Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


Болашақ музыка мҧғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда



Pdf көрінісі
бет66/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77

Болашақ музыка мҧғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда 

ақпараттық  технологиялардан пайдалану 

Сейілбекова Ү.К.,  ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 

 

     Болашақ  музыка  мұғалімдерінің  білім  мазмұнын  жаңартудың  негізгі  аспектілерінің 



бірі ақпараттандыру болып табылады. 

     Оқытуды ақпараттандыру дегеніміз-бұл жоғарғы оқу орындарында оқу құралы ретінде 

жҽне  студенттерді  тҽрбиелеу,    дамыту  үшін,  сондай-ақ  оқу  процесі  мен  оқытушының 

кҽсіби  жұмысын  талапқа  сҽйкес  ұйымдастыру  мақсатында  оқу  үрдісіне  ақпаратты, 

инновациялық технологияларды енгізу. 

     Ғалымдардың  зерттеу  нҽтижелері  бойынша,  оқу  процесінің  тиімділігін  арттыруда 

ақпараттық  технологиялардың  ролі  зор.  Сондықтан  қазіргі  кезде  жоғарғы  оқу 

орындарының педагогикалық үрдісіне ақпараттық технологиялардың енуі  оқытушыларға 

электронды оқулықтарды дайындауды міндеттейді. Осы кезге дейін білім беру саласында 

тек  оқытушының  айтқандары  немесе  оқулықты  пайдаланумен  шектелу  қазіргі  заман 

талабын қанағаттандырмайды. 

     Ҿз тҽжірибемізге сүйенсек музыкалық білім беру  жүйесінде электронды оқулықтарды 

пайдаланбай  алға  жылжу  мүмкін  емес.  Осыны  негізге  ала  отырып,  біздің  ―Ҽн  жҽне  саз‖ 

кафедрасында  болашақ  музыка  мұғалімдеріне  арналып  ―Музыка  ҿнеріне  кіріспе‖, 

―Музыкалық  этнография‖,  ―Музыка  теориясының  негіздері‖  пҽндерінен  электронды 

оқулықтар  дайындалды.  Электронды  оқулықтардың  мазмұны  лекция,  оқытушы 

басшылығымен  студенттердің  ҿзіндік  жұмыстары,  тест,  кроссворд,  видеоролик, 

аудиолекция, ҽуендер, бақылау сұрақтары, үй тапсырмалары сияқты бҿлімдерден тұрады. 

Оқулықтарды  пайдаланудың  нҽтижесінде  студенттердің  пҽнге  деген  қызығушылығы 

артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына  мүмкіндігі ашылды. 

     Электронды  оқулық-  бұл  ғылыми-  педагогикалық  құрал.  Электронды  оқулықтың 

жасалуы  модульдік  оқудың  педагогикалық  теориясы  болып  табылады.  Оқулықтар 

мемлекеттік  оқу  бағдарламасына  сай  жасалып,  оған  ҽрбір  пҽннің  мамандары,  кҿрнекті 

саланың  ғалымдары  мен  ҽдіскерлері,  сондай-ақ  программист-дизайнерлер  мен 

операторлар қатысады. 

     Электронды оқулықтармен жұмыс үш деңгейде атқарылады: 

 

-―оқу‖; 


 

-―оқыту‖; 

 

-―бақылау жҽне тексеру‖. (......) 



    Жалпы электронды оқулық мынадай құрамдардан тұрады: 

- модульдер; 

- гипермҽтін (гипертекст); 

- интерактивті тапсырмалар мен бағалы қорытынды нҽтижелер (тесттер) (.......). 

     Электронды  оқулықтарда  теориялық  тақырыптар  кеңінен    түсіндіріледі.  Теориялық 

материалды графикалық иллюстрация түріндегі  ҽртүрлі суреттер, сұлба тҽсілдер арқылы 

толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, кҿзбен кҿріп, түйсініп жҽне оны мида 

бекіту  үрдістері  бір  уақытта  ҿтіп  отырады  да  материалды  қорыту  үрдісі  ұтымды  іске 

асады.  

     Электронды  оқулықтың  құндылығы  ҽрине,  оның  тақырыптық  мазмұнында.  Кейін 

сынақ  немесе  емтихан  тапсырылуы  тиіс  пҽннен  болса,  онда  бір  материалды  үш  түрлі 

құрылымда беруге болады.  

Мазмұндау  мҽтін,  сурет,  кескін,  схема,  кесте-  график  т.с.с.  түрінде  беріледі.  Сонымен 

қатар мұнда анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тҽн элементтер 

болуы мүмкін. 

Ҿзін  -ҿзі  бақылаудың  тестік  жүйесі  оқу  материалының  мазмұны  арнайы  интерактивті 

жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе кҿбінесе 


 

463 


алынған білім дҽрежесін тексеруге арналғандықтан, студент үшін оқулықтың ең қызықты 

бҿлігі болып табылуы да мүмкін.  

Схемакурс-оқулықтың мазмұнын қысқартылған мҽтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу 

материалының құрылымын ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. 

 Электронды оқулықтарды білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың дҽстүрлі ҽдістерінен 

қол  үзу  деген  сҿз  емес,  керісінше  мұндай  формаларды  ұйымдастыру  студенттермен 

педагогикалық  қарым  -  қатынасты  қалыптастырады  жҽне  оқу  материалын  меңгеруде 

уақытты үнемдейді. Мҽдениетті болашақ музыка мұғалімін тҽрбиелеп оқыту оқытушының 

ҿте  күрделі  де  міндетті  қызметі.  Оқытушының  студентпен  кҽсіби  қарым  -қатынасы 

педагогикалық  процесте  екі  бағытта  дамыған:  студенттермен  қарым-  қатынасты 

ұйымдастыру жҽне оны басқару. 

 Осы  мақсатта  болашақ  музыка  мұғалімдерін  ақпараттандыруға  байланысты  бүгінгі  күні 

ерекше  мҽнге  ие  болып  отырған  мҽселелердің  бірі  –  бұл  жоғарғы  оқу  орындарындағы 

музыкалық  пҽндерге  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  енгізуде  қажетті  ҽдіс 

тҽсілдермен  оқытушылардың  қарулану  деңгейімен  дайындықтары.  Сол  себептен 

музыкалық пҽндер оқытушыларының ҽдістемелік дайындығына жете мҽн беру қажеттілігі 

ҿзінен-ҿзі туындайды.  

 

 Бүгінгі студент, яғни болашақ музыка мамандығының мұғалімі пҽндік жҽне жалпы 



оқу білімін, іскерлігін, дағдысын меңгерумен қатар, олардың жеке ерекшеліктерін ескере 

отырып,  жеке  тұлғасын  дамытуға,  пҽндік  ҽлеуметтік,  коммуникативтік,  компьютерлік 

жҽне  ақпараттық  мҽдениеттілігін  қалыптастыруға  жҽне  осы  мақсатта  қазіргі  ақпараттық 

технологияларды шығармашылықпен пайдалана білуге дайын болуы тиіс. 

 

 Болашақ  музыка  мұғалімдерінің  ақпараттық  технологияларды  қолдануының 



қазіргі жағдайына талдау жұмысы тҿмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:  

Болашақ  музыка  мұғалімдері  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  тҿмендегідей  бағытта 

қолдана алады: 

-  ақпараттық  мҽдениет  негіздерінің  мазмұны  арнаулы  компьютерде  ҿз  бетімен  жұмыс 

істеу  дағдысын  қалыптастыруға  жҽне  мҽндік,  графикалық  редакторларының,  оқыту 

бағдарламасымен жұмыс істеуді жетік меңгертуге құрылуы тиіс; 

мұғалімнің  сабақ  жоспарын,  конспект  жазу,  кҿрнекі  -ҽдістемелік  құрал  дайындау, 

студенттердің ҿткен материалды меңгеруін тексеру; 

пҽндік сабақтарды ұйымдастыру жҽне ҿткізу, студенттердің ҿзін-ҿзі бағалауы мен тестілеу 

үшін оқыту құралы; 

оқыту  дамытушы  ойындар,  компьютерлік  тестілер,  электронды  оқулық  негізінде  жүзеге 

асады; 


шығармашылық  елестету  жағдайға  байланысты  тез  шешім  қабылдау,  қоршаған  ортаны 

тану  қабілеттерін  дамытып,  қалыптастыру  болашақ  музыка  мұғалімдері  үшін 

интеллектуальды дамыту құралы

ақпаратты  алу  құрбыларымен,  ҽріптестерімен  Интернет  арқылы  қарым-қатынас  жасау 

кҿзі. 

Сауатты  түрде  іріктелген  компьютерлік  программаларды  ойындық  жҽне  оқу 



тапсырмаларының вариантивтілігі студенттің жұмыс істеуіне игі ҽсерін тигізеді.  

Компьютерлік программада, электронды оқулықта берілген ойындық, оқу тапсырмалары 

проблемалық ситуация студенттердің кҿңіл-күйіне, ынтасына ҽсер етумен қатар, олардың 

шығармашылық жҽне интеллектуальдық белсенділігіне кешенді түрде ықпал етеді.  

Студенттердің  жаңа  материалдарды,  жаңа  техниканы  меңгеру  деңгейін  жҽне  олардың 

жеке  қабілеттерін,  қабылдау  темпін,  қызығушылықтарын  есепке  ала  отырып, 

ұйымдастыру  барысында  оқытудың  жеке  ҽдістерімен    формаларын  қолдануға  мүмкіндік 

береді.  Ҿйткені  қазіргі  ақпараттық  технологиялар  ұжымдық  іс-  ҽрекетке  құрылған  оқу  –

тҽрбие үрдісіне жеке оқытудың  ұйымдастыруға бағытталған.  

     Қортындылай келе электронды оқулықтарды оқыту үрдісінде дұрыс пайдалану арқылы 

сабақтың  ауқымын  кеңейтіп,  қашықтан  оқыту  режимінде  оқытушының  ролі  ақпарат 


 

464 


беруден  ұйымдастыру-басқару  дейгейіне  кҿшеді.  Оқытушы  оқу  үрдісінің  менеджері 

ретінде  студенттерге  танымдық  жағдай  жасайды.  Егер  де  бұрын  компьютер  құралы 

дҽстүрлі оқыту үрдісінде оқытудың обьектісі ретінде қолданылып келген болса, ал қазіргі 

таңда қашықтан оқыту барысында ол білім берудегі субьект ролін атқаруда. Сондықтан да 

осындай  білім  берудегі  жаңа  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып  жоғары  санатты 

мамандардың педагогикалық қарым-қатынастағы мҽдениеттілігін қалыптастыру, олардың 

біліктілігін кҿтеру басты міндетіміз болуы қажет.  

 

Резюме 



      Информационные  образовательные  технологии  в  вузе  могут  выступать  важнейшим 

средством формиравания культуры педагогического общения будущих учителей музыки. 

    

Ҽдебиеттер 



1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру.,Алматы., Типография 

на Ташкентской, 2006ж.  

2. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю., Педагогический словарь., Москва.,  Академия,  

2000г. 


    3. Кан-Калик В.А., Учителю о педагогическом обшении., Москва., Просвещение., 1987г. 

 

ҼОЖ 378.147 



Ақпараттық оқыту технологияларын  пайдалану арқылы, студенттердің 

педагогикалық қарым-қатынас мәдениеттін қалыптастыру 

Сейілбекова Ү.К., ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 

 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінде  ҽлемдік  білім  кеңістігіне  кіру 



үшін  іргелі  реформалар  жүргізіліп  жатыр.  Жоғары    білім  беру  саласының  заманауи 

деңгейде  дамуы  жоғарғы  оқу  орындарының  түлектерінен  ғылыми  түсінік  пен 

категорияларға  сүйенуді,  оқытудың  инновациялық  технологияларын  меңгеруді  талап 

етеді.  Мұндағы  негізгі  мақсат-жаһандану  заманында  білімнің  бүкіл  ҽлемдік  кеңістігіне 

ену.  Осыған  орай  жоғарғы  оқу  орнындағы  білімнің  мазмұны  да,  оған  қойылатын 

талаптары да ҿзгереді. 

Дегенмен  оқытушының  еңбегі-  бұл  педагогикалық  міндеттердің  қолайлы  шешімі 

үшін  үнемі  ізденушілік,  эксперименттік  лабаратория,  педагогикалық  қарым  –

қаттынастағы  мҽдениеттілік  жҽне  қабілеттілік  пен  шеберлік.  ―Педагогикалық  қарым-

қатынас  біріккен  диалогтық  іс-ҽрекеті  арқылы  жүзеге  асырыла  отырып,  студенттің  жаңа 

білімді  меңгеруі  мен  оның  жетістікке  жетуі  оқыту  процесінде  толығымен  қаралады. 

Адамның  бүкіл  ҿмірі  айналасымен  қарым-қатынаста  ҿтеді.  Қарым-қатынастың  барлық 

жақтары:  қарым-қатынастық  тұлғалар  арасындағы  пікір  алмасу, 

интерактиватік  (бір-

біріне ҽсер ету 

ұжымы) жҽне перцептивтік (бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдау 

жҽне  тікелей  осы  арқылы  түсінушілікті  қалыптастыру)  белгілі  бір  жүйеліліктің  бар 

болуын талап етеді. Осындай қарым-қатынас ретінде оптика-кинетикалық белгілер жүйесі 

(бет  қимылы,  дене  қимылы,  жылжымалық),  паралингвистикалық  (дауыс  сапасы,  оның 

кҿлем  мҿлшері,  үні)  жҽне  экстролингвистикалық  (сҿзге  үзілістің,  жҿтел,  күлкінің  т.б. 

қосылуы)  белгілер  жүйесі  мен  ұжымның  қатынас  процесі  кезіндегісімен    уақыты 

(проксемика) ―кҿздердің түйісуі визуалды қатынас кезіндегі ҿзіңді-ҿзін кҿрсету ұжымдық 

іс-ҽрекет  кезіндегі  т.б.  қатынас,  социгендік  қажеттіліктерді  қанағаттандыратын 

операциялар  (еңбектегі,  білімдегі  лидерлікті,  аффилиациядағы  т.б),  қарым-қатынас 

техникасы деп атауға болады‖-деген.[1] 

     В.Красильникованың  берген  анықтамасына  сүйенсек,  ақпараттық  білім  беру  ортасы-

танымдық  іс-ҽрекеттерді  сүйемелдеуді  жҽне  ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізуді 

қамтамасыз  ететін  ақпараттық  технологиялар  негізінде  құрылған  оқытуға  қажетті 

педагогикалық  шарттар,  қазіргі  оқыту  технологиялары  мен  бағдарламалық-ҽдістемелік 


 

465 


құралдар  жиынын  бере  алатын  жҽне  білім  алудың  материалдық  рухани  жағдайларын 

жасай алатын кҿп аспектілі, толыққанды, ҽлеуметтік-педагогикалық нақты орта.[2]  

     Білім  беруді  ақпараттандырудың  факторы  интернетке  шығу  болып  саналады. 

Сондықтан  студенттердің  Интернет  жүйесінде  жұмыс  істей  білуіне  жағдай  жасау  қажет. 

Интернет  жүйесінде  жұмыс  істеу  болашақ  мұғалімдерді  ҽлемдік  білім  мен  ғылым 

жетістігінен  хабардар  етіп,  оны  игеруіне  шексіз  мүмкіндіктер  ашатыны  хақ.  Интернетті 

пайдалана  отырып  студенттер  ҿздеріне  керекті  мҽліметтер  алу  арқылы  білімін  жетілдіре 

түседі. 


      Ақпараттандырудың  негізгі  бҿлігі  қашықтықтан  оқыту-  оқыту  үрдісі  білім  беру 

мекемелерінің нақты орналасуына тҽуелді болмаған кезде оқытушы мен студент арасында 

сұқбаттық ақпарат алмасуды ұйымдастыру, оқу материалын  жеткізіп беру, оны ҿздігінен 

оқып  білу  үшін,  қолданылатын  дҽстүрлі  жҽне  жаңа  ақпараттық-қатынастық 

технологиялардың кең спектрін пайдалануға негізделген оқытудың аралас формасы. 

     Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  даму  кезеңінде  қашықтан  оқытудың  бірнеше 

түрлері  белгілі.  Атап  айтқанда,  қашықтан  оқытудың  кейстік  технологиясы  (баспа 

материалдары,  аудио-видео  лекциялар,  электронды  пошта  немесе  жай  пошта  арқылы 

ақпарат алу); интерактивтік технология-компьютерлік білім беру, электронды  оқулықтар 

мен  мультимедиялық  құралдар,  электронды  кітапхана,  интернет  жҽне  компьютерлік 

бақылаушы 

жүйелер, 

яғни 

электронды 



пошта 

арқылы 


ақпарат 

алмасу; 


видеоконференциялар- 

компьютерлік 

жүйе 

жҽне 


аудио-бейне 

арналар 


телекоммуникациясы.  Соның  ішінде  электронды  оқулықтардың  ерекшелігі  –үлгіге 

сҽйкестігі  мен  жоғары  мобильділігі,  оқуға  үйренуге  икемділігі  болып  табылады. 

Электронды  оқулықтар  оқу  жҽне  зерттеу  материалдарын  толықтыратын,  қосымша 

қолдануға толық жарайтын қажетті құрал. 

     Электронды оқулықтарды мына мақсаттарда пайдалануға болады: 

Электрондық анықтама ретінде 

Электрондық есеп ретінде; 

Иллюстративтік материал ретінде; 

Оқулық ретінде. 

     Ақпараттандырудың    негізгі  бағыты  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  сай  қоғамды 

дамытудың  жоғары  тиімділікті  технологияларына  сүйенген  жаңа  білім  стратегиясына 

кҿшу болып табылады.  

    Ақпараттандыру сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат кҿзіне, оның ішіндегі оқу 

ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ҽлемдік ақпараттық орта 

жағдайында ақпараттық қоғамдық ҿнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл 

студенттерді  ақпараттық  қоғаммен  зиялы  қарым-қатынаста  оқытып  тҽрбиелеуге  жҽне 

ақпараттық мҽдениет қалыптастыруға жағдай жасайды. 

     Осы  тұста  педагогикалық  қарым-қатынастың  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  ол 

оқытудың  инновациялық  технологияларын  пайдалана  отырып  қоғамдағы  мағыналы 

ҿлшемді міндетті түрде қолдануға оқытушының студентті бағыттауы. 

     Қазіргі білім беру саласында студент оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше 

сауатты,  жан-жақты  маман  болып  шығуы  мүмкін  емес.  Инновациялық  технологияны 

меңгеру  студенттердің  интеллектуалдық,  кҽсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық, 

педагогикалық  қарым-қатынастағы  мҽдениеттілік  жҽне  кҿптеген  басқа  да  адами 

келбетінің  қалыптасуына  игі  ҽсерін  тигізеді,  ҿзін-ҿзі  дамытып,  келешекте  оқу-тҽрбие 

үрдісін тиімді ұйымдастыруына кҿмектеседі.  

      Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту, білімді тереңдетумен қатар 

студентті  оқу  ҽрекетіне  жетелеп,  олардың  білімге  деген  құштарлықпен  ынтасын  оятады. 

Сҿз жоқ, мұндай оқытудың жаңа технологиялары болашақ мұғалімдердің педагогикалық 

қарым-қатынастағы мҽдениетінің дамуына жағдай туғызады. 



 

Резюме 


 

466 


      В 

статье 


рассматриваются 

возможности 

использования 

информационных 

технологияий в формировании культуры педагогического общения у студентов вуза. 

 

Ҽдебиеттер 

1. Қазақстандық ҿркениет: Адамның ҽлеуметтенуі мен бейімделуі мҽселелері. Алматы.,  

    Қазақ университеті, 2005.-297 б. 

2. Красильникова М.С. Научно- методическое пособе для учителей музыки и студентов    

    средних и высших учебних заведений.,  Москва., Музыка, 2001г. 

3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру., Алматы., 

    Типография на ташкентской, 2006ж. 

 

ҼОЖ 372.848:37.018.1 



Отбасылық тәрбиеде тҧрмыс-салт әндерінің қолданылуы 

Сейілбекова К.К., М.Ҽуезов атындағы ОҚ МУ, Шымкент қ. 



 

Заманауи педагогика ғылымы халықтық тҽжірибеде дҽлелденгендей, ғасырлар бойы 

пісіп  жетілген  жҽне  де  бұрынғы  ҿткен  ғұлама  ойшыл  даналарымыздың,  ҿнер 

қайраткерлерінің  еңбектерінде  кҿрсетілгендей  жеке  тұлғаның  дамуы    отбасылық 

тҽрбиеде екені даусыз деп таниды.  

С.Ұзақбаеваның сҿзімен айтқанда: «Педагогика ғылымы халық мұрасын зерттеуге,  

ұлттық ҿзіндік ерекшелікті сақтауға, ұмыт бола бастаған дҽстүрлерді, тарихи ҽділдікті, 

мҽдениетті,  тіл  мен  дінді  қалпына  келтіріп,  олардағы  педагогикалық  жағынан  барлық  

прогресшіл  нҽрсені  анықтауға  жҽне  осының  негізінде  ғылыми  негізделген 

ұсыныстарды талдап, енгізуге тиіс» [1].               

Отбасы халықтық педагогикада  ерекше орын алады,  солай болғандықтан ол дҽстүрлі 

мҽдениетте  отбасылық тҽрбиенің орнын жҽне оның мазмұнын айқындайтын табиғи орта 

ретінде  қарастырылады.  

Отбасында  ата-ананың  балаға  деген  сүйіспеншілігі,  олармен  үнемі  қарым-қатынаста 

болуы бала үшін  ауа  мен күннің жарығынан кем емес. Баланың жан-жақты жарасымды 

жетілуі    отбасы  тҽрбиесінің  қоғамдық  тҽрбиемен  тығыз  ұштасуының,  ҿзара  байланыста 

болуының  нҽтижесінде  ғана  жемісті  болмақ.  Жеке  тұлғаның  рухани  адамгершілік 

эмоциялық негізін қалау - отбасы тҽрбиесінің мақсаты мен мҽні.  

Халық  музыкасы,  оның  ішінде  тұрмыс-салттан  туындаған  ҽндер  баланың  бойында  ҿз 

халқының  жетістіктері мен табыстарына  ұлттық мақтаныш сезімін оятуда, оның ішінде  

дҽстүрлі  ҽнге  деген  сүйіспеншілік  сезімін  қалыптастыруда  мол  ҽсерін  тигізеді  жҽне  де 

ұрпақтан-ұрпаққа ауысып қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр.  

Қазақ  халқы  қашаннан  ҽнге,  ҿлең-жырға  бай,  яғни  ҽн  халық  ҿмірінің  ажырамас  бҿлігі 

болған.  «Қазақта  ҽнсіз  ҿмір  жоқ.  «Тойбастар»  айтқан  жігіт,  кешкі  ауыл  сыртында  

алтыбақан  тепкен  қыз-бозбала,  шілдехана  күзеткен  жас-кҽрі,  «жар-жар»  айтқан  екі  топ, 

елінен  еріксіз  алысқа  ұзатылып  бара  жатқан  қыз,  ҿлген  жұбайын  жоқтаған  жесір  түйеге 

мініп, ҽр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, ҿгізге мініп ауыл аралаған  

дуана,  «жынын»  шақырып,  зікір  салған  бақсы-бҽрі  де  ҽндетеді.  Бҽрі  де  жай  сҿзбен 

айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ҽн арқылы шығарады» [2].  

Тұрмыс-салтқа байланысты туындаған  ҽндердің басым кҿпшілігінде  халықтың арман  – 

тілегі,  ой-пікірі,  келешек  ұрпаққа  айтар  ҿсиеті  кҿрініс  беріп  отырады.  Олар  ҿлең  –  жыр 

түрінде шілдехана мен баланы бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу 

немесе қыз ұзату, келін түсіру тойларында айтылады.  

Адамзаттың ҿмір соқпағындағы іс-ҽрекеттері қаншалықты сан-салалы болса, тұрмыс-

салт ҽндерінің мазмұны соншалықты ауқымды, кең де бай болып келеді. Олар бірде ана 

ҽлдиімен ҽлдилесе, бірде кҿбелек қуып, асыр салған жеткіншекпен жарысады, бірде қызу 



 

467 


еңбек майданын жырлап, аңшының жүйрігімен жарысып, қыран бүркіт болып самғайды, 

бірде той-тойлап, қызық-думанға  кенелген дүйім жұртты кҿз алдыңа елестетеді [3. 28 б].

 

 

Қазақ  халқының  отбасылық    тҽрбиеде  қолданылатын  тұрмыс-салт  ҽндерін  ҿзінің  



мазмұнына  қарай мына тҿмендегіше топтастыруға болады: 

-

 



бесік жыры; 

-

 



тұсаукесер жыры; 

-

 



балалар  мен  жастар  ҽндері  (бақташылық,  тҿрт  түлік  мал  туралы,  диқан-егіншілік, 

аңшылық-саяткерлік, жұмысшы ҽндері); 

-

 

ұлыс ҽндері (наурыз, айт); 



-

 

үйлену ҽндері (сыңсу, беташар); 



-

 

жаназалау ҽндері болып бҿлінеді (жоқтау). 



 «Туғанда  дүние  есігін ашады  ҿлең,  ҿлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең»  [4]

 

-  деп  ұлы 



Абай атамыз тектен-тек жырламаған. Ана ҽлдиімен сіңген халық ҽндерінің асыл үлгілері 

ҽрбір  жас  ұрпақ  үшін  тҽлім-тҽрбиенің  қайнар  кҿзі  емес  пе.  Халықтың  ғасырлар  бойы 

ауызша ҿнерінде ананың нҽрестеге, атаның балаға, ҽженің немереге ең асыл дүниесіндей 

аманат  қалдырған  мол  мұрасы  бар.  Оның  айғағы  –  түн  ұйқысын  тҿрт  бҿлген  ананың 

ыстық махаббатқа толы ҽлдиі. 

 Ҽлди-ҽлди, ақ бҿпем, 

Ақ бесікке жат, бҿпем! 

Жылама, бҿпем, жылама, 

Жылама, ҽлди, жылама 

 Бесік  жырларының  ерекше  мҽнерлілігі  нҽрестенің  психикасына  оңтайлы  ҽсер  етіп, 

кҿңіл-күйін  орнықтырып,  нерв  жүйесін  тыныштандырады.  Бесіктегі  баланы  уату  игі 

тілектермен,  оның  болашағына  деген  жарқын  үмітпен  айтылады.  Музыкалық  ҽуен 

құрылымы қарапайым, жан тербетер мамыражай болып келеді [3. 29 б].  

Осындай анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нҽзік ҽуеніне балқып бала 

күн санап ҿсе береді. Ҿсе келе бала сҽби тҽй-тҽйлап жүре бастаған кезде ата-анасы бала 

тез жүріп кетсін деген ниетпен тұсау кесер тойын жасайды. Ҽдетте, қазақтар тұсауды ала 

жіппен,  қылдан  ескен  шыжымнан  немесе  ішектен  кескен.  Баланың  шешесі  шаруаға 

икемді,  елгезек,  пысық  ҽйелдердің  біріне  қайшымен  жіпті  ұстатып  баласының  тұсауын 

кесуді ұсынады. Тұсау кесуші ҽйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып  

былай ҽндетеді: 

Қаз-қаз, балам, қаз балам

Қадам бассаң, мҽз болам! 

Күрмеуіңді шешейін, 

Тұсауыңды кесейін. 

Тұрмыс-салт ҽндерінің  кең тараған түрінің бірі – балалар мен жастар ҽндері. Балалар 

ҽндері халықтың күнделікті ҿмір-тіршілігіне байланысты туындаған. Балалардың ойыны, 

ермегінің  кҿбі  түрлі  жан-жануарлар  мен  құстардың  ҽрекеттерін,  құйқылжыта  сайраған 

үнін тамашалап соларды ҿзінше  мҽнерлеп қайталай жүріп ҽнге салуына ұласқан. 

Қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігінде  ҽдет-ғұрпында  ерекше  орын  алатын,  ертеден 

мереленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз күні. Наурыз күнін жаңа жылдың басы – 

«Ұлыстың  ұлы  күні»  -  деп  есептеп, зор  қуанышпен  қарсы  алған.  Ақ  ниет,  игі  тілектерін  

мынадай ҿлең жолдарымен білдіріскен: 

Ұлыс бақты  болсын,  

Тҿрт түлігі ақтық болсын!  

Ұлыс береке берсін, 

Пҽле-жала жерге енсін! 

Үйлену  ҽндері  –  қазақ  халқының  отбасының  тағдыры.  Жас  буынның    ҿсіп  мұрат  – 

мақсатына  жету  жолы,  арман  –  қайғысы  туралы  ҽндер.  Үйлену  ҽндерінің  халықтың 

тұрмыс  –  тіршілігін,  ҽдет  –  ғұрпын,  салт  –  санасын,  ой-сезімі  мен  арман  –  ниетін 

білдіретін  танымдық  мҽні  зор  алуан  түрлері  бізге  келіп  жеткен.  Тұрмыс  –  салтқа 



 

468 


байланысты  бұл  ҽндердің  ҿзі  жар  –  жар,  сыңсыма,  қоштасу,  жұбату,  беташар,  тойбастар 

түрінде айтылады. Бүгінгі таңда беташар ҽнінің ең кҿп тараған ҿлең жолына тоқталайық: 

Айт, келін-ау, айт, келін, 

Атыңның басын тарт, келін. 

Сауысқаннан сақ келін! 

Жұмыртқадан ақ келін?  

Мұның барлығы дерлік отбасылық тҽрбиеде  жүзеге асырылады. Тұрмыс-салт ҽндері 

қазақ халқының бала тҽрбиесіне үлкен маңыз берген.  Олар балалар мен жастардың ақыл-

ойымен  сезіміне  ҽсер  етіп,  музыкалық-эстетикалық  лаззат  берген  жҽне  танымдық, 

тҽрбиелік  маңызға  ие  болған.  Балалардың    музыкалық  тҽжірибесі  неғұрлым  бай  болған 

сайын,  олардың  дербес  шығармашылық  еңбегі  жемісті  бола  түсетіні  аян.  Себебі, кҿркем 

ҽсерлермен  шебер  байытып  отыру  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін,  олардың 

ҽсерлілік құралдарын іздестірудегі белсенділігін дамытуға жҽрдемдеседі. 

  

Ҽдебиеттер 



1.

 

С.Ұзақбаева «Тамыры терең тҽрбие» Алматы, «Білім» баспасы 1995ж. 



2.

 

  А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» Алматы, «Ҿнер» баспасы 1975ж. 



3.

 

Р.Дүйсембінова «Қазақтың ҽншілік ҿнері» Алматы, «Республикалық баспа 



кабинеті» 1998ж. 

4.

 



А.Құнанбаев «Шығармалардың бір томдық толық жинағы» Алматы, 1961ж. 

5.

 



Қ. Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақ тҽлім тҽрбиесі» Алматы, «Санат» баспасы 1995ж. 

 

       ҼОЖ 7.048.3 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет