Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет30/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46

Негізгі сөздер:  жаhандану,  жаhандық қоғам,  жаhандық ауыл, интеграция, тұтынушылық иделогиясы, ноосфера. 
Ключевые слова:  глоболизация, интеграция,  общество глоболизации, идеологии потребителей,  ноосфера. 
Keywords:  globalization, integration, globalization society, ideologies of consumers, noosphere. 
 
1.  ҚР  Президенті  –  елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  білім    қоғамы  жолында»      атты  интерактивті 
дәрісі 05 қыркүйек 2012 ж. 
2.  Арыстанбекова А.Х. Глобализация. – Алматы: Дайк- Пресс, 2007. – 304б. 
3.  Синагатуллин  И.М.  Роль  глобализации  и  языка    международного  общения в  решении  актуальных  вопросов 
нового времени // Иностранные языки в школе. 2003, №6. – 8-13с. 
4.  Чешков М.А.  Глобальное видение и новая наука. – М.: Наука, 1998. – 187с.   
5.  Кукушкин В.С. Общие основы педагогики. – М.: Ростов-на-Дону, 2006. – 224с. 
6.  Маркова А.К.  Психология профессионализма.- М., 1996. -189 с.     
7.  Глобализация как стержневая проблема  грядущего мирового развития // Международная жизнь. 2000, №11. 
– 3-24 с. 
8.  Философский словарь // Под ред. И.Т. Фролова. – М.: 1989. - 452с. 
9.  Политология: Энциклопедический словарь//Общ.ред.исост.:  
Ю.И.Аверьянов - М.: Московский коммерческий университет,1993.– 431с. 
10. Глобализация и образование // Сб ст. - М.: ИНИОН, 2001. – С.69.  
11. Народное образование в России: исторический альманах. – М.: Народное образование, 2000. – 400с. 
12. Кефели И.Ф. Глобализм на перекрестке мнений // Социально-гуманитарные знания. 2003. №2 - 3-1 с. 
13. Григорьев В.П., Делятин И.А. Культура языка и языковая политика // Русская речь.  1990. №1. – 70-76 с. 
14. Пядышев Б.  Глобализация и Россия (круглый стол)//Мировая экономика и международные отношения. 2002. 
№ 9. – 3-25 с. 
15. Бутенко А.П., Богомолов О.Т. Глобализация: сущность и современные проблемы // Социально-гуманитарные 
знания. 2002. №3 – 3-18 с. 
16. Алексашина И.Ю. Глобалистика: взгляд на мир, направление в науке, философия образования// Интеграция 
педагогической науки и практики.- СПб: СПбГУПМ, 1997. –23-27 с. 
17. Родионова И.А.  Глобальные проблемы  человечества. – М.: 1993. – 87 с. 
18. Громкова  М.Т.  Психология и педагогика профессиональной деятельности: Учеб.пос.для вуз. – М.: ЮНИТИ –
ДАНА. 2003. – 415 с.                  
 
СТУДЕНТТЕРДІ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМҒА ҮЙРЕТУДЕ ЖОБА 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ 
 
С.С. Султанбекова – аға оқытушы, 
А.Т. Касымбекова – аға оқытушы, 
С.С. Есимкулова – аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Резюме 
Данная  статья  рассматривает  использование  методики  проектной  работы  студентами  на  уроках  иностранного 
языка.  Использование  данной  методики  студентами  развивает  умение  работать  самостоятельно  над  научными 
темами  и  показать  себя  с  лучшей  стороны.  Данная  методика  также  способствует  развитию  самоконтроля  и 
самостоятельно находить необходимую информацию.  
 
Resume 
This  article  looks  through  the  use  of  methods  of  project  work  by  students  in  foreign language lessons.  The  use  of  this 
methods students develop the ability to work independently on scientific topics and to show their best side. This method also 
helps to develop self-control and independently find necessary  information. 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  білім  жүйесінде  әлемдік  білім  жүйесі  деңгейіне  жетуге 
бағытталған  өзгерістер  болып  жатқаны  баршаға  мәлім.  Бұл  процесс  шетел  тілін  тиімді  оқытудың 
теориясы мен практикасына да біршама өзгерістер әкелері сөзсіз. 
Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы  жаңа  стратегиялық  бағдарлар,  қазіргі  кезде 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
196 
болып  жатқан  өзгерістер  және  мемлекет  дамуының  барлық  салаларында  еліміздің  қатысымның  әлемдік 
жүйесіне  енуі  білім  беруге  деген  талаптардың  түбегейлі  өзгеруіне  себеп  болып  отыр.  Академик 
С.С.Құнанбаева әлемдік қоғамдастық дамуының қазіргі жаһандық тенденциялары, тілді жаһандық жалпы 
адамзаттық мәдениеттің құралы ретінде қарастыру,  халықаралық интеграция мен мәдениетаралық өзара 
іс-қимылдың  күшеюі,  тілдің  когнитивтік-коммуникативтік  қызметінің  артуы,  мәдениетаралық  қатысым 
субъектісінің  қалыптасуындағы  жаңа  бағыттар  –  шетел  тілінде  білім  беру  әдіснамасын,  негізгі ұғымдар 
мен  категорияларды,  әдістемелік  амалдар  мен  принциптердің  номенклатурасын  түбегейлі  қайтадан 
қарастыруды қажет етіп отыр деп, атап айтқан. 
Қазақстанның  дүниежүзілік  бірлестікке  қосылуы  мен  тәуелсіздігінің  нығаюы  тұрғысында  басқа 
елдермен  жан-жақты  халықаралық  байланыс  жасауы  мәдениетаралық  қатысымның  жоғары  деңгейде 
дамуына байланысты. 
Мәдениетаралық қатысымға үйретуден жобалық технологияның негіздері 
Жоба технологиясының сипаттамасы 
Қазіргі  кезде  шетел  тілін  оқытуда  бұл  әдіс  асқан  қызығушылықпен  қаралуда.  Ғалым–әдіскерлердің 
негізгі міндеті шетел тілін меңгеруде мектеп практикасында әлеуметтік мәдени жағдаятта,қоғамның даму 
сатысында,  өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім  беру  мақсатында  жоба  әдісі  жаңа  педагогикалық  технология 
ретінде айтылып жүр. 
Оқу  процесіне  жаңа  технологияларды  енгізу  студенттерге  шетел  тілін  оқытуда  ғана  емес,  олардың 
тәрбие жұмысын жүргізуге де септігін тигізеді. Біз әрқашан да студенттерді тәрбиелей  отырып оқытуға, 
оқыта  отырып  тәрбиелеуге  тырысамыз.  Шетел  тілдерін  оқытудағы  жоба  әдісін  қолдану,  жобаға 
қатысушылардың  танымдарының  кеңейуіне  көмегін  тигізе  отырып,  қарым–қатынас  жасауға  септігін 
тигізеді. 
Жоба  дегеніміз  не?  –  Жоба  бұл  студенттер  өз  ойларын  өздеріне  ыңғайлы  уақытта,  жеткізу  болып 
табылады. Коллаждар, афишалар дайындау, жарнамалар, сұхбат жүргізу, зерттеулер, қажетті ақпараттар 
мен  модельдер  көрсету,  түрлі  жерлерге  бару,  жоспарлар  құру,  карта  т.б.  жұмыс  атқарылады.  Жоба 
барысында міндеттілік жеке тұлға әрі жобаға қатысушы топтың мүшесі ретінде студентке жүктеледі. Ең 
бастысы  жобаның  құрылысы  қандай  болатыны  және  презентация  қандай  түрде  өтетінін  оқытушы  емес 
студенттер шешеді. 
Жоба әдістемесін пайдалану студенттердің сабақтада, сабақтан тыс уақытта да жұмыс істеуіне, өздерін 
алдыңғы  қатарда  көрсетіп,  өзін-өзі  тексеруіне  де  жақсы  әсерін  тигізеді.  Студенттерде  өздерін  білім 
деңгейіне , оларды шынайы іс-әрекетте пайдалана білуіне деген жеке жауапкершілік пайда болады. 
Жобамен жұмыс істей отырып, студенттер өз бетімен керекті мәліметтерді табуға, түрлі дерек көздерін 
пайдалануға үйретеді. Оқытушы олардың тең құқылы әріптесіне әрі кеңесшісіне айналады. 
Жобаның  маңыздылығы,  студенттер  жобаны  орындау  барысында  танымдық  іскерліктері  артып  өз 
бетінше  білім  алуға  үйретеді.  Егер  студент  ақпарат  ағымында  зерттеу  дағдысын  үйреніп,  оған  болжам 
жасап, фактілерді салыстырып, қорытынды жасаса, мың құбылып тұрған мына қоғамда шығармашылық 
өмір сүріп, келешекте дұрыс маман таңдауына еш кедергі болмайды. 
Жоба әдісін оқу тәжірибесіне енгізу мақсаттары: 
 Әр жеке студенттің немесе студенттер тобының мектеп қабырғасында игерген зерттеу тәжірибелерін 
көрсете білу; 
 Зерттеу  пәніне  деген  қызығушылық  танытып,  сол  пән  бойынша  білімін  әрі  қарай  жетілдіріп, 
толықтырып,  нәтижесінде  алған  білімдерін  жоба  технологиясы  арқылы  белгілі  аудиторияға,  ортаға 
жеткізу; 
 Жоба әдісін қолдану шетел тілдерін меңгеруге деген студенттердің, ұмтылысын арттырады  
Бірігіп  жұмыс  жасау  ұжымды  жақындастырады,  студенттердің  өзара  қатысы,  бірін-бірі  түсінуі 
артады.Тек  өз  қызметін  емес  бүкіл  топтың  жұмысына  деген  жауапкершілік  артады.  Әрбір  студент  өзі 
бастаған  жұмысының  толық  нәтижесін  көрсету  үшін  оны  жақсы  аяқтауға  тырысады.  Бұндай  оқыту 
түрлері  студенттерді  шығармашылық  ізденіске  дағдылануды,  ұжымда  жұмыс  жасауды  үйретеді. 
Студенттер  дәстүрлі  өткізілетін  сабақтарға  қарағанда,  оқытудың  жаңа  технологиясын  пайдаланған 
сабақтарға  көбірек  қызығып,  белсене  қатысады.  Жобалық  сабақтардың  дәстүрлі  сабақтардан  үлкен 
айырмашылығы  бар.  Жобалық  сабақты  дайындау,  студенттерден  де,  оқытушыдан  да  шығармашылық 
ізденісті  талап  етеді.  Қазіргі  әдіскерлеріміздің  міндеті  жастарға  тек  сапалы  білім    беріп  қана  қоймай, 
өзінше  ізденетін,  өзіне  лайықты  жұмысты  анықтай  білетін,  өмірден  өз  орнын  таба  алатын  адамды 
қалыптастыру,  қазіргі  дайындалған  мамандардың  сапасы  мен  болашағы  қоғамның  дамуымен  тығыз 
байланысты болғандықтан, дайындалып жатқан мамандарымыз нарықтық экономикалық бәсекелестікке 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
197 
төзе  білетін,  жеке  көзқарасы  бар,  өз  бетінше  ойлай  білетін  тұлғалары  болуы  керек.  Ал(жастарға) 
студенттерге  өз  бетінше  ойлауды  қалай  үйретуге  болады?  Ол  үшін  ең  бірінші  не  ойлау  керектігін 
үйретуден    бас  тартып,  қалай  үйрену    керектігін  үйрету  керек.  Бұл  үшін  бізге  жобалық  сабақтар 
көмектеседі.  Жобалық  сабақтарда  студенттер  белсенді  болады,  оқытушы  не  айтады  деп  күтіп  отырмай, 
өздері  іздейді,  зерттейді,  қорытындылайды  және  де  басқа  студенттермен  бірігіп  жұмыс  жасайды. 
Оқытушы дәстүрлі сабақтағыдай аудиторияда ақпарат беретін жалғыз адам болмай, осы жұмыстарды іске 
асыру  барысында  студенттерге  кеңес  беріп  көмектеседі,  яғни,  алға  қойған  мақсаттарға  жету  үшін 
оқытушы мен студент бірігіп жұмыс жасайды. 
Сонымен,  жобалық  сабақтар  дегеніміз  –  бұл  алдын  ала  жоспарланған,  алдына  қойған  мақсаты  бар 
сабақтың  ерекше  бір  түрі.  Оның  дәстүрлі  сабақтардан  теориялық  жағынан  да  айырмашылығы  бар. 
Жобалық  сабақтың  басы–бір  мәселе,  не  ерекше  ой,  пікір  болып  аяғы  презентациямен  аяқталады. 
Сабақтың  басында  ұсынылған  мәселені  шешу  үшін  оқытушы  мен  студенттер  бірігіп  жоспар  құрып 
жұмыс жасауда әдістерді таңдайды және де жоспарлау, жұмыстарды  орындау  барысында студенттердің 
өмір тәжірибесі, қазіргі өмір шындығы пайдаланылады, атап айтқанда: 
  студенттерге өз өмір тәжірибелерін, өз ойларын сабаққа пайдалануға мүмкіндік беріледі; 
  сабақтың бір бөлігін жүргізу студенттерге жүктеледі; 
  студенттер  өздері    мәліметтер  іздейді,  шешімдер  қабылдайды,  тапқан  материалдарын  өңдейді, 
құжаттандырады, жұмыстарының қорытындысымен басқа студенттерді топ алдына шығып таныстырады. 
«Жоба»  деген  сөздің  өзі  еуропа  тіліне  латын  тілінен  еніп  «алға  тасталған  ой, алға  шығып  сөйлеуші» 
деген мағынаны білдіреді. Өзі аты айтып тұрғандай  алға тасталған ой, яғни, біздің жағдайымызда ортаға 
студент↔оқытушы болып тақырып тасталады. Содан соң студенттер өз ойларын алға шығып айтады. 
Жобалық сабақтар әртүрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады: 
1. Дайындық кезеңі
а) негізгі тақырыпты түсіндіру,талдау, өз ойларын айту; 
ә) сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс жасау; 
б) қосымша материалдар енгізу. 
2. Тақырыпты бөлу
а) студенттерді кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыпшалар беру; 
ә) тақырыптарды талдау. 
3. Тақырыптарды нақтылау
а) сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рөлдерді, тапсырмаларды бөлу; 
Жобалық  сабаққа  дайындық  кезінде  жоспарды  басшылыққа  алған  жөн.  Бірақ  сабақ  жоспарынан 
ауытқуға болмайды. Себебі, жобалық сабақ барысында шығармашылық еркіндік болуы қажет. 
1.  Мәліметтерді жинау
а) түп нұсқадағы кітап, газет-журналдар, т.б. мәліметтер; 
ә) теле–радио хабарларындағы мәліметтер; 
б) белгілі бір жерде зерттеуден алынған мәліметтер; 
в) көшеде алынған сұхбат мәліметтер; 
г) фото-сурет. 
2.  Жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау 
а) реттеу,өңдеу презентацияға дұрыстап дайындау; 
ә) плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме жасау, брошюра жасау. 
3.  Презентация: 
а)әрбір кіші топ өз презентацияларын басқа топтардың алдында түсіндіреді, көрсетеді; 
ә) әр жұмыстың нәтижесін брошюра, плакаттар  түрінде дайындау; 
б) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра көмегімен ауызша айтып беру; 
в) қысқаша жұмыс жоспармен, іс барысымен таныстыру, пікір талас, пікір сайыс. 
Мұндай  жобалық  сабақтарды  бір  күнде  өткізе  салу  мүмкін  емес.  Дәстүрлі  сабақтарға  үйренген 
студенттер  бір  күнде  жобалық  сабаққа  ауыса  алмайды.  Жобалы  сабақтар  дайындап  өткізу  үшін  ең 
алдымен студенттерді төмендегі дағдыларға үйрету қажет: 
 Топтарда жұппен жұмыс жасауға; 
 Жұмыс кезінде бірін-бірі қолдап, көмектесуге; 
 Басқалардың жетістіктерін бағалауға; 
 Бір-бірімен тіл табысып жұмыс істеуге үйрету қажет. 
Жобалық  сабақтар–бірнеше  сабақтарға  созылатын  ұзақ  әрекет  деп  ойлауға  болмайды.  Сабақтардың 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
198 
ұзақтығы  әр  түрлі,  ол  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  болуы  мүмкін.  Олардың  кейбіреулері  бірнеше 
айларға созылады, кейбіреулерін мақсатына қарай бір күнде ұйымдастыруға болады. 
Жобалық  сабақтарды  өткізер  алдында  оқытушы  ұсыныс  жасайды,  студенттердің  инициативасын 
қолдайды,  қажетті  ақпарат  көзін  қайдан  алуға  болатыны  жайлы  кеңес  береді,  сабақтың  құрылымын 
анықтауға  көмектеседі.  Оқытушы  рөлі  өзгереді.  Яғни,бұрын  барлық  сұрақтарға  жауап  беруші  басшы, 
үйретуші  ретінде  болса,  ал  жобалық  сабақтар  барысында  керекті әдістерді,  мақсатқа  жетудің  жолдарын 
көрсетуші кеңесші ретінде болады. 
А.С.Комаров  «оқыту  кезінде  бас,жүрек,қол»  бірге  жұмыс  жасауы  қажет  деген.  Осы  жоба  сабағында 
ұлы педагогтың айтып кеткен қағидалары пайдаланылады. Яғни, студент алдында шешімді талап ететін 
мәселені  басымен  ойлап,  жүрекпен  түсініп,  қолымен  жүзеге  асырады  [32;12]  Нашар  оқитын  студенттер 
бір  нәрсені  дұрыс  айтпай  қалармын  деген  қорқыныштан  арылып,  сабаққа  белсене  қатыса  алады. 
Студенттерге сабақтың кезеңдері–презентация кезінде өз  еңбектерінің нәтижелі болуын қалайды. Қытай 
мақалында «мен естігенімді ұмытамын, мен көргенімді еске сақтаймын, мен қолмен істегенімді түсінем» - 
деп айтылғандай, студенттер өздері  дайындаған, өздері жүргізген  сабақтары, өздері тапқан мәліметтерді 
естеріне жақсы сақтайды. 
Көптеген  ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып,  жобалық  сабақтарға  төмендегідей  сипаттамалар 
беруге болады: 
1.Студенттер мен оқытушылардың бірігіп жұмыс жасауы; 
2.Топпен жұмыс істеу (жұппен жұмыс істеу); 
3.Студенттердің белсенділігі; 
4. Басқа мекемелермен, ұйымдармен, мамандармен бірге жұмыс жасайды; 
5. Сабақ үстінде де,сабақтан кейін де жұмыс жасала береді; 
6. Студенттердің шешім қабылдауға құқығы бар; 
7.Сабақ зерттеулерге, шығармашылықтарға бағытталған; 
8. Білім алу студенттердің өз іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады; 
9. Өз қателерін өздері түзету арқылы үйренеді; 
10.Сабақта теория мен практика ұштастырылады; 
11. Жиналған материалдар сабақтың соңы қандай болатынын анықтайды; 
12. Студенттер дербес, өз бетінше жұмыс жасайды; 
13.Оқытушының рөлі тексерушіден кеңесшіге өзгереді; 
14.Сабақтың соңы – презентациямен аяқталады, яғни ақырғы нәтижесін көрсетеді[33;148] 
Жобалық сабақты дайындар кезінде төмендегідей әдістерді пайдалануға болады: 
  Сұрау жүргізу; 
  Сұхбат алу; 
  Кітапханалардан мәліметтер іздеу; 
  Әр түрлі мекемелермен байланысу; 
  Мәліметтерді интернеттен іздеу ; 
  Эксперементтер жүргізу; 
  Мамандармен әңгімелесу; 
  Мәліметтер сұрастыру (салыстыру) 
Студенттер  тақырып  бойынша  табысты  жұмыс  жасауы  үшін  төмендегідей  дағдыларға  машықтану 
қажет:  жоспарлау,  пікірталас,  таңдау,  пікірлесу,  дәлелдеу,  шешім  қабылдау,  бірлесіп  істеу,  зерттеу, 
іздестіру,ойлап шығару, безендіру, бақылау, қорытынды жасау, құжаттандыру. 
Презентацияға  материалдарды  төмендегідей  дайындауға  болады:  брошюралар  дайындау,  плакаттар 
дайындау,  коллаждар  желімдеу,  кестелер,  карталар,перфокарталар,  эмблемалар,  газет-журналдар, 
үндеулер  шығару,  викториналар,  фото  викториналар  дайындау,  көрмелер  дайындау,  мақала  жазу, 
репортаж жасау, хат жазу, видиофильмдер түсіру, реферат жазу, баяндама жазу. 
Заманауи білім беру  орнын түбегейлі қайта құрудың орталық идеясы және  соңғы жылдар білім беру 
саласындағы  толып  жатқан  қайта  құру  бағдарламалары  мен  тұжырымдамалар  білім  берудегі  дәстүрлі 
сәсілдерді  қайта  қарау  болып  табылады,  студент  тұлғасын,  оның  шығармашылық  қабілетін  дамытуды, 
өздігінен ойлай алуын және жеке жауапкершілік сезімін дайын білім, білік пен дағдыны меңгерту арқылы 
оқытуға  бағдарлау.  Бұл  оқу  үдерісіне  инновациялық  технологияларды  енгізу  қажеттігін  талап  етеді, 
оқыту мақсатының басымдықтарын ауыстыра алатын еді. 
1. Шетел тілін үйренуде тұрақты қызығушылық тудыруды қалыптастыру мәселесі табысты шешіледі, 
егер оның негізіне шетел тіліндегі қарым-қатынас сұранысын қалыптастыру жатса, ол өз кезегінде, белгілі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
199 
бір  тілдік  ортаның  болуына  байланысты.  Алайда  қатысымдық  міндеттерді  шешу  үшін  сабақты  шартты 
сөйлеу  немесе  сөйлеу  жаттығуларымен  толтырып  тастау  жеткіліксіз.  Ең  маңыздысы  сол  студенттерге 
нақты  өміршең  мәселелерді  шешу  мүмкіндігі  берген  дұрыс,  сонда  ол  ой  туғызар  еді,  студенттер  өз 
айтылысының  мазмұнына  мән  беріп,  ал  тіл  өзінің  тура  қызметі  –  осы  ойды  қалыптастыру  қызметін 
атқарар еді. 
2. Нақты мәдениаралық қатынас жағдайында оқылатын тілді пайдалануға арналған талаптарды жасау 
мәселесін  шешуге,  ойлау  механизмдерін  қалыптастыру  мен  дамытуға  қабілетті  инновациялық 
технологиялардың  бірі  –  жобалау  әдісі  болып  табылады,  оның  негізіне  нәтижеге  бағытталған  оқу-
танымдық қызмет туралы идея салынған, оған қол жеткізу үшін студент қандай да бір өзі үшін маңызды 
практикалық  және  теоретикалық  мәселені  шешуі  тиіс.  Жобалау  әдістемесінің  мәселелік  аспектісі 
студенттердің ойын шыңдайды, қоршаған әлемді шетел тілі арқылы таниды. 
3.Жобалау  әдісін  дәрістік  сабақ  жүйесіне  ықпалдастыру  стандарт  белгілеген  оқу  мазмұнына  тимей, 
сабақ кестесіне  еш өзгеріс  енгізбестен  бағдарламалық материалды аса терең зерттеуге мүмкіндік береді, 
өйткені жоба жұмысының мазмұны дайын мәтіндерді үйренуге  емес, студенттерге түсінікті және нақты 
өмірден  алынған  өзекті  мәселелерді  талқылауға  арналған.  Сонымен  қатар,  оқу  үдерісі  зерттелетін  пән 
логикасына  емес,  оқу  әрекеті  логикасына  құрылған,  ол  оқу  талаптарын  нақты  әлеммен  қарым-қатынас 
талаптарына жақындатуға септігін тигізеді. 
4.  Студенттердің  жас  ерекшелігін  зерттеу  жобалау  әдісі  осы  жастағылардың  психологиялық-
педагогикалық ерекшелігіне қатысты екенін көрсетті. 
5.Жобалау  жұмысын  табысты  ұйымдастыру  осыған  орай  студенттердің  көптеген  дағдылар  мен 
біліктерді  меңгеру  деңгейіне  байланысты,  пропедевтикалық  кезеңді  жүргізу,  онда  студенттерді  жобаны 
орындауға  байланысты  арнайы  әзірленген  тапсырмалар  мен  ескертпелермен,  технологияларымен 
таныстырды;  студенттерге  жаңа  технология  ілімінің  өзгешелігін  сезінуге  жағдай  жасайды,  оларға 
психологиялық қолайлылық туғызады. 
 
1. Кунанбаева С.С. современное иноязычное образование: методология и теории. Алматы, 2005, стр 262 
2. Кунанбаева С.С.,Нургалиева Г.К., Абсеметова Ш.А., Таншигулова А.И. Обучение английскому языку в процессе 
информотизации социально-гуманитарного цикла профессионального образование.Алматы -1999, стр.262. 
3. Халеева И.И. Некоторые проблемы межкультурной коммуникации на основе коммуникативного подхода. И.-
1991,стр.28. 
4.  Рогова  Г.В.,Рабинович  Ф.М.,  Сахарова  Т.Е.  «Методика  обучения  иностранному  языку  в  средней  школе» 
Москва:Просвещение,1991,стр 82 
5. Леоньтев А.А. Язык,речь и речевая деятельность. Москва, «Наука» 1974, стр.27. 
6.  Гальскова  Н.Д.,  Гез  Н.И.  Теория  обучения  иностранным  языкам  лингводидактика  и  методика  2-ое  издание. 
Москва,2005,стр 156. 
7.  Гальскова  Н.Д.  Межкультурное  общение:  проблема  целей  и  содержания  обучения  иностранным  языкам// 
Иностранные языки в школе 2004,№1,стр 96. 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК 
ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Н.У. Сайбекова – Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының аға оқытушысы Абай ат. ҚазҰПУ 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  воспитание  нравственного  и  патриотичного  характера.  Автор  анализирует  и  рассма-
тривает пути формирования патриотичного и нравственного воспитание приведя  конкретные примеры, например, 
самые  простые  принципы  нравственного  воспитания,  важные  педагогические  задачи  нравственного    воспитания, 
взаимосвязанность  семьи  и  педагога  в  воспитании  ребенка,  развитие  ребенка,  особенности  характерный  процессу 
воспитания,  роль  патриотичного    воспитания  в  воспитании  ребенка,  роль  гуманизма  в  воспитании  ребенка,  роль 
родителей в воспитании ребенка. 
                                                   
Summary 
Education  of  moral  and  patriotic  character  is  considered  in  this  article.  An  author  analyzes  and  considers  the  ways  of 
formation  of    patriotic  and  moral  education  giving  concrete  examples,  for  example,  some  simple  principles  of  moral 
upbringing, important pedagogical  objectives of  moral education, mutual relation of family and teacher in upbringing of the 
child, the development of  the child, peculiarities  characteristic to  the process of  upbringing, the role of patriotic upbringing 
in educating the child, the role of humanism in educating the child, the role of  parents in educating the child.   
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
200 
Әл-Фараби  бабамыз:  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  беру  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  - 
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген екен. Расында да солай. Өйткені 
ғылымға бет бұрған, соған барынша назар аударып, тәрбиені заңмен реттеуге тырысқан көптеген дамыған 
мемлекеттер  ел  болашағы  саналатын  жастардың  тіршілігіне  алаңдаушылық  білдіріп,  мазасыз  күй  кеше 
бастады.  Олардың  жанында  ғасырлар  бойы  атадан-балаға  дарыған  тәлім-тәрбиесі  ұрпақты  тек 
жақсылыққа    тәрбиелейтін  қасиеттер  қазақты  замана  аласапыранынан  сақтап  келеді.  Болашақта  да 
тағдырымыздың  тәлкекке  түсіп,  талбесігіміз  шайқалмауы  үшін  осы  салада  қыруар  шаруаны  іске  асыру 
қажет.  Осы  орайда  еліміздегі  мектепке  дейінгі  білім  ордаларының  алар  орны  ерекше.  Оған    қоса    сол  
білім  ордаларында  білім  беретін  мұғалімдер  де  бұл  жұмысқа, яғни  жас  жеткіншектердің   біліммен  
қоса    тәрбиелі    болып    шығуына     атсалысу    керек.  Патриоттық    тәрбие        жас   ұрпаққа      тәрбиемен  
берілетіндігін      барлығымыз    да    жақсы    білеміз.  Егер,  жас    кезімізде    не    ексек,  өскенде    соны  
оратындығымызды   ұмытпауымыз   қажет.Әрбір  Қазақстанда  тұратын  азамат   осыны  жан  жүрегімен  
түсініп, атсалыса  білсе, онда   жас  ұрпақты  тәрбиелеу  барысында   кездесетін   барша   қиындықтарға   
төтеп   бере  алатындығымыз  айқын   екендігін  баса  айтқым  келеді. 
Сонымен    қатар,  тәрбиелеу      ісінде    тек      жалаң      тәрбиелеуге      ғана      назар    аударып      қоймай, 
тәжірибелерге      сүйене    отырып,  жан-жақты      ата-аналармен,  сыныппен,  топпен      біріккен      қарым-
қатынаста     үйлесімді      әрі    түсінікті     жағдайға    қол     жеткізген    жағдайда    ғана    тәрбие    жемісті    әрі  
сапалы   және  нәтижелі   болады  деп  ойлаймын. Тәрбие  беру  мақсатында  тәрбиеге   қатысты  барлық  
әдіс, құралдарды, тіпті   педагогикамен    психологияны   ұштастыра  отырып, бөле-жара  қарамай, әрбір  
жас  жеткіншектің  санасына   осындай  жолдармен   патриоттық   тәрбиені   біртіндеп   енгізе   отырып  
қол      жеткізуге    болатындығын    айта   кеткім    келеді.  Сонымен    қоса,  «Бала    тәрбиесі    бесіктен»    деген  
мақал  да үнемі   ойымызда  болу  қажет  деп   ойлаймын.Әрбір  мұғалім, әрбір   оқытушы, әрбір  атаана  
жас    жеткіншектер    үшін      жауапты     және    тәрбиелеу    барысында    кемшіліктерге      жол    беріп    алмай, 
дұрыс    бағытқа    бағыттай    тәрбиелей    білу    әрқайсысының    алдында      тұрған    міндет,  яғни    басты   
міндеттердің      бірі      десек    те    болады.  Әрбір    жас    жеткіншекті    жақсы    көре    отырып,  оған      өмірге  
қажетті   біліммен  қоса   тәрбиені   ұштастыра  бере  білу   алдағы  барлығымыздың, әсіресе, білім беретін   
біздердің   алдымызда  тұрған   жауапты  да   мұқият  қарайтын   міндет, яғни  сол  міндетті  атқаруда  
атүсті,  үстірт    қарамайық      дегім    келеді.Әрқайсымыз    соған    жауапкершілікпен,  үлкен    үмітпен    қарай   
білсек, онда   нұр  үстіне  нұр  болар  еді. 
Тәрбие  қоғамдық  талаптарға  сәйкес  болуы  міндетті.  Егер  қоғам  құқықтық  демократиялық  мемлекет 
құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары 
рухында  жүріп  жатуы  қажетті.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  қалыптастырудың  маңыздылығын 
ескерумен  бірге  әлеуметтік  ортаның  кездейсоқ  та,  мақсатты  бағытта  да  әсер,  ықпал  жасайтынын  естен 
шығармаған жөн. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:  
әлеуметтік  мағынада  –  бұл  аға  буын  жинақтаған  тәжірибені  жас  ұрпақ  өкілдеріне  өткізу.  Тәжірибе 
дегеніміз  –  адамзаттың  өз  тарихи  даму  барысында  жасаған  рухани  мұрасы,  дәлірек  айтсақ  :  адамдарға 
белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.  
педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, 
тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.  
Қазіргі  заман  тәрбиесі  гуманистік  негізде  болып,  тұлғаның  әлеуметтік-мәдени  (өмір  және  әрекет-
қылық  кейпін  таңдау  және  іске  асыру),  даралықты  (тұлғаның  өзіндік  қалыптасуы),  жауапкершілікті 
қатынас  (құндылықтар  таңдау)  бағыттарында  дамуына  орайласады.  Мұндай  тәрбие  технологиялық 
икемшілдігіменен  (адамның  қабылдау  және  психологиялық  даму  заңдылықтарына  сай  орындалады), 
көңіл-күйге  сәйкестігімен  (көңіл-күй  тәжірибесін  қалыптастырады),  сұхбаттастығымен  (екінші  біреуге 
ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы 
– тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.  
Сонымен,  тәрбие  –  бұл  жалпы,  ортақ  міндеттерді  іске  асыру  барысында  мұғалім  мен  оқушының 
ықпалдасты  әрекеттерін  қамтамасыз  етуші  арнайы  ұйымдастырылған  тәрбиелік  жүйе  жағдайында 
мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:  
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі);  
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);  
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);  
-  көп  жағдаяттылығы  (тұлға  көп  әрі  сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да  ықпалдарға  кезігеді.  Тәрбие 
барысында  олар  реттеледі.  Тараптардың  тұлғаға  болған  ықпалы  өзара  сәйкес  келсе,  тәрбие  нәтижесі 
тиімді болады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
201 
-  ауыспалылығы  (тәрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  және  кездейсоқ  әсерлерге  бірдей  кезігіп 
отырады).  
-  үздіксіздігі  (ешқандай  науқанды,  бір  мәртелік  шара  қаншама  жарқын  болмасын,  аса 
ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);  
- кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұн, форма және әдістерінің бірлігі);  
-  баламалылығы  (тәрбиеленушілер  даралық  ерекшеліктері  және  әлеуметтік  тәжірибесінің  әр 
түрлілігімен ажыратылады. Тәрбие процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде 
де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);  
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім);  
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;  
-  тәрбиеші  тұлғасы  –  тәрбие  барысына  ықпалды  маңызды  жағдаят  (тәрбие  процесінің  өнімді 
болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе 
білу қабілеті);  
- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).  
     Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам 
биологиялық түр және  әлеуметтік тіршілік иесі  болып жетіледі.  Адамның биологиялық сипаты өз ішіне 
морфологиялық,  биохимиялық,  физиологиялық  өзгерістерді  қамтыған  тән-  дене  дамуынан  көрінеді.  Ал, 
әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интеллектуалды кемелденуінен байқалады.  
     Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті 
болса,  онда  ол  адам  тұлға  деп  аталады.  Адам  тұлға  болып  туылмайды,  ол  қасиеттік  дәреже  даму 
барысында  қалыптасады.  “Адам”  ұғымынан  өзгеше  “тұлға”  түсінігі  –  адамның  қоғамдық  қатынастар, 
басқа  адамдармен  араласу  ықпалында  қалыптасқан  әлеуметтік  сапа-қасиеттерін  білдіреді.  Тұлға  ретінде 
әрбір  адам  әлеуметтік  жүйеде  мақсат  бағдарлы  және  ойластырылған  тәрбие  барысында  қалыптасады. 
Әрбір  тұлға,  бір  жағынан,  қоғамдық  тәжірибені  игеру  деңгейімен,  екінші  жағынан,  материалдық  және 
рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне 
табиғаттан  берілген  және  өмір  мен  тәрбие  желісінде  қалыптасқан  ішкі  қасиеттерін  нақты  практикалық 
қызметте аша білуі шарт [1].   
Адам  дамуы  –  бұл  өте  күрделі,  ұзақ  мерзімді  және  қарама-қайшылықты  процесс.  Біздің  ағзамызда 
болып  жатқан  өзгерістер  өмір  бойына  ұласады.  Ал  адамның  тән-дене  болмысы  мен  рухани  дүниесі, 
әсіресе,  балалық  және  жас  өспірімдік  шақта  қарқынды  ауысуларға  кезігеді.  Адамның  дамуы  сандық 
өзгерістердің  қарапайым  жиынтығы  немесе  төменннен  жоғарыға  бағытталған  ілгерілі  қозғалыс  тобы 
емес, бұл процестің өзіне тән  ерекшелігі – сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық және 
рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. 
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды 
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туылған кезінен басталуы керек. 
Халықта «Ағаш түзу өсу  үшін  оған көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал үлкен  ағаш болғанда  оны 
түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған. Сондықтан,  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік, 
қайырымдылық, яғни, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы 
мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. 
Адамгершілік  тәрбиесі  дегеніміз  -  адамның  моральдық  қасиетін  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 
қалыптастыру.  Ол  халықтың  тілімен,  әдебиетімен,  тарихымен  біте  қайнасып,  ұрпақтан  –  ұрпаққа 
жалғасып келе жатқан қастерлі мұра. Жас ұрпақтың бойында адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан 
–  жақты  дамыған,  мейірбан,  қамқор,  белсенді,  ата  –  даңқын  жалғайтын,  қыран  құстай  самғайтын  рухы 
асқақ азамат тәрбиелеу.  
Адамгершілік  тәрбиесі  –  адамның  санасы,  адамгершілік  сезімі,  арұяты,  адамгершілік  еркі,  қоғамдық 
бағалы  қасиеттерінің  бір-бірімен  байланысты  тұтас  адамгершілікті  тұлғаны  тәрбиелеу  болып  табылады 
[2].   
Адамгершілік  тәрбие  дегеніміз  –  мақсатты  және  жүйелі  түрде  тәрбиеленушінің  санасына,  сезіміне 
және тәртібіне қоғамдық тәртіп талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.  
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады десек те, отбасы – ұрпақ тәрбиелеудегі 
негізгі  институттардың  бірі.  Баланың  өмірге  құштарлығының  оянуы,  адамгершілік  қасиеттерінің 
қалыптасып  дамуы  қоршаған  ортасына,  қоғамға,  ата  –  анаға,  олардың  іс  –  әрекеті  мен  тәрбиесіне 
байланысты екені сөзсіз. Менің ойымша адамгершіліктің қарапайым қағидаларына: ата -анасын сыйлау, 
құрметтеу, үлкенді сыйлау, Отанын, дінін, ділін сатпау, сәлемдесу, кішіге көмектесу, мейірімді болу, т.б. 
жатады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
202 
Гуманизм  –  латын  сөзі,  баламасы  адамгершілік,  яғни  дүниетаным  принципі.  Ол  адамды  барынша 
ардақтайтын,  адамгершілік  қасиетін,  бас  бостандығын  қорғайтын  біртұтас  көзқарастар  жүйесі. 
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері мынадай: 
белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру; 
қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу; 
сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету; 
адамгершілік нормаларының ауытқуына жол бермеу [3]. 
Адамгершіліктің  негізі  мінез  –  құлық  нормалары  мен  ережелерінен  тұрады.  Олар  адамдардың  іс  – 
қылықтарынан,  мінез  –  құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара  қарым  –  қатынастарды  басқарады. 
Отанға деген  сүйіспеншілік,  қоғам игілігі  үшін  адам  еңбек  ету,  өзара  көмек,  сондай  –  ақ 
қоғамға тән адамгершіліктің  өзге  де формалары, бұл  –  сананың,  сезімдердің,  мінез  –  құлық  пен  өзара 
қарым – қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде  қоғамымыздың қоғамдық – экономикалық 
құндылықтары жатады.  
Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуірі-
не жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. 
Ол тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен  сапалары,  қарым  –  қатынастарында  қалыптасады. 
Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез – құлқы, іс – 
әрекеті, қарым – қатынасы, көзқарасымен сипатталады. 
Олар  адамды  құрметтеу,  оған сену,  әдептілік,  кішіпейілдік,  қайырымдылық,  жанашырлық,  ізеттілік, 
инабаттылық,  қарапайымдылық  т.  б.  Адамгершілік  –  ең  жоғары  құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның 
қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. 
Адамгершілік  –  адамның  рухани  арқауы.  Ал,  моральдық  жағынан  кіршіксіз  таза  болу  дегеніміз  – 
адамгершіліктің  асқар  шыңы.  Адам  баласы  қоғамда  өзінің  жақсы  адамгершілік  қасиеттерімен 
ардақталады. Адамгершілік  қасиетінің негізі имандылық пен ізеттілікте.  Ол әрбір  отбасынан басталады. 
Осыны  жадында  тұтқан  қазақ  халқы  жастарды  кішіпейілдікке,  ізеттілікке,  инабаттылыққа  тәрбиелеуді 
бірінші міндет деп санаған. Адамгершілік тәрбиесіндегі ең басты буын адамгершіліктің асыл қасиеттеріне 
баулу болып табылады.  
 
 
1. www.topreferat.com. 
2. Нышанбаев Ә., Әбжанов, «Ой, ақыл, адамгершілік», Алматы: «Білім», 1994 жыл, 28 бет. 
3. Төлеубекова Р. “Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика”, Алматы, 1994 жыл,157бет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет