Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет139/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Оразқұлова Қ. Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образбен 
ұжымдық бейсана: мәдени-философиялық талдау: Монография. – Алматы: 
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2014. 384 б. 
2.
Нурфейзова Н. Ювелирное искусство Казахстана//Номад. Казахстан.-№6.2010.-63-68бб.]. 
3.
Ергалиева Р.А., Труспекова Х.Х. Шарипова Д.С.Мастера изобразительного 
искусства Казахстана.-4-вып.-Алматы: ИД Жибек жолы, 2009.-200с. 
4.
Берлибаев Б..ХХ ғасырға дейін ұлттық тарихи білімнің ғылымитеориялық негіздері. 
Алматы: ҚазҰПУ, 2007.-184б 
5.
Бекишева Р.Е. Жан-жануарлар атауының мақал-мәтелдердегі көрінісі// 2009.- 
Алматы: 2009.-450б.-191-195бб.]. 
БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУДЫҢ 
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
Жандилдина Роза Есентаевна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Жубандықова Ақгүл Мурзалиевна 
п.ғ.к,профессор.м.а 
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті 
Хамзина Гулизат Қайратовна 
«Гүлдер» бөбекжайы 
 
Аннотация. 
Современная педагогика считает, что основными показателями развития 
научного мышления являются овладение системой знаний, накопление их ресурсов, развитие 
творческого мышления, приобретение новых знаний. 
Ключевые слова: 
современное, педагогика, научное, психическое, развитие, основные 
показатели, система знаний, творческая мысль, развитие, новые знания, необходимые, 
познавательная деятельность, методы. 
Abstract. 
Modern pedagogy believes that the main indicators of the development of 
scientific thinking are mastery of a system of knowledge, the accumulation of their resources, the 
development of creative thinking, and the acquisition of new knowledge. 
Keywords: 
modern, pedagogy, scientific, mental, development, main indicators, knowledge 
system, creative thought, development, new knowledge, necessary, cognitive activity, methods. 
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы 
баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен 
алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына 


408 
дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. «Бес жасқа дейін жүргізілген 
барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп 
Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. 
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету 
шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы. 
Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне 
жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас 
ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда. 
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып 
келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым 
орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген 
ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі 
деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. 
Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», 
«Ақыл -тозбас киім,білім-сарқылмас бұлақ» деген халқтың даналық сөздерінен- 
ақ байқауға болады [1]. 
Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін 
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын 
жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап 
дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы 
- ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана 
балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім 
мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын 
бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың 
логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын 
барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық 
байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. 
Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту 
жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға 
үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ 
тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу 
әдістерін толық түсінуі қажет. 
Ақыл-ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен 
тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын 
сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. 
Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. 
Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін 
меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс- 
әрекеті үшін зор маңызы бар, Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның 
ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадғылармен араласу барысында тілді 
қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан 
ұғымдар жүйесін игереді. 
Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту, оқыту мен тәрбиелеу негізінде 
жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі 
көрсеткіштері-білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық 


409 
ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін 
меңгереді деп есептейді. 
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру 
үшін балалардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу 
керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, 
ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу 
жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші 
жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер 
жүктеуді болдырмау болып табылады. 
Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына 
ересектердің мақсатты ықпалы. Ол: 
-ақыл-ой тәрбиесінің шарттары мен заңдылықтарын және құралдарын 
жете түсінуі; 
-ақыл-ой тәрбиесінің әдіс-тәсілдеріне таратпа материалдар арқылы талдау 
жасалып, педагогикалық жағдаяттарды (есептерді) шешу арқылы меңгерту, 
тәжірибелік жаттығулар жасату. 
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей 
білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. 
«Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский 
айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі. 
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді 
құралдарының бірі- жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі 
бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде 
және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін 
шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. 
Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін 
тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге 
әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. 
Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа 
үйретеді [2]. 
Ақыл-ойдың дамуы-бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен 
тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын 
сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің 
қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой 
әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. 
Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс- 
әрекеті үшін зор маңызы бар, Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның 
ықпалымен жүзеге асырылады. 
Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуына оның 
әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым-қатынас, ойын, білім, заттық іс- 
әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық 
нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада 
тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс . 
Қазіргі білім беру саласындағы даму тенденциясының қарқындылығына 
орай кейбір маңызды болып келетін мәселелер өз шешімін таппай отыр. Сондай 


410 
өзекті 
мәселелердің 
бірі 
– 
балалардың 
ақыл-ойын 
дамытудың 
этнопедагогикалық шарттары. Кейбір зерттеуші ғалымдар осы мәселе 
төңірегінде сыңаржақ пікірлер айтып жүр. 
Бір қарағанда зерттеуді қажет етпейтін, бүгінгі таңда ешқандай 
маңыздылығы жоқ сияқты болып көрінетін бұл мәселені, шындығына келгенде, 
ертеңгі күнге қалтырмай, дәл бүгін егжей-тегжейлі зертеу керек деп ойлаймыз. 
Жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн 
бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшыл- 
дығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан, тәлім- 
тәрбиесі мен үлгі-өнегесінен нәр алары анық[3]. 
Қазақстанда халық ауыз әдебиет үлгілерін бүгінгі тәрбие мен білім беру 
барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. 
Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің 
зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың, 
З.Әбілованың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Халық ауыз әдебиет 
үлгілері туралы зерттеулер көп болғанымен, оқу-тәрбие үрдісінде баланың ақыл- 
ойын дамытуға оның мүмкіндігінің зор екендігі жайында аз мағлұмат берілген. 
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі 
ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен 
өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың 
көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат 
емес, тек қана мұқият зерттелген ақиқат». 
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың 
анық-тамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес 
келетіндігі байқалады. 
Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп ,балалардың ойлау 
қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. 
Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп 
балалардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек 
мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді 
айтамыз. Бірақ бала өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты 
ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша баланы қоршаған ортаның ықпалдары 
мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен 
айқын-далады. 
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. 
Оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін қажетті деңгейде 
қолдануға мүмкіндік бар. Соның ішінде балалардың ақыл-ойын дамытуға тікелей 
әсер ететін жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел, шешендік сөздер, жұмбақ- 
айтыс этнопедагогикалық құралдардың алатын орны ерекше. 
Жұмбақ жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланы 
халық поэзиясы әлеміне баурайды, оған эстетикалық ләззат береді. Баланың 
ақыл ой қабілетін дамытып, ой-өрісін, танымдарын кеңейтеді. Жұмбақтар 
заттардың, нәрселердің, құбылыстардың қыр-сырларын талдауға, салыстыруға 
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға үйретеді. Жаңылтпаштар баланы 
сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. 


411 
Жаңылтпаш – тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін оған сөз 
үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. 
Балалардың тілі шығып, сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта 
алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып 
айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай 
жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады. 
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз 
қадірін білу сезімі қалыптасып, ой – қиялы дамиды, тәрбиеленеді. 
Қазақ халқы жаңылтпаштарды бала психологиясы мен тілінде болатын 
мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бала мен тілі шыққан 
балалардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с» 
дыбысымен шатастыру байқалады, сондықтан жаңылтпаштар көбінесе осы 
дыбыстар кездесетіндей етіп ұйқастырылады. 
Ертегілер баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын 
елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейді. Ертегілердің ішінде 
баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестетіп, 
келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял – ғажайып 
ертегілері. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» 
өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін 
аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Мұндай ертегілердің көпшілігі 
ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылады[4]. 
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың 
анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес 
кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп 
мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және 
еңбек процесінде дамытуды айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет