Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет39/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50

 
Резюме 
В статье рассматриваются история возрождения Олимпийских игр в Древний Греции и роль Пьера Кубертена в 
развитии Олимпийских игр. А также говориться о вкладе Пьера Кубертена на  развитие физического воспитание в 
целом. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
243 
Summary 
The  article  under    consideration  is  devoted  to  the  development  of  the  Olympic  games.    And  also  they  say  about  the 
contribution of Pierre de Coubertin of  the  development of physical education. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Шиманбаев С. «Олимпиада оттары: Афинадан Москваға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1980. - 140б 
2.  «Олимпийский спорт» В.Н.Платонов, С.И.Гуськов. Олимпийская литература, 1994. - 496с. 
3.  Кулешов А.П. Страницы олимпиского дневника.  М.: Физкультура и спорт, 1987.  С. 246. 
4.   Бакал Д. «Большая олимпийская энциклопедия» издательство «Эксмо», год-2008. 
5.   «История  Олимпийских  игр.  Медали.  Значки.  Плакаты»  Алексей  Трескин,  Валерий  Штейнбах. 
Издательство: АСТ. Год-2008. 
 
 
УДК37.012.8  
 
ҚҰДДЫС ҚОЖАМИЯРОВТЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ОНЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ НЕГІЗІ 
 
Р.Ю. Балтиева – аға оқытушы, магистрант, 
Қазақ  мемлекеттік қыздар педагогикалық  университеті 
                                              
Аңдатпа:  Қазақстанның    көп    ұлттық    өнерінің  бір  бұтағы  –  қазіргі    заманғы    кәсіби  ұйғыр  музыкасы.    Бұл 
өнердің  тарихи  терең  тамыры  мен  заманауи  жетістіктері  Құддыс    Қожамияровтың    шығармашылығында  айқын   
көрініс   тапты. Қазақстан өнер тарихында Қ.Қожамияров  – сазгер,  педагог, қоғам қайраткері, жазбаша музыкалық 
дәстүрдің, кәсіби ұйғыр музыкасы  мектебінің  негізін қалаған. Бүгінгі заман талабынан туындайтын идеяларға терең 
талдау жасауға теориялық қағидалар мен әдістемелік ұсыныстарды анықтауға мүмкіндік береді. Қ.Қожамияров осы 
ұғымдарды  ескере  отырып  атадан  балаға  қалатын  мұра  мен  мирасқорлықтың  әрі  қарай  дамуына  үлкен  үлесін  
қосқан. Өзінің музыкалық шығармаларында ұйғыр халқының мәдени музыкалық  дәстүрлі әндерін пайдаланып, оны 
тамаша білетіндігін көрсетті. Композитор адамзат баласына жинақтаған мәдениет пен тәжірибені  аға ұрпақтан кіші 
ұрпаққа жеткізу, жеке тұлғаның дамуына ықпалын тигізді.   
Тірек сөздер: мәдени  мұра,  өнердің  тарихы, дүниетанымдық  көзқарас, музыкалық дәстүр, музыкалық тарих, 
дәстүрлі  шығармашылық 
 
Қазіргі  кезеңде  өткен  кезеңдерден келіп жеткен мәдени мұра, оның ішінде халықтың  дәстүрлі  шығарма-
шылығы айрықша орын алады. Өткен  құндылықтардың осы заманымызға маңызды сипаты барлығын ескере 
келіп,  тарихи  мұраларға    аса  ұқыпты  қарау  керек,  өйткені  қазіргі  түсінігімізде  олардың  бәрі  бірдей  соңғы 
ақиқат емес, классикалық мұралардың мән-маңызы әлі де ашылуға тиісті. Жас ұрпақ бұрын қалыптасқан  мәде-
ниетке  ой  жіберіп,  өткен    тарихи  -  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  еңбектер  мен  әдебиетке 
толғана  талдау  жасаса  және  жылдар,  ғасырлар  бойы  тарих  қойнауына  жасырынған  мол  тәжірибені  меңгер-
генде ғана белгілі бір нәтижеге жете алады. Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру тақырыбы қоғамда бар-
лық саласын қамти келіп, өркениеттіліктің барлық тарихы арқылы  жүріп өткендей  болады. 
Жас жеткіншектер  көптеген  зерттеушілердің,  аты әйгілі ұлы педагогтар мен ғалымдардың,  әдіскерлердің  
мұрасын    оқып,  зер  салып,  соларды  меңгере  отырып,  өзіндік  ой-пікір,  көзқарастарын  қалыптастырған.  ТМД 
елдерінде  педагогикалық  бағытта  Г.Е.  Жураковский,  З.Г.  Нуритдинова,  А.И.  Марченко,  Қазақстанда                    
Т.Т.  Тәжібаев, Қ.Б.  Бержанов, А.І.  Сембаев,  Қ.Б.  Жарықбаев,  А.К.  Көбесов, А.Н.  Ильясова, Қ.Шалғынбаева, 
тағы  басқа  ғалымдар    өз    зерттеулерінде  ғылыми  пікір  айтып,   талай  терең  қорытынды  -  тұжырым  жасаған. 
Ұлы    ғалымдар  Р.А.  Арцишевский,  М.Г.  Аш-манис,  А.А.  Касьян,  Т.И.  Ойзерман,  А.Г.  Спиркин,                           
И.В. Сысоенко, А.С. Тонких, В.Ф. Черноволенко, В.И. Шинкарук және т.б.  тарихи-философиялық  тұрғыдан  
әр  түрлі  таным-түсінік  қалыптастырды,    ғылымның    дамуына  өз  үлестерін  қосты.  Психология  саласында  
дүниетанымдық көзқарасты  зерттеген ғалымдар  Л.И. Божович, Б.И. Додонова, P.M. Залесский, А.Г. Ковалева, 
И.М. Краснобаева, Н.А. Менчинская, Т.К. Мухина, Т.С. Тамбовцева.                                                                    
Қазақстанның  көп  ұлттық  өнерінің бір бұтағы – қазіргі  заманғы  кәсіби ұйғыр  музыкасы.  Бұл өнердің 
тарихи  терең  тамыры  мен  заманауи  жетістіктері  Құддыс    Қожамияровтың    шығармашылығында  айқын   
көрініс тапты. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
244 
Қазақстан өнер тарихында Қ.Қожамияров – сазгер, педагог, қоғам  қайраткері,  жазбаша музыкалық дәстүр-
дің, кәсіби ұйғыр музыкасы  мектебінің  негізін қалаған. Бүгінгі заман талабынан туындайтын идеяларға терең 
талдау жасауға теориялық қағидалар мен әдістемелік ұсыныстарды анықтауға мүмкіндік береді. [1. 25 б.]  
Қ.Қожамияровтың  шығармашылық  көзқарасын  қарастыра  отырып,  біз  «іс-әрекет»,  «дәстүр»,  «мирас-
қорлық»  деген  ұғымдарды  да  талдап  өтуіміз  керек.  Өйткені  оның  шығармашылық  көзқарастарын  қалып-
тастыруы музыкалық-қоғамдық іс-әрекетімен, дәстүрге, мирасқорлыққа сүйенуіне тікелей байланысты болды. 
Адам іс-қимылының бірде бір өрісінде, әсіресе педагогика саласында, адамдар өзінен бұрын өмір сүргендердің 
тәжірибесінсіз  ешбір  танымға  ие  бола  алмайды.  Әрбір  дәуір  салттық  қатынастар  проблемасын  шешуде  өз 
тәсілдерін  қалыптастырады.      Соңғы  уақытта    мәдениеттің  жалпы  прогресінің  бір  сипаты  ретінде  тарихқа 
саналы көзбен қарау көкейтестілікке айналып бара жатқанын да атап өтуіміз керек.  
Іс-әрекет”  ұғымы  екіұшты  рөл  атқарады:  біріншіден,  дүниетанымдық,  екіншіден  іс-қимыл  зерттеудің 
тақырыбына  айналатын  бірқатар  әлеуметтік  ғылымдардың  әдістемелік  негіздемесі.  Дүниетаным  принципі 
санатында  “іс-қимыл”  еуропа  мәдениетінде  рационалдығымен  сипатталатын  тұлғалық  жаңа  концепциясы, 
немістің  классикалық  философиясынан  бастап,  белсенділік  пен  бастамшылықтың  көптүрлі  бағыттары 
анықталып, іс-қимылды бүтіндей мәдениеттің негіздемесі  мен принциптері  ретінде  қарастырудың алғышарт-
тары туындағанша пайда болған ұғым қатарында қолданылып келеді.[4.93 б.] 
“Дәстүр”  этимологиялық  термині  (латынның  traditio  –  бірден  бірге  беру  деген  сөзінен)  өзі  бойына  
мұрагерлік    сәттің  қажеттілігін  сіңіреді.  Бұл  этимологиялық  терминнің  мағынасында  практикалық  барлық 
зерттеулерге қатысты ұғымдардың негізгі мәндерімен алшақтығы көрініс  таппайды. Сондықтан да дәстүрдің 
өткендегі  көркем  тәжірибені  қазіргі  заманға  мұра  ретінде  тапсыруы  ешқандай  күмән  тудырмайды.  Дәстүр 
феноменін зерттеуге қажеттілік педагогика өнері өрісіндегі шығармашылық практикамен ғана алға тартылып 
отырған  жоқ.  Көркем-педагогикалық  дәстүрдің  табиғаты  мен  болмысын,  оның  қызметін  зерттеу  теориялық 
тұрғыдан алғанда да ерекше маңызға ие болады. Ол біздің көркемдік дамуымыздың заңдылықтарын ұғынуы-
мызды  тереңдете  түседі,  шығармышылық  іс-әрекеттеріміздің  тұрақты  және  өзгеріске  ұшырайтын  жақтары 
арасындағы  диалектикалық  байланыстарды,  ескі  мен  жаңаның  тәуелді  -  тәуелсіздігін    анықтауға,  қазіргі 
педагогикалық  мәдениеттегі  өткендегілердің  аумағын  көрсетіп,  сол  өткенді  қазіргі  заман  тұрғысынан 
интерпретациялауға  (өзінше  түсіндіруге)  мүмкіндік  береді.  Көркем-педагогикалық    дәстүрдің  табиғаты  мен 
ерекшеліктерін  контекстегі  дамуында  ғана    емес,  өнердің  қызметтері  контексінде  қарастыру,  сол  дәстүрдің 
динамикасы  мен  жаңалықтарын  ашуға  мүмкіндік  беріп,  педагогикалық  іс-әрекеттердегі  инновациялық  
сәттердің  пайда болуының алғышарттарын  айқындауға септігін  тигізеді. [6.695]                                                                                                                                                                 
Мирасқорлық  ұғымы  әртүрлі  аспектіде  қарастырылуы  мүмкін:  өз  бойына  қолданыстағы  мәдениетті  бір 
қатарда  сіңірген  синхрондық  аспектіде,  әлдебір  мәдениеттің  даму  барысындағы  байланысы  сөз  болатын 
диахроникалық  аспектіде  қаралуы  ықтимал.  Егерде  дәстүр  проблемасын  зерттеу  ұзақ  мерзімді  даму  процесі 
ұғымына иек артса, бұл ұғым тарихи өріске, диахрония жазықтығына жататын болады. Сондықтан да, біздің 
пікірімізше,  салттың  ішкі  мәнін  өнердің  тарихи  дамуының  категориясы  деп  қарастыру  әлдеқайда  жемісті 
болмақ. 
“Мирасқорлықты” бір қатардағы құбылыс деп қарастыру және “дәстүрді тарихи даму контексінде сараптау, 
әр  категориялардың  келесі  өзгешеліктерін  ашуға    мүмкіндік  жасайды.  Даму  әрқашан  “жатық,  байсалды” 
сипатқа ие емес,  ал дәстүр болса “үзіліске түскен кезектілілік” өрісінде қызмет ете береді, сонысымен де олар 
мирасқорлықтың  жаңа  түрін  құрастырады.  Мирасқорлық  дегеніміз  -  процесс  және  қазіргінің  ескіні  мұрагер 
етіп  қабылдауының  нәтижесі,  ал  көркем  дәстүр  –  механизм,  яғни  мирасқорлықты  іске  асыру  және  оның 
нақтылы көрінісінің белгілі бір жазықтықта қызмет ету тәсілі. Көркемдік салттары құбылысының тәжірибесіне 
ие болу мирасқорлықты қамтамасыз етудің объективті реттеушісіне айналады. [5.294 б.]   
Мұндай  жағдайда  дәстүрдің  шығармашылық  жолмен  дамуы  тұрақты  болып  келеді,  бірақта  әр  кезде 
біршама нақтылы өнер шығармаларына мирасқорлыққа телінбейтін мазмұнымен жақындасуымен сипатталады 
және  әр  кезде  әлдебір  жаңалықтарды  ашады.  Сөйтіп,  дәстүр  мирасқорлықтың  шеңберінен  шығып  кетіп, 
мәдениетте  айтарлықтай  ауқымды  қызметін    атқарып,  ескіні    сақтауды  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  оның 
нақтылы қызметін іске асырады екен. Мирасқорлықтың мәні мен қызметі –  оның өткендегіні ұстап қалу, ал 
“дәстүр”  ұғымының  ауқымында  тек  өткендегіміз  ғана  емес,  оның  жаңадан  ие  болған  мәні  мен  формальды 
тіршілік  құруында  жатыр.  Қ.Қожамияров  осы  ұғымдарды  ескере  отырып  атадан  балаға  қалатын  мұра  мен 
мирасқорлықтың әрі қарай дамуына үлкен үлесін қосқан. Өзінің музыкалық шығармаларында ұйғыр халқының   
мәдени  музыкалық  дәстүрлі әндерін   пайдаланып, оны  тамаша  білетіндігін көрсетті.  Композитор   адамзат 
баласына  жинақтаған мәдениет  пен тәжірибені  аға ұрпақтан кіші ұрпаққа жеткізу, жеке тұлғаның дамуына  
ықпалын  тигізді.   

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
245 
Резюме 
В   этой   статье   рассматривается    мировоззренческие  взгляды К.Кожамиярова  как   его     основа творческого  
наследия. Автор опирается на высказывание философов, психологов, ученных – исследователей. В  данной  статье 
автор  раскрывает  понятии  деятельность,  наследие, традиция. 
 
Summary 
This article describes K.Kozhamyarov's attitude and perception as a basis of his music heritage. The author is based on 
ideas of philosophers, psychologists, scientists and researchers. In this article the author describes the meaning of activities, 
heritage and traditions. 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1. Хасанова  Р.К. «Мне  повезло в судьбе  быть  первым...» /Сб.ст. – Алматы,2003. – С.25. 
2.  Кирина  К.Куддус Кужамияров. Монография о жизни  и творчестве. – М.: Советский композитор, 1980.  
3.  Apaвин  П., Кужамияров К.  – М.: Cоветский композитор, 1962.                                                                        
4. Леонтьев А.Н. Общее понятие о деятельности. // Хрестоматия по психологии: Учеб. пособ. для студентов 
пед. ин-тов/ Сост. В.В. Мироненко; Под ред. А.В. Петровского. –  2-е изд., перер. И доп. – М.: Просвещение, 1987. –
С. 93-100. 
5. Баллер Э.А. Преемственность  в  развитии  культуры. – М.:Наука,1969.  294 с.  
6. Шацкий Е. Утопия и традиция.  М.:Прогресс, 1990. – 695 с.  
 
 
УДК 37.026.9  
 
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ЭСТРАДА ӨНЕРІ АЯСЫНДАҒЫ  
С.ТЫНЫШТЫҒҰЛОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
Ф.Ескенеев – 
Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨ академиясының магистранты 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  біз  әнші  С.Тыныштығұлованың  өткен  ғасырдың  60-жылдарынан  басталған  шығарма-
шылық  жолына,  қалыптасып-даму  кезеңдеріне  қысқаша  шолу  жасауға  талпындық.  Әншінің  дауыс  ерекшелігіне, 
өзіндік  орындаушылық  стиліне,  ән  репертуарын  таңдау  жолындағы  сезімталдығына,  әр  түрлі  тілдердегі  әндерді 
орындауға жаттығып, үйрену үдерісіндегі білім-білігіне ден қойып, қорытынды ой түйіндеуге әрекет жасадық. Өнер 
әлеміне қанат қаққан ерекше дарын иесінің кәсіби білім алудағы ерінбей ізденуін, ән мәтініне аса ден қойып, өз білім 
көтеру  бағытындағы  ерен  еңбегін бағалауға, сол  туралы мәліметтерді талдап көрсетуге ұмтылдық. Әншінің  кәсіби 
шеберлік шыңына шығу жолындағы өткен баспалдақтарын таразылай келіп, ән әлемінде кімдермен шығармашылық 
байланыста болғанына, кімге қамқорлық қолын созғанына зер салдық. Осы жайларды, осы деректерді саралай келіп 
қазақ  топырағында  жаңа  жанр  –  эстрада  өнерінің  дамуының  алуан  кезеңдеріне  өзіндік  баға  беріп,  ой-топшылау 
жасауға талпындық. 
Тірек сөздер: эстрада, әнші, «Екі жұлдыз», «Гүлдер», Отан, өнер.  
 
Тарихты дендеп қарастырсақ қазақтың ұлы әншілерінің барлығы да дауыс  реңіне аса бай, диапазоны кең 
дауыстың иесі болған, өз әуендерінде  осы ерекшеліктерді ескеріп, өзіндік композиторлық, вокалдық мүмкін-
діктер  тудырған.  Әншінің  күшті  дауысы  мен  сұлу  тембрі,  жүйеленген  ән  айту  үрдісі  мен  мәнерлі  орындау-
шылығы,  кең  тынысты  вокалдық  каденцияларды  айтудағы  жоғары  техникалық  шеберлігі  –  қазақ  даласында 
қалыптасқан жоғарғы кәсіби әншілік мектептің болғанын дәлелдей түседі.  
Негізінен, эстрада өнері мұхиттың арғы жағындағы елдерде талантты жастардың табыс көзі болған. Қазақ 
жерінде эстрада жанрын дамыту 60-жылдардың ІІ жартысында қолға алынды.  
1969  жылы  қазақ  эстрада  студиясын  бітірген  алғашқы  түлектер  «Гүлдер»  жастар  ансамблін  құрушы 
тұңғыш  қазақ  эстрадасының  кәсіби  мамандары  С.Тыныштығұлова,  Л.Есенов,  Қ.Байбосынов,  Қ.Құлышева, 
Г.Талпақова – сол кездегі алып империяны дүр сілкіндірген таланттар. Іле студент жастардан құрылған «Дос-
Мұқасан»,  «Айгүл»  ансамбльдері  қазақ  эстрадасын  биік  деңгейге  көтеріп,  мәртебесін  асырды.  70  жылдары 
«Дос-Мұқасан»  әлемдегі  талай  жүлдені  қанжығаларына  байлады.  Атақтары  жер  жарған  «Песняры», 
«Самоцветы» сияқты мықтылармен иық тірестірді. Олар қазақтың ғана емес, кеңес империясының да даңқын 
шығарды.  Олар  қазақ  әні  інжу-маржандарын  эстрада  жанры  арқылы  қаз-қалпында әлемдік  деңгейге  көтерді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
246 
Р.Рымбаева,  Н.Есқалиева,  С.Жұмағалиев,  А.Мақашев,  А.Мейірбеков,  А.Нұрмағанбетова,  М.Жүнісова  сол 
кезеңдерде талмай жұмыс жасады. Өнерлерін өрге сүйреп, кейінгі буынды қасиетті өнер жолына бастады.  
Бұл  мақалада  біз  қазақ  ән  өнерінде  ХХ  ғ.  ІІ  жартысында  жұлдызы  жанған  әнші  С.Тыныштығұлованың 
шығармашылығын  жан-жақты  қарастыруды  мақсат  еттік.  Бұл  кезең  қазақ  эстрадасы  өрісі  кеңейіп,  тынысы 
ашыла бастаған тұс. Ұлттық ән өнерімізге ене бастаған екпінді ырғақ пен жеңіл де ойнақы әуен сол дәуірдің 
басты  жаңалығы  еді.  Бұл  батыстан  басталып,  бірте-бірте  Одақты  жаулап  бара  жатты.  Сөйтіп  эстрада  жанры 
дәстүрлі  ән-күйімізді  сахнадан  сәл  ығыстырды.  Ән  әлемінде  осындай  төңкерістер  орын  алып  жатқан  кезде 
қазақ  әншілері  ол  өзгерістен  тыс  қалмады.  Бізде  де  эстрада  әндеріне  ден  қоюшылардың  қатары  өсіп,  тіпті 
эстрада  әншілерін  даярлайтын  оқу  орындары  ашылды.  С.Тыныштығұлова  осы  жаңа  үрдісте  ән  айтуға 
талпынғандардың бірі болды.  
С.Тыныштығұлова  1942  жылы  Алматы  облысы  Сарқанд  ауданы  Мұқан  Төлебаев  ауылында  (бұрынғы 
Бөрлітөбе  ауданы)  дүниеге  келген.  Әкесі  Өрдембай  –  Отан  соғысының ардагері,  Орынборда  білім  алған  өте 
білімді  адам.  «Мен  Ұлы  Отан  соғысы  жүріп  жатқан  кезде  дүниеге  келген  екем.  Әкем  соғыста,  шешем  мен 
туған-туыстарым  атақты  ақын  Сара  туып  өскен  Ешкіөлместің  бұлақ  суына  мені  шомылдырып,  ырымдап 
атымды  Сара  қойыпты.  Бұл  өзі  Жетісудың  киелі  жері.  Мұнда  есімі  күллі  қазаққа  танымал  М.Тынышпаев, 
М.Төлебаев,  Е.Рахмадиев  дүниеге  келген.  Бір  кезде  Мұхаң,  Еркеғали  ағаларым  білім  алған  орта  мектептің 
есігін  аштым.  Мұғалімдердің  өздері  де  өнерге  ерекше  көңіл  бөліп,  халық  аспаптар  оркестрін  құрған-ды.                
4 сыныпта оқып жүргенімде алғаш рет клубтың сахнасына шықтым», – деп еске алады әнші [1]. Талабы таудай 
әнші  қызды  ұстаздары  Алматыда  өткен  республикалық  пионерлер  слетіне  жібереді.  Слетте  топ  жарған  ол 
ауылына тұңғыш рет лауреат болып оралады. Шәкірт бойындағы табиғи қасиетті байқаған ән сабағы мұғалімі 
оған ерекше көңіл бөліп, ән үйрете бастайды. 
Әнге  деген  сүйіспеншілік  мектеп  бітірісімен  Алматыға  алып  келген.  Филармонияға  келгенде  даусының 
әнші  Ж.Омароваға  ұқсастығын  байқаған  филармония  директоры  М.Бестібаев  пен  көркемдік  жетекшісі  – 
композитор  Е.Рахмадиев  жас  қыздың  даусын  арнайы Ж.Омароваға  тыңдатып,  сол  кісіге  оқушы  етіп  берген. 
Ғасырда бір-ақ туатын әнші Ж.Омарова жас қызды оқушы қылып алып, бүкіл әндерін үйреткен.  
Жас талапкер актерлер даярлайтын факультеттің А.Тоқпановтың класында оқыған. «Неге вокал класында 
емес?» деген сұрақ туындайды. Ол туралы «Вокалға барайын дегенде Б.Жылысбаев:  «Мұның даусы ерекше, 
екінің бірінде кездесе бермейтін контральто. Біз алсақ  сопрано етіп шығарамыз. Сопрано көп, толып жатыр. 
Сараның даусына лайық педагогтар Мәскеуде бар шығар» деп, вокалға түскенімді құп көрмеді. Сонымен Құр-
манғазы  атындағы  консерваторияның  актерлер  даярлайтын  факультетінде  бір  жылдай  оқыдым»,  –  деп  еске 
алады  [2].  Алайда  есіл-дерті  ән  салу  болған  талапкер  оқуды  тастап,  «Қазақконцертке»  келіп  орналасады. 
М.Ержанов, Ж.Елебеков, Г.Ғалиева, Ш.Жиенқұлова, Р.Абдулиндермен бірге гастрольдік сапарларға шығып, ән 
салады. Бірақ кәсіби білім алу деген ой көкейінен шықпады.  
Н.А.  Савенко  деген  опера  әншісінің  кеңесімен  1964  жылы  Мәскеу  Бүкілодақтық  эстрада  студиясының 
бүкілодақтық іріктеу байқауына қатысады. Комиссия мүшелері  РСФСР халық әртісі  И.Яунзем, КСРО халық 
артисі  В.Барсова,  ғажап  тенор  дауысты,  профессор  Г.Виноградов  сынды  танымал  тұлғаларға  өз  өнерін 
дәлелдеп, оқуға түседі  [2]. 
Кәсіби  білім  алып,  үлкен  сахнаға  көтерілуіне  мүмкіндік  жасаған  РСФСР-дің  халық  артисі,  латыш  қызы 
Ирма Яунзем болды. Оның білімі, тәжірибесі, ән айтудағы әдіс-тәсілі өнердегі қанатының қатаюына көп әсер 
етті  [1].  И.П.  Яунзем  Петербург  консерваториясында  білім  алған.  Еңбек  Қызыл  Ту  орденінің  иегері.  Ән 
саласына қатысты бірнеше кітаптың авторы. И.П. Яунзем 1925 жылы Әміре Қашаубаевпен бірге Парижде ән 
салған адам.  
С.Тыныштығұлова  Мәскеу  эстрада  студиясын  1966  жылы  тәмамдап,  Мәскеуде  бір  жыл  жұмыс  істеп, 
«Қазақконцертке»  қайта  оралды.  Сол  жылдары  Г.Ғалиеваның  ұйымдастыруымен  жастардың  эстрадалық 
«Гүлдер» ансамблі құрылды. Осы ансамбльге әнші болып ауысты. Еліміздің кез келген аймағында халықтың 
«Гүлдерге» деген ықыласы ерекше болды. Өйткені «Гүлдер» қазақ топырағындағы өнердің жаңа бір саласы - 
эстраданың  алғашқы  қарлығашы  болды.  «Гүлдердің»  концерті  әдетте  С.Тыныштығұлованың  әндерімен 
аяқталатын. «Гүлдердің» бір жылдығында ол Республиканың еңбек сіңірген әншісі атанды. 
Әншінің  қоңыр  үні,  қуатты  дауыспен  шырқайтын  әсем  әндері  әр  көкірекке  нұр  құйып,  биіктерге 
құлшындыратын. Ол Ә.Бейсеуовтың «Армандастар», Н.Тілендиевтің «Алатау» әндерін орындағанда, концерт 
залында қол шапалағының үні толастамай тұрып алатын.  
Сонымен  бірге  С.Тыныштығұлова  университеттік  білім  иесі.  ҚазМУ-дың  филология  факультетінде  дәріс 
алып, «Фольклор және халық әні» деген тақырыпта диплом жұмысын жазған. «Әншілік жолға түскен соң тілді 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
247 
меңгеру  басты  қажеттілікке  айналды.  Себебі,  сөздің  арғы  төркінін  түсінбей  әнші  болу  мен  үшін  жат  ұғым. 
Әсіресе, халық әндерін айтқанда тілдің пайдасы көп тиді», – дейді әнші [1].  
С.Тыныштығұлова  қазақ  елін  басқаларға  өзінің  қайталанбас  даусымен  танытқан.  Қазақ  әндерімен  қоса           
50-ден  астам  әлем  халықтары  әндерін  орындаған.  1966  жылы  Республикалық  Совет  әндерін  орындаушылар 
конкурсы  лауреаты  атанған.  С.Тыныштығұлова  –  сахнадағы  өз  стилімен  ерекшеленген  әнші.  Сондықтан  да 
1967  жылы  Мәскеуде  Эрмитажда  болған  концерттен  кейін  оның  талантына  тәнті  болған  мәскеуліктер  
«Правда» газетінде «Сара Тыныштыгулова – это казахская Эдит Пиаф» деп жазса, мәскеулік ұстазы И.Яунзем: 
«Моя ученица Сара на фоне грохота и шума Шаляпин в юбке» деп пікір білдірген екен [3]. 
«Гүлдер» ансамблінің Бельгиядағы гастрольдік  сапарларынан  кейін бельгиялық продюсер Жорж  Буййон 
бірлесіп  концерт  ұйымдастыруға  ұсыныс  жасайды.  Алайда  өнер  жұлдызының  шетелге  шығу  мүмкіндігіне 
тұсау  салған  кеңестік  саясат  С.Тыныштығұлованың  «әлемдік  сахнаға  шықсам»  деген  арманына  нүкте                
қояды [3].  
1983  жылы  Вьетнамда  сол  елдің  әнұранын  шырқаған әншінің  табиғи  талантына  бас  иген  вьетнамдықтар 
Халықтар  достығы  медалімен  марапаттап,  Хо  Ши  Минь  қаласының  «Құрметті  азаматы»  атағын  береді  [3]. 
1970  жылы  Монғолияда  «Халықтар  достығы»  медальімен  марапатталды.  Герман  Демократиялық 
Республикасында  жастарға  арналған  «Үздік  орындаушылар»  деген  медальмен  марапатталды.  Кезінде 
«Союзконцерттің»  жолдамасымен  бұрынғы  кеңес  еліндегі  екпінді  құрылыстарында  ән  шырқайды.  Қиыр 
Шығыстағы  БАМ  құрылысшыларын  әнімен  жігерлендіреді.  Соғыс  жүріп  жатқан  кезде  Ауғанстанға  өзінің 
жеке  ансамблі  «Жалынмен»  гастрольдік  сапарға  барып,  интернационалдық  борышын  өтеп  жүрген 
жауынгерлерге туған ел аманатын жеткізген патриот әнші «Ауған соғысы ардагері» медалімен марапатталады. 
Чернобльдіктердің алдында өнер көрсетіп, «Чернобль апатына 25 жыл» медалімен марапатталды [3].  
Сонымен  қоса  Венгрияда  2  рет,  Болгария,  Германияда  4  рет,  Польша,  Финляндия,  Белгия,  Франция, 
Моңғолия,  Сирия,  Малайзия,  Сингапур,  Шри-Ланка,  Пәкістан,  Қытай,  Молдова,  Луксенбург  т.б  елдерде 
тыңдармандарды  талантымен  таң  қалдырған.  Қазақстаннан  С.Тыныштығұлованың  табаны  тимеген,  әні 
жетпеген  қазақ  ауылын  іздеп  табу  қиын.  Халқының  жан  дүниесін  інжудей  таза  үнімен  баурап  алған  жауһар 
дауысты әнші кейбір кездері бір жылдың ішінде жүзден астам концерт беріпті [1].  
2010 жылы 24 ақпанда Жамбыл атындағы филармониянда шығармашылығының 50 жылдығына арналған 
«Ғажайып  Қазақстаным»  атты  өзінің  жеке  концертін  берді.  Бұл  кеште  эстрада  майталманы  барлық  әнін  тек 
қана  табиғи  дауыспен  орындады.  Бұл  –  фонограмма  көмегіне  сирек  жүгінетін  әншінің  өз  тыңдармандарына 
шексіз  құрметі.  Репертуарына  аса  талғамман  қарайтын  әнші  бұл  күні  «Отырар  сазы»  фольклорлық-
этнографиялық  оркестрі,  Алматы  әкімдігінің  эстрадалық-симфониялық  оркестрлерінің  сүйемелдеуімен 
елімізге танымал композиторлардың әнін орындады [3]. 
С.Тыныштығұлова репертуарына аса талғаммен қарайтын әнші.  Патриоттық әндерді шебер айтатынымен 
өзге  әншілерден  дараланып  тұрады.  Әнші  композиторларды  атақ,  данқына  қарап  таңдамайды.  Жас 
сазгерлердің  бірі  А.Райымқұлова  екеуінің  байланысынан  әсем  әндер  дүниеге  келді.  «Ел  бақыты»  деген  әнін 
бүкілодақтық  байқауда  айтып,  лауреат  атанды.  «Қазақ  қызы»  әнін  сахна  төріне  шығарды.  Жас  таланттарды 
демеуді  Сара  ешқашан  естен  шығарған  емес.  Бұл  оның  өмірлік  кредосы.  Н.Тлендиевтің  «Алатау»  әнін 
Мәскеудегі Үлкен театрда симфониялық оркестрмен айтқан. Одан басқа репертуарында Нұрағаңның «Әкеме», 
«Бауырым»,  «Құстар әні» әндері  бар. Д.Тілендікелінің «Махамбет  бабам» деген әні республикалық байқауда 
жеңімпаз атанды. Б.Момышұлына арналған әнді жеке концертінде орындады. Әнші репертуары Е.Рахмадиев, 
Н.Тлендиев,  Ш.Қалдаяқов,  Ә.Бейсеуов  сынды  композиторлар  әндерінен  тұрады.  К.Дүйсекеев,  Т.Мұхамет-
жановпен  шығармашылық  ынтымақтастығы  жемісті  болды.  Сондай-ақ  «Әлия»,  «Сарыарқа»,  «Жан  досым» 
сынды ерлікті, өрлікті, туған жерді әнмен кестелеген С.Бәйтерековпен де шығармашылық байланыс орнатқан.  
Атақты  композитор  Ш.Қалдаяқовтың  Ж.Нәжімеденов  сөзін  жазған  «Менің  Қазақстаным»  әні  халыққа  ең 
алғаш Ж.Омарованың орындауында танылды. Бұл әнді С.Тыныштығұлова сол кезде-ақ репертуарына енгізген. 
«1999  жылы  С.Тыныштығұлова  «Менің  Қазақстаным»  әнін  Республика  сарайында  жаңа  аранжировкамен 
орындады. Концертке жиналған үш мың халық орындарынан тұрып, Сарамен бірге әнге қосылып, ұзаққа дейін 
қол  шапалақтап  қошемет  көрсетті.  С.Тыныштығұлова  бұл  әнді  50  жыл  орындады.  Бұл  әннің  гимн  болуына 
С.Тыныштығұлованың ерекше еңбегі көп сіңді» [2]. 
«Қазақтың халық әндерінде ұлы даланың тарихы, ата-бабамыздың мұңы мен көз жасы, төгілген қаны мен 
қасіреті жатқан жоқ па?! Сондықтан қазақ әнін айтуды парызым деп санаймын», – деп ой пікір білдіреді әнші 
[4]. 
Ал ХХ ғасырдағы қазақ эстрадасында өзіндік  орны бар әнші С.Тыныштығұлованың өнерінде  орын алған 
дауысының күші мен реңінің сұлулығы, жылдар бойы қалыптасқан орындаушылық жеке мәнері жүйеленген 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
248 
ән айту үрдісі мен мәнерлі орындаушылығы, өзінің құрылымдық сапасы, әншілік параметрлеріне сай алатын 
орны мен мағыналылығы, тарихи құндылығы, эмоция мен драматизмге толы дамыған орындаушылықтың өте 
жоғары деңгейі –  осының бәрі қазақ даласындағы жоғарғы кәсіби ән мектебінің қалыптасуының айғағы. Бір 
әнде  қаншалықты  музыкалық  нюанстар  сөйлем,  фраза,  интонациялар  бар.  Бір  ән  жоғары  үнмен  басталатын 
болса, екінші біреулері төменгі дыбыстан бастау алады. Міне, осылардың бәрін әнші жете түсіне біліп, сырына 
қана  терең  сезімталдықпен  шырқауы  керек.  Сонда  ғана  әнші  ойлаған  мақсатына  жетіп,  тыңдаушылардың 
алдында абыройы артады. Орындаушылық шеберлігі жағынан басқаларға үлгі болатын әнші Сараның орын-
дауындағы «Алатау», «Менің Қазақстаным» және басқа әндер алуан түрлі сөз нақышымен, сезімді қозғайтын 
сан қилы нюанс көркемдігімен ерекшеледі. Ол қайсы әнді орындаса да, ешбір артық айқайды, құлаққа жағым-
сыз тиетін дыбыстарды аңғармайсын, әншінің биік үні тыңдаушысын баурап алатындығы да сондықтан болар. 
С.Тыныштығұлова салған әндерде вокал иірімдері мол кездеседі, мұны бөле атаудағы себеп –  диопозоны 
мен  ән  мәтіндері  әнші  дауысының  табиғатына  лайықталған.  Желдірме  әндердің  ырғағы  ширақ,  аты  айтып 
тұрғандай  салтанатты  әрі  жүрдек  шырқалады.  Әнші  өз  дауысының  ерекшелігін  былай  деп  атап  көрсетеді: 
«Менің дауысым – «контральто» дауыс. Бұл, «тенор» сияқты, әйелдердің ең төменгі дауысы. Әнді айтқан кезде 
қомақты диапазонға жеткізе алатындығымен ерекше» [5].  
Әнші  соңғы  жылдары  «Екі  жұлдыз»  шоу-бағдарламасында  төрелік  етті.  2012  жылы  Республикалық  ХХI 
«Жас  қанат»  байқауында  қазылар  алқасы  жұмысына  қатысты.  Қазақ  радиосы  көркемдік  кеңесі  құрамында 
болды [7]«Асыл мұра» жобасының әйгілі әнші Ж.Омарова даусы жазылған төртінші компакт-дискісінің тұсау 
кесеріне қатысып, ұстазы айтатын әндерді шырқады. Алматыда ҚР БҒМ Ғылым комитеті өткізген ҚР Тұңғыш 
Президенті күніне арналған салтанатты шара ауқымында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мәтін авторы болып 
табылатын әндерді ҚР халық әртісі С.Тыныштығұлова орындаған концерт өтті [8].  
Бұл мақалада  біз әнші С.Тыныштығұлованың өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталған шығармашылық 
жолына,  қалыптасып-даму  кезеңдеріне  қысқаша  шолу  жасауға  талпындық.  Әншінің  дауыс  ерекшелігіне, 
өзіндік  орындаушылық  стиліне,  ән  репертуарын  таңдау  жолындағы  сезімталдығына,  әр  түрлі  тілдердегі 
әндерді  орындауға жаттығып, үйрену үдерісіндегі білім-білігіне ден қойып, қорытынды ой түйіндеуге әрекет 
жасадық. Өнер әлеміне қанат қаққан ерекше дарын иесінің кәсіби білім алудағы ерінбей ізденуін, ән мәтініне 
аса ден қойып, өз білім көтеру бағытындағы ерен еңбегін бағалауға, сол туралы мәліметтерді талдап көрсетуге 
ұмтылдық.  Әншінің  кәсіби  шеберлік  шыңына  шығу  жолындағы  өткен  баспалдақтарын  таразылай  келіп,  ән 
әлемінде  кімдермен  шығармашылық  байланыста  болғанына,  кімге  қамқорлық  қолын  созғанына  зер  салдық. 
Осы  жайларды,  осы  деректерді  саралай  келіп  қазақ  топырағында  жаңа  жанр  –  эстрада  өнерінің  дамуының 
алуан кезеңдеріне өзіндік баға беріп, ой-топшылау жасауға талпындық. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет