Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет38/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50

 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  один  из  современных  технологий  обучения    метод    кейс-стади.  Автором 
представлена    информация  об  истории  разработки  данного  метода,  описываются  подробно  структура  и  этапы 
организации  работы  с  кейсом.  В  заключение,  автор  обосновывает  неоспоримую  роль  метода  кейс-стади  в 
преподавании языков и подготовке будущих  специалистов.   
 
Summary 
One of the modern technologies of teaching the method of case studies is considered  in this article. The article contains 
information  about  the  history  of    development  case-  study,  it  describes  in  details    the  structure  and  stages  of  work  with 
method. In conclusion, the author proves the indisputable role of the method of case studies in language teaching and training 
of future specialists. 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1.Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. От деятельности к личности.  М.,2005. – С. 200 
2. Смолянинова О.Г. Образовательный сайт по кейс методу обучения и методика его использования в учебном 
процессе КГУ.    
3.http://www.vkgu.kz/kz/gilim/innovacii/obrazov_tehnologii/tehnologiyalar_tizimi/Case-study_adisi.htm 
4.http://kmib.net/publ/dopolnitelno/v_mire_pedagogicheskikh_dostizhenij/kejs_disini_keleshegi/21-1-0-430 
ӘОЖ 316 (075,8) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
237 
УДК 37.013.42  
 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Г.С. Майлыбаева – магистрант, Абай атындығы ҚазҰПУ 
 
Аңдатпа:  Мақалада  Абай  Құнанбаев  шығармаларындағы  әлеуметтендіру  мәселесіне  тоқталар  болсақ, 
адамды  қоршаған  орта  –  табиғаттың  бір  бөлігі  дей  келе,  табиғаттың  адам  баласына  берген  керемет  сыйы  - 
туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп 
жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы оқу іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: 
«Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі  еңбек арқылы қалыптасады».  Абай тұжырымның «Отыз сегізінші сөзінде» 
тереңдете  келіп,  ғылымның,  білімнің пайда  болып,  қалыптасуын  және  әлеуметтік  рөлін  былай  пайымдайды: 
«Адамның  ғылымы,  білімі,  хақиқатқа,  растыққа  құмар  болып,  әр  нәрсенің  түбін,  хикметін  білмекке  ынтық 
бірлән табылады». 
Тірек сөздер: әлеуметтену, мәдениеттендіру, адамзаттандыру, тәрбиеші, ұстаз.  
 
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру 
кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі 
үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдық-
тарды белгілеу», - деп атап көрсетілген болатын. Осыған орай, егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ 
нәрсе бар, ол бастауыш сынып оқушыларының білімді, бәсекелестік қабілеті бар, дербес, шығармашыл, өзін-
өзі  жүзеге  асыра  алатын  жеке  тұлғаны  әлеуметтендіру  мәселесі  қазіргі  таңдағы  көкейкесті  мәселелердің 
екендігінде[1]. 
Жалпы әлеуметтендіру мәселесі бойынша ғалымдардың зерттеу жұмыстарына тоқталар болсақ, 1878 жылы 
американдық әлеуметтанушы Ф.Г.  Гидденс «Әлеуметтендіру теориясы» атты кітабында алғашқылардың бірі 
болып,  «әлеуметтену»  терминін  пайдалана  бастады.  «Әлеуметтену»  сөзінің  синонимі  «адамзаттандыру»,  ал 
әлеуметтендіруге  тепе-тең  «мәдениеттендіру»,  яғни  балаға  сыртқы  ортаның  әсері  арқылы  әлеуметтік 
тәжірибесін меншіктеу. Әлеуметтік қатынастар арқылы оқушы әлеуметтену жолынан өтіп, өмірлік тәжірибесі 
арқылы қоғамдағы бәсекеге қабілетті әрекет иесіне айналады. Ал бұл тәжірибе  оның жеке дамуына айналып 
өңделеді,  толықтырылады  және  қандай  да  бір  уақыт  өткеннен  соң  белгілі  бір  жеке  тұлғалық  жетістіктері 
есебінде  қоғамдық  мәдениетке  қайтып  оралады  [2].  Әлеуметтену  дегеніміз  –  бала  дамуының  әлеуметтік 
кезеңдерін  қамтитын  және  оның  әрбір  кезеңі  белгілі  бір  анықталған  мәселелерді  шешу  мақсатына  жауап 
беретін,  өмір  бойы  созылатын  үздіксіз  үрдіс.  Осы  тұрғыдан  қарастырғанда  аталмыш  үрдіс  бала  дамуының 
әлеуметтік  кезеңдерін  қамтиды  және  оның  әрбір  кезеңі  белгілі  бір  анықталған  мәселелерді  шешу  мақсатына 
жауап береді. Егер адам балалық шағында әлеуметтік нормалармен қаруланған болса, есейген шағында оның 
сана-сезімі  жоғарылап,  тұлға  болуға  деген  қажеттілігі  дамиды,  сондықтан  бастауыш  мектеп  оқушыларын 
әлеуметтендіру мәселесіне бірқатар ғалымдар ғылыми еңбектеінде үлкен мән берген.  
А.Н.  Лук  өз  еңбегінде  адамның  әлеуметтік  құзырлы  әрекетін  дамыту  ең  алдымен  әлеуметтік  құзырлы 
ойлауға  байланысты  екенін  алға  тартса,    Б.А.  Тұрғынбаева  әлеуметтік  құзырлы  әрекетті  жаңалықты  сезіну, 
яғни  тосын  жағдайларға  табандылық  таныта  білу,  еңбектің  нәтижесі  бастауыш  сынып  оқушысын  жоғары 
көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге ынталандыратынын айтады. 
И.Р.  Халитова:  «Әлеуметтік  педагогика»  оқулығында,  оқытып,  тәрбиелеу  ісімен  шұғылданатын  арнайы 
білімі бар адамды «оқытушы», «мұғалім», «ұстаз», «тәрбиеші» деп атап, оған ізет, құрмет көрсету халқымызда 
ертеден –ақ қалыптасқан дәстүр екендігін, заман өзгеріп, қоғамның дамуына байланысты жаңа кәсіп түрлері де 
пайда болғандығын айтады. Кейінгі кезде педагогика саласында осындай мән беріп келе жатқан кәсіп түрінің 
бірі -әлеуметтік педагог кәсібі екендігін дәлелдеген.  
Абай Құнанбаев шығармаларындағы әлеуметтендіру мәселесіне тоқталар болсақ, адамды қоршаған орта - 
табиғаттың бір бөлігі  дей  келе, табиғаттың адам баласына берген керемет  сыйы -  туылғаннан бастап білуге, 
түсінуге  деген  ұмтылысы  деп  есептейді.  Бірақ,  бала  өсе  келе  осы  қасиетті  біртіндеп  жоғалта  береді.  Ұлы 
ойшыл  адамның  ойы  мен  санасы  оқу  іс-әрекеті  кезінде  қалыптасады  деп  тұжырымдайды:  «Кей  қасиет  туа 
бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады». 
Абай  «жетінші  қара  сөзінде»  баланың  ақыл-ой,  қабілеттілік  туралы  мынадай  пікір  айтады:  «Жас  бала 
анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі -  ішсем,  жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар –  тәннің құмары, 
бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
238 
соған  талпынып,  жалтыр-жұлтыр  еткен  болса,  оған  қызығып,  аузына  салып  дәмін  тартып  қарап,  тамағына, 
бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа 
да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл не?», деп «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы 
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен 
деген».  Бастауыш  сынып  оқушылары  да  оқу-тәрбие  үрдісінде  өздерінің  мінез-құлықтарының  әрқилылығына 
байланысты  сабақты  қабылдау  реті,  оқуға  деген  талпынысы  да  әрқалай  болады,  сондықтан  олармен 
әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізу барысында үлкен нәтижеге жете аламыз[3]. 
Бастауыш мектептің 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзімен айтсақ, «білсем екен, көрсем екен, үйренсем 
екен»  деген  жан  құмарының  басымдығымен  қатар  қайратының  әлсіздігі,  әсерленгіштік  пен  жақсы  оқуға 
ұмтылумен  қатар  бір  нәрсеге  ұзақ  көңіл  қоюының  қиындығы,  зейінділігі  жақсы  болғанымен,  табандылығы 
нашар. Сол себепті психикасы тұрақсыз, ал бұл бастаған ісін соңына жеткізу, әр нәрсені өз уақытында атқару, 
асықпай тиянақты істеу, өзін тежеу, артын ойлау, кешіктірмеу, сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасын уақытылы 
орындау,  оқытушының  айтқандарын  көңіл  қойып  тыңдау  сияқты  іс-әрекеттеріне  кедергі  келтіреді.  Мұның 
барлығы, бір сөзбен айтқанда, - тәртіп делінеді. Осылардың бәрін орындау тәртіптілікке қатысты. Сондықтан 
1-сыныптан бастап-ақ оқушыларды тәртіпке бағынуға тәрбиелеу кейінгі сыныптарда, тіпті бүкіл өмірінде аса 
маңызды. Сондықтан осы сынып оқушыларын тәртіпке бойынсынуға тәрбиелеуде Абай шығармаларын тиімді 
пайдалануға болады. Мәселен, ақынның 32- қара сөзіндегі пікірді арқау етіп, оқушыларға оқудағы мақсат білу, 
білмекке  ұмтылу,  ал  білу  деген  көргенін,  естігенін  көңілге  түйіп,  тағы  да  білмегенін  білу  үшін  пайдалану. 
Мұны 19-қара сөзіндегі «естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады Сол естілердің естіп 
білген  жақсы  нәрселерін  ескермес,  жаман  дегеннен  сақтаса,  сонда  іске  жарайды.  Мұндай  сөздің  есіткенде 
жайқақтап салғырттанып не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп 
тұшынбаса  ондай  адамға    сөз  айтып  сөз  айтып  не  керек»,  -  деген  үзінділер  мен  өлеңдеріндегі  осы  секілді 
пікірлерді  пайдалануға  болады.  Бұлар,  әрине  бала  ұғымына  ауыр  да  болар,  дегенмен,  ұстаздар  көмегімен 
игертуге  болады.  Бұлар  арқылы  оқушыларға  мұғалімнің  айтқандарын  көңіл  қойып  тыңдау,  оларды  түсінуге 
ұмтылу, оларды орындау, әр нәрсені өз кезінде атқару – тәртіпке бойсынудың шартты екендігін ұғындырумен 
қатар,  тәртіп  –  ілудің,  үйренудің  негізгі  қағидасы  екендігін  саналарына  сіңіруге  болады.  Мұнда  тәртіпке 
бойсыну  ең  алдымен  оқушының  өз  басына  қаншалықты  пайдалы  екендігі  Абай  шығармалары  арқылы 
ұғындыру  мүмкіндіге  мол.  Айталық,  32-қара  сөзден  мынадай  үзінділерді  оқушыларға  жаттатып,  әр  кез 
ескерудің үйрету пайдалы әдет-дағдылар қалыптастырудың кепілі: 
1. Бір ғана білмектің өзін дәулет біл.  
2. Білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді білсем екен деп үміттен.  
3. Әрбір естігеніңді, көргеніңді жақсы ұғынып ал.  
Немесе 19- қарасөзінен: 
1. Естіген жақсы нәрселерді ескер, жаманнан сақтан.  
2. Есіткеніңд  қайта сұрап ал.  
3. Есіткеніңді ұғайын деп ұмтыл, т.б. 
Абай  қазақ  халқының  әлеуметтік  дамуын  еңбекпен  байланыстырады.  Еңбектің  терең  әлеуметтік  мәнін 
түсіндіреді. Ол «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла  жазды. 
Еңбек  етуші  адамға  шаруашылық  жүргізгенде  «жинақылық  керек,  әрбір  жинақылық  кеніш  болады»  деп, 
еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды.  
Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай: 
 
 
 
 
 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
 
 
 
 
Жасынан оқу оқып, білім алған,- 
 
деп,  егін  салу  мен  білім  алудың  баянды  еңбек  екенін  қорытады.  Баянды  еңбекті  ол  материалдық  игіліктерді 
өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді, яғни  
Абай  қазақ  қоғамын  дамытудың  халыққа  білім  беру,  олардың  ғылымға  тарту  деп  есептеді.  Ғылымды  ол 
әлеуметтік  жағдайларды  жақсартудың  ғана  бірден-бір  құралы,  деп  қарай  отырып,  ғылымды  игеру  бүкіл 
прогреске жететін жол деп түсіндірді.  
Ұлы  ойшылдың  пікірінше,  ғылымды  біз  жанымыздан  шығара  алмаймыз,  жаралып,  жасаалып  қойылған 
нәрселерді сезбеппіз, көзбен  көріп, ақылмен білеміз. 
Абай  тұжырымның  «Отыз  сегізінші  сөзінде»  тереңдете  келіп,  ғылымның,  білімнің  пайда  болып,  қалып-
тасуын  және  әлеуметтік  рөлін  былай  пайымдайды:  «Адамның  ғылымы,  білімі,  хақиқатқа,  растыққа  құмар 
болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады». 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
239 
Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және 
ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін  мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-
бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады. 
Ғылымның бірден-бір мақсаты-қоғамды ақпаратпен  қамтамасыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы  ұнамды 
қалпымен,  ұнамсызы  ұнамсыз  қалпымен,  әрнешік  өз  суретіменен  көңілге  түседі.  Ақпаратты  «көп  жинағаны 
бар адам» сынап, орындысын, орынсызын-бәрінде бағанағы нәрселерінен есеп болып, қарап табады.  
Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді.  
Қоғамның болашағы саналаты н жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз 
жәйттерден  сақтандырып,  жақсылыққа  ұмтылу  керек  екендігін  түсіндіріп,  тұлғаны  қалыптастыратын 
қасиеттерді белгілеп берді. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде Абай: 
 
 
 
 
 
Бес нәрседен қашық бол, 
 
 
 
 
Бес нәрсеге асық бол, 
 
 
 
 
Адам болам десеңіз. 
 
 
 
 
Өсек, өтірік,мақтаншақ, 
 
 
 
 
Еріншек, бекер мал шашпақ- 
 
 
 
 
Бес дұшпаның білсеңіз 
 
 
 
 
Талап, еңбек, терең ой, 
 
 
 
 
Қанағат, рақым, ойлап қой- 
 
 
 
 
Бес асыл іс, көнсеңіз,- 
 
деп,  адамды  тұлға  етерлік  әлеуметтік  қасиеттерді  саралап  көрсетеді.  Ол  тұлға  мәселесін  әлеуметтендіру 
процесін ұштастырады.  
Әлеуметтендірудің  негізгі  агенттеріне  Абай  баланың  ата-анасы  ағайын-туыстарын,  білім  мен  ғылым 
орындарын,  дін  мекемелерін,  т.б.  жатқызады.  Осы  агенттер  арқылы  әлеуметтендіру  процесі  жүзеге  асады, 
соның нәтижесінде тұлға қалыптасады.  
Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум 
және басты фактор ретінде қарастырады. Сонндықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, 
замндасының  бәрі  виноват»  деген  ой  түйіндейді.  Бұл    жерде  Абай  адамның  қоғам  мен  қарым  қатынасын, 
байланысын  терең  сараптай  келіп,  оны  қоғамды  құраушы  элемент  және  белгілі  бір  рөлі  атқарушы  етіп 
көрсетеді.  Бұл  көзқарсын  жалғыздық  туралы  ой-пікірмен  тереңдете  түседі.  Оның  тұжырымы  бойынша, 
«Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені». Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс –
тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.  
Абай ілімінде қоғам мен адамның  даму үрдісі үш сатыға  бөлінеді. Біріншісі – төменгі саты, онда белгілі 
бір  әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл  «жарым адамның» ауыр, ұзақ бақытсыз өмірі,  ол адамды 
Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде – қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалдық  
молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой рухани  болмыс ретінде жалпы адамзаттың  негізі танылады. Бұл деңгейде 
Абай жеке адамды «адам» деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуі тиіс. Бұл 
шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған «толық адам» жетеді [4].  
Әлеуметтік  құндылықтарды  басты  орынға  білім  мен  еңбекті  қоя  отырып,  Абай  олардың  әлеуметтік 
бағыттылығын атап өтеді. Абай кең байтақ ұлы далада әрқашаш әлеуметтік өмірді  ұйымдастырудың   уақыт 
пен кеңістікте үлкен тұрақты мәні бар екенін және жеке адамдардың материлдық және рухани қырларындағы 
жалпыға ортақ байланыстарына негізделген ірі ауқымды нысаны болғанын көрсете білді.  
 
Резюме 
В  статье  говорится  о  вопросах  социализации  учащихся  начальных  классов  через  наследия  мудреца  народа, 
великого философа Абая. Вместе с тем цель Абая – зто развитие общества, развитие человечности в людях, видеть  
казахскую  обществу  в  ряды  передовых  культурных  стран,  то  есть  его  стихи  и    сочинения,  мировозрительные 
философские  рассказы,  социально-общественные,  этические  взгляды,  педагогические,  психологические  мысли 
обосновывают это. 
 
Summary 
In the article are reported about socialization of pupils in elementary class`s through heritage of nations sage and great 
philosopher Abay. Also purpose of Abay – it is a development of society with developing humanity at people, to add Kazakh 
society  in  the  forefront  of  cultural  progressive  countries.  His  poems  and  works,  philosophy  stories,  social,  ethical  views, 
pedagogical, psychological thoughts substantiate this. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
240 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан».  – Астана, 2007. – 28 
ақпан.  
2. «Әлеуметтану» ІІ –том  М.М.Тәжін. – Алматы қазақ университеті,  2005. – 89-95 бет. 
3. Сәкен Өзбекұлы «Абай және адам   құқы» Жеті жарғы. – Алматы, 1995.   3-6 бет. 
 4 Халитова И.Р. «Әлеуметтану оқулық». –  Алматы, 2006.  – 92-95 бет. 
 
 
УДК  ОӘЖ 796.032.2 (091) 
 
ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ МЕН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДАМУЫНА  
ПЬЕР КУБЕРТЕННІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
 
Б.Ислямов – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2 курс магистранты, 
А.Н. Ильясова – п.ғ.д., профессор, Ж.Ержанов – аға оқытушы 
 
Әлем  заманауи  Олимпиада  Ойындарының  жаңаруына,  әрине,  тарихшы,  әдебиетші,  педагог,  социолог, 
барон Пьер де Кубертеннің күші мен шаһарлығына борышты. 
П.Кубертен 1863 ж. 1-қаңтарда Парижде ертедегі Фред де Кубертеннің ұрпағы , суретші отбасында дүниеге 
келген.  Он  екі  жасында  «Том  Браунның  мектептегі  жылдары»  атты  кітапты  оқыған  соң,  оның  дене 
шынықтыруға  зор  қызығушылығы  пайда  болды.  Бала  жасынан-ақ  Кубертен  ата-анасымен  бірге  әлемнің 
Италия, Германия, Австрия және Швецария сияқты мемлекеттерінде болды. Жасөспірім шағында бірнеше рет 
Англияға барды. Ағылшын дене тәрбиесі мектебінде үгітшілердің бірі, Томас Арнольдтың философиясы оған 
күшті әсер  қалдырды. Білімді Париж лицейінің бірінде бастап, содан соң Париж  университетіне түсіп, өнер, 
заң және ғылым бакалавры дәрежесін алып шықты.  Кубертен кейін Париждегі саяси ғылымдарының Ерікті 
мектебінде жалғастырды. Мұнда ол француз философиясы, ағылшын білім беру  тарихын оқыды.   Кубертенге 
гуманитарлық  ғылымдар  профессоры  және  риторик,  грек  тілі  мен  Ежелгі  Грек  және  Рим  империясының 
оқытушысы Карон көп ықпал етті[1]. 
Еуропадағы саяси жағдайлар, әсіресе Пруссияның Францияны тізе бүктіруі Кубертеннің өмірге көзқарасы 
мен тәрбиесіне үлкен із қалдырғанына күмән жоқ. Бұл уақытта Франция үлкен держава ретінде даму шағында 
болатын. Германия мемлекеті әлемдік  деңгейге шықты және Германия білім жүйесі өте жақсы деңгейде еді. 
Билл  Генри,  американдық  жылнамашы  (1981)  Кубертеннің  осы  уақыттағы  өмірін  былайша  суреттейді: 
«Жас  Кубертеннің  Олимпиада  ойындарын  қайта  жаңғырту  идеясына  берілуі  соғыстан  кейінгі  кезең  еді. 
Германия Францияны 1870 ж. тізе бүктірді. Басқа да француз жастарының бірі ретінде ол болашағына сенімсіз, 
көңілі тоймайтын.» 
Аласа  бойлы  болса  да,  Кубертен  анық  және  нақты  сөйлейтін,  мықты  жобалары  бар,  күші  мол  адам  еді. 
Осылайша Кубертенді замандастарының біразы сипаттайды. 
Жас Кубертен Франциядағы ағарту жүйесінің барынша дамуы мен француздардың адами қасиетінің даму 
барысын  көріп  өсті.  Б.Генридің  айтуынша,  Кубертен  өз  назарын  орасан  зор  империя  басында  тұрған 
Ұлыбританияға  аударды.    Сонымен  қатар,  ол  ағылшын  қоғамын  итермелеуші  күші,  соның  ішінде  өзінің 
философиялық тұжырымдамасының қалыптасуына шешуші әсер еткен, Т.Арнольдтің педагогикалық мұрасын 
зерттеуге мақсат қойды [2]. 
Томас  Арнольд  (1795-1842)  –  заманауи  дене  тәрбиесі  жүйесінің  негізін  қалаушы.  1827  ж.  Регбидегі 
колледждің ректоры болған уақыттары, ол Англиядағы көптеген оқу орындарына тән жағдайлармен бетпе-бет 
келді.  Нәтижесінде Т.Арнольд болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын колледждер моральдік азғындықтың 
ортасы;  қылмыстың  түрлері  мен  маскүнемдікке  толы,  жалғандық,  үлкендердің  кішіге  зорлық  көрсетуі, 
тәртіпсіздік, мектеп ережелерін орындамау, жалқаулық пен жұмыстан қашу тәрізді бейморальдік жағдайларға 
толы деп қортындылайды.  
Т.Арнольд колледжде жұмыс істеген 14 жылда түбегейлі жаңа тәрбие жүйесін құрды, оның негізгі бағыты 
спорт және дене тәрбиесі  болды. Спорт  –  жастарды  ересек өмірге  дайындайтын тиімді әдіс екендігіне  сенді. 
Т.Арнольд  педагогикасының  басты  идеясы  –  нақты  жасап  шығарылған  спорт  жарыстары  мен    ұжымдық 
қағидаттарына негізделген спорттық командаларының қарым-қатынас ережелері,  өзара көмек және спорт пен 
дене тәрбиесін ұйымдастыру шарттарымен реттелетін әділ ойын. Т.Арнольд құрған спорттық команда өзін-өзі 
басқару  негізінде  әрекет  етті.  Сондықтан  Регбидегі  колледждің  спорттық  клубы  басқаға  үлгі  болды.  Крикет, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
241 
қайық  есу,  регби,  футболмен  қоса,  жастардың  спорттық  өміріне  жүзу,  семсерлесу,  бокс  және  т.б.  спорттың 
түрлері ене бастады. Спорт жүйесі педагогикамен тығыз байланыста дамыды.  
1886-1887 жж. Пьер де Кубертен дене тәрбиесі мәселелерін қамтыған бірқатар мақалалар басып шығарды. 
Ол  мақалаларында  замандастарын  шетел  спортын  көшірмелемей,    тың  зат  ойлап  шығаруға  және  жастар 
тәрбиесінде әскери тәртіп қолданбауға шақырды.  
70-жылдары Франция үкіметі ұлтының физикалық ахуалын жақсарту мақсатында мектеп бағдарламасына 
неміс  тәжірибесіне бағдарланған гимнастикалық жаттығуларды енгізуді міндеттеді. Реформаторлар үкіметтен 
тәрбие  жүйесін  жетілдіруге  әртүрлі  елдердің  жетістіктеріне  негізделген  салмақты    шара  талап  етті.  Сол 
міндетті  Кубертенге  алдыңғы  қатарлы  елдердің  білім  жүйесінің  құрылымын  зерттеп,  француздың  тәрбие 
жүйесін дамытуға арналған ұсыныс жасауға тапсырма берілді. Тапсырма бойынша Кубертен елдің білім беру 
және тәрбие жүйелеріне түбегейлі өзгеріс әкелетін ұсыныс жасады. 
Кубертен Германияның тұрпайы әрі әскериленген дене тәрбиесі жүйесінен бас тартып, елде  ойынға және 
демалуға бағдарланған ағылшын жүйесін жетілдіруге  кеңес берді.  
Әртүрлі  елдердегі  қозғалыс  белсенділігі  мен  спорттың  адам  денсаулығына,  мәдениетіне,  білім  беру  және 
тәрбиелеу әрекетіне оң әсерін зерттей келе, Кубертен өзінің спортқа деген көзқарасын өзгертті. Ол спорттың 
халықаралық  қарым-қатынас,  елдер  арасындағы  бейбітшілік  пен  өзара  ынтымақтастықты  нығайтатынын 
түсінді. Соның нәтижесінде Кубертен XIX ғасырдағы дене тәрбиесі мен спорт ахуалын зерттеп қана қоймай, 
оның тарихын да ашуға бел буды [3]. 
Пьер  де  Кубертен  француз  үкіметіне  өзінің  олимпиадалық  идеясын,  ойын  ұсынды.  Ондағы  мақсат  – 
халықаралық  ынтымақтастықты  кеңейту  үшін  халықаралық  деңгейде  жарыстар  ұйымдастыру  еді.  Алайда, 
оның  ұсынысын  Франция  басшылары  салқын  қабылдады,  сондықтан  ол  бұл  идеясын  Еуропа  мен  АҚШ 
мемлекеттеріне үгіттеуге тура келді. 
Кубертеннің  Олимпиада  ойындарын  қайта  жаңғыртуға  бағытталған  жобасы  көптеген  мемлекеттердің 
ұлттық  спорт  федерациясына,  сол  сияқты  мемлекеттік  органдарға  мемлекеттік  саясат  пен  ұлттық  мансапты 
көтеруге тиімді тетіктердің бірі болды. 
Кубертеннің айтуынша, Олимпиада ойындарын жаңғырту компаниясы/шаралары 1887 жылдың 30 тамызда 
басталды.  1888  жылы  Кубертен  «Воспитание  в  Англии»,  ал  бір  жылдан  соң  «Английское  воспитание  во 
Франции » атты екі кітабын басып шығарды. 
1888  ж.  1-шілдесінде  Франция  білім  беру  министрлігі  құрған  физикалық  жаттығуларды  енгізу  туралы 
Комитеттің  жиналысында  Кубертен    Олимпиада  ойындарын  қайта  жаңғырту  идеясының  қағидаттарын 
баяндап  берді.  Десек  те,  тек  олимпиада  қозғалысы  негіздерін  қалауды  мақсат  ететін  Комитет  бұны  аса 
қабылдай қоймады [4]. 
«Компания, длившаяся 21 год» (1908) атты еңбегінде  Кубертен өз идеясын былайша баяндайды: «Ежелгі 
тарихтан Олимпиададан басқа ешқандай өзге ой мені ойландырмады. Мәні мен материалдық жағынан шынай 
адами әрекет жасалатын бұл тарихи орын, ертегі қала  – өмір бұлағы іспеттес. Менің балалық санамда бұл қала 
колоннада  және  порттарымен  есімде  қалды.  Олимпиада  ойындарын  қайта  жаңғырту  ойымнан  бұрын,  осы 
қираған  орындарын,  өткен  кескінін  қалпына  келтіруді  армандадым.  Германия  Олимпияның  осы  жерлерін 
тауып  алды,  неге  Франция  оның  даңқын  қайта  шығармайды  деп  ойладым.  Әлемде  спорттық  интернацио-
нализм өз рөлін атқаратын уақыт келді». 
Айрықша  ұйымдастыру  қабілеті  бар,  істің  адамы  Кубертен  гректердің  1859-1889  жылдар  аралығында 
өткізген жарыстарының осал тұстарын ескеріп, Олимпия ойындарын қайта жаңғырту ісіне бірқатар  елдердің 
көрнекті  спорт  қайраткерлерін  тартуға  және  ойынға  халықаралық  сипат  беруді  көздеді.  Осы  мақсатта  1889-
1890жж. түрлі елдердің мамандарымен хат алысады, спорттың кейбір түрлері бойынша бірқатар халықаралық 
жарыстар  ұйымдастырады,  АҚШ  және  Ұлыбританияға  іскерлік  сапармен  барады.  Кубертен  АҚШ  1889  ж. 
физикалық  дайындық  мәселелеріне  арналған  ғылыми-практикалық  конференцияның  қатысушы  ретінде 
барады және бұл оның осы елде бірінші рет болуы еді. Содан кейін 1890 ж. Парижде ол осы типтес ғылыми 
когресс ұйымдастырады. Конгресс туралы газет мақалалары Кубертенді танымал етеді және танымалдылығы 
арқылы  Англия,  Солтүстік  Американың  спорттық  ұйымдарымен  тығыз  байланыс  орнатуға  мүмкіндік 
туғызады. Осы жылы Францияның спорт қоғамы одағы құрылып, оның алғашқы бас хатшысы етіп Кубертенді 
сайлайды.  1892  ж.  Сорбонн  университетінің  үлкен  залында  Одақ  ассамблеясы  өтіп,  Кубертен  «Физические 
упражнения  в  современном  мире»  тақырыбында  баяндама  жасайды.  Бұл  оның  спротты  интернализациялау 
ісіндегі  алғашқы  қадамы  еді  және  Олимпиада  ойындарын  жаңғырту  туралы  алғашқы  қоғамдық  сөз  сөйлеуі 
болатын.  Баяндамасының  соңында  Кубертен  былай  деді:  «Соғысты  жоюды  қалайтын  кейбір  адамды  арман-
шылдар деп атайтындар қателеседі. Екінші бірі соғыстың алдын алуды ұсынады, бұл да утопия емес. Телеграф, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
242 
темір  жолдар,телефон,  ғылыми  когресстер  мен  көрмелер  осы  мақсат  үшін  жасалады.  Спорттың  да  рөлі  зор. 
Жауынға қарамастан, футбол матчын көруге келетін 30000 адамды көргенде, менің тым асыра кетпегеніме көзі 
жетеді.  Өзіміздің  жүгірушілеріміз  бен  қылышкерлерімізді  шетелге  шығарайық.  Сонда  спроттың  нәтижесін 
көріп, бағалаймыз. Өмір талабымен Олипиада ойындары атты институтты жетілдіреміз». 
АҚШ пен Ұлыбританиға саяхаттың нәтижесінде Кубертен дәрігер Уильям Пени Брукс, Олимпиада қоғамы 
және Ұлттық олимпиада ассоциациясының негізін қалаушы (1895) Мач Венлок (1890),  Принстон  универси-
тетінің  саясат  ғылымдарының  профессоры  Уильям  Слоэнмен  және  өткен  жүзжылдықтың  70-жылдарында 
жүгіріс пен ескектен бірнеше дүркін жеңімпазы Чарльз Гербетпен танысып, олардан үлкен қолдау тапты.  
Кубертен  бұл  тұлғалардың  іс-әрекетін  жоғары  бағалады.  Атап  айтқанда,  1890  ж.  Брукс  туралы:  «Брукс 
өзінің 82 жасына қарамастан, белсенді, ширақ және спорттағы байланыс үшін көп қызмет етті,» – деп жазады. 
Кубертеннің  пікірі  бойынша,  Слоэн  америка  университеттерінде  Олимпиада  ойындарының  дамуы  үшін  көп 
әрекет  қылды. Халықаралық Олимпиада Комитетінің 1894 ж. Парижде шыққан бірінші бюллетенінде:  «1893 
жылдың күзінде АҚШ-тан оралдым... Чикогда тамаша спорт клубына бардым, Сан-Францискода Олимпиада 
клубында болдым. Ат басын тіреген барлық университеттерде  Олимпиада ойындарын қайта жаңғырту идеясы 
зор  ынтамен  қабылдады.  Нью-Йоркта  университет  клубында  ас  берген  Уильям  Слоэн  ерекше  ықыласпен 
қабылдады.»[5]. 
Кубертен  мақсатқа  жету  үшін  белсенді  түрде  тәжірибемен  де  айналысты.  1892  ж.  қазан  айында  ол 
Францияға  ағылшын  ескекшілер  командасын  шақырды  (ол  уақыттары  ағылшындар  есуден  бірінші  орында 
тұрды). Содан кейін Кубертен Хенлиде  француз  спортшыларын кемелер сайсына дайындай бастады. Әрине, 
ұйымдастыру барысында көптеген щр 9 мәселелер туындады: құрама командаға кімді шақырту, шығындарды 
және ақы төлеу сұрақтары, «әуесқой деген кім» тәрізді. Француздың екі қоғамында ақшалай сыйақы берілетін. 
Дегенмен, мұнда Кубертен ақшалай сыйақы беруге тыйым салатын ағылшын ережесін қабылдатуға зор күш 
салды.  Англия  француз  командасын  қабылдай  ма  деген  сұрақ  туды.  Өйткені  ағылшындарақшалай  сыйақы 
алатындарды ғана емес, сол сияқты жұмысшы отбасынан шыққан адамдарды да жарысқа қатысуға жібермей-
тін. Кубертеннің күш салуының арқасында, ағылшын-француз спорт саласындағы байланысты шиелендірмеу 
үшін  мүмкіндік берді. 1890-1892  жж. Кубертен мен оның жақтастары  француз мектептеріне дене тәрбиесін 
енгізуге ат салысты. 
1891-1894  жж.  аралығында  қалыптасқан  ағылшын-америка-француз  одағы  нәтижесінде  Кубертен  спорт 
саласындағы алмасу мен Олимпиада ойындарын қайта жаңғырту идеясын таратты. Мысалы: 1894 ж. қаңтарда  
Париждегі  Сорбонн  университетінде  өтетін  құрылтай  Конгресі  алдында  бір  ай  бұрын,    Кубертен 
циркуляр/нұсқау хат таратты, онда: «Ең біріншіден, Ежелгі Грецияда қалыптасқан спорттағы адамгершілік пен 
бекзаттықты сақтап қалу маңызды, себебі заманымыздың тәрбие үдерісінде маңызды орын алады. Екіншіден, 
адамның  олипиадалық  спортшыны  ақылы  гладиаторға  айналдыру  талпынысын  тоқтату  қажет.  Әуесқой 
спортшылар  ережесінде  де  қарама-қайшылықтар  бар.  Соңғы  мәселе  –  Олимпиада  ойындарын  4  жыл  сайын 
ұйымдастыру  жөнінде  халықаралық  келісімді  дайындау.  Реформа  қажет,  сондықтан  оны  жасамас  бұрын, 
талқылап алу қажет.»  
Американдық  тарихшы Дж. Лукас атап көрсеткендей,  1892  ж. Франция спорт  қоғамы Одағы Ассамблея-
сынан соң, Кубертен олимпиадалық идеясын ұлттық деңгейде дамытып қоймай, халықаралық арена көлеміне 
шығару  қажет  екендігіне  көзі  жетті.  Ағылшын  және  америка  атлетикалық  қоғамдары  арқылы  ол  құрылтай 
конгресті шақыруды дайындайтын Комитет құрады. 
1890-жылдары  Кубертен  Парижде  доминикандық  лицейді  басқарған,  доминикандық  шіркеуші  Генри 
Мартин  Дидонмен  (1840-1990)  байланыс  жасайды.  Лицейде  түрлі  спорттық  бағдарламалар  ұйымдастырады. 
Лицейдің  кіре  берісінде  латын  нақыл  сөз  тіркесін  «Тезірек.  Жоғарырақ.  Күштірек»    деп  оқуға  болатын. 
Кубертен «Моральные влияния атлетического спорта» (1897) атты кітабында «Күштірек. Жоғарырақ» деп сөз 
ретін өзгертеді. 
Пьер  де  Кубертен  1890-жылдың  басында  әлемде  Олимпиада  ойындарын  өрлетуге  алғышарттың  пайда 
болғанын  түсінді.  «XIX  ғ.  дене  тәрбиесі  жаттығуларына  қызығушылық  пайда  болды:  жүзжылдық  аясында-
Германияда,  Швецияда,  50-жылдары  Англияда,  XIX  ғ.  соңында  АҚШ  пен  Францияда....»,  –  деп  жазады 
Кубертен «Олимпийские игры 776г.до н.э.-1896 г.» атты еңбегінде [4,5]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет