Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры



Pdf көрінісі
бет15/43
Дата08.01.2017
өлшемі18,03 Mb.
#1411
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

 

Литература 

 

1. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995. 

2. Гражданский кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года. 

3. Нормативное  постановление  Верховного  Суда  Республики  Казахстан.  

«О  практике  рассмотрения  судами  споров  о  праве  на  жилище,  оставленное 

собственником» от 20 апреля 2006 г. № 3. 

4.Споры о праве собственности на жилое помещение: практическое пособие, 

Астана, 2009. [Электронный ресурс] – Режим доступа: www.supcourt.kz 



 

136 

 

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ САТЫСЫНДА  



ҚАБІЛЕТТЕРІ ӘР ТҮРЛІ БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ  

ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ. 

 

Б.Ю. Сағындықова  

№2 ЖОББМ, Павлодар қ. 

 

Алға  қойылған  мақсат  –  12  жылдық  білім  беруге  көшу  сатысында 



жалпы  білім  беру  мектептерінде  даму  деңгейі  әртүрлі  балаларды  оқыту 

жолында  мұғалімнің  кәсіби,  құзырлық,  шығармашылық  деңгейін 

көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу. «Оқу мен жазу арқылы сын 

тұрғысынан  ойлау»  жобасының  негізгі  идеяларын  ашу  және  оның  

12  жылдық  мектептегі  оқыту  әдістерінің  бағыты  үшін  потенциалдық 

маңыздылығына көз жеткізу. 

XXI  ғасыр  мектебі  жедел  өзгеріп  жатқан  заманға  бейімделуге 

мүмкіндік  беретін  түбегейлі  өзгерістер  енгізуді,  өз  кәсіби  шығарма-

шылығымызды  шыңдауды  талап  етеді.  Ойы  жүйрік,  ақылы  жетік, 

бәсекеге  қабілетті,  өзгерістерге  бейім  жеке  тұлғаны  тек  қана  жаңа 

тұрпатты педагог  қалыптастырады. 

Әрине,  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  бүкіл  білім  беру 

жүйесін  жаңалауды,  оны  оқушылардың  жас,  жеке  дара  психологиялық 

және  шығармашылық  қабілеттеріне  лайықтауды  қажет  етеді.  Баланың 

бойында  оның  өміріне  қажетті  іс-әрекет  тәсілдері  мен  технологияларын 

қалыптастыруға  негізделген  оқытуды  ұйымдастырудың  амал-тәсілдерін, 

формалары  мен  әдістерін  айқындау  –  қазіргі  таңда  кезек  күттірмейтін 

көкейкесті мәселелердің бірі.  

12 жылдық білім берудің мақсаты: 

– Өз ойын еркін айта алатын ;  

– Өзін көрсете білетін; 

– Өзін-өзі дамыта алатын; 

– Жоғары білімді; 

– Ұлттық тілді; 

– Тарихты жетік меңгерген; 

– Бәсекеге қабілетті; 

– Отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан; 

– Шығармашылығы дамыған ТҰЛҒАны қалыптастыру . 

– Бұл мақсаттардан келесі міндеттер туындайды: 

– Тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру; 

– Құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту; 

Оқушының  ішкі  мүмкіншілігі,бейімділігі,мақсат-мүдделері  мен 

қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау. 

Соңғы  жылдары  дүние  жүзінде  балаларда  әмбебап  әлеуметтік 

құзіреттіліктерді  қалыптастыру  тұжырымдамасы  кең  етек  жаюда.  Бұған 

сәйкес  білім  беру  нәтижесі  ретінде  мектеп  түлегінің  бойында  басты 

құзіреттіліктер, негізгі дағдылар мен тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы 

қарастырылады. 



137 

 

Сондықтан  жалпы  орта  білім  беру  мектептерінде  баланы  әмбебап 



білім, білік, дағдылармен қаруландыратын, өзіндік  іс-әрекетке үйрететін 

және  білім  беру  мазмұнының  сапасын  анықтайтын  басты  құзірет-

тіліктердің  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  жүйе  құрылуға  тиіс.  Бұл 

жүйе  әр  жастағы  тұлғаны  туындаған  кез-келген  мәселені  шешуде 

қолдана  алатын  жаңа  әдістерді  игеруге,  қалай  оқу,  қалай  ойлау 

керектігіне үйретуге негізделуі шарт. 

Жан-жақты  кең  білімі  бар  адам  құзырлы  деп    саналады.  Бірақ  біле 

тұрып,  білетінін  іс  жүзінде  қолдана  алмау  да  мүмкін.  Сондықтан  білім 

берудің міндеті әр уақытта тек білімді хабарлау ғана емес, сонымен бірге 

оны  қолдану  үшін  қажетті  біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру 

болып келді. Бұл екінші құрамды бөлік - «іс-әрекет тәсілдерін іске асыру 

тәжірибесін» енгізуді талап етті.  

Тек  білу  және  өз  білімін  қолдана  алу  да  жеткіліксіз,  ілгері  жылжу 

үшін  үшінші  құрамды  бөлік  –  «шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі»  

қажет.  Білім,  білік,  дағдылар  тек  репродукция  құралы  ғана  болып 

қоймай, әлемді шығармашылықпен түйсіну амалы болуы керек. 

Жоғарыда аталып өткен үш компонент құзыреттілікті сипаттау үшін 

жеткілікті  деуге  де  болар  еді.  Бірақ  білім  беру  мазмұны  тұжырым-

дамасының  авторы  И.Я.  Лернер  құзыреттілікті  толық  сипаттау  үшін 

төртінші  құрамды  бөлік  – 

«эмоционалдық,  еріктік,  моралдік, 

эстетикалық тәрбиелілік жүйесін» енгізу қажеттігін атап көрсетті.  

Сөйтіп,  құзыреттілік  дамуының  төрт  деңгейін  атап  көрсетуге 

болады.  Бұл  деңгейлер  құзыреттілік  моделін  құрайды.  Бұл  модель 

құзыреттілік  ұғымын  жан-жақты  кеңінен  ашпауы  мүмкін.  Бірақ  оның 

құрамды  бөліктері  жаңа  білім  беру  жүйесінің  бағыты  болатын    басты 

құндылықтарды қамтиды. 

Жеке  тұлғаның  дамуы  үшін  баланың  қарқынды  іс-әрекеті  болуы 

шарт.  Алайда  кез  келген  іс-әрекет  баланың  қабілетін,  дарынын,  мінез-

құлық  белгілерін,  білік  пен  дағдыларын  дамыта  алмайды.  Қабілет-

тіліктің дамуы үшін өз барысында баланың бойында  жағымды сезімдер 

туғызатын іс-әрекет қажет. Бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, 

баға  үшін  емес,  сол  жұмыспен  өзі  айналысқысы  келетін  болғандықтан 

жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты 

қажеттілік  бар.  Осыған  байланысты  жеке  тұлғаның  дамуының  тағы  бір 

бастауы 


өзіне 

көңіл 


аудартады. 

Бұл 


жеке 

тұлғаның 

мәдени 

ұстанымдарынан  бастау  алатын  өз-өзіне  деген  қалыптастырушылық, 



талап  қоюшылық  ықпалы.  Міне,  12  жылдық  білім  беруде  әр  ұстаз 

баланың өзін-өзі дамыту күштерін қалыптастыру керек. 

Баланы  мектепке  қабылдауда  тек  оның  жасы  ғана  ескеріліп, 

мектептер  даму  деңгейі  әртүрлі  балаларды  қабылдауға  дайын  болып, 

оқытуды олардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне лайықтауы керек. 

Оқу – бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы 

қарым-қатынас.  Мұғалім  –  оқушы  мен  оқу  материалы  арасындағы 


138 

 

дәнекер.  Ендеше,  мектептің  дайындығы,  көбіне,  мұғалімнің  әр 



оқушының  ерекшелігін  байқап,  түсініп,  ескере  алу  қабілетіне  және  өз 

шәкіртіне көмектесе алу біліктілігіне байланысты.  

Мұғалім дайындығының екі аспектісін атайтын болсақ, олар: 

1. Баланың  даму  ерекшелігін  білу,  оқушылардың  қиындықтарын 

ғана байқап қоймай, олардың мықты жақтарын анықтауға көмектеседі. 

2.  Оқыту  методикасы  жағынан  жақсы  дайындалған  болу,  жағдайды 

дұрыс бағалап, оны шешудің тиімді әдістерін табуға көмектеседі. 

Демек, мұғалім 

а)  жаңа  оқу  материалымен  таныстыруда  әр  түрлі  әдістерді  қолдана 

білуі керек; 

ә) оқытуда, әр оқушының өз өмірлік тәжірибесі мен даму деңгейіне 

сәйкес, білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы керек; 

б) оқушыларға өз жетістіктерін көруге жағдай туғызуы керек.   

Бұл мақсат-міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың 

жаңа  технологияларын:  жеке  тұлғалық  қасиеттерге  бағытталған 

оқытуды,  зерттеу,  жобалау  әдістерін  т.б.  қолдана  отырып,  оқытуды 

ұйымдастыруы қажет. 

Мектеп  баланың  дамуында  негізгі  рөл  атқарады.  Баланың    жеке 

тұлға ретінде жан-жақты  дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен 

ой-өрісінің  кеңеюі  мектеп  қабырғасында  қаланады.  Онда  жан-жақты 

дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады. Бұл мәселені шешудің 

тиімді  жолдарының  бірі  –  білім  беруде  оқушының  жеке  және  кәсіби 

дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағытталған тәсілді қолдану.  

Жеке  тұлғаға  бағытталған  оқытудың  тұжырымдамасы  баланы  жан-

жақты  дамытумен  бірге,  жеке  және  жас  ерекшеліктеріне  қарай  қоғамдағы 

өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. 

Жеке  тұлғаға  бағытталған  оқыту  проблемалы  бағыттағы  шығарма-

шылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде 

қолдана  білуге  ықпал  етеді,  мұндағы  басты  міндет  –  баланың  жалпы 

және  өзіне  ғана  тән  қабілеттерінің  даму  мүмкіндігі  мен  білім,  білік, 

дағдыларын  қалыптастыру  және  қолдану.  Бала  оқу  үрдісінің  субъектісі 

бола  отырып,  қабілеті  мен  қажеттілігіне  байланысты  қарқынмен  дамуға 

мүмкіндік  алады.  Мұғалім  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісін  ұйымдастырушы 

ғана  емес,  балаға  серік,  дос,  сырлас,  кеңесші  қызметін  де  атқарады. 

Нәтижесінде  жеке  тұлғаның  өзіндік  пікірі,  қоршаған  ортасына 

құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.  

Білім  беру  мен  тәрбиедегі  тағы  бір  бағдар  –  бұл  «қалай  дамыту 

керек?»  деген  сұраққа  жауап  беретін  іс-әрекеттік  бағдар.  Мұның  мәні 

қабілеттер  іс-әрекетте  байқалып,  дамиды  дегенді    айқындайды.  Екі 

жағдайда  да  адамның  қарқынды  дамуы  оның  қабілеті  мен  бейімділігіне 

сәйкес  іс-әрекет  барысында  жүзеге  асады.  Іскерлік  бағдардың  маңызды 

оқыту әдістерінің бірі – зерттеулік әдіс. Осы бағытта білім алып отырған 

әрбір  жас  жеткіншек  қоршаған  ортаны  әр  қырынан  зерттей  отырып,  өз 

бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.  



139 

 

Зерттеулік  білік  пен  дағдылар  адамға  тек  ғылыми  жұмыспен 



айналысқанда  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  басқа  да  қызмет  аясында 

қажет.  Шығармашыл-зерттеушілік  ізденіс  кез-келген  кәсіптің  ажырамас 

бөлігі  болып    табылуда.  Баланы  зерттеушілік  іс-әрекетке  дайындау, 

зерттеулік  ізденістің  біліктері  мен  дағдыларына  үйрету  қазіргі  кезде 

білім берудің маңызды міндеті болып отыр. 

Соңғы жылдары өз тәжірибемде тиімді  қолданып жүрген «Оқу мен 

жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) жобасы мазмұны 

жағынан оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады. «Оқу мен жазу 

арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  жобасы  мұғалімдерді 

оқытудың  көптеген  жаңа  әдіс-тәсілдерімен  таныстырады.  Сонымен 

қатар  жобаның  ішінде  және  оның  теориялық  базасы  негізінде  мұғалім 

әдіс-тәсілдерді  таңдауға,  қолдануға,  қиыстырып  қолдануға,  тіпті  

жаңалықтар енгізуге мүмкіндік алады. Бұл мұғалімге өз оқушыларының 

ерекшеліктерін  байқап,  ескере  отырып  білім  беруіне  мүмкіндік 

туғызады.  

Бастапқы  сатыда  оқушының  даму  деңгейі  анықталғаннан  кейін, 

мұғалім  кімнің  сыныптастарына  көмектесе  алатынын,  қайсылары 

олардың жауаптарын толықтыра алатынын байқап алады. Оқушылардың 

білім  мен  білік    қоры  әртүрлі  болғанмен,  оқытудың  да  түрлі  стильдері 

мен  ыңғайы  бар.  Оқытудың    түрлі  әдістерін  қолдану  мұғалімге  әр 

оқушының қалауын және даралығын ескеруге мүмкіндік береді. 

Мұғалім  оқушыларына  қалай  көмектесе  алады?    Оқу  материалы 

және  оқушылардың  өз  тәжірибелері  мен  білімдері  арасындағы  қажетті 

байланыстарды анықтауға көмектесуі жетістіктің, сәттіліктің кілті болып 

табылады.  Сонымен  бірге  оқушылар  өз  мақсаттары  мен  қажеттіліктерін 

анықтай алу және өз көзқарасын білдіріп, оны дәлелдей алу мүмкіндігіне 

ие болулары қажет. Еркін пікірталасты қолдау – СТО жобасының негізгі 

мақсаттарының  бірі.  Берілген  сұрақты  талқылау  мүмкіндігіне  ие  болған 

жағдайда  оқушылардың  мәселеге  деген  көзқарасы  мен  берген 

бағаларының  алуан  түрлілігі  байқалады.  Мұғалім  «тек  бір  ғана  дұрыс 

көзқарас  бар»  деген  ойдан  бас  тартса  болғаны,  сыныпта  қанша  бала 

болса,  сонша  пікір  пайда  болады.  Балалардың  білімдеріндегі, 

дүниетанымдарындағы  айырмашылықтар  бірден  айқын  бола  бастайды. 

Алуан  түрлі  пікірлер  мен  көзқарасты  қабылдап,  бағалай  білу  – 

бағдарламаның айнымас шарты және оның негізгі принципі.  

Қандай  болмасын  сыныпты  кез  келген  қоғамға  тән  сан  қилы 

қызығушылықтар,  қабілеттер,  тәжірибе  мен  мүмкіндіктер  сипаттайды. 

Сондықтан мұғалім оқу материалын дайындағанда және оқыту әдістерін 

таңдағанда осылардың бәрін ескергені жөн.   

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының 

әдістері  сыныптағы  үйреншікті  жағдайды  өзгертіп,  балаларды  жұппен, 

үлкен  және  кіші  топтарда  жұмыс  істеуге  қызықтыруды  көздейді. 

Сыныптың  ұжымдық  білімі  кең,  ал  сыныптастардың  бір-біріне  берген 


140 

 

көмегі  өте  тиімді,  нәтижелі  екенін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Білімпаз 



оқушылар  оқытушы  рөліне  ие  болып,  өз  білгендерімен  бөлісіп,  оқуға 

деген  қызығушылығы  және  өздігінен  жаңа  білімді  игеруге  деген 

ықыласы  арта  түседі.  Ойдың  тәуелсіздігін  қолдау  үшін  мұғалім 

оқушыларға  олардың  әрқайсысының  пікірі  мен  ойы  құнды  екенін 

жеткізе  алуы  керек.  Ойды  білдіру  еркіндігін  шектеу  ойлауды  шектеу 

деген сөз. 

«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  жобасы 

мұғалімге  нақты  техникалар  мен  әдістерді  таңдауда  және  оған 

шығармашылықпен  қарауына  ешқандай  шектеулер  қоймайды.  Мұғалім 

оқулыққа  тым  тәуелді  болмай,  стратегияларды  оқу  материалына  және 

оқушылардың  ерекшеліктеріне  бейімдеуге  көп  көңіл  бөлуге  тиіс. 

Мұғалім жасаушы, дәнекер немесе байланыстырушы және өз шәкіртінің 

серігі. Тек мұғалімге өзіне қолайлы жұмыс әдістерін таңдай алу керек. 

СТО-ның қызметі оқу мен  жазу арқылы ой тәуелсіздігінің дамуына 

арналған.  Оқыту  концепцияларды  жетілдіруге,  сөздік  қорды  байытуға, 

жалпы білімді кеңейтуге бағытталады және бақылау, түсіну, түйіндеу т.б. 

арқылы түсінуге үйретеді. Балалар ойшылар рөлінде «Мен мұны қайдан 

білемін?»,  мәтінді  құрастырушылар  ретінде  «Бұл  нені  білдіреді?», 

мәтінді  қолданушылар  «Мен  мұнымен  не  істей  аламын?»,  мәтінді 

талдаушылар  және  бағалай  білушілер  ретінде,  «Бұның  мен  үшін 

маңыздылығы неде?» деген сұрақтарға жауаптар іздейді. 

Оқыту  әдістерімен  қатар  материалды  меңгерту  дағдыларын  да 

үйрену қажет. СТО жобасы тек фактілермен және білімдермен шектеліп 

қоймай, оларды іс жүзінде қолдануға аса назар аударады. Оқыту мақсаты  

өмір бойы білімге құштар, тәуелсіз, өз алдына дербес ойшыларды  өсіру 

болып табылады. Тиімділігі төмен, дұрыс зерттелмеген әдістер баланың  

оқуға  деген  қызығушылығын,  мұғалімдердің  жаңаша  жұмыс  істеуге 

деген талабын бәсеңдетуі мүмкін.  

Мен  өз  сабақтарымда  сәтті  қолданып  жүрген  тәсілдер  қатарына 

«Ассоциациялар»  мен  «Кластерлерді»  жатқызар  едім.  Бұл  екеуі  бір-

бірімен  тығыз  байланысты,  бірі  екіншісін  толықтырады,  сондықтан 

бұларды бірге  қолданған да тиімді. Ассоциациялар – тақырып бойынша 

балаларды ашық әрі еркін ойлауға жетелейтін оқыту әдісі. Ойлаудың бұл 

түрі біздің миымыздың жұмыс істеуіне ең жақын тұрған формасы болып 

табылады. «Ассоциацияларды» қолдану барысында мен балалардың бар 

білімді өз тәжірибелерінен құрастырып алатынына көз жеткіздім.  

«Ассоциация» әдісі бойынша жұмыс жүргізудің реті 

Ана тілі, 2-сынып.  «Ұшқан ұя» тақырыбы. Тақырыпқа ену сәті: 

1) Ұя сөзіне ассоциациялар ойлап, парақтарға жаздыру.  

2)  Ойлаған  сөздерді  мағынасына  қарай  (сөз  таптарына  сәйкес) 

топтастыру. 

жұмыртқа               бұтақ               жапырақ             үй                  жылу 

құс                           ағаш                шөп                     ата-ана 

балапан                                           мамық 



141 

 

 



 

 

 



1-сурет «Ассоциация» 

 

3)  Топтардағы  сөздерді  өзара  байланыстырып  ойды  жинақтап, 

қорыту. 

Ұяда  құстар  жұмыртқа  салып,  балапан  басып  шығарады.Ұя 

ағаштың басына, бұтаққа орнатылады. Құстар оны шөппен, жапырақпен, 

мамықпен  жылытады.  Біздің  ұямыз  –  біздің  үйіміз.  Онда  жылы,  себебі 

ата-анамыз бар.   

Кластерлер  –  ассоциацияларды  өзара  байланыстыратын  сызықпен 

түсірілген  бейне.  Балаларды  кластерлермен  таныстырудың  бастапқы 

сатысында  немесе  уақытты  үнемдеу  мақсатында  жұмысты  жеңілдетуге 

немесе  ықшамдауға  болады.  Мысалы,  2-сыныпта  қазақ  тілінен  «Сөз 

құрамы»тақырыбы  бойынша  оқушыларға  келесі  ұғымдар  сериясы 

ұсынылды: 

– сөздің мағыналы бөлігі 

– сөздің өзгеретін бөлігі 

– сөз бөлігі 

– түбірлес сөздердің ортақ бөлігі 

– жаңа сөз тудыру үшін қолданылады 

– сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылады 

– былай белгіленеді  

– былай белгіленеді 

– былай белгіленеді 



 

ҰЯ 

жапырақ 


мамық 

жұмыртқа


а 

құс 


ағаш 

балапан 


Ата-ана 

жылу 


Шөп 

бұтақ 


142 

 

Әр  топ  өзіндегі  сөз  бөлшегіне  қатысты  серияларды  білімдеріне 



сәйкес таңдайды, ал төртінші топ мысалдарды реттейді. Соңында мұның 

бәрін тақтада ортақ кластерге жинақтайды. 

аң 

белгіленуі 



Түбірлес сөздердің ортақ бөлігі 

Сөздің мағыналы бөлігі 

 

2-сурет «Кластер» 

 

Сөз бөлігі                                                                     Сөз бөлігі       



өзгеріске ұшырайды                                                  жаңа сөз тудырады 

сөз бен сөзді байланыстырады                                 белгіленуі  

белгіленуі                                                                    аңшы 

аңдарды 


Бұл әдіс-тәсілдер балаларға ұнайды және оқу мен жазу арқылы сын 

тұрғысынан ойлауға үйрететіні сөзсіз. 

Сонымен  бірге  бұл  әдістерді  әлі  оқып-жаза  білмейтін  1-сынып 

балаларымен  де  қолдануға  болады.  Бірақ  бұл  жағдайда  суреттер 

қолданылады.  Сурет  арқылы  баланың  ойлау  қабілетін,  қолының 

икемділігін  дамытып,  дүниетанымын  кеңейтуге  мүмкіндіктер  ашылады. 

6-7  жасар  балалардың  басты  әрекеті  ойын  болғандықтан,  бұл  әдісті 

қолданарда  балаларға  ойын  ойнауды  ұсынамын.  Бұл  ойынның  шарты 

бойынша  балалар  берілген  сөзге  немесе  суретке  байланысты  туындаған 

ойларын  белгілі  уақыт  ішінде  суретке  түсіру  керек,  қандай  да  бір 

белгілері  бойынша  сол  суреттерді  сызықтармен  қоршап    топтау  керек, 

және  жұмысты  ең  бірінші  болып  аяқтаған  бала  өз  жұмысын  қорғауға 

мүмкіншілік алады. 

Сөз құрамы 

түбір 


жұрнақ 

жалғау 


143 

 

Бұл әдістерді, әсіресе, ақпараттық  құзыреттілікті дамытудың тиімді 



жолы  деп  білемін.  Себебі  бұл  жұмыстың  барысында  бала  логикалық 

операцциялардың  әр  түрлерін:  талдау,  жинақтау,  қорыту,  ұқсастығы 

бойынша  топтау,  жүйелеу  сияқты  операцияларды  қолдана  отырып, 

ақпараттарды  өңдейді,  сыни  тұрғыдан  талданған  ақпараттар  негізінде 

қорытынды жасайды.  

Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастыру  барысында  баланың 

интеллектуалдық  қабілеттері:  талдау,  жинақтау,  салыстыру,  өз  ойын 

қорытып айту, дәлелдеу, жүйелеу сияқты біліктері дамиды. 

СТО  жобасында  топпен  жұмыс  жасау  қарастырылатын болғандықтан, 

онда  коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастырудың  шешімін  де 

табуға  болады.  Өйткені  жұмыс  барысында  бала  әдеп  нормасына  сәйкес 

өз  ойын  білдіруге,  басқа  да  көзқарастарды  қабылдауға,  өзара  өнімді  іс-

әрекет,  жалпы  нәтижеге  қол  жеткізуге,  топтағы  балалармен  қарым-

қатынас орнатуға үйренеді. 

 

 

Әдебиет 



 

1. «12 жылдық білім беру» журналы, 2006 № 6, 7,11.  

2. «Дауыс пен көрініс» журналы, 2002. 

3. Л.А. Байкова «Педагогикалық шеберлік және педагогикалық технологиялар 

4. Э. Ш. Натанзон «Педагогикалық ықпалдың әдістері» 

5. «Бастауыш мектеп» журналы  

6.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты. – Астана, 2006. (Жобасы) 

 

 

METHODOLOGICAL BASES OF FORMATION  ADMINISTRATIVE 



ABILITIES AND MANAGEMENT SKILLS 

 

A.M. Zakal  

University of Hamburg, Germany 

F.I. Seytgalieva, A.T. Kazhmuratova, E.A. Schneider  

gymnasium №2 them. G. Kairbekov, Kazakhstan 

J. Zh. Sakenov, G.M. Tulekova, Z.Sh. Shavalieva 

Pavlodar state pedagogical institute, Kazakhstan 

 

Modern  economic,  social,  production  and  specifications  of  life  impose 



new  requirements  to  professional  training  of  students.  Students  need  to  be 

guided  well  in  educational  space,  to  think  creatively,  to  possess 

communicative skills, administrative abilities, management skills to be able to 

make administrative decisions and to bear for them responsibility. 

The analysis of researches of Janice Thomas, Thomas Mengel [1, p.304],

 

Larionov,  V.V.  [2,  p.63],  Sorin  Valcea,  Maria  Riaz  Hamdani,  M.  Ronald 



Buckley,  Milorad  M.  Novicevic  [3,  p.604],    Mane,  L.  Miville  [4,  p.519], 

144 

 

Gomez-Mejia,  Luis  R.;  David  B.  Balkin  and  Robert  L.  Cardy  [5,  p.19],   



Sakenov, D.Zh. [6, p.1431], Ash, D., Levitt, K. [7, p.23], Manfred, F. R., Kets 

de Vries [8, p.26],  Yarulina, L.P. [9, p.11], Pozdnyakov, A.P. [10, p.91] allows 

us  to  note  that  managerial  skills  are  organizing  and  communicative  qualities 

of  the  personality  different  high  knowledge,  skills,  abilities  of  process  of 

planning,  the  organization  and  the  managements  of  collective  activity 

providing selection, arrangement, education of shots, motivation of successful 

activity, achievement of a  goal. In this regard, we understand organizing and 

communicative  qualities  of  the  identity  of  the  students  as  administrative 

abilities,  management  skills  of  students,  differing  high  knowledge,  skills, 

abilities  of  process  of  planning,  the  organization  and  the  managements  of  a 

collective  production  activity  providing  selection,  arrangement,  education  of 

shots, motivation of successful activity, achievement of the set administrative 

and production purpose. 

Today  to  the  country  the  specialists  of  a  new  formation  capable 

creatively  and  professionally  to  solve  at  modern  practical  level  significant 

problems  of  training  and  education,  possessing  professional  competences  of 

the  areas  of  educational,  research,  administrative,  pedagogical  and 

educational  activity  capable  creatively  to  carry  out  productive  professional 

activity in the organizations of training and education are required. 

Now, the sufficient theoretical and empirical material on separate aspects 

of  development  of  administrative  abilities,  management  skills  of  students 

(Janice  Thomas,  Thomas  Mengel  [1,  p.304],

 

Sorin  Valcea,  Maria  Riaz 



Hamdani,  M.  Ronald  Buckley,  Milorad  M.  Novicevic  [3,  p.604],    Gomez-

Mejia, Luis R.; David B. Balkin and Robert L. Cardy [5, p.19],   Manfred, F. 

R.,  Kets  de  Vries  [8,  p.26],  Yarulina,  L.P.  [9,  p.11],  Pozdnyakov,  A.P.  

[10, p.91]) that creates a scientific basis for development of theoretical bases 

of administrative abilities, management skills formation of students. However, 

as  shows  the  analysis  of  psychology  and  pedagogical  and  methodical 

literature,  development  of  theoretical  bases  of  administrative  abilities, 

management  skills  formation  of  students  remains  out  of  a  field  of  modern 

scientific  researches.  The  insufficient  modern  theoretical  readiness  of  this 

scientific  problem  caused  low  level  of  administrative  abilities  formation  of 

students in educational practice of the modern higher school. 

Thus,  there  is  a  contradiction  between  uncertainty  of  scientific 

approaches  of  development  of  theoretical  bases  of  administrative  abilities, 

management  skills  formation  of  students  and  need  of  practical  realization  of 

theoretical bases administrative abilities formation of students in professional 

training of students. 

This  contradiction  allows  to  formulate  a  research  problem.    What 

maintenance  of  theoretical  bases  administrative  abilities,  management  skills 

formation of students? Need of the solution of the specified problem defined a 

research objective: scientific justification and development of the maintenance of 

theoretical bases administrative abilities formation of students.  


145 

 

Future  expert  of  a  technical  profile  first  of  all  has  to  combine  broad 



fundamental  and  practical  preparation,  however  thus  has  to  own  bases  of 

administrative  activity  within  engineering  activity,  continuously  fill  up 

knowledge  in  the  field  of  management,  be  able  to  put  into  practice  the 

principles of  management and the organization  of the administrative activity, 

to own tools and methods of work of the head conforming to requirements of 

modern industrial Kazakhstan.  

The  modern  expert,  on  the  example  of  the  engineer  of  automation  and 

management  is  the  professional  of  the  business  possessing  high  culture, 

ability  of  the  invention,  well  knowing  modern  equipment,  technology, 

economy,  the  organization  of  production  which  even  more  often  to  have  to 

apply  creative  approach,  to  work  independently,  initiatively,  creatively,  and 

probably even, to act as the head of a certain collective that demands from it a 

big sense of responsibility and organizing abilities.  

Relying  on  such  huge  baggage  and  the  reliable  foundation  laid  by  the 

state in the higher education, it would be desirable to offer the innovations on 

administrative abilities  formation of technical specialities students.  From our 

party  it  would  be  desirable  to  include  in  a  component  for  choice  some 

disciplines on psychology of the person, namely management psychology. In 

our  opinion  those  can  become:  marketing,  strategic  management, 

management  of  human  resources,  personnel  marketing,  bases  of  a 

professional  stressmenedzhment  and  resource-saving  of  the  personality, 

development  of  communicative  competence  of  the  personality,  optimization 

of  a  temporary  resource  in  professional  activity,  formation  by  the  head  of  a 

management  team,  style  of  administrative  activity,  conflictology,  complex 

nature  of  results  of  management,  business  and  ethics.  The  psychology  of 

management  is  a  discipline  for  what  professional  activity  in  the  future  will 

demand  not  only  the  general  psychological  culture,  but  also  special 

competence  of  human  resource  management  questions.  The  knowledge  of 

psychology  of  management  will  help  students  to  open  the  personal  potential 

of the head, to understand features of functioning of a human resource of the 

organization that will allow them further most competently and effectively to 

build a complex of organizational and administrative actions. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет