Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АРХЕТИПТІК ОБРАЗДАР МӘНІ



Pdf көрінісі
бет43/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АРХЕТИПТІК ОБРАЗДАР МӘНІ 
Кемалова С.М. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 1-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: 
Қамарова Н.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан 
Аңдатпа. 
Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Қыпшақ аруы» романындағы архетиптер 
талданады. Жазушы шығармасынан келтірілген үзінділерге иек арта отырып, кез-келген 
ертегі, миф, әдеби шығармалардағы ескерткішке айналу, оған жан біту, жалпы ескерткіш 
образы алғашқы қауымдағы адам мен табиғат бірлігіндегі ұғымнан бастау алатындығы 
туралы байыпталады. Архетип туралы ғалымдар еңбектеріне шолу жасала отырып, қаламгер 
шығармасындағы архетипке жан-жақты талдау жасалады. 
Түйін сөздер:
қазақ әдебиеті, архетип, Мұхатр Мағауин, «Қыпшақ аруы» романы, 
идеялық өзек. 


149 
Мұхтар Мағауиннің «Қыпшақ аруы» романының идеялық өзегі кейіпкердің 
ескерткішке айналуы болып табылады. Яғни, ескерткіш, тас мүсін образымен кездесу.
«Қыпшақ аруы» туындысында «тұлғаның екіге жарылу», «алтын ғасырды аңсау» сынды 
архаикалық сарындар бар.
«Ескерткіш», «тас мүсін» образы әлем мифтерінде де, әдебиетінде де жиі кездеседі. 
Адамның тасқа айналуы немесе керісінше ескерткішке жан біту, оның адам өмірінің 
жалғасы ретінде есептелуі мифтік кеңістіктен (бейсаналықтан) жеткен ақпарлар деп білеміз.
Мұхтар Мағауин «Қыпшақ аруы» романында бұл мәліметтерді кейіпкер аузына 
сыналап салғысы да келген. Мүсінші Саржан жазушының ескерткішін жасауға ұсыныс 
білдіреді.
«– Мен үшін үлкен абырой, – деді. – Кейін, жиырма жылдан соң, құдай жеткізсе, елу 
екі жасыңда және бір рет қалыптаймын. Содан, жетпіс екіңде тағы. Нақ өзі деп. Ұлттық және 
халықаралық көрмелерде үшеуін қатар қоямыз. «Ұлы жазушының үш кезеңі» деген 
тақырыппен...» [1].
Алайда жазушы бұл ұсыныстан бас тартады.
«– Болмайды, – дедім, Саржан шынымен айтып тұрғанына көзім жетіп. – Мен – 
тәңгірге аруаққа және тылсымға сенетін кісімін. Жадағай, жалғыз-ақ өлшемдегі фотосурет 
емес, басыңның, бар бітіміңнің нақпа-нақ көшірмесі – қолдан жасалған сыңарың... Мүмкін, 
шайтан қонар. Ең қорқыныштысы – менің жаным өзімді тастап, сол мүсінге көшіп кететін 
шығар. Түгел болмаса да, тең жарым, бөлшек бітісімен...» [1, 2].
Келтірілген үзіндіде Мұхтар Мағауин ежелгі египеттіктер сеніміндегі жанның Ка 
бөлегіне келетін сипаттарды анық келтірген. Бұл құбылыс роман соңында толық іске асады 
да. Әдебиеттегі аталмыш желілер жайлы басқа мысалдарды келтірмес бұрын, миф, ертегі, 
аңыздардағы ескерткіш образының орнын нақтылап алсақ.
Мифтерде адамның тасқа айналып кетуі жиі кездеседі. Бұл жайында академик Серік 
Қирабаев: «Ең көне мифтерде жанды-жансыз табиғаттың бірлігі, адам мен табиғаттың 
бірлігі, адам мен табиғаттың теңдігі туралы түсініктер айқын көрініс береді. Осы 
ұғымдардың нәтижесінде адам өзін қоршаған табиғаттан, жан-жануарлардан бөлмейді. 
Соның салдарынан мифтерде адам аңға, құсқа, тау-тасқа оп-оңай айнала алады. Бұл – 
алғашқы қауым адамының жер бетіндегі, яғни өзінің маңайындағы заттарды «тануға» 
ұмтылғанының белгісі. Сонымен қатар бұл мифтер алғашқы қауым адамына тән 
мифологиялық сананың бірінші сатысын көрсетеді [2]» деп жазған. Академик бұл кезеңді 
адам өзінің өлі табиғаттан, жан-жануарлардан бөлек екенін сезінгенге дейінгі жағдай деп 
көрсетеді. Рух-иелік мифологиядағы аңдардың пайда болуы, негізінен адамдардың азғындап, 
күнәлі немесе кінәлі болғанымен байланыстырған ғалым, тау-тастардың, тағы басқа 
объектілердің жаратылуы адамды жазалаумен ғана емес, басқа да жағдайлармен байланысты 
болып келетінін айтқан.
Келтірілген үзінділерге иек арта отырып, кез-келген ертегі, миф, әдеби 
шығармалардағы ескерткішке айналу, оған жан біту, жалпы ескерткіш образы алғашқы 
қауымдағы адам мен табиғат бірлігіндегі ұғымнан бастау алады деп болжам жасағымыз 
келеді.
Қазақ мифологиясына адамның тау-тасқа айналып кетуі таңсық емес. «Қырық қыз» 
тауы адамдарға төнген қауіптен пайда болса, «Жеке батыр» адамның қатты шаршап, 
ұйықтап кетуінен пайда болады. Ал, «Келіншектау» – әке қарғысынан тауға айналған адам, 
яғни мұнда рух-иелік мифологияға тән кінәлі адамды жазалау әдісі көрініс береді.
Ертегілерде кім орталық қаһарманға қастандық жасалуы мүмкін екенін айтып қойса, 
сол тасқа айнылып кетеді деген желі бар.
«Соңғы бұрыштан шыққан дауыс:
– Егер Ахметбек осыны біліп, біреуге айтатын болса, қара тас болып қатсын, – дейді. 
(«Ахметбек пен Хасан» ертегісі)» [3]. Ағайынды қос баланың үлкені «Күндерде бір күн аңда 
жүріп бір қалың тоғайға кездесті.


150 
Сөйткенше болған жоқ қара дауыл соғып түн болды. Аңдарын жинастырып тұрса, бір 
үлкен бәйтерек тұр екен. Бәйтерекке жақын келсе, бәйтеректің түбі аң қалпында, мал-жан 
қалпында қатып қалған қара тас, таң қалып жанына жақын келсе, бәйтеректің басында бір 
кемпір отыр. Жігітке қарап кемпір: «Қарағым, мына ағашты ырғашы», – деді. жігіт нанып 
ағашты ырғап қалғанда жігіт те, аты да, аңдары да қара тас болып қатып қалды.» («Алтын 
құс» ертегісі) [3, 273]. Оны қайта қалпына келтіруге інісі көмектеседі.
Әлем мифтерінде, ертегілерінде адамның тас мүсінге айналуы немесе адам кейпіндегі 
тасқа жан бітуі кең таралған. Жөйіт фольклорындағы Голем атты саз-балшықтан жасалған 
кейіпкер жөйіт халқын қауіптен құтқару үшін тіріледі. Бұл қатарға Крит теңізінің сақшысы 
Талосты, Пигмалион және Галатея мифін, Дон жуан аңызындағы командор ескертішін қосуға 
болады. Прозада ескерткішті шешуші образ ретінде пайдаланған туындылар да өте көп. 
Ғалым Роман Якопсон «тірілетін және өш алатын ескерткіштер» архетиптік сюжеттері 
жайлы ғылыми мақаласында «Тас қонақ», «Мыс салт атты», «Алтын әтеш жайлы ертегі» 
үштігін көрсетеді.
Орыс әдебиетінде бұл тақырыпқа Бушков («Ақын мен супері», «Таңғажайып 
Катерина»), ағайынды Стругацкийлер («Тағдырлы бұршақ»), Елена Артамонова («Айна 
ішіндегі әруақтар»), Елена Усачёва («Ескерткіш тірілгенде»), Леонид Влодавец («Ұлы 
Некромансер», «Сұмырай құбыжық»), Владислав Крапивин («Сары шалғындағы 
кептерхана» трилогиясы), Борис Штерн («Жалаңаш сұлу немесе құмыра көтерген жалаңаш 
қыз»), Дяченко («Пентакль»), Венера («Қалалық әлем»), К. Кинн мен Н. Некрасов («Жылдың 
ең тыныш кезі»), В. Камши («Адам атағының арбауы»), Ольга Голотвина («Силуранда 
кездескенше»), Сергей Лукьяненко («Черновик»), Ирина Сергиевская («Кариатида»), 
Михаил Успенский («Шойын салт атты»), Сергей Сухинов («Зүмірет қала»), С. Ижорский 
(«Бақылаушы»), Ник Перумов («Қылыш қорғаушылары»), Игорь Росоховатский («Уақыт 
аралығында кездесу») т.б., әлем әдебиетінде италия ертегі («Флорио құпиясы»), Проспер 
Мериме («Иллдік Венера»), Сельма Лагерлеф («Нильстің жабайы қаздармен таңғадайып 
саяхаты»), Джанни Родари («Көп жебенің саяхаты»), Ганс Христиан Андерсен («Ең 
таңғажайып»), Памела Трэверс («Мэри Поппинс»), Р.Л. Стайн («Қорқыныш саябағындағы 
бір күн» повесі), Роджер («Темірші»), Эдит Несбит («Мұражай экспонаты»), т.с.с. авторлар 
қалам сілтеген.
Зерттеу нысанындағы «Тұғыр мен ғұмыр», «Қыпшақ аруы» романдарына жекелей 
талдау жасауға көшсек.
Мұхтар Мағауиннің «Қыпшақ аруы» - романы терең психологиялық шығарма. Ол 
бірінші жақтан жазылғандықтан өне-бойындағы ұжымдық бейсаналықтан алғынған тұрақты 
архетиптік образды табу біршама күрделі. Себебі, оқиғаны баяндаушы (автор) өзі де белгілі 
бір архетиптік образдың ролін иеленген. Әдетте, автор шығармасын бірінші жақтан жазған 
кезде орталық кейіпкердің орнында болады. Себебі, барлық оқиға оның айналасында өтіп 
жатады. Менің талдауым бойынша бұл романда баяндаушы (автор) сапар (оқиға) куәгері 
ретінде ұсынылған. Ол бас қаһарманмен бірге саяхатқа шығу үшін мономиф желісіндегі 
тұрақты кезеңдерден өзі өткен. Бұл кезеңдерден, атап айтқанда «қалыпты кеңістікті 
жатсыну», «хабаршының келуі», «табалдырықтан аттау» инициациялары авторға орталық 
кейіпкердің сипаттарын дарытқанмен, ол шығарма соңында «сыйлық (алтын қылыш, 
мәңгілік өмір, ханшайым т.с.с.)» иегері атанбайды. Бұл автордың нақты бас қаһарман 
еместігінің белгісі. Оның қай архетиптік образдың орнында екенін анықтау үшін шығармаға 
құрылымдық талдау жасайық.
Роман баяндаушының «қалыпты кеңістікке көңілі толмайтындығымен» басталады. 
Бұл сапарға аттанудың алғашқы белгілері. Ертегілердегі аштық, жұт, құрғақшылық сынды 
нәубеттен шығатын жол іздейтін кейіпкерлердің сапарға аттануы да осыған саяды. Кейде 
белгілі бір ақпаратты, өткен оқиғаны естіген кейіпкер сол сәттен бастап «қалыпты кеңістікті» 
жатсына бастайды. «Жайлы кеңістікті» жатсыну, басқа, көңілі аласұрып іздеген жерді аңсау, 
іздеу, сапарға ұмтылу әрекеті «Қыпшақ аруы» романында жазушының өз жазғандарына 
көңілі толмау әрекетімен көрінген.


151 
«Ал әлгі, әжептеуір деген екі әңгіме – ол да сол төңіректегі мұң мен зардың бұр 
ұшығы...» [1, б. 3] – дейді қаламгер жазған-сызғанына көңілі толмай. «Қалыпты кеңістікке» 
көңілі толмаған кейіпкер міндетті түрде жаңашылдықты, тығырықтан шығар жолды іздейді. 
Бұны романның келесі жолдарынан байқай аламыз. «Өрелі, өзгеше туынды керек еді. Соны 
тақырып, тың толғам, ұтқыр шешім» [1, 4]. Бірақ, мәселе оңай шешілмейді. Хабаршының 
бірнеше рет келуі сынды, қаламгер де қанша жазса да, не жазса да ойындағыдай болмайды. 
«Бұл да ежелгі сарын болып шықты. Бұрыңғы гөй-гөйіміз» [1, 4]. Қаламы жүрмей «таң 
атқанша сілейіп отыратын...» жазушы жазу бөлмесіндегі «мүлде былығып кеткен» 
кітапханасын реттеуді бастап кетеді. «Қыпшақ тас мүсіндері» кітабы сол кезде қолына тиеді. 
Кітапты парақтап қыпшақ аруының «...тілсіз тас мүсіннің жансыз, көшірме суреті... [1, б. 5]» 
тұрған бетті ашады. Бұл сурет «хабаршы» архетиптік образының міндетін атқарып тұр. 
Кэмпбелл кейіпкердің «шақыртудан бас тартуы» жайлы кең көлемді зерттеуінде «қаһарман 
хабаршыны көбіне үш рет қабылдамай қояды» деп жазады. Біз оны зерттеу жұмысымыздың 
алдыңғы тарауында Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романынан мысал келтіру арқылы 
көрсеткен болатынбыз. Бір қызығы, «Қыпшақ аруында» баяндаушы автор «хабаршы суретті» 
бірінші көрген соң жаба салады. Сосын: «таңбалы бетті қайтадан аштым» – дейді. Және сәл 
қиялға берілген соң, «қайтадан жаптым. Бірақ дегбірім жетпеді. Демімді тартып, дәтімді 
бекітіп, тағы жүздестім» [1, 5] деп жазған.
Романның кіріспе бөлімі осылай тәмәмдалады. Автор лирикалық шегініс әдісін 
пайдалану арқылы өрбітетін негізгі оқиғаға көшпес бұрын, оқырманға «кіріспе-оқиға» 
ұсынуды жөн көрген. Екі оқиғаны екі бөлек қарастыру қате. Себебі, тұтастай алғанда 
кіріспе-оқиға мен негізгі оқиғаның архетиптік образдары бір. Мысалы, «хабаршы» 
архетиптік образының міндетін атқаратын «Қыпшақ тас мүсіндері» кітабындағы сурет 
баяндаушыны да, Саржанды да сапарға аттануға шақырады. Бұл ретте кіріспе-оқиғаның 
кеңістігі мен уақыты қазіргі күнге, ал негізгі оқиға бұрын өткен жағдай екендігін ескере 
отырып, Кэмпбелдің «апафез» терминімен аталатын «сапарға шығып келген қаһарман үшін 
кеңістіктер мен тылсым әлемнің шекарасы жойылады, ол енді екі әлемнің де иесі атанады» 
[4, 247] деген тұжырымын келтіргіміз келеді.
Баяндаушының Саржанмен танысуы «әлдебір ортақ ақсақалдың үйінде, жыл жаңарған 
наурызда, қонақта» [1, 5] болуы ерекше назар аудартатындай мәлімдеме деп ойлаймыз. 
Мономифтегі, яғни жер бетіндегі барлық мифтердегі ортақ оқиға желісінде кейіпкерге 
алғашқы болып хабаршы мен данышпан архетиптік образы кез болады. Автор жазатын «жыл 
жаңарған наурыздағы әлдебір ақсақал» – әдетте ақсақал образында көрінетін «данышпан», 
«ілкі жебеуші» образын еске салатыны анық. Бірақ, оны нақты данышпан архетипі деуден 
аулақпыз. Автор кейіпкерлерді таныстыруда бейсанылық тұрғыда «данышпан» бейнесіне 
жүгінген.
Саржан – «Қыпшақ аруы» романының бас қаһарманы. Ол да «қалыпты кеңістікті» 
жатсынып, көңілі толмай жүрген образ. Бұл әркетін келесі жолдардан анық байқауға болады.
«...Бәрі болады, бәрін аласың. Тек... көресің әлі, ешқандай қызығы жоқ...» [1, 6]. 
Мүсінші қандай дүние жасап шықса да, рухани қанағаттанбайды.
«– Кезекті халтура, – деді қазақшалап. – Сонымен өмір өтіп барады...» [1, 5]. Өз 
туындыларына көңілі толмай, жаңа дүниелер тапқысы келеді. Кеудесіндегі ізденіске, жаңа 
кеңістік ашуға деген ұмтылыс бар. Ол жайында ашық айтады:
«Бұдан соң жаңа бағдар тапсам керек еді» [1, 6].
«Қанша толғансам да тетігін таппадым» [1, 6].
Қалыпты кеңістіктің «саналық қабат» екендігін, ал «мәселенің туындауы» 
бейсаналықтағы комплекс екендігін зерттеу жұмысының басында айтқан болатынбыз. Бұл 
жерде автор тығырықтан шығатын жолды өзінің бейсанасына сапарға шығу арқылы ғана 
шеше алады. «Алды-артың түгел... жабық. Бірақ қашанғы тұншығып отырасың. Біз... мен 
жаңа бағыт, жаңа жол табуым қажет. Мұрат тұтқан межелі жерге жететін. Қия болса да, 
қиғаш болса да. Және құлап мертікпейтін. Айтқанға оңай. Бауырым, білуге тиіссің, тыңнан 
сорап салу үшін гений болу керек!» [1, 6].


152 
Маңызды дүние ешқашан оңай қолға түспейді. Баяндаушы белгілі бір кедергілерден 
өтіп, құнын төлеп, кітапты алып келеді. 818 беттегі ескерткіштің суретіне аялдайды.
«– Кім бұл?
– Қыпшақ аруы» [1, 11].
Қыпшақ аруының кескінін, тұрпатын, бейнесін қалыптастыруда жазушы қандай да бір 
нақты балбалтасты үлгіге алуы мүмкін деген болжам жасағымыз келеді. Немесе сол заманғы 
ескертіштерге тән бейнелерді, детальдарды жинақтаған болуы мүмкін.
«Бөбешегіне дейін әсем сызылған, толық қос анар салбырай иіп тұр. Тоқ құрсақта – 
екі аяғы созылған, екі қолы жайылған нәресте бейнесі. Қыз бала. Сәбидің сол қолы – 
жоғарыда, сол жақ емшек үстінде, оң қол – тітіреп тұрған оң мамасын ұстаған. Одан төмен... 
арудың жұмыс, толық екі саны, екі сан аралығы – сырлы үшбұрыш – дөңестене бере, ортасы 
қақ айрылып, молынан, ойыла қашалған, айқын бедерлі, айдынды, әсем әурет... Ана! Бар 
тіршіліктің бастауы, ару ананың екі қолы кіндік тұсынан қусырылған. Салалы, сүйрік 
саусақтар аузы иіле біткен, бүйірі шығыңқы, жұмыршақ құмыра ұстап тұр. Құт-береке!» [1, 
11]. Келтірілген үзіндідегі нәресте бейнесі шығарма желісіндегі байланыс үшін қосылған 
ақпарат сынды. Романдағы оқиға тізбегінде Айсұлу бегім ғасырлар бұрын босана алмай 
қайтыс болғанын, алайда кейін бүгінгі заманға түсіп, дәрігерердің арқасында дүниеге дені 
сау қыз бала келетіні айтылады. Осы оқиғаны байланыстыру мақсатында ескерткішке 
«өзгерістер» енгізгендей. Ал енді түпнұсқадағы ескерткіш өмірде бар болуы мүмкін.
М. Мағауин «Қыпшақ аруы» туындысында пайдаланған әдеби әдіс-тәсілді Батыс 
әдебиетіне теліген пікір болған. Атап айтқанда А.О. Тоқсанбаева ағылшын жазушысы Оскар 
Уайльдтың «Дориан Грейдің портреті» (1891) атты шығармасынмен үндестігі бар екендігін 
атап көрсеткен. Ғалымның пікірінше: «кейіпкердің жаны өзі салған суретке көшіп кетуі» 
идеялық тұрғыда ұқсайды. Алайда, «суреттің иесімен бірге қартаюы, кейіпкер жасаған бүкіл 
күнә мен бассыздықтардың табы мен таңбасы суреттің бетіне түсіп отыруы» [5] идея 
арнасын басқа бағытқа бұрып жіберген.
Қорыта айтқанда, «Қыпшақ аруы» романы архетиптік желілер анық байқалатын, 
кейіпкерлері санаулы ғана болса да, дәстүрлі архетиптік образдарды толық қамтыған. 
Романда әмбебап құрылымдық кезеңдер өз ретімен орналасқан.
Ғалым Мақпал Оразбек: «... архетип көркем әдебиетке, ақын-жазушылардың 
шығармашылығына тікелей қатысты екенін байқаймыз. Шығармашылық психологиясын 
зерттеуші ғалымдар көркем шығарманың тууын, идея мен символдардың жанды суретке 
айналуын, адам санасының терең түпкірінде жасырын жатқан, күллі адам баласының 
жаратылысында туа біткен кескін, бейнелерден іздейді [6, 8],» - дейді. Бұл пікір К.Г. Юнг 
пен оның шәкірті Э. Нойманн айтқан: «Бағзы [первобытный] образ немесе архетип – адам 
немесе демон кескінді фигура, бұл тарих қойнауында пайда болып, үнемі қайта туындап 
отыратын процесс барысында творчестволық фантазияның (шығармашылық қиял) өзін-өзі 
танытуы» [7]» деген сөзіне саяды. Ғалым шығарманы дүниеге әкелуші автордың 
шығармашылық процесс барысында өз психикасында бұрыннан бар бағзы архетиптік 
образдар елесі негізінде өзі де ойламаған кездейсоқ, бірақ нақты әрі жаңа образдарды да 
кемелділікпен бейнелейтінін айта келе, Юнгтің «шығармашылық процесс кезіндегі 
автордың көптеген зерттеушілер шешімін таба алмай жүрген «жұмбақ» күйін, оның 
творчестволық тұлғасындағы «архетип образдардан бастау» алып, соның ырқында барлық 
басқа дүниені ұмытып, о баста өзі ойламаған кейіпкерлерді тудырып, сұмдық ситуацияларды 
кейіпкерінің бейсаналық ырқында суреттеп кететінін» түсіндіріп береді.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Мағауин М. Қыпшақ аруы. – Алматы: Атамұра, 2006. – 250 б.
2. Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. – Астана: Аударма, 2002. – 584 б.
3. Қазақ халық әдебиеті: көп томдық / ҚазССР Ғылым акад. М.О. Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер ин-ты. – Алматы: Жазушы, 1988. – Т. 3. – 312 б.


153 
4. Кэмпбелл Дж. Тысячеликий герой. – СПб: Питер, 2008. – 560 с.
5. Тоқсамбаева А.О. Мұхтар Мағауин шығармаларының көркемдік-эстетикалық 
танымы // Қазақ әдебиеті. – 2005. – №4. – Б. 36-42.
6. Оразбек М. Автор және шығармашылық процес: монография. – Алматы: Атамұра, 
2003. – 488 б. 
7. Юнг К.Г., Нойманн Э. Психоанализ и искусство. – М.: Рефл-бук, Ваклер, 1996. – 
304 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет