ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТ ӨРІСТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Ж.Х. Тубитбаева – 6M011000 Физика 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент А.Файзуллаев
Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Аннотация: Мақалада электр және магнит өрістерін оқытудың дидактикалық принциптерін жүзеге асыру
мүмкіндіктері қарастырылған.
Түйін сөздер: электр және магнетизм, Максвелл теориясы, дидактикалық принциптер, электромагниттік
құбылыстар, оқыту.
Резюме
В статье рассматривается применение дидактических принципов при обучении электрических и магнитных
полей, а также применимость дидактических основ изучения к теории Максвелла в процессах взаимного
превращения Электрических и Магнитных полей. При этом подчеркивается, что особое место среди дидактических
принципов занимает принцип наглядности в изучении физики. Это объясняется значимостью процессов восприятия,
анализа и обобщения материалов обучающимися.
Summary
The article discusses the use of didactic principles in teaching electric and magnetic fields, as well as the applicability to
the study of teaching the basics of Maxwell's theory in the process of mutual transformation of electric and magnetic.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
47
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің даму жолын айқындайтын «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалып-
тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Жаңа технологиялық толқын
жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете
түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн» - деп
жоғары білімді ұлт қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті мемлекет құру міндетін алға қойды.
Сәйкесінше, білім берудің де болашақтағы стратегиялық бағыттары мен даму мақсат-міндеттері
негізінде білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінің алдына оқыту үдерісінің негізгі мәселесін қойып
отыр. Сондықтан еліміздегі физикадан білім беру қазіргі индустриялық және ақпараттық қоғамның
талаптарын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Бұл бағытта тұрақты ізденістер арқылы ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды белсенді түрде пайдалана алатындай білім берудің әдістемелік жүйе-
сіне жаңа өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Қазіргі таңда физика саласында білім беру үдерісін ақпараттандыруда басты элемент ақпараттық
технологиялардың құралдарымен жабдықталған ақпараттық ресурстарды меңгертуге негізделген жоғары
білім беру жүйесін құру болып табылады.
Қазіргі кезде инновациялық технологиялардың дамуы жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайға қарай бейімделіп келеді. Мұнда, қоғамдағы жаңа ақпараттық құбылыстар мен жайттар, сонымен
бірге ақпараттық қажеттілікпен айқындалады. Сонымен бірге бұл бағыттағы зерттеулердің деңгейі, білім,
ғылым, өндіріс болашағының қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Еліміздің экономикасы мен
дамуының негізі болған техникалық білім беру саласының негізі болған физика ғылымы бойынша білім
беру зерттеулерін ұйымдастыру болып отыр.
Білім беру саласын ақпараттандыру оқыту үдерісін ақпараттандыру үдерістерімен бірге жүретіні
белгілі. Сондықтан инновациялық технологиялардың, мультимедия құралдарының кең таралуы заман
талабына сай білім беру үдерісін жасап, жүзеге асыра отырып, білім алушылардың тұлғалық, адамгер-
шілік, ұлтжандылық ұстанымдарына басымдық береді. Оқу үдерісін жаңа деңгейге көтере алады. Сол
секілді физика пәнінде электромагниттік құбылыстарды оқыту негізгі мәселе болып отыр.
Фарадейдің қосқан негізгі жаңалығы ретінде электромагниттік құбылыстар физикасына Ньютонның
алыстан әсер ету теориясынан бас тарту мүмкіндігі болатын, сондай-ақ кеңістікті күш сызықтарымен
толтырып тұратын өріс ұғымын енгізуі шын мәнінде электромагниттік құбылыстарды зерттеуге қомақты
үлесін қосты. Тарихтан белгілі болғандай Г.Галилейдің негізгі идеялары да И.Ньютонның математикалық
шеберлігі мен ерекше физикалық интуициясы арқылы дамытқаны белгілі болды.
1860-1865 жылдары Максвелл электр, магнит өрістері туралы Фарадейдің идеялары негізінде және
көптеген тәжірибелер нәтижелерін қорыта келе, зарядтар мен токтар жүйесі туғызатын электромагниттік
өріс теориясын жасады.
Электромагниттік өріс теориясын сипаттайтын теңдеулер жүйесін талдай отырып, Максвелл электро-
магниттік өріс кеңістікте электромагниттік толқын түрінде тарай алады деген теориялық болжам жасады.
Максвелл теориясының негізінде жұлдыздар мен планеталарда, сондай-ақ микро дүниедегі, атомдар
ішінде өтетін сан алуан құбылыстарды сипаттау мүмкін болды.
Максвелл теориясы ортаның ішінде өтіп жатқан, әрі электр және магнит өрістерін туғызушы ішкі
механизм құбылыстарын қарастырмайды. Электромагниттік өріс теориясының негізін Максвелл теңдеу-
лері деп аталатын теңдеулер жүйесі құрайды.
Электр зарядын қоршаған ортада белгілі бір физикалық қасиеттері бар электростатикалық өріс
болатыны сияқты, токтарды қоршаған ортада да магнит өрісі деп аталатын өрістің ерекше түрі пайда
болады. Электростатикалық өрістің бар-жоғы оған әкелінген зарядталған денелерге әсер етуші күш
арқылы білінеді. Магнит өрісі, осы өріске әкелінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы байқала-
ды. Мысалы, бірдей бағытта ток жүріп жатқан параллель екі өткізгіш өзара тартылады. Мұны біз былай
деп түсіндіреміз: токтардың әрқайсысы өзін қоршаған ортада магнит өрісін тудырады да, ол өріс екінші
токқа әсер етеді.
Физиканы оқытудың ғылымилық принципі жайлы айтар болсақ ток жүріп тұрған өткізгіштің
формасына, оның орналасуына және ондағы токтың бағытына байланысты магнит өрісінің токқа әсері
әрқилы болады. Сондықтан магнит өрісін сипаттау үшін оның тек белгілі бір токқа әсерін қарастырамыз.
Өткізгіштер бос кеңістікте орналасқан деп есептейік.
Электростатикада біз электростатикалық өрістің қасиеттерін зерттеу үшін нүктелік зарядты, яғни
өрісті тудырып зарядтардың қашықтығымен салыстырғанда, өлшемдері өте кіші денеде түйіршіктелген
зарядты пайдаланамыз.
Физиканы оқытудағы дидактикалық принциптердің ішіндегі физиканы оқытудағы көрнекілік прин-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
48
ципі, ол оқушылардың материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу
барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функцияларды орындайды. Физиканы оқыту
практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал-жабдықтар жасауды қажет етеді
(геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микро-
калькуляторлар және т.б.).
Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне
қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, геометриялық оптика тарауының алғашқы сабақтарында
фигуралардың әр түрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек олардың кеңістік
қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни оптиканы үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстракты-
лық көрнекілікке» (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруі тиіс.
Физиканы оқытудағы саналылық және белсенділік принципі, жүйелілік және реттілік принципі,
түсініктілік принципін қолданудағы техникалық құралдардың ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның
ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үдерісінде уақытты тиімді
пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты
қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы
оқылатын құбылыстар мен үдерістерге тереңірек бойлай аламыз. Ақпараттық технология мен оқытудың
техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес
құбылыстарды көрсете аламыз.
Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен
оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютермен оқыту оқушыларға
оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын
арттырады, оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды
көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді, оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын
түсіндіру мүмкіндігін арттырады, оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра
отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады, мұғалімдерді техникалық
жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай
жасайды, мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары оқытудың экрандық құрал-
дары, дыбыстық құралдары, экрандық-дыбыстық құралдары жиі қолданылады. Сондай-ақ компьютерлік
техника (ақпараттық және коммуникациялық технология құралдары) оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен
артықшылықтары, қолдану мүмкіндігі де кеңірек болып отыр.
Электр өрісі электромагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр зарядының айналасында немесе бір
уақыт ішіндегі магнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр өрісінің магнит өрісінен өзге-
шелігі – ол қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Электр өрісінің бар екендігін
оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға болады. Электр өрісінің кернеулігі –
электр өрісінің сандық сипаттамасы болып табылады.
Магнит өрісі қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың
қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В)
сипатталады. Магниттік индукция векторының мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына
және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. «Магнит өрісі» терминін 1845 ж.
ағылшын физигі М.Фарадей енгізген. Ол электрлік өзара әсер сияқты магниттік өзара әсер де бірыңғай
материялық өріс арқылы беріледі деп санаған. Электрмагниттік өрістің классикалық теория-
сын Дж.Максвелл жасаған (1873), ал кванттық теориясы ХХ ғасырдың 20-жылдары жасалды. Магнит
өрісінің көздері магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер.
Бұл көздердің табиғаты бір: магнит өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион),
сондай-ақ, микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының нәтижесінде пайда болады.
Айнымалы магнит өрісі электр өрісінің, ал электр өрісі магнит өрісінің уақыт бойынша өзгерісі
нәтижесінде пайда болады. Электр және магнит өрістері, олардың бір-бірімен өзара әсерлері Максвелл
теңдеуімен толық сипатталады. Өрістің күштік сипаттамасы – магнит өрісінің кернеулік (Н) пен
магнит индукциясы (В). Кернеулік векторы өріс пайда болған орта қасиетіне тәуелсіз шама болса,
индукция векторы қарастырылатын денедегі қорытқы өрісті сипаттайды. Сондай-ақ, индукция векторы
магнит өрісінде қозғалған зарядқа әсер ететін күшті, магнит моменті бар денеге магнит өрісінің тигізетін
әсерін, өріс тарапынан байқалатын басқа да әсерлерді анықтайды.
Электромагниттік өріс – электрлік және магниттік құбылыстардың материялық негізі болып
табылады. Бұл құбылыстарды түсіну үшін заряд, күш, өріс ұғымдарының арасындағы өзара байланысты
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
49
зерттеу керек. Электромагнитгік өріс өзара байланысты екі құраушы, электр жэне магнит компонент-
терінен тұрады. Осы компоненттерді яғни, құраушыларды сан жағынан сипаттайтын шамалар электр
өрісі кернеулігі Е мен магнит өрісінің индукциясы В. Бұл шамалар электромагниттік өрістегі зарядқа
(тыныштықтағы және қозғалыстағы) әсер ететін күштерді анықтайды. Ортаның электромагниттік өріске
әсерін ескеру үшін электр өрісінің ығысу векторы О және магнит өрісінің кернеулігі Н енгізіледі. Электр
өрісінің ығысу векторы О мен магнит өрісі индукциясы В электр және магнит өрістерінің кернеуліктері Е
және Н пен материялық қатынастар арқылы байланысқан. Жалпы алғанда электромагниттік өрісті электр
және магнит өрістерінен тұрады деп тек шартты түрде қарастыруға болады. Шынында, бір-біріне
параллель жылдамдықпен қозғалатын екі зарядты параллель токтар ретінде қарастырсақ, онда олардың
маңында магнит өрісі пайда болуы тиісті. Ал, осы зарядтың жылдамдығына тең жылдамдықпен
қозғалатын координаталар жүйесін қарастырсақ, онда қарастырылып отырған заряд тыныштықта болады.
Олай болса, бұл жүйеде ешқандай магнит өрісі болмайды. Сонымен бір координаталар жүйесінде электр
немесе магнит өрісі болса, екінші координаталар жүйесінде болмауы мүмкін. Бұдан электр өрісі және
магнит өрісі деген ұғымдар салыстырмалы, тек қана электромагниттік өріс деген ұғым пайда болады.
Сонымен қатар электромагниттік өріс заряд пен ток жоқ кезде де толқын түрінде де өздігінен өмір
сүре алатындығына көз жеткізуге болады. Электромагниттік өрісті күнделікті өмірде кездесетін
материяның түрлері сияқты массасы, импульсі және энергиясымен сипаттауға болады, олай болса, оны
материяның өмір сүруінің белгілі бір түрі деп есептеу керек.
1. Калашников С.Г. Электричество: Учебное пособие. - М.: Наука, 1985. - 592 с.
2. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм: Учебное пособие. - М.: Высшая школа, 1983. - 463 с.
3. Савельев И.В. Курс общей физики: Учебное пособие. В 3-х. Т.2.
4. Электричество и магнетизм. Волны. Оптика. - М.: Наука, 1988. - 496 с.
5. Трофимова Т.И. Физика курсы. – М.: Высшая школа, 2001.
6. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-
математика бағытына арналған оқулық/. - Алматы: Мектеп, 2012.
7. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық. - Алматы:
Мектеп, 2001.
ӘОЖ 378(574)(091):004
ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Н.Ысқақова – Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс магистранты
Аннотация
В статье рассматриваются особенности применения информационно-коммуникационных технологий в обучении
иностранному языку, повышение мотивации обучения, создание условий для самообразования и самореализации
студентов. Также приведен ряд интернет ресурсов, как основа для организации урока с применением ИКТ.
Summary
The article discusses the need for the use of ICT in language teaching. Also presents data on the benefits of ICT in the
classroom - improving learning motivation and to create conditions for self-education and self-realization of students.The
work also brings several references to the internet where English classroom may be organized with activities suggested there.
Key words: ICT, new technologies, internet, e-book, computer software, chat, youtube etc.
XXI ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының
арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді [1].
2005-2010 жылдарда білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламаның басым бағытының бірі – орта
білім беру жүйесін ақпараттандыру делінген. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа
компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі
электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар
арқылы іске асырылуда.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға
бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды
тиімді және комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту
болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
50
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, XXI ғасыр – ақпараттық технологиялар ғасыры, бүгінде ғылымның
әр саласын дамыту ақпараттық жаңа технологияларды игерумен тығыз байланысты.
Сол себепті қазіргі қоғам талабының бірі – ақпаратты меңгере алатын, жан-жақты білімді, жаңа білім-
ді игеруге қабілетті ұрпақ қалыптастыру болып табылады.
Әрине, ақпараттық коммуникациялық технологиялар шет тілін үйретуде барлық мәселенің шешуші
жолы деуге болмас, алайда бірізділікті жоюдың оңтайлы жолы деп білеміз. Ақпараттық коммуникация-
лық нақты білім беру жүйесі бойынша, біріншіден, білім берудің мазмұнын, екіншіден, ЖОО қызметін
ұйымдастырудан, үшіншіден, оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынастан, оқыту әдістерінен
көрініс табады.
Оларды шет тілін меңгертуде қолдану төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асады:
- студенттердіңтілді оқып-үйренуге деген қызығушылығын көтеру;
- оқытушы мен студенттің белсенді іс- әрекетін қалыптастыру;
- білімдерді жүйелеу;
- ақпаратпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру;
- дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
- ойлау жүйесін дамыту;
- қарым қатынас жасауға үйрету [2].
Ақпараттық технологияның басты ерекшелігі – бұл білім алушыға өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өзжұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен
қарауына жағдай туғызады. Ал шет тілін үйретуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкін-
дік туғызады. Ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту шет тілін үйретуде үлкен маңызға ие.
АКТ қазіргі таңда мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туғызып отыр. Мұғалім тек қана
білімді алып жеткізу ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі
және бағыт бағдар беруші болып отыр.
Ақпараттықкоммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге,
оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құрал-
дарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқу бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді
жетілдіруді көздейді. Мәселен, интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне
және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Интерактивті құралдарға интерактивті тақта, қалам, панел құрылғысы, планшет және тағы басқалар
жатады.
Интерактивті тақта – ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін компьютердің
қосымша құрылғыларының бірі. Ол сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,
қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал
болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдарды – презентациялар, мәтіндік, графикалық
ақпараттық обьектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз
етеді.
Интерактивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы
байланысты іске асырушы құрал болып есептелінеді.
Қазіргі ақпараттандыру дәуірінде студенттердің жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда
өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет ақпараттық
технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда Интернет көздерін
қолданудың маңызы зор.
Коммуникативтік және мәдениетаралық біліктілікке қарым-қатынас жасау тәжірибесінсіз қол жеткізу
мүмкін емес. Интернетті қолдану арқылы ғана әлемнің кез келген елімен, түрлі ұлт өкілдерімен, түрлі
мамандық иелерімен аутенттік қарым-қатынасжасай алуға қол жетеді.
Интернет арқылы оны қолданушылар электронды почта, телеконференция, видеоконференциялардан
мәліметтер алып, өзінің мақалаларын, еңбектерін жариялап, өзіне керегін Web-серверге жинап, анықтама
каталог жасап, іздеу (Alta Vista, Hot Bob,Open Text т.б.) және желідегі сөйлеу (Chat) жүйесіне ене алады.
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің оқытушысы Е.В. Сычаева өз тәжірибесі-
мен бөлісе келе Интернет желісін қолдана отырып, оқу үрдісін интеграциялап, шетел тілін оқытуда
бірнеше дидактикалық міндеттерді шешуге болатынын айтады:
а) оқушылар бойында Интернеттегі түрлі мәліметтерді қолдану арқылы оқуға қажетті білік, дағдылар
қалыптасады;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
51
ә) жүйеден алынған материалдар арқылы монологжәне диалог түріндегі сөз біліктілігін жетілдіруге
болады;
б) әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып шәкірттер рефераттар дайындауға, шығармалар
жазуға төселеді, яғни жазу шеберлігін ұштайды.
Әлемнің барлық үлкен газеттерінің Интернетте арнайы Web-беттері бар, сондай-ақ BBC ақпарат
агенттегі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне байланысты жаңалықтарды оқып қана қоймай,
тыңдауға да мүмкіндік бар.
Электрондық почтаны қолдану барысындабалалар өзара достық қарым-қатынас орнатып, шетел тілін
түрлі салада, түрлі деңгейде қолдануға жаттығады. Электронды почта кәдімгі почтаға қарағанда тез,
ыңғайлы және арзан. Электронды почтаны қолданудың шетел тілін үйренуде мынадай тиімді жақтары
бар:
1) электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы;
2) хат жазу арқылы оқушылар өз қателерін түзетуге дағдыланады;
3) e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырады.
Ал Интернет арқылы жер шарындағы басқа ел өкілдерімен біріккен жоба жұмыстарын орындау
кезінде шәкірттер сөз қорын байытып, өзге ел мәдениетін үйреніп, әлеуметтік және қоғамдық ерекшелік-
терді танып біледі, тілдік әдеби этикетке, түрлі халықтардың салт-дәстүрінің ерекшеліктерін біліп,
өздерін қызықтыратын мағлұматтарды ала алады.
Көптеген әдіскерлер Интернетті оқыту процесіне дәстүрлі оқыту құралдарын сақтай отырып ендіруді
ұсынады. Л.А. Подопригорованың айтуынша, шетел тілін оқытуда Интернетті қолдану өз алдына мақсат
болмауы керек, оның тілді үйретудегі орны мен рөлін дұрыс анықтауда мына сұрақтарға нақты жауап
болуы керек: кім үшін, не үшін, қашан және қандай көлемде? [3] О.Винярская бұл тізімді Интернет
арқылы қашықтықта оқу, әртүрлі байқауларға қатысу, тестілеуден өту, мәтіндік және дауысты чаттарға
қатысу сияқты мүмкіндіктермен толықтырады. Кейбір ғалымдар Интернетмүмкіндіктерімен қоса, Интер-
нет ресурстарымен жұмыс істеу формаларыда маңызды деп атап көрсетеді [4]. Мысалы, Н.М. Коптюг
Интернет-ресурстарымен жұмыс істеудің келесі формаларын белгілейді:
1. Интернет-ресурстарын жаңа тақырып өту барысында қолдану (қосымша материал таңдау);
2. Студенттердің (оқушылардың) Интернет-ресурстарымен баяндамалар, мағлұматтар дайындау
мақсатында өз бетімен жұмыс істеуі (іздестіру жүйелерін белсенді түрде пайдалану);
3. Халықаралық жобаларға қатысу (мақсатқа сәйкес жоба тақырыбын таңдау, т.б.);
4. Электрондық почта арқылы хат алмасу (бұл әрекетке дайындық белгілі техникалық даярлықты
талап етеді, яғни әр қолданушының «электрондық почтасы» болуы керек, т.б.);
5. Сайттар құру (бұл форма шетелде сәтті қолданылуда);
6. Оқытушымен әріптесінің қатынасуы, тәжірибе алмасуы [5].
Интернет желісі – шетел тілі мен мәдениеті жайлы үйретіліп отырған тілдегі ресурстың кең көзі.
Алайда, көптеген Интернет сайттардағы фактілік ақпараттар әрқашан тексерілген, сапалы, сенімді бола
бермейді. Интернет желісінде грамматикалық, орфографиялық және лексикалық қателері бар көптеген
шетел тіліндегі материалдарды кездестіруге болады. Сол себепті де алынатын ақпараттар мен көздерді
дұрыс бағалау өте маңызды.
Дидактикалық тұрғыдан Интернет желісі екі компоненттен тұрады: телекоммуникация формалары
және ақпараттық ресурстар. Ең кең таралған телекоммуникация формаларына (яғни Интернет – техноло-
гиялары арқылы қатысымға) электронды почта, чат, форум, ICQ, видео, веб-конференциялар және де
соңғы кезде қолданысқа еніп жатқан Веб 2.0 әлеуметтік сервистері (блогтар, вики беттері, подкаст және
белгілер (закладки) серверлері, фотосуреттер сервері Flickr, видеороликтер сервері YouTube және т.б.)
жатады. Ал Интернет желісінің ақпараттық ресурстары әртүрлі тілде алуан тақырыптар бойынша
мәтіндік, аудио- және визуалды материалдарды қамтиды. Алайда, студенттердің әртүрлі мазмұн мен
сапаға ие ақпараттың көптігінен адаспай, оларды білімдік және кәсіби қызығушылықтарымен қажеттілік-
терін қанағаттандыруда нәтижелі қолданулары үшін Интернет желісінің ресурстарымен жұмыс істеуді
үйретуге бағытталға нарнайы оқу мақсатындағы Интернет-ресурстарын құру қажеттілігі туды. Мұндай
Интернет-ресурстарына хотлист, мультимедиа, скрепбук, трежа хант, сабджект семпла, вебквест жатады.
Бұл ресурстардың телекоммуникациялық Интернет-ресурстардан айырмашылығы, олар тек қана оқу
мақсатында қолданылуы үшін құрылады.
Ағылшын әдебиеттеріне сүйене отырып, оқу мақсатындағы Интернет-ресурстарының бес түрін
ажыратуға болады: хотлист (hotlist), мультимедиа скрэпбук (multimedia scrapbook), трежа хант (treasure
hunt), сабджект сэмпла (subject sampler) және вебквест (webquest). Бұл Интернет-ресурстарының
әрқайсысы белгілі бір құрылымға ие. (1- кесте) [6].
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г.
52
Достарыңызбен бөлісу: |