Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет144/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Эльконин Б.Д. Психическое развития в детских возростях, Изб.псих.труды. 
М.Воронеж.2005 
2.
Талызина Н.Ф. Формирование поновательной деятельности младших школьников. 
М.: Просвещение, 2018 - 448 с 
3.
білқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. 
Алматы.: -1994,192 б. 
4.
Ибраева Г. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы инновациялық 
технологиялар. Алматы., 2019. 
5.
Выготский Л.С. Педагогическая психология. М. : Просвещение, 1996-623 с. 


429 
ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫН 
ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Жүсіпбек Индира Батырқызы 
оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. 
Переход от детства к взрослой жизни является основным содержанием и 
характерной особенностью всех сторон физического, умственного, нравственного, 
социального развития в период. Изменения, происходящие в переходном возрасте, иногда 
имеют характер, который коренным образом меняет прежние особенности развития ребенка, 
его интересы и отношения, его отношение к жизни. 
Ключевые слова: 
законы, жизнь, ребенок, будущее, социум, отношение, чувства, тело, 
разум, мораль. 
Abstract
. The transition from childhood to adulthood is the main content and characteristic 
feature of all aspects of physical, mental, moral, and social development during the period. The 
changes that occur in transition sometimes have a character that radically changes the previous 
features of the child's development, his interests and relationships, his attitude to life. 
Keywords: 
laws, life, child, future, society, attitude, feelings, body, mind, morality. 
Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде өтпелі жас кезеңі бала 
өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипатталатыны атала отырып, оны 
зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. В.Мак-Дауголл, П.Л.Загоровский, Д.Байярд, 
Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, 
А.В.Запорожец, И.С.Кон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінің психофизиологиялық 
ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын анықтай отырып, өтпелі кезеңдегі 
балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас 
шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы даму ерекшеліктерін, 
мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен 
өзгертетін сипатта болады. 
Бұл кезде бала бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге көптеген жаңа 
сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Олар бұрынғы психологиялық 
және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, бір-бірімен бітісуі әлі 
аяқталмаған кез болғандықтан, баланың психологиясында көптеген екі 
жақтылық орын алады. Сондықтан жеткіншек жасындағылар өздерінің алдына 
өмір қойып отырған мәселелерді шешуде қиналыстарға ұшырайды: болашақта 
кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас 
ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп, үлкендер 
ортасында өз орнын іздейді. Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. 
Қарым-қатынас барысында үлкендер жеткіншектерді өздеріне бағындыру, 
үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың 
қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында 
түсінбеушілік орын алады. 
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда 
"өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең атауларында бейнеленген. Бұл 


430 
атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен 
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. 
Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, 
әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән 
ерекшелігі болып табылады. 
Л.С.Выготский өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде 
жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету 
және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. 
Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы 
қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар 
жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды 
деп пайымдады. 
А.Е.Личконың айтуы бойынша, жеткіншектің жеке басы дамуының аса 
маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір 
үлгілер мен игіліктерге, үлкендерге және жолдастарына, ақырында өзіне 
қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің 
болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін 
жобалау) бағытталады. 
Жеткіншектердің мінез ауытқуларының келесі себептерін нақты 
көрсетуге болады: 
1.
Жеткіншектің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша 
дамуының аяқталмағандығы; 
өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспін деп сезінуі; 
эмоционалды сферасының тұрақсыздығы; 
мазасыздануының жоғарылығы; 
жүйке жүйесі функциялары әлі қалыптасу үстінде болуы; 
ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығы. 
2.
Жеткіншектің таным процестеріне байланысты жеке дәрежесінде 
олардың қалыптасуына кедергі келтіретін саналы және санадан тыс себептердің 
ішінен мыналардың әсері терең: 
териялық ойлау дамуының кедергіге ұшырауы; 
мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі; 
оперативті ес көлемінің тапшылығы; 
зейіннің негізгі компонентттерінің дамымағандығы; 
қиялдың шындыққа сай келмеуі; 
ерік сферасының қалыптаспағандығы т.с.с. себептерді айтуға болады. 
3.
Жеткіншектің жеке тұлғалық қасиеттерінің объективті және субъективті 
дәрежелері келесі жағдайларға байланысты көрініс береді: 
өзін - өзі басқара алмайтындығы; 
өзін бағалау мен талпыну деңгейінің бейадекваттылығы; 
дүниетанымының 
жағымды 
эталондары 
мен 
идеалдарының 
қалыптаспағандығы. 
4.
Жеткіншектің 
микротоптық 
деңгейдегі 
бір-бірімен 
қарым- 
қатынастарынан туатын қиындықтары: 
-
отбасы мүшелерімен қарым-қатынасының қалыптаспағандығы; 


431 
-
мұғалімдерімен қарым-қатынасына көңлі толмауы; 
қарым–қатынас 
дағдысының 
қалыптаспағандығы 
(үндеместік, 
ұялшақтық, мылжыңдық); 
жоғары адами сезімнің, достық және махаббаттық қатынастың 
нақтылығын бейадекватты түсінуі; 
эгоистік тенденцияның анық байқалуы; 
ақиқаттағы шындықты теріс түсінуі; 
ашық сыншылдық скептицизмнің орын алуы; 
ересектердің талаптары мен позицияларын қабылдамауы; 
өзін басқаларға көрсету тенденциясының анық байқалуы; 
айналадағылармен қатынас кезінде жасөспірімдік максимализмнің орын алуы. 
5.
Жеткіншектің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп, барлық 
жағдайға тез бейімделуге қиналатындығына алып келетін себептер: 
өмірдің мағынасын түсінуінің төмендігі және өмірлік жоспарының 
болмағандығы; 
мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатынасуының төмендігі; 
саяси белсенділігінің болмауы; 
түрлі еңбектерге деген көзқарасының қалыптаспағандығы; 
мамандықты меңгерудегі шынайы мүмкіндіктерінің тапшылығы; 
кәсіби 
қызығушылығының 
және 
мамандық 
таңдау 
мотивінің 
қалыптаспағандығы; 
оқуы мен кәсіби қызығушылығының бір-біріне сай келмеуі; 
міндеттілікті сезінбеуі және әлеуметтенуге тырысуының төмендігі. 
Сонымен баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек- 
бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, 
ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен 
анықталады. 
Қазіргі кезде мектеп психологы отбасына қызмет көрсету жүйесінде 
психокоррекция 
жүргізу 
үшін 
технологиялар 
элементтерін 
кеңінен 
пайдаланады. Дегенмен оларды қазақ тілінде кеңінен пайдалануда айтарлықтай 
қиындықтар орын алып отыр. 
Психокеррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық 
қасиеттерін өзгерту мақсатымен арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы 
өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын 
бірге іздеп табу. Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға негіз болатын, 
жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Олардың ішінде сұраныс мол 
болып отырғандары жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренигтері. 
Тренинг – топпен жүргізілетін коррекциялық іс-шаралар жиынтығы. 
Тренинг барысында қатынасушылардың алдында тұрған, шешуін талап ететін 
психологиялық проблемаларға байланысты психокоррекциялық топтар әр 
түрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған 
проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына 
байланысты. Тренинг топтарының жұмысы, ережелері мен қағидалары туралы 
диплом жұмысында толық баяндалған. 


432 
Коррекциялық 
жұмыстың 
тағы 
бір 
түрі 

Гештальттерапия. 
Гештальттерапияның негізін құрған Фриц Перлз. Гештальттерапияның мақсаты 
– топ мүшелерін мадақтау арқылы олардың организмдік процестерін ояту және 
толысу қажеттігін жете түсінуге ұмтылту. Гештальттарды құру мен аяқтау 
адамның табиғи өмір сүру қалыпы екені және оның адамға тигізетін әсері 
органикалық 
жағынан 
өз-өзін 
реттеу 
процесіне 
негізделгендігі 
эксперименталдық жолмен дәлелденген. 
Психодрама. Психодраманың негізін құрған Якоб Морено. Ол бірінші 
болып драматикалық әдістемені жеке тұлға проблемаларын, түс көруін, арман- 
мұңын, мазасыздануын зерттеуге пайдаланды. Венада «ішкі сезім театрын 
(спонтандық театр)» ашты. Өйткені оның пікірі бойынша драмалық жағдайлар 
көмегімен психотерапевтикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік туады және 
психодраманың сөздік қатынас алдында көптеген өзіне тән ұтымды жерлері бар 
екенін дәлелдеді. Драматизация барысында адамның мұңын зерттеу тездетіледі 
және жаңа мінез-құлық негізінде қатынастар құруды жеделдетеді. 
Дене терапиясы. Дене терапиясына биоэнергетикаға негізделген 
жаттығулар жатады. Олардың ішінде М.Фельденкрайс әдісі, Ф.М.Александер 
әдісі, «құрылым одақтастығы», «алғашқы терапия» және басқа физикалық 
факторлар ықпалына ерекше көңіл аударатын топтық коррекция кеңінен 
пайдаланылады. Дене терапиясының негізгі түрлерінің барлығы В.Райх 
зерттеулеріне негізделген. Ол адамның қорғаныс функциялары бұлшық 
еттердің ширығуы (бұлшық еттер сауыты) және тыныс алудың қиындалуы 
арқылы көрініс беретінін дәлелдеген. 
Би терапиясы. Би терапиясының бастамасы шығармашылық биге 
негізделген. Би терапиясының мақсаты – адамның өз денесін сезініп оған оң 
көзқарасын 
қалыптастыру, 
әлеуметтік 
қатынаста 
болу 
тәжірибесін 
қалыптастыру және топтық сезімге бөлендіру. Бастапқы кезде би терапиясы тек 
қимыл әрекеттері бұзылғандарға пайдаланған болса, қазіргі кезде оны дені сау 
адамдарды психологиялық жағынан жеңілдетуге, әлеуметтік ортаға тез 
икемделуін, топтық әрекеттен ләзаттануын қалыптастыруға кеңінен 
пайдаланады. 
Өнер терапиясы. З.Фрейд тұжырымдамасы бойынша, өнер туындылары 
(спонтандық сурет, мүсін жасау) адамның ішкі Менін білдірудің бір жолы 
болып табылады. Өнер терапиясын пайдалану мақсаты - сурет салу мен мүсін 
жасау арқылы зерттелінушінің өнерге деген ынтасы мен дарындылығын 
дамыту емес, оның қиялының көріністерін зерттеу. Өнер терапиясының негізін 
құрушылар бұл әдісті тек клиникаларда пайдалануды ұсынғандықтан, 
ауруларды емдеуде үлкен орынға ие болған, ал қазіргі кезде коррекциялық 
жұмыстарда кеңінен пайдаланылуына байланысты өзінің психоаналитикалық 
негізінен алшақтап кетті. 
«Мінез-құлық терапиясы». «Мінез-құлық терапиясы» ұғымын 50-ші 
жылдардың аяғында бірінші болып бір-біріне тәуелсіз Арнольд Лазарус және 
Ганс Айзенк тәжірибеге ендірді. 
Бұл әдістеменің көптеген варианттары бар: слайд, арнайы аудио және 
видео таспалар, релаксацияны күшейтуге арналған дәрілер. «Фединг» 


433 
(біртіндеп басылу, сөну) әдісі пайдаланғанда, қиялға дем беру үшін ең бірінші 
фобия объектісін немесе жағдайын бейнелейтін слайдтар көрсетіледі де, 
артынша жұбататын, тыныштандыратын слайдтар көрсетіледі. Ал «иммерсия» 
әдістемесі пайдаланылғанда фобия объектілері релаксациямен ұштастырылмай 
көрсетіледі. 1928 жылы Данлоп таңғажайып болжам жасаған. Бұл болжам 
бойынша, жаман әдеттен құтылу үшін оны саналы түрде бірнеше рет қайталау 
керек. Кейінен бұл әдіс негативтік әсер ету деп аталып кетті. Франкель осы 
әдісті негізге ала отырып, «парадоксалдық интенция» (интенция – ниет) тәсілін 
жасады. Мінез-құлық терапиясы арсеналында тәжірибеде кеңінен пайдалануға 
болатын бағалы әдістер мол. Мысалы: әлеуметтік тренинг, модельдеу, өз-өзіне 
сенімді нығайту т.б. 
Психокоррекциялық әдістемелерді жеткіншектерге психологиялық 
қызмет көрсету барысында кеңінен пайдалануға болады және бұл 
әдістемелердің жеке тұлғалық қасиеттердің ізгі ниеттіліктікке бағыттылығын 
нығайтуға әсері мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет