Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ІІ СЕКЦИЯ  ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ



Pdf көрінісі
бет117/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

ІІ СЕКЦИЯ 
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ‒ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗЕРТТЕУШІ 
 
Абдуллина Ардақ Амирхановна 
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 
Кудеринова Куралай Бимолдиновна 
Филология ғылымдарының докторы 
Аннотация. 
В статье рассказывается о неизгладимом наследии великого казахского 
лингвиста, литературоведа, тюрколога, талантливого поэта, переводчика, общественного деятеля 
Ахмета Байтурсынова, оплакивавшего утрату казахского языка, менталитета и культуры. 
Ключевые слова. 
Лингвист, литературовед, тюрколог, талантливый поэт, переводчик, 
общественный деятель, неизгладимое наследие. 
Abstract. 
The article tells about the indelible legacy of Ahmet Baitursynov, a great linguist, 
literary critic, turkologist, talented poet, translator, public figure, who mourned the loss of the 
Kazakh language, mentality and culture. 
Keywords

Scientist-linguist, literary researcher, turkologist, talented poet, translator, public 
figure, indelible heritage. 
Ахмет Байтұрсынов қазақтың жоғы – жоғалтқан тілі мен ділін, 
мәдениетін жоқтаған ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, 
дарынды ақын, аудармашы, қоғам қайраткері болған адам. 
А.Байтұрсынов шынында да өз тұсында туған халқының рухани көсемі 
болған, өз сөзімен айтар болсақ, халқына «адамдықтың тұқымын сепкен» 
парасатты перзенті. Сонымен қатар, бүгінгі бір ғылыми институт атқаратын 
жұмысты бір өзі, болмаса, ондаған авторлардың ісін атқарған тілші ғалым да. 
Жас ұрпаққа ұлттық жазу жасап берген жаңашыл реформатор, қазақ 
балаларын ана тілінде оқуына күш салған қоғам қайраткері. Жастарды ұлт 
тілінде оқытуға арналған көптеген оқулықтардың авторы. 
«Әліпби», «Тіл – құрал» сынды талай тамаша, оқуға жеңіл оқулықтарды 
жазған, қазақ тіл білімініңң іргетасын қалаушы лингвист ғалым. Ана тілін 
оқыту әдістемесін жаңа сипатта ұсынушы – жаңашыл ұстаз. Қазақстан Ғылым 
академиясының іргетасын қалаушы, қазақ ғылымын ұйымдастырушылардың 
бірі. Қазақ сөзінің құдыретін танытқан сөз зергері. Өзі «көсем сөз» деп 
танытқан жанрдың көш бастаушысы – ірі публицист. Халқының ән-күйін 
жақсы білген – өнер иесі. 1929 жылға дейін республикамызда араб таңбаларын 
пайдаланған ұлттық Қазақ жазуы болды. Кезінде бұл жазуды тіл білімі 
ғалымдары «Байтұрсынов жазуы» деп те атаған. А.Байтұрсыновтың өзі болса 
«Қазақ жазуы» деп атаған. Араб алфавиті қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне 
сәйкестендіріліп, жаңаша түзелген, қазақ тілінде жоқ таңбалар шығарылып 
тасталған мүлде жаңа Әліпби болды. Таңбалардың ұлттық тілдің дыбыс 


318 
жүйесіне сай келуіне және оны әліпбимен жазудың дыбыс тәртібін, емле 
ережелерін жақсы түсіндірді. 
1912 жылдан бастап А.Байтұрсынов «Айқын» журналы мен «Қазақ» 
газеті беттерінде ұлттық әлипби түзудің жолдарын ұсынып, жөн-жосығын, 
ұсыныстарының дәлелін жариялап отырады. Осы арада А.Байтұрсынов ғалым 
зерттеуші ретінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен таңбалардың әріптер 
жайындағы пікірлерін ұсынады. Ең үлкен жаңалығы – өз әліпбиіне «дәйекші» 
дегенді еңгізеді. Сөздің оң жақ шекесіне қыйылатын дәйекші белгісі сол сөздің 
тұтас жіңішке оқылатынының белгісі. Қазақ тіліндегі үндестік заңы – 
сингармонизмге икемдеу амалы осылай ашылады. Соған орай, А.Байтұрсынов: 
«Жіңішкелік үшін жалғыз ғана дәйекші белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 
белгімен дұрыстап жазуға болады» - деп атап көрсетеді[1]. 
А.Байтұрсынов түзген араб таңбаларында әріптер саны аз. Соған қарамай 
олар қазақ тілінің барлық дыбысын таңбалай алады. А.Байтұрсынов түзген 
әліпбиді көпшілік бірден қабылдайды. 1915 жылдың өзінде бұл жазумен 
баспадан 15 кітап шығады. 1913 жылдан бастап мұсылманмедіреселері мен 
орыс-қазақ мектептерінде осы әліпбилер қолданыла бастады. 
А.Байтұрсынов 1912 жылы «Айқап» журналында «Жазу тәртібі» атты 
мақаласын жариялайды. Осы мақаласында тіл білімін зерттеуші ғалым Ахмет 
Байтұрсынов былай деп атап көрсетеді: «...Оқу құралының ең ұлығы бала 
оқытатын кітап: оның жақсы болып балалардың жанын қинамасына жазудың 
тәртібі болуы шарт. Тәртіпті жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас- 
басына арнаған белгісі (хоріфі) бар болса. Осы күнгі жазуымызда дыбыс 
басына арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлденеше түрлі дыбыстарды 
жазамыз... Балаларға нәр түрлі айтылатын сөзді, бір түрлі айтып жазып қойып, 
нәр түрлі оқу керек деегніміз зорлық емес пе? «Бірдей жазылған сөзді қалай 
қалай нәр түрлі оқысам дұрыс болады» деп бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі 
оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін түзетіп, жөнге салуымыз 
керек. Сонан соң жөнменен құрал сайлау керек», - деп ғалым қазақ жазуындағы 
арабтың басы артық әріптерін алып тастауды, жіңішке дауысты дыбыстарды 
білдіруге арналған белгі – дәйекшіні еңгізуді ұсынады[2]. 
Ұзақ жылдар тәжірибесі тұңғыш зерттеу еңбек, оқулық кітап – «Оқу 
құралында» бір жүйеге келтіріледі: жаңа дыбыстық әдіспен тәртіп етілген төл 
қазақша әліппе – жаңа емле басы төңкеріске дейін де, одан кейін де бірнеше рет 
басылады. А.Байтұрсынтың методикалық құралдары: «Баяныш», «Әліппе 
астары» және «Нұсқаушы» секілді көмекші құралдар айта кету орынды. 
«Тіл – құрал» оқулығы А.Байтұрсыновтың күллі тюркологиялық әлемде 
атақ-абырой әперген еңбек. Оқулық қазақ тіл білімін сыралауға қосылған, 
ондаған жыл қайыра басылған, тәлімді еңбек болды. А.Байтұрсыновтың өзі, 
осы еңбегі туралы былай деп жазады: «Тіл – құрал» деген аты қандай жат 
көрінсе, ішкі мазмұны да әуелі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл қазақта 
бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жаңа шыққан 
кездерде жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын». 


319 
Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет-журналдарда» 
жарияланған еңбектердің тізімі 1929 жылдың 5 мамырында жазылыпты. Сонда 
мына еңбектері атап көрсетілген: 
1.
«Тіл – құрал» 1 бөлім. Фонетика. 
2.
«Тіл – құрал» 2 бөлім. Морфология. 
3.
«Тіл – құрал» 3 бөлім. Синтаксис. 
4.
«Әдебиет танытқыш» 
5.
«Баяншы». Методикалық жазбалар. 
6.
«Тіл жұмсар». 1 бөлім. Практикалық грамматика. 
7.
«Тіл жұмсар». 2 бөлім. Практикалық грамматика. 
8.
«Оқу құралы». Балалар әліппесі. 
9.
Әліппе 
10.
«Сауат ашқыш». Ересектер әліппесі. 
11.
«Әліппе - астар». Әлеппеге методикалық нұсқау. 
12.
«Қырық мысал» - Крылов мысалдары аудармасының жинағы. 
13.
«Маса». Төлтума және аударма өлеңдер жинағы. 
14.
«Оқу құрал». Хрестоматия (нұсқалық)[2]. 
А.Байтұрсынов осылайша өзінің өміршең де өшпес еңбектерін атап 
көрсетеді. Шындығында да қазақ тілін түрлендіруде, бұл еңбектердің бағасы 
өлшеусіз, тіл білімінің алтын қырына қосылған асыл қазына болды. 
А.Байтұрсынов, өзі түзеген емле жолында, өзі түзеген әліпбидің 
болашағын ойлап, хас батырлардай-ақ күресіп бақты. Орынды жерлерінде сөз 
алды, баспасөзде мақалалар жазды. Қазақ тілінің көп жоғын тауып кетті. 
«Тіл – құрал». Әліпбилер... «Баяншы». «Тіл ашар». Ахаң түзген емле... 
«Әдебиет танытқыш»... Енді қазақ тілі үшін Қазақтың ізденетін күні туды. 
Қазақ филологиясының тіл ағысының бірі – әдебиеттану ғылымы болса, 
оның бастау кезінде де ғұлама тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов тұрған. Абайды 
барша қазаққа танытқан да А.Байтұрсынов болады. «Қазақ» газетінің 1913 
жылғы үш санында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жазады. Бұл 
Абай қайтыс болғаннан кейін жазылған зерттеу мақала. 
А.Байтұрсынов Абайды былай деп таныстырады: «Қазақтың бас ақыны 
Абай (шын аты Ибрагим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ 
баласында біз білетін ақын болған жоқ...». 
Тұңғыш абайтанушы Ахмет Байтұрсынов Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңімен 
ойы, пішіні үндес. «Жиған-терген» атты жыр да жазса, 1926 жылы Мәскеуден 
«Жоқтау! Жинағын бастырып шығарады. 
А.Байтұрсыновтың сөз өнері, әдебиет теориясы туралы ой-түйіндері 
«Әдебиет танытқыш» атты көлемді зерттеу еңбегінде жинақталған. «Әдебиет 
танытқыш» 

қазақтың 
ұлттық 
әдебиеттануының 
ғылыми 
негізі, 
методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп- 
түгел жинақталған еңбек. 
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін 
салып, тұңғыш әдебиет теориясын жасағандығына оның «Әдебиет танытқыш» 
еңбегі бірден-бір дәлел болғандай. 


320 
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, көсемсөзші, тілші ғалым, қоғам қайраткері 
санатында халқына жасаған еңбегінің күн өткен сайын мәні мен мағынасы арта 
түспек. 
Халқымыздың рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілін 
зерттеген еңбектерін - мәңгілік өшпес мұра деп бағалаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет