Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50

 
Резюме 
В  статье  определяются  сущность  и  цели  экологического  образования.  Рассматриваются  основные  принципы 
экологического образования.  
 
Summary 
The  authors  justify  the  need  for  environmental  education.  Determine  the  meaning  and  purpose  of  environmental 
education. Consider Basic principles of environmental education. 
 
Әдебиеттер: 
1  Сағындықова Э.Ө. Экологиялық білім және экологиялық мәдениет. – Алматы, 2012. – 167 б. 
2  Зверев  И.Д. Экологическое  образование  и  воспитание:  узловые  вопросы //  Сб.  науч.  трудов  «Экологическое 
образование»: концепции и технологии. – Волгоград: Перемена, 1996. – С.74-84. 
3  Кучер Т.В. Экологическое образование учащихся в обучении географии. – М.: Просвещение, 1990. – 127с. 
4  Захлебный  А.Н. Школа и проблемы охраны природы: Содержание природоохранительного образования. – М., 
1991. – 184 с. 
5  Буламбаев Ж. К истории осмысления воздействия  природного  фактора  на жизнедеятельность общества. 
//Поиск, 2001, №3 – С. 234-241. 
6  Длимбетова Г.К. Проектирование содержания экологического образования // Абай атындағы КазҰПУ-дың 
Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы – Вестник КазНПУ им.Абая. Сер. Пед. науки. – 2005. - №1(9) – С.7-12 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
149 
УДК 37.035.6  
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ    ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ 
 
Т.М. Баймолдаев  Жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, 
 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Аңдатпа: 
Қазіргі таңда жастар тәрбиесі қоғамымыздағы рөлі артып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, білім 
саласында  жасалған  алғашқы  оң  қадамдардың  бірі 
   қазақ  мектептерінің  көптеп  ашылуы  еді.  Бұл  бетбұрыс  төл 
оқулықтарымыздың құрастырылуына, оқытудың жаңа технологияларының ендірілуіне  және тағы басқа игіліктердің 
жасалуына  түрткі  болды,  яғни  жас  ұрпақты    төл  мәдениеті  негізінде  тәрбиелеуге  қол  жетті.  Жиырма  жыл   ішінде 
қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін-өзі тану, өзінің ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін 
құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында 
қыруар шаруалар атқарылды. Жастарымызды осы Мәңгілік Ел үшін қызмет етуге тәрбиелеу қоғамның басты міндеті 
болып табылады. 
Тірек сөздер: салт-дәстүр, сенім, транспаренттілік, төзімділік. 
  
Бүгінгі  таңда    білім  беру  жүйесі    қоғамдық  дамудың  ең  маңызды  әрі  шешуші  элементтерінің  бірі  екені 
баршамызға  аян,  бұған  қоса,  мемлекеттің  ғылыми-экономикалық    дамуының    қуат  беруші  құралы  қызметін 
атқарып келе жатқаны да белгілі. 
Алайда,  өткен  ғасыр  қазақ  халқының  тарихында  қарама-қайшылықтарға  толы  болды.  Кеңес  үкметі    бір 
жағынан  халықты жаппай сауаттандыру ісін қолға алып, білім ошақтарының дамуына кеңінен мүмкіндік бер-
се, екінші жағынан одақтас республикаларды өз мәдениетінен, тілінен, тарихынан ажыратып, тек коммунистік 
идеологияға негізделген моральға тәрбиеледі.  Бұл ұлттық салт-дәстүрден ажыраған мәңгүрт ұрпақтың келуі-
не әкеліп соқты.  
Дегенмен,  тәуелсіздік  орнап,  жоғалтқан  құндылықтарымызды  қайта  қалпына  келтіру  бақыты  бұйырды. 
1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі 
туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет 
ретінде таныла бастады.Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл 
декларацияның  қабылдануымен  егемендігін  мәлім  ететін  жеке  территориясы,  азаматтығы,  мемлекеттік 
бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Қазақстанның егемендігі 
және  территориясының  тұтастығы  саяси,  құқықтық  және  экономикалық  тұрғыдан  дәйектелді.  Осы  кезден 
бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле 
бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет  Қазақстан Республикасының негізі қаланды [1].  
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, білім саласында жасалған алғашқы оң қадамдардың бірі   қазақ  
мектептерінің  көптеп  ашылуы  еді.  Бұл  бетбұрыс  төл  оқулықтарымыздың  құрастырылуына,  оқытудың  жаңа 
технологияларының ендірілуіне  және тағы басқа игіліктердің жасалуына түрткі болды, яғни жас ұрпақты  төл 
мәдениеті негізінде тәрбиелеуге қол жетті.  Жиырма жыл  ішінде  қазақ халқының ұлттық  санасы жаңғырып, 
өзін-өзі  тану,  өзінің  ежелден  қалыптасқан  тарихы  мен  ұлттық  дәстүрлерін  құрметтеу,  ұлы  тұлғаларын  бүкіл 
дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарыл-
ды. Бұл қазақ халқының, алаш зиялыларының аңсаған арманы болатын.  
Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі  мезгіл  ішінде  көптеген  елеулі  табыстарға  қол  жеткіздік.  Бұл 
Президентіміздің  жүргізіп  отырған  парасатты  көреген  саясатының  нәтижесі  –  Еліміздің  тыныштығы  мен 
қауіпсіздігінің,  көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. 
Еліміздің  тәуелсіздігі  мен  мемлекеттілігінің  орныға  түсуі,  ұлттық  қауіпсіздігі,  экономикамыздың  жедел 
қарқынмен  дами  беруі,  Қазақстан  халықтарының  өз  болашақтарына  деген  берік  сенімі,   қазіргі  замандағы 
өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. 
Қазақстанның әлемдік ұйымдардың жұмысына белсене атсалысуы, елімізді дүниежүзінің алдыңғы қатарлы 
мемлекеттерінің танып, мойындауына өз ықпалын тигізді. Сондай ұйымдардың бірі,  Еуропадағы қауіпсіздік 
пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес.  
Қазақстан  Республикасы  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі  кеңестің  тәжірибелерін 
бөлісу  мақсатымен,  оның  негізгі  принциптерін  басшылыққа  алуға  міндеттеме  қабылдап,  екі  жақты  тығыз 
байланыс орнатты.  Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
150 
және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына  Қазақстан Президенті  Н.Назарбаев қатысып, 
Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті.  
Ал Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы бол-
ды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні –  ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқ-
санда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы  Ыстамбұлда өткен болатын. 
Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан ұйымға төрағалық еткен бірінші мемлекет болды. 
Бұл тарихи шешім мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатының өз пәрменділігін сақтағанын көрсетті, 
сонымен  қатар  республикамыздың  стратегиялық  маңызды  өңірдегі  және  бүкіл  ЕҚЫҰ  кеңістігіндегі  барған 
сайын  артып  келе  жатқан  рөлінің  мойындалғаны  болды.  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-дағы  төрағалығының  ұраны 
латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік 
(tolerance).  Сенім  –  халықаралық  қатынастарда  барлық  елдер  үшін  қажет  басты  ресурс,   соншалық  мәнді 
тарихи өзгерістер кезінде ол өзінен өзі түсінілетін нәрсе бола алмайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі 
қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосар-
ланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назар-
ды  сындарлы  ынтымақтастыққа  бағыттауды  аңдатады.  Төзімділік  –  бұл  мәдениеттер  және  өркениеттер 
арасындағы диалогтың  барған сайын артып отырған маңызын сезіну [2]. 
Еліміздің мұндай саяси қадамдары, жастарымызды республикамыздың қол жеткізген жетістіктерін мақтан 
тұтуға, отансүйгіштікке  тәрбиелеуде маңызы зор.  Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң 
рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға 
да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзi-
лiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш. 
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда жастарды Қазақстандық патриотизм 
арқылы Отансүйгiштiкке баулуға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, 
ҚР  Бiлiм  заңында,  ҚР  Мемлекеттiк  Бiлiм  бағдарламасында,  ҚР  тарихи  сананы  қалыптастыру,  ҚР  мәдени-
этникалық  тұжырымдамаларында  және  ел  президентiнiң  әр  жылдардағы  республика  халқына  жолдаған 
жолдауларында,  үкiметтiң  қаулы-қарарларында,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  және  күнделiктi  басылым 
беттерiнде айқын аңғарылады. 
Мемлекет өз азаматтарының кең ауқымда білім алуына барынша мүмкіндік жасауда. Тіпті, тағдыр тауқы-
метімен  шетелде  жүрген  қазақтардың  да  қамын  ойлауда,  көші  қонды  былай  қойғанда  дүниежүзінің  40  тан 
астам  мемлекеттерінде  тұрып  жатқан  қазақ  диаспорасы  балаларының  арасында  «Дарын»  Республикалық 
ғылыми-практикалық  орталығы  «Қазақстан  ата  –  жұртым,  қасиетім  –  ана  тілім»  атты  қазақ  тілі  мен 
әдебиетінен  халықаралық  олимпиаданы  жыл  сайын  бір  облыс  орталығында  өткізуді  дәстүрге  айналдырған. 
Аталған  шара  шетелдегі  қандастарымыздың  тіл  мен  әдебиетті  ғана  меңгеріп  қоймай,  ел  экономикасымен  де 
танысып, өзін осы мемлекеттің бір бөлшегі ретінде сезінуіне  түрткі болады.  
Бүгінгі таңда еліміздің жастарын тәрбиелеу де оңайға соқпай отыр. Олардың санасы батыстық мәдениетке 
еліктеп, бабалар өсиетінен алшақтап бара жатқандығы ойлантады. Американдық инженерлердің мынандай бір 
қағидасы бар екен: «Бастаған ісің автомобиль сияқты – өз бетімен ол тек төмен қарай жүре алады», яғни елдің 
болашағы аталған  жастар тәрбиесі арнайы ұйымдастырылуы  тиіс,   «Қараңғыны қараңғы деп сөккенше, бір 
май  шам  жақсаңшы»  демекші,  бүгінгі  таңда  оларды  әрекет  жасауға  бағыттауымыз  керек.  Бұл  орайда    баба-
ларымыздың өсиеттерін де тәрбие құралы ретінде пайдалансақ ұтатын жеріміз  көбейеді.  Мәселен, Шәкәрім 
Құдайбердіұлының мына сөздері жастардың ойында тұрса  
 
Ғылым тап, жас күніңде буын қатпай,  
Басында байқамассың дәмін татпай. 
Менің көрген жайымды сендер білсең, 
Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай [3]. 
 
Бұл  осыдан  бір  ғасыр  бұрын  айтылса  да  дәл  біздің  заманымызға  арналғандай.  Данышпан  Абай  «Адам 
ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан 
азады», -[4] деген. Өткен ғасырдың басында ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынов «Білімді болуға – оқу, бай 
болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек», - [5]  дейді. Яғни адам болуға білім керек және ол сапалы болуы 
шарт,  сонда  ғана  ол  кәсіпке  ұласады,  кәсібі  бар  адамның  байлыққа  қол  жеткізуі  қиын  емес.  Байлықтың 
қызығын көруге ел керек, ал ел тек бірлігі болғанда сақталады.  
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
151 
Сен алаулап жанбасаң, 
Мен алаулап жанбасам 
Алаулап жанар 
Сонда кім?
 
 
Әрине, бұл өлең жолдары  ел болашағы жалынды жастардың қолында екенін дәлелдей түседі. Ал жастарды 
тәрбиелеу ұлттық идеологияға байланысты.  
Үстіміздегі  жылы жарияланған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына 
жолдауында  «Мен  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?»  деген  сауал  жиі  талқыға 
түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін 
идея бар. Ол –  Мәңгілік Ел идеясы.  Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол  жеткізді.  Біз 
еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  –  Мәңгілік  Елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  Мәңгілік  Ғұмыры 
ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.   Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.  Ендеше, 
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл 
арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын 
Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қа-
райтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», [3] -  
деген болатын. Міне, жастарымызды осы Мәңгілік Ел үшін қызмет етуге тәрбиелеу қоғамның басты міндеті 
болып табылады.  
 
 
Резюме 
В  настоящее  время  идея  о  «Мәңгілік  ел»  для  воспитание  молодежи  имеет  огромное  влияние  на  общество.  В 
научных  исследованиях  по  проблемам  национального  воспитания  учащейся  молодежи  отмечается:  национальное 
самосознание  личности  выражает  представление  о  национальной  принадлежности,  отношение  к  историческому 
прошлому нации. 
 
Summary 
Now the idea about "Eternal to the country" for education of youth has huge influence on society. In scientific researches 
on problems of national education of studying youth it is noted: the national consciousness of the personality expresses idea of 
a national identity, the relation to the historical past of the nation. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  http://www.inform.kz/kaz/article/2505201  
2.  http://summit2010.osce.org/ 
3.  Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты.  
– Алматы, 1993.  – 75 б. 
4.  Абай. Қара сөздер.
 – Алматы, 1993. –272 бет. 
5.  Байтұрсынов А. Ақжол. 
– Алматы,1991. – 269 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
152 
УДК 37.046.16  
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ  
ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ КЕЛБЕТІН ҚАЛПЫТАСТЫРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
 
С.Ғ. Тәжібаева – п.ғ.к.,профессор  
 
Аңдатпа: 
Имандылығымызды  бекітіп,  жан-жақты,  бауырларымызға  үлгі  көрсететін  ұрпақ  тәрбиелеу  мақсатын  көздейтін 
«Жастардың  ұлттық келбетін қалыптастыру» тұжырымдамасын ұсынамыз.  
Ұсынылып  отырған тұжырымдамада тәрбие жұмысы жүйесінің жұмыс қабілеті мен өмір сүру қабілетінің тағы 
бір басты шарты – студент өзін-өзі басқару және студенттердің белсенділігін арттыруды дамыту болып отыр.  Бұл 
тұжырымдамада жоғары  оқу  орнында білім беру үдерісінің басты аспектісін іске асыру  тәсілі болуы мүмкін. Оны 
орындау үшін арнаулы бағдарламаларды дайындау керек.  
1.  Жоғары оқу орнының  ұлттық тәлім тәрбие беру моделі. 
2.  ЖОО тәрбие жұмысы жоспары. 
3.  Студенттердің ғылыми қоғамының бағдарламасы. 
4.  Салауатты өмір салтын құру. 
5.  Жастар қоғамының жоспары. 
6.  Жастарды отбасылық өмірге дайындау университетінің жоспары. 
Тірек сөздер: ұлттық тірбие, жастар, қоғамдық қатынас, материалдық орта. 
 
Жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқын ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық 
салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптастыруды ұлттық тәрбие деп айтамыз. 
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни 
халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтары. 
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары туралы еліміздің Президенті Н.Назарбаев бір жина-
ғында  мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыс-
тарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген 
едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына 
сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу 
тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  әр  ата-ана  мектепке  көмек  берсе,  сонда  ғана  бәсекелестікке  сай  50  елдің 
қатарына кіруге еңбек ететін ХХІ ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.   
Бүгінгі таңда тәуелсіздікке, халқымыздың азаттығына байланысты ой, ойлау еркіндігі қажет. Сондықтан да 
тәрбиелік  құрал  бола  алатын  не  керек  дегенде  жастарды  ұлттық  рухта  тәрбиелеу  керек  дегеніміз  жөн.  Грек 
ғұламалардың  айтуына  қарағанда,  адамның  белгілі  бір  ұлтқа,  халыққа  тән  екендігін  айқын  сезіну  үшін  бес 
түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс екен. Мұны гректер айтқанымен бізге жеткізген осы бес шарттың белгісі 
тұл  бойынан  табылар  тағылымды  жан  Мұхтар  Арын  ағамыз “Бес  анық”  кітабында:  “Әр  адам  біріншіден  өз 
ұлтының  тілін  жақсы  білуі  қажет.  Екіншіден,  сол  ұлттың  дінін  терең  менгергені  жөн.  Үшіншіден,  сол 
ұлттық  дәстүрін  толық  бойына  сіңіруі  тиіс.  Төртіншіден,  сол  ұлттың  тарихын  бес  саусағындай  білгені 
абзал. Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі шарт”. Осындай бес сипаттаманы 
бойына дарытқан адам ғана ұлттың толыққанды өкілмін деуге құқылы дейді.  
Көрнекті  тұлғалар  (әл-Фараби,  ХV-XIX  ғасырлардағы  ақын-жыраулары  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердіұлы,  М.Жұмабаев)  шығармашылықтарының  тәлім-тәрбиелік  астарлары  сөз  болған  бірқатар 
зерттеу  мен  мақалалалар  ерте  замандардан-ақ  өмір  қажеттілігінен  туып,  үнемі  дамып  келген  халықымыз 
тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі.  
Бүгінгі күн жағдайында халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге 
асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік 
ой-пікірлерін  зерттеу,  жинақтау,  жариялау  жолы  Қ.Жарықбаевтың,  С.Қалиевтың  еңбектерінде  айқын  көрініс 
тапқан.  Ал  бірқатар  ғалымдар  (А.Көбесов,  С.Қалиев,  С.Ұзақбаева,  К.Қожахметова  және  т.б.)  еңбектерінің 
нәтижелері  тарихи-педагогикалық  проблеманың  бүгінгі  міндеттерін  шешуде  халық  даналығын  басшылыққа 
алуды жүктейді.  
Бүгінгі  таңдағы  білім  беру  жағдайында  ұлттық  тәрбиенің  ерекшеліктерінің  есепке  алыну  қажеттілігін 
көрсетеді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
153 
Осы  орайда,  халқымыздың  тарихи  жолында  жинақтаған  тәрбие-тәжірибесі  мен  педагогикалық  ойлары 
көрініс беретін салт-дәстүр, халық шығармашылығының түрлі жанрлары, шаруашылық кәсібі, қоғамдық өмірі, 
материалдық мәдениет ескерткіштері мектептің  оқу-тәрбие үдерісінде  оқушының  ұлттық  келбетін  қалыптас-
тырудың негізі болуы қажет.   
«Болашақ  ұрпағымызды  тәрбиелегенде,  -  дейді,  елбасы  Н.Назарбаев,  оларға  жастайынан имандылық  пен 
салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін 
қоса алатын азамат өсіре аламыз”. 
Қазақ  дініне,  тіліне  берік  болған  халық.  Сондықтан  да  біздің  жастарымыз  өз  ұлтының  тарихын  тереңнен 
оқып, зерттеген сайын рухани күш-қуаты арта түспек. 
Жан  жақты  жарасымды  дамыған,  көркіне  ақылы  сай,  адамгершілігі  мол  жігіттің  сұлтаны,  асыл  ару 
тәрбиелеу халық арманы болғандықтан нағыз ел қамын жер азамат тәрбиелеу қазақ мектебінің басты мақсаты 
болуы керек екенін әр ұстаз есінде сақтауы қажет.  
Құрметті  ұстаздар!  Имандылығымызды  бекітіп,  жан-жақты,  бауырларымызға  үлгі  көрсететін  ұрпақ 
тәрбиелеу мақсатын көздейтін «Жастардың  ұлттық келбетін қалыптастыру» тұжырымдамасын ұсынамыз.  
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады: 
1. Жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері. 
2. Студент жастардың рухани-адамгершілік дамуындағы кейбір тенденциялар. 
3. Жоғары оқу орнында  тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері. 
4. Жоғары оқу орнында тәрбиелеу ұстанымдары.  
5. Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын ұйымдастыру моделі. 
6. Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. 
7. Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысының мазмұны. 
8. Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын басқару. 
І. Жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері 
Мақсаты:  
Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде қоғам талабына сай, жан жақты жарасымды дамыған, 
көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жастарды  тәрбиелеу.  
Міндеттері: 
Жоғары  оқу  орнының  оқу  тәрбие-үдерісі  арқылы  жастар  бойында  төмендегідей  қасиеттерді  қалып-
тастыру: 
 ұлттық санасы, азаматтылық, отансүйгіштік қасиеттері болып елінің экономикалық және мәдени дамыған, 
әлемдік қоғамда сай орны  керек; 
 өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу; 
 әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, адамгершілік мұратына және ізгіліктік құндылық-
тарға сүйене отырып мақсат қоя білуі керек; 
 заңды  сыйлайтын  және  әлеуметтік  жауапкершілікті  болуы  қажет,  азаматтық  ерлігі,  ішкі  еркіндігі  мен 
өзіндік ар-намысы болуы керек; 
 жанашыр,  өнегелі,  парасатты

әлемдік  мәдениет  пен  өркениетті  тани  білуі  және  сыйластық  сезімді 
қабілеттері болуы керек; 
 өз денсаулыған қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалау; 
 әлемдік және ұлттық мәдениет құндылықтарын бағалай білуі керек. 
 
ІІ.Жастарды  рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі кейбір тенденциялар 
 
Ұжымдағы  (ортадағы)  жағдайды  сараптау  қоғамдағы  оң  жақты  өзгерістермен  қатар  жағымсыз 
тұстарды да анықтауға көмектеседі: 
 Еліміздегі  бүгінгі  күнгі  жастар  –  нарықтық  реформа  және  өзгерген  қоғамдық  қатынастар  жағдайында 
өскен  ұрпақ.  Бұл  жастардың  құндылық  бағыттылығына  қалай  да  болса  бір  әсерін  тигізді.  Сондықтан  бұл 
ортада дарашылдық, прагматизм, материалдық байлықтарға талпыну, кейде қандай да болсын жолмен жетуге 
тырысу басым болып отыр. 
 Қоғамдық  өмірге жеке қатысуды жастар өз қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып түсінуге 
тырысады; қоғамда болып жатқан, өздерінің тағдырына әсері бар саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдениеттік 
үрдістерінің маңыздылығын түсіну, олардың бұл үрдістер туралы аз хабардар болуымен қатар жүреді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
154 
 Сапалы білімді алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық деп санайтын жастар ұрпағы қалыптасуда. Олар 
сапалы  білімді  кәсіптік  жоғарлауға,  материалдық  байлық,  жоғары  әлеуметтік  мәртебеге  жету  жолы  деп 
санайды.  
 Тұлғаның  дамуына  көмектесетін  көптеген  жаңа  мүмкіншіліктеріне  байланысты  (ғылыми,  мәдени 
ақпараттар ағымы; компьютерлендіру, шетелде оқу, т.б.) шығармашыл, талантты жастар саны көбеюде. Олар 
өздерін ғылымда, өнерде және спортта көрсете біледі.  
 Жастар ұйымдары, қозғалыстар, бірлестіктердің саяси бағытта емес, болашақ кәсіптік іскерлік бағытында 
құрылу  тенденциясы байқалуда. Бұған жастар ұйымдарын құру,  оған мүше болу, жеткіншектің тандап алған 
бағытына, іс-әрекетіне қызығушылықтары, өзін  көрсете білуі, өз  ойлары мен көзқарастарын айта білуі дәлел 
болады. 
 Жастардың ішінде “Ақша бәрін шешеді” деп ойлайтындары да кездеседі.  Сондықтан олар үшін алатын 
білімнің сапасы және өздігінен білім алуға талпыну екінші орынға қойылады. 
 Кейбір жастар “Батыстың өмір сүру салтын” қалайды (жігіттер, қыздар – мансапқорлықты, өмірде бірінші 
болу, жоғары әлеуметтік мәртебе, материалдық байлық, т.с.с.), ал кейбір жастар дәстүрлі діни құндылықтарды 
бағалайды, иманжүзді жастар саны көбейген. 
 Жастардың көп бөлігі жалпы мәдениетінің төмендігімен (оның құрам-бөліктері: адамгершілік, құқықтық, 
саяси, тұрмыстық мәдениет, қарым-қатынас мәдениеті) сипатталады.  
 Жастардың денсаулығының бұзылуы, нашақорлықтың, алкоголизмнің өсуі,  венерологиялық  аурулардың 
көбеюі байқалуда. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет