Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет121/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
“Халық педагогикасы”. М.Дүйсенов. 1992 ж. 3-10-бет. 
2.
“Педагогика” Қоянбаев.1999 ж. 30-50-бет. 
3.
“Қазақтың ұлттық ойындары”. Е.Сағындықов.1998 ж. 28-38-бет. 
4.
“Даярлық сыныптар мен топтардағы дене тәрбиесі”. М.Тұрыскелдина. 1998 ж. 20- 
41-бет. 


332 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ 
Әбенқызы Гүлмира 4 курс студенті 
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» Тараз қ. 
Ғылыми жетекші Оспанбаева Айман Рахметиллаевна 
 
Аннотация. 
В этой статье рассмотрено духовное воспитание будущего образования, 
развитие инновационных технологий в педагогическом образовании. 
Ключевые слова: 
Национальные игры, народные игры, дошкольники 
Abstract. 
This article discusses the beginning of the country's future - a spiritual revival, a 
renewed future of education, advanced technologies in teacher education 
Key words
: National games, folk games, preschoolers 
ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға 
сай зерделі,ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру 
мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен 
білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Бала 
денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі 
мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. 
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. 
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, 
тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін 
шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. 
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты 
білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын 
айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық 
адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық 
дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін 
білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.[1, 58 б.]. 
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала 
отырып, бала бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, 
құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, 
дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. 
Бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық 
мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып 
өткеніміз жөн. Солардың бірі қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы «Киіз 
үй» – ұлттық мұра тарихи жәдігер екендігін көрсете отырып, ұлттық тарих пен 
мәдениетке деген ерекше құрмет сезімін ояту. Ұмыт болған қазақ халқының 
аспаптарын қайта жаңғыртып, оларды кеңінен насихаттап, бала бойына сіңіру. 
Ұлттық ойындар өзінің табиғатында ,жаратылысында ұлттық өнегені 
бойына сіңіріп,бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып,толығып,жетілу 
арқылы, өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. 


333 
Қазақ зиялыларынан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, 
Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б ойынның бала өміріндегі басты іс-әрекет 
екендігін атап көрсеткен. 
Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры 
басталғаннан әр кезеңде әр түрлі пікір айтып,өз ұрпақтарын тәрбиелеп,білім 
беруде іске асыру мәселесін үзбей айтып келеді.[2, 28 б.]. 
Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі қоғамның басты 
міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше 
зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған 
адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. 
Ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары — ежелгі заманнан 
қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт 
ойындарының 
тарихы 
Қазақстан 
жерінде 
б.з.б. 
1-мыңжылдықта-ақ 
қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде 
тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. 
Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр 
түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. 
Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз 
азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала 
тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарды орайластырып, дамытып 
отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының болуы да айғақтайды 
(Мыс., белбеу тастау, орамал тастау, ханталапай, жаяу көкпар, т.б.). 
Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық 
мәдениет көздеріне тарту тақырыбын қарастыру. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық 
мәдениет көздеріне тарту тақырыбын қарастыру. 
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты : 

балалардың денсаулығын нығайту; 

денені шынықтыру; 

мәдениетін қалыптастыру; 

өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру. 

ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері: 

қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін 
арттыру; 

қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды 
таныстыру; 

денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене 
жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту; 

қызығушылығын қалыптастырып дамыту; 

ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: 

ойынның мақсатын нақты анықтап керекті көрнекіліктер мен 
материалдарды алдын-ала дайындап, оңтайлы жерге қою. 

ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін балаларға әбден 
түсіндіру.[3, 15 б.]. 
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты: 


334 
-
ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, 
балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, 
мүмкіндіктерін арттыру; 
-
қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес 
үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз 
жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі 
бүлдіршіндерді тәрбиелеу; 
-
жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі 
тәрбиелеуге дағдыландыру. 
Міндеттері: 
. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ халық ойындарына тоқталу; 
. Үш-бес жасар балалар тобына арналған ұлттық ойындар жүйесі; 
. Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы тәрбиелеу. 
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың 
жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған. Оларды аяғын басып 
жүре бастаған кезінен бастап ұлттық ойындарға икемдеп баланың епті, шымыр 
болып өсуіне тәрбиелейді. 
Ұлттық ойындар балаларды тапқырлыққа турашылдыққа, шымырлыққа, 
балалардың туған жерге, Отанға деген сүйіспешлігін арттырады. Кез –келген 
елдің баласы ойынмен ержетеді. Бірақ әр халықтың бала болашағына көңіл 
бөлуі әрқилы.Осы тұрғыдан алғанда қазақ елі өзге халықтардан оқ бойы озып 
тұр деуге толықтай негіз бар.Баланың байсалды да байыпты болып 
қалыптасуы- ұлттық ойындардың тамырынан нәр алуында жатыр. 
Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, 
сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді.[4, 19 б.]. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың білуге деген ынтасы мен 
мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған 
білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын 
элементтерін пайдаланудың орны ерекше. «Ана тілі» оқу-тәрбие ісінде рында 
ойын элементтерін пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын 
оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. 
Ойын балаларды сергітіп, тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз 
беттерімен жұмыс істей білуге үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет