Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Байтұрсынов А. Ақ жол.- Алматы: «Жалын»,1991
2.
Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы: «Жазушы»,1989
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРДІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН
ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Алтаева Зауре Жалаладиновна
Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия
Аннотация.
В данной статье представлена информация об эффективности интеграции
инновационных методов с цифровыми технологиями, используемыми в преподавании
казахского языка и литературы. Использование комплексного контента, такого как
«Tilalemi.kz», «Sozdikqor.kz», «Emle.kz», «Әдебиет порталы», позволяет повысить
профессиональную квалификацию учителя и дополнить содержание предметных знаний.
Ключевые слова:
инновационные методы, цифровая технология, интернет ресурсы.
Abstract.
This article provides information on the effectiveness of integrating innovative
methods with digital technologies used in teaching the Kazakh language and literature. The use of
complex content, such as “Tilalemi.kz”, “Sozdikqor.kz”, “Emle.kz”, “Adebiet portals”, allows you
to improve the professional qualifications of the teacher and supplement the content of subject
knowledge.
Keywords:
innovative methods, digital technology, internet resources.
Жаһандану дәуірде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат
өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық технологияларды сауатты
қолдану мәселесі де – өзекті. Бүгінгі таңда цифрлы технологиялар құрал
ретінде емес, білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өмір сүру
ортасы ретінде қарастырылып, әрбір пән мұғалімінің алдына жаңа міндеттер
қойды. Білім берудің жаңаша мазмұны педагогтерге жаңаша талап жүктеді.
Мұғалім пәндік, педагогикалық, технологиялық білімдерді игеру, оны үйрету
қызметімен шектелмейді. Білім беру бағытының заманауи зерттеушілері
ұсынған кәсіпқойлық деңгейіне жетуі қажет. Ол үшін әрбір педагог
«технологиялық, педагогикалық және пәндік білім» тәсілін терең меңгеріп, пән
мазмұнына байланыстыра алған сәтте жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып
табылады [1.74].
Жоғары деңгейдегі кәсіпқой педагогтің өз жұмысындағы, оқыту
әрекетіндегі цифрландырудың мақсаты – оқу үдерісінің сапасын, тиімділігін
арттыру, білім алушылардың табыстылығын, сауаттылығын, ақпаратты өңдеу
дағдысын дамыту, халықаралық деңгейдегі түрлі салаларда цифрлық
технологияларды қолдану, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, заманауи
321
білім алушыларды дайындау. Білім алушының цифрлық әлемге дайын болуын
қамтамасыз ету үшін педагогтің цифрлық сауаттылығын арттыруы заман
талабы деп түсінген шарт. Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды,
интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен
дағдылардың
жиынтығы
болса,
бұл
жұмыс
барысында
көптеген
артықшылықтарға жол ашады. Олар: өздігінен жұмыс істеуге үйрену,
қағазбастылықтың азаюы, үнемдеу, жұмысты жеңілдету, болашаққа қадам.
Педагогтің сапалы оқыту үдерісін ұйымдастыруы үшін маңызды
құралдардың бірі – интернет желісі және пән бойынша қолданылатын түрлі
контенттер. Ғаламтор желісінде контенттер көп. Оларды сұрыптап, өзіндік
ерекшеліктерін саралап қолдану – маңызды. Білім алушының қабылдауына
ыңғайлы, жас ерекшелігіне сай, қолжетімді, сапалы, танымдық, ғылыми негізге
құрылған, мағынасы көркем әрі тәрбиелік құндылығы жоғары, пәндік білім
мазмұнына, тақырыбымен сабақтас, цифрлы контенттерді ұсыну педагогтің
шеберлігін қажет етеді. Аталған критерийлер бойынша жұмыс жасау педагогтің
цифрлық технологияларды тиімді пайдалану ерекшеліктерін, ақпаратты өңдеу,
коммуникациялық және онлайн ортада бейімделу қабілеттерін де шыңдайды.
Сабақты жоспарлау кезінде педагог пән мазмұны бойынша қолданылатын
цифрлық контенттер және технологиялардың ерекшеліктері туралы
нұсқаулықтарды, арнайы әдістемелік ұсынымдарды да назарға алғаны
маңызды. [2. 1].
Цифрлық контенттерді, технологияларды дұрыс іріктеу, ақпарат
мазмұнының білім алушының жас ерекшелігіне сай болуын қадағалау жастар
бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастырады. Білім берудегі цифрлық
технологиялар көрнекілікті қамтамасыз ететін электрондық жүйелерді
пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілі
ретінде білім беру саласына жедел еніп отыр.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда педагогтер тест әдісін жиі
пайдаланады. Сындарлы оқыту үдерісінде дәстүрлі тестілеулердің қолданыс
аясы тарылып, оның орнын тиімді цифрлық тестілеу әдістері алмастырып отыр.
Тест әдісін сабақты бекіту бөлімінде, қайталау сабақтарында жиі қолданамыз.
Тәжірибеде қолдануға қолжетімді, білім алушының қызығушылығын
арттыратын, жүйелі білім алуға мүмкіндік беретін бірнеше платформаларды
дәстүрлі тест әдісімен интеграциялауға болады.
Kahoot-білім беру жобаларына арналған қосымша. Оның көмегімен тест, оқу
ойынын, білім марафонын жасауға болады. Қолданба смартфондарда да жұмыс
істейді. Оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, жаңа материалды тереңдете
түсу үшін кең көлемде қолдануға болады, қосымша ғаламтор жүйесі бойынша
жүзеге асырылады. Kahoot-те жасалған тапсырмалар ұсынылған жауаптардың
ішінен дұрыс жауапты таңдауды көздейді, сұрақтар саны шектелмейді. Тестті екі
білім алушы арасында сайыс ретінде өтуге болады. Ол жылдамдыққа есептелген,
кім тез жауап берсе сол жеңімпаз болады. Педагог өз қалауымен қойылған сұрақтар
үшін дұрыс жауап бергендерге және жылдамдығына ұпай енгізе алады. Тестті
тікелей мобильді қосымша немесе сервис сайтында өтуге болады. Сайтта,
әлеуметтік желілерде тест сілтемесін бөлісуге болады. Kahoot қосымшасының
322
ерекшеліктерінің бірі тесттерді қайталау және өңдеу мүмкіндігі бар, бұл оқытушыға
көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Қосымша тест тапсырмаларын құраудың
алгоритмін интернет желісінен таба аласыз, педагогтерге арналған әдістемелік
ұсынымдардан көруге болады [2. 39].
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін, коммуникативтік,
танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін практикалық іс-
әрекетте қолдануға үйретуді көздейтін, сабақты бекіту кезеңінде жиі қолданылатын
келесі Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисі – мұғалімге таптырмас
көмекші. Тест әдісін жүргізуге, сынып оқушыларын шағын топтарға бөлуде, үй
тапсырмаларын сұрау кезеңінде де қолдануға болады. Аталған сервисте жұмыс
жасау алгоритмін ғаламтор желісіндегі нұсқаулықтардан көре аламыз [3].
Қашықтықтан білім беруде және қазіргі сабақты бекіту, бөлім бойынша
қайталау тапсырмаларын орындауда, аралық бақылау жұмыстарын жүргізуде
тиімді оқыту платформасы – Google формы платформасы. Бұл Google ішіндегі
бір қосымшасы болып табылады. Қашықтықтан сауалнама алуға, өткен
сабағыңызды бекітуге немесе пысықтау үшін Google формада тест дайындап,
білім алушыларға whatsapp арқылы сілтемелерін жіберуге болады.
Оқушылардың орындаған тест нәтижесі мұғалімнің Google формы аккаунтына
автоматты түрде түсіп отырады. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы
жұмыс жасауға өте тиімді [4].
Сыныпта да, үйде де қолайлы Quizizz – веб-құралы да оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Тесттер, экспресс-сауалнамалар, викториналар
өткізуге арналған [5]. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні аясында Quizizz – веб-
құралын бөлімдер бойынша қорытынды тест тапсырмаларын орындауда,
өтілген ережелерді мысалдар арқылы пысықтау мақсатында, балаларға
олимпиада тапсырмаларын орындатуда, ҰБТ тапсырмаларын талдату үшін
қолданамыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда «Презантация» әдісінің маңызы зор,
аталған әдіс ақпараттық-коммуникациялық технологияның тартымды, ыңғайлы,
қолжетімді түрі, кей әдебиеттерде «тұсаукесер» деп атайды. «Презентация» әдісін
тәжірибеде жиі қолданамыз, өйткені білім алушыларға жаңа материалды
иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, сызбалық, кесте, диаграмма, тірек-сызбалар
түрінде көрсету құралы болып табылады. Қазақ әдебиеті пәні бойынша ақын-
жазушылардың өмірі, әдеби мұрасымен танысқанда, өлеңдері, поэма, әңгіме, әр түрлі
жанрда жазылған шығармаларын өткенде, видео мен аудио нұсқаулықтарын
тыңдатып, осы тыңдалым бойынша берілген түрлі тапсырмалар, тест сұрақтарын
орындатуға болады. Қазақ тілі пәнінде «Презентация» әдісін тілдік бағдар бойынша
ережелерді түсіндіруде уақыт үнемдеумен ерекшеленсе, осындағы тірек-сызба
арқылы білім алушы ақпараттың көп бөлігін меңгереді. Кейде сабақ барысында
«Презентация» әдісі арқылы балаларға өзіндік, шығармашылық, топтық, жұптық
жұмыстар тапсырылады. Мұндайда оқушылар ақпараттарды іздеу, сұрыптау,
өмірмен байланыстыра отырып қолдану, пікір білдіру, өңдеу, сұрақтарға жауап беру,
қолдану, бағалау, сәйкестендіру, саралау дағдыларын дамыта түседі. Белсенді
болады, олар өз пікірлерін ашық айтуға дағдыланады. Learningapps.org – түрлі
пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік құралдар жасау қызметі,
323
http://rebus1.com/ сайты арқылы ребустар құрастыру пән бойынша оқу мақсаттарына
жетуге көмектеседі. Мәтін тақырыбын анықтау, тірек сөздер, иллюстрациялар
арқылы көтерілетін мәселені болжау әрекеттерін орындауда learningapps.org,
http://rebus1.com/ сайттары көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.
Оқу мақсаттарындағы энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-
журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау, БАҚ
материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз
оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау жұмыстарын
орындау кезінде білім алушыларға ресурс ретінде Tilalemi.kz контенттерін
ұсына аламыз. Tilalemi.kz – еліміздегі қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту
мен тілдік контенттің артуына ықпал ететін негізгі портал. Портал арқылы тіл
саласындағы
жаңалықтармен,
ғылыми,
публицистикалық,
көркем
әдебиеттермен, сөздіктермен және мультимедиалық бағдарламалармен
танысуға болады. Осы порталдың кітапхана бөлімінде көптеген көркем
шығармалардың электронды нұсқалары бар [6].
Қазақ тілі пәнінде тілдік бағдар бойынша берілген мына үлгідегі сөз
ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал
заңдылықтарына сәйкес айта білу, қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік
заңын, емлелік ерекшеліктерін ескеріп, бас әріппен жазылатын күрделі-құрама
атауларды, жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы, жалғаулар,
шылаулардың ерекшелігін, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай
жазу, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін
(даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану, оқшау сөздер, одағай,
еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну, орфографиялық қателерді
сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау оқу мақсаттарына жетуде
және әдеби тіл нормаларына арналған тапсырмаларды сауатты орындау үшін
«Emle.kz» сайты сұранысқа ие. «Emle.kz» сайты қазақ тілінің емлесіне арналған
және сөздерді дұрыс жазуды үйрететін электронды көмекші. Білім алушы мен
мұғалім сайттан қазақ тілінің қолданыстағы бекітілген орфографиялық сөздігі,
орфографиялық ережелер, жаңа әліпби емле ережелері, осы салаға байланысты
ғылыми еңбектермен танысады.
Sozdikqor.kz порталы – қазақ тіліндегі көне және кірме сөздер, жаңа
сөздер мен тұрақты сөз тіркестері берілген алғашқы әмбебап платформа.
Жобада «Қазақ әдеби тілінің сөздігі (Он бес томдық)», «Қазақ тілінің
синонимдер сөздігі», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» және түрлі
энциклопедияларда берілген сөздер жинақталған [7]. Бұл портал омоним,
антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану, көнерген сөз,
эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата
білу, коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-
экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестерді еркін қолданып,
диалогке қатысу, пікірталаста тез, дұрыс шешім қабылдай білу секілді оқу
мақсаттарымен жұмыс барысында аса қажет.
Бейнебаян – тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдік бағдар бойынша оқу
бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттарын жүзеге асыруға қолдануға өте
тиімді ресурс. Қазақ әдебиеті пәнінде бейнебаяндардың рөлі зор. Қазақ тіліне
324
қарағанда әдебиеттің өнер пәні болуы және басқа өнер түрлерімен тығыз
байланыста болуы маңызды. Сондықтан әдебиет пәніне қатысты контенттерге
жалпы өнерге байланысты интернет ресурстарын молырақ пайдалануға болады.
Қазақ кино өнеріндегі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына
түсірілген «Ахмет. Ұлт ұстазы» киносы, Алашорданың 100 жылдығына арнап
түсірліген «Тар заман» фильмі, «Міржақып. «Оян, қазақ!», «Анаға апарар жол»,
«Батыр Баян», «Менің атым – Қожа, «Қыз Жібек» тағы басқа тамаша
туындыларды оқушылар назарына ұсынуға болады. «Қазақ әдебиеті» пәнін
оқытуда «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңашылдығымен ерекшеленеді.
«Әдебиет порталы» бірегей жоба ретінде қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби
мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті
белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн
әдеби платформа. Портал бірнеше бөлімдерден тұрады, соның ішінде
«Мультимедия» бөлімі фото, видео, аудио, подкасттан тұрады. «Еркін сөз»
тақырыбындағы подкасына мәдениет саласында жүрген қоғамдағы танымал
тұлғалар шақырылады. «Оқушылар парағы» айдарында оқушылардың қазақ
әдебиеті сабағында жазған шығармалық жұмыстарын эссе, шығарма жұмыстарын
жариялауға болады. Үнтаспа, бейнетаспа, бейнероликтер, электронды оқулықтар,
ақпараттық-коммуникация құралдарын, ғаламтор материалдарын қолданумен
қатар театр, музей, кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы оқыту
ресурстарының қорын кеңейте түсеміз.
Цифрлық технологиялар мен цифрлық контенттерді қолдануды сауатты
меңгерген педагог өз саласының кәсіпқойы болумен қатар, білім
алушыларының ақпаратты талдау дағдылары мен креативті ойлаудың дамуына
екпін қоя отырып, оқу-ағарту саласының өркендеуіне, әлемдік ақпарат
кеңістігіне кеңінен араласуына үлесін қоса алады. Цифрлық контенттердің
көмегімен оқыту оқушының коммуникативтік құзіреттілігінің қалыптастырып,
жоғары нәтижелерге жетуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |