Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет125/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі. Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің №137 қаулысы, 2021 жыл 15 наурыз 
2.
Тимофеева, Л.Л., Майер, А.А. Повышение профессиональной компетентности 
педагога дошкольного образования. Выпуск 2. – М., 2013. – 96с. 
3.
Кораблева, С.В., Мифтахова, О.А. Организация работы старшего воспитателя с 
педагогами ДОО в режиме инновационной деятельности / С.В. Кораблева, О.А. 
Мифтахова // Народное образование. Педагогика. - 2015. - №2. - с. 23-26. 
МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ- 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ҚЫЗМЕТІ 
 
Болат Арлан Арманұлы, Сейлхан Медет Сейлханұлы 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы IV курс студенті 
Ғылыми жетекшісі Култанов Дастан Темиржанович 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация
. При обучении учитель видит не только качество выполнения учащимися 
техники движения, но и возможность овладения навыками и навыками движения. В процессе 
контроля этого процесса, для достижения эффективных результатов, его корректируют по 
мере необходимости. Процесс обучения (образование, двигательные умения, формирование 
умений и навыков) предусматривает взаимосвязанные действия учителя и ученика. 
Ключевые слова: 
класс, учить, упражнение, воспитание,визуализация, времия, работа, план. 


347 
Abostract. 
When teaching, the teacher sees not only the quality of students' performance of 
movement techniques, but also the opportunity to master movement skills and abilities. In the 
process of monitoring this process, in order to achieve effective results, it is adjusted as necessary. 
The learning process (education, motor skills, formation of skills and abilities) involves interrelated 
actions of the teacher and the student. 
Keywords: 
class, teach, exercise, education,visualization, time, work, plan. 
Дене тәрбиесі қозғалысқа үйрету және дене қасиеттерін тәрбиелеу секілді 
өзара байланысты екі ерекшелікті біріктіреді. Қозғалысқа үйрету адамның өз 
қозғалыс қимылын басқарудың тиімді тәсілдерін жүйелі түрде меңгеру, осы 
арқылы өмірде қажет болатын қозғалыс әрекеттері мен дағдыларын және 
онымен тығыз байланыстағы біліктілікті меңгеру секілді дене тәрбиесінің 
арнайы мақсатын көздейді [1]. 
Осыған байланысты мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында қозғалысқа 
үйретуге уақыт көбірек бөлінеді. Үйретудің барысы сөз, көрнекілік, оқытудың 
практикалық әдістері және мұғалім мен оқушылардың арасындағы үздіксіз 
өзара байланыспен сипатталады. 
Дене тәрбиесі мұғалімнің қызыметіне: 
-үйрету процесіне даярлық: 
-
үйрету; 
-
үйрету процесін бақылау секілді үш негізгі кезен жатады. әр кезеңге іс 
әрекеттің белгілі бір түрлері тән [2]. 
Дене тәрбиесі мұғалімінің даярлық кезеңі әрбір сабақты жекелей және 
оқу тәрбие процесін тұтастай сапалы жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге 
бағытталған. Ол оқу жылына арналған оқу тәрбие жұмысының жоспар- 
графигін, әр тоқсанның жұмыс жоспарын, әр сабақтың сабақ конспектісін 
жасауды, оқытудың әдістері мен құралдарын іріктеп алуды қарастырады. 
Атап айтқанда: 
-
негізгі, жетекші және арнайы жаттығуларды анықтау; 
-
әрбір жаттығудың қайталану санын белгілеу; 
-
жекелеген жаттығулардың орындалу ұзақтығын анықтау; 
-
сөздік (айту, түсіндіру, баяндау), 
көрнекілік (суреттерді,плакаттарды, кинограммаларды көрсету. қозғалыс 
пен қимылды мұғалімнің өзінің көрсетуі) секілді үйретудің жалпы 
педагогикаклық әдістерін және тұтас немесе бөлшектелінген құрылымдағы 
арнайы жаттығуларды іріктеп алу; 
-оқытудың әдістері мен құралдарын уақытқа бөлу. 
Үйрету процесінің табыстылығы көп жағдайда оны алдын ала бұл 
кезеңдегі ұйымдастыруға байланысты. Мұғалімнің ұйымдастырушылық 
қызметі тұтас жүргізілетін оқу-тәрбие процесін, жинақы түрде ұйымдастыру 
мұғалімнің оқу жоспарының бүкіл кезеңіне жоспарланған дене тәрбиесінің 
барлық сабақтарын табысты жүргізуге бағытталған кәсіби қызметін біріктіреді. 
Жекелеген сабақты ұйымдастыру оқушылар қызметін реттеп және дұрыс 
жолға салуды, сонымен бірге оқу бағдарламасында қарастырылған және нақты 
бір сабаққа қойылған педагогикалық міндеттерді мүмкіндігінше тиімді шешуді 


348 
қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру жұмысының осы түрі әр сабақта оқушыларды 
оқыту мен тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатындағы 
төмендегідей әр түрлі шараларды қамтиды: 
-сабақ өтетін орынды алдын ала даярлау (сабақ өтетін орында қауіпсіздік 
шараларын жасау); 
-сабақ үшін кажетті спорт құралдары мен жабдықтарын даярлау. [2] 
Оқыту барысында дене тәрбиесі мұғалімінің кызметі сабақтағы 
оқушылардың оқу-практикалық қызметін баскаруға бағытталатындығы, ал 
сабақ барысында мектептегі дене тәрбиесі бойынша бағдарламалықталаптар 
орындалатыны белгілі. 
Оқушылар қызметін басқару мынадай шаралардан тұрады: 
-
сабақтағы ұйымдастыру шаралары: 
-
педагогикалық тұрғыда тікелей әсер ету (білімді хабарлау); 
-сабақтағы күнделікті бақылау. 
Сабақтағы ұйымдастыру шаралары оқушыларды бағдарламалық 
материалды меңгеруге даярлауды және тәрбиелік әсер етуді қарастырады: 
-
сыныптың сапқа тұруы; 
-
оқушыларға сабақтың міндеттерін жеткізу; 
-
сыныпты басқару үшін қажет болатын қайта сапқа тұруды әр түрін 
жүзеге асыру: 
-
сыныпты (бөлімді, топтарды) басқару үшін орынды таңдап алу; 
-
сабақтағы тәртіпті сақтауды ұйымдастыру; 
-
қажетті спорт құралдары мен жабдықтарды орналастыру: 
-қозғалыс 
қимылдарын орындау кезінде оқушылар қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру: 
-
сабақ уақытын тиімді бөлу; 
-сабақ өткен орынды (спорт құралдары мен жабдықтарды) жинастыру; 
-сабақты қортындылау және үй тапсырмасын (жекелей немесе сыныптың 
барлық оқушылары үшін) хабарлау [2]. 
Тікелей педагогикалық әсер ету бұл қозғалыс қимылдарына үйрету 
мақсатындағы оқу хабарларын беруге бағытталған дене тәрбиесі мұғалімінің 
сабақтағы кәсіби іс- әрекетінің жиынтығы. Атап айтқанда: 
-оқу материалын түсіндіру; 
-жаттығуды көрсету /тұтастай және бөлшектері бойынша; 
-суреттерді, плакаттарды, кинограммаларды және т.б. көрсету; 
-қозғалыс қимылдарын орындауда оқушыларға тікелей жәрдем көрсету [3]. 
Сөз, түсіндіру, айту, баяндау, және көрнекілік оқушыларды қозғалыс 
қимылдарына үйретуде елеулі орынға ие. Олар түсініктер мен ұғымдардың 
қалыптасуына әсер етеді; қабылдауды, еске түсіруді, түсінуді, есте сақтауды 
жеңілдетеді; сезіне қабылдаудың басталу қызметін атқарады; абстрактілі 
ойлауға бақылау жасайды; белсенділіктің, саналылықтың, Дербестіктің, 
қызығушылықтың, байқағыштықтың және басқалардың дамуына көмектеседі. 
Сөз және көрсету оқу процесінде төмендегідей екі қызмет атқарады: 
-қозғалыс қимылының құрылымы туралы және оның құрамды бөлікткері 
туралы білім беру; 


349 
-үйретуді ұйымдастыру берілетін білімді қабылдауға оқушыларды 
даярлау, жаттығуды орындауды ұйымдастыру, сабақтағы тәртіпті сақтау және 
оны ұйымдастыру. 
Үйренетін қозғалыс қимылы мен оның бөліктерін мұғалімнің көрсетуі 
оқушыларда үйренетін жаттығулар туралы нақты түсініктер қалыптастырады, 
бірақ олар туралы толық білімді бере алмайды. Сондықтан да мұғалім спорттық 
жаттығудың техникасын көрсетуді, әдетте, сөз әдісімен байланыстырады [3]. 
Мұғалімнің педагогикалық әсер етуі оқушылардың денсаулығын 
нығайтуға және олардың денесінің дұрыс дамуын қамтамассыз етуге 
оқушыларға тиісті білім беруге, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруга: 
денелерін шынықтырып, қабілеттерін тәрбиелеуге; өзінің дене даярлығы 
деңгейін үнемі арттырып отыруға бағытталған. 
Дене тәрбиесі мұғалімінің қызметі оқушыларға білім берумен, оларда 
қозғалыс іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймайды. 
Үйрету барысында ол оқушылардың оқу және практикалық іс- кызметін 
талдайды, олардың орындалуын бағалайды, байқалған қателерді түзетеді және 
т.б. күнделікті бақылауды жүзеге асырады. 
Үйрету барысын бақылау сатысындағы дене тәрбиесі мұғалімінің қызметі 
педагогикалық процесс нәтижелерін, өз еңбегінің жағымды және жағымсыз 
жақтарын талдау мен бағалауға, байқалған кемшіліктерді жоюдың ең тиімді 
жолдарын анықтауға және қажет болса, кәсіби педагогикалық жаңа шешім 
қабылдауға бағытталған. 
Педагогикалық қызметте бақылау мен есепке алу бір бірімен өзара тығыз 
байланыста болады [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет