі
жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%-ын
құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас
ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байла-
нысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны
азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
8
қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50
жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі
бөлігі Африка құрлығына келеді. Мысалы, Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650-700 км шамасында жыл-
жыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды
жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр
болады.
Орта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш төңірегінде, Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-Шань, Памир-Алай) шөлейттену процесі қарқынды
жүруде. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал
теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал
төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің
тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.
Қазақ елінің шөл аймағы – табиғаттың физикалық-географиялық жағдайынан, сол сияқты адам
әрекетінің нәтижесінен пайда болған ландшафт. Қазақстанның алып жатқан географиялық орны 4 табиғи
аймақты қамтиды: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Бұл аймақтар жалпы география ғылымында қалып-
тасқан табиғи ландшафттық аймақ ретінде аймақтарға жатады. Аймақтың қалыптасуын В.В. Докучаев,
Л.С. Берг сияқты ұлы ғалымдар зерттеген. Л.С. Берг осы зоналар аралығында өтпелі аймақтарды қарас-
тырған және ендік бағыттағы зоналарды геологиялық, тектоникалық, орографиялық ерекшеліктеріне
қарай провинцияларға бөлген. Осы айтылған аймақтар шекаралары бүгінгі таңда өзгеріске ұшыраған.
Оның негізгі себебі қоғамның, экономиканың дамуымен, адам әрекетінің әсерімен тікелей байланысты.
Адам әрекетінен пайда болған ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаға техногендік жүктеменің
артуынан туындайды. Осыдан келіп, шөлейттенудің көлемі ұлғаюда. Аумағының көп бөлігі жеткілiксiз
ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшiн, елдiң үштен екiсi шөлейттену процесiнiң әртүрлі
деңгейiне ұшыраған (барлық жердің 70%-ға жуығы). Мұның пайда болуына климаттың аридтылығы,
топырақтың дефляцияға ұшырауы, топырақтың тұздануы, сол сияқты жердің әртүрлі химиялық заттек-
термен ластануы әсер етеді.Оның әрі қарай дамуы, күрделенуі адамның іс-әрекетімен тікелей байла-
нысты.
Қазақстан жерінің шөлейттенген негізгі аймақтары Шығыс Қазақстан (Семей өңірі), Алматы облысы
(Балқаш көлі маңы), Қызылорда облысы (Арал маңы), Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған
аймағы) бүгінгі таңдағы адам мен қоғам арасындағы үлкен арақатынастың күрделенуіне әкеліп соғуда.
Біздің келтірілген антропогендік ландшафттардың планетарлық, аймақтық кең таралуы, оларды
жіктеудің бір жүйеге түспегендігінен. Біз білетін орманды дала, дала, шөл, шөлейт, биік таулы табиғи
ландшафттарының шекаралары өзгеріп кеткендігі жайлы ғалымдар арасында жүйеленген пікір жоқ. Тіпті,
ғалымдардың жазған ландшафт жайлы еңбектері мен оқулықтарында да антропогендік ландшафттың
жіктелуінің себебі, салдары айтылмайды. Осыдан шығатын қорытынды, антропогендік ландшафттың
қалыптасуы, кең етек алуы жайлы ғылыми-теориялық тұжырымдамалар жетіспейді.
Солтүстік Қазақстанның 30% жері жарамсызданған, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсіп өнімдері-
мен 100 мың гектар жері техногендік ластанған, 2,5 миллион гектар жайылымдары жойылуда. Әсіресе,
Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 миллион гектар жер радиоактивті қалдықпен
ластанған.
Ал Каспий теңізінің 268 миллион гектар жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан
әрі жалғасуда (итбалықтардың азаюы, мезгіл-мезгіл қырылуы, өсімдіктердің жойылуы).
Орталық Қазақстанда жарамсыз жерлер көбеюде. Өзен бойларында техногендік ластану, топырақ
құнарсыздануы, жануарлардың түрлерінің сиреуі, жайылымдардың тозуы, радиоактивті химиялық лас-
тану мен ракета-космос қалдықтармен ластану (Бетпақдалада) жоғары деңгейде.
Оңтүстік Қазақстанда Амудария мен Сырдария алабының 2 миллион гектар жері шөлге, топырақтары
сор, тақырға айналған Арал табанынан ұшқан тұздар экожүйені қайтымсыз бүлдіруде. Жаңа антропоген-
дік ландшафтының қалыптасуы әлемдік деңгейде де байқалады. Мысалы, Жапониядағы Хиросима мен
Нагасаки, АҚШ-тағы Невада штатындағы жасалған сынақ жарылыстары. Осы өңірдегі 300 млн. га
сексеуілдің жойылуы өте өкінішті. Арал, Созақ, Шолаққорған уран кен орындарының қоршаған ортаны
ластауы антропогендік ландшафттың көрінісі. Жаңа антропогендік ландшафттың қалыптасуы әлемдік
деңгейде де байқалады. Мысалы, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, Америкадағы Колорадо атом
жарылысы.
Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағында адам әрекетінен антропогендік ландшафт ұлғаюда,
климатының құрғақтануы, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш
техникалық дақылдарының өсірілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
9
Сол сияқты, Шығыс Қазақстан аймағында да ірі түсті металл, вольфрам, уран, қорғасын, мыс, мырыш
кен орындары елді мекендер мен қала тұрғындарына қауіп әкелуде.
Табиғи ландшафттардан антропогендік ландшафттың негізгі айырмашылығы – табиғи ландшафт өзін-
өзі реттеп, бір-бірімен байланысып жатса, антропогендік ландшафт қайта қалпына келмейді немесе өзін-
өзін реттеу үшін ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан, антропогендік ландшафтты қайта қалпына келтіру үшін,
адам табиғат компоненттерін жоспарлы түрде тиімді пайдалануы қажет.
Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт
топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым
дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі. Шөл аймағында Барсакелмес, Үстірт
мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған.
Республика аумағының ормандылығы жалпы аумақтың 4,6%-ын ғана құрайды. Бұл сексеуілді
жерлерді, орман жайылымдарын және бұталы тоғайларды қоса алғандағы көрсеткіш. Ал, орман құрамына
тек ағаштарды алған кездегі нақтылы ормандылық 2,3%-ды құрайды.
Ормандардың сиреуі соңғы 40 жылдың ішінде қылқан жапырақты ормандардың өнімділігі 7%-ға, май-
қарағай ағаштарының ауданы 13%-ға кеміген, Кенді және Оңтүстік Алтай ормандарында ағаштардың
сиреуі байқалады. Жетісу және Іле Алатауында өсетін алма ормандарының ауданы 24%-ға қысқарды [2].
Қазақстанның 5,0 миллион гектар ауданында шабындықтар бар. Шөлейттену салдарынан шабындық-
тардың ауданы қысқаруда. Оларды арамшөптердің басуы, бұталардың көбеюі, шалғындық өсімдіктердің
ресурстық қана емес, сонымен қатар, суды реттейтін рөлі де толық немесе жартылай жойылуы көрініс
беруде.
Қазақстанда топырақтың жел эрозиясы негізінде туындаған шөлейттенуі далалы, құрғақ далалы,
жартылай шөлейтті және шөлейтті ландшафтты қамтыған. Жел эрозиясының әсерінен топырақтың
құмдану, құнарсыздануы пайда болады. Егістік жерлердің жел әрекетінен қарашіріндінің құрамы азаяды,
карбонаттылығы көбейеді, агрохимикалық және сулы-физикалық қасиеттері нашарлайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда егістік жерлерде дефляцияның әлсіздігіне, оның қысқаруына байланысты
болжаулар бар. Республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, әсіресе қатты тозған жайылымдарда жер
эрозиясының күшею қауіптілігі жоғары.
Суармалы жерлерді кеңейту жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысында суландыруға сорғытыл-
маған және сортаңданған топырақтардың ауқымды алқаптары азайды. Көлемді суландырудағы өңірлер-
дің су және экологиялық проблемаларының ішінде суды үнемсіз пайдалану мәселесі күн тәртібінде тұр.
Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, экономикалық ынталандырудың және оны
үнемдеу дәстүрінің болмауынан.
Суғарудың есепсіз болуы тұзданудың, батпақтанудың және су эрозиясының негізгі себебіне айналды,
ал кәрізді сулардың шығыны өзендердің тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары
минералдануына алып келді.
Қазіргі кезде әлемдік деңгейдегі планетарлық антропогендік ландшафттың етек алуы – табиғаттың
даму заңдылығында тепе-теңдіктің күрт өзгеруінен бүгінгі күнде бүкіл адамзат баласының алдында
тұрған үлкен мәселе. Әлемдік деңгейде ғалымдардың осы мәселені зерттеуі, табиғаттың өзгеру болмысын
анықтау үшін экология ғылымына жүгінеді [3].
Табиғатты корғау – ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру болашақ
ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізі міндетті
орындауды борышым деп білсе,табиғат артықысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды.
1. Ережепова Ғ. Экология – ел тағдыры// Атамекен. – 2002. – 10 шілде.
2. Бейсенова А., Самакова Т., Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы, 2004.
3. Әлімбетов А., Оспанова Г., Мейірбеков С. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері. – Алматы:
«Атамұра», 1983.
Резюме
В статье анализируется появления засухи мира, так и в Казахстане. Засухой называют длительный период,
когда дожди не выпадают вообще или уровень осадков значительно ниже от нормы.
Почти треть земной суши испытывает засуху, от которой страдают более 600 миллионов человек. Во время
засухи грунт пересыхает и трескается. Окаменевший грунт перестает впитывать и удерживать влагу. Ветер и дождь
относят сухой грунт, который превратился в пыль, оставляя после себя участки голой, неплодородной земли.
Засуха – природный катаклизм, способный поразить любую часть света. Впрочем, в странах, которые разви-
ваются, последствия засухи намного трагичнее из-за целой череды причин: и через перенаселение, и через практи-
чески полнейшее уничтожение травы на пастбищах, и через вырубку лесов на дрова. Жаркие, сухие ветра и очень
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
10
высокие температуры вместе с недостатком осадков и испарением влаги из грунта создают условия для возникно-
вения засухи. В некоторых частях света засухи периодически чередуются с наводнениями, губительными для
урожаев и плодородного слоя грунта. Из-за гибели урожаев во время засухи тысячи людей вынуждены стоять в
очереди за едой. Во время засухи много животных гибнет от недостатка еды и воды. У селян не хватает кормов для
животных. Тысячи домашних животных или гибнут от голода, или идут под нож – на пропитание собственным
хозяевам.
Засушливые явления по причине сложности взаимодействия подстилающей поверхности и атмосферной цирку-
ляции над Казахстаном обычно не охватывают большие пространства непрерывно. Чаще засухи чередуются с
участками дождливой погоды. Засуха даже может узко локализоваться и непосредственно примыкать к увлажнен-
ным районам. Засухи на более или менее длительное время могут прерываться циклоническими процессами,
приносящими осадки, вследствие чего может ослабляться или прерываться их губительное действие. Интенсивные
засухи вызываются большими нарушениями нормальной атмосферной циркуляции задолго до их возникновения,
например сильными морозами зимой, ранними и поздними заморозками и другими. Засушливые годы нередко
следуют друг за другом или разделяются более или менее длительными периодами удовлетворительного увлаж-
нения, но простой периодичности в проявлении засух не прослеживается
Ключевые слова: Аридная зона, засуха, пустыня, природа, эрозия, ландшафт.
Summary
The article analyzes the emergence of the world and drought in Kazakhstan. Called long period of drought when the rains
do not fall at all or rainfall well below the norm.
Almost a third of the Earth's land is experiencing drought, which affects more than 600 million people. During a drought,
the soil dries and cracks. Petrified soil ceases to absorb and retain moisture. Wind and rain include dry soil, which turned into
dust, leaving areas of bare, barren land.
Drought – a natural disaster that can affect any part of the world. But in countries that develop much more tragic
consequences of the drought because of a whole series of reasons: overpopulation and over, and through the almost complete
destruction of grass in the pastures, and through deforestation for firewood. Hot, dry wind and very high temperatures,
together with the lack of rainfall and evaporation of moisture from the soil creates conditions for the occurrence of drought.In
some parts of the world periodically alternating droughts to floods, damaging to crops and fertile soil layer. Because of the
destruction of crops during drought, thousands of people are forced to stand in line for food. During a drought, many animals
die from lack of food and water. At the villagers do not have enough fodder for the animals. Thousands of pets or die from
hunger, or go under the knife - to feed their own masters.
Drought phenomenon because of the complexity of the underlying surface and the interaction of atmospheric circulation
over Kazakhstan does not usually cover large areas continuously. Often drought alternate with areas of wet weather. Drought
may even highly localized and immediately adjacent to the moist areas. Drought more or less long period of time may be
interrupted by cyclonic processes, bringing rainfall, the result could be weakened or interrupted their devastating effect.Intense
droughts cause more disruption of normal atmospheric circulation long before they arise, for example, severe frosts in winter,
early and late frosts, and others. Dry years often follow each other or separated by more or less long periods of satisfactory
wetting, but simple periodicity in the manifestation of drought can not be traced
Достарыңызбен бөлісу: |