Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Pdf көрінісі
бет45/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

САБЫР АДАЙДЫҢ РУХТЫ ЖЫРЛАРЫ 
Асамадинов Н.Е., 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: 
Қамарова Н.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан 
Аңдатпа.
Бұл мақалада ұлттық рух туралы зерделеніп, ұлттық рухтың 
патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі екені, қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті 
өкілдерінің бірі Сабыр Адай поэзиясының өршіл рухы туралы айтылып, рухты өлеңдері
талданады.
Түйін сөздер:
қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы, Сабыр Адай, ұлттық рух, өршіл пафос, 
ұлттық мінез.
Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. 
Өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын 
ғана сөз етудің өзі – үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан 
поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Сабыр Адай екендігінде дау 
жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар 
ақын есімімен байланысты келді. ХХ ғасырдың соңының өзі сан алуан оқиғаларға толы 
болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы 
халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын С.Адай өзі көріп куәсі болған 
халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс 
бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері ұлттық рухтың мәні мен мағынасын айқындап берген 
жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Адам рухына 
қатысты, қазақ тілі – ұлт тілі туралы да рухтана жазып жүрген ақын. Ақын қай мәселені сөз 
етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау 
алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады. Ақын, 
қоғам қайраткері С.Адай поэзиясының қайнар көздері ұлтымыздың тарихымен сабақтас.
Ұлттық рух – халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-
мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. 
Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез 
келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық толсанасы арқылы 
бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным 
тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз 
үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас 
қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен 
ұстайтын зат болмағандықтан, Ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем 
шығармашылығынан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани 
мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық рухы бар дегенде, оның өзі жайлы 
дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, 
өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып 
ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, 
оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, ділі, мінезі, мәдениеті, 
әлеуметтік-саяси мұрат-мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және ұлттық 
рухтың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұлттық рухтың буырқана бой 
көрсетер тұсы бодандық бұғауына қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол 
кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының 
маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін 
де зор. Ұлттың рухани тәжірибесін саралап-салмақтау үшін мол мағлұмат беретін басты 
байлығы оның сөз өнері.


158 
Сабыр Адай шығармашылық асыл арқауы ұлт рухының болмыс-бітімімен қабат 
өріліп, бірегей тұтастыққа ұласып кетуі бүгіндері өлеңді кие тұтқан қара орман халықтың 
бөлінбес ырысы сынды қастерлі құбылысқа айналды. Әр өлеңі әнге сұранып тұрған, 
толғаулары жыраулар сарынымен үндес, қара өлеңнің өрісін кеңітіп, тұлпар қанат бітірген, 
эпикалық кең тынысты поэмалары арқылы алаш тарихының алып панорамасын сомдаған 
ақын бүгіндері алдыңғы буын ағаларындай ұлтының ар-намысы үшін үн қататын қайраткер 
қаламгерге айналды. 
Ақын «Бұл қазақтың кімі бар?!.» өлеңінде былайша толғанады: 
Бұл қазақтың кімі бар?!. 
Жастары бар – жалынды! 
Таланты бар тағдырлы, бастары бар дарынды. 
Бұл қазақтың кімі бар!?. 
Ерлері бар – қылышты. 
Дер кезінде қадірін ердің білген дұрыс-ты. 
Бұл қазақтың кімі бар !?. 
Аруы бар – ақ бесік! 
Ақ бесікте іңгәлап аршыландар жатты өсіп. 
Бұл қазақтың кімі бар!?. 
Алласы бар – аппақ нұр. 
Калимасын қарт айтып, жас дұғасын жаттап тұр. 
Бұл қазақтың кімі бар!?. 
Тәңір сүйген, құл қалған! 
Қыз-қызғалдақ, ұл-балдан! 
Қыздан – қыдыр, кетпесін де ұлдан – мән! [1, 531]. 
Ақын бұл қазақтың кімі бар деп толғана отырып, жалынды жастарқылышты ерлер, ақ 
бесікті ару бар деп марқаяды. Аузында Алласы бар ұл мен қыздың өсіп келе жатқанына 
қуанады. 
Нағыз көркем сөз шеберлеріне тән басты қасиет – шыққан тегінің асыл қасиетін 
бойына сіңіріп, соны өнер тілінде ұлықтай білу. Бірақ ұлықтай білу деген беталды жел сөзге 
ерік беріп, дәлелсіз дәріптей беру емес. Шынайы дарын иесі өзін де, өзіне тағдыр сыйлаған 
ортаны да, сол ортаның өзгеге ұқсамайтын еректігі мен даралығын тани да, таныта да біледі. 
Ұлттық рух – патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі. 
Бұл 
ұлттың 
ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігін 
көрсетеді. Ұлт мүддесін қорғаушылардың бірі қайсар ақын Сабыр Адай – жан-
тәнімен түгелдей өз халқы мен еліне арнаған үлкен жүректі азамат. 
«Жүрегімде әр қазаққа орын бар!» өлеңінде: 
Қайталадым, осы сөзден танбадым, 
Қуып келем қос үрейдің қаңбағын. 
Жаратылған күдік пенен үміттен, 
Суға кеткен жандай талды қармадым. 
Батыр бабам, қорым біткен ерлерім, 
Дүниенің дүбірлеткен шеңберін. 
Жүрегімде әр қазаққа орын бар – 
Жан отымсың жарқыраған сен менің. 
Намыс баққан елден сұра бақытты, 
(Жолдас қылма жолға шықсаң жасықты.) 


159 
Ұлтқа тұлға қылғанменен оңбассың, 
Уызында жарымаған пасықты [2]. 
Жырларымен оқырман жүрегін жаулаған бұлбұл көмей ақынның қоғамдағы 
буырқанған әлеуметтік кеселдерді бетің-жүзің демей өткір сынайтыны оның азаматтық ашық 
көзқарасын білдіреді. 
Ақын тәуелсіздікті талмай толғайтын, ерлікті тынбай жырлайтын елдіктің жампоз 
жыршысына айналды. Тәуелсіздікпен бірге томағасы сыпырылған сұңқардай саңқылдаған 
ақынның тынысы кеңейді, өрісі ұзарды. 
Жақсының бойы-жан ізгі. 
Жаныма нұрын тамызды. 
Айбалта бірақ неғылсын, 
Атадан қалған аңызды. 
Қабыртқа тұсы ашылып, 
Ақ құмдар қалды басылып. 
Тамырдан шауып талқан ғып, 
Сексеуіл жатыр шашылып. 
Бел берді міне беріктім, 
Күлі де шықты көріктің. 
Боз қаңбақ боздап жөнелді, 
Үстінен аттап өліктің. 
Сексеуіл сертке құл еді, 
Серттесіп мың жыл тұр еді [1, 339], 
деп жырлаған ақын қазақтың ұғымындағы бұрынғы Отан, ел, жер сияқты қасиетті 
ұғымдарды жаңаша жырлады. Әсіресе елдіктің бекем қазығына айналған айшықты 
астананың сәулеті шайырға шабыт қосты. Халықтың ауыз әдебиет үлгілерімен тұшынып, 
сусындап өскен, жыраулар поэзиясын бойына терең сіңірген арқалы ақын елдік пен ерлікті 
арқау еткен тарихи тақырыптарды, «байтақ жердің бір сүйемін жауға бермеген» батырларды 
көсіле жырлайды. 
«Жаудың малы секілді» өлеңінде: 
Қарға күлді, 
Қара суық есірді, 
Намазшам мен күтіп алдым бесінді. 
Төрт құбыла түгел обыр, жебірмен, 
Қазақстан – жаудың малы секілді [1, 340], - 
деп налиды. Ақын «қарға күлді, қара суық есірді» жолдары арқылы бейнелі сөзбен ой 
тастайды, 
жебір 
қоғамға 
ызасын 
білдіреді. 
Ақын 
өз 
ойын 
бүкпелемей,
Қазақстан жаудың малы секілді кім көрінген жебірге жем болып жатқанын да қайсарлықпен 
айта білген.
Көрнекті ақын Сабыр Адайдың ерлік пен тектілікті арқау еткен, қасиетімізді ұлықтап, 
қастерлімізді құрметтеген жырлары рухымызды асқақтатып, елдік санамызды орнықтыруға 
оң ықпал ете берері анық. 
Мұрагер жүрсе ізіңде, 
Тілегің қабыл болғаны. 
Тіл қатпайсыз, Сіз мүлде 
Тек Сізге аян, ол жағы!? 
Амандық-саулық , ел тыныш, 
Айтқанға оңай бәрі де. 
Ағатай алғын кел тыныс, 
Сол жарасар кәріге [1, 338]. 
Ақын мұрагер туралы өлеңінде баяғының жырауларынша ой толғаған. Сабыр 
Адайдың «Әр қазақ – менің жалғызым», «Маңғыстау – көздің қарасы», «Алтынзер» тағы да 
басқа көптеген авторлық өлеңдері қазір өлең сүйер оқырманның көкейінде жүр.


160 
Сабыр Адай – тәуелсіз Қазақстанның арлы, рухты, намысты ақыны. Өткір тілді азулы 
ақынды ХХІ ғасырдың Махамбеті десек, артық айтқандық емес. Оның өлеңдерін әр қазақ 
жатқа оқиды. Бұл оның озықтығын, өз заманынан аса туғандығын білдіреді. Ол өлеңдерімен 
бар қазақтың бойынан ұлттық намысты, рухты оятады. Сабыр Адайды халқы сыйлайды, 
құрметтейді. Оның шығармашылығы қашанда жоғары бағасын алып отыр және болашақта да 
жоғары бағасын ала береді де. Өлеңді пір тұтқан Сабырдай ақыны бар қазақ – бақытты 
халық. Ақынның рухты жырлары халқы барда мәңгі жасайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Адай С. Алтынзер. Өлеңдер. Алматы: Арыс, 2016. – 776 б. 
2. 
Адай 
С. 
«Жүрегімде 
әр 
қазаққа 
орын 
бар!» 
https://adebiportal.kz/kz/news/view/sabir_adai_zhuregimde_r_kazakka_orin_bar__2776https://adeb
iportal.kz/kz/news/view/sabir_adai_zhuregimde_r_kazakka_orin_bar__2776
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет