Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата27.02.2017
өлшемі2,39 Mb.
#5025
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

 
Литература 
1.Фонвизин Д.И. Собрание сочинений: в 2 т. Т. 2 / Д.И. Фонвизин. – М.; Л.: Художественная 
литература, 1959. С. 88 – 96.  
2.Делон М. Искусство жить либертена / Мишель Делон; пер. с франц. Е. Дмитриевой и Г. 
Шумиловой. Французская либертинская проза XVIII века / пер. с франц. Е. Дмитриевой, И. 
Мельниковой, И. Кузнецовой, Г. Шумиловой. – М.: НЛО, 2013. С. 20.   
3.Фонвизин Д.И. Собрание сочинений. Т. 2. С. 96. 
4.Фонвизин Д.И. Собрание сочинений: в 2 т. Т. 1 / Д.И. Фонвизин; сост., подгот. текста, 
вступит.ст. и коммент. Г.П. Макогоненко. – М.; Л., 1959. С. 54.  
5.Там же. С. 68.  
6.Там же. С. 55. 
7.Фонвизин Д.И. Собрание сочинений. Т.2. С. 90. 

 
178 
8.Фонвизин Д.И. Собрание сочинений. Т. 1. С. 70. 
 
ӘОЖ 894.2.342 
 
Ә. БӨКЕЙХАННЫҢ ТӘРЖІМАШЫЛДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ 
 
Ж.Қ. Смағұлов 
Е.А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университет 
Қарағанды қаласы, Қазақстан 
 
В статье  рассмотрено  переводческое мастерство видного литературоведа А.Букейхана,  
который целенаправленно занимался проблемами перевода произведений русской 
литературы. Автор в научном плане сравнивая оргиналы текста с переводами, дает оценку 
вклада ученого в развитие литературных связей.  
The article examines one of the burning issues of modern Kazakh literature – translation theory. 
Having studied A. Bukeykhanov’s translations, the author comes to the conclusion that translation 
is the integral part of any national literature and culture. As a result, the researcher concludes that 
literary translation enriches both literature and culture of different nations.  
 
Ключевые слова: литература, А.Букейхан, переводы. 
Key words: literature, A. Bukeykhanov, translations. 
 
Қазақ аудармасының тарихына қарасақ, көршілес   отырғандықтан  орыс әдебиетінен   
аударма жасау дәстүрі  ХІХ  ғасырдың  екінші жартысында  күрделене  бастаған.   Бұл  кезең  
орыс  әдебиетінің   прогресшіл  және гуманистік бағыттағы    шығармаларын  аудару  мезгілі 
болды. Осы  игі жұмысты алғаш бастағандар  Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар 
екені белгілі. Олар  орыс әдебиетінің  бүкіл адамзаттық гуманизмді жырлаған  қадір-қасиетін 
танып-білумен қатар, оны  қазақ  жұртшылығы  арасында   насихаттауға,  орыс мәдениетінің 
ұрығын  егуге  бар күштерін  жұмсады.  Осы идеяны жүзеге  асыруда  Ы. Алтынсарин, 
А.Құнанбаев,  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және  тағы  басқа 
қазақтың біртуар   зиялы   қайраткерлерінің  туған  халқын  мәдениеттендіру  жолында 
қолданған  ең күшті  құралы  -  аударма  жұмысы  болды.   
Жалпы төңкеріске дейінгі аударма орыс ғұламалары мен әдебиетшілері қазақ тақырыбын 
орыс әдебиетіне әкелсе, қазақ оқымыстылары орыс әдебиетінің үлгілерін қазақ тіліне 
аударды. «Орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалардың демократиялық, прогрестік, 
ал кейбір шығармаларда революциялық демократиялық идеясы, интернационалдық сипаты, 
адамгершілікке, ізгілікке, бостандық пен теңдікке үндеген саяси бағыты біздің төл тума 
дүниелеріміздің де осындай бағытта дамуына күшті ықпал етті» [1, 31 б.].   
ХХ ғасырдың бас кезінде тарих сахнасына шыққан қазақ ақын-жазушылары  аударма  
арқылы  өз  жұртының    санасын   оятып,  орыстың  күллі бай  мәдениеті  мен  әдебиетіне,  
ғылымына  кемелдендіруді   арман етті.   Ә.Бөкейханов бастаған  қазақ  зиялылары  әдебиетті  
дамыту  үшін  орыстың  ұлы  классиктерінің шығармаларын  аудара отырып,  солардан   
үйренуді,  үлгі  алуды,  сөйтіп,  көркем  сөзбен  халқына  қызмет  етуді  мақсат  тұтты.  
Олардың  аудармаларындағы   қызмет  ерекшелігі    аударманы  тек аудару үшін ғана емес, 
өздерінің   көкейтесті армандары  бойын  кернеп,   жүрегін  тулатқан  сезімдерін  орыс  
данышпандарының   сөздерімен,  солардың  шеберлігін  пайдалана  отырып  жеткізу  үшін  
аударды. Әдебиеттің үлкен бір саласы болып табылатын көркем аудармаға кең жол 
ашылуына Ә.Бөкейхановтың жетекшілік орны ерекше зор болды. Ол сол кездегі ұлт 
зиялыларының аударма ісімен шұғылдануына бастама жасап ғана қоймай, кейбіреулерін 
арнайы тапсырма беріп аударттырып отырды. Оны ХХ ғасыр басындағы «Айқап» журналы 
мен «Қазақ» газетінде жарияланған аудармалардан нақты көруге болады. 

 
179 
Ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан шығармашылық ғұмыры ХІХ ғасырдың 
1890-шы жылдарынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі 
аралықты қамтиды. Әрине, 1920-30-жылдар Бөкейхановқа творчестволық еңбекпен айналысу 
үшін қолайлы кезең болмады, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған 
үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген  жоқ.  
Әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының бірі – аудармасы. Аудармаларының 
ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н.Толстой, В.Г.Короленко, А.П.Чехов, Д.М.Мамин-
Сибиряк сияқты жазушылармен қатар, Европаның өркениетті елдерінің қаламгерлері Ги де 
Мопассан, Н.Маркестің әңгімелері, сондай-ақ үнді, түрік тектес Қырым халықтарының әдеби 
шығармалары және Антика дәуірінің әдеби туындылары ұшырасады. Әлихан Бөкейхановтың 
Абай салып кеткен үлгіде еуропа және орыс әдебиеті жазушыларының шығармаларының 
аударудағы мақсаты - сол кездегі көптеген аудармашылар сияқты  халықты өнер-білімге 
деген ынтасына қозғау салу,  санасына әсер ету еді. Әлихан аудармалары төңкеріске дейінгі 
«Дала уалаяты газеті», «Қазақ» газеттері мен бірге төңкерістен кейінгі Кеңес дәуіріндегі 
«Темірқазық», «Жаңа мектеп», «Кедей туы», «Әйел теңдігі», «Еңбекші қазақ», «Ақ жол», 
«Жас қайрат», «Жас қазақ» және тағы басқа мерзімді басылым беттерінде жарияланып 
тұрған.Аудармаларының көлемі әр түрлі, оның ішінде  қысқа-қысқа мысалдар, әңгімелер, 
көлемді повестер, романдар да ұшырасады. Мысалы, А.П.Чеховтың «Хамелеон», 
В.Г.Короленкодан «Баймақан», «Өзі», «От» әңгімелері мен  Д.М.Мамин-Сибиряктың «Қара 
ханым», К.Фламморионның «Қанды жауын», Н.Маркестің «Қырым сөздері» секілді 
шығармаларының қазақ тілінде басылуы ұлттық әдебиеттің жанрлық тұрғыдан көркеюіне, 
рухани байлығының өсуіне, әдеби байланыстардың нығаюы жолында қосылған мол үлес 
болып табылады. 
 Әлихан Бөкейхан тек қана әдеби шығармаларды ғана емес, оқу-ағарту мен ғылым салаларын 
қамтитын  тақырыптағы еңбектер мен мектеп оқулықтарын да аударған. Мысалы, 
Т.Тутковскийдың көлемі 102 беттей «Жердің қысқаша тарихы», К.Фламморионның 
«Астрономия. Әліп-биі», Д.Гровеннің «Дүниенің құрылысы» атты ғылыми еңбектерін де 
тәржімалаған. 
Әлихан Бөкейхан көркем аудармаларының басым көпшілігі 1920-30 жылдары аралығында 
жасалған.  Яғни, 1922 жылдан бастап 1927 жылға дейін КСРО халықтарының орталық 
баспасындағы қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезде 
аудармамен көп айналысқаны байқалады. Оған дәлел ретінде аудармаларының жарыққа 
шығу мерзімін атасақ та болады. Л.Н.Толстойдың «Қажымұраты» 1923 жылдың 
қыркүйегінде аударылып, келесі жылы басылған. «Кавказ тұтқыны», «Жеті қарақшы» – 1925 
жылы, Короленкодан аударған аудармаларын да осы кезеңде жасаған. 
Л.Н.Толстойдан аударғандары «Жұмыртқадай бидай» «Қазақ» газетінде 1915 жылы №139 
санында жарияланған. «Сурат кофеханасы», «Серуен жасап зерттеу әдісі», «Бір адамға 
қанша жер керек?»,  «Кавказ тұтқыны», «Жеті қарақшы» шығармалары  (Москва, 1925 жыл), 
«Қажымұрат» (Москва, 1925) жеке кітап болып басылып шықты. 
Ә. Сатыбалдиев  «Рухани қазына» атты  монографиясында «Дала уалаяты»  газетінде 
басылған шығармалардың ең күрделісі – Л.Н.Толстойдың «Суратская кафейная» дейтін ұзақ 
әңгімесі. Бұл әңгіме газеттің 1900 жылғы 10, 11 сандарында екі тілде қатар басылды», - деп 
жазады [2, 17 б.].    «Сурат кафеханасы» - Толстойдың шығармаларының  Әлихан Бөкейхан 
аудармаларының ішіндегі ең көлемдісі. Л.Н.Толстой бұл шығарманың өзін француз 
жазушысы Бернардин де Сен-Пьерден аударған болатын. Шығарма негізінен Толстойдың 
көптеген шығармалары сияқты дін тақырыбына жазылған. Ал Толстойдың мұрасын 
зерттеушілер осы әңгіменің мазмұнын ғана алып, еркін жазып шыққанын көрсетеді. 
«Аударма, қазақ тілі мен әдебиетінің сол кездегі дәрежесіне қарағанда, бірқыдыру тәуір 
жасалған. Автордың стилі толық сақталғанмен, айтайын деген ойын қазақша түсінікті және 
жатық етіп, еркін жеткізді», - деді Әбен Сатыбалдиев. Бірақ зерттеуші бұл шығармаға 
аударма жасаған Әлихан Бөкейхан екендігін Кеңес заманының Алаш арыстарына деген теріс 
көзқарасының әсерінен атап көрсетпеген. 

 
180 
Шығарма «Сурат деген Индия қаласында кофейная бар еді. Бұл кофейнаяда талай жердің 
адамдары ұшырасып кеңес құрушы еді»,- деп басталады. Орысшасы: «Была в индийском 
городе Сурате кафейная. И сходились туда из разных земель проезжие и иностранцы и 
часто беседовали». «Бір күні мұнда Персия жұртының бір ғұлама адамы келеді. Бұл адам 
өмір бойына көп оқып, көп жазып, құдайды кім деп ізләр екен. Енді көп оқып, көп  ойлаған  
себеплі  ақылы  һәм  мұнан кейін  құдайға  иланбады». 
«Зашел туда раз персидский ученый богослов. Он всю жизнь изучал сущность божества и 
читал, и писал о том книги. Долга думал, читал и писал о боге, зашел у него ум за разум, 
спуталась у него все в голове, и дошел он до того, что перестал верить в бога». 
Бұл келтірілген екі мысалдың әуелгісі, «иностранцы» деген мен «часто» деген екі сөздің 
қалып қойғаны болмаса, түпнұсқаға өте жақындатылып, сөзбесөз мәні едәуір дәл түсінікті 
аударған. Ал, екіншісінің ең соңындағы күрделі сөйлемге келгенде Әлихан Бөкейхан 
сөйлемді өзінше құрады да, көп жерлерде ықшамдап, қысқартып, автордың айтпақ ойын дәл 
жеткізген және де төтелеп берген. Төтелеп беру әдісі сол кездегі аудармалардың көпшілігіне 
тән қасиет болған. Әдебиетіміз бен әдеби тіліміздің әлі кемеліне келіп болмаған кезінде 
аудармашылардың қай-қайсысы болса да түп нұсқаның стилінен гөрі шығарманың жалпы 
сарынын, сюжеттік желісін, оқиғаның даму жолдарын, осының төңірегінде автордың негізгі 
идеяларын жеткізу мақсатымен көбірек шұғылданған. Әлиханның аудармаларынан да 
осындай ерекшеліктерді байқау қиын емес. Әлекеңнің осы «Сураткафеханасы» аудармасы 
жөнінде Ә.Сатыбалдиев біраз кемшіліктерін атап өткен: «Сөйлем еркін құралды, 
аудармашының кей жерінде орынсыз инверсияға ұшырағанын көреміз», - дейді [2, 18 б.].   
Ә. Бөкейхан аударған осы шығарманың қазақша аудармасының кейінен тағы да бір нұсқасы 
табылды. Оның баспасөз бетінде басылған-басылмағаны белгісіз. Тек қана аударма соңында 
мынадай сөздер бар: «Бұл сөз адам баласының бәріне ағайыншылық көзбен қараған русьтың 
ұлұғ философы Толстой сөзінен алынды. Ол Бернардин де Сан Пьер дегеннің сөзінен алған. 
Басқалар да Толстой көзіменқараса, осы күнгі Балқанда судай ағып төгіліп жатқанқанға орын 
болса еді». Осыған қарағанда, бұл аударма Балқан соғысының кезінде жасалған болуы керек. 
Ал, Балқан соғысының 1912-13 жылдары болғандығы тарихтан белгілі. Демек бұл - 1912-13 
жылдардың туындысы. Қолжазба 21 бетке араб әрпімен жазылған. Аудармашының кім 
екендігі және аударманың қай жылы жасалғаны белгісіз.  
Әлихан Бөкейханның Толстойдан аударған тағы да бір аудармасы - «Қажымұрат» повесі. Бұл 
повесть 1924 жылы Москва қаласында басылып шыққан. Жүсіпбек Аймауытов  
«Қажымұраттың» осы аудармасы туралы: «Қажымұрат – орыстың данышпан жазушысы 
Толстой шығарған роман. Аударушы – «Қырбаласы. Мәскеуде 1924-ші жылыбасылған. 
Толстой - ақыл-ойдың ақындық кені. Адам баласына бақ іздеп, адамгершілігіне үндеген 
пайғамбар. Өмірін шындық көксеумен тауысқан. Тұрмыс жүзіндегі теңсіздік, бақытсыздық 
немесе түрлі жауыздықтың тамыры адам баласындағы атақ құмарлықта, өзімшілдікте деп 
білген. Адамдық сырын айнаға айқын түсірген жазушы 82 жыл өмір сүріп, бір арба кітап 
жазған. Сондай данышпан Толстойдың сөзі мен орысша білмеген қазақ баласы 
«Қажымұратты» оқудан бастап танысады», - деп жазады.  Сонан соң шығарманың мазмұнын 
баяндай келе аударма туралы: «Роман жалпы айтқанда жақсы аударылған. Сөзді ұғымды, 
жетелі қылу үшін қазақ сөздерінен тапқан кейбір салыстыру, мәтелдер, өлеңдер жақсы-ақ! 
Суретті, әдемі жерлері көп: «Мылтық ұстап лып етіп үзеңгіге аяғын салып сып етіп, атқа 
мініп алады», «Қызықты қияны қырмызы қызылын біліп, қан жаудырған бүркіттей 
қоқиланып, жігерін, терең сырын сабырмен сипаттап: - мен жұрттың тілегін қабылдадым» – 
деді Қажымұрат». Аударманың жақсы екенін осындай сөздерден байқауға болады. Орыс 
тілінде жазылған таулықтардың өлеңі де қазақшаға жатық аударылған. Хат білетін адам 
Қажымұратты оқып, ауыз дәмін алғандай», - деп қорытады[3, 136 б.].  
Шынында да салыстырмалық тұрғыда қарасақ, аудармашы шығармадағы орыс тілінде 
берілген «гүлдің сабағы дәл тарамыс», «ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «алыс пен жақынды 
жортқан біледі», «иығы Алатаудың иығындай», «көгендегі қозыдай», «қошқардың 
шүйдесіндей», «жатық маңдайы қарык еткен төскейдей», «айылын қатты тартқан буаз бие 

 
181 
іштеніп, бойы нардай, жүрісі желдей, сұлулығы құсбегі пішкен томағадай», «асқа тіккен 
үйдей», «дауысы домбыраның босаған ішегіндей қалтырап» деген секілді сөздерді қазақи 
ұғымға жатық түрде бере білген. Немесе «төрелердің ұрлығы сауысқанның аласындай, 
аласыз сауысқан жоқ, ұрлықсыз шенеунік жоқ», «Палуан жауырынды, жалпақ жаялы, жіп-
жіңішке, ұзынбойлы, қармаулы ұзын қолды, жас шыбықтай майысқан, мергендей епті, 
қожасы ұстайтын аттай ыңғайлы Жүсіпті көргенде, Қажымұрат сүйсініп, сусыны қанып 
қуанатын» деген сияқты сөйлемдердің аударылуында еркін аударма жасауды мақсат 
тұтқаны байқалады [4, 136 б.]. Мұның бәрі аудармашы шеберлігін көрсететіні анық. Қазақ 
прозасының классигі Ж.Аймауытовтың осындай мақала жазуынан-ақ Әлихан Бөкейханның 
аудармаларының жоғарғы дәрежеде аударылғанын байқауға болады.  
Повестің алғашқы бетіндегі бірінші абзацты оқып, қарайық: «Я возвращался домой полями. 
Была самая середина лета. Луга убрали и только что собирались косить рожь». Осы 
сөйлемдер Әлихан аудармасында былай алынған екен. «Жаз ортасы. Далада мен келе 
жаттым. Тілгенді шауып, жинап алып, енді қарабидайды қолға алып, ормақ болып жатқан 
уақ». Мұнда аудармашы бір абзацтағы бірнеше жолды еркін отырып, жинақтай аударған. 
Кейбір жерлері былай қарағанда, аударма түпнұсқамен сөзбе-сөзге жуық дәл келеді. Бірақ 
онымен ұғымдық қисыны бұзылып тұрған жоқ. Әлихан Бөкейханов шығармаларды 
аударғанда көбінесе еркін түрде кетіп отырған. Әрине, мұның аты түпнұсқадан ауытқу емес, 
қайта оның ішкі сырын, шын рухын аша түсіп, оған бір табан жақындағандық болады. 
Автордың тек қана сөзін емес, сонымен бірге әрбір сөздің астарын, ішкі сырын ашып
ишарамен білдірген емеуірінін де дәл солай ишарамен жеткізу деп айтады.  
Ә. Бөкейхан В.Г.Короленконың да біршама шығармаларын аударған.  Соның ішінде 
«Макардың түсі» атты шығармасын аударғаны туралы Жүсіпбек Аймауытов өз мақаласында 
былай тоқталады: «Макардың түсін жазған Короленко орыстың ірі ақыны, біз оның ақындық 
жолымен жүре алмадық. Жазушылықтың жайын білмеген, әдебиеттің ішінен қарауы өтіп, 
сыртынан шыға алмайтын адамдар «Макардың түсінде» не мән бар? Керегі жоқ нәрсе ғой 
деп қарауы мүмкін. Олай, емес онда үлкен мән, пікір, идея бар. Аударма сөзбе-сөз деп айтуға 
болмайды, еркін істелген. Ұзын сөйлемдер, керексіз сөздер қысқартылған. «Қырбаласы» 
аударғанда пышақпен жонбайды, балтамен шабады»  деп шұбатпайды, келтесінен қайырады. 
«Шолпан жаман ауыл емес: шіркеуі бар» деген сөздерді орнына қоймай кететін жерлері де 
бар [3, 138 б.].  
Шығарманы аударғанда Әлекең Короленконың әрбір сөзіне қазақ тілінің қазынасынан 
лайықты сөз баламаларын тауып, мүмкіндігі болғанша әрқайсысының ұғымдық шектерін 
айыра түсу, ой желісін үзбеу әрекеті жасалған. Аудармашы орыс әдебиеті өкілдерінің 
шығармаларын ғана аударып қоймай, олар туралы өз пікірін газет беттеріне де жариялап 
отырған. Солардан бірер мысал келтірейік: «Өткен 15-ші шілде орыс кітап жазушысы, мұны 
писатель дейді, Владимир Галектионович Короленко алпыс жасқа толды. Бұл Короленко Лев 
Николаевич Толстойдан соңғы орыс жұртының бетінің қызылы – ұяты. Жазған неше әдемі 
кітабынан бөлек алпыс жасында қылған ісі көп. Бұл Короленко сондай, мұның алдында 
жамандық қылуға хайуандардың да бетіқызарды. Короленконы орыс жұртының «Совесті» 
дейді, қазақша ақкөңіл судьясы. Айына бір кітап болып шығатын «Русское богатство» 
журналы - Короленко журналы. Осы журналды орысша білетін қазақ алып оқыса 
Короленконың таза жолын білер. Вятка губерниясында, ватияк деген аз жұрт бар, осы 
жұрттың 18 кісісін бір орыс мұжығын құрбан қылдың деп, сот каторожная работаға айдады, 
осы сот болғанда Короленко кез болып, билікті көріп отырып, сот адасты, мыналар нақақ 
айдалды деп, осы іске кірісіп, өзі адвокат болып, жұмысты екі мәртебе қайта қаратып, 18 
кісіні каторожная роботадан алып қалды. Сотта отырғанда үйінен келген телеграмды, 
оқымай қалтаға салып қойып, адвокат сөзін сөйледі, 18 кісіні арашалады. Үйінде қызы ауру 
еді, телеграмм жамандық хабары болса, сөз бұзылады деп, телеграмды оқымағаны осы. Бұл 
телеграмм қызы өлді деп келген Короленконың қылып жүрген жұмысы бәрі осындай. Мұны 
орыс жұртының Сократы десе кінә емес. Короленкоге тамам жұрт, орыстың білімді 

 
182 
адамдары құтты болсын айтып жатыр, енді алпыс тағы жасасаң саған аз емес деп, бұларға 
мұсылмандар да қосылып жатыр [4, 136 б.].   
Ә.Н.Бөкейхан орыс жазушыларының шығармаларын көп оқып, көңіліне тоқыған. Әсіресе, 
А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, А.П.Чехов, Д.М. Мамин-Сибиряк 
шығармаларын ерекше бағалаған. Өз мақалаларында орыс ақын-жазушылар есімін ерекше 
ілтипатпен атап ғана қоймай, олардың шығармашылығымен қазақ жұртшылығын 
таныстыруды да мақсат тұтқан. 
Толстой шығармаларын әлем әдебиетінде орны бөлек шығарма деп санап, оны «Күн жоғалса 
да жоғалмайтын жазушы» деген. «Ұят-ай» атты мақаласында «Воскресенье» романы нағыз 
өмір шындығын бейнелейтінін аңғартып, «сот отчетін зерттеп алып жазған» дей келе, патша 
үкіметінің орыстың атақты жазушыларын, ойшылдарын абақтыға жауап, Сібірге айдап азап 
шектіргенін айта келіп, оны «азаттық үшін күрестің азабы мол» деген ойына дәлел қылады.  
Ә. Бөкейханов - ұлттық әдебиетте мысал жанрын өркендетуге ерекше үлес қосып, басқа 
елдер әдебиетінен мысалдар аударумен  мақсатты түрде шұғылданған да қаламгер. Бұл жанр 
бойынша көркемдік ізденістерінен туған туындылары 1925 жылы «Жетпіс жеті мысал» деген 
атпен жеке кітап болып Мәскеуде басылып шықты. Бұл жинақта Әлекеңнің аударған барлық 
мысалдары түгелдей басылған. Әлихан аударған мысалдарының жартысынан көбі Эзоп 
шығармашылығындағы мысалдардың сюжетіне негізделген. «Эзоп деген кім?» деген сұраққа 
С.Талжанов «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» деген еңбегінде: «Мысалдар сөз 
болғанда, біздің ойымызға ең әуелі Эзоп пен Лұқпан Хакім түседі. Бұларды грек елінде 
«Эзоп мысалдары» деп атаса, араб шығысында «Лұхпан Хакім мысалдары» деп атайды. Эзоп 
біздің жыл санауымыздан алты жүз жыл бұрын болыпты, ал Лұхман Хакім атынан айтылып 
жүрген араб әңгімелерінде іслам дінінің көзқарастары әсірленеді. Эзоп пен араб дінінің 
көзқарастары өте алшақ. «Ендеше бұл қалай?»,- деген  сұрақ туады. Бұл сұраққа Р.Әлиев 
былай деп жауап береді: «Лұқпан дүниеде мың жыл өмір сүрген адам, ол Бауырдың ұлы, ал 
Бауыр Иовтың баласы екен. Дәуіт пайғамбардың заманына дейін атақты данышпан болып 
келген. Лұхпанның мысалдары да, өзі де Эзопқа ұқсайды. Екеуінің тағдыры да бірдей. 
Мысалы, Лұхпан да, Эзопта Мысырда құлдықта жүрген. Бұған қосымша Лұхпанның баласы 
Аннам, Эзоптың баласы Аккус». Оның үстіне «Есіктен кірмей, шығуыңды ойла» дейтін араб 
мақалы Лұхпан Хакім атынан айтылады. Мұны гректер Эзоп айтқан дейді. Осы ұқсастыққа 
қарап, шығыстың біраз ғалымы: «Лұхпан Хакім дінін өз ойына үйлестіріп, жасап шығарған 
ежелгі Эзоп болса керек» - деседі [5, 308-309 б.].   
«Әлихан Бөкейхан өзінің тәржімаларын түпнұсқадан аударған. Эзоптан алынған деген 
сюжеттердің ішінде бізге Ахмет Байтұрсыновтың мысал өлеңдері арқылы белгілі болған 
«Қасқыр мен қозы», «Қасқыр мен тырна», «Шал мен ажал», «Ат пен есек» секілді мысалдар 
кездеседі. Ал, «Қарға мен түлкі», «Ағаш пен қамыс» мысалдарының сюжеті Ахмет 
Байтұрсыновта «Емен мен қамыс» деп аталса, Абай оны «Емен мен шілік» деген», - деп 
жазады академик З.Ахметов [6]. Бұл орайда, бір айта кететін мәселе, Абай мен Ахмет мысал 
өлеңдері Крыловтан аударған деген пікір қалыптасқан. Ал олардың сюжеті түбі Эзоптан 
және басқа бұрынғы нұсқалардан шыққаны, ертеден келе жатқаны ескеріле бермейді. 
Абайдың, әсіресе, Ахмет Байтұрсыновтың бірталай мысалдары өте еркін аударылған, қазақ 
өмір тұрмысына үйлестіре жанынан сөз қосарлап, өзгеше келтірген тұстары жиі кездесіп 
отырады, сондықтан оларды бүгінгі таңда қалыптасқан еркін аударманың түріне 
жатқызамыз. 
Сол кезде жалғыз Әлихан Бөкейхан емес,  аудармашылардың  бәрі  де еркін түрде аударды. 
Әлихан аудармалары - әдеби байланыстар мен салыстырмалы әдебиеттану проблемасы 
тұрғысынан алғанда, әлі де үлкен зерттеулерді талап ететін сарқылмас қазына. Қазақ 
аудармасының әрі–берідегі өткен  жолы қандай да болсын қаламгердің  шығармашылық  
ғұмырнамасына  елеулі  із  қалдырғанына,  жазушының  көркемдік   идеясына,  өзіне тән   
қалыптасқан  стиліне  белгілі  дәрежеде  ықпал   еткенін  көруге  болады.  «Қазақ ұлт болып 
өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың салт-санасын оятатын жағдай 
тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда 

 
183 
табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады», - деп түсінген Әлихан ұлттық 
әдебиетімізді өркендетуге жан-тәнімен еңбек етті [4, 438 б.].  
 
Әдебиеттер 
1.
 
Қазақ әдебиетінің тарихы. -Алматы: Ғылым. 3-том. 1 кітап, 1967. 642 б. 
2.
 
Сатыбалдиев Ә. Руханиқазына. -Алматы :Жазушы,  1987. 241 б. 
3.
 
Аймауытов Ж. Шығармалары. 4-том. Алматы:Жазушы, 2005. 265 б. 
4.
 
Бөкейхан Ә. Таңдамалы. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. 477 б. 
5.
 
Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. -Алматы: Ғылым.1970.250б. 
6.
 
Ахметов З. «Алаш туын қолға алған» // Жұлдыз, 2003, № 3. Б.-189. 
 
 
ӘОЖ 894.2.342 
 
ШӘДІ ЖӘҢГІРҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН ТҰЛҒАСЫ 
 
Б.Т. Бораш 
Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Исторические свершения и героические подвиги хана Абылая вдохновенно воспевались в  
поэзии Шади Жангирулы. Автор статьи исследовал историческую  роль Абылай хана, его 
жизненный путь, политическую деятельность. 
Historical fulfillments and heroic feats of the khan Abylaya were with inspiration sung in 
Zhangirula'spoeziishad. The author of article investigated a historical role of Abylay of the khan, 
his course of life, political activity. 
 
Ключевые слова: Абылай хан, Шади Жангирулы, героический подвиг, политическая 
деятельность. 
Key words: Abylay khan, ShadiZhangiruli,heroic feat,political activity. 
 
Шәді төре Жәңгірұлы (1865-1931) сауатын ерте ашып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік 
білген, Шығыс тарихынан, философиясынан, әдебиетінен мол мағлұматы болған, 
шығармаларының көпшілігін шығыс тақырыбына арнап, нәзиралық әдіспен жазған ақын. 
Сонымен қатар туған ел тарихының өзекті тұстарына арналған, мысалы, Қазақстанның 
Ресейге қараған тұсын, сол кездегі хан, төрелер қызметіне баға берілетін бірнеше өлеңдер, 
дастанға татырлық бір тарауын Абылай ханға арнаған аса көлемді «Тарихнама» атты 
дастанын жазған.  
«Тарихат», «Тарихнама» деп әртүрлі аталып жүрген 6700 өлең жолынан тұратын. Бұл мол 
пішілген дастан 70-жылдары табылған қолжазба күйінде-ақ ғалымдар назарына ілікті. Бірақ 
хандарға деген кеңестік теріс көзқарас зерттеушілерді, әсіресе Абылайға байланысты тұсын 
айналып өтуге мәжбүр еткені байқалады. Оның бергі жағында, тіпті тәуелсіздік алған 
жылдары шыққан оқулықтар мен зерттеулерде де дастанның бұл Абылай хан жырланған 
тұсы жай аталып өтумен ғана шектеліп келеді. 
Дастан 17 тарауға бөлінген. Біз оны Абылай өмірі мен қызметінің басты бағыттарына қарай 
үш бөлімге бөліп талдауды ыңғайлы көрдік. Олар: 1) Абылайдың тегі мен жастық кезі ((1-4 
тараулар); 2) Абылайдың қазақ елінің шығыс шекарасын бекіту жолындағы күресі (5-13); 3) 
Абылайдың оңтүстік шекараны бекіту әрекеттері (14-16); 4) Абылай өсиеттері (17). 
Абылай ханның қайраткерлік барша ісінің кіріспе іспетті бірінші бөлімінде ханның арғы 
бабалары Шыңғыс ханнан тарайтынын шежіре тізбегі арқылы көрсетіледі. Бұхарға хан 
болған бергі атасы Әбілфайызды парсылық билеуші Нәдіршемен қызын беріп жақындасып, 
билігі күшейген шақта ханның Марайым деген уәзірі зұлымдықпен екеуін де өлтіріп, 

 
184 
шахтың жалған хатымен Бұхараға өзін хан етіп қойдырады. Бұған да місе тұтпай ол 
Әбілфайыздың бар әулетін өлтіртеді. Сарай қызметшісі аталық Ораз деген қарт кісінің 
жәрдемімен ханның Абылһай атты кішкене нәрестесі ғана аман қалады. Осы бөлімнің 
“Абылай ханның жастықтағы халі” деп аталатын тарауында аталық қолындағы Абылһайдың 
ер жетіп өсуі, сол кездегі басқа балаларға ұқсамайтын “бөлек әр пормасы” халық аңыздары 
мен тарихи жырларынан белгілі Абылайдың Сабалақ атанған кезіндегі астына төсенішсіз 
отырмау, тамақты тауыспай жеу, төрге отыру, қолдары мен аяғын төрт жаққа жіберіп 
ұйықтау, ешкіммен артық ойнап күлмеу, асын қасындағылармен бөлісуі және жас кезінен-ақ 
үйге кіріп келгенінде өзінен үлкен кісілерді еріксіз орнынан тұрғызатын киесінің барлығы 
сияқты қылықтарын еске түсіреді.  
Бұл бөлімдегі оқиғалардың ауыз әдебиеті үлгілеріндегіден өзгешелігібіріншіден, Бұхараны 
билеп тұрған Абылай әкесі Әбілфайыз әулетінің жоңғарлар қолынан емес хан уәзірінің 
зұлымдығынан опат болғандығы, екіншіден, бала Абылайдың ата қонысын іздеуі 
жоңғарлардан кек алу үшін емес, жан сақтау қамы болатын. 
Біз “Абылайдың қазақ елінің шығыс шекарасын бекіту жолындағы күресі” деп аталған 
екінші бөлімінде автор елдің көп қасірет шеккен қалмақ шапқыншылығына (қайсысы екені 
айтылмағанмен “Ақтабан шұбырынды...” қырғыны екендігі байқалады) ұшырау себебін 
“Қазақты қорғайтұғын жоқ еді ханы” – деп түсіндіреді. Дастанда Жәнібектің аты аталады, 
бірақ ол орта жүздің ханы (турасында бұл Әбімәмбет хан болуы керек). Ал әлгі айтылып 
отырған “...жоқ еді ханы” – ол бүкіл үш жүздің қазағының басын біріктіріп, жауға тойтарыс 
беруді ұйымдастыратын үлкен ханының жоқтығы туралы болып отыр. Осы бөлімнің 
алғашқы екі тарауы осы орны ойсырап тұрған үлкен (ұлы) ханның қалай тарих сахынасына 
келгендігі туралы жырланады. Алғашқы жорығында-ақ (5-тарауда) жау басым күшпен 
қазақтарды тықсыра бастағанда намыс кернеген Абылай өз атын “Абылайлап” ұран қылып, 
жауынгерлерді жігерлендіріп, “Қалмақтың алдын қырқып ұрысқа еніп”, жоңғарларды ел 
шетінен қуып тастайды. Ұрыстан кейін Жәнібек хан Ораздан жас батырдың тарихын біледі. 
Келесі тарауда қартайған Жәнібек хан ұсынысымен үш жүзде жиылған халық өкілдері 
алдында Абылай ақ киізге отырғызылып, барша қазақ ханы етіп сайланады. Хан көтерілген 
Абылай: “Баршаңыз татулықты көңілге алып, Тұрыңдар бір жағадан бас шығарып. Бір 
жеңнен ынтымақ қып қол шығарып, Бұрынғы араздықтың бәрі қалып”, – деп елді бірлікке 
шақырған үндеуін жариялайды. 
Осы бөлімнің екі (6-7) тарауы үш алашты соңына ерткен ханның бұрын айырылған жерлерді 
қайта қосып алу әрекетіне кіріскені жырланады. Бұл жұмысты алдымен Хиуа мен әкесінің 
билік құрған Бұхараны үш жүз билеушілері келісімімен қайтарудан бастайды. Хиуа елі 
соғыссыз “Айтқанын Абылайдың қабыл алып”, енді Бұхараға аттанарында Абылайға 
“ирандық тәрбие” ықпалының белгісі Нахшбанд Баһауаддин диуананың араласуымен, 
Абылайдың қазаққа хандығымен қанағат тұтып, әрі қарай бармауын, бара қойса кесірі 
болатыны ескертіледі. Бұған көнбей көріп еді қосынға індет келіп, біраз адамға шығын 
болып, хан сол жерден еліне, кіші жүз жері Сыр бойына қайтуға мәжбүр болады.  
Бөлімнің төртінші (дастан бойынша 8-ші) тарауы Қаратаудағы қоңырат елін шапқан 
қырғыздардан мал-мүлкін, адамын өз күшімен қайтара алмасын білген Қазымәмек қарияның 
Абылайдан көмек сұрайды. Хан жүз мың әскермен келіп, Әйтеке жырық басқарған 
қырғыздарды тізе бүктіріп, “Халқының ар-намысын алып берді”. Осы қырғыз-қазақ оқиғасы 
тұсында Абылай бойындағы көптеген жаңа қасиеттер байқалады. Алдымен, елінің қай 
түкпіріндегі болмасын халқына елжірей жаны ашитындығын шапқыншылықтан хабар 
түскенде “Жылады көңілі босап жасы келгенінен” аңғарылады. Екіншіден, “Жау шауып 
елдің шетін жатқан кезін”, жүрегіне жақын алып, бармауына ешбір себеп болмайтынын 
айтып орасан үлкен қол жинайды. Үшіншіден, жорыққа аттанар жігіттерге “Астына 
құлындаған бие мінсін, Қос артып саулы түйе алып жүруін”, оны қамтамасыз етуді барлық 
байларға міндеттеп, бүкіл елді мұндай намыс кететін іске жұмылдырып, жаумен соғысқа 
үлкен дайындықпен барады. Төртіншіден, ұрыс кезінде жағдайға орай ұтымды әдіс 
қолданып, қолбасшылық шеберлігін танытады. 

 
185 
Абылайдың қазақ елінің басын біріктіру жолындағы күресіне қатысты  тараулардың 
алғашқысында (9-шы) елдің шығысындағы қалмақтың әрдайым тиісіп отыратынына 
қазақтың сабыр қылғанын әлсіздігі деп біліп, Қалдан ханның тұсында оның екі інісінің бірі 
Шарыш бір жылы келіп елді шабады. Үстіне оқ өтпес сауыт киген қалмақ батыры қазақ 
қосынына ендеп кіріп, оңды-солды шауып, қазақты қашыра бастаған кезде намысын 
жібермейтін Абылай қарсы шауып, атқан оғы Шарыштың болат шығыршықтан тоқыған 
сауытын тесіп өтіп Шарашты мерт қылады. Намыстанып кектенген Қалдан Абылайды 
қалайда қолға түсірудің амалына кіріседі. 
“Абылай ханның қазақ елінің шығыс шекарасын бекіту жолындағы күресі” деген жалпы 
атпен біріктірілген сегіз тараудың қырғыз-қазақ қатынасына байланысты (бөлімнің 4-ші, 
дастанның 8-ші) тарауын жоғарыда әңгіме еттік. Қазақ билеушісінің қалмақтар мен қытайлар 
сияқты шығыс көршілерімен қарым-қатысы 5- тараудан кейін барып үш тарауында қатар сөз 
болады. Олардың алғашқысы және дастандағы тараулардың ең көлемдісі “Абылай ханның 
қалмақтың қолына түскені” тарауы атауына қарағанда осы аттас аңыздар мен тарихи 
жырлардағы белгілі оқиғаны Абылайдың жастығына арналған фольклор мен дастандағы 
жақын ұқсастықтай болар деп күтілген. Бірақ қазақ ханының Қалдан Серен қолына түсіп, көп 
ұзамай босатылу фактысынан басқа ұқсастықтар шамалы. Дастанда фольклордағыдай екі хан 
арасындағы терең психологиялық және философиялық айтыс, тартыс жоқ. Хан сарайындағы 
Құлтай атты екінші адам ақылымен Абылай босатылады. Қазақ ханы тұтқыннан екі жаққа да 
тиімді мәселелерді шешіп қарастырып шығады. Солардың бастысы – “Ел шапса екі жақтың 
қайсылары, Айыбымен мал, дүниесін қайтып беріп, өлтірсін жазалы қып оны өз ханы”. Егер 
халқы ханының тілін алмай дүниесін қайтармаса “Жазасы ханға болсын бәрі мұның” деген 
Абылай шартымен қалмақ ханы келіседі. Тарау әлгіндей аталғанмен әңгіменің көпшілігі хан 
тұтқынынан кейінгі қазақ-қалмақ қатысына арналған. 
Абылай елге келгеннен кейін кейбір ел жақсылары ханның тұтқындалуы сүйекке таңба, 
сондықтан қалмақтың елін шауып алуды ұсынады. Хан оған: “Қалмақпен сөз байластық уәде 
қылып,.. Дұшпандық бір-біреуге жасамасқа” деген сөзді бұзбай, асықпай артын күтуге 
шақырады. Ханның болжамы бойынша, қалмақ “бұрынғы бұзықтығын тағы да етер”, ханы 
қанша айтқанмен  қайтып бермес алған малын. Міне, сол кезде біздің оларға қарсы 
жорығымыз заңды болады деп, сөзге тұратын табандылығын, даналық, болжағыштық 
қасиеттерін танытады. Хан айтқаны дөп келіп, арада бірнеше жыл өте қалмақ жағы уәдені 
бұзып қазақ жылқыларын айдап алып, тіпті кісі өліміне шейін барады. Абылайдың қалмақ 
ханына жазған хаттарынан нәтиже болмаған соң, хан оған елші жібереді. Бірақ қалмақ жағы 
мал қайырмақ түгіл ханының құтқарылғаны үшін “Қарызына он адамның құнын берсін” – 
деп, қазақтардың өздерін кінәлап бәле салады, ал Қалдан хан көпшілік айтқанынан шыға 
алмай, уәдесінде тұра алмай солқылдақтық білдіреді. 
Осындай болатынын сезген қазақ ханы шыдамы таусылып, үш жүзге қалмаққа қарсы 
жорыққа жүрмекке хат жолдайды. Бұл жорыққа да алдындағы қырғызға аттанарындағыдай 
барлық соғыс қажет жабдықтарын толық қамтамасыз етуді байларға міндеттеп, мұқият 
дайдалынды. Жорықтың сәтті боларына көз жеткізу үшін қазақта бар ескі ырыммен асық 
иіріп, асығы “Тік болып оңқасынан түсіп”, хан көңілі жұбанады. Бұндай ырыммен қатар бұл 
жолы да ханның пірі жалаң аяқ жалаңбас түрінде қосынға еріп жүреді. Бұл жолы да 
қырғызбен болған соғыстың тактикасы (батырлардың жекпе-жегі, қалмақбатырларының 
жеңілісі, қалмақтардың лап қойып қазақ, қалмақ аралас соғысы) бірнеше дүркін қайталанып, 
соңғысында тама Есет батыр бастаған батырлардың жауды қашырғаны баяндалады. Осы 
арада Абылай үш жүз өкілдерін шақырып, кеңес құрып, көпшіліктің осы арадан қайту 
дегеніне келіспей ендігәрі бас көтермейтіндей қылып, Қытаймен шекарадағы Шәуешектен 
асырып қуып тастаудың қажеттігін дәлелді уәждермен мойындаттырады. Аса көп 
шығындарға ұшырап, шекараға келгенде қалмақтар жеңілгендігін білдіріп Абылайға тарту 
беріп, жараспаққа елшісін жіберіп, бар кінасын мойындап кешірім өтінген хатын жібереді. 
Абылай хатпен танысқан соң, “Рахым етті, аяушылық көңіліне көп”. Бірақ қыс таяп 
қалғандықтан осы жерде қыстап шығуды ойлап, алдағы көктемге шейін “ас-ауқатын 

 
186 
бермекке уағда қылсын” деген шарт қойып, Қалдан ханды оған көндіреді. Сол қыста қоян-
қолтық отырған екі халық жарасымды, тату өмір кешеді. 
Келесі тарауында Абылай қытай патшасы Бачинге өз ұлы Әділді елші қылып жіберіп, 
онымен хат жолдайды. Қытай патшасы елшіні жылы қабылдап, ханның өтініші бойынша 
Шәуешекті екі ел арасындағы сауда-саттық өтетін бекет қылады, тіпті шекарадан алынатын 
баж салығын қазақ ханының алуына рұқсат та береді. Қазақ елшілігі делегациясына 
Абылайға деп мол сыйлық беріп жібереді. Хан “Әкелген Шәуешекке бар қазынаны” үш 
жүзге және қалмақ ханына бірдей етіп бөліп береді. Қалмақ халқы қазақ ханының бұл 
жомарттығы мен кеңдігіне қайран болады. Абылайдың өз еліне қайтқаны туралы соңғы екі 
тарауында әлденеше ғасыр өштесіп соғысқан екі халықтың бір қыста бір-біріне бауыр басып 
қалып қимай айырысатыны айтылады. Бұндай жақындасу негізінен қазақ жағынан, әсіресе 
Абылай тарапынан, аса кеңшіліктің “бермегенді беріп ұялт” қағидасынан болған сияқты. 
Сондай  жалпақшешейлікке ұласқан кеңшілік қазір де біздің елдегі басқа халықтарға 
жасалып жатқан дарқандыққа ұқсайды. Бөлімнің соңғы тарауында Абылай тұсындағы ел 
билеу жүйесінен біршама мәлімет беріледі. Сол жүйеден ханның ел ішіндегі тәртіпті 
нығайтуға бағытталған іс-шаралары тарқатылып, олардың қатаң болғаны айтылады. 
Мәселен, біреудің малы ұрланып, ол мойнына қойылса, оның қолы кесілетін болған, ал 
“кінәсі қол кесуден кетсе өтіп – дарға асылады”. “Бұзықты тыймақтыққа” – әртүрлі жаза, 
соның ішінде “дүре соғу” да болған. “Осындай көргеннен соң хан жұмысын,.. Жолында 
қанша дүние бос жатса да, Қорыққаннан алмас еді ешбірісін”. Абылай хан қолдауымен әр 
жүздің малы сатылатын белгілі сауда орталықтары (саудаханалары) болған: Шәуешек, 
Қызылжар – Орта жүзге, Орынбор, Үргеніш – Кіші жүзге, Хужанд (Ходжент) – Ұлы жүзге 
қызмет қылған. 
Біз “Абылайдың оңтүстік шекараны бекіту әрекеттері” (14-16) деп атаған үшінші 
бөлімінің алғашқы тарауында ханның қартайған шағында Һазірет сұлтанға мінажат етуге 
көңілі ауады. Жолда Созақ жеріне тоқтап, осы жерден қыстақ салдыруға көңілі кетеді. 
Түркістанда Әзіретке тағзым етіп, әлгі жолдағы ойын іске асыруға Созақ жеріне там салып 
қала тұрғызуға сарттарды жібереді. Түркістанда ханға сәлем беруге Төле би келеді. 
Абылайдың сарт жеріне жорыққа аттануына Төленің сарт билеген қалаларда олардың қазақ 
малын сатуға барғандағы сарттардың қазақтарға көп қиянаты жөніндегі арыз әңгімесі себеп 
болады. Сарттар малдың пұлын бермей қоятын болған, малға зекет салып, оны жылдан 
жылға өсіріп отырған. Хан бұл сөзді естіп ашуланып, тағы да өткен қырғыздар мен 
қалмақтар жағдайындай хат жаздырып үш жүзден қосын шақыртады. Ол кезде қазақтың 
оңтүстіктегі Әулие ата, Шымкент, Сайрам қалалары сарттардың қолында және олардың 
әкімдері де солардың өкілдері болатын. Хан бұйрығымен ол қалалардың бәрінің әкімдері 
таза қазақ руларынан гөрі діндарлығы жөнінен сарттарға бір табан қазақ арасындағы 
қожалармен алмастырылады. 
Ол кезде сарттарға түгел қараған Ташкеннің билеушісі қазақ ханы өздеріне ат басын 
бұрғанын естіп, дарбазасын жауып ұрысқа дайындалады. Абылай қалаға жақын келіп қонып, 
нақақтан мұсылманның қаны төгілмесін деп, әскеріне “Рұқсатсыз ұрыспа деп бұйырады”. 
Қала басшылығының “ұрыспаққа көңілі кеткенмен” Хожанияз деген бір қарияның бұлардан 
бұрын Абылайдың жеті кентті келісіммен бейбіт жолмен алғанын, оларды екі халыққа да 
жақын қожаларға билеткенін естеріне салып, қазақтар “тату тұрсақ сауда қылар” мұндай 
бәтуалы сөзге қалғандары құлақ қойып, дарбазасын аштырады. Ташкенде Абылай хан біраз 
тұрып, осындай екі жақты келісіп, шарттасумен Қоқан мен Хожантты да алады. Мөр басып 
қағаздалған шарт бойынша ол қалалардың әкімдері қылып “Өздерінің дайындаған 
адамдарын” қояды, ал олардың барлығының үстінен бақылаушы етіп, жарлықпен Төле биді 
бекітеді. Абылайдың оңтүстік жорығынан қазақтардың ұтқаны – “Зұлымынан сарт халқының 
құтылғаны”. 
Дастанның “Абылай ханның кесел болып дүниеден өткені” деген қорытындылық маңызы 
бар соңғы тарауын  біз “Абылай өсиеттері” деп, әдейі бөлім етіп қарастырдық. Оңтүстік 
жорықтан қайтып келе жатып, хан ”атасы үшін қысасын алмағанға қайғырады”. “Ақыры 

 
187 
қайғысының көптігінен, Ағзада қуат кетіп”, бойына кесел енеді. Ауруы меңдеп, Арыс 
бойына тоқтап, сол жерде кейіннен “Хан қорған” деп аталған қорған соқтырып, онда бір 
жылдай аялдайды. Көкшетаудан ұлы Уәлихан келіп, үш алаштың белгілі адамдары 
шақыртылады. Үш жүздің қариялары ханның есі кіріп, науқасы сәл бәсеңсіген уақытта 
кейінгіге не насихат айтарын сұрайды. Сонда ханның басқа халықтардағы бір адамның тілін 
алып, ”Шықпайды айтқанынан бөтен жаққа” жақсы дәстүр барын еске салып, сіздер де “бір 
адамға ерікті беріп, әрне десе қабыл көріп ынтымақпен тұрсаңыз, еш дұшпан жеңіп алмас 
сырттан келіп” деп, ақтық сөзі бірлік, ынтымақтық сияқты ел болуға жетелейтін 
қасиеттіүлгі етуге арналады. Халық Абылай ханның ”Һазіретке қойыңдар кетсем өліп” 
деген өтініші бойынша Сұлтанның оң жанына жерлейді. Уәлиханды хан орнына отырғызып, 
халық елді-еліне тарасумен дастан аяқталады.  
Дастанды төрт бөлімге бөліп, барлық 17 тарауын қарастыру кезінде шығармадағы Абылай 
және басқа хандар бейнесі, Абылайдың үш арыстың басын қосып, орталықтандырылған 
хандығының құрылымы, билеу жүйесі, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы 
айтылғандарды жинақтайтын  жалпы дастан, ханның тұлғалық бейнесі және де басқа 
мәселелер туралы кейбір түйіндеулер, ой-пікірлер. 
Біріншіден, бүкіл шығарманың басты желісі – Абылайдың қазақтың үш жүзін біріктіріп, 
айнала аңдыған жауға төтеп беретін қуатты бір орталыққа бағынған  мемлекет құруды 
жүзеге асырудағы әрекеттері мен мінез-қасиеттері, халқының көрген шарапаты: а) 
әрекеттерінің іс жүзіндегі орындалуы жолындағы ұйымдастырушылық шеберлігі; ә) жау 
қолында кеткен қазақ жерлерін халыққа қайтару жолындағы табандылығы; б) Абылай құрған 
орталықтанған қуатты мемлекеттің көршілерінен теперіш көріп келген әр жүз руларының 
сүйеніші, қорғаны болғаны, оны сезінуі. 
Екіншіден, бір орталыққа бағынған хандықтың ұйтқысы болған Абылай ханның бейнесі әр 
қырынан көрсетілген а) жас кезінен айқын біліне бастаған тектілігі; ә) дастанның әр 
тұсынан, әсіресе, қалмақ тұтқынындағы қалмақ ханынан басым түсіп отырған ақыл-
парасатыданалығы; б) тарихтан белгілі Абылай ханның қаталдығы бұл шығармада ел 
ішінде тәртіп орнату эпизодтарында ғана белгі береді; в) талдау кезінде, керісінше, ханның 
біраз тарауларында жүрегінің жұмсақтығы жиірек байқалады. 
Үшіншіден, көшпелі қоғамда ел билеушінің абыройы хан ордасында тақта отырып 
билегеннен гөрі, ат үстінде қол бастаған сәттерінде биік болатыны белгілі. Осы тұрғыдан 
алғанда Абылайдың халық алдында танылуы көбінесе ұрыс алаңында болып, а) жеке 
басының батырлықерліктапқырлығымен танылғанбатыр атағы болды; б) дастанның ұрыс 
эпизодтары суреттелетін тұстарындағы Абылайдың қолбасшылық таланты, бір жағынан, 
нақты ұрыстарда шебер тактик түрінде көрсетілсе, екінші жағынан, қалмақтарды қайтып 
бас көтерместей етіп, ел шетінен қуып тастағанда алысты болжай алатын стратег 
қолбасшылығымен де көрініс беріп отырады;  
Төртіншіден, Абылай ханның ел билеу жүйесін жетілдірудегі кейбір әрекеттерінің 
көрсетілуі. Бұл а) 11-тараудағы ел ішіндегі тәртіпті нығайту бағытындағы реформасын, 
оны іске асыру арқасында халықты жолда бос жатқан дүниеге тимес дәрежеге жеткізуі; 
ә) жорықтарға дайындық кезінде бар салмақты халыққа сала бермей, жорыққа шығатын 
жігіттердің мініс атынан бастап ішер тамағына шейін ел ішіндегі байларға, ауқаттыларға 
міндеттеу, оны орындамаған жағдайда олардың қатаң жазаға тартылатындығы. Бұл қазіргі 
заман жағдайында, мәселен, табиғаттан болатын төтенше кесапат, соғыс қаупі төнген кезде 
қоғамның әр топтарының, әр мүшесінің, өндіріс, мекеме орындарының өз міндетін білуін 
мідеттеу және оны орындамаған жағдайда жауапшылықтың болуын қамтамасыз етумен 
парапар жұмылдыру тәртібі (мобилизационное предписание); б) қазақ қоғамындағы далалық 
демократия тәртібімен хан билігінің босаңдығы, оның үстіне Тәуке ханнан кейін орталық 
үлкен хан билігі болмай, әр жүздің жеке тәуелсіз билікке ұмтылысы болғаны белгілі. 
Абылайдың қазақ хандық билігіндегі осы олқылықты айтып та (Абылай өсиеті), іс жүзінде 
де іске асыруы. 

 
188 
Бесіншіден, хан өмірі мен бейнесін суреттеудегі көмескілеу тұстары және олар туралы 
пікір:  
1)
 
7-тараудағы “Абылай хан әкесінен жетім қалды, Ирандар тәрбиесін қолына алды” 
жолдарындағы ирандар тәрбиесінің үлкен ықпалы “қай жерде патша болса 
яки бір хан, Болады ирандардың жәрдемімен” жолдарынан аңғарылады. 
Абылайдың көп жорықтарына қолдау көрсетіліп, әкесі билеген Бұхараға 
аттанар сапарында әулетіне көп қиянат жасаған Марайымнан кек алып, 
Бұхара тағына отыруға кедергі жасаған Нахшбанд Баһауаддин диуананың 
үкімімен жолының кесілуі дастанда түсіндірілмейді. Сол ойына алған ісінің 
болмауы “атасы үшін қысасын алмағанға қайғыруы” ақыры оны дертке 
ұшыратып, өлімге әкеледі.  
Біздің пайымдауымызша Баһауаддиннің Абылай ханның Бұхараға жорығын қолдамауының 
себебі ол ғұламаның дастанда көрсетілмеген Баһа әд-Дин Мұхаммед бин Бурхан әд-Дин 
Мұхаммед әл-Бұхари деген толық атын келтірсек ашылады. 14- ғасырдағы ортаазиялық 
сопылық ағымның ірі өкілі бұл діндар ғұламаның туған және жерленген жері Бұхара қаласы. 
Сондықтан ханның Бұхараға шабуылын қолдамағаны  түсінікті болады. Ал атына жалғанған 
Нахшбанд – бұл оның сопылық нахшбандийа бауырластығын ұйымдастырушылығының 
дәреже атауы. Дастандағы “ирандар тәрбиесінің” деп отырғаны ғұламаның иран тілді тәжік 
отбасынан шыққандығы және Баһауаддиннің сопылық ағымның парсылық бағытының өкілі 
болғандықтан.  
Орайы келгенде айта кету керек қазақ аңыздарында да дастандағы Абылайдың оңтүстікке 
жорығының сұлбасы бар. “Абылай ханның түсі” атты аңызда Шымкент, Сайрам, Ташкент 
қалаларына сарттан әкім қойып, Самарқанды қамап, енді алам деп тұрған түні көпшілікке 
белгілі “жолбарыстан... қоянға айналған...” түсін көріп, оны жамандыққа жорыған Бұқар 
жырау ақылымен Самарқанды алуға сәл қалғанда ұрысты тоқтатып елге қайтады. Қайтар 
жолда әлгі өз қолымен қойып кеткен сарт басшылары “жалпақ табан, жалаң аяқ сарттарды 
жинап алып, қосын қылып, ханды Арыс өзенінен өткізбейміз деп алдын тосып тұрады” 

11, 
326

. Хан сонда сарттардың сатқындығына және алдында батырларын таратып жібергеніне 
қатты өкініп, құса болып өледі. 
2) Дастанның тағы бір күңгірттеу тұсы бар. Абылай қазақтардың арыз-шағымы бойынша 
оңтүстіктегі қалаларға жорығының негізгі мақсаты қазаққа сарттар тұрғысынан теріс ниетті, 
бұзақылықты түзетіп қана қоймай ол қалаларды қазақ хандығына бағындыру болатын. Хан 
ол қалаларды алғаннан кейін қазаққа жартылай бағынатын Шымкент, Сайрам, Әулие ата 
қалаларының әкімі етіп, қазақты қоймағанмен сарттарға дін жағынан бір табан жақын қазақ 
ішіндегі қожаларды қояды. Мұны түсінуге болады. Ал Ташкенге, Қоқан хандығы қалаларына 
сарттардың өз арасынан сайлаған адамдарын билеуші қылып қоюды түсіну қиын. Жалпы 
бақылаушы етіп Төле биді қойғаннан ештеңенің өзгере қоймайтыны анық еді.  
Осыған байланысты біздің пікірімізше Абылай ханның сарттарға қолы батпай жартыкеш 
шешімге, жалпақшешейлікке баруының бір-ақ себебі бар – ол ханның иран тұқымдастарға 
бүйрегі бұратын жоғарыда айтылған ирандық тәрбиесі немесе парсылық сопылық 
көзқарасының әсері болар. “Сарт” сөзі (термині) “Қазақстан” энциклопедиясы (7 т., 2005 ж.) 
бойынша өзбектер мен тәжіктердің ежелгі отырықшы бөлігінің атауы. Қазақтың “өзбек өз 
ағам, сарт – садағам” деген сөзіне қарағанда бұл атау өзбектерден гөрі көбінесе иран тектес 
тәжіктерге таңылатыны аңғарылады.  
Біздің білуімізше, осы Шәді туындысынан және жоғарыда келтірілген аңыздан басқа көркем 
шығармаларда, ғылыми әдебиетте Абылай ханның ирандық тәрбиесі (парсылық сопылығы) 
мен одан жеген опығы туралы зерттеу түгілі еш мәлімет кездеспейді. 
3)
 
Тарихи дастандағы көптеген жер-су, адам аттары тарихи атауымен көрсетіліп, 
тарихи оқиғалар негізінен шынайы баяндалады. Неге екені белгісіз тек Абылай 
алдындағы хан тарихи деректерге үйлеспей Жәнібек деп аталады. Біздің 
ойымызша ол Әбілмәмбет хан. 

 
189 
4)
 
Абылай хан тұсында қазақ-орыс қатынасы біршама шиеленісті болғаны тарихтан 
белгілі. Дастанда бұл күрделі қатынасқа келгенде ақын қиындықтар болған 
жағдайларды айналып өтіп, шығарманың екі-үш жерінде кездесетін орыс-қазақ 
қатынасында өте сақ, орысқа шаң жуытпай, ылғи жылы сөз айтылады. Абылай 
ханның Үргенішке барған сапары баяндалатын тарауда: “Орысқа барған адам зиян 
көрмес, Мал алып саудагерге қорлық бермес... Хииуа барған қазақ халқы, 
Алдырып, қорлық көріп аман келмес”. 
Ақынның қазақ-орыс қатынасын бұлай тігісін жатқыза суреттеуінің екі себебін айтуға 
болады. Біріншіден, шындығындада да орыстар, жоғарыдағы келтірілген жолдардан 
байқалатындай, оңтүстіктегі өзбек-сарттардай емес саудада тазалау, қарым-қатынаста сәл 
жұмсақтау болған сияқты. Екіншіден, ақынның 1912 жылы “Россия патшалығында Романов 
нәсілінен хұқмұнарлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық 
заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы” деп аталатын баспа бетін көрген поэмасының 
негізгі мақсаты қазақ жұртын Ресейдің Петр бірінші патшаларынан бастап билеушілерін, 
қым-қиғаш тарихын мадақтай жырлау арқылы Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи 
қажеттілігін дәлелелдеу болған. Әбілқайыр ханды негізсіз осы идеяның авторы қылып 
көрсетіп, кіші жүзді бұдан тыныштық көргенін мадақтап, ал Кенесарының баласы Садықтың 
орыс әскеріне қарсы шыққан “жан түршігерлік” істерін сынап, Ресей империясы тұрғысынан 
жырлайды. Осыған қарағанда Шәді ақынды қазіргі елімізді қаптап кеткен орысшылдықтың 
тамыры тереңде жатқан алғашқы буыны ма деп қаласың. Абылай туралы жырдағы орысқа 
жылылық лептің қайдан есіп тұрғаны енді түсінікті болар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет