Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Тажигулова Батима Мажитқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент м.а., Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті, e-mail tashigulova@mail.ru
« МӘҢГІЛІК ЕЛ»  ИДЕЯСЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ 
ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Түйін. Мақалада еліміздің  жастарына патри-
оттық  тәрбие  беруде  «Мәңгілік  ел»    идеясының  
маңызы  туралы  айтылған.  Патриоттық  тәр-
биенің  мазмұны,  көріністері  мен  бөлімдері  атап 
өтілген. Патриотизм түсінігі бағыттары бойын-
ша ғылыми зерттеулер жүргізген шетелдік және 
отандық ғалымдар еңбектері қарастырылған.
Резюме. В статье излагается особая роль идеи 
«Мәңгілік  ел»  в  патриотическом  воспитании  со-
временной  молодежи.  Отмечены  содержание, 
проявления и разделы патриотического воспита-
ния.    Рассмотрены  труды  по  патриотическому 
воспитанию    зарубежных  и  отечественных  уче-
ных.
Summary. The article describes the special role of 
the idea of «Mangilik el» in the patriotic education . 
In the article it is noted the content, presentation and 
sections of patriotic education. Considered works on 
patriotic education of foreign and domestic scientists.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл 
–  қазақстандықтардың  біртектілігі  мен  бірлігінің 
ауқымды  да  бірегей  генетикалық  бағдарламасы. 
Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыста-
рымыздың  негізгі  форматын  ұрпақтан  ұрпаққа 
жеткізуі тиіс. Онда экономика мен саясаттың, мо-
раль мен діннің мәселелері, Қазақстанның жаһан-
дық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз бір 
арнаға  тоғыстырылған.  Патриоттық  акті  бірінші-
ден, халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүй-
есінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтар, 
екіншіден, мемлекеттің, қоғамның және азаматтар-
дың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өр-
кендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі. 
Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымы-
здың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патри-
оттық акт арқылы анықтайтын боламыз» - деді [1].
  Патриотизмге  тәрбиелеу  –  ұлттық  қауіпсіздік 
жүйесімен  шектесетін  ең  өзекті  мәселелердің 
бірі.  Еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  біздің 
еліміздің  ұзақ  мерзімді  даму  әлеуеті  шеңберінде 
абзал міндеттерінің бірі ретінде  қазақстандық па-
триотизмді  қалыптастырудың  міндеттерін  айқын-
дап берді.  Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауын-
да  жастардың  патриоттық  тәрбиесіне  баса  назар 
аударады.  Елбасының  тапсырмасымен  «Мәңгілік 
Ел»  патриоттық  актісі  әзірленді.  Бұл  құжаттың 
мемлекеттік  маңыздылығы  Қазақстан  білім  ұй-
ымдарының  басшыларын,  мұғалім-практиктерді 
патриоттық  тәрбиенің  жеті  қағидаты  формасын-
дағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсін-
діру жұмыстарын жүргізуге белсенді кірісуге мін-
деттейді[2].
Патриоттық  тәрбие  –  Отан  түсінігі  бір-бірі-
нен  ажырағысыз  ұғымдар.  Отанға  құрмет  көрсе-
ту тұрғысындағы сезім жалпы адам баласына тән 
туған  түйсік-қасиет,  оның  еліне,  туған  жеріне,  өз 
тілі  мен  мәдениетіне,  ұлттық  құндылықтарына 
жеке  қатынасын,  өзіндік  бағасын,  қуаттап-қолда-
уын  пайымдайтын  сезім  көрсеткіші  болып  табы-
лады.  Патриоттық  сезімнің  нысаны  мен  қайнар 
көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, 
тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер,  туған  өлкедегі 
ұлттық құндылықтар жатады.
Патриотизм  туралы  түсініктер  мәдени  әртүр-
лілік және мәдениет сұхбатында М.М. Бахтин, В.С. 
Библер, К.Ясперс, қарым-қатынас философиясын-
да Л.П. Буева, Е.Г. Злобина, М.С. Каган, этностар 
теориясы мен этникалық сәйкестікте Л.Н. Гумилев, 
Ю. С.Бромлей, В.А. Тишков, сондай-ақ, қазақстан-
дық этнографтар Ж.Артықбаев, Х.Арғынбаев; мә-
дениеттанушы А.Сейдімбек, М.Ш. Хасанов, М.Х. 
Балтабаев,  психологтар  Ж.Жарықбаев,  Ж.Ы.  На-
мазбаева, философтар А.Н. Нысанбаев, Р.Б. Әбсат-
таров, педагогтар К.Ж. Қожахметова, А.Қ. Құсай-
ынова  [3]. 
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – 
Отан десек, оның мазмұны -  туған жер, табиғат, 
оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерт-
кіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, оның 
рәміздері.  Олардың  адам  көкірегінде  жылылық, 
жақындық,  туысқандық  сезімдерді  ұялатып,  ізгі 
де игі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы па-
триотизмге  тәрбиелеудің  арқауы  болады.  Өйткені 
қару-жарақты  қанша  меңгергенімен  отаншылдық 
іс-әрекетіне  ішкі  жан  дүниесі,  сана-сезімі  дайын 
болмаса,  елі  мен  жері  үшін  жанкештілікке  баруы 
екіталай. Мұны күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек деп 
қарауға  болмайды.  Бүгінгі  қазақстан  жағдайын-
дағы  патриотизмнің  басты  көрінісі  –  қазақтың  өз 
ана тілінде сөйлеуі, мемлекеттік тілге деген ерек-
ше құрмет, ұлттық тәрбие, мінез, жүріс-тұрыс қа-
лыптастыру, ізет, қайырым, мейірім, т.б. сезімдерді 
қалыптастыру. Ол тек қазақтардың ғана өз отанына 
сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген ұлт пен ұлыс 
өкілдерінің бәріне қатысты дүни в және т.б. отан-
дық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Жастардың  қоғам  үшін  маңызды  әлеуметтік 
қажеттіліктерді  көздеуі,  өздерінің  «керектігін» 
жасөспірімдер  мен  жастардың  сезінуі,  жастар 
шығармашылығы  мен  белсенділігі  үшін  әлеумет-

234
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
тік  тапсырыс  патриотизм  құндылықтарын  меңге-
ру үшін зор шабыт береді, оның тиімділігін және 
қоғамдық санаға әсер етуді, өзін-өзі тәрбиелеу мен 
өзін-өзі жетілдіруді арттырады.  
Қазіргі  әлемде  патриоттық  тәрбиені  дамыту  – 
көп  қырлы  үрдіс,  оның  көлемі  мен  нәтижесі  өте 
маңызды. Адам өркениетінің сұранысы және осы 
сұраныстарды  педагогикалық  тілге  аудару  қажет-
тілігі бойынша батыл өзгерістер  енгізілді. 
Рухтың негізін, ұлттық және жалпы адами-мә-
дени  құндылықтардың  ошағын  құрайтын  мекте-
пішілік  патриоттық  тәрбиені  және  білім  беруді 
маңызды  беталыс  деп  санауға  болады.  Заманауи 
әлеуметтік, саяси, педагогикалық талаптардың дең-
гейіне жақындап, мектеп өзінің кескінін өзгертеді. 
Әлемдік педагогикалық ой-пікірлер көпмәдени-
етті тәрбиенің жалпы стратегиясын әзірлейді. Оқу 
мен  тәрбие  біріншіден,  адамның  өз  түп-тамырын 
түсіну  және  сол  арқылы  қазіргі  әлемде  өз  орнын 
айқындауға,  екіншіден,  басқа  мәдениеттерге  құр-
метпен  қарауға  дағдыландырады.  Қазіргі  заманда 
көпмәдениеттілік  рухындағы  патриоттық  тәрбие 
мен  білім  беру  әлдеқашан  өзгерістерге  ұшырап 
жатыр:  мәдени  әртүрлілік  құндылықтарын  мой-
ындайтын жаңа үдерістер көрінуде; нәсілдік және 
этникалық  азшылық  топтарды,  иммигранттарды 
оқыту, арнайы көпмәдениетті білім беру бағдарла-
малары жеткілікті. 
Сонымен,  патриоттық  тәрбие  –  өлшемдер 
ретінде таңдап алынған, бірнеше бөліктерден тұра-
тын сабақтас сапа. Оған мыналар жатады:
1. Өзін өз мемлекетінің азаматы ретінде санау;
2.  Мемлекеттік  рәміздер  мен  дәстүрлерді  қа-
стерлеу;
3. Қазақ халқының тарихын бағалайтын қасиет.
Әр  ұрпақ  өзінен  бұрынғы  ұрпақтың  жалғасы 
болғанымен,  өз  дәуіріне  өзінше  үн  қосып,  соны 
соқпақ  іздейді.  Отаншылдыққа  тәрбиелеу  ұлттық 
ерлік  дәстүрлерге  сүйене  отырып,  жас  өскіннің 
ішкі жан дүниесі, ой-санасы мен сезімін дамытып, 
қалыптастыруға бағытталуы керек.
Қазақстанды  жарқын  болашаққа  жетелейтін 
жастарымыз  бабаларымыз  аңсап  өткен    тәуел-
сіздіктің  туын  жықпай,  желбірете  білуі  тиіс.  Өй-
ткені,  бабаларымыздың  ұлан  байтақ  жерін  қалай 
қорғағанын,  бостандықты  қалай  аңсап-қадірле-
генін  білеміз.  Жастар  сондай  текті  ұрпақтың  ұр-
пағы  екендіктерін  сезініп,  осы  «тәуелсіздік», 
«мәңгілік  ел»  ұғымдарын  саналарына  сіңіріп,  қа-
стерлеуге міндетті.
Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл 
үшін  азаматтар  тәлім-тәрбие  мен  ғылымға  баса 
мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Ел-
дің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өр-
кендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел-
дің білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі 
кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып 
та жатыр.
Қазіргі  кездегі  жаһандану  үдерісі,  қолжетімді 
ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды 
електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға 
қарсы  тұра  білетін  иммунитетті  қалыптастыруды 
қажет  етеді.  Өйткені  қазіргі  таңда  жат  пиғылды 
ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекет-
тердің  қатарын  толықтырушылар  осы  жастар  бо-
лып отырғаны белгілі. Жастардың мұндай әрекет-
ке баруының басты себебі ретінде олардың білім, 
сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады.
Патриоттық  сезім  жалпы  адам  баласының 
елін,  жерін,  өз  тілі  мен  мәдениетін,  тарихи  ұлт-
тық  құндылықтарын  қастерлейтін,  батырларын 
үлгі  тұтатын,  елінің  болашағына  сеніммен  қарап, 
өзіндік  бағасын  түйсінуін,  қуаттап  қолдауынпай-
ымдайтын көрсеткіші болып табылады. «Мәңгілік 
Ел»  Патриоттық  актісін  жүзеге  асыратын  жастар 
болғандықтан оларды  ең алдымен білімді, ұлттық 
құндылықтармен  заманауи  игіліктерді  өз  бойына 
біріктіріп, ұштастыра білетін, өз елінің нағыз жа-
нашыр азаматтары ретінде қалыптастыру. 
Сондықтан жастардың бойына жастайынан із-
гілік,  мейірімділік,  қайырымдылықяғни  адамгер-
шілік  сынды  қасиеттерді  саналарына  сіңіріп, 
жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді 
сыйлайтын  «Мәңгілік  Ел»  ұрпағын  тәрбиелеудің 
маңызы зор. Қазақстанды жарқын болашаққа же-
телейтін жастарымыз халқымыздың аңсап жеткен
тәуелсіздік туын жықпай, желбірете білуі тиіс. 
Өйткені, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолын-
дағы сан ғасырлық арманын, осынау ұлан байтақ 
жерін қорғап, осы уақытқа жеткізгені баршамызға 
аян.
«Мәңгілік Ел» ұрпақтары сондай текті бабала-
рымыздың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәу-
елсіздік»,  «Мәңгілік  Ел»  ұғымдарын  саналарына 
сіңіріп, қастерлеп өсуге міндетті.
Сондықтан  да  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  –  Қа-
зақстанның  лайықты  дамуының  болашағы,  ұрпақ 
алдындағы  жауапкершілік,  алдағы  онжылдыққа 
қойылған  міндеттерді  шешу,  бұл  біздің  Еліміздің 
жарқын болашағы болып табылады.Қазақстандық 
патриотизмге  тәрбиелеу      жастардың  отансүй-
гіштік  және руханиятын сақтаудың бөлінбес бөл-
шегі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Патриотический акт «МәңгілікЕл». Выступление 
Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на 
XXIV сессии Ассамблеи народа Казахстана «Независи-
мость. Согласие. Нация единого будущего». – Астана, 
2016.- 26 апреля.
2.  Выступление  Президента  Казахстана  Н.А.На-
зарбаева  на  ХХII  сессии  Ассамблеи  народа  Казахста-
на  «Мәңгілік  Ел:одна  страна–одна  судьба».–Аста-
на.–2015.–23апреля.
3.  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісін  түсіндіру 
бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 70 б. 

235
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Құранбек  Әсет Абайұлы 
философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, akuranbek@gmail.com 
Әлиев Шаттық Шалабайұлы 
философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, shattyk.aliyev@gmail.com
Тұрғанбеков С.Қ. 
әл-Фараби ат. ҚазҰУ әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, turganbekov.samat@mail.ru
                                                                                                                 
ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Түйін. Бұл мақалада дәстүр мен инновацияның 
философиялық  негіздері  қарастырылады.  Зама-
науи  әлемдегі  дәстүрлі  мәдениеттің  өзектілігі 
халықтың мәдени мұраларының тұрақты жаңа-
руы қажеттілігіндегі  жаһандануға қарсы жауап 
ретінде ұсынылады.
Резюме.  В  данной  статье  рассматриваются 
философские  основания  традиции  и  инновации. 
Актуализация проблем традиционной культуры в 
современном мире выступает как ответ на про-
цессы глобализации, как необходимость постоян-
ного обновления культурного наследия народа. 
Summary. Philosophical foundation of traditions 
and innovations is discussed in this article. Updating 
the problems of traditional culture in the modern world 
appears as response to globalization and the need for 
constant renewal of the cultural heritage of the people. 
Бүгінгі  таңдағы  дәстүр  жалғастығын  нығайту, 
дәстүр  мен  жаңашылдықты  үйлестіру  жолындағы 
жан-жақты  ізденісті  әлемдік  кеңістіктегі  үдеріс 
деп  айтуға  болады.  Дәстүрді    дамыту  тек  қана 
посткеңестік  кеңістіктегі  шындық  ретінде  қара-
стырылуы  мүмкін  емес  дүние.  Батыстағы  оңшыл 
радикализм  жағына  қарай  жасалған  күтпеген  бет-
бұрыстар  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі 
қалыптасқан  демократиялық  әлемнің  белгілі  бір 
дәрежедегі  дағдарысын,  тұрғындардың  ауқым-
ды  бөлігінің  әлеуметтік  тәртіптің  қатаң  түрлері-
не  деген  ұмтылыстарын  білдіреді.  Оңшыл  саяси 
күштердің  дәстүршілдіктің  батыстық  мектебінің 
шығармашылық  мұрасын  белсенді  түрде  пайда-
лануы  философтар  мен  әлеуметтанушыларды  бір 
жағынан  қауіптендірсе,  екінші  жағынан  дәстүрдің 
метафизикалық және әлеуметтік мәнімен байланы-
сты  сауалдарға  жауап  іздеуге  түрткі  болып  отыр. 
Зерттеушілердің  пайымынша  философия  тұрғы-
сынан  әлі  де  жеткілікті  зерттеулерді  талап  ететін 
бұл «қарама-қарсылықтарды» тек әлеуметтік-саяси 
құбылыс ретінде ғана зерделеу мәселенің ішкі мәнін 
толыққанды  ашпайды.  Дәстүрдің  негізінде  жатқан 
терең метафизикалық қабаттарды, түптеп келгенде 
философия зерделеуі тиіс. Дәстүрді зерттеу – әле-
уметтік болмыстың метафизикалық түйінін шешу-
дің кілті. Дәстүрді зерттеудің танымдық құндылығы 
осымен  айқындалады.  Бұдан,  дәстүр  ұғымы  мен 
мәселесін әлеуметтік-философиялық тұрғыда зерт-
теудің  өзектілігі  саяси-әлеуметтік,  идеологиялық, 
теориялық  себептердің  жиынтығымен  анықтала-
тындығын көреміз. 
Солардың 
ішінде, 
дәстүрді 
әлеуметтік 
тұрақтылықтың  маңызды  тұғырнамасы  екендігін 
ұғынып, оны қалпына келтіруге ынталы болып оты-
рған қоғамдағы қажеттіліктің ұлғайуы, бүкіл әлемге 
қауіп  төндіретін  діни  лаңкестік  ұйымдардың  бел-
сенділігінің күннен-күнге артып келе жатқандығы, 
ұлтаралық және мәдениеттер арасындағы қақтығы-
старға  негіз  болып  табылатын  дәстүршіл  бағдар-
дағы  идеологиялық  ілімдерді  сыни  тұрғыда  бай-
ыптаудың  қажеттігі  дәстүр  ұғымын  қайта  қарауға 
негіз болып отыр. Сондықтан да, дәстүрдің өзегін 
құрайтын рухани бастамаларды, философия тұрғы-
сынан зерттеудің әлеуметтік болмыс пен санадағы 
маңызды  мәселелердің  түйінін  шешудегі  ғылыми 
құндылығы  мен  танымдық  қырларының  маңыз-
дылығын ұғынамыз.
Дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарының арақаты-
насы адамзат өміріндегі сан алуан құбылыстардың 
барлығымен  тығыз  байланысты.  Осы  ұғымдарды 
талдаудағы  әртүрлі  ұстанымдар  мен  ыңғайлардың 
өте көп болуы сол себепті де. Соның ішінде, фило-
софия ғылымдарында қазіргі кездегі жиі талқылана-
тындары − әлеуметтік өзгерістердің сипаты, ойлау 
тарихындағы  дәстүрлер  мен  жаңашыл  ізденістер, 
мәдениет пен өркениет және т.б.
Модернизациялық дамуда ұлттық құндылықтар 
мен  дәстүрлерге  дұрыс  көңіл  бөлмеудің  әлеумет-
тік-мәдени мәселелері және қоғамдық қатынастарды 
реформалаудың  рухани  тұрғыда  заңдастырылуын-
дағы дағдарыстар жиырмасыншы жылдардың орта-
сында-ақ батыс елдеріндегі көптеген ғалымдардың 
дәстүр  феноменін  зерттеуінің  алғышарты  болды. 
Бұл орайда мәдениеттанушы Б. Саттершинов «ХХ 
ғасырда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған 
ғаламат  өзгерістер  адамзаттың  алдына  жаhандық 
мәселелерді қойды. Қоғамдық дамудағы нақты-та-
рихи,  жаhандық  және  ауқымды  тарихтың,  ашық 
тарих пен жабық тарихтың, микротарих пен макро-
тарих арақатынастары, ұлттық және таптық мәселе-
лердің қойылуы мен олардың шешілуі, дәстүр мен 
жаңашылдықтың, ұжымдық ес пен дара индивиду-
алдық жадының, теориялық тарихи сана мен бұқа-

236
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ралық  сананың  арақатынастары  мәселелері  гума-
нитарлық ғылымның барлық салаларын қамтыды» 
− деп тұжырымдайды [1, 5 б.].
Қай  халықты  алсақ  та,  оның  өзіне  тән  тұр-
мыс-тіршілігі,  күн  көрісі,  әдет-ғұрпы,  салты  бола-
тындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге 
жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін 
байқаймыз.  Әлеуметтік  өмірдің,  экономикалық, 
жағдайлардың  ілгерілеп  дамуына  байланысты,  ха-
лықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, 
сана-сезімі,  дүниеге  көзқарасы  т.б.  өзгеріп  отыра-
ды. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бой-
ына  қалыптасқан,  белгілі  жүйеге  түскен  дағдыға 
айналған  тұрмыс-тіршілік,  әдет-ғұрып,  салт-сана, 
алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. 
Бұлардың орнына әлеумет тілегі мен ахуалына сәй-
кес  жаңа  мазмұн,  түр  туады.  Демек,  әлеуметтік-э-
кономикалық  жағдайлар,  олардың  дамуы  ертеден 
келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, 
әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұн-
да өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуы-
на жағдай жасайды.
Дәстүрді  қоғамдық  қатынастар  мен  қоғамдық 
сананың қайталанатын элементтерінің көрінуі мен 
бекуінің  жарқын  үлгісінің  тарихи  қалыптасқан 
жағдайы ретінде анықтауға болады. «Дәстүрлі ин-
ституттар  мен  өмір  салттарының  жойылуы  көбі-
не-көп әлеуметтік ретсіздікті, хаос пен аномалияға 
әкеледі,  қоғамның  түрлі  саласындағы  жағымсыз 
жағдайлардың  көбеюі  тиімсіз,  босқа  шашылу  мен 
шығындарға алып келеді. М. Бахтин әлеуметтік мә-
дени ортаның дәстүрлі негіздерін оп-оңай ысырып 
тастаудың  мүмкін  еместігін  айтады:  «Мәдениет 
тіпті өз ішіндегі төңкерістер барысында да консерва-
тивті болып қала береді. Өткенді ұмытуды көксеген 
кезде де, ол оның қолынан келмейді. Көнекөз қари-
ялар тәрізді ол көбіне бертінде болған оқиғалардан 
гөрі бұрынғы өткенді жадында жақсы сақтайды. Де-
генмен беріде болғанды оңайшылықпен өшіріп та-
стай алмайды, өйткені, ол үздіксіз өмірдің бір бөлігі. 
Мәдениет ілгері басып, өзіндік геологиялық  дәуір-
лерін бастан кешеді, алайда жердің қыртыстарынан 
айырмашылығы, оның қабаттары көлденеңінен ғана 
емес, тігінен де орналасқан» [2, 11 б.].
Дәстүр  мен  жаңашылдықты  пайымдаудағы  ді-
ни-аксиологиялық сипаттағы тұжырымдардың бірі 
былай  болып  келеді.  «Дәстүрлі  қоғам  адамы  өзін 
«Мен – бұл менің қағидаттарым» деп түсінді. Зай-
ырлы қоғам адамы өзін енді басқаша түсінеді: «Мен 
– бұл менің заттарым». Бір ахуалдан екінші ахуалға 
өткенде жан жоғалады. Бұрын заттар адамның қо-
сымшасы болған еді. Ендігі жерде адам заттардың 
қосымшасына  айналады»  [3,  74  б.].  Шынымен  де 
дәстүрлі  қоғамдағы  құндылықтар  жүйесінің  гу-
манизмге  бағыт-бағдар  нұсқайтын  қағидаттары 
адамшылықты  жоғары  қойғанын  бүгінгі  заман 
тұрғысынан  қайта  таразылауымыз  да  керек  секіл-
ді. Осы орайда «дәстүрлі мәдениет адам жергілікті 
қоғамның өмір салтына сай құндылықтар әлемінде 
өсіп-өнеді,  рухани  тәрбие  алады.  Дәстүрлі  қоғам 
аясындағы білімдерді жинақтаған адам мәдени құн-
дылықтарды жасауда және келешек ұрпаққа табы-
стауда сан ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибеге 
сүйенеді. Сол себепті де, ондай жан өз қауымы мен 
өмір сүрген дәуірі үшін кәміл адам болмақ», − де-
ген  ойдың  дәйектілігі  мен  негізі  даусыз  [4,  62  б.]. 
Қазақ халқы «салтың − санаң, дәстүрің − дәулетің, 
ғұрпың – ғұмырың» − деп бекер айтпаса керек. Біз 
көбіне-көп  дәстүр  ұғымын  талдағанда  оның  ла-
тынша  түбіріне  көңіл  бөліп,  содан  таратып,  қазақ 
тіліндегі дәстүр ұғымының тамыры қайдан бастау 
алады,  нені  білдіреді  деген  сауалдарды  қалдырып 
кетеміз. Осыдан кейін, Ф. Бэкон келтірген елестер-
ге қалайша шырмалғанымызды білмей де қаламыз. 
Шынтуайттап келгенде, «салтың − санаң, дәстүрің 
− дәулетің, ғұрпың – ғұмырың» деген түсінікте те-
рең  философиялық  ойлаудың,  рухани,  әлеуметтік 
тәжірибенің таңбасы анық көрініп тұр. Ал, оған фи-
лософиялық сараптама беру, талдау жасау ұлтымы-
здың рухани дүниесін айқындаудың баспалдақтары 
деп түсінеміз.
Дәстүршілдік  құбылысын  бүгінгі  күнгі  өздерін 
дәстүршілдер  деп  атайтын  әртүрлі  бағдарлардың 
түсіндірмесі  тұрғысынан  қарамай  осы  бағыттың 
негізін қалаған Р. Генон, Ф. Шюон, М. Элиаде сын-
ды ойшылдардың ой-тұжырымдарына жүгінгеніміз 
жөн. «Дәстүр − адамға Тәңірден берілген ілім» − деп 
көрсеткен Р. Генон − «бұл трансценденттік ақиқат 
түрлі ахуалда экзотериялық (құпия) яки діни ілім-
дерге, өлең өнеріне ұласа алады. Дәстүрлі қоғамдар 
бір-бірінен сол дәстүрдің сақталу қалпымен, дәре-
жесімен және сол дәстүрлі ілім, дәстүрлі ақиқатты 
бейнелей  алатын  қабілетімен  ғана  айрықшалана-
тындығын» пайымдайды. «Шын мәнісіндегі дәстүр-
лі  қоғамда,  мысалға,  кеше  ғана  өткен  замандағы 
Шығыстың кез-келген өркениеті мен ортағасырлық 
Еуропада руханият елдің бәріне ортақ еді. Дәстүр-
лі  қоғамның  бастау  көзі  мен  мұратының  асылы 
трансценденттік,  сакральдік  ақиқат  болғандықтан, 
оның барлық тіршілігі, барлық жүйесі сол ақиқатқа, 
дәлірек айтқанда аталмыш қоғамдағы қабылданған 
үлгілерге  сәйкес  құрылады.  Өнер,  қолөнер  ки-
елі  және  қарабайыр  (профандық)  деп  бөлінбейді. 
Күнделікті  күйбең  тіршілікке  арналған  уақыт  пен 
Құдайға құлшылыққа арналған уақыт деген бөлініс 
жоқ» [5, 5-6 б.].
Заманауи қоғам әлеуметтік үдерістердің даму ба-
рысын  жеделдететін  қарым-қатынастың  жаңа  түр-
лерінің  пайда  болуымен  ерекшеленеді.  Мультимә-
дениетті және полисубъектілі әлеуметтік жағдайда 
адамдардың  келісімге  негізделген  қарым-қатынас 
стратегиясын  жасау  қиынға  соғып  тұр.  Әлеумет-
тік  қатынастар  санының  өсуі  және  олардың  үнемі 
өзгеріске ұшырауы екі жақты әрекеттену барысын 
тәртіпке  келтіретін  жолдарды  іздестіруге  мәжбүр 
еттеді. Бұндай тұрақтылық пен тәртіпті іздеу әдетте  

237
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
дәстүрге  бет  бұрғызады.  Сондықтан  оларды  әлеу-
меттік-гуманитарлық  ғылымдардың,  соның  ішінде 
философияның да жан-жақты қарастыруы негізде-
леді. Қазіргі қоғамның жалпы жаңашылдық сипаты 
және  әдет-ғұрыптағы  жаңару  тетіктеріне  қатысты 
жаңашыл  үдерістердің  ерекшелігіне  байланысты 
зерттеулердің өзектілігін және маңызын жоғалтпай 
отырғандығын  дәлелдейді.  Өйткені,  біздің  қоға-
мымыздың құндылықтар жүйесі де күрделі өзгері-
стерді бастан кешіп отыр. Бұл үдерістің алуан түр-
лі  аспектілері  де  бізді  дәстүр  мен  жаңашылдықты 
зерттеуде мәдени кеңістікті ойлау тарихындағы өз-
герістермен біртұтастықта алып саралауға әкеледі. 
Дәстүрді,  дәстүрлікті,  жалпы  дәстүрге  негізделген 
негізделген нәрсені зерттеуге қазіргі гуманитарлық 
ғылымда көп көңіл бөлінеді. Кез келген халықтың 
дәстүрлі  мәдениеті  −  оның  ұлттық  сана-сезімінің 
және  жалпы  мәдени  қорының  негізі  болады,  сон-
дықтан бұл қызығушылықтың туындауы дұрыс та.
«Дәстүр 
дегеніміз 
өткеніміздің 
бейнесі 
және  әлеуметтік  өмір  мен  мәдениеттегі  шартты 
тұрақтылықтың белгісі, қоғамның түрлі салаларын, 
олардың  даму  сабақтастығының  тетігін,  бекітілу 
формасын  және  әлеуметтік-мәдени  тәжірибенің 
сақталуын  бойына  сіңірген  категория.  Дәстүр  – 
өзін-өзі  ұстаудың,  ойлаудың  және  сезінудің  үлгісі, 
ол оң немесе теріс бағаланады, әлеуметтік топтың 
мәдени  мұрасына  жатады  (шындығында  неме-
се  аңыз  ретінде)  бұрынғының  екі  ұшты  ақиқатын 
қазіргі  күннің  нақты  құндылығына  айналдыра 
алатын  тарихи  сананың  ерекше  түрі»  [6,  206  б.]. 
Қазіргі  философиялық  сөздіктегі  осылай  тарқа-
тылған  анықтама  дәстүрдің  қоғамның  рухани-мә-
дени  өміріндегі  атқаратын  қызметін  айқындайды. 
Дәстүрді  әлеуметтік-тарихи  шындық  ретінде  ұғы-
нуымыз  оны  құндылық  ретінде  анықтауымызға 
байланысты. Сонымен қатар, оның қоғам өмірінде 
атқаратын рөлін кішірейтіп, не әлеуметтің тіршілік 
етуінің  бірден-бір  негізіне  айналдыру  да  дәстүрді 
дұрыс  түсінбеушілік  екенін  білдіреді.  Этнографи-
яда, мәдени антропологияда, тарих ғылымдарында 
дәстүр  ұғымы  әдетте  алғашқы  адамдардың  өмірін 
тәжірибелік  тұрғыдан  сипаттау  үшін  әдет-ғұрып, 
ырым,  рәсімдер  сияқты  ұғымдармен  бір  семанти-
калық  қатарда  пайдаланылады  да,  ішкі  және  тай-
па  аралық  қарым-қатынастарды  реттейтін  амал 
ретінде қарастырылады. Сондықтан дәстүр – әдет-
ғұрып, салт-жора, рәсім, мерекелер сияқты бірқатар 
біркелкі ұғымдардың жалпы жинақылайтын атауы 
сияқты.  Бірақ  дәстүрді  әдеттегі  бар  ұстанымның 
үлгісіне  еру  ретінде  түсіну  оның  мазмұнын  емес, 
әлеуметтік  өмірдің  салаларын  реттеу  тетігі  ретін-
дегі  қызметін  көрсетеді.  Дәстүр  ұғымының  фило-
софиялық анықтамасы мен түсіндірмесі қандай да 
бір құндылығы бар ұстанымдар жүйесінің кешенін, 
сана-сезім  түрлері  және  адамдардың  қарым-қаты-
нас  институтын  қамтиды.  Ол  қазіргі  мен  өткеннің 
байланысына сипаттама беріп, анығырақ айтқанда, 
қазіргі  буынның  бұрынғымен  байланысын  немесе 
оған  жақындығын  және  сабақтастығын  айқындай-
ды. Құндылықтық мазмұндылық жағынан қараған-
да дәстүрде белгілі бір ережелер, салттар-жоралар 
мен  әдет-ғұрыптар  және  дүниетанымдық  көзқа-
растар  жүйесі  шоғырланған.  Бұлар  осы  әлеумет-
тің  рухани-мәдени  ұйымдасуының  ой  бағытының 
«классикалық» мұрасының басым бөлігін құрайды. 
Өткен  күн  мен  бүгіннің  ортасында  дәнекер  бола 
тұра дәстүрлер адам өміріне енеді және өзінің мәде-
ниеттегі өміршеңдігі мен тамырын жайғанын еске 
салғанынан басқа ешқандай түсініктеме беріп мой-
ындатуды қажетсінбейді.
Дәстүр  мәселесінің  кез-келген  қоғамның  аса 
өзекті  мәселесі  болатындығының  мән-мағынасын 
айқындалғаннан кейін, біздің қоғамдағы осы негіз-
дегі сауалдар сипаты да ойландырады. «Біз, қазақ ин-
теллигенциясы, дәстүрді сақтап қайта жандандыру 
жайындағы теориялық дау-дамайды жақсы көреміз. 
Алайда  біздің,  бұл  дәстүрге  деген  ықыласымыз 
тұрмыстық деңгейден аспайды, сол себепті бұндай 
«дәстүршілдік»  өмірде  болсын,  интеллектуалдық 
тартыста болсын, үнемі жеңілуге бұйырылған. Шын 
мәнісіндегі қазақтың дәстүрі дегеніміз не, ол қандай 
формада  қайта  жаратылып  дами  алады,  ал  оның 
бойындағы,  тіршілік  нәрінен  айырылған,  ұлтты 
есейтпей тұралатып келе жатқан өтпелі тарихи фор-
малары қандай? Аталмыш сұрақтарға дәстүршілдік-
ті зерделеп барып жауап бере алар едік. Дәстүршіл-
дік, біздің тарихшымызды, дәстүрлі мәдениетімізді 
зерттеуге ең лайық, ең тиімді методология. Бірінші-
ден, дәстүршілдік,біздің мәдениетімізде, бұрыннан 
бар  көптеген  символдармен  жұмыс  істеп  келе  жа-
тыр. Оның сыртында, қазақ мәдениетінің дәстүрлі 
символдарын зерттеуде, «профандық семиотикамен 
салыстырғанда дәстүршілдіктің  символдар теория-
сы анағұрлым қолайлы методика болып табылады. 
Екіншіден,  дәстүршілдікте,  әсіресе  Р.  Генонның 
еңбектерінде көшпенді мәдениет ғарыштық болмы-
сты тепе-теңдікте ұстап тұрған қарсылық, дуальдік 
заңдылық,  рухани  принцип  ретінде  бағаланады. 
Көшпенділікке  деген  осындай  көзқарстың,  және 
адамның түрлі бітімі, түрлі табиғатына орай қалып-
танған дәстүрлі қоғамның әулеттік (касталық) жүй-
есін байыптаудың негізінде Ұлы Дала көшпенді ха-
лықтары метатарихының концепциясын тиянақтап 
шығаруға болады – деген ой-пікірді ұстанады зерт-
теуші Серікбол Қондыбай [7, 403 б.].
Дәстүр – қауымдастықтың кеңістіктік-уақыттық 
тұрғыда ұйымдасуы мен харекетін рефлексивті түр-
де  бақылауды  біріктіру  тәсілі,  кез-келген  іс-әрекет 
пен  тәжірибенің  өткені,  бүгіні  және  келешегінің 
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ететін өза-
ра әрекеттесу құралы. Бұл орайда ауызша мәдени-
еттен  жазу  мәдениетіне  көшудің  өзі  жаңашылдық 
болғанымен  дәстүрдің  беріктігі  жалғастығы  нақ 
осы жазу қалыптасқан мәдениетте анық көрінетінін 
бағамдайды  зерттеушілер.  Дәстүрге  жүгінген  кез-

238
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
де  біз  тарихтың  өзі  «тәуелділіктер  тізбегі»  екенін 
көреміз: алдымен болған жағдай, оқиға «кездейсоқ» 
көрінгенімен, нәтижесінде бәрібір кейін болғанның 
себебіне айналады. Яғни «дәстүр дегеніміз де − са-
бақтастық «моншақтарын» бір жіптің бойына тізіп 
қойған  таспиық,  немесе,  әлгі  айтылған  қобдиша. 
Керек  моншақты  саусақ  ұштарымен  жылжытып 
отырып тауып алуға немесе қобдиша қапағын ашып 
көсіп-көсіп алуға болады. Өткенді тани білу арқылы 
бүгінгі және болашақ қазақ үшін қажетті жауаптар 
мен үлгілерді, қарым-қатынастарды табуға болады. 
Әлбетте,  оларды  сол  күйінде  көшіре  салуға  бол-
майды,  көнені  пайдалану  жаңа  заманға  сай  болуы 
шарт» [7, 404 б.].
Дәстүрлі  шаруашылық  түрлері  басым  болып 
келетін Шығыс елдерінің кезінде техникалық даму 
жағынан Батыс елдерінен артта қалып қойғаны бел-
гілі. Осы жағдайда көбіне-көп дәстүр ұғымы артта 
қалушылықпен байланыстырылды. Дәстүрлі қоғам 
деген түсінік те артта қалу түсінігінің синониміне 
айналды.  Бұған  келіспеген  дәстүрлі  мәдениеттерді 
зерттеуші В. Бейлис дамушы елдерді дәстүрлі елдер 
емес, дәстүршіл қоғамдар деп атауды ұсынды. Оның 
ойынша дәстүршіл қоғамдар да өмірге бейімді, әле-
уметтік және мәдени құндылықтар жеткілікті, олар-
дың көбісі буржуазиялық-индустриалды өркениет-
тің қалыптасуымен жойылды. Дәстүршіл қоғамның 
да өзіндік болмысы мен қатар артықшылықтары бар 
[8, 80 б.].
Дәстүрлі  мәдениеттің  жеңіліске  ұшырап,  өзге 
мәдени  құндылықтардың  басым  түскен  кезіндегі 
жергілікті тұрғындардың мінез-құлқында байқалған 
өзгерістерге Р. Харрис мынадай мысалды келтіреді: 
«Американың байырғы тұрғындарының балаларын 
қазіргі  қалыптасқан  жағдайдағы  әлеуметтендіру 
үдерісінде  көптеген  түсінбеушіліктер  бар.  Жазық 
жердің үндістеріне қатысты рөлдік үлгілер мүлдем 
мүлдем  жоқтың  қасы.  Байырғы  америкалықтар-
дың  балалары  «ковбойлар»  мен  «үндістер»  болып 
ойнағанда,  олар  да  ақтар  тәрізді  ковбойлар  (яғни, 
жақсы азаматтар) болғысы келеді. Одан бетер ша-
тастыратыны, мектептің және кәсіби спорт коман-
даларының атаулары үндістердің этникалық өзіндік 
болмысын  танытатын  ұғымдармен  аталатындығы, 
ал шын мәнінде ол атаулардың үндіс мұрасымен ор-
тақ ештеңесі жоқтығында» [9, 125 б.]. 
Сонымен қатар, ғалымдардың пікірінше ғылым 
мен  техниканың  дамуы  мен  өркендеуі  әлеуметтік 
идеалдарды  (ең  алдымен  еркіндік  идеалы)  туғы-
зғанымен, өзі солардың дамуына кедергі жасайды. 
Демократияның  құндылықтары  (еркіндік,  теңдік, 
тұлға еркіндігі) және индустриалды қоғамның им-
перативтері  (орталықтандыру,  иерархизация,  су-
бординация,  тәртіп)  арасындағы  қақтығыстарды 
зерттеушілер қазіргі заманғы өркениеттің тұрақсы-
здығының басты себептері ретінде көреді. 
Қазіргі  аласапыран  заманда,  мәдениеттердің 
тығыз  қарым-қатынасы  мен  басқа  мәдениетке 
жұтылып кетпеу заманында шығыс пен батыс мәсе-
лесі әлі өзекті болып тұр. Бір жағында өзін мойын-
дата бастаған шығыс тұрса, екінші жағында өзінің 
рухани үстемдігінен айырылғысы келмейтін батыс 
тұр.  Дәл  осындай  кезеңде  өз  рухани  дүниеңе  ие 
болып, мәдени сұхбаттастық пен өзара түсіністікті 
қалыптастыру  өзекті  болып  отыр.  Мамандардың 
пікірінше  мәдениеттердің  өзара  тығыз  араласуын-
дағы ең ауыр түйін этникалық қақтығыстар болып 
отыр. Біз бүгін көп полюсті әлемнің қалыптасу ба-
рысын бажайлап отырмыз. Кезінде технологиялық 
және экономикалық жағынан артта қалған Шығыс 
елдері  қазіргі  кезде  өздерінің  экономикалық  және 
саяси  мүмкіндіктерімен  Батыспен  теңесуде.  Бұл 
дегеніміз  рухани  мәдениеттерінде  ортақ  ерек-
шеліктері бар әлемдік дамудың жаңа аймақтық ор-
талықтары  деген  сөз.  Ал,  бұл  өзгерістердің,  жаңа 
әлеуметтік  шындықтың  философияда  да  бейнеле-
нетіндігі анық.
Дегенмен,  бодандықта  болған  елдің  рухани 
үстемдікті  еңсеруі  де  дүниетанымдық,  психологи-
ялық  қиындықтарды  туғызатындығы  қиын  үрдіс. 
«Құлаққа  түрпідей  тиеді  де,  бірақ  көптеген  аф-
рикалықтар  көне  өмір  салтын  ұстанатын,  әсіресе 
батыс  үлгісімен  киінбейтін  (немесе  мүлде  киін-
бейтін)  және  қазіргі  экономикалық,  саяси  өмірге 
атсалыспайтын  бауырластарынан  қысылады.  Олар 
өз  отандастарын  қазір  африкалық  стандарттармен 
бағаламайды және өркендеуді тек батыс көзқарасы 
тұрғысынан  ғана  елестетеді.  Біз  халықты  не  оның 
мәдениетін түсіну үшін осы батыстық өлшемдерден 
уақытша бас тартуымыз керек» − деп жазады отар-
шылдықтан  азат  болған,  бірақ  рухани  дүниесінде 
оны толық жүзеге асыра алмай отырған африка дү-
ниесі туралы Колин Тернбул [10, 100 б.]. 
Аңыз-әпсананың  адамзат  тіршілігімен  тығыз 
байланыстылығын ескерсек те қазіргі кезде де ба-
тыс қоғамының әлі де үстемдік жүргізгісі келетіні 
туралы жаңа қағидалар ойлап табудың түрлі тәсіл-
дерін  меңгергенін  С.Б.  Бөлекбаев  жақсы  көрсетіп 
берген:  «осы  тұрғыда  қазақстандық  қоғамға  бай-
ланысты мынаны келтіруге болады. Біріншіден, ол 
батыстық  үлгімен  ауқымды  реформалар  жүргізу, 
ал,  екіншіден,  қазақстандық  қоғамның  қоғамдық 
санасына  нарықтық  экономика,  жеке  меншіктік 
пен  демократия  өркениеттің  негізі  болып  табыла-
ды  және  батыстық  өркениет  –  әлемдік  өркениет-
тік үдерістердің эталоны деген идеяны сіңіру. Бұл 
көзқарастар  он  тоғызыншы  ғасырда  бастау  алған 
бодандыққа  түсіру  мүдделерін  негіздеу  үшін  кей-
бір  ғалымдардың  ойлап  тапқан  еуропацентристік 
тұжырымдамаларына  негізделген.  Бұл  теория  Ба-
тыс – өз дамуында «дұрыс жолды» өткен бірден-бір 
жалғыз өркениет, басқа мәдениеттер мен өркениет-
тер бұл жолдан міндетті түрде өту керек дегенді на-
сихаттайды» [11, 13 б.].
Әлеуметтік-мәдени  өндіріс  барысында  әсіресе 
жастар  дәстүр  болмысын,  дәстүр  мен  жаңашыл-

239
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
дықтың үйлесуін дұрыс бағамдай білуі қажет, бұл 
жағдайда  әлеумет  өткеннің  мұрасы  мен  қазіргі 
жағдайдың арасын реттеуге тиісті мәселелерін ше-
шуі керек. Өйткені, қоғам дағдарыс немесе өтпелі 
кезеңді бастан кешіргенде мәдениет қоры, әлеумет-
тік  болмысты  толыққанды  қамтамасыз  ете  алмай-
ды.  Ал,  төлтума  руханият  бастауларынан  тотали-
тарлық билік тарапынан пәрменді түрде жүргізілген 
іс-шаралар  негізінде  ажыратылмақ  болған  біздің 
халқымыз  үшін  бұл  тіпті  де  қарама-қайшылықты 
өзгерістер үрдісін білдіреді. «Жаңашылдық қоғамға 
тереңінен сіңіп, ал мемлекет – дәстүрдің сақтаушы-
сы  болса,  онда  бұл  талас  соңғысының  мүддесіне 
шешілмейді. Қазақстандық қоғамда ұлттық дәстүрді 
қайта жандандыру бұқаралық сипат ала алған жоқ. 
Сондықтан  тұрғындардың  басым  бөлігі    дәстүрлі 
қалыптарды  бұза  отырып,  нарыққа  бейімделу  ба-
рысында жаңашылдық пен таңсық атаулының бар-
лығын байыбына барып сараламай қабылдауда не-
месе жөн-жосықсыз жұтуда. Тұрғындардың келесі 
бір бөлігі – орта және онан жоғары буын өкілдері 
реформаға  қарсы  шығып,  ескіні  қайтаруды  талап 
етіп,  дәстүршілдікті  көксейді.  Жаңа  жағдайға  тез 
бейімделе алғандар – негізінен қала жастары. Бірақ 
бұл  жерде  жаңашылдық  дәстүрге  сай  формаларға 
бейімделмеген. Бұл қоғамда мәңгүрттену үрдісінің 
етек  алып  келе  жатқандығын  байқатады»  [12,  99 
б.]. Осы ретте айтпай кетуге болмайтын жайт, бұл 
мәселені зерттеудің діни, философиялық, ғылыми, 
саяси, экономикалық, ұлттық сипаттағы өзекті сау-
алдары бір негізден туындап, бір-бірімен астастып 
жатқанымен жеке-дара зерттеулерді талап ететіндігі 
және өзіндік тұрғыдағы  мәселелері жеткілікті екен-
дігі  сөзсіз.  Мәселен  «Ғылыми  революциялардың 
құрылымы»  еңбегінде  Томас  Кун  ғылыми  дәстүр-
лердің барып тірелетін тұйықтары мен олардың да-
муының балама жолдары барлығын егжей-тегжейлі 
көрсетеді.
Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер дәстүр мен 
жаңашылдықты бір-біріне қарама-қарсы дүние деп 
санайтын  түсіндірмелер  аясынан  шығып,  дәстүр 
ұғымын ескірген дүние ретінде ғана емес, керісін-
ше,  тіршілік  ету  сабақтастығын  ұрпақтан-ұрпаққа 
тапсыратын мәдениеттің өмірлік маңызы бар ажы-
рамас бөлігі, болмыстың әмбебаптығының көрінісі, 
қоғамның өзін-өзі сақтайтын қорғаныш жүйесі, мә-
дениеттің іргетасы мен түпнегізі деп пайымдайтын 
тұжырымдамаға  көбірек  ден  қояды.  Яғни,  дәстүр 
тек  сабақтастықтың  ғана  белгісі  болып  қалмайды, 
ол  әрі  жаңашылдықтың  өрісін  айқындаудың  және 
оның  әлеуметтік  белсенділігі  мен  заңдылығының 
басты көрсеткіші де бола алады. Бұл мағынасында 
дәстүрді қоғамды эволюциялық жолмен өзгертудің 
және мәдениеттің өзін-өзі сақтау, дамыту мен қайта 
жандандырудың негізгі тетігі деп  қарастырамыз. 
Жаһандану дәуірінде дәстүрден үйрену, дәстүрді 
сақтау,  оны  жандандыру,  заманымен  сабақтасты-
ру – өмірмәндік мәселелердің біріне, әрі бірегейіне 
айналып отыр. Халықтың дәстүрі жаңарып, жаңғы-
рып отырмаса, онда ұлт келешегінің де баянды бо-
луы екіталай. Сол себепті де, дәстүр мен жаңашыл-
дықтың  үйлесуі  мәселесі  кез-келген  қауым,  ұлт, 
қоғам  өмірінде  өзекті,  аса  маңызды  дүние.  Тақы-
рыптың  мәдени-тарихи,  философиялық  негіздері 
қазақ  қоғамындағы,  рухани  ойындағы  дәстүр  мен 
жаңашылдықтың  маңыздылығын  айқындаудың 
қаншалықты өзекті екендігін нақтылай түссе керек. 
Қазіргі кездегі қоғамымызда болып жатқан рухани 
сұранысқа деген ұмтылыстың толастамауы, рухани 
құндылықтардың қайта жаңғыруы үдерістері жүріп 
жатқан  кезде  өзіміздің  рухани  тектерімізді  танып 
білу маңызды мәселе. Заманауи адамзат қоғамының 
философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық қоғам 
мен  адам  өміріне  қашанда  елеулі  ықпал  етіп  келе 
жатқаны шындық.
Әдебиеттер:
1.  Саттершинов  Б.М.  Тарихи  сананың  қалып-
тасуы  мен  дамуын  әлеуметтік-философиялық 
талдау: филос. ғылым. канд. ... автореф.: 09.00.13. 
– Алматы, 2009. − 50 б.
2. Бахтин Л.М. Тип культуры как историческая 
целостность // Вопросы философии. –1969. − № 9. 
– С. 40.
3. Климов А. Православный социализм и запад-
ный  капитализм  –  вопросы  идеологии  //  Вопросы 
культрологии. – 2009. – № 4. – С. 73-77.
4. Марданов К. Самоопределение нации. – Алма-
ты: Ғылым, 1997. – 316 с.
5.  Наурызбаева  З.  Алғысөз  //  Әлемдік  мәдени-
еттану ой-санасы: он томдық. Дәстүр: ұғым мен 
тәсіл. − Алматы: Жазушы, 2005. – 3-т. – Б. 5-13.
6.  Философский  энциклопедический  словарь.  – 
М., 2005. – 752 с.
7. Қондыбай С. Дәстүр (традиция) жөнінде // 
Әлемдік  мәдениеттану  ой-санасы:  он  томдық. 
Дәстүр: ұғым мен тәсіл.− Алматы: Жазушы, 2005. 
– 3-т. – Б. 403-404.
8. Бейлис В.А. Традиция в современных культу-
рах Африки. − М.: Наука,  1986 – 248 с.
9.  Харрис  Р.  Психология  массовых  коммуни-
каций.  4-е  международное  издание.  –  М.:  «ОЛ-
МА-ПРЕСС», 2002. – 470 с.
10. Тернбул К.М. Человек в Африке / пер. с англ. 
− М., Главная редакция восточной литературы из-
дательства «Наука»,  1981. – 252 c.
11. Булекбаев С.Б. Казахстан в контексте гло-
бализации // Вестник КазНУ. Серия философия. Се-
рия культурология. Серия политология. – 2009. – № 
1. –  С. 13-19.
12. Анасова Қ.Т. Қазақ мәдениетіндегі кеңістік 
пен уақыттың рәміздік суреттемелері: филос. ғыл. 
канд.  ... дис.: 24.00.01. – Алматы, 2007. – 124 б.

240
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет