Патшалық Ресейдің әскери - отаршылдық ҧстанымы және оның қазақ-қырғыз
қарым - қатынасына ықпалы
Махаева А.Ш., Ҽл-Фараби атындағы , ҚҰУ, Алматы қ.
ХІХ ғасыр үлкен халықтар арасында жер шарын бҿлу ғасыры болды. Осынау жер
шарының бір бҿлігі іспеттес – Жетісу ҿңіріне ықпал етуге ХІХ ғасырдың басында Қытай,
Қоқанмен қатарласа Ресей де ұмтылған-ды. Қазақстанның батыс, орталық жҽне солтүстік
364
шығыс бҿлігін бағындырып алған Ресей империясы үшін қазақ даласын отарлаудың
біршама «тҽжірибесі» жинақталып, қазақтың сырын алғандай болған тұс еді.
1794 жылы орыс генерал-майоры Я.В. Боувердің император Екатерина ІІ жолдаған
мҽлімдемесінде Абылай ханның ұлдары Уҽли – бүкіл Орта жүзді, Ҽділ сұлтан Ұлы
жүздің басым бҿлігін алғанын, ал қалған ұлдары олардың ҿз қарамағынан бҿліп берген
жерде билік ететінін жеткізген [1, 2-п.].
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасыр басында Жетісу мен Түркістан
қазақтары Абылайдың алты ұлының билігінде болған. Абылайдың 30 ұлының ішінде
Шағатай, Тоғай, Сүйік, Қамбар жҽне Ҽділ оңтүстік ҿңірге ел билеуге жіберілсе керек. Бір
атаның балалары болғанымен олардың саяси ұстанымдары ҽртүрлі болды. Ҿздері
басқарып отырған рулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ұлы жүздегі сұлтандардың
біреулері – Қытай, екіншілері – Қоқан, үшіншілері – Ресей секілді елдердің кҿмегіне арқа
сүйемек болды.
Саяси бытыраңқылық жағдайындағы қырғыз руларының да ХҮІІІ ғасырдың аяғында
сыртқы саясатта бірыңғай бағыт ұстауға жҽне ҽрекет қылуға мүмкіндігі жоқ болатын.
Оңтүстіктегі (ішкілік) қырғыздар Қоқан хандығының, ал солтүстіктегі (арқалық)
қырғыздар қазақ сұлтандарының жҽне Қытай мен Ресейдің қолдауына ие болуға
ұмтылды.
Ұлы Жүз қазақтары мен қырғыздарға ҿз ықпалын күшейте түсу үшін Қытай да, Қоқан
да, Ресей де ҿздеріне іш тартқан рубасыларына түрлі шендер беріп, жалақылар
тағайындап, сый-сияпат кҿрсетуден жалықпады. Соның нҽтижесінде бір қазақ сұлтаны
немесе қырғыз манабы бірнеше елдің шенін иеленді.
ХҮІІІ ғасырдың аяғына қарай патша ҿкіметі қазақ пен қырғыз руларының
билеушілерін ҿз ықпалына тартуға батыл қадамдар жасай бастады. 1784 жылы Екатерина
ІІ қол астындағы қызметкерлеріне Кіші жүз бен Орта жүз хандары жіберген елшілерді
жылы қабыл алып, қазақ сұлтандары арқылы кҿшпелі елдер туралы хабар-ошар жинап
тұрудың, ҽрі оларды ыңғайына қарай орыс ықпалына тарта берудің жҽне тұрақты
байланыстар орнатудың қажеттілігін айтып, тапсырма береді.
1785 жылы қазақ сұлтандарының кҿмегімен алғашқы орыс-қырғыз байланыстары
орнайды. Сарыбағыш руының биі Атаке Тынайұлы Ресейге жіберген қырғыз елшілігінің
мақсаты Ресейдің саяси қолдауына ие болу жҽне Ресейге Орталық Азия мен Шығыс
Түркістаннан қатынайтын сауда керуендерінің бағытын қырғыз жері арқылы ҿтетіндей
қылып ҿзгертуді сұрау болатын. Қырғыз елшілері – Ҽбдірахман Кучаков пен Шерғазы
патшайым Екатерина ІІ қабылдауына 1 жылдай кіре алмай, кҿп күтуге мҽжбүр болады.
1786 жылдың соңында елшілердің бірі сырқаттанып қалып, қырғыз елшілігі тек 1788
жылы ғана Петербордан аттанып кетеді. Оған дейін, яғни 1787 жылы қазанда Омбыдан
М. Агаферов пен қазандық кҿпес А. Нұрмамедовтің сауда керуені қырғыз елшілерінің
ҿтінішіне қайтарылған жауап хатты алып, қырғыз еліне қарай жол тартады. Орыс керуені
Шудан ҿтіп, Ыстықкҿлге жетіп, Атаке биге хатты салтанатты түрде табыс етіп, қырғыздар
туралы хабар-ошарды жинай қайтады. Бірақ қайтар жолда олар қазақтардың, атап
айтқанда, орта жүздің сұлтаны Құдаймендінің тҿлеңгіттері Тҽңірберді мен Аққошқар
тарапынан тонауға ұшырап, жапа шегеді.
Алғашқы елшілердің жайын білуге асыққан Атаке би олар оралмай жатып-ақ екінші
қырғыз елшілігін Ресейге аттандырып жіберген болатын. Сатымбай бастаған екінші
қырғыз елшілігі Омбыға жеткенде, М. Агаферов бастаған орыс керуенін Атаке бидің
балалары тонапты деген қауесет те омбылық басшылардың құлағына жетіп, Петербордан
жеткен бірінші қырғыз елшілігі де, екінші қырғыз елшілігі де 1788 жылы кҿктемде
Омбыда қамауға алынады. Тергеу жұмысы 1793 жылы аяқталып, қырғыздардың орыс
керуенінің тоналуына қатысы жоқтығы дҽлелденіп, қырғыз елшілері кері қайтады. Ресейге
барған бірінші жҽне екінші қырғыз елшілігі, осылайша, нақты келісімдерге қол жеткізе
алмай қайтады.
365
ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастап Батыс Қытаймен сауда жасай бастаған орыстар бұл
жақтан үлкен пайда түсетінін біліп алған соң, керуен жолдарына үстемдік етуге деген
қызығушылығы арта түсті.
ХІХ ғасырдың басында Батыс Қытайға бірнеше ғана керуен жіберілген, бірақ керуен
кері оралып, Ресейге аман-есен жеткенде ірі түсім ҽкелген. 1813 жылы Шҽуешек, Ақсуға
жіберілген бір керуен 1814 жылы 1 млн. сомның қытайлық тауарды жеткізіп, Кяхта сауда
айналымымен салыстырғанда ҿте үлкен пайда түсетінін кҿрсеткен [2, с. 770]. Сондықтан
орыс үкіметі Шығыс Түркістанға баратын сауда жолдары ҿтетін Ұлы жүз қазақтары мен
арқа қырғыздары жеріне қызығушылық танытып қана қоймай, олардың билеушілерімен
тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылды.
1813 жылы Сібір желісіндегі ҽскерлердің бастығы Г.И. Глазенаптың нұсқауымен
қазақ даласы арқылы Ыстық кҿлге жҽне Шығыс Түркістанға М. Ниязов деген
кҿпестің керуені жҿнелтілді. Керуен иелерімен бірге арнайы тапсырмамен аудармашы
А.Л. Бубеннов та аттанып кетті. Оған керуен жолындағы қазақ, қырғыздарды Ресей
ықпалына тарту жҽне мҽліметтер жинау тапсырылған болатын. Г.И. Глазенап 1813 жылы
қырғыз билеушілеріне жҽне Ұлы жүз сұлтаны Ҽділ Абылайхановқа хат жазып, Қашқар
сауда жолымен жүрген орыс керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жҽне сол үшін
барлық жағдайды жасауды сұрады [2, с. 393]. Қырғыздың бұғы руының Шерҽлі, Шапақ
жҽне Есім сияқты билері орыс керуенін жылы қабылдап, А.Л. Бубенновпен бірге
қырғыздың Жақыпбек Ниязбекұлы жҽне Качыбек Шерҽліұлы бастаған жаңа елшілігін
Омбыға аттандырды. Қырғыз билері Г.И. Глазенаптың хатына орай орыс
керуендеріне ешқандай қысым жасамай-тындарын, оларды қорғауға алып, қажет жерге
дейін шығарып салатындарын айтып, А.Л. Бубенновтен жауап хаттарын да қоса беріп
жіберді. Ал қырғыз елшілері Омбыға барып, «ақ патшаға қарауға қырғыздардың атынан
ант беруі» тиіс болды.
Орыс керуендері Семейде жасақталып, Қытай сауда орталықтары болып
есептелетін Құлжа, Шҽуешекке баратын, бірақ мұндағы сұлтандар олардан үлкен салық
алып отырған. Сондықтан оларды Ресей ықпалына кҿндірудің маңызы зор-тұғын.
«Қырғыздың басты жҽне беделді билері Шерҽлі мен Ниязбекті саналы түрде кҿндірген
соң, біздің жаққа бет бұрды, біздің керуендерді ҽрдайым ҿткізуге, салық алмауға
міндеттенді жҽне мұны дҽлелдеу үшін ҿздерінің ұлдарын Шерҽлі – Качыбекті, ал Ниязбек
Жақыпты жіберді, олар мені ҿздерінің ордасында орыс адамдары ешқашан болған емес
деп сендірді» [2, с. 584],– деп ҽңгімелейді орыс шенеунігі Г.И. Глазенап. Ол, тіпті, қырғыз
ҿкілдеріне беретін сыйлық болмай қалып, қазақ сұлтандары Сыздық пен Сарт жҽне
Ҽбілғазыларға арналған медаль мен алтын жүзікті сыйлап жібергенін де жасырмайды.
Ҿз ордаларында ешқашан орыс адамын кҿрмегендерді «саналы түрде сендіргендер»
патша ҿкіметінің отарлау саясатына қызмет етуші татар молдалары мен саудагерлері
болатын.
ХҮІІІ ғасырды соңында татар элитасы мен ресейлік мемлекеттің арасында тарихи
ымыраға келуге қол жеткізілді. Исламның ресми статусы мойындалды. Ішкі Ресей мен
Сібірдің мұсылмандары барынша шашыраңқы түрде болса да діни автономия алды.
Қазақстандағы мұсылман мен басқа жердегі мұсылмандар бір ҽкімшілік бірлікке қарады.
Татар элитасы қазақ даласында, Орталық Азияда жҽне басқа бірқатар мұсылман
мемлекеттерінде Ресейдің сауда жҽне саяси тыңшысы қызметін атқарды [3, с. 61-62].
«Патшайым Екатеринаның қазақтарды Орынбор духовный собраниесіне қаратудағы
мақсаты, – деп кҿрсетті Б.Қаратаев, – қазақ арасында ислам дінін тарату емес еді. Ол
жалғыз-ақ Қазақ ордасы менен ішкі Россияның бір-бірімен жанасымды, жарасымды
болуына ұмтылады, солай болғанда қазақтар ҿздерінің қарындасы болған татарлардың
қызметін пайдаланатын еді» [4, 211 б.].
Орынбор мүфтилігінен келген молдалар тіпті ҿздерінің рұқсатынсыз мешіт салуға да
қарсы болды, мысалы, 1835 жылы Семей қаласында ташкендіктердің ҿз қаражатына ескі
мешітті қайта тұрғызуына барынша қарсылық кҿрсетіп, 37 жыл бұрын ташкендік,
366
бұхарлық жҽне басқа азиаттықтар қаражатымен салынған мешітті жауып қоюға дейін
барған [5, с. 112-114].
Екатерина ІІ Орынбор мұсылмандар Діни басқармасын құруда сыртқы саясатты да
кҿздеді. Мүфти Мұхамеджан Хусеиновке алдын ала Қазақстан мен Орта Азияда ресейлік
мүддені қорғау жұмысы тапсырылды. Мұхамеджан ҿзін «қырғыз-қазақ мүфтиімін» деп
атады. Одан ҿзге елшілер мен барлаушылар ретінде татар молдалараның белсенді тобы
тартылды. Оларды қызметіне қарай екі түрге бҿлуге болады: молдалардың ірі бҿлігі
сансыз медреселерде ҿз білімін кҿтергенсіп, ортаазиялық қалаларда тұрақтап тұрды да,
екінші тобы саудагерлер ретінде олардан алған мҽліметтерді ары-бері жеткізіп тұрды.
Мемлекет тарапынан діни адамдардың бұл қызметіне мол ақы тҿленді. Қазақ, қырғыз
арасына сенімді молдаларды жіберудегі мақсат ортаазиялық хандықтар тарапынан
жіберілген діни адамдардың Ресейге қарсы үгіт-насихатына қарсы тұру болды [6, с. 29].
Орыс-түрік соғысы жүріп жатқанда татар молдалар мен ортаазиялық молдалар арасы
қатты шиеленісті. Себебі, мүфти қазақтарды тыныштық сақтауға, Ресейге бағынуға
шақырды, ал қазақ билері мүфтидің бұл нұсқауын Бұхара мен Хиуа үлемдеріне сынға
салуға жіберді. Олар мүфтидің барлық мұсылмандардың бас азаны – Түрік сұлтанына
қарсы ҽрекетін қатты айыптады [7, с. 30].
Қазақ жүздері үшін молдаларды даярлау, ахундар мен мүфтилердің қызметін бекіту
патша үкіметінің отаршыл саясатының нҽтижелі ҽдісі болды [8, 196-п.].
Орынбор мұсылман діни басқармасын құрудағы мақсат мұсылмандардың кҿңілін
аулау, екінші шеті оларға патша ҿкіметінің билігін бекіте түсу еді.
Жетісудағы қазақтар мен қырғыздарды Ресей жағына тартуда татар молдаларының,
кҿпестерінің саяси тыңшы, үгіт-насихат жүргізуші жҽне идеология таратушы,
аудармашы, ҽрі жол кҿрсетуші ретіндегі ролі жоғары болды. Мысалы, Жетісуда ХІХ
ғасырдың алғашқы ширегінде-ақ Ресейге бүйрек бұрған жалайырлардың сұлтаны Сүйік
Абылайхановқа татар молдалары мен кҿпестері Ресейдің қуаттылығы жҿніндегі пікір-
кеңес беріп, оның патшаға баруына үгіттеген. Ҽсіресе, 1817 жылы Жетісуға сауда-саттық
жасауға келген тобылдық татар кҿпесі Сапар Құрбанбақиев Сүйік сұлтанды үгіттеуге кҿп
еңбек сіңірген. Епті, ҽрі іскер С. Құрбанбақиев Сүйік сұлтанмен жақын танысып алған
соң, түрлі тартулар жасап жүріп, оның сеніміне кіре білді. Алғашында жергілікті
халықпен сауда-саттық нашар жүрді, бірақ бұл қиындықтан да шығудың жолын тапқан С.
Құрбанбақиев тауарларын қарызға тарата жүріп, қазақ, қырғыз арасында танымал адамға
айналып, бір жылдай тұрады. Ҿзінің де Құлжа жаққа барғанда қырғыздардың шабуылына
ұшырағанын айтып, С. Құрбанбақиев Сүйік сұлтанды қырғыздардың барымтасынан жҽне
Орта жүз қазақтары шабуылдарынан орыс боданы болсаң, ақ патша қорғайды деп
сендіріп бақты. Ақыры, Сүйік сұлтанды айтқанына кҿндіріп қайтқанын жеткізу үшін
Омбыға келеді. 1818 жылы С. Құрбанбақиевтің айтқандарының растығына кҿз жеткізіп
қайту үшін аудармашы Хасан Сейфуллин Ұлы жүз жеріне жіберіледі. Ол Ұлы жүз жерін
еркін аралап, Сүйік сұлтанды жҽне оның қарамағындағы билерді орыс бодандығына ҿтуге
ант бергізіп қайтады. Қайтар жолда Омбыға Сүйік сұлтанның баласы Жанқожаны жҽне
бірнеше билерді ілестіре келеді.
1819 жылы Сүйік Абылайханов пен қырғыз билеріне тигізген осы ықпалы үшін
бірқатар татарлар: ағайынды Сапар мен Құрбанқұл Құрбанбақиевтер, семейлік кҿпестер -
Ҽбілғазы Ғұмаров пен Хамит Ҽміров, аудармашы Хасан Сейфуллиндер алтын медальмен
марапатталды жҽне Хасаннан басқасы 10 класты шенге ие болады. Татардың Файзулла
мен Сейфулла сияқты саудагерлері де сый-сияпатқа бҿленді [8, 6-п.].
ХІХ ғасырдың 20 жылдары қазақтар мен қырғыздар арасында табысты сауда-саттық
жасай жүріп, олар ел ішінде Ресейдің басқару тҽртібінің пайдалы екенін (1822 жылы Орта
жүзде енгізілген «Сібір қазақтары туралы жарғы») жҽне қажет екенін түсіндірумен бірге,
қырғыз билері мен қазақ сұлтандарын, соның ішінде Сүйік Абылайхановты, Мҽмбет
Ҽліпбековты, Қамбар Ибақовты Ресей бодандығына ҿтуге жҽне округ ашуға келістірген
[9, 6-п.].
367
Тек Ҽділ сұлтанның ұрпақтары Ресей бодандығына түсуден қашқақтаған.
Файзулла Сейфуллин қазақ-қырғыз билеушілеріне орыс ҿкіметі жіберген сый-
сияпаттарды, хаттарды ҽкеліп тапсыру жұмыстарын тыңғылықты орындаумен қатар
Омбыға барған қазақ-қырғыз ҿкілдерінің жол шығынын да ҿзі кҿтеріп жүрген [10, 377-п.].
