Түйіндеме
Бұл мақаланың басты мақсаты интеллектуалды технологияларды түсіндіру және тұжырымдау. Педагогикалық
инженерлік білім жүйесін құрдық. Негізгі және қосымша оқыту принципі дәлелденді.
Summary
The problem of formulating the principles of teaching intelligent technologies has been highlighted. The principles of
building a system of engineering-pedagogical education have been provided. The basic and additional principles of teaching
have been outlined and substantiated. On the basis of additional principles of categorization, dynamism and structuring the
mechanism of a successful improvement of the content of training an engineer-teacher in the field of intelligent computing.
Список литературы
1. Козлов В. Н. Системный анализ и принятие решений / В. Н. Козлов. – СПб.: Изд-во Политехнического
университета, 2009. – 223 с.
2. Краевский В. В. Методология педагогического исследования: Пособие для педагога-исследователя /
В. В. Краевский. – Самара, 1994. – 165 с.
3. Леднев B. C. Содержание образования: сущность, структура, перспективы / B. C. Леднев. – М.: Высшая
школа, 1991. – 224 с.
4. Леднев В.С, Структура педагогической науки / В. С. Леднев // Пед. Технология. – Вып. 1. – М., 1991. – 64 с.
5. Новиков А. М. Российское образование в новой опохе. Парадоксы наследия, векторы развития. – М.: Эгвес,
2000. – 272 с.
6. Сластенин В. А. Педагогика: Инновационная деятельность / В. А. Сластенин, Л. С. Подымова. – М.: ИЧП
«Издательство Магистр», 1997. - 224 с.
7. Сластенин В. А. Подготовка педагогических кадров: опыт, проблемы, перспективы / В. А. Сластенин //
Формирование личности учителя в системе Высшего педагогического образования. – М., 1981. – 235 с.
8. Философский словарь. Под ред. И. Т. Фролова. – 6-е изд. – М.: Политиздат. – 1991. – 559 с.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
139
УДК 37.022
Е-LEARNING ЖҮЙЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
С.Н. Исабаева – п.ғ.к., қауымдастырылған проф.м.а., ҚазмемҚызПУ
Д.Н. Исабаева – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа:
Бұл мақалада Е-Learning электрондық оқыту жүйесінің білім берудегі артықшылықтары жайлы айтылған. Бұл
желі білім алушыларды, оқытушылар мен менеджерлерді байланыстыратын консолидерген виртуалды ортаны
құруға жол ашты. Е-learning туралы толығырақ еуропалық комиссия жаңа ақпараттық технология, мультимедиалық
технология және Интернетпен оқу сапасын көтеру үшін сервис пен ресуртарға қолжетімділікті жақсарту үшін және
де нақты уақыт режимінде бірігіп жұмыс жасау және қашықтықтан біліммен алмасу деп анықтама бередігін атап
өттік. Е-learning–нің дәстүрлі оқытумен салыстырғандағы басты артықшылықтарының бірі, дербестігі, білім
алушылардың оқыту материалдарын таңдау мүмкіндігінің бар болуы, оқытудың интеллектуалды жүйесі деп
аталатын шапшаңдықты реттеу және оны игеру уақытының бар болуы болып табыладығын анықтадық.
Тірек сөздер: Е-Learning, тарату, белсендіру, интеграция, мультимедия.
Е-Learning электрондық оқыту жүйесі – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Онда «2015 жылға
қарай жетекшi шетелдiк ЖОО-лардың үлгiсi қалпы бойынша университеттiк порталдар құрылады, 2020 жылға
қарай ЖОО-ларда кең жолақты Интернетке қол жеткiзу 100% қамтамасыз етiледi. ЖОО-лардың техникалық
дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кiтапханаға қосу
жүзеге асырылатын болады» деп, e-Learning электрондық оқыту жүйесі арқылы бiлiм беру процесiнiң барлық
қатысушыларының үздiк бiлiм беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
қажеттілігі айтылған. [1].
ЮНЕСКО-ның өзі электронды оқытуды модернизация мен ұлттық білім жүйесін дамытуда маңызды рөл
атқаратынына қызығушылық танытып отыр. E-learning технологиясы білім берудің жаңа стилі және олардың
біліктілік пен дағдыны дамыту білім алушылар үшін тиімділігі анықталды. Дамыған мемлекеттерде
(Финляндия, Норвегия, Сингапур және т.б.) E-learning инновациялық дағдыларды дамыту негізінде маңызды
әдіс ретінде мемлекеттік деңгейде қарастырылады.
ТМД мемлекеттерінде де ұлттық білім жүйесін дамыту механизмі, білім беру модернизациясы және орна-
ласқан орнына тәуелсіз сапалы білім беру және оның материалды негізін құру ретінде электронды оқытуды
бағдарламасын дамытуды мемлекет өз қолына алмақшы.
Е-learning термині Web базасындағы CD-ROM тренингтері негізіндегі компьютерлік курстарды Internet
технологиялардың қарқынды дамуы ығыстырған уақытта 1999 жылы пайда болды. Олармен аймақтық
бөлінген ұйымдардың қызметкерлерін қамту өте оңай және арзанға түсті. Мұндай орталықтандырылған оқу
үрдісін басқаруды ұйымдастыру оңай, әрі тиімді болып табылады. Бұл желі білім алушыларды, оқытушылар
мен менеджерлерді байланыстыратын консолидерген виртуалды ортаны құруға жол ашты.
Бірақ, көп уақыттың өтуіне қарамастан, e-learning терминологиясы тұрақтала қоймады. Әлі күнге дейін
бірыңғай, жалпыға түсінікті, тұрақты, мамандарға түсінікті бір де бір электронды оқытудың түсінігі қалыптас-
паған. Көптеген әр түрлі ұқсас терминдері бар. Мамандардың көбі e-learning оқытуды Интернет технология-
сыны қолданумен құрылған деп ойлайды. Мысалы, Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина, М.В. Моисеев «e-learning –
педагогикалық технологияларды жүзеге асыру үшін, интернет технологияларды оқытуда қолдану» деп
анықтама береді [2]. P.J. Edelson, V.V. Pitman және т.б. e-learning-ді online оқыту ретінде қарастырады, басқа да
Web-based training, CBT-computer Based Training, BadrulKhan сияқты авторлары e-learning-ті оқу үрдісіндегі
Интернет және мультимедиалық технология, ақпараттық технологияларды қолдану ретінде ұсынды.
Электрондық оқытудың тұжырымдамасында «e-learning- Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту»
ретінде анықтама берді [3]. Е.Ы. Бидайбеков, В.С. Гриншкун және т.б электронды оқыту (e-learning) – бұл,
коммуникациялық және ақпараттық технологиялардың қазіргі құралына мультимедиа құралдарына, видео
байланыс құралдарына сүйене отырып, оқытушы мен білім алушы, білім алушылардың өзара әрекеттестік-
терінің басқаша формасын ұсынатын арнайы оқыту формасы деп анықтама берген [4]. Анықтамалардың әр
түрлілігіне қарамастан, барлық жоғарыда аталған авторлар e-learning-ті компьютерлік, ақпараттық, интернет
технологияларын қолданып оқыту базасы ретінде қарастырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
140
Е-learning туралы толығырақ еуропалық комиссия жаңа ақпараттық технология, мультимедиалық техно-
логия және Интернетпен оқу сапасын көтеру үшін сервис пен ресуртарға қолжетімділікті жақсарту үшін және
де нақты уақыт режимінде бірігіп жұмыс жасау және қашықтықтан біліммен алмасу деп анықтама береді.
Соңғы уақыттарда e-learning 2.0 термині көптен таралуда. Ол Web 2.0 технологиясын қолданумен байла-
нысты электронды оқытуды ұйымдастыру ортасындағы үрдісті көрсетеді. e-learning-нен басты айырмашылығы
қашықтықтан оқыту курсын қолдану, білім алушыларға оқытуды жүргізу мақсатында жеткізіледі және
e-learning 2.0 Web 2.0 құралының блогтар, wiki, әлеуметтік желілерін қолдануды мақсат етеді.
Басқада оқу формасы секілді, әрбір оқу жүйесі тәрізді компонентті құрамы: мақсаттан, барлық оқу форма-
ларына шартталған әлеуметтік тапсырыстан, мазмұннан, әр түрлі әрекеттестіктегі анықталған бағдарламалар-
дан, оқу мекемесіндегі нақты стандарттардан, әдістерден, ұйымдастыру формаларынан, оқу құралдарынан
тұрады.
Е-learning–нің дәстүрлі оқытумен салыстырғандағы басты артықшылықтарының бірі, дербестігі, білім
алушылардың оқыту материалдарын таңдау мүмкіндігінің бар болуы, оқытудың интеллектуалды жүйесі деп
аталатын шапшаңдықты реттеу және оны игеру уақытының бар болуы болып табылады. Оқу ақпаратының
берілуінен және білімнің меңгеруін бақылауынан оқытушыларды босатады, әрбір білім алушымен жекелей
оқытуға уақыт табылады, ал қазіргі электронды пошта сияқты коммуникациялық технология құралдары бұл
қатынасты ыңғайлы, әрі жылдам етеді.
Е-learning технологиясын қолдану білімді бағалау, дағдысы және дәрежесі жайлы қажетті ақпаратты
толығырақ алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар сұрақтарға кеткен уақыт жайлы, амалдар саны, үлкен қиын-
дықтар туғызған сұрақтар мен тапсырмалар және т.б. көрсетеді. Осындай ақпараттарды ала отырып, өтіліп
жатқан оқытуды басқаруды әлдеқайда жеңілдетеді.
Е-learning-нің маңызды артықшылығы осы бағдарламаны қолдана отырып, мүмкіндіктері шектеулі азамат-
тарды оқыту үшін қолданылуы болып табылады. Сонымен қатар бұл электронды оқыту дәстүрлі күндізгі оқу
формасына өз себептеріне байланысты келе алмайтын азаматтарға сапалы білім беру мүмкіндігін береді.
Мысалы, тұрғылықты жерінде сапалы білім беретін оқу орнының жоқтығы. e-learning-нің тағыда бір артықшы-
лығы бұл өндірістен ажырамай оқу мүмкіндігі.
Е-learning-нің тағы бір артықшылығы дәстүрлі күндізгі оқумен салыстырғанда бағасы тиімді болып
табылады. Алғашқы жоғарғы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан, электронды оқыту дәстүрлі күндізгі
оқытумен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
e-learning-ді қолдану артықшылықтарының арасынан ақпаратты жақсы меңгеру бағытындағы педагогіка-
лық артықшылықтарды бөліп көрсетуге болады:
Қолжетімді оқу құралдарының әртүрлігі. e-learning электронды оқытуды қолдану барысында оқу
ақпаратын әр түрлі әдіспен ұсыну оқытушы үшін шек қоймайды: дәстүрлы иллюстрациялар мен видеоролик-
тертерден бастап, анимациялық схемаларға дейін қолданылады.
Барлық осы құралдар дәстүрлі күндізгі оқытуда да қолданыла алады, алайда ол көп қолданылмайды, ал e-
learning де бұл міндетті түрде қолдануды талап етеді. Нәтижесінде, бұл электронды оқыту дәстүрлі күндізгі
оқытумен салыстырғанда өте тиімді болып табылады.
Қолданылған технологиялардың икемділігі. Интерактивті курстың қолдану аясы шектеусіз. Оқытушы
қойылған тапсырмаға байланысты мультимедиалық материалды әр түрлі бағытта бере алады: автономды
құрал, тақырып бойынша анықтамалық, дәріске қатысты материалдар, білімді бақылау жүйесі және т.с.с..
Қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану негізіндегі интерактивті курстардың жоғарғы сапалы
жұмысымен байланысты техникалық артықшылықтарды да бөліп айта кеткен жөн. Е-learning-нің білімдегі
техникалық артықшылықтарына мыналар жатады:
Оқу материалдарының сандық табиғаты.
Тарату. Дербес компьютерлар немесе басқада интерактивті құралдарды қолдану үшін оқу курстары
құрылады. Баспа сөз басылымдарынан айырмашылығы мәліметтерді тасушылар (аудио және видеодисктар,
кассеталар), интерактивті материалдарды физикалық тасымалдаушылардың еш қатысынсыз, мысалы Интернет
арқылы таратыла алады.
Белсендіру. Әр бір жаңа мәліметтер, толықтырылған мәліметтер немесе өзгертулер, сонымен қатар фактілік
және техникалық түзетулерді қайта басып шығармаса түзетуге болмайды (оқулық, диск, видеолекция).
Мультимедиялық курс абсолютті ыңғайлылық пен қысқа уақыт ішінде және ешқандай шектеусіз өз мазмұнын
өндіруге мүмкіндік береді.
Интеграция. Интернеттің дамуымен және байланыс желілердің ауқымының өсуімен, оқу материалдырының
дәстүрлі формасынан бұрын мультимедиалық материалдардың басты артықшылығы минималды шығындар-
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
141
мен ақпаратты шексіз тарату мүмкіндіктері бар. Осындай өзгешелікпен қашықтықтан оқыту кешені қазіргі
уақытта таратылуда, дәстүрлі – күндізгі, кешкі, сырттай және жедел оқыту формалары дербес формасына айна-
луда. Сонымен, e-learning-ді қазіргі оқу жүйесіне енгізу қажетті буын болып барады.
Кең қолжетімділік. Қашықтықтан оқыту жүйесін қолданғанда немесе онлайн курсын өтуде төменгі
немесе орта буынды дербес компьютерді қолдана білу жеткілікті және минималды қосымша құрылғылар
жинағының (дыбыстық динамика және CD привод) бар болуы жеткілікті, сонымен қатар жылдамдығы
64 кб\сек және одан жоғары Интернетке қол жетімді болуы шарт. Қазіргі кезде мұндай компьютерлік конфи-
гурациялар мен осындай жылдамдықта қосылған Интернет желісі орта және үлкен қалалардың тұрғындарына
қол жетімді.
Мұндай оқыту формасы барлық аудандарда қолданыла алады. Ең көп қолданыс тұлғаның біліктілігін
көтеру кезінде көрініс табады. Ол тыңдаушыларға ұсынылатын артықшылықтарымен шартталған. Олар
қатарында:
–
қашықтықтан оқыту;
–
жекелей оқыту;
–
өндірістен ажырамай оқуды өту мүмкіндігі және т.б.
E-learning-нің тағы бір қолданылу бағыты бұл жоғары оқыту орындарында пайдалану болып табылады.
Әсіресе e-learning-ді екінші жоғарғы білім алу кезінде қолдану кең етек жайды. Өндірістен ажырамай оқуды
өту мүмкіндігін екінші жоғарғы білім алушылар өте жоғары бағалайды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін оқытуды ұйымдастыру негізінде e-learning-нің рөлі өте маңызды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тек осылай ғана сапалы білім ала алады. Қазіргі кезде электронды оқытудың
пән аймағы бойынша ешқандай шектеуі жоқ екенін айта кеткен жөн. Ол тіпті шет тілдерін меңгеру сияқты
қиын ортада да қолданысын тапқан.
Сондай-ақ e-learning оқушылар мен студенттерді оқыту ортасында да қолданысын тапты. Қазіргі студенттер
мен оқушылар – негізінен басты қолданушылар. Олар үшін оқу ақпаратын электронды түрде қабылдау өмір
заңдылығы болып табылады. АКТ олардың жұмыс құралына айналды.
Қорыта келе, E-learning бұл үздіксіз білім беру үшін білім мен білікті дамыту, жаңа жұмысқа бағытталған
ақпараттық ортадағы жаңа білім технологиясы. Егер оны толықтай меңгеріп алса, қашан, қайда болсада, тіпті
шекарадан өтпей, үйде-ақ отырып, оқуға мүмкіндік береді, ол адамның білімге деген көзқарасын өзгертеді.
E-learning-нің негізгі педагогикалық аспектісі оқыту барысында білім алушыға субъект ретінде қарап, курсты
оқыту мақсатының бар болуы. Бұл жағдайда оқытушы оқу мүмкіндіктерін ұсынып, оған қолдау көрсетеді.
Резюме
В статье рассматривается преимущества e-learning, которая заключаются в возможности выбора обучающимся
индивидуальной траектории изучения учебного материала, регулирования темпа и времени его освоения и даже
более глубокой адаптации в так называемых интеллектуальных системах поддержки обучения. А также
выделены педагогические преимущества, направленные на лучшее усвоения информации: разнообразие доступных
инструментов обучения, гибкий характер используемых технологий, цифровая природа учебных материалов,
широкая доступность.
Summary
The article discusses the benefits of e-learning, which include the ability to select individual trajectory students study
material, pacing and time of its development, and even more profound adaptation in so-called intelligent systems support
learning. Also highlighted in pedagogical benefits aimed at better assimilation of information: a variety of training tools
available, the flexible nature of the technology used, the nature of digital learning materials are widely available.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 529-532 (26375)
2. Полат Е.С., Буханкина М.Ю., Моисеева М.В. Теория и практика дистанционного обучения. –М.: Академия,
2004. - 416 с.
3. Технологии. в системе образования / Под редакцией
Полат. Е.С
. 4-е издание, стереотипное.
–
М.,
Издательский центр «Академия». 2009
4. Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас. – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. – 87 б.
5. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б., Исабаева Д.Н., Бостанов Б.Ғ. Білімді ақпараттандыру және
оқыту мәселелері: Оқулық. – Алматы, 2014. – 280 б.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
142
УДК 37.011.33
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Ә.Б. Сарманова –
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
«Өнер және мәдениет» факультеті, 2 курс магистрант
Аңдатпа:
Аталмыш мақалада модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан,
бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің
мақсатты бағдарламасынан тұрадығын зерттедік.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Оқушыларға коммуникативтік білім
беруде М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары
деңгейде.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын атап
өттік:
1. Уақыт үнемделеді.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Оқушының
Тірек сөздер: модуль, технология, модульдік оқыту, шеберлік, технология.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы
нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыт-
тағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын
ұтымды қолданысқа алуы.
Білім алу – адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда
адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның
білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-
генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім
алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз - саналы
мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-
әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-
қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығы-
рыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін
кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті [1]. Бұл
талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мекте-
бінде шыңдалады.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-
тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне
қарай іріктеп қолданады.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған
орай бүгінгі күн оқу орындарында алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы,
белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды
қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербес-
тігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде
жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып,
студентке берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімді-
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
143
лігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі –
модульдік оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу
мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді [2].
Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы
нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі
және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның
негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың
мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі
ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» [3] атты
жұмысында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1. Кіріспе
2. Сөйлесу
3. Қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу
модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан
кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |