Keywords: arid zone, of anthropogenic factor, drought, desert, nature, erosion, landscape.
ӘОЖ 911 (574)
ҚАЛАЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
К.Д. Каймулдинова – геогр.ғ.д., профессор,
Елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі,
Б.Ш. Абдиманапов – геогр.ғ.д., профессор,
А.Н. Бейкитова – география магистрі, аға оқытушы
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.
Мақалада әртүрлі аумақтардың, соның ішінде қалалардың инновациялық дамуына қатысты қазіргі теориялар
талданады. Инновацияларды енгізу аумақтардың даму жағдайы мен алғышарттарын мұқият талдауды қажет етеді.
«Инновация», «Инновациялық даму» терминдерінің анықтамасы келтірілген. Авторлар америкалық ғалым Майкл
Портердың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мәселесіне қатысты кластерлік теорияға талдау жасайды. Майкл
Портер анықтаған мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің бес негізгі белгілері бойынша шолу жасалынған. К.Фримен,
Б.Лундвалл және Р.Нельсон құрастырған ұлттық инновациялық жүйелер тұжырымдамаларының маңызы талданды.
Қазіргі заманғы инновациялық даму теорияларын талдау және шолу жасау негізінде авторлар осы теорияның мәні
мен оның маңызын көрсететін сызба құрастырды.
Қазақстан Республикасы үшін инновацияларды енгізудешетелдік тәжірибелер аса маңызды. Қазақстан Республи-
касы Президентінің Жарлығымен 4 маусым 2013 жылғы бекітілген «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
11
инновациялық даму Тұжырымдамасында» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы «Қазақстан 2050» Стратегия-
сы ережелеріне сәйкес инновациялық дамудың негізгі мүмкіндіктері мен ұсынылатын бағыттары көрсетілген. Елдің
инновациялық саясаты болашақтағы ұлттық біртұтастылықты, бәсекеге қабілеттілікті, азаматтардың хал-ахуалы мен
экономикалық өмір сүру қабілеттілігіне іргетас ретінде қарастырылады.
Мақалада «қаланың креативтік әлеуеті» жаңа түсінігіне талдау жасалады. Авторлар аталмыш ұғымның шетелдік
урбологияда салыстырмалы түрде кейіннен пайда болғанын айқындайды және Қазақстан Республикасының ірі
қалаларына қатысты арнайы қарастыруды қажет етеді.
Түйінді сөздер: инновация, инновациялық даму, ұлттық инновациялық жүйе, инновациялық экономика, тұрақты
инновациялық даму, кластерлер теориясы, инновация теориясы, инновациялық әлеует, ақпараттық технология,
инновациялық саясат.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдері мен аймақтарындағы экономикалық дамудың негізгі мақсаты –
халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық даму
үдерісі мынадай маңызды үш құрамбөліктен тұрады:
- табыстың жоғарылауы, халық денсаулығының жақсаруы мен оның білім беру деңгейінің жоғары-
лауы;
- адами құндылықтарды сыйлауға бағытталған әлеуметтік, саяси, экономикалық және институция-
лық жүйенің қалыптасу нәтижесінде өзін сыйлауға қабілетті адамдардың өсуіне жағдай жасау;
- адам бостандығы деңгейінің жоғарылауы, соның ішінде экономикалық еркіндік 1.
Зерттеушілер мен саясаткерлер арасында экономикалық дамудағы инновациялардың ролі туралы жиі
айтылады. Инновация термин ретінде қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамудың баламасы болып
табылады. Осло Нұсқаулығында инновация деп «жаңа немесе едәуір жетілдірілген өнімді (тауар немесе
қызмет) немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік тәжірибесіндегі жаңа ұйымдастыру
әдісін қолдануды» атайды [2, 31-б.]. Америкалық Ұлттық ғылыми қор (National Science Foundation)
инновацияны «қоғам үшін құндылықты жасауға алып келетін жаңалық» ретінде сипаттайды [3].
Инновациялық даму техно-әлеуметтік үдерістердің құбылысы ретінде ең алдымен ғылыми-техникалық
саламен байланысты болады. Қазіргі дүниеде халық пен экономикалық әрекеттің шоғырлануына
қарағанда, инновациялардың кеңістік шоғырлануы артып отыр.
Соңғы жылдары ғылыми әдебиетте қалалардың инновациялық дамуының қайнар көзі ретінде
қарастырылатын «қаланың креативтік әлеуеті» деп аталатын ұғым қалыптаса бастады. Зерттеушілер
креативтілікті сарқылмайтын ресурс ретінде бағалап, қалаларда инновациялық рухты сақтап тұратын,
шығармашылық және ғылыми кластерлерді жасауға мүмкіндік беретін, экономикалық жағдай өзгерген
кезде жұмыс істеуге қабілетті креативті таптың қалыптасуына айрықша мән беруде [4]. Қазақстан
Республикасының ірі қалаларына қатысты осы мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді.
Инновациялық даму теориясының аса маңызды бір басты бағыттарының бірі – кластерлер теориясы.
Кластерлік бағыттың алғашқы негізін қалаушылардың бірі Н.Д. Кондратьев өз зерттеулерінде инновация-
лар топпен, яғни кластерлермен пайда болып, уақыт бойынша әркелкі таралатынын көрсетті [5]. Кейіннен
бұл зерттеулерді Й.Шумпетер жалғастырды.
Кластерлер теориясының дамуына америкалық ғалым Майкл Портер ең көп үлес қосты. Бұл теория
халықаралық деңгейдегіең бәсекеге қабілетті фирмалар әдетте бір аймаққа шоғырланғануына негізделген,
ал бұл инновацияның толқындық табиғатына байланысты, яғниең бәсекеге қабілетті компаниялармен
таралып жеткізушілер мен тұтынушыларды және олардың бәсекеге қабілетті компанияларын қамтиды.
М.Портер бәсекеге қабілеттілікті кластерлік дамумен байланыстыру арқылы аса маңызды қолданбалы
ілім жасады [6]. Ғалым жеке елдің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 5 негізгі белгілерін ажыратқан.
1) Тұрақты бюджет дефицитінің болмауы, төменгі пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамының
артуына жол бермеу тәрізді макроэкономикалық көрсеткіштері қалыпты болатын елдер бәсекеге қабілетті
деп есептеледі. Бұл ережені елдердің барлығына қатысты қолдануға келмейді: бюджет дефициті жиі
байқалатын Жапония, Италия, валюта бағамын арттырып отырған Швейцария, жоғары пайыздық
мөлшерлемелер тән Корея Республикасы ұдайы халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатып келеді.
2) Арзан жұмыс күшімен артығымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады. Жаңа
индустриялық елдердің әлемдік нарыққа нық қадам басуына әсер еткен фактордың бірі осы болып
табылады.
3) Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады. Дегенмен бұл да қатып
қалған ереже емес: экономикалық дамуға алғышарт бола алатын алуан түрлі ресурсқа бай Африка елдері,
Ресей және т.б. елдер өз тауарларымен әлемдік нарыққа енуде қиындықтарға кездесіп отыр. Табиғат
ресурстарды игеру арқылы ғана экономикалық өрлеуге жетуге болмайтынын экономистер «голланд
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
12
ауруы» деп атаған құбылыстан көруге болады. ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында Нидерланд табиғи
газдың мол қорын ашып, экспорттай бастады. Бұл өз кезегінде елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп
жіберді. Өйткені табиғи газды экспорттау ұлттық валюта бағамының төмендеп, басқа салалардың, соның
ішінде өңдеуші өнеркәсіптің дамуының тежеліп, қаржының өнеркәсіптен қызмет көрсету саласына
бағытталуына себепші болды. Соның нәтижесінде өнеркәсіптің сан алуан саласы дамып отырған
Нидерландта деиндустриялану жүрді.
4) Үкіметі жекелеген салаларды субсидияландыратын, импортты жеңілдететін және жергілікті
кәсіпорындарға қолдау көрсететін елдерді бәсекеге қабілетті деуге болады. Дегенмен бұл пікір де күмән
туғызады: Жапония мен Корея Республикасының экспортқа бағдарланған салаларын қолдау мақсатында
бұл елдердің үкіметтері олардың ішкі істеріне қол сұққандары белгілі болып отыр.
5) Елдің бәсекеге қабілеттілігі басқарудың әртүрлі практикасына, соның ішінде менеджмент пен
жұмыс күшінің өзара қарым-қатынасынабайланысты болады. Бұл анықтама да нақты емес, өйткені кез
келген елде жергілікті ерекшеліктерге байланысты өзіндік қарым-қатынастар қалыптасады, оларды
әлемдік деңгейде бірыңғай жүйеге келтіру мүмкін емес.
Кластерлік даму бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай, инновациялық бейімделуге жағдай
жасайды. Сондықтан аса табысты кластерлер техника саласы мен технология өндірісінде «жаңа нарыққа»
шығу кезінде пайда болады. Кластерлік бағыт қазіргі кезде кең ауқымды жобаларды жасауда, көбінесе
бәсекеге қабілетті аймақтарды (мемлекет, аймақ, ірі қала) немесе белгілі бір саланы зерттеуде және ірі
қаланың бағдарламасын жасауда қолданылады. Cондықтан бұл теорияның Алматы мен Астана
қалаларын дамытуға тікелей қатысы бар.
Ұлттық (мемлекеттік) инновациялық жүйе құру Концепциясының негізі өткен ғасырдың 80-90
жылдары қаланған болатын. Ұлттық (мемлекеттік) инновациялық жүйе құру Концепциясының негізгі
құрастырушылары К.Фримен (1987), Б.Лундвалл (1992), Р.Нельсон (1993) болды [7]. Ұлттық
инновациялық жүйе ұғымы мемлекеттің инновациялық жүйе дамуы саласында жүргізген саясатында
инновациялық өнімді құру мен жүзеге асыруда өзара әрекеттескен инновациялық қызметтің субъектілері
мен объектілерінің үйлесімділігі тұрғысында түсіндіріледі.
Қазіргі кездегі әртүрлі елдердің ұлттық инновациялық жүйелері бір-бірінен ерекшеленеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасында» «Қазақстан - 2050:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының ережелері ескеріле отырып, инновациялық
дамудың негізгі мүмкіндіктері мен болжанып отырған сценарийлері көрініс тапқан. Мұнда елдің иннова-
циялық саясаты болашақ ұлттық сәйкестік, бәсекеге қабілеттілік, азаматтардың әл-ауқаты мен экономи-
калық өміршеңдік үшін іргетас ретінде қаралады.
Қарастырылған теориялардың негізгі мазмұны мен оларды инновация негізінде экономикалық даму
саясаты мен стратегиясын құру 1-суретте көрсетілген.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
13
Сурет 1 - Аумақтық инновациялық дамудың әдістемелік жолы
Сонымен, инновациялар аумақтың ұзақ мерзімдік дамуын анықтаушы факторлардың бірі болып
табылады. Қазақстанныңэкономикасы, соның ішінде оның ең ірі қалалары – Алматы мен Астананың
дамуы жаңа сатыға көшуде. Инновациялық жүйенің мемлекеттік деңгейдегі негізгі элементтері мыналар
болып табылады:
- ғылыми-техникалық білімдерді жалпылау жүйесі;
- ғылыми-техникалық білімдерді қолдану мен пайдалану жүйесі;
- инновацияның таралуы мен қолдау жүйесі (инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау,
инновациялық инфрақұрылым, венчурлық капитал және т.б).
Әлемдік экономикалық дамудың жалпы заңдылықтарын зерттеу қаланың келешекте дамуына сапалы
түрде баға беруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, қала дамуы әртүрлі әлеуметтік және экономикалық
мақсаттардың жиынтығы ретінде қарастырылатын, көп өлшемді және көп аспектілі үдеріс болып
табылады. Бұл дамудың барысында ғылым мен білім маңызының артуы ірі қалаларда инновациялық
экономиканы немесе неоэкономиканы қалыптастырады. Инновациялық жүйенің маңызын әлеуметтік-
экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатындағы ғылыми білімдерді жаңа бәсекеге қабілетті өнім мен
қызмет түріне айналдыратын өзара катынастағы әлеуметтік иснтитуттар мен ұйымдардың толық
тұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Бұрын қалалар көлік, энергетикалық, тұрғын үй, байланыс, денсаулық сақтау және тұрмыс жайлылы-
ғына қатысты инновациялар шоғырланған аумақтар болатын. Қалаларда ақыл-ой әлеуетінің шоғырлануы
көптеген идеялардың жылдам жинақталып, жүзеге асуына ықпал етеді. Қазіргі кезде қалалар әлеуметтік
инновациялардың орталықтарына айналуда. Әлеуметтік инновацияларды енгізу ірі қалалардың стратегия-
лық дамуын айқындайды. Сонымен, инновация жаңа идеялардың пайда болуы ғана емес, олардың тиімді
жүзеге асырылуы болып табылады [8].
Қаланың тұрақты инновациялық дамуы оның бәсекелестік басымдылығын айқындап береді. Ресейлік
ғалым Т.А. Туминаның пікірі бойынша, тұрақты инновациялық даму деп инновацияларды енгізу
нәтижесінде жүйенің бір тұрақты күйден екіншісіне өтуі жүзеге асатын даму нұсқасын атауға болады [9].
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
14
Осыны қамтамасыз ету үшін Алматы тәрізді инновациялық қалаларға тән басты төрт алғышарттарды атап
өтеміз (2-сурет).
Сурет 2 -Инновациялық даму әлеуеті
Сонымен, инновациялық даму тек қана негізгі инновациялық үдеріс қана емес, оны жүзеге асыру үшін
қажетті факторлар мен жағдайлардың тұтас жүйесін дамыту болып табылады.
Қала ортасына қатысты талаптар жыл сайын өзгеріп келеді. Қазіргі заманғы инновациялық қала ең
алдымен «жасыл» қала болуы тиіс, яғни экологиялық талаптарға сай, өмір үшін қолайлы ортаға айналуы
керек. Ғалымдар «жасыл» болашақты «тұрақты даму» терминімен байланыстырады [10]. Бұл жағдайда
білім мен ғылымға негізделген инновациялық экономикаға көшу қалалардың дамуының өзіндік трендіне
айналады.
PricewaterhouseCoopers зерттеулері бойынша, қалалардың стратегиялық дамуының қазіргі заманғы
тенденциялары ірі қалалардың басым көпшілігіне тән болады [8]. Олардың қатарына мыналарды атауға
болады:
1 Қала тұрғындары бірегейлікке ұмтылады, олар үшін ақпараттық және әлеуметтік қызметтің ең
оңтайлы, жеке ерекшеліктерді ескеретін түрлері қажет.
2 Ірі қалалардың аумағы кеңістік тұрғыда әртүрлі және ауқымды. Сол себепті барлық салада үдемелі-
лік сипат алған. Бұл өз кезегінде көлікті жетілдіру және оңтайлы етуді, ақпаратты жылдам таратуды
қажет етеді.
3 Жоғары технологиялар ірі қалалардың барлық салаларына (басқару, білім беру, денсаулық сақтау,
байланыс, көлік және т.б.) енуде. Бұл қала тұрғындарына қолайлы экологиялық, қауіпсіз, эстетикалық
ортаны қамтамасыз етуде де пайдаланылуы тиіс. Өйткені әдемі, қауіпсіз, сәулетті қазіргі заманғы қала өз
тұрғындарына өз мекеніне қатысты азаматтық мақтаныш сезімін де сыйлай алады.
4 Ірі қалаларда қала тұрғындарының өмір салтындағы өзгерістерге байланысты, туу көрсеткіштері
күрт төмендеп, адамның өмір жасы ұлғаяды. Сол себепті қала дамыған сайын, қарт тұрғындар саны
артады, балалар мен жастар үлесі азаяды.
5 Қала ауқымы артуда. Әлемдік деңгейде қалада тұратындар саны ғана емес, қалалық аумақтар көлемі
де ұлғайып барады. Бұл әсіресе дамушы елдерде қарқынды байқалады. Осының өзіжасанды ортаның
қалыптасуына алып келеді.
6 Климаттың өзгеруі де қала құрылысының ерекшеліктері мен қалалық өмір салты жағдайының
салдарларына (жылулық алаңдар, энергияны көп пайдалану, қоқыстардың көбеюі, жылыжай газдарының
артуы және т.б.) байланысты болады.
7 Урбандалу ғаламдық көші-қонға себепші болады. Көші-қон қалалар үшін қосымша мүмкіндіктер
береді, сонымен қатар оның әлеуметтік жіктелуіне, қауіп пен ретсіздікке алып келеді.
Инновациялық дамудың қала агломерацияларына шоғырлануы жылдам даму көрсеткіштеріне алып
келеді және мақсатты түрде инвестициялық саясатты жүргізу арқылы алдыңғы қатарлы салаларды
кластерлік тұрғыда дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жедел даму саясатын ұстанған Қытай үкіметі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
15
1995 жылдан бері 60-тан астам қалаларда 100 шақты кластерлерді анықтаған. Осы жағдайда Қытайдың
неғұрлым ірі агломерациялары шоғырланған провинцияларында инновациялық өнім өндірудің ең жоғары
көрсеткіштері (20%) байқалған [11]. Егер жалпы Қытай бойынша бұл көрсеткіштің 3,6%-ға тең екендігін
ескерсек, агломерацияның инновацияларды енгізу мен дамытудағы шешуші ролі жөнінде атап көрсетуге
болады.
Қазақстан жағдайында да экономикалық әрекеттің кеңістік агломерациясы экономика мен урбанда-
луды шоғырландыру арқылы инновацияларға қолдау көрсетуді көздейді.Сол себепті елімізде агломера-
цияларды дамыту мемлекеттік бағдарламалық сипат алған. Еліміздің аумағы мен оның аймақтары,
қалалары арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы деңгейі мен мүмкіндіктері арасындағы
айырмашылықтарды, сондай ақ ғылыми әлеуетін ескере отырып Қазақстанда инновациялық жүйені құру
мәселесін тек орталықтан нәтижелі түрде шешу мүмкін емес. Бұл процесте ірі қалалардың белсенді
қатысуы қажет. Бұл үшін басты жағдай ҚР және аймақтарының инновациялық жүйесі аясында құрылған
ірі қалалардың инновациялық жүйесінің мақсатты қалыптасуы және нәтижелі қызмет етуі болып
табылады.
1. Тодаро М.П. Экономическое развитие. – М., 1997. – 667 с.
2. Руководство Осло. Рекомендации по сбору и анализу данных по инновациям. Третье издание. Перевод с
английского - издание второе исправленное. - М., 2010. – 107 с.
3. Carlino Gerald A. and William R. Kerr. Agglomeration and Innovation // Harvard Business School Entrepreneurial
Management Working Paper. - 15-007. – 2014. http://ssrn.com/
4. Борушкина С. Москва далека от лидеров по креативности//http://opec.ru/
5. Кондратьев Н.Д., Яковец Ю.В., Абалкин Л.И. «Большие циклы конъюнктуры итеория предвидения»:
Избранные труды. - Экономика. 2002. - 767 с.
6. Портер М. Конкуренция. – М.: Вильямс, 2005. – 608 с.
7. Меньшиков С.М., Клименко Л.А. Кристофер Фримен //Длинные волны в экономике: Когда общество меняет
кожу. - 2-е. - М.: ЛЕНАНД, 2014. - С. 208-214
8. Lauren Kahn, Rushanara Ali, Alessandra Buonfino, Charlie Leadbeater Geoff Mulgan. Breakthrough cities: how
cities
can
mobilise
creativity
and
knowledge
to
tackle
compelling
social
challenges
–
84
р.
//http://creativecities.britishcouncil.org/files/data/kb/ breakthrough_cities_report.pdf
9. Тумина Т.А. Инновационное развитие – основа экономического роста. – CПб.: Химиздат, 2008. – 191 с
10. Мазница Е.М. Проблемы и тенденции инновационного развития экономики городских агломераций
//Фундаментальные исследования – 2014 – №3. – С. 154-158
11. Zhang Hongyong. Agglomeration and product innovation in China // http://www.voxeu.org/article/21July 2014
Резюме
В обзорной статье анализируются современные теории, касающиеся инновационного развития различных
территорий, в том числе развития городов. Внедрение инноваций требует тщательного анализа предпосылок и
условий развития территорий. Приведены определения терминов «инновация», «инновационное развитие». Автора-
ми дается анализ кластерной теории американского ученого Майкла Портера применительно к вопросам конкурен-
тоспособности государств. Сделан обзор по пяти основным признакам конкурентоспособности государств, опреде-
ленным М.Портером. Анализирована суть концепции национальных инновационных систем, разработанной
К.Фримен, Б.Лундвалл и Р.Нельсоном. На основе обзора и анализа современных теорий инновационного развития
авторами составлена обобщающая схема, показывающая суть данных теорий и их значение.
Для Республики Казахстан очень важен зарубежный опыт внедрения инноваций. В «Концепции инновационного
развития Республики Казахстан до 2020 года», утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 4 июня
2013 года, отражены основные возможности и предполагаемые сценарии инновационного развития с учетом
положений Стратегии «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства. Инновационная
политика страны рассматривается как фундамент для будущей национальной идентичности, конкурентоспособ-
ности, благосостояния граждан и экономической жизнеспособности.
В статье приводится анализ нового понятия «креативный потенциал города». Авторы отмечают, что данное поня-
тие сравнительно недавно появилось в зарубежной урбологии и требует специального рассмотрения применительно
к крупным городам Республики Казахстан.
Ключевые слова: инновация, инновационное развитие, национальная инновационная система, инновационная
экономика, устойчивое инновационное развитие, теория кластеров, теория инновации, инновационный потенциал,
информационная технология, инновационная политика.
Summary
In a review article examines current theories concerning the innovative development of different areas, including urban
development. Introduction of innovations requires a thorough analysis of prerequisites and conditions for the development of
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
16
territories. Contains definitions of the terms"innovation", "innovative development". The author gives an analysis of the
cluster theory of the American scientist Michael Porter's competitiveness in relation to the States. A review of five main
characteristics of the competitiveness defined by M.Porter. Analyze the essence of the concept of national innovation systems
developed by K.Freeman, B.Lundvall and R.Nelson. Based on a review and analysis of modern theories of innovative
development of the authors compiled summarizing diagram showing the essence of these theories and their meaning
For the Republic of Kazakhstan is a very important international experience innovation. In the "Concept of innovative
development of the Republic of Kazakhstan until 2020 ", approved by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan
dated June 4, 2013, reflects the main features and prospective scenarios of innovative development, taking into account the
provisions of the Strategy "Kazakhstan -2050 ": a new policy established state. Innovation policy of the country is seen as the
foundation for the future of national identity, competitiveness, welfare and economic viability.
This article provides an analysis of the new concept of "creativepotential of the city." The authors note that this concept is
relatively new to the foreign urbologу and requires special consideration in relation to major cities of the Republic of
Kazakhstan.
Достарыңызбен бөлісу: |