Кейін ол шығыны орыс ҿкіметі тарапынан қайтарылып берілген. Оның тіпті, 1813 ж. орыс
ҿкіметі атынан қырғыз билерін Омбыға шақырғаны да мұрағат құжаттарында айтылады
[11, 21-п.].
Қазақ-қырғыз арасындағы пайдалы жұмысы үшін Файзулла Ноғаев 1828 жылы
тархан атағын алады [10, 376-п.]. Оның тархан атағын алуына қырғыз манаптары кҿп
септіктерін тигізген. Қырғыз манаптары ҿздерінің Омбы облыстық бастығы С.Б.
Броневскийге жолдаған хаттарында Файзулланың қырғыздың бұғы руымен орыс ҿкіметі
арасындағы байланысты жолға қоюдағы еңбегін ерекше бағалап, марапатталуын ҿтініп
сұрайды [10, 376-377-пп.].
Қырғыздар мен Омбыдағы орыс ҽкімшілігі арасын жалғауда, қырғыздарды орыс
ықпалына тартуда қазақ сұлтаны Сүйік Абылайұлының да еңбегі зор болды. Ол
қырғыздар арасында татар молдалары, саудагерлерімен жҽне ҿзінің ұлы Жошымен,
сондай-ақ Ҽли сұлтанның ҿкілі Үйсінбай Шүкірұлымен бірге кҿп үгіт жұмыстарын
жүргізді. Сүйік сұлтан қырғыздардың Ресейге елшілік жіберуіне ҿзінің себеп болғанын
1824 жылғы хатында нақтылап кҿрсетеді [10, 93-103-пп.]. Қырғыздардың билері де: «Осы
үш кісінің (Ф. Сейфуллин, П.А. Пиленков жҽне Ҽли тҿре Ҽділұлының атынан келген
ҿкіл – Үйсінбай Шүкірұлының) үгітіменен біздің ел-жұртымыз балаларын, ҿкілдерін
елшілікке жіберді» [11, 246-п.], – деп баяндайды.
Министрлер кабинеті татар молдалары мен саудагерлерін ғана емес, олардың
айтқанымен жүріп, қазақтар мен қоса қырғыздарды да орыс ықпалына тартуға, икемдеуге
ҿз жҽрдемін аямаған, орыс билігіне кҿп үміт артқан Сүйік Абылайхановқа 1819 жылы 18
қаңтарда 8 класты шен, кҿгілдір баулы алтын медаль жҽне бҿрік пен шапан (кафтан),
Жанқожа Сүйікұлына Александр ленталы алтын медаль тапсырады [10, 100-п.].
Қазақ даласында ҿз ықпалын күшейте түсу үшін 1775 жылдың 24 наурызынан бастап
патша үкіметі ҿзіне керек болар деген хандар мен сұлтандарға ҽскери шен беріп, орыс
князьдерімен теңестіріп, кҿптеген жеңілдіктермен қамтамасыз ете бастады. Орыс ҽскери
шенін алған қазақтар кҽсіпқой ҽскерилер болмаса да мемлекеттік қызметті ҽскери тұрғыда
атқарды.
Қазақтар арасынан ең алғаш орыс ҽскери шенін иеленген секунд-майор Серғазы
Қайыпов болуы мүмкін деген ғылыми болжам да бар [12]. «Ал Ұлы жүз қазақтары
арасында алғаш рет орыс ҽскери шенін алған Абылай ханның кенже ұлы – Сүйік сұлтан
Абылайханов болды [13, 172 б.], – деп ҽңгімелейді Қ. Халид .
Ресей империясындағы ҽскери шен кіші офицерлік, аға офицерлік жҽне жоғарғы
офицерлік болып 3 топқа бҿлінді. Ал 1814 жылы қырғыз елшілері – Качыбек Шерҽліұлы
мен Жақыпбек Ниязбекұлы жҽне 1819 жылы Сүйік сұлтан Абылайханов алған капитан
шені аға офицерлік топқа жатқан.
«Сүйік Абылайхановтың мешіт салу туралы ҿтінішін орындау оның Ресейге деген
сенімі мен адалдығын бекіте түседі жҽне Ұлы жүз қазақтарының ақыл-ойына лайықты
ҽсер етеді» [10, 100-п.] деп шешкен Ҽскери Министрліктің шекаралық істер бҿлімі 1821
жылы қазына есебінен Қасиетті Құранды сатып алу үшін 191 сом 15 тиын бҿледі, ал бірақ
мешіт салу ісі кейінге қалдырылады.
1821 жылы Ҽділ сұлтанның ұрпақтары атынан Ерҽлі Ҽділов, Мұхамедҽлі Ибақов жҽне
Орта жүздің найман руының сұлтаны Сайбақ Жабаев Омбыға келіп, ҿздерінің орыс
патшасы қарамағына ҿтетіндіктерін жҽне ант қабылдау үшін бір молданың жіберілуін
сұраған. Бұл ҿтініштің анық-қанығын білу үшін 1823 жылы аудармашы Крайкин мен
Тасболат молда Бекболатов бастаған 5 кісі Ұлы жүз жеріне келіп, 14 сұлтаннан жҽне
бірнеше билер мен беделді кісілерден, барлығы 33 адамнан ант қабылдап қайтады.
Олардың ҿтінішін Александр І патша 1924 жылы 13 мамырда арнайы жарлықпен бекітеді.
368
Сыртқы істер министрлігінің меңгерушісі болып қызмет еткен К. Нессельроденің
мҽлімдеуінше, Ҽділ сұлтанның ұрпақтары қарамағында 165 мың ер кісі, 630 мың ірі қара
мал жҽне 3 млн. ұсақ мал болған.
1824 жылы жаздың басында Омбыда бірнеше күн болған Сүйік Абылайханов ҿзі
басқарып отырған үйсіндердің кҿп малын айдап ҽкеткен кҿршілеріне шағым жасап,
қайтарып беруге жҽрдем сұрайды. «Осы сҽтті қалт жібермей, – делінеді мұрағат
құжаттарында, – Омбы облыстық бастығының қызметін атқарушы полковник Броневский
Сүйікті даладағы басқару тҽртібінің пайдасы жҿнінде ҽңгімеге тартып, оның қонысында
сыртқы округ ашуға келісуге шақырды. Сұлтан бұл ұсынысқа сыпайы түрде келісті жҽне
ҿзіне қарайтын үйсіндерді құрайтын халықпен (50 мыңнан асатын ер азаматы бар) Ресей
басқаруына кіруге тілек білдіріп, 200 адамдық ҽскер жіберуді ҿтінді [14, 100-п.]. Бұл
құжаттың екінші қыры Броневкийдің Ұлы жүз жерінде сыртқы округ ашуға Сүйікке
ұсыныс жасап, бірінші болып бастама кҿтергенін кҿрсетеді. Құжатта Сүйіктің бұл
ҽңгімеге дайындығы бар екені де айтылады. Сұлтанды «дайындаған», ҽрине, жоғарыда
айтылған татар саудагерлері мен татар молдалары болатын. Сүйіктің қызметіндегі
Мұсағид Иманов пен Абдулла Маклюкев секілді екі молда да, үкімет тарапынан сыйлық
алуларына қарағанда, аз еңбектенбесе керек.
Қытайдың Аягҿзге дейінгі жерге ҿз меншігі деп қарап, шекаралас қазақ, қырғыздан
жылқы алып отырғанын білетін патшалық Ресей үкіметі кҿршілес империямен қарым-
қатынасты бірден шиеленістіріп алмай, мҽселені асықпай шешуді ұйғарды. Сондықтан
Азиялық департамент Броневскийдің Жетісу жерінде тездетіп округ ашу керек деген
ұсынысын қабылдамай тастады.
Алайда Сүйік сұлтанның орыс ҽскерлерінің Жетісуға келуіне келісімі алынған соң,
орыс үкіметі енді маңызды керуен жолдары ҿтетін Ұлы жүз қазақтары жеріне ҽскери
экспедиция жіберіп, бекініс салуды жҽне онымен кҿршілес қырғыз жеріне де ықпал етуді
ойластырады.
«Ұлы жүз қазақтары істеріне араласуды қабылдау туралы» атты полковник
Броневскийге 1825 жылдың 2 мамырында генерал-губернатор Капцевичтің бекітуімен
берілген нұсқауда былай деп кҿрсетіледі:
«...Егер Орта жүз қазақтарына немесе қырғыздарға қарсы бұрынғы тоналғандарын
айтып, ҽскер сұраса, онда тоналған нҽрселеріңіз округ ашылғанда толық қайтырылады
деп сендіре беру керек. Егер сіздер барған кезде барымта болса, онда жыртқыштардың
соңына жайлап түсіңіздер» [14, 4-6-пп.]. Осыған үндес нұсқаулар қырғыз билеушілеріне
де қатысты беріледі.
Сүйікпен қатар қырғыз билеріне де, «Ресей тарапынан сіздерге де қорғау қажет
болса, ҿздеріңіздің кісілеріңізді жіберіңіздер, халықтың қажетін ашық айтыңыздар жҽне
керектеріңізді сҿзсіз аласыздар» деген мазмұндағы хат [14, 33-п.] жіберілді.
Ұлы жүзге шығуға ҽскери отряд даярланып жатқанда, яғни 1824 жылы Омбыға
қырғыздардың бұғы руының Ақылбек Олжабайұлы, Ҽлғазы Шерҽліұлы, Ҽлімбек
Жапалақұлы сияқты үш биі жҽне 4 беделді кісілері де келіп, Ресей боданына ҿтуге ниет
білдіріп, олар Омбыда 5 қаңтардан 25 мамырға дейін болады [14, 76-п.].
Сұлтан М. Ибақов атынан келген қазақ елшілері мен қырғыз елшілері 1825 жылы 26
мамырда Ф.К. Шубин бастаған 120 казактан 2 зеңбірегі бар ҽскери экспедициямен бірге
жолға шығады. Шубин отрядындағы казактардың қырғыз-қазақ елшілеріне қандай да бір
жҽбір кҿрсетулерін болдырмауға, олармен ҿзара сҿйлесуіне, ҽсіресе, округтердің ашылуы
туралы ҽңгімелесуіне жол бермей, қатты қадағалау қажеттігі отряд басшысына қатаң
ескертілді. Ҿйткені, округ ашудың зиянды екенін біліп қойса, елшілер де, олардың
жерлестері де айтқандарынан айнып қалар деген қауіп те болды.
Орыс ҽскери экспедициясының бастығына қазақ, қырғыз рулары жерімен Үндістанға
жҽне басқа Азия елдеріне баратын керуен жолдары туралы нақты да толық мҽлімет
жинап қайту міндеті аса маңызды тапсырма ретінде жүктелді.
369
Сүйік Абылайхановтың қонысы болып есептелетін Қаратал бойына Ф.К. Шубин
отряды 1825 жылы 9-шілдеде келіп жетеді. Отрядтың басты күші Ұлы жүз жерінде қалып,
хорунжий Т.В. Нюхалов пен дҽрігер Ф.К. Зибберштейн бастаған топ қырғыз жеріне,
Ыстықкҿл маңына, мұндағы ыңғайлы керуен жолдары туралы мҽлімет алуға жіберіледі.
1825 жылы тамыз айында Т.В. Нюхалов пен Ф.К. Зибберштейннің қатысуымен Жырғалаң
ҿзені бойында Олжабай бидің ауылында бұғы руы қырғыздарының Құрылтайы ҿтіп,
онда қырғыз елшілері ҽкелген П.М. Капцевичтің хаты оқылып, кҿпшіліктің талқысына
салынады. Осы кезде қоқандық елшілер мен сарбаздар да бұғы руын ҿз жақтарына ҿтуге
үгіттеп жүрген болатын. Бұғы руы орыстарға қарай ыңғай танытады. Қырғыздардың
келісімін алған соң, орыс экспедициясы П.М. Капцевичтің арнайы тапсырмасы бойынша
қазақ, қырғызды жинап, «азияттық талғамдағы ерекше мереке – бҽйге» ҿткізуге кіріседі.
Орыстардың қазақтар мен қырғыздар үшін бҽйге беруінің мақсаты мұндағы халыққа
Ресей империясының ҽскери жҽне экономикалық күш-қуатын кҿрсетіп, оларды орыс
ықпалына икемдеу жҽне орыс қаруынан имендіру болса, екінші шеті, қытайлықтардың да
Ұлы жүз жерінде жүрген орыстардың іс-ҽрекетіне кҿзін үйрету болды.
Шубин Қараталға келгеннің үшінші күні қазақ рубасылары тҿбе кҿрсете бастайды. 16
шілде күні Сүйік келіп, Ресейді жақын тұтатынын білдіреді. Абылай (халық Құлан деп те
атаған) сұлтан бастаған Ҽділ тҿре ҽулеті бір шешімге келе алмай, алғашқы шақыруға
келмей (оларға ротмистр Верщинин жіберілген), қарсылықтарын орыстар ұсынған
сыйлықты алудан бас тартуымен білдіреді. Екінші рет аудармашы Крайкин мен ахун
Ахмет Мұхамедов барып, орыс отряды лагеріне келуге кҿндіріп қайтады.
Ұлы жүз жҽне қырғыз жеріндегі орыс ҽскерлерінің ҽрекеті қоқандықтарды бей-жай
қалдырмады. Ҽділ тҿре ҽулетіне қоқандық билеушілер де кісі жіберіп, ҿздерінің
қарамағына ҿтуді ұсынады. Ұлы жүз билеушілерін қызықтыра түсу үшін ҿздерімен біріге
отырып, жиі барымта жасап, керуендерді тонап кететін қырғыздың сарыбағыш руы
ауылдарын шауып алуға шақырады. Қазақтар мен қоқандықтар қолы бірігіп
сарыбағыштарды шапқаны да белгілі. Бұл шабуылдың мҽнісі керуен жолына бақылау
үшін бҽсекелестікте жатқан еді.
Шубин отрядының Қараталға келуі Қытай императорына да жетеді. Оған мұны
Абылай сұлтан Ҽділұлы хат жазып, хабарлайды. Қытай жағы да орыс отрядының
ҽрекетіне ҿз қарсылығын білдіреді.
Орыстардың Қараталға келуі де қазақтардың жағдайын жеңілдете қойған жоқ.
Үйсіндер мен наймандардың ҿзара жер дауы ушыққаны соншалықты бұрынғы
қоныстарына баруға қорқып, жалайыр мен шапыраштылардың кейбір рулары Қаратал
мен Іледен ҿтіп кетті, наймандар да жырақ кетейік деп Аягҿз ҿзенінен ҿтіп, Кҿксалы жҽне
Бақанас шатқалына дейін шегінген.
Наймандар мен жалайырлар арасындағы дау тіпті Шубин бҽйге беріп жатқан кезде де
болған. Сүйік сұлтанға қарасты Керімбай мен Қабан билер басқаратын қазақтар сұлтан
Шанхаевпен ере келіп наймандардың 3 атын тартып алып, содан дау туып, Шубин
жалайырларға сотник Карбышев бастаған казактарды жіберіп, аталған билерден
жылқылар қайтарылып алынады.
1825 жылы патша үкіметінің Ф.И. Шубин отрядын Қараталға жібере отырып, Ұлы
жүз қазақтары мен қырғыздарды сый-сияпат жасау арқылы тез арада, ҽрі қарсылықсыз
бағындыра қояйық деген ойы жүзеге аспады. Оған ішкі, сыртқы факторлар ҽсер етті.
Пайдаланған ҽдебиеттер
1
Ресей империясы Сыртқы саясат мұрағаты. 122-қ., 3-т., 3-іс.
2
Внешняя политика России ХІХ и нач. ХХ века / документы МИД России. – М.:
Изд-во политической литературы, 1970. – Т.7. – Серия І. – 872 с.
3
Хабутдинов А. Миллет Оренбургского духовного собрания в конце ХҮІІІ – ХІХ
веках. Казань: Иман, 2000. – 160 с.
4
Айқап / құрастырушы: Ү. Субханбердина, С. Дҽуітов. – Алматы: «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1995. – 367 б.
370
5
Ислам в Российской империи (законодательные акты, описание, статистика) /
сост. Д.Ю. Арапов. – М.: ИЦК «Академкнига», 2001. – 367 с.
6
Азаматов Д.Д. Оренбургское магометанское духовное собрание в конце ХҮІІІ-
ХІХ вв. – Уфа: Гилем, 1999. – 193 с.
7
Ресей Федерациясы Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты (РФ ООММ). 6-қ., 4-
т., 8085-іс.
8
РФ ООММ. 6-қ., 1-т., 38-іс.
9
РФ ООММ. 3-қ., 1-т., 419-іс.
10
Қазақстан Республикасы Орталық мемелекеттік мұрағыы. 338-қ., 1-т., 350-іс.
11
Ҽбдіров М. Шенді шекпен // Халық кеңесі. – 1993. – 8 мамыр
12
РФ ООММ. 366-қ., 1-т., 103-іс.
13
Халид Қ. Тауарих хамса. – Алматы, 1992. – 304 б.
14
РФ ООММ. 366-қ., 1-т., 125-іс.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы завоевательной политики царской России в
Семиречье и ее влияние на развитие казахско-кыргызской взаимосвязи.
In the given clause questions of agressive policy of imperial Russia in Semirechie and its
influence on development of the Kazakh-Kirghiz interrelation are consider
УДК 377.031
Достарыңызбен бөлісу: |