Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты жолдауы. -Астана, 15 желтоқсан 2013
2 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010
3Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы -Астана, Ақорда 2007 жылғы
шілденің 27-сі. №319 ІІІ ҚРЗ. /Егемен Қазақстан. 15.08.07
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеудің стандарты-Астана,2013
343
5 «Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған
бағдарлама-Астана,2010
7 Сарыбекова
К.Н., Есеева Р.Т. Қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыру-Тараз, ТарМПИ,2018
БАЛАБАҚШАДА ЖАҢАША ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТА
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бейсенова Камшат Жаксылыковна
№4 «Балдырған» бөбекжай- бақшасы
Ғылыми жетекші: Кадырова Айгуль Еркиновна
Аннотация.
Сегодняшние специалисты-воспитатели, воспитывающие подрастающее
поколение, ищут новые передовые методы воспитания и образования, рассматривают
инновационные направления в повседневной работе, находят применение в своей практике.
В настоящее время социально - экономические изменения, происходящие в обществе, и
переход сферы образования страны в мировое образовательное пространство требуют
своевременных изменений в сфере образования, в том числе дошкольного воспитания и обучения.
Ключевые слова:
методическая работа, инновации, инклюзивное обучение,
технология, схема, современный педагог.
Abstract.
Today's educational specialists, educating the younger generation, are looking for
new advanced methods of education and upbringing, consider innovative areas in their daily work,
and find application in their practice. Currently, the socio-economic changes taking place in society
and the transition of the country's education sector to the global educational space require timely
changes in the field of education, including preschool education and training.
Keywords:
methodical work, innovations, inclusive education,technology,scheme, modern teacher.
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты
ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,
дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп
жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып отыр.
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту аясында мектепке дейінгі
сапалы білім беру жағдайын қамтамасыз ету үшін жаңа міндеттер қойылады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби-педагогикалық қызмет мазмұны
нәтижесінде жаңа білім беру шарттарымен талап етілетін инновациялық
әдістерді енгізу көзделеді.
Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің
жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада
тәрбиелеп оқытудың басты құралы – бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие
жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістерге орай
мектепалды дайындық тобында оқытуды жетілдіру әр педагогтан оқыту ісін
оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді. Оқыту жолдарының
көп түрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі педагогтар алдына тиімді жолдарды
344
анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды. Сондықтан әр
педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңаша ізденуге тура келеді.
Н.В.Микляева «Инновации в детском саду» атты еңбегінде авторлық
әдістеме мен технологияны құру мәселесін сипаттай отырып, «әдістеме тіл
дамыту әдістемесі, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
әдістемесі т.т.б. деп стандартқа сай дәстүрлі жіктелген. Дегенмен мектепке дейінгі
білім берудің қандай да бір әдістемесі аясында нақты міндетті шешуге қатысты
«жекелеген» әдістемелер құрылуы мүмкін. Мәселен, тіл дамыту әдістемесі
аясында- сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі не болмаса
балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету әдістемесі құрылады» деген еді.
Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал
білім беруді жақсарту педагогке байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім
берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы:
ертегінің мазмұнын ашу барысында «дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ,
онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - жеке адамның
жоғарғы дәрежеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау.
Технологияның ерекшелігі көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен
қажеттісін алуға үйретеді. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық
деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді.
Бүгінгі таңда жаңаша ойлайтын оқыту мен тәрбиенің технологиясын күнделікті
жұмыста қолдана білетін педагогтың жұмысы жемісті болмақ.
В.Ф.Шаталовтың схемалы үлгілер негізінде оқыту технологиясы. Бұл
әдістемесінің негізгі ұстанымы – білімді қайталау негізінде игеру, қыспақсыз
оқыту, тіректерді пайдалану. Жаңа теориялық білімді алғаш рет немесе екінші рет
қабылдау тіпті өте білікті маман сабақ бергеннің өзінде оның толық меңгерілуіне
кепілдік бере алмайды және бұл оның ұзақ есте сақталуына, демек, сол білімді
практикада, шығармашылық қызметте қолдануына мүмкіндік бермейді.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын
дұрыс бағыттауды,қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз
керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен
мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда
жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты
мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының
элементтерінпайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Педагогикалық жұмыс барысындағы технологиялар күрделенді, мәселен
ақпараттық технологияны қолдану педагогтардан қосымша білім мен білікті талап
етті. Инновациялық бағыттағы педагогикалық үрдісте орталық нысан - бала, оның
белсенділігі мен шығармашылығы болып табылады. Ал дәстүрлі педагогикалық
қызметте педагог орталық нысан ретінде қарастырылғаны белгілі.
Жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші мамандар, тәрбиелеу мен
білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті
жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-
тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.Қазіргі таңда
қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер мен еліміздің
345
білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында,
соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай
өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап, жүзеге
асырған жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен
қызметкерлері жасаған жаңалықтар. Мазмұндық ерекшеліктері: оқу
материалдары сызба (схема) конспектілер түрінде дайындалады. Мектепалды
дайындық тобындағы балаларда образды бейнелі ойлау орын алады. Сондықтан
тірек сызбаларды, суреттер тіректерді қолдану жолдарын бала жасына сай
таңдауға болады. Сабақтарда тірек суреттерді қолдану оқу материалының
мазмұнын аша түседі.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері:
Денсаулық сақтау технологиясы
Тәй-тәй технологиясы
Зайцев технологиясы
Әуенді кесте технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы
Ақпараттық қатынастық технология
Ойын технологиясы
ТРИЗ технологиясы
Монтессори технологиясы.
Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық әдістерді қолдану мәселесіне
қатысты тәжірибелерін талдау негізінде әдіскер қызметінің педагогтармен
жұмыс жүргізудегі негізгі мақсаты ретінде олардың кәсіби құзыреттілік
деңгейін арттыруға ықпал ететін жұмыс жүйесін құру алға шығады.
Қазіргі заманауи педагогтарға қойылатын негізгі талаптар ретінде тек
оның кәсіби құзыреттілігі ғана емес, сонымен қатар креативтілігі,
инновацияларды қолдануға, құруға деген дайындығы да назарға алынады.
Инновациялық әдістемелік жұмыс – бұл педагогикалық қызметтің кәсіби-
басқару бөлімі, ал инновациялық әдістер тәжірибелік-бағдарлы сипатта болады.
Инновациялық тәжірибелердің, жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелері білім
беру үрдісін кіріктіруге мүмкіндік береді.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында және мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуды дамыту моделін ұсынуда инклюзивті білім беру жүйесі басты
назарға алынды. Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру тәжірибесі әлі де
зерттеуді, толықтыруды қажет етеді.
Педагогтармен жүргізілетін жұмыстар бойынша іс-шараларды жүйелеу
білім беру қызметін жетілдіруге және жоспарлауға мүмкіндік берді. Мектепке
дейінгі білім беру сапасын арттыру тікелей педагог кадрлармен байланысты
болады. Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог мәртебесі де
түбегейлі өзгеріске түсті, соған сәйкес оның кәсіби-педагогикалық
құзыреттілігіне, кәсіби шеберлік деңгейіне қойылатын талаптар да өзгерді. Қазіргі
уақытта мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде шығармашыл,
құзыретті, өзінің тұлғалық әлеуетін жетілдіруге қабілетті педагог қажет-ақ.
346
Ал балабақшада педагогтармен әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта
жетілдіру әдіскердің басты ұстанымы ретінде сипатталады.
Сонымен, жаңартылған білім мазмұны мектепке дейінгі ұйымның
педагогикалық қызметін жаңашыл көзқараспен, жаңа идеялармен жүзеге
асыруға ықпал етеді. Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру, мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін енгізу инновациялық әдістемелік
жұмыстар арқылы нәтижелі болады. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей
жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін
балабақша табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып
шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас
тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз
ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық
және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті
жағдайлар жасауды әр педагог білу қажет.Балабақшада жаңарту бастамасы
педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді. Әр білім беру ұымда оқу-тәрбие
үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне
педагогтерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты бақылап отыру,
сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән
мерзімдік әдістемелік көмек беру жолға қойылу керек. Сонда ғана балабақшада
жанашылдық, өзгеріс, жаңа серпіліс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |