Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


 жылғы кӛтеріліс және Жетісудағы босқыншылық



Pdf көрінісі
бет54/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77

1916 жылғы кӛтеріліс және Жетісудағы босқыншылық 

Рүстемов С.К., тарих жҽне этнология институты., Алматы қ. 

 

Отандық тарих ғылымында 1916 жылғы кҿтеріліске қатысты кҿптеген зерттеулер 



жүргізілгені  баршамызға  аян.  Оларда  кҿптеген  құнды  дерек  кҿздері  тартылып,  терең 

ғылыми  тұжырымдар  білдірілгенімен  1916  жылғы  кҿтерілістің  зардаптары  мҽселесі 

арнайы  қарастырылған  емес.  Бұл  ретте  Жетісу  босқындары  мєселесін  ерекше  атауға 

болады . 

1916  жылғы  26  маусымдағы  патша  жарлығына  қарсы  басталған  толқулар 

тамызда бүкіл қазақ даласын қамтыған қарулы кҿтеріліске ұласты. Кҿтерілістің тамызда 

ең  ҿршіген,  аяғы  қанды  қырғын  мен  жат  елге  босуға  айналған  ауданы  Жетісу  ҿңірі 

болды.  Қарсылық  кҿрсеткендері  үшін  Түркістан  ҿлкесінде  ҽскери  жағдай  жарияланып, 

қарулы ҽскер шығып, Жызақ қаласының 20 мың халқын жоқ қылды (1), Жетісудың 164 

мың  қазақ-қырғызының  Қытай  жеріне  босып,  83  мыңының  қырылуына  соқтырды  (2). 

1917  жылы  мамыр  айында  жергілікті  билік  орындарына  келіп  түскен  мҽліметтерге 

қарағанда  Верный  уезінің  бір  ғана  Қызылбҿрік  болысындағы  1129  түтіннің  263-нен 

ҿзгесі Құлжаға ауып кеткен (3) кҿрінеді. 

Кҿтеріліс  ҽкелген  бүліншілік  Жетісудың  жергілікті  бұқарасы  мен  орыс  қоныс 

аударушыларының  ара  қатынасын  бұрынғыдан  да  қатты  шиеленістіріп  жіберді. 

¤шпенділік күшейіп, қарулы келімсектер тізгінсіз кетті. Жетісу облыстық статистикалық 

комитетінің  1913  жылғы  мҽліметіне  қарағанда,  орыс  шаруалары  қолында  қорғаныс 

мақсатында  ҿкімет  тарапынан  берілген  704  қару,  16226  патрон,  ал  қоймалардағы,  жеке 

қызметкерлері мен ҽскери басшыларды қоспағанда 7257 қару, 412089 патрон болған| (4), 

ал  1917  жылы  бір  ғана  Пржевальскі  уезінде  қару  саны  екі  мыңнан  асқан  (5).  Патшалық 

заманнан бері қоныс аударушыларды тек 1917 жылдың 1 ақпанында Түркістан ҿлкесінің 

уақытша  ҽскер  басшысы  Черкестің  бұйрығы  тоқтатты,  онда  да  қолдағы  қару  түгел 

қалдырылып, жергілікті қоғамдық ұйымдар тарапынан бақылау жасау тапсырылды (6). 

Қолында  қаруы  бар  келімсектер,  соғыстан  қайтқан  ақ  билеттілер,  қашқын 

солдаттар бейбіт жатқан елдің шырқын бұзып, қорқытып-үркітіп, дүние мүлкін тартып 

алып, зорлық-зомбылық ылаң салды. Верный уезінің комиссары И.Бабкии Сергиевский 

селосының  Василий  Клименко  деген  шаруасы  ҿз  қауымының  қолдауымен  қолындағы 

қазына  қаруына  сүйеніп,  қырдағы  қазақтарды  тонау  єрекетін  жүзеге  асырып  жүргенін 

айқындаған (7). 

Қырдағы  қазақтар  осындай  қысымшылыққа  түскенде,  жер  асып  кеткен  босқын 

қазақ-қырғыздың жайы мүлдем ауыр еді. Қытай жеріне арып-ашып жеткендердің орыс 

ҽскерінің талауынан қалған малдарын қытай, қалмақтар тағы тонап, үй, тамақ, киім жоқ, 

аштықтан,  суықтан  үштен  екісі  қырылып,  Қүлжаның  кҿшесі  тіленші  қазақтарға  толып 

кетті.  Адам  базары  ашылып,  баланың  құны  бір  шелек  бидайға  шықты  (8).  Қытайға 

босқан қырғыз-қазақтың сол тұстағы ахуалын ҿз кҿзімен кҿрген Жаркент уезі бастығы: 

Қазақтар қытайлардан кҿрген қорлығын ұзақ уақыт ұмыта алмас», (9) - деп жазды. 

Шет  жердегі  адам  тҿзгісіз  жағдайлардың  єсерімен  қысқы  суық  пен  таулы 

шатқалдардағы  қар  кҿшкініне  қарамастан  босқындар  кері  елге  қайта  бастады.  1917 

жылдың наурыз айынан, яғни Ақпан революциясынан кейін олардың елге оралуы Қашқар 

жағынан да, сондай-ақ Қүлжа жағынан да жиілей түсті (10). Босқындардан ҿз елін тазалау, 

сҿйтіп  қалыпты  тұрмыс-тіршілікті  ретке  келтіру  міндетін  алған  Қытай  басшылары 

тарапынан да 1917 жылдың кҿктеміне қарай Шығыс Түркістанға жер ауып келген қырғыз-

қазақтарды  қайтару  шаралары  басталды.  ¤з  кезегінде  Уақытша  үкімет  те  қоғамдық 

күштердің қысымымен Қытай билік орындарынан қырғыз-қазақ босқындарын қайтаруды 



 

384 


ҿтінуге  мєжбүр  болды.  Қытай  жеріндегі  босқындардың  М.Тынышбаев  мағлұматынша  І 

шілдеге  дейін  ҿз  жеріне  шұбырып  жеткендері  69  мың,  Қытай  жерінде  қайта  алмай 

қалғаны 12 мың адамды кұрады (11). 4-7 мамыр аралығында Қытай үкіметі тарапынан қол 

хатпен полковник Путинцевтің қарамағына берілген босқындардың саны, мұрағат құжаты 

бойынша, 120 мыңдай адам, 64 мың бас жылқы, 46000 бас ірі қара мал, 120 мың бас қой 

жҽне  5400  бас  түйе  болған  (12).  Қытай  билік  орындары  қазақтардың  асыл  тұқымды 

малдарын алып қалып, нашарларын  ғана қайтарды, қайтқандардың кҿбі  тоналып қайтты 

(13).  Мєселен,  Верный  уезі  Қызылбҿрік  болысының  500  түтін  жаны  ешқандай  мал-

мүліксіз оралған (14). 

Қытай  жерінен  қуылған  қазақ-қырғыздарды  арып-ашып  ата  мекендеріне  жеткенде 

қарулы  келімсектер,  қоныс  аударушылар  «күтіп  алды».  Жаркент  уезінен  Мемлекеттік 

дума тҿрағасына, Түркістан комитетінің тҿрағасына жҽне «Қазақ» газетінің редакциясына 

жолданған  жеделхатта  Жаркент  уезіндегі  албандар  мен  суандар  қару-жарағы  жиналып 

алынбаған  орыс  келімсектері  тарапынан  қырғынға  ұшырап,  ашығып,  жемтік  жеп 

жатқандығы, сҿйтіп кең де үлкен жердің қазақтар үшін тар болып тұрғандығы айтылған 

(15). 


Қытайдан қайтқан босқындарға бірінші қол созып, жанашырлық танытқан ұлттық 

қоғамдық  саяси  ұйым  ретінде  құрылған  Қазақ  комитеті  болды.  Қазақ  комитеті  тек 

жанашырлық танытып қоймай, босқындарды орналастыруға ыңғайлы жерлерді белгілеп, 

қоныс  аударушы  орыстар  тҿндірген  қауіптен  қорғап,  жұмыс  тауып  беру,  аштарға  тамақ 

ішетін  пункттер  ашу  сияқты  нақты  кҿмектер  ұйымдастыруды,  жан-жаққа  ҿз  кісілерін 

жіберіп, бақылауға алып, демей білді (16). 

Бҽрінен  бұрын  Қытайдан  екі  бағыт  бойынша,  Қашқар,  Ақсу  ауданы  жєне  Құлжа 

жақтан  -  арып-ашып  қайтқандар  аңдыған  жаудың  (қоныс  аударушылардың)  жеміне 

айналып, тағы қырылып кетпеуі үшін ҿзінің бұ-рынғы ата-жүртына, болмаса, қауіпсіздеу 

бос  жерлерге  орналастырып,  жай  тауып  беру  ісі  маңызды  болды.  Сондықтан  Жетісу 

облыстық  Қазақ  комитеті  сҽуірдегі  облыстық  қазақ-қырғыз  съезінде  жан-жақты 

талқыланып  қабылданған  босқындарды  орналастыру  туралы  шешімін  жүзеге  асыруға 

қолға алды. Съезд шешімі бойынша Қашқар, Ақсу ҿңірлері жақтан қайтқан босқындарды 

Пржевальскі жақтағы қауіпсіздеу жерлер Ұлар, Семізбел, Тоң секілді аудандарға, Пішпек 

уезінің  Қошқар,  Сусамыр,  Жұмғайт  аңғарларына,  Нарын  жақтағы  Тоғызтарау,  Қүланақ, 

Аңдалы  ҿңірлеріне,  Құлжадан  қайтқандарды  -  Верный  уезінің  шығыс  жағына  жҽне 

Жаркент  уезінің  Шонжа,  Шҿлтатыр  аңғарларына,  Бесқарағай,  Қарқара,  сондай-ақ 

Пржевальскідегі шаруалардың кҿңіл-күйі дұрыстау жерлерге орналастыру қарастырылған 

болатын  (17).  Жетісу  облыстық  Қазақ  комитетінің  тҿрағасы  И.Жайнақов  26  сєуірде 

Түркістан комитетінің басшысы Н.Н.Щепкинге съездің бұл шешімін жолдай отырып, оны 

іске  асыруда  қақтығыстар,  түсінбеушіліктер  тумауы  үшін  Түркістан  комитетінің 

комиссарлары  мен  жергілікті  қазақ-қырғыз  уездерінің  ҿкілдері  біріге  отырып 

ойластырғаны  лҽзім  екендігін  айта  келіп,  жергілікті  комитеттер  арқылы  жылу  жинап, 

материалдық  кҿмек  кҿрсету,  азық-түлік  комитеттері  жҽне  тағы  басқа  мекемелердің 

қарайлауына  кепілдік  беру,  Шу  ҿңіріне  жеткендерді  сол  жерде  қалдыруды  ҿтінді  (18). 

Жайнақовқа  жауапты  Н.Н.Щепкин  емес,  М.Тынышбаев  мынандай  мазмұнда  қайтарды: 

«30  сҽуірде  Пішпекте  болу  ойымызда  бар.  Сіздің  жеделхатыңыздың  мазмұнын  комитет 

құптап,  Петербор,  Пекин,  Қүлжа,  Қашқардағы  орыс  ҿкілдеріне  Қытай  ҿкіметі  тарапына 

телеграф арқылы қазақ-қырғызды қайтаруға жєрдемдесу сұралып хабарланды» (19). 

Уақытша  үкіметтің  жергілікті  билік  орындарына  дабыл  қаққан  Жетісу  облыстық 

Қазақ комитетінің тағы бір жеделхатында Пішпек, Пржевальск, Тоқмақ комиссарларының 

Қытайдан қайтқан қазақтар арасынан орыс тұтқындарын іздестіруге рұқсат куҽлік беруді 

тоқтату  талап  етілген,  мұндай  куєлігі  бар  қарулы  орыс  солдаттары  қырдағы  қазақтарға 

келіп ойран салып жатқандығы баяндалды. 

Түркістан  комиссары  О.Шкапскийдің  Құлжадағы  консулға:  «Қытай  офицері 

Мадорын  қазақ-қырғыз  босқындарын  қалмақтар  тонауға  дайындалып  жатқан  Музарт 



 

385 


арқылы  қайтуға  мҽжбүр  етіп  отыр.  Даотайдың  уҽдесі  қайда?  Петербордан  телеграфпен 

Пекинге  ықпал  етуін  сұрармын.  Бірақ  бұған  қарамастан  босқын  қазақтарға  Жаркент 

арқылы  ауру-сырқаулардың  малдарын  жинастырып,  біртіндеп  ҿтуіне  куҽлік  берілсін. 

Босқындарға  Қапал,  Лепсі  қазақтары  жай  беретіндігін  хабарлаңыз»,  -  деген  ҿтініші 

босқындарға деген жан ашырлықтың кҿрінісі еді (20). 

Алайда  Қытайда  қалған  қазақ-қырғызды  қуғынға  ұшыратпай,  күш  жиғанша,  бір 

қыс  сонда  қала  тұруын  ҿтінген  жеделхатына  Петербордан  Терещенко  босқындардың 

Қытай  бодандарына  келтірген  шығыны  тҿленбегендіктен  араласа  алмайтынын  айтып, 

шалқайса,  Қытай  жағы  Жаркенттегі  апиын  плантациясында  жүрген  17  мың  дүнгенді 

орнында қалдыруды талап етті (21). 

Қытай  ҿкілі  Даотай  уҽде  үстіне  уҽде  беріп,  қазақ-қырғызға  тиіспейміз  деп  уақыт 

созғанымен,  босқындарды  қытай  ҽскерлері  жол  торыған  қалмақтар  жатқан  Нарынқол 

бағытына мал-жанын жиып үлгертпестен күштеп куа бастады. Босқындардың хал-жайын 

кҿзімен  кҿріп  басынан  кешкен  қырғыз  халқының  қайраткері  Б.Солтоноев  былай  деп 

жазды: «Керенский заманында болған ҿкімет арыз қылсақ ұқпады. 1916 жылғы қолыңмен 

істегеніңді  қаныңмен  тҿле  деді.  Босқындарды  ҿлтіріп  жатқан  мұжықтарға  астыртын 

жҽрдемші болды» (22). 

Жетісудағы жағдай қазақтың Є.Бҿкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтай ұлттық 

саяси  ҽлита  ҿкілдерін  шет  қалдыртады,  олар  «Қазақ»  газеті  арқылы  алаш  баласын  ҿлім 

халінде жатқан адамдардың аузына су тамызғандай аз-кҿп демей жҽрдем етуге шақырды, 

адамшылық пен  ағайыншылыққа үгіттеді. Олар жақсы істі ҿздері  бастап, елге үлгі  бола 

білді. Мысалы, М.Дулатов патша ҿкіметі қолына түспей, сақталып қалған мың дана «Оян, 

қазағының» ақшасын Жетісу босқындарына арнадым деп мҽлімдеді (23). Мұқтаждықтың 

мол  шырмауында  қалған  Жетісу  босқындарының  бұл  азаптан  тезірек  шығуына  беріліп 

жатқан жҽрдемдер ҽлі де аздық ететінін түсінген Є.Бҿкейханов: «Босқын қырғыздар үшін 

200  мың  сом  қазынадан  қарыз  сұрау  керек»  деп  кеңесін  айтып,  М.Тынышбаев  атына 

жеделхат жолдады (24). 

1917  жылы  13  мамырда  Түркістан  комитеті  қазақ-қырғыздың  қайыршылық 

жағдайымен танысқан соң, облыстың азық-түлік комитетінен 100 мың сом алып, Жетісу 

облыстық  Қазақ  комитетінің  тҿрағасы  И.Жайнақовтың  қолына  табыс  етуге  бұйрық 

шығарды. Бұл қаражатқа Қазақ комитеті Қытайдан оралған қазақ-қырғыз босқындарына 

жҽрдемақы, азық-түлік ұйымдастырды. 

Дегенмен  билік  орындары  Жетісу  босқындары  арасынан  орыс  тұтқындарын 

іздестіруге жол берді. Тұтқын орыстарды іздестіру ҽрекетіне кіріскендер: «босқын қазақ-

қырғыздың  арасында  ҽлі  күнге  тұтқын  орыстар  бар  кҿрінеді,  бірақ  оларды  қайтарар 

ойлары  жоқ,  орыс  делегаттарын  оқпен  қарсы  алды.  9  шілдеде  екі  адамды  ғана  құтқару 

мүмкін  болды.  Бүлікшілерге  ықпалы  жүретін  комиссар  Тынышбаевты  Қытай  маңына 

орыс  тұтқындарын  қайтаруға  үгіттеу  үшін  жіберуді  сұраймыз.  Егер  босқын  қырғыз-

қазақтар  тұтқындарды  босатпаса,  я  ҿлгендердің  кҿмілген  жерін  кҿрсетпесе, 

тамақтандыру пункттерін ашуға, елге оралғандардың онда тамақтануына жол бермейміз» 

деген мазмұнда жеделхаттар жіберіп жатты (25). 

Орыс  қоныс  аударушыларының  осындай  озбырлығы  барлық  ұлттық  қоғамдық 

ұйымдар тарапынан айыпталып, орталыққа мєлімделіп жатты. Бірінші жалпықазақ съезі, 

Түркістан  мұсылмандарының  жиналыстары  Жетісу  босқындарына  орыс  қоныс 

аударушылары  тарапынан  жасалатын  қысымшылықты  доғаруды  талап  етті.  Осындай 

орай тамыз айында Ташкент қаласында мұсылмандар демонстрациясы болып ҿтті (26). 

Тарихтың  сынды  сэттерінде  мұсылман  дініндегі  тағдырлас,  туыстас,  қандас 

халықтар  босқын  қазақ  пен  қырғызға  қол  соза  білді.  ¤зара  құрмет  пен  туысқандықтың 

тамаша  үлгісін  алғаш  Құлжадағы  татар  ағайындар  ашқан  «Босқын  қырғыздарға  жєрдем 

комитеті»  кҿрсетіп  берді.  С.Ювашев  тҿрағалық  еткен  ұйым  Қытайда  қырылған  қырғыз-

қазақтың  халіне  бірінші  болып  кҿпшілік  қауымның  назарын  аудартып,  жҽрдем  беруге 

шақырған  еді  (27).  Осы  ұйымның  үндеуіне  орай  Кереку  (Павлодар)  мұсылмандары 



 

386 


босқын қазақ-қырғыз пайдасына деп 14716 сом ақша аударды. Ал Пішпек уезіндегі 800 үй 

шамалы дүнгегдер екі айдан аса 1700-дей аш қырғыз бен қазақты асырап, Ахуан Манкей 

бас болып, азық-түлік жинап беріп, үстеріне кҿрпе жасауға 20 мың бау қамыс жҽне отын-

су  тасуға  7  арба  мен  жігіттерін  қоса  бергендігі  бауырластықтың  жақсы  нышаны,  асыл 

қасиетінен туған іс болса керек (28). 

1917  жылдың  қараша  айында  босқын  қырғыз-қазақтарға  жєрдемді  күшейту  үшін 

қазақ зиялылары айлықтарының 5 процентін босқындар пайдасына беріп отыруға шешім 

қабылдады.  Бұдан  біраз  бұрын  үкіметтің  қазнадан  11  млн.  150  мың  сомды  -  қоныс 

аударушы орыстарға, 5 млн. Жергілікті халыққа, ҽр түтініне 100 сомнан беру үйғарылды 

(29). Бұл қаражат бір үйдің мұқтажын ҿтеуге, єрине, жетпейтін еді, «Қазақ» газеті арқылы 

жеке адамдардан да жҽрдемдер жинала бастады. 

Жетісу  босқындарын  аштықтан  құтқару  үшін  қазақ  зиялыларының 

ұйымдастыруымен  жылу  комитеттері,  асханалар  ашылды.  Семей  қаласында  зиялы 

қауым  ҿкілдері  мен  жастардың  «Жанар»  ұйымы  бірігіп  1918  жылы  5  наурызда 

басшылығы  5  кісіден  тұратын  жылу  комитетін  құрды.  Комитеттің  құрметті  бастығы 

Є.Бҿкейханов  пен  М.Боштайүлы,  тҿрағасы  М.Дулатов,  орынбасары  Ж.Аймауытов, 

хатшысы  М.Єуезов,  қазынашысы  Ғ.Есіргенов,  тағы  бір  мүшесі  Є.Қоснейұлы  болды 

(30).  Комитеттің  ережесі  «Сарыарқа»  газеті  мен  «Абай»  журналында  басылып  шықты. 

Ережеде комитет басқа жерден де ҿз бҿлімшелерін ашады делініп кҿрсетілген. 

1918  жылы  2  мамырда  Қостанайда  ашылған  жылу  комитетінің  бір  бҿлімі 

Троицкідегі  «‡міт»  ұйымын  біріге  отырып,  қалада  спектакль  қойып,  мүшелік  жарналар 

жинап,  барлығы  1300  сом  тауып,  оны  Жетісу  босқындары  пайдасына    аударды.  Қапал 

қазақтары  10_  мың  сом  қаржы  жинап,  оны  босқындарға  кҿмек  кҿрсетуге  жұмсады  (31). 

Қазалыда  ашылған  жҽрдем  комитетіне  ҿзбек  М.Хусенбаев  екі  рет  3  мың  сомнан  кҿмек 

беріп, азаматтық танытты (32).  «Кҿп түкірсе  - кҿл» дейтін халық  шама-шарқы келгенше 

аш-жалаңаш  бауырларына  жылу  жинап  садақа  берді.  ¤з  еркімен  бастама  кҿтеріп,  кҿмек 

кҿрсеткендер  тізімі  «Қазақ»,  «Бірлік  туы»  газеттерінде  беріліп  тұрды,  бірақ 

босқыншылықтан кейін Жетісуда меңдеп кеткен аштық пен ауруды тоқтату оңай соқпады. 

Сол  тұстағы  қазақ  тіліндегі  газеттердің  кҿрсеткеніндей,  даладан  қалаларға 

шұбырған  аш-жалаңаш  халыққа  кҿшелер  толып  кетті,  кешегі  екі  иығына  екі  кісі 

мінгесіп  отырғандай  қазақ  жігіттерінің  құр  сүйектері  қалды,  аштыққа  ілесе  келген 

сүзек, оба ауруларынан олар тағы баудай түсіп жатты. 

Халықтың  басына  түскен  ауыр  қасіретті  қазақтың  ҿзі  болмаса,  ешкім  де 

сейілтпейтіндігін,  орталықтан  жуық  арада  нақты  кҿмек  болмайтынына  кҿзі  жеткен 

Жетісу облыстық «Алаш» Кеңесі 1918 жылы 6-сєуірде бүкіл қазақ халқына арнап үндеу 

тастады.  Онда:  «Мына  дүниенің  азабына  ҿлгені  құнсыз,  тірісі  пұлсыз,  бұ  дүниедегі 

жанды-жансыз  нєрсенің  ең  қадірсізі,  ең  бағасызы  болып  тұрған  еттен-ет,  қаннан-қан 

бауыр жұртыңды кҿздерің кҿре тұрып малдарыңның басында, бала-шағаңның қасында 

отырып, нашарларға қарамастан ҿз малыңның түгеліне, басыңның аманына мєз болып 

ҿткізген  күнің  бірінші  қүдайға,  екінші  адамшылыққа  лайық  емес.  Сондықтан 

нашарларыңызға қарасаңыздар? Жҽрдем беріңіздер»(33), - делінген. 

Осындай  қиын-қыстау  сҽтте  Семей  облысы  зиялылары  аштық  пен  аурудан 

есеңгіреген  Жетісу  босқындарының  қоныс  аударушылар  тарапынан  зҽбір  кҿруіне 

қынжылыс  білдіре  келе:  «Жетісудағы  қазақ-қырғыз  ҿзінді-ҿзің  сақтамасаң,  сендерді 

қорғайтын үкімет жоқ біліңдер. Баяғы заман ҿткен, жақсылықты аспанға қарап, жоғары 

ауылдар ҿзі  ҽкеліп етегіме салар деген үміттен безу  керек.  Ұлт қазынасына пұл жинап 

қазақ жігіттерінен милиция жасау керек»(34), - деп түйіндейді. 

Жетісу босқындарына қоныс аударған орыс шаруаларының қоқан-лоққы кҿрсетуі 

Уақытша  үкімет  жағдайында  үйреншікті  ҽдетке  айналған  еді.  Верный  уезінің 

Покровский  деп  аталатын  селосында  қоныс  аударушылар  30  адамдық  қарақшы  топ 

құрып, Тұрфаннан оралған қырғыздардың 59 жылқысын, 32 ірі қара малын, 400 қойын 

тартып  єкеткен  (35).  Қоныс  аударушылардан  құрылған  мұндай  топ  Қордай 



 

387 


қазақтарының - 10, Батыс Қастек болысының 30 жылқысын алып кеткен (36). 

Пішпек  уездік  комиссары  Є.Сыздықовтың  облыстық  комиссариатқа  жолдаған 

жеделхатында  қазақ-қырғызды  ҿлтіру  күн  сайын  күшейіп  кеткендігі,  бір  түнде 

Георгиевка  селосында  3  сарт,  Күнту  болыстығының  3  қазағы,  одан  ҿзге  қырғыз 

ҿлтірілгендігі,  қоныс  аударушылар  ҿз  бетінше  тінту  жүргізіп  елдің  ақшасын,  мүлкін 

тартып  алып  жатқандығы  хабарланған  (37).  Мұндай  кҿңіл  алаңдатар  мұңға  толы 

жеделхаттар Жетісу облыстық Қазақ комитетіне, оның тҿрағасы И.Жайнақовтың тікелей 

араласуын сұрап келіп жатты. Пішпек уездік Қырғыз комитетінен Верныйға келіп түскен 

жеделхатта  Ұзыншығар  болысында  25  адамның  ҿлтірілгендігі,  Тоң  уезінен  Барсақұл, 

Покровский селоларының 20 қарулы шаруалары Ыстық деген жерде 42 адамды ҿлтіріп, 

15-ін жаралағанын, аман қалғандары Қырғыз комитетіне келіп кҿмек сұрап 2100 қой, 30 

жылқы,  10  түйе,  7600  сомға  шығатын  30  кесек  күміс,  300  түйір  алтын  тартылып 

алынғандығы баяндалған (38). 

Жетісу  облыстық  Қазақ  комитетінің  тҿрағасы  И.Жайнақов  бастаған  комитет 

мүшелері  қанішерлердің  жазаға  тартылуын  талап  етіп  Түркістан  комитетіне  сұрау 

салды.  Бірақ  орталық  ҿкімет  араласпай,  насырға  шапқан  істі  тоқтату  мүмкін  емес  еді. 

Қоныс аударушылардан құрылған банданы сотқа тартуды тездету  мақсатында  селолық 

комитет мүшелерінен Уақытша сот құру туралы Түркістан комиссарлары М.Тынышбаев 

пен О.Шкапский тарапынан жазбаша екі рет жасалған ұсынысқа Єділет министрлігі еш 

жауап қатпады. 

Босқыншылыққа  түскен  қазақ-қырғыздың  қоныс  аударушылар  тарапынан 

қысымшылық  кҿргені  жайында  І.Жансүгіров  былай  деп  жазады:  «Орыстардың  қазақ-

қырғыздарды  топырлатып  ата  беретіні  кҿпке  созылды.  Қаладан  бір  орыс  мылтықпен 

шықса  онымен  жолыққаны  қайда  барасың  десе,  «екі  аяқты  киік  атам»  дейтінді  Албан 

ішіндегі казак-орыс ҽдейі ауызға алатын сҿзі еді» (39). 

Жетісу босқындары мҽселесі кеңестік билік тұсында да тез арада шешіле қоймады. 

Кеңес  ҿкіметінің  алғашқы  жылдарында  да  Жетісу  босқындары  аштық  азабынан,  қоныс 

аударушылардың  езгісінен  құтылмады.  Түркістан  республикасы  үкіметінің  кейбір 

мүшелері  Жетісу  босқындарына  кҿмек  кҿрсетудің  қажеті  жоқ  деген  шовинистік 

кҿзқараста болды. Мєселен, Түркістан Орталық комитетінің мҽжілісінде Тоболин «қазақ-

қырғыздар  маркстік  кҿзқарас  жағынан  экономикалық  ҽлсіз,  олар  бҽрібір  жердің  бетінен 

жоғалуы  тиіс,  сондықтан  қаражатты  қазақ-қырғыздарды  аштықтан  қорғауға  жұмсаудың 

қажеті жоқ» деген пікір білдірген-ді (40). 

Кеңес  ҿкіметі  орнаған  алғашқы  жылдары  Түркістандағы  саяси  билік  шовинистік 

пиғылдағы  орыс  коммунистерінің  қолында  болды  да  олар  жергілікті  халықтың  арман-

тілегін түсінбей, оған менменсіп қарап, іс жүзінде ескі саясатты жалғастырушылар болып 

шықты.  Мұндай  жағдайда  1916  жылғы  кҿтерілістің  қайғылы  зардаптарын  жойып, 

жергілікті халықтың адам тҿзгісіз халін жеделдететін қандай да бір шараның қолданылуы 

екіталай  нҽрсеге  айналды.  Сонда  да  болса,  жерінен,  малынан,  күнелтуге  керекті  барлық 

мүлкінен айырылып, босқыншылыққа ұшыраған кҿшпелі халық кеңес ҿкіметіне үміттене 

қарады. Істің беті тек 1919 жылы күзде ғана бері қарады. Бұл істе де алғашқылардың бірі 

болып  үн  кҿтерген  Т.Рысқрюв  еді.  1919  жылы  15  қазанда  Түратком  тҿрағасы 

Спешниковтың  Жетісу  облысының  саяси-єлеуметтік  жағдайы  туралы  баяндамасын 

талқылайды.  Талқылау  барысында  облыстағы  кеңес  ҿкіметінің  жергілікті  органдарының 

жұмысына  ауыр  сындар  айтылады.  Т.Рысқүлов  тҿралқа  мүшелеріне  Жетісу  облысының 

тығырыққа  тірелген  дағдарыстағы  жағдайын  сауықтандырып,  жергілікті  кеңес 

органдарының  қызметін  д9рыс  жолға  қою  үшін  қандай  шаралардың  қабылдануы  қажет 

екенін айта келіп былай дейді: «Жетісуда үстемдік етіп отырған орыс кулактары жҽне ол 

кулактар  қаруланған,  мҽселенің  бҽрі  осымен  қорытындыланады.  Жетісуда  кеңес  ҿкіметі 

ҿмір сүруі үшін осы кулактарды қарусыздандыру керек, содан кейін ғана кеңес ҿкіметін 

дұрыс ұйымдастыруға болады» (41). 

1919  жылы  24  қарашада  Түрікатком  тҿралқасының  арнайы  мҽжілісі  ҿтіп,  онда 



 

388 


1916  жылғы  кҿтерілістің  босқындарына  кҿмектесу  мҽселесі  талқыланды.  Мєжілістің 

ұйғарымына  сҽйкес  қазақ-қырғыз  босқындарына  кҿмек  кҿрсететін  Ерекше  комиссия 

құрылатын  болды.  Бұл  комиссия  алдына  тез  арада  Қытайда  қалып  қойған  босқындарды 

елге  қайтарудың  жолын  қарастыру,  елге  оралған  босқындарды  орыс-кулактардың 

қуғынынан  қорғау,  орыс-кулактардың  қаруын  тартып  алу,  қазақ-қырғыз  босқындарын 

жерге орналастыру керетігі міндеті жүктелді. 

Міне,  осындай  іс-шаралардың  жүзеге  асырылуы  ғана  Жетісу  босқындарының 

қалыпты ҿмірге кҿшуіне мүмкіндік берді. Жетісу босқындарының мҽселесі 1921 жылы 20 

қаңтарда Єулиеатада ҿткен қазақ-қырғыз съезінде ҿзінің түпкілікті шешімін тапты. Соған 

орай  қырғыз  халқының  кҿрнекті  қайраткері  Б.Солтонаев:  «Єулиеата  съезінің  шешіміне 

орай ел-жұрт тілегіне жетіп, басына түскен қара тұманнан арылды» (42), -дейді. 

Осылайша,  1916 жылғы дүрбелеңнен кейін етек алған Жетісудағы босқыншылық    

бірнеше     жылға    созылып,     ұлттық    саяси     элитаның 

атсалысуымен ғана ҿз шешімін тапты. 

 

Пайдаланған ҽдебиеттер 



І.Дулатов М. Шығармалары.- Алматы, 1991. 284 б. 

2.Қазақ. 1917. 24 шілде 

З.Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚРОММ). 13- 

қ., 1-т., 1-іс, 6-п. 

4.¤збекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (¤РОММ). И- 

1-қ., 2-І., 1249-іс, 19-п. 

5.ҚРОММ. 414-қ., 1-т., 6-іс, 96-п. 

б.Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917 гг.). 

Алма-Ата, 1966. С. 356. 

7.ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 68-іс, 86-п. 

8.Қазақ. 1917. 14 маусым; Абай. 1918. № 3. 4 б. 

9.ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 98-іс, 2-п. 

10.Рыскулов Т. Восстание туземцов Туркестана в 1916 году // Восстание 

киргизов и казахов в 1916 году.- Бишкек, 1991. С.34. 

11.Қазақ. 1917. 24 шілде 

12.ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 30-іс, 3-п. 

ІЗ.Сонда. 98-іс, 2-п. 

Н.Сонда. 13-қ., 1-т., 1-іс, 9-п. 

15.¤РОММ. Р-1760-қ., 1-т., 5-іс, 8-п. 

Іб.Махаева А.Ш. Қазақ комитеттері.- Алматы, 1995. 196. 

17.ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 28-іс, 118-п. 

18.Сонда. 90-іс, 20-22-п. 

19.Сонда. 4-п. 

20.Сонда. 11-п. 

21.Сонда. 147-іс, 2-п. 

22.Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарихы. Екінші кітап.- Бішкек, 1993. 131-132 

бб. 

23.Дулатов М. Шығармалар... 286 б. 



24.Қазақ. 1917. 11 маусым. 

25.ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 99-іс, 1-п. 

26.Бірлік туы. 1917. № 6 


 

389 


27.Қазақ. 1917. 3 маусым. 

28.Бірлік туы. 1918. 22 наурыз. 

29.Вестник Временного правительства. 1917. 6 октября. 

ЗО.Абай. 1918. №3.46. 

ЗІ.Сарыарқа. 1918. 12 маусым 

32.Бірлік туы. 1918. 3 наурыз. 

ЗЗ.Заря свободы. 1918. 6 апреля. 

34.Сарыарқа. 1917. 12 желтоқсан. 

35.ҚРОММ. 9-қ., 1-т., 97-іс, 7-п. 

Зб.Сонда. 68-іс, 82-п. 

37.Сонда. 90-іс, 51-п. 

ЗВ.Сонда. 100-п. 

39.Жансүгіров I. Жетісу 1730-1916. - Алматы, 2001. 132 б. 

40.Туркестан в начале XX века. - Ташкент, 2000. - С. 274. 

41.Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси жҽне мемлекеттік 

қызметі. - Алматы, 1994. 109 б. 

42.Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарихы ... 134 б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет