331
тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын
жетілдіреді.
Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділіке тәрбиелейді.
Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спортың ойындар: футбол,
баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылардың әрбір
ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді. [2]
Туризм дене тәрбиесіне серуен, саяхат, туристік жорық түрінде
пайданылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм
оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүгіштікке және қолайсыз
сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт біздің елімізде біріңғай бағдарлама ережелер бойынша өткізіледі.
Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар–жеңіл атлетика, гимнастика,
шаңғы спорты,жүзу,туризмнің спорттық түрлері т. б. [3]
Спорттық іс - әрекеті жаттығу сабақтарында және спорттық жарыстарды
іске асырылады. Спорт оқулары мектептің спорттық секцияларында, мектептен
тыс мекемелерінде ( балалардың спорт мек-тептері, завоттардың мәдениет
үйлері, ерікті спорт қоғамдарының балалар және жасөспірімдер секциалары
т.б.) төселген мамандар арқы-лы өткізіледі. Спорт оқушылардың денсаулығын
нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және моральдік – еріктік қасиетін
дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі–табиғат факторлары. Күн
көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады.
Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте
тиімді болады. Қала жағдайында балалар үшін алаңдар жасалады, парктер,
стадиондар, бассейндер, туристік – экскурсиялық базалар пайданылады. Қала
сыртында балалардың жақсы демалуы және денсаулығын нығайтуы үшін
кәсіподақ, спорттық, туристік, жас техниктер және жас натуралистер лагерьлері
ұйымдастырлады. Олар табиғаты қолайлы жерлерге орналастырылады.
Балалардың сауықтыру қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп
жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи
байлығымен танысу, кейбір жеңіл – желпі ауылшаруашылық жұмыстарын
шефке алу т. б [4].
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық
түрлері оқушылардың жас ерекшеліктерін, ал оқыту процесінде әр сыныпқа
арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: