Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50

Резюме 
Данная  статья  посвящена  профессиональной  культуре  учителя,  рассмотрены  пути  и  средства  формирования 
профессиональной  культуры.  Изложены  конкретные  профессиональные  качества  педагога,  необходимые  для 
воспитания подрастающего поколения. 
 
Summary 
This  article  is  devoted  to  professional  culture  of  the  teacher, ways  and  means  of  formation  of  professional  culture  are 
considered. The concrete professional qualities of the teacher necessary for education of younger generation are stated. 
 
Колдонулган адабияттар: 
1.  Вдовина Н.А. «Проблема изучения и развития ценностных ориентаций современного студента»// «Теория и 
практика модернизации образования в Российских регионах». 
  Р., 2005.  С.133 
2.  Караковский  В.  А.,  Новикова  Л.  И.,  Селиванова  Н.Л.  Воспитание?  Воспитание...  Воспитание!:  Теория  и 
практика школьных воспитательных систем / Под ред. Н.Л. Селивановой. 
 М., 2000. 
3.  Крайг Г., Бокум Д.К78  Психология развития. 
 9-е изд.  СПб.: Питер, 2005.  940 с: ил.  (Серия «Мастера 
психологии»). 
4.  ISBN 5-94723-187-5 
5.  Кузьмина  Н.В.  Профессионализм  деятельности  преподавателя  и  мастера  производственного  обучения 
профтехучилища. 
– М.: Высшая школа, 1990.  303 с. 
6.  Маркова А.К. Психологические критерии и ступени профессионализма учителя. // Педагогика. -1995. № 6. - 
С.234.  
7.  Формированиепрофессиональнойкультуры учителя / Под ред. В.А.Сластенина. 
 М., 1993. 
8.  Piaget, J. (1972). Intellectual evolution from adolescence to adulthood. Human Development, 15, 1-12. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
213 
УДК 37.011.33  
 
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ  ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  
 
Г.Т. Тоққұлова, Г.Б. Жунусова, Г.Ж. Ниязова,  
Ү.Р. Рахмет, Б.Т.Керимбаева  
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті 
 
Аңдатпа:  «Болашақ  бастауыш  мектеп  мұғалімінің  кәсіби  іскерлігін  қалыптастырудың  психологиялық-
педагогикалық  негіздері»  атты  мақала  жоғары  білімді  кәсіби  білім  берудің  өзекті  мәселелеріне  арналған.  Болашақ 
бастауыш  мектеп  мұғалімдердің  интеллектуалдық  іскерлігін  жетілдіру,  болашақ  мамандарды  оқытудың  мазмұны 
мен технологияларының жаңаруы белсенді зерттеу обьектісі болып табылады. Білім беру саласы қызметкерлері үшін 
өзгермелі  қоғам  жағдайында  кәсіби  деңгейдің  жоғары  болуы  мен  оқу  үдерісін  тиімді  ұйымдастыру  біліктерінің 
қалыптасуы ерекше маңызға ие. Мақалада «іскерлік», «интеллектуалдық іскерлік» ұғымдары жан-жақты талданып, 
жоғары  білім  беруде  болашақ  мамандардың  кәсіби  іскерліктерін  қалыптастырудың  психологиялық  ерекшеліктері 
мен  педагогикалық  негіздері  талданған.  Сондай-ақ,  жоғары  оқу  орындарында  кәсіптік  даярлау  мазмұнында 
интеллектуалдық  іскерлікті  қалыптастыруда  қолданылатын  тапсырмалар  жүйесін  топтастыруға  бағытталған 
ұсыныстар негізінде қалыптасатын  бағдарлы интеллектуалдық іскерліктер тізбесі мазмұндалған 
Тірек сөздер: кәсіби даярлау, бастауыш мектеп мұғалімі, іскерлік, интеллектуалдық іскерлік. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2012  жылғы  14  желтоқсандағы                    
«Қазақстан  –  2050»  стратегиясы:  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  айтылған негізгі  мәселелердің  бірі  –  тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  кез  келген  азаматын 
әлемнің кез келген елінде бәсекеге қабілетті маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады [1]. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  мамандығына  қойылатын  негізгі  талаптар 
анықталған: қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; жан-жақты білімдарлық, өмірдің әр түрлі саласынан 
хабардар  болуы;  педагогикамен  байланысты  пәндерден  –  психологияны,  жалпы  педагогикалық  пәндер, 
физиология,  анатомия,  мектеп  гигиенасын,  мектеп  тану  пәнін  жақсы  білуі  керек;  оқытатын  пәнін,  соған 
байланысты  ғылымдарды,  олардың  жетістіктерін,  ағымын  жақсы  білу;  оқыту,  тәрбиелеу  әдістемесін  білу; 
жұмысына  шығармашылық  көзқарас;  баланы  жете  білу,  олардың  жан-дүниесін  түсіну  педагогикалық  сенім 
(оптимизм); педагогтік техниканы меңгеру (қисынды,  мәнерлі  сөйлей білу); педагогтік әдептілікті (тактыны) 
меңгеру; балаға деген сүйіспеншілдік пен әділдік, т.б. 
Жекелеген пәндерді оқытатын пән мұғалімдеріне және оларды даярлаудың жүйесіне қойылатын талаптар 
қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырауда.  
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім беру, прогресстің ең маңызды 
факторларының  бірі  болып  саналатын  кезеңге  келіп  жетті.  Сондықтан  білім  беру  ісінде  оңды  нәтижелерге 
жетелейтін жаңа педагогикалық оқыту технологияларын кеңінен қолданылуда.  
Инновациялық педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге 
асырылуы тиіс. Осы тұрғыдан болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлау мазмұны төмендегілерді 
шешуді  қамтиды:  -  педагогикалық  үдерістің  негізгі  сатыларын  зерделеу;  оқушыларға  білім  меңгерту  мен 
іскерлік,  сапалық  қасиеттер  мен  жаңа  түзілімдерді  қалыптастырудың  жиынтығы  ретінде  технологиялық 
даярлықты  және  педагогикалық  үдерісті  зерделеу;  оқытудың  жаңа  технологияларын  әзірлеудің  негізгі 
принциптері жөніндегі мағлұматтарды зерделеу. 
Оқыту уақыты қорының тапшылығы студенттердің психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің 
шектеулілігін ескеру оқу еңбегінің жоғары деңгейдегі мөлшеріне сәйкес жұмыс көлемі жүйелі түрде қолайлы 
қызмет  атқаруға  мүмкіндік  береді,  яғни  оқыту  қарқынын  күшейту  арқылы  студенттер  білімін  әуелі  базалық 
деңгейге жеткізіп, одан әрі дамытуды қажет етеді. 
Оқыту қарқынын күшейтудің негізгі бағыттары мыналар: 
1)  жоспарланған  уақыт  аралығында  берілген  мамандық  бойынша  өтілетін  пәндерді  ұтымды  және  жүйелі 
орналастыру (оқу үдерісін ұйымдастырудың модулдік, тақырыптық, тараулық, бөлімдік) технологиясы; 
2)оқу  үдерісін  жобалағанда  әр  студенттің  мүмкіндіктері  мен  қабілетін  басынан  бастап  ескеру  (оқытудың 
жаңа технологиясы); 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
214 
3)  дидактикалық  модулдің  әр  кезеңінде  әрбір  студенттің  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  ескеріп  отыру 
(бастапқы, ортаңғы, соңғы кезеңдердегі); 
4)  студенттің білім деңгейін болжау және бағалау кезінде қарқынды бақылау тәсілін қолдану; 
5) оқыту әрекетінің қарқынын күшейту, жалпы білімдік іс-әрекет пен сабақ  оқуға мақсатты дағдылануды 
қалыптастыру  «не  нәрсеге  оқытамыз?»,  «қалай  оқытамыз?»,  «немен  оқытамыз?»  деген  «шартты»  бағыт 
сілтейтін мақсаттарды айқындау. 
5В010200  –  Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығы  бойынша  бакалаврлар  мынадай 
кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:  диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтиже-
лерін  зерттеу;  ұйымдастырушылық-технологиялық  (педагогикалық  технологиялар  негізінде  оқу-тәрбие 
үдерісін ұйымдастыру); педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менеджменті); 
жобалау  (бастауыш  мектептегі  білім  беруді  моделдеу);  ғылыми-зерттеу  (білім  беру  мекемелеріндегі  мәселе-
лерді шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия). 
Бастауыш сынып мұғалімі кәсіби қызметінің функциясы – кіші мектеп жасындағы оқушылардың субъекті-
лік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасуы мен даму үдерісін басқару. 
«Іскерлік» ұғымы әдебиеттерде біржақты берілмеген. Іскерлік - бұл күрделі психологиялық-педагогикалық 
ұғым. Адамның іскерлікті игеруі  оның қызметінің сапасын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге адамның 
жалпы  ақыл-ой  дамуының,  оның  ақылының  қасиеттерінің  де  куәсі  болып  табылады.  Іскерлікті  тез  және 
жылдам игеріп алу, адамның қабілеті деңгейінің жоғары екендігі туралы айтуға әбден болады. 
Іскерлік деп оқу үдерісінде белгілі бір әрекетті немесе жекелеген әрекеттердің орындалуын білдіреді, олар 
нақты  оқу  мақсатын  (мысалы,  техникалық  объектіге  талдап  қорытылған  сипаттама  беру  және  т.б.)  жүзеге 
асыруға  бағытталады.  Сондай-ақ,  іскерлікке  алған  білімі  мен  тәжірибесімен  жоғары  деңгейде  белгілі  бір 
жұмысты  орындау  қабілетін  де  жатқызуға  болады.  Белгілі  психолог  К.К.  Платонов  іскерлікке  мынадай 
анықтама береді: «іскерлік дегеніміз – жаңа жағдайда белгілі бір әрекетті және іс-әрекетті (қызметті) орындау 
қабілеті» [2] және де ол іскерліктің қалыптасуының 5 кезеңін бөліп алып қарайды: 
1.  Іскерліктің  бастапқы  құрылымын  құрайтындар:  әрекеттің  мақсатын  сезіну,  ілгеріде  алған  білімдер  мен 
іскерліктерге негізделген, оны орындау тәсілдерін іздеу; қателермен орындап көру іс-әрекет әдістері. 
2.  Онша  жеткілікті  емес  іскерлік  іс-әрекеті;  оның  құрамын  құрайтындар:  әрекетті  орындау  тәсілі  туралы 
білім, бұрын игерген, жүйеленбеген дағдыларды пайдалану. 
3.  Жекелеген  жалпы  іскерліктер;  олардың  құрылымы:  жекелеген  жоғары  дамыған,  бірақ  аясы  тар,  іс-
әрекеттің  әртүрлі  түрлерінде  қажет  іскерліктер  (өзінің  іс-әрекетін  жоспарлай  білу,  ұйымдастырушылық 
іскерлік және т.б.). 
4.  Жоғары  дамыған  іскерлік,  оның  психологиялық  құрылымын  берілген  іс-әрекет  дағдылары  мен  білімін 
шығармашылықпен  пайдалану  құрайды,  сондай-ақ  мақсатты  ғана  емес,  сонымен  бірге  оған  қол  жеткізудің 
тәсілдері мен мотивтерін таңдау жатады.  
5. Іскерлік, оның психологиялық құрылымы: түрлі іскерлікті, іскерлікті шығармашылықпен пайдалану. 
«Интеллектуалды  іскерлік»  түсінігінің  нақты,  бірегей  анықтамасы  жоқ.  Психология  мен  педагогикада 
интеллектуалдық  іскерлік  мына  төмендегідей  терминдер  түрінде  кездеседі:  «ойлау  операциялары»,  «ойлау 
қызметінің  тәсілдері»,  «ақыл-ой  қызметінің  тәсілдері»,  «жалпы  логикалық  іскерлік»,  оқуға  ептілік»,  «оқу 
қызметінің іскерлігі», «ойлаудың логикалық тәсілдері», «талдап қорытылған іскерлік» және т.б.  
Психологиялық әдебиетте іскерлік пен дағдының қалыптасуының бірнеше теориялары бар: жалпы еңбектік 
политехникалық  іскерліктің  қалыптасуы  (Е.И.  Милерян,  Т.В.  Кудрявцева),  интеллектуалды  іскерлік  пен 
дағдының  қалыптасу  тұжырымдамасы  (Н.А.  Менчинская,  Д.Н.  Богоявленская,  Е.Н.  Кабанова-Меллер), 
іскерліктің  дағдыға  айналу  тұжырымдамасы  (Н.Д.  Левитов,  М.М.  Шварц),  дағдының  іскерлікке  айналу 
тұжрымдамасы (К.К. Платонов) және т.б. 
Қазіргі таңда психология мен педагогикада оқыту үдерісінде қалыптасқан іскерлікті жіктеудің бірегей тәсілі 
жоқ десе де болады.  
Интеллектуалдық  іскерліктер  негізінде  жататын  ойлау  операцияларының  кейбір  түрлеріне  төмендегідей 
сипаттама беруге болады. Талдау және жинақтау – логикалық ойлау операцияларының негізгілерінің бірі. Кез 
келген  зат  бір-бірінен  өзіндік  айырмашылықпен  ерекшеленетін  жеке  бөлшектерден  тұратынын  адам  ерте 
кезден байқаған. Еңбек әрекеті үстінде бұрын өзі бөлшектенген затты көрген адам жинаған тәжірибе негізінде 
енді  сол  затты  ойда  бөлшектеуге  кіріседі.  Уақыт  өтісімен  мидың  бұл  қабілеті  дами  бастаған.  Талдай  білу 
қабілеті  дамыған адам еңбекте үлкен жетістіктерге жеткен,  себебі  затты  ойында бөлшектей білген адам  оны 
өмірлік іс-әрекетте іске асыра білген. Осылайша, талдау атты логикалық ойлау операциясы дүниеге келді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
215 
Іскерлікті  қалыптастыру  бойынша  психологтар  мен  педагогтардың  ой-пікірлеріне  сәйкес  ала  біз 
«интеллектуалды іскерлік» дегеніміз – бұл талдау мен синтез, салыстыру, жіктеу мен түсініктер мен фактілерге 
жүйелендіру  жүргізуге,  себептік-салдарлық  байланыстырды  анықтау,  ортақ,  ерекше,  жалғыз  ғана  белгілерді 
анықтау деп білеміз. 
Ақпараттық  іскерліктер  әртүрлі  білім  көздерінен  ақпаратты  алу  мен  сақтаудағы  әрекеттер  жүйесінен 
тұрады. Оқу-интеллектуалдық іскерлік - ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды 
қалыптастыру  үшін  логикалық  ойлау  тәсілдерін  игеру  бойынша  әрекеттер  жүйесі.  Оқу-коммуникативтік 
іскерліктер  –  білімдерді  беру,  жеткізу  тәсілдерінің  жүйесі.  Оқу  іскерліктеріне  өзінің  уақытын  ұйымдастыру, 
жұмыс барысындағы және оның аяқталуындағы өзіндік бақылау тәсілдері қатысты болып табылады. 
«Интеллектуалды іскерлік» түсінігінің нақты, бірегей анықтамасы болмауына байланысты психология мен 
педагогикада  олар  төмендегідей  терминдер  түрінде  кездеседі:  «ойлау  операциялары»,  «ойлау  қызметінің 
тәсілдері»,  «ақыл-ой  қызметінің  тәсілдері»,  «жалпы  логикалық  іскерлік»,  оқуға  ептілік»,  «оқу  қызметінің 
іскерлігі», «ойлаудың логикалық тәсілдері», «талдап қорытылған іскерлік» және т.б. 
«Интеллектуалды  іскерлік»  –  бұл  талдау  мен  синтез,  салыстыру,  жіктеу  мен  түсініктер  мен  фактілерге 
жүйелендіру  жүргізуге,  себептік-салдарлық  байланыстырды  анықтау,  ортақ,  ерекше,  жалғыз  ғана  белгілерді 
анықтау болып табылады. 
Бақылау  және  эксперименттік  жұмыстар,  таңдаулы  оқытушылардың  тәжірибелері,  ойлаудың  жекелеген 
тәсілдерін оқыту жеткіліксіз, маңыздысы «білімгерлерді оқуға үйрету», оларды ойлауға, ал білім мен іскерлікті 
сапалы игеру үшін ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерінің жүйесін меңгеруі қажеттігін көрсетеді. Әсіресе, ақыл-ой іс-
әрекеті  тәсілдерін  қалыптастыру  өзекті  мәселе  болып  табылады,  өйткені  бұл  кезеңде  іс-әрекеттің  барлық 
түрлерін,  оның ішінде ақыл-ой қызметін  де  қайта ұйымдастыру қажет  болады. Білімгер үшін оқу  қоғамдық-
пайдалы  іс-әрекет  жиынтығының  формаларының  бірі  болып  табылады.  Тұлғаның  іс-әрекеті  формасы  мен 
сипатының ауысуы, білімге құмарлығының артуы, оқытудың жаңа жүйесі олардан іс-әрекеттің әрбір түрінде 
(оқу,  ақыл-ой,  еңбек)  ақыл-ой  қызметін  ұйымдастырудың  жоғары  деңгейін  талап  етеді.  Оқу  пәнін  меңгеру 
үдерісінде  тұлғаның  ойлауының  мақсатты  бағытталған,  жеке  дамуы  оның  пәнге  деген  қызығушылығын 
дамытады, білімінің деңгейін көтеріп, танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.  
Интеллектуалдық  іскерлік  бір  жағынан,  міндеттерді  шешу  құралы  ретінде,  екінші  жағынан  –  оқу 
материалын меңгерудің мақсаты ретінде көрініс табады. Интеллектуальдық іскерліктерді қалыптастыру үшін 
алдымен  педагогикалық  тапсырмаларды  түзіп,  олардың  түрі  мен  мазмұнына  ерекше  мән  беріледі.  Мәселен, 
студенттерді  –  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлау  үдерісінде,  олардың  интеллектуальдық  іскерліктерін 
қалыптастыру  үшін  кешенді  құралдар  дайындалады.  Оқу-танымдық  тапсырмалар  құрамына  педагогикалық-
психологиялық, әдістемелік және арнайы дайындық бағытындағы пәндерден сұрақтардың қосылуы, қамтылуы 
заңдылық  болып  табылады.  Тапсырмаларды  орындау,  міндеттерді  шешу  кезінде  талдау,  жинақтау,  ең 
бастысын  бөліп  алып  қарау,  салыстыру,  жіктеу  және  талдап  қорыту  сияқты  интеллектуальдық  іскерліктерді 
пайдалану  қажет.  Олардың  көмегімен  оқытылып  отырған  материалға  терең  ұғыну  жүзеге  асырылады, 
қасиеттері қарастырылады. 
Осындай  міндеттерді  шешу  үдерісінде  білімгердің  ақыл-ой  қызметін  басқару  және  өзін-өзі  басқарудың 
әрекет ету құралына теориялық ойлау тәсілдерін пайдалану; мәні бар байланыстар түзу, эвристикалық схема-
ларды құру, ережелер мен бағдарламалар әзірлеу жатады.  
Біздің  көзқарасымызша  интеллектуалдық  іскерліктің  қалыптасуына  оқытудың  ұйымдастыру  форма-
ларының ықпалын зерттеу оң ықпал етеді.  
Сонымен,  дайындалатын  оқу-танымдық  тапсырмалар  жүйесінің  элементтері  ретінде  төмендегілерді  атап 
көрсетуге болады: жетекші білім, текті бұйымдар мен объектілер, интеллектуальдық және арнайы іскерліктер. 
Осы  жүйенің  құраушы  элементі  ретінде  интеллектуальдық  іскерлікті  атауға  болады.  Әрбір  іскерлік  жеке 
іскерліктерден, әрекеттен және ойлау операциясынан құралады. Әрекеттер мен ойлау операциялары арасында 
күрделі өзара байланыстар жүзеге асырылады.  
Оқу-танымдық  тапсырмалар  жүйесі  іскерліктің  түрлі  деңгейлерінің  тапсырмаларын  ажырату  және  бөліп 
алу негізінде құрылады. Тапсырмалар  бір-бірінен зерттеушілік әрекеттер мен бұйым конструкциясының, оқу 
материалы мазмұнының күрделілігімен айқындалады. 
Оқу-танымдық  тапсырмаларды  орындау  барысында  интеллектуальдық  іскерлікті  қалыптастыру  үдерісі 
жүзеге асырылады, ол кешенді, әрекетті заңды, бірізділік пен меңгеруден тұрады. 
Сонымен, білімгерге ойлау оқу-танымдық міндеттерін қою мақсаты, алға қойған сұраққа өз бетімен жауап 
алудан тұрады және де олардың ойлауын белсендендіре түсіп, талдауға, ең бастысын бөліп алып, салыстырып, 
объектілерді, фактілерді, құбылыстарды талдап қорытуға бағыттайды. 
Кез  келген  іскерлік,  іс-әрекетте  қалыптасады.  Интеллектуальдық  іскерлікке  жоғарыда  айтып  өткендей 
талдау,  жинақтау,  салыстыру,  талдап  қорыту  қатысты  болып  табылады.  Бұл  іс-әрекет,  жоғары  оқу  орын-

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
216 
дарында  кәсіптік  даярлау  мазмұнында  тапсырмалар  жүйесімен  жүзеге  асырылады.  Сол  себепті  де  біздер, 
төменде әзірленуі тиіс тапсырмалар жүйесін топтастыруды ұсынып отырмыз: 
1. Интеллектуалдық іскерлік түрлері бойынша. 
2.  Күрделілігі  бойынша  (бір  іскерлікпен  орындалатын  –  қарапайым;  екі  және  одан  да  көп  іскерлікпен 
орындайтын – күрделі). 
3.  Оқу  материалының  күрделілігі  бойынша:  бір  пәннің  материалында  (бір  пәндік);  бірқатар  пән 
материалында (көппәнді);  
4.  Оқу  материалының  мазмұны  бойынша:  жаратылыстану  –  ғылыми  мазмұнда;  психологиялық  –  педа-
гогикалық мазмұнда; әдістемелік мазмұнда; техника – технологиялық (түрлендіруші) мазмұнда. 
5. Тапсырмаға жауап беруге қатысушылар саны бойынша: жеке, дара; ұжымдық. 
6. Тапсырманың орындалуы бойынша: ұсынылған мәтіндегі интеллектуальдық іскерлікті  іздеу; мысалдар 
мен тапсырмалар құруға; қойылған сұраққа жауап беруді талап ету. 
Интеллектуалдық  іскерліктерді  дамытуда  әдістемелік  тәсілдер  бойынша  студенттер  төмендегідей 
педагогикалық  тапсырмаларды  орындайды:  оқыту  мақсаты  мен  міндеттерінің  қойылуын  нақтылау;  оқу  іс-
әрекеттерін  жоспарлау;  оқу  іс-әрекеттері  нәтижелерін  талдау;  оқу  материалдарын  зерделеу  формасы  мен 
әдістерін таңдау; оқушылардың өзіндік бақылауын және өзара бақылауын ұйымдастыру; өзгермелі жағдайдағы 
алғашқы жоспарға түзетулер енгізу. 
Біздің ойымызша, білімгерлердің педагогикалық мамандығына байланысты интеллектуалдық іскерліктерді 
қалыптастыру үшін төмендегідей педагогикалық тапсырма түрлерін кеңінен қолдану керек деп білеміз. 
1. Оқыту мақсаты мен міндеттерінің қойылуы бойынша. 
2. Оқыту мазмұны бойынша. 
3. Оқыту әдістері бойынша. 
4. Оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша. 
5. Оқыту құралдары бойынша. 
6. Оқыту технологиялары бойынша. 
7.  Білім,  іскерлік,  дағды  және  оқушы  әрекетін  ұйымдастыру  мақсатымен  сәйкестікте  оқу  іс-әрекеті 
тәсілдерін игеру бойынша. 
8. Мұғалімнің оқу іс-әрекетін жоспарлау бойынша. Мұғалімнің оқу іс-әрекеттеріне педагогикалық талдауды 
жүзеге асыру бойынша. 
9. Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру әдістемесін ұйымдастыру бойынша [3, 4]. 
Студенттердің  педагогикалық  тапсырмаларды  орындауда  төмендегідей  бағдарлы  интеллектуалдық 
іскерліктері  дамытылады:  пән  бойынша  балалардың  жас  шамасына  байланысты  мүмкiндiктерiне  сәйкес  оқу 
материалдары  мазмұнын  құрастыру;  оқу-тәрбие  жұмыстарына  арналған  ғылыми-техникалық  және  басқа 
мәлiметтердi іріктеу мен дидактикалық тұрғыдан қайта өңдеу; оқу-тәрбие үдерісінің бағыттылығын қамтама-
сыз  ететiн  ұйымдастыру  формаларын  және  әдiстерін,  тәсілдерін  жоспарлау  және  қолдану;  оқушылардың 
интеллектуалдық  және  оқу  әрекеттері  құрылымын  жоспарлау;  оқушылармен,  мұғалiмдермен  дұрыс  өзара-
қатынастарды  орнату;  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  бейімділігі  мен  ниетiн  есепке  алу;  оқыту  мен  тәрбие 
әдiстерін  және  тәсілдерін  меңгеру;  оқушылардың  өзiндiк  жұмысын  басқару;  өз  іс-әрекетінің  перцептивтік, 
ақыл-ой, эмоционалдық, еріктік құраушыларын басқару; бастауыш сыныптарда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу 
үдерісіне тәрбиелік, танымдық және басқа да мәні бар еңбек объектілерін таңдау және пайдалану, т.б.  
Қорыта  айтқанда,  білім  берудің  түрлі  кезеңдерінде  «оқуды  үйрену»  міндетін  шешу  тәсілдері  үйренудің 
психологиялық  теориясының  жасалу  деңгейіне  байланысты  болады  және  олардан  оқытудың  дидактикалық 
жүйелерінен келіп шығуына байланысты болады. 
Педагогикалық тұрғыдан интеллектуалдық іскерліктер оқыту әдістерінің мазмұны мен мәнін ашатын және 
құрайтын логикалық тәсілдерді сипаттайды. Олар негізінен білімденудің қайнар көзі ретінде қарастырылады. 
Интеллектуалдық  іскерліктерді  қалыптастырудың  психологиялық  және  педагогикалық  негіздері  жеке  және 
жан-жақты зерттеуді қажет етеді.  
 
Резюме 
В  статье  «Психолого-педагогические  основы  формирования  профессиональных  навыков  будущего  учителя 
начальной  школы»  рассматриваются    актуальные  проблемы  высшего  профессионального  образования. 
Совершенствование  интеллектуальных  умений  будущего  учителя  начальной  школы,  обновление  содержания  и 
технологии обучения будущих специалистов является объектом исследования. Для специалистов сферы образования 
повышение профессионального уровня и формирование умений эффективной организации учебного процесса имеет 
большое значение. В статье рассмотрены категории «умение», «интеллектуальное умение», педагогические основы и 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
217 
психологические  особенности  формирования  профессиональных  умений    будущих  специалистов  в  высшем 
образовании. 
 
Summary 
In the article «Psychological-pedagogical bases of formation of professional skills of future teachers of primary school» is 
devoted to the topical problems of the higher professional education. Improvement of the intellectual skills of future primary 
school  teachers,  update  the  content  and  technology  of  training  of  the  future  specialists  is  the  subject  of  the  research.  For 
specialists in the sphere of education, improvement of professional level and formation of skills of effective organization of 
educational process is of great importance. The article considers the category of «skill», «intellectual ability», pedagogical and 
psychological peculiarities of formation of professional skills of the future specialists in higher education. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет