Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет136/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Зиманов С.З. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары // Қазақтың ата заңдары. 
Құжаттар, деректер және зерттеулер: 10 томдық. – Өзгертіліп, толықтырылған 2- 
басылым // Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т.1. 
– 29-39 бб.
2.
Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 104 б.
3.
Өзбекұлы С. Мұра. - Алматы: Қайнар, 1992. – 304 б.
4.
Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: 
Жазушы, 1997. – 256 б.
5.
Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамынына тән билер институты. – Алматы: Білім, 
2004. – 305 б.
6.
Қыдырәлі Д. Дала данагөйлері: Майқыдан Мөңкеге дейін // Егемен Қазақстан. - 
2017. - №165
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Жайықбай Шапағат Бағдатқызы, Сақтағанова Эльмира Балтабайқызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
 
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық 
гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих 
ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды 
қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. 
Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ 
логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, 
гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс 
істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ 
әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. [1, 6б.]. 
Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі 
кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты 
оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында 
ұлы орыстық шовинизм, ұлы державалық астамшылдық басым болды. 
Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер 
оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған 
саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы 
жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі 
тарих 
пәнінің 
мақсаты 
маркстік-лениндік 
дүниетанымға 
негізделіп, 
коммунистік идеяларға бағытталды.[1, 22б.]. 


395 
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған: 
-
оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи 
даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі; 
-
тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен 
өткізе алу қабілетін дамыту; 
-отансүйгіштік, 
тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде 
оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын 
қалыптастыру; 
-
халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін 
дамыту. [2, 48б.]. 
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі 
жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады. 
-
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, 
табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау 
қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу; 
-
оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, 
оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға 
бейімдеу; 
-
қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру; 
-
тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу; 
-
әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер 
мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік 
және демократиялық құндылықтарғабағыттау; 
-
тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа 
мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу 
дағдысын қалыптастыру. [2, 52б.]. 
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді 
пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді 
түрлерін қолданған жөн. Жоғарғы сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, 
ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп 
оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме 
құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық 
таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс 
істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен 
салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып 
жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз 
бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.[3, 35б.]. 
Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің 
даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, 
олар мынадай: 
1-
кезең:Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда 
кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп 
қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, 
ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап 
беріледі; 


396 
2-
кезең:1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде 
тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын 
оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең; 
3-
кезең: 1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы 
мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары 
мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, 
әдістемесінің негізі қаланған кез лыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер 
жасалды деген сауалға жауап беріледі; 
4-
кезең: Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының 
мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту 
әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі 
ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады. [4, 86б.]. 
Қазіргі кездегі тарихи білім берудің мақсаты былай айқындалған: - 
Оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі дамуының тарихи жолын, оның 
әлеуметтік, рухани-адамгершілік тәжірибесін айшықтайтын жүйелі білім алуы; 
-Оқушыларда тарихты оқып-үйренудің көп өлшемділігін және тарихи 
процестің дамуының баламасы екендігі туралы түсінік қалыптастыру; 
-Гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін 
меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу; 
-Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи 
деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалармен құбылыстарды салыстырмалы 
талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру; 
-Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың 
азаматтық ұстанымын қалыптастыру; 
-Тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен 
өткізе алу қажеттілігін дамыту; 
-Отансүйгіштік, 
тарихи тәжірибе негізінде оқушылардың рухани 
құндылық бағыттары мен көзқарасын қалыптастыру; 
-Халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін 
дамыту. [4, 93б.]. 
Бүгінгі таңда тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі 
жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады: 
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін 
табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау 
қажеттілігін сезіне білетін , отансүйгіш азамат тәрбиелеу. 
Оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен және бүгінгісімен 
таныстырып, оларды өткен бабаларының әлеуметтік, адамгершілік тәлім – 
тәрбиесін ұғынуға бейімдеу; 
Қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға 
қалыптастыру; 
Әртүрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлері 
мен көзқарастарын еркін талдау құқығын қамтамасыз ету; 
Тарихи білімдері мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа 
мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалап, таңдай алу 
дағдысын қалыптастыру. 


397 
Өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да 
бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар студент жастармен жас 
ұстаздарға тарих пәнін оқытуда тарихты оқыту пәнінің пәндік мақсат-міндеті мен 
пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын 
оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып саясаттандырылған кезеңдердің ара 
жігін ажырата білу, келешек жас маман оқытушы қауым үшін маңызды мәселе 
болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы – оны оқыту әдістемесі – бүкіл жастарға 
білікті маман болып қалыптасуымен қатар патриоттық тәрбие берудің негізі. 
1992 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 
қабылданды. Тәуелсіздік нәтижесінде қабылданған осы заң еліміздегі тарихи 
білім беру құрылымын дербес, ұлттық деңгейде қарастыруға негіз қалады. 
Өйткені Кеңес Одағының құрылымында болған кезеңде еліміздегі мектептерде 
тарихи оқытудың ұлттық жүйесі қалыптасқанжоқ еді, ол тікелей Ресей 
Федерациясының айқындаған бағыттары, белгіленген бағдарламаларын Білім 
беру практикасында бұлжытпай іске асыруға негізделді. [5, 24б.]. 
«Білім туралы» заңға сәйкес білім беру жүйесін реформалауда тұлға 
дамуына басымдық беру қағидасы басшылыққа алынды. Тарихи даму және 
қоғамтанушылық білім беру стратегиясына сай мемлекеттік-партиялық 
идеологияның монополиясынан бас тартып, идеологиядағы плюрализмге жол 
ашылды. Ең үздік ұлттық және әлемдік дәстүрлелге байланысты құндылықтарға 
бетбұрыс басталды. Енгізілген тарихи білім беру құрылымы адам мен қоғам 
туралы білімдердің біртұтас жүйесін қамтамасыз етуі тиіс еді. [5, 26б.]. 
90 – жылдары «Білім туралы» заңға сәйкес мектептегі тарихи білім 
берудің қайталамау (линейный) қағидасындағы құрылымы орныға бастады. 
1993 жылы ҚР Білім министрлігі бекіткен «Жалпы білім беретін 
бағдарламаларында» бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы халықтардың тарихы 
мен дүниежүзілік тарихты оқып-үйренудегі бытыраңқылықты, оқшаулықты 
жоюға, адамзаттың дамуына біртұтас, дүниежүзілік кһзқарас қалыптастыруға 
бағытталған жаңа құрылым мен мазмұн таңдалды. Осы бағдарламаға сай жалпы 
білім беретін орта мектепте тарихты оқып үйренуге аптасына 18, жылына 612 
сағат бөлінген болатын. [5, 36б.]. 
Тарихтың жаңадан жасалған оқу-әдістемелік кешенінің әдіснамалық, 
ғылыми-әдістемелік өзгерістері айрықша. Бұлар алдымен мектептің оқу-тәрбие 
жұмысын реформалау жылдарында дайындалған Қазақстан Республикасы 
жалпы білім беретін мектептері функциясының тұжырымдамасы, Қазақстан 
Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің Мемлекеттік білім стандарты 
сияқты маңызды құжаттарда баяндалды. Әрбір жеке пәндерді оқыту 
тұжырымдамасы жасалғанда жоғарыдағы құжаттардың негізгі идеялары 
басшылық алынды. [6, 3б.]. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы біздің еліміз азаматтарының 
тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіз Қазақстанның 
келешегі болған жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың санасына ұлттық рух пен 
патриоттық 
тәрбие 
қалыптастыруда. 
Отан 
тарихының 
орны 
мен 
мүмкіншіліктері шексіз. Өйткені, тарих халықтың рухани мұрасы, 
Отанымыздың өткені, ұрпақтарымыздың мектебі саналады. Тарихы жоқ бірде- 


398 
бір халықтың бүгіні болмағандай келешегі де болмайды. Тарих адамдарды 
ойландырады, болған тарихи жағдайлар мен құбылыстарды талқылап, 
парақтайды, ой елегінен өткізеді және олардан өмірлік қорытындылар шығарып 
алуына негіз болады. Жас ұрпаққа өткен тарихымыз туралы тарихи білім беру 
мен тәрбие бермей халық санасында ұлттық сезім мен сананы, отан сүйгіштікті 
қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да Тәуелсіз Қазақстанның білім 
жүйесінде Отантарихын тереңдетіп оқыту уақыт талабы болып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